Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі
2.2.Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.
2.3.Сабақта оқушылардың жеке дара, топтық және ұжымдық танымдық іс-
әрекеттері
2.4.Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Көптеген педагогикалық әдебиеттерде оқытудың сыныптық-сабақтың түрлері
деп аталады. Ал, Лихачев Б.Т. өз оқулығында сыныптық-кабинеттік деп
беріпті. Бастауыш сыныптан бастап осы сыныптық-кабинеттік сабақтар
өткізілуде. Біз осыны бүгінгі өмір талабына сай ғой деп алып отырмыз.
Сыныптық – сабақ жүйесін осыдан 300 жылдан астам уақыт бұрын чехтың
ғалымы Я. А. Коменский ұсынған еді.
Ол әлі өз құндылырын жоя қойған жоқ. Я.А.Коменскийдің сыныптық-сабақ
деп атауының себебі, сабақ сыныпта, сынып бөлмесінде, белгіленген уақытта
өткендіктен. Олай болса бүгінгі күндері сабақ тек сынып бөлмесінде емес,
арнайы жабдықталған пән кабинеттерінде өтетін болғандықтан педагогикада
жаңа термин енді. Ол сыныптық-кабинеттік сабақ деп аталады.
Жалпы сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге
асырылады, шәкірттердің ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың мақсаты – жеке адамды, оның
қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақтың логикалық,
психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс. Сабақ негізінен ұстаздың
шығармашылық еңбегі. Осы еңбекті өзі қояды, шәкірттерді қатыстырып
спектакльді ойнап шығады. Сондықтан да бүгінгі сабақтың жаңа түрлері бар.
Әсіресе оны жаңашыл ұстаздардың еңбектерінен көріп жүрміз. Авторлық,
панорамдық, мәселелік, т.б. сабақ терминдері лексикондарымызға енуде.
Сонымен сабақ қатып қалған жүйе емес, ол шығармашылық еңбек.
Сыныптық сабақ немесе сыныптық-кабинеттік сабақ көп түрлі. Мұндай
сабақтарды негізінен жаңашыл ұстаздар тарих пәнінен Т.И.Гончарова,
қоғамтанудан А.Б.Резник т.б. жүргізіп жүр. Оқытудың түрлері тек оқушылардың
бір сыныпта, бір бөлмеде болуына байланысты емес. Оқытудың түрлері,
мазмұны, сабаққа ықыластың болуы көп жағдайда арнайы компьютер, техникалық
т.б. арнайы құралдармен жабдықталған бөлмеге де байланысты. Оқушылардың әр
сабақ сайын пән кабинеттеріне кіріп пәндерге тән құрал-жабдықтарды көргенде
пәнге, сабаққа деген қызығушылықтары артады, психологиялық тұрғыдан бала
өзін-өзі осы сабаққа дайындайды.
Сынып оқушылары немесе сыныптағы топтар ұстазға объект-субъект болып
табылады. Сонда әрбір шәкірт объект-субъект. Осы жағдайда ғана ұстаз
шәкіртке тиянақты білім бере алады. Сынып оқушылары, сыныптағы топтар-
сыныптық кабинеттік-оқыту құрамы-шәкірттерге білім беру ошағы, шәкірттердің
білім алу мүмкіндігін кеңейтеді. Сабақ жаңа мағынаға ие болады, жаңарады,
бүгінгі күнге сәйкес болады, баланың оқуға деген ынтасы артады. Арнайы
жабдықталған пән кабинеттерінде сабақ өткізе отырып, ұстаз әрбір шәкіртті
өзіне тарта білсе көп нәрсені ұтады. Мұндай жағдайда ұстаз кең тыныс алып,
жеке бір сұрақтың төңірегінде байланған аттай болмай, сабақты үлкен блокпен
өтуге мүмкіндік алады. Пәннің блокпен өткені жөн. Бұл - өмір талабы.
Оқыту процесі баланың оқудағы қызметімен шектелмейді. Оқыту процесінде
бала сабақ оқумен қатар ол еңбектенеді, шығармашылық-тәжірибелік іспен
айналысады, спортпен шұғылданады. Мұның бәрі оқыту процесіне жатады.

2.1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі .

1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала
белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай
ұғынымды, түсінікті болуы керек.Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір
сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың
құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды,
түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Баланың ынтасын арттыру үшін
оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек-деп Ж. Аймауытов жайдан-жай
айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар
туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету
қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау
шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатнас мұғалімге
оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым-
қатынас жасау және қарым - қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы
іске асыру пайдалы.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың
әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық
принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-
бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы,
мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-
техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты
жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы
шарт.

2.2. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.

Сабақтың түрлері (типологиясы) көп. Ол туралы әр оқулықта әртүрлі
пікір бар. Бірақ негізгісі – сыныптық немесе кабинеттік сабақ. Бұл
Я.А.Коменскийдің заманынан келе жатқан оқытудың түрі. Сабақтың басқа
түрлері осы сыныптық сабақтың төңірегінде топтасады. Мысалы, сыныптық-
кабинеттік сабақ, сабақтың көп түрдегі жүйелері осы сыныптық сабақтың
жаңаша түрлері.
Сабақтың мазмұны мен мақсаты оның өтілетін уақытына (45 минут),
ұйымдастырылуына, ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасына, пәнге т.б. жағдайға
байланысты.
Сабақтың құрылымы, түрі, ұстаз бен шәкірттің қызметтерін ұйымдастыру
нақты оқу-тәрбие мақсатына, соны жүргізушілерге (ұстаз бен шәкірт)
байланысты.
Сабақтың түрлерін (типологиясын) негізінде дидактикалық тұрғыдан қарап
топтап-жіктейді (классификация). Мысалы Б.П.Есипов, Н.И.Болдырев,
Г.И.Щукина, В.А.Онищук т.б. жасаған сабақ түрлері мектепте жиі қолдануда.
Оларға:
а) Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
б) Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
в) Қайталау, бекіту яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану
сабақтары;
г) Білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау-тексеру сабақтары;
д) Аралас сабақтар жатады.
Осылардың ішінде ең кең тарағаны – аралас сабақтар. Жалпы сабақтың
түрлеріне сәйкес оның құрылымдары болады.
Біз тек аралас сабақтың құрылымын берейік:
а) Ұйымдастыру кезеңі, нұсқау беру;
б) Үйге берген тапсырманы сұрау;
в) Ұстаз бен шәкірттің жаңа сабақты игеруі;

г) Жаңа сабақты бекіту, балалардың түсінгенін тексеріп шығу, диагностика
қою;
д) Үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау беру жатады.
Білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау-тексерудің ең жоғары деңгейі
- емтихан. Ол тек ұйымдастыру кезеңінде бақылау жұмысын жүргізумен
шектеледі.
Сабақтың басқа да түрлері бар және заман ағымына байланысты болуы да
мүмкін. Ол негізінен ұстазға, өтілетін тақырыптарға, пәндерге, оқушылар
құрамына, сабақтың дидактикалық мақсатына, ұстаздың шеберлігіне байланысты.
Кейінгі кезде қос (спареный) сабақ-дәріс, көркем шығармаларды оқып
талдау сабақтары, саяхат-сабақ, семинар, т.б. пайда болуда.
Сабақ оқытудың негізгі түрі болғандықтан, оның көптеген қайшылықтардан
тұруы хақ. Олар:
а) Сабаң негізінен жалпы көпшілік оқушыларға, оның ішінде орташа оқитын
оқушыларға арналған. Бірақ оқушылардың арасында жақсы да, нашар да
оқитындары бар. Олардың бұл жағы ескерілмейді.
б) Сабақ ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасынан тұрады дейміз. Ал шындығында
бұл қарым-қатынас барлық жағдайда кездесе бере ме? Жоқ, кездеспейді.
в) Ұстаз сабаң беру барысында ескі сарынға түсіп кете береді. Сөйте тұра
шәкірттердің құлшынысын басып тастайды.
г) Ұстаз сабақ материалын толық беріп, шәкірт соны сол қалпында қайтарса
деп ойлайды. Шәкірт ұстаздың ойынан шыға бермейді.
д) Ұстаз жекелеп оқытуды қолдап, ұжымда оқытады. Ұстаз осы қайшылықтарды
шешкені жөн.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелерінің бірі-оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды.Сондықтан,оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор.Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білу
шарт.
Сабақ-классификациясы (жіктелуі ) –сабақтардың құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу.Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша
маңыз береді.Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ
пікірлер әлі де қалыптаспаған.Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта
құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны,әдіс -тәсілдерінің де
өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар,сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың
жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен
дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов
оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды.Ал, Данилов пен Есипов
сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады.Бұлардың сабақ
түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір
–біріне өте ұқсас келеді.
И. Н. Казанцев бойынша:
1.Алғашқы сабақ- әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2.Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан
өтетін бірінші сабақ.
3.Жаңа білімді игеру сабағы- жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4.Пысықтау сабағы-өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5.Жаттығу сабағы-оқушылардың білімімен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6.Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақтар.
7.Қайталау-қорыту сабағы-өткен күрделі тараулармен тақырыптарды қайталау-
қорыту сабақтары.
8.Тексеру сабағы-оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9.Білім сапасын бағалау сабағы-оқушылардың алған білімін бағалау
сабақтары.
10.Қорытынды сабақ-оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту
сабақтары10.Қорытынды сабақ-оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын
қорыту сабақтары.
С.В. Иванов бойынша:
1.Кіріспе сабақтар.
2.Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы.
4.Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
5.Дағдылану сабағы.
6.Қайталау,пысықтау және қорыту сабақтары.
7.Бақылау сабағы.
Б.П.Есипов бойынша:
1.Аралас сабақтар.
2.Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3. Пысықтау сабағы.
4.Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5.Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6.Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия
мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге
ұқсастығын байқаймыз.
1.Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
2.Жаттығу сабағы.
3.Қорыту сабағы.
4.Қайталау, білім сынау сабағы.
5.Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын
сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1.Кіріспе сабағы.
2.Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3.Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4.Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
5.Зертханалық сабақ.
6.Қайталау-қорыту сабағы.
7.Оқушылардың білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және
бақылау сабағы.
8.Аралас сабақ.
9.Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі
бір заңдылықтар бар.Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім
оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай Жаңа білімді хабарлау
сабағы деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде
пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол Жаттығу немесе практикалық сабақ
деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу,
қайталау мақсатын көдесе, ол Қайталау-қорыту сабағы деп аталады.
Ал сабақтың Аралас сабақ түрі оның құрылымына байланысты болып
келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге
асырады.Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада
пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап қорытады,сонымен
бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды.Мұндай
жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас
өтеді.Міне, осындай сабақ түрі Аралас сабақ деп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды
бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып,белгілі тәртіппен жүзеге
асырылуын айтады.
Олар мынандай болып келеді:
1.Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат,
міндеттерін тұжырымдау ).
2.Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа білімді немесе оқу маериалын баяндау, түсіндіру.
4.Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау,
тәжірибелік және зертханлық жұмыстар жүргізу).
5.Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
6.Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс
ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын
құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және
құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі
болады.
Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын
белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың
кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.

Кіріспе сабағының құрылымы
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Жаңа оқу материалын ендіру.
3.Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
4.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын
немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады.Мұғалім тараудың немесе тақырыптың
оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін
оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып
үйренудің тәсілдерін көрсетеді.

Жаңа білімді хабакрлау сабағының құрылымы.
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Жаңа оқу материалын ендіру.
3.Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
4.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты
мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу
материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа
білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп
отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері
мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті
мөлшерде уақыт бөлінеді.
Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалімнің оқу материалын
түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстары мен
ұласып отырады.

Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы.
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру.Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2.Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі.Түрлі жаттығулармен практикалық және
лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
4.Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беріу, түсіндіру.
Жаңа білімді оқушыларды қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау
және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады.Себебі жаңадан оқып
үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып
табылады.Алған білімді бекітпейінше ,оны сапалы да берік меңгеру мүмкін
емес.
Сондықтан білім бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып
келеді.
Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оны сөзімен бірге оқушылардың өз
бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында
тәжірибелер жүргізіп,көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.
Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші
рөл атқарады.
Мұндай сабақтар да бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың
қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.

Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы.
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру.Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі.Түрлі жаттығулармен практикалық және
лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
3.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен
байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді.
Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстарымен
тәжірибелер қолданылады.Олар әр пәннің ерекшеліктеріне қарай
атқарылады.Мысалы, тілден граматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және
ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графиалық, ал
физика мен химияда лабораториялық-эксперименттік тәжірибелер жасалады.Яғни,
практикалық сабақтарда оқушылардың білімі мен қатар олардың біліктілік
және дағдыларын пысықтауда көзделеді.

Қайталау сабағының құрылымы.
1Сабақтың бастаыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа
әзірлеу.
2.рын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы лоарды
жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау.
3абақты қорытындылау үйге тапсырма беру.
Қайталау- қорыту сабақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Сабақты ұйымдастыру үдерісі
Сабақ оқытудың негізгі формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Виртуалды зертханалардың оқу процесінде жиі қолданылатын дәлелдер
Сабақтың тәрбиелік потенциалы
САБАҚ ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Сабақ, оның құрлымы және түрлері
Дене тәрбиесі жүйесінің принциптері
Пәндер