Шабуылдың мәні


Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.
Ұрыс - Соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің) әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден- бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында сонымен бірге маңызды аудандарды (обді, шептерді) ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр, әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында- шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери- теңіз күштері қатысады.
Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару жарақтар қолданып жүргізіліуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары жауынгердің морольдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.
Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері айлалылық (моневрлілік) жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның морольдық - психологиялық және дене күш салуының жоғары болуы.
Ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы.
Қазіргі заманғы ұрыстың мұндай сипаты жауынгерлерден бөлімдер мен бөлімшелерден жоғары жауынгерлік машықты қару-жарақ пен ұрыс техникасын білікті түрде қолдануды жоғары моролдық тұрақтылықты, ұйымшылдықты, тәртіптілікті және дене дайындығын талап етеді.
Ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы.
Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және шабуылдау ұрыстың түрі ретінде - бетпе-бет ұрыс
Шабуыл - ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыласты жеңуде негізгі мәнге ие. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты толық талқандауға болады.
Шабуылдың мәні: Шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды қолдану жағдайда ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп оны тірі күшін, қару жарағын, ұрыс техникасын жояды да, қарсылас орналасқан аймақты басып алады.
Қорғанатын қарсыласқа шабуыл жасау қарсыласпен тікелей түйіскен жерден немесе тереңдіктен шығару жолы мен жүргізілуі мүмкін.
Шабуыл алдында, әдетте атыстық дайындық жүргізіліуі. Ол қарсыластың ең маңызды объектілерін талқандау мақсатында анық қорғанысына артилерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындалған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылары да жіберілуі мүмкін. Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жеңіліске ұшырату дәрежесіне байланысты ЖҰМ-да немесе жаяу ретте шабуылдауы мүмкін.
Қорғаныс- қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі (позицияны) ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер (позициялар) мен тірек пунктерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу, сонымен бірге сыналып кірген қарсыласты жою және жағдайды қалпына келтіру мақсатында шешуші қарсы шабуыл жүргізуімен сипатталады.
Бөлімшенің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түиісуі немесе онымен түиісуінен тыс жағдайында жүргізілуі мүмкін.
Бетпе-бет ұрыс - шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсаты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі.
Бетпе-бет ұрыс көбіне шеру жасайтын әскерлерге тән. Ол ұрыс барысында: шабуылда - қарсыластың қарсы шабысын тойтару кезінде; қорғаныста - шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде де туу мүмкін. Бетпе- бет бұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізінен - қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, ал ядролық қару пайдалану жағдайында қарсылас жазалауға үлгергенге дейінгі шектік қашықтықта ядролық қарумен зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластық алдын алуі, тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz