Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе

Отбасы тәрбиесі туралы жалпы ұғым

І Тарау. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. 1 Отбасы тәрбиесінің мақсат, міндеттер

1. 2 Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері

1. 3 Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы

ІІ Тарау. Қазіргі заман отбасы тәрбиесі

2. 1 Отбасында педагогикалық қолдау беру.

2. 2 Отбасы тәрбиесі - патриоттық сезімнің негізі

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміздің көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады. Мемлекеттің беріктігі тек ол билеуші қайраткерлерге, әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды. Оның ойынша, отбасы беріктігі жақсы жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді. Қазір қоғам талабы - халық санының көбеюіне мүдделеп отыр [1; 15] .

Халық санының азаюы отбасында бала санының кемуі және көп балалы отбасылардың азаюы болып табылады. Отбасындағы бала санының кемуіне нақтырақ экономика мен қаржы тапшылығы себепкер болып отыр. Өйткені баланың өсуі, күнделікті тағам өнімдерінің көтерілуі, киім - кешек баланың қажеттерінің көбеюіне үлкен отбасыларға қиыншылық туғызады. Сондықтан шаған отбасылар пайда болып, бала санын мектеп өсіруге жол ашады. Отбасы мәселесін шешуде әр түрлі мамандар өз пікірлерін ұсынды. Нарықтық қатынас жағдайындағы отбасының құралымдық сипатын әлеуметтанушылар М. Тәжин, Б. Баяғанов былай деп түсіндіреді: «Біріншіден, қазіргі қоғамдың экономикалық өмірі кішігірім отбасының үлкен отбасылармен салыстырғанда қайшылықтары көп, жолдарынан құтылуға болады, яғни, қазіргі экономикалық өмірдің талаптарына икемделген болып келеді. Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге бейімделуі жеңіл, отбасының және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарында жеңіл таба алады.

Бірақ, демограф М. Тәжімов үлкен отбасылардың болуын мақұлдап, бала санын көбейтудің жолдарын қарастырады. Өйткені, Қазақстандағы халық санының аздығы демографиялық күйзеліс туғызып отыр. Мемлекетте халық санының төмен орында болуы халықтың өсуі жағдайына байланысты деген ой түйіндейді. Оның үстіне отбасында педагогикалық жағдай көп балалы отбасыларда әлдеқайда жеңіл болатынын көрсетеді.

«Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы, әрі парызы» деп көрсетілген. Ал, әлемдік деңгейде «Баланың құқығы туралы Конвенция» қабылданып, онда бала дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылған. Мұның өзі бүгінгі балалар мен жасөспімдер тәрбиесінің өте күрделі екендігін дәлелдейді. В. А. Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса, денсаулығының мықты болуына, ой өрісінің кеңеюіне көңіл бөледі және балалардың 3 - 4 сыныптарға дейін бірқалыпты болып келіп, 4 сыныптан кейін біртіндеп өзгере бастайтындығын түсіндіреді. Ерексектік кезең бала тәрбиеленудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата - аналарды балалармен сырласуға шақырады. Н. Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында «Бала дұрыс түсініп, қарым - қатынас жасау үшін оны өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың өрісіне енуіміз керек» деп тұжырымдайды. Бала жүрегі айнадай тап - таза мөлдір, сол айнадай баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Л. Пинттің пікірінше, ата - аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез құлқындағы әрбір ұсақ - түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің құндылығы арта түседі. Халықтық педагогика негізінде қалыптастыру мәселелерін С. Ұзақбаева құндылық бағдар - негізінде Г. Нұрғалиева, ізгілік эстетикалық бағытында Қ. Шылыбекова, тұтас педагогикалық үрдіс негізінде болашақ ұстаздарды ізгілікке тәрбиелеуді Н. Хмель, қиын балаларды қайта тәрбиелеу мәселесін Б. Айтмағамбетова мен Н. Бозжанова сияқты ғалымдар зерттеп келді. Олар ұнамды қасиеттердің барлығының қалыптасу отбасында қалатындығын дәлелдеп, қиын, балалар тәрбиесі мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулерінде отбасы тәрбиесінің, ролін ерекше атап көрсетеді. Ал, В. Лысенко бала дұрыс тәрбие алып дамуы үшін ең алдымен, ата - аналар отбасы тәрбиесінде белсенділік танытуы қажет деп санайды. Ол үшін ата - аналар педагогикалық білімін көрсетіп отыруы қажет. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе оқушыны қиын атануға алып келетін ата - аналардың балалармен мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден бір жолы отбасындағы ізгілікті қарым - қатынасты орнату. [2. 30]

І Тарау. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. 1 Отбасы тәрбиесінің мақсат, міндеттер

Б аланың сапалы білім алуы мектепте ғана емес, ата-ананың қамқорлығына да тікелей байланысты. Салауатты отбасы өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениетке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұймдастырудан басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен ұлттар ұйымында қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған. “Баланың толық үйлесімді дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсініктігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж”деп көрсетілген. Қазіргі кезде отбасындағы ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлықпен қарау орын алып отыр. Бұл көрініс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті ата-аналардың жиналысқа келмеуі, тіпті мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауына әкеліп отыр. Жас ұрпақ елдің болашағы, тірегі, тізгіні. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар сондай жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына аса жауапты да қиын міндеттер жүктейді. [3; 6]

Қазіргі кезде мектеп пен ата-ана арасында байланыс үзілді. Бұл кемшіліктің ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін күнделікті өмір дәлелдеп отыр. Мәселен, ата-аналар жиналысына келмеуі, ұл-қызының оқуы мен тәрбиесіне көңіл бөлмеуі ерекше ойлауға, себебін ашуға тұрарлық мәселе. Ата-ана мен мектеп арасында байланыс болмайынша саналы тәрбие, сапалы білім болуы мүмкін емес. Ата-ананы мектепке шақырғанда, сол жиынның ата-анаға тигізер әсеріне, тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлгені абзал. Ата-анаға, балаға тәрбиені тек мектеп беру тиіс деген пікірден аулақтату үшін біріншіден, тәрбие-отбасынан басталатынын ұғындыратын әсері мол жиындар. Педагогикалық сабақтар, семинарлар және дебат өткізу қажет.

Бала-адамның бір қызығы ғана емес сонымен қатар ол өмірдің жалғасы, ұлттық ұстанымы, елдің ертеңгі егесі де.

Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтудегі мақсат-өскелең ұрпақтың құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етуге әлеуметтік қоғамдастықтың ұсынуына бағытталған, сонымен қатар жетім және мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес отбасыларында тәрбиеленетін балаларға қолдау көрсету болып табылады.

Кейбір отбасының белгілі бір себептерге байланысты әлеуметтік жағдайының құлдырауы, балалармен ата-аналардың денсаулығының нашарлығы, некесіз бала туудың, моральдық жағынан азып-тозған ата-аналардың көбеюі және оларды жауапқа тартудың пәрменді шараларының болмауы елімізде жетім балалар санының ұлғаюына әкеліп соғуда. [4; 15]

Тәрбиенің негізгі мәселесі тәрбиеден бағытталады. Балалар өскеннен кейін олар - өздерінің құрбыларымен ойнай бастайды. Балалардың жанының, пәнінің дамуы үшін ата-аналары жауап береді. Барлық балалар балалардың ортасында, тәрбиеленеді олармен сөйлесу, ойнау арқылы.

Бала бұл-бақыт ата-ананың еңбегімен келген жан. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін ең алдымен балаларды мектепке дайындауымыз керек, ол үшін ең алдымен балаларды мектепке барлық күшімізді салуымыз керек. Балаға ең алғаш тәрбие беретін ата-анасы. Отбасындағы тәрбиенің бала өмірі үшін маңызы зор. Әрбір ата-ана өз баласының жақсы тәрбие алғанын қалайды. Сондықтан өз баласына кішкентайынан жақсы тәрбие беруге тырысады. Кейбір балалар ата-ананың аялы алақанын көрмей өссе де ол жақсы тәрбиелі, инабатты, кішіпейіл болып өседі. Баланың тәрбиесіне кішкентайынан жақсылап көңіл бөлу керек. Көңіл бөлу керек дегенде сөйлесіп отыру керек.

1. 2 ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Біз үлкен болайық кіші болайық, ұстаз болайық, шәкірт болайық, әке болайық, ана болайық бәрімізде талай-талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен кеп тоғысқан тартымды тәрбиенің жемісіміз . . .

Тіршілік етуші жан тәрбие жинайды, оны топтап жинақтайды, саралап түйіндейді. Осы қазынасын орайы келсе, ұрпағына таратады, игілігіне асырады. Сондай тәлім тәрбиенің қайнар көзі-қазақ отбасындағы тәрбие. «Отбасы шағын мемлекет»-дейді данышпан ойшылдар. Оның шекарасы, тіршілігі, мінез-құлқы болады. Отбасы ерлі зайыптылардан, бала-шағадан тұрса, онда олардың тіршілігі тату-тәттілігі, ақыл-парасаттылығы-бала тәрбиесінің алтын бесігі. Отбасы ынтымағы жарасса, ұрпағының тәлімі де өнегелі болары баршаға аян. Опалы жұбайлар ғана оңды ұрпақты өсіреді. «Бала жүректің миуасы»деп қарайтын балажан халықтардың бірі-қазақ халқы да балаға ежелден болашағым деп қарап, үлкен үміт күткен. Әр ата-ана, әр отбасы арманын ұрпағына аманат етіп тапсырып отырған.

«Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры»-деп сүйсінеді. Әрбір отбасы ұрпағының тәттілігін халқымыз қат - қабаттай қастерлеп айтады.

«Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата - анаға бала қадірлі». Неткен зердей інжу сөздер!

«Баланың өскен бесігі - кең дүниенің есігі». Халық қандай қомақты толғайды, қалай терең түйіндейді! Ұядай ғана үйден өскен ұлан бүкіл әлемге жол тартады. Жол бастауы - отбасы. Ұзақ өмір кітабының әліппесі - отбасы тәрбиесі, яғни «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».

«Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі, мінез - құлқы, өзіндік психологиясы болады. Сондықтан қазақ халқының да өзіне тән мінез - құлқы, әдеби, ұлттық қадір - қасиеті бар. Бұл жөнінде Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, М. Әуезов тағы басқа зиялы қауым ұлттық тәлім - тәрбие, әдеп, педагогика, психология саласында сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, « . . . адамның өз басының көгершінімен, ұлт көгермейді . . . ұлт көркейсе, ол бақыт сол ішіндегі адамдарға ортақ . . . ұлтын, Отанын көркейту - қандас, діндес, тілдей бауырларының қамын жеу», - деп Ж. Аймауытов ой қозғаса, М. Жұмабаев « . . . қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі . . . мектебімізді таза, берік пәле өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай - ақ сертесуге болады» деген еді. Сондықтан ұрпақты аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті тапсырма.

Қазақ халқының әрбір отбасы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап ұлттың тәлім тәрбиеге сусындатып, бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеген және сол дәстүрді мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересіне алдымен елінің құтты қонысын таныстырған.

Осындай ұлттық тәлімнің бастаулары болған имандылық, Отан сүйгіштік, мақсаткерлік, ақылдылық пен адалдық, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік, шыншылдық пен достық, еңбек пен қуаныш сияқты игілікті тәрбиеден аға ұрпақ еш уақытта бас тартқан емес, тартпайды да . . .

Аға ұрпақтың жас ұрпаққа салғырт қарауынан қазақи тәлім - тәрбиені осалдатып алған жоқсыз ба? Аға ұрпақ «баланың қарны аш, иіні жалаңаш болса болды, одан артығының қажеті не» деген сұрақтар әрбір ұстаз пен психологтың жанын мазалайтыны рас. Қорыта келе, асырау мен асыл тәрбие берудің екі түрлі мәселе, айырмасы жер мен көктей. «Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, білім аз шамалылығы, құр даурықпа боямалылығы, еліктегіш мансапқорлығы, кеңсешілдігі, майдакүнемдігі, негізгі мақсат - мұратының жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы - осының бәрі шын әлеумет қызметкерлерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді» деген Ж. Аймауытовтың асыл сөзін айта келіп, аға ұрпақтың өз бойындағы кемшілікті жоймай, келешек тәрбиенің түзу болмайтындығын айтқым келеді. [5; 20]

Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тәрбиелеу жолында орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасыдағы балаларды тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды, Дегенмен олардың бәрі ғылыми зандылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні - ата-аналарға кеңес, отбасылық тәрбие ережелері.

Ата-аналар өз тәрбиелік әрекеттерін осы ережелер тұрғысынан салыстыра бағалап барады, сонымен бірге ережелер педагогтар үшін, әсіресе егде ата-аналарға өнімді де негізді кеңестер беріп отыруға қажетті.

Жалпы адамзаттық мәдениеттің бірегейлігі мен тұрақтылығын ескеретін болсақ, балалар ата-аналарынан өз тұлғалық қажет сапалары жағынан онша алшақтамайды. Егер әке мен шеше екеуінің болымды да болымсыз барша қажеттері мен сапаларының қосындысын тең ортадан бөлетін болсақ, олардың жұптастығынан болған баланың біршама дәл бейнесін алуға мүмкін екендігін ғылым дәлелдеп отыр. Бұдан табиғат-ананың біз үшін аса күрделі мәселе туындатпайтынын байқаймыз. Солай да болса отбасыдағы бала тәрбиесіне байланысты көкейтесті проблемалар түбегейлі шешімін таппауынан қате кемшіліктер бітер емес, бітпейді де.

Отбасы тәрбиесінің тиімділігін көтеруге кедергі болар жәйттер қандай?

Біріншіден, нәсілдік. Егер ата-аналардың өздері балалық шағында қандай да жүйке, тәндік, сана-сезімдік проблемаларға кезіккен болса, олардың өз ұрпақтарында да қайталанатынына дайын болып, тумадан көрінетін дерттердің алдын алғаны жөн. Екіншіден, өзгеріске түсіп, үздіксіз күрделеніп баратын балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, әлбетте, мұндай жәйттердің жүз беруі, бермеуі әрі соларға байланысты проблемалардың туындауы ата-аналардың өздеріне тәуелді. Үшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық тәрбие мәдениеті. Әрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетімсіз педагогикалық мәдениетін ғана кінәләп қоймай, халықтық тәлім-тәрбие үрдістерінен алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тәрбие салт-дәстүрлерінің келеңсіз бағытта белең алып жатқанын ескеріп барған жөн.

Аталған және басқа да сан қилы әлеуметтік-қоғамдық себептер негізінде ата-аналар ықпалы мен бала тәрбиесінің санасы арасында мың сан тәуелді байланыстар өрбитіні белгілі. Солардың арасынан аса көзге түсер, маңызды болған жәйттерге талдау беріп, және олар бойынша жасалатын тұжырымдарға орай ата-аналар мен педагогтарға қажетті кеңес ұсыныстарды алға тартқан жөн болар.

Отбасы проблемаларымен шұғылданушы әлеуметтік педагогика тәрбиеге байланысты аса нәзік те тереңдей жайлаған тәуелділіктерді байқастырып, оларды қазіргі заман балаларын қоғамдық оңды үрдістерғе икемдестіре тәрбиелеу сапасын көтеру үшін пайдалануды ұсынады.

Олар арасында елеулі маңызды болғандары:

1. Баланы қоршаған жақын орта басымдылығы (приоритет) . Өмір дәлелдегеніндей, адамдардың бір-біріне ықпал жасау дәрежесі олар арасындағы жақындыққа тікелей де тура байланысты. Жақын-жуықтар шеңберіндегі қатынастардан туындайтын талап, шектеулер жалпы қоғамды қоса, бізден аулақ болған қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардан болатын ықпалдардан гөрі салмақты да әсерлілеу. Осыдан да баланың болашақ сәтті өмірін қамтамасыз етуде отбасының рөлі орасан.

2. Мейір мен сүйіспеншілік баланы билеудің басты құралы. "Әркім сүйгенінің құлы" деп атам қазақ бекер айтпаған. Балаңызды тәрбиелі көргіңіз келсе, оны аталық мейірім мен аналық махаббатқа бөлеңіз. Сонда әке, шеше тарапынан қолданылатын басқа ықпалдардың қажеті болмай қалады.

3. Бала тәрбиесінде ұлы ғұлама В. Гете даналығын бірер сөзді ереже ретінде қабылдаған көп болмас: "Егер біз адамдарды сол күйінде қабылдайтын болсақ онда, оларды тәрбиеден алыстатқанымыз. Ал, егер біз оларды болашақтағы өзіміз арман еткен тұлға ретінде қабылдасақ, олардың бойындағы табиғаттан дарыған жақсылықтарының жүз беруіне, содан азаматтық кемелге жетуіне көмектескеніміз".

4. Ата-аналар өзімшілдігіне (эгоизм) негіз болар "мүдделі күтім" (востребованное ожидание) : адам пендеге кейде тән болатын қасиет - өз қалауымызды ғана қалайтынымыз, осы қалаудан қандай да ауытқу болса, оған деген қызығушылық өрістей даму орнына, керісінше, құрдымға кетеді. Ал мұндай өзгеріс, сіз қанша тырысқаныңызбен балаңыздың даму барысында көрініп жобалаған жоспарыңыз ақталмай жатады. Тәрбие барысында күткен мүддеңіз орындалмай, сіз қиналасыз, атасы мен анасы күткеніндей бола алмағанын балаңыз күйзеледі. Нәтижеде жалпы отбасыдағы тәрбие дағдарысқа ұшырайды.

5. Балаға қаратылған ниетті өтініш әсерін күшейте түсу жолын қарастыру - ата-ана қалауынан ауытқу ықтималын кемітеді. Бұл үшін өз қалауыңызды әдейі керісінше талаппен ауыстырыңыз (инверсия) . Мысалы, айтқанды қылмай жүрген баланы ұйықтатқыңыз келсе, қандай да сылтау тауып, көзін жұмдырмаңыз; беті қолын жуып-шайып жүретін еткіңіз келсе, суға жақындатпай көріңіз, сонда баяғыдан сізді қинап келе жатқан кері өжеттік сіздің қалауыңызға қызмет ете бастайды; яғни өз "менің" көрсетуге табиғатынан құштар бала ал, "ұйықтағаным ұйықтаған", "жуғаным жуған" деумен өзі бұрын қаламайтын әрекетін енді сезбестен орындаумен болады.

6. Отбасылық тәрбиеде дағдарысқа кезіктіру тәсілін қолданудың пайдалы тарапы бар. Бала үшін қатерлі, түсініксіз, немен аяқталары белгісіз жағдайларды әдейі ұйымдастырып, содан баланы өзінше жол тауып шығуға мәжбүрлеу қажет. Әлбетте, мұндайда ата-ана баласының қандай да қатерге ұрынып қалмауын аңдып, оның әрекеттеріне байқатпай реттеу-түзетулер беріп барады. Осындайда қажетті бейімділіктерді алған бала, болашақ өміріндегі қай дағдарысқа да дайын болып өседі.

7. Балаға үйретіп жатқанын өзі орындай алған мұғалім - ұлағатты ұстаз.

8. Баламен араласа жүргізілетін жұмыста "үзілді үнсіздіктен" сақтаныңыз.

9. "Бір жөнді қаталдықта ұстау". Алдын ала көзделген құлық-әрекет қалпы шеңберінде өскен баланың болашақта кім әрі не болары күні ілгері түсінікті келіп, қатер туғызбайды.

10. Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды. Ірі жетістіктерді бала болмысындағы майда-шүйде қажет сапаларды біріктіре қалыптастырудан бастаңыз.

11. Педагогтар мен ата-аналар өздерінің бұрыннан қалыптасқан қатынастар тәуелділігінде қалып қоятынын ұмытпағаны жөн. Кейде ата-аналар оқиғаны қабылдауды оқиғаның өз мәнінен шығармай, сол оқиғаға болған бұрынғы қатынасын тәуелді болып қалады, яғни бала қылығын өткен бір уақытта жек көргенімізден, бұдан былайғы да қылықтарын оңды қабылдамаймыз. Мысалы, сағат кешкі 20-дан соң баланың кешігіп келуін жаман әдет деп қабылдауымыздан, бұдан былайғы кешіккендерінің бәрін, қандай себептер табуына қарамастан теріс бағалаймыз.

12. Әр бастауыңыз жаңалықты болсын. Кешегіңізді қайталамауға тырысыңыз. Табиғаттан үлгі алыңыз: ағаштан үзілген миуа өз орнына қайта ілінбес. Балаңызға болған кешегі ықпал бүгін сол күйінде оған әсер ете алмайды.

13. "Қызықсыну екпініне" арқа сүйей отырып, балаға әр іс басында жеңілдік беріңіз. Содан соң бірте-бірте талапты күшейтумен, ақырында алғашқы талап формасын өзгертіңіз. Іс бастауындағы "қуаныш сезімі" тұрақты бекіп, сол сезім кейін де балаға қолдау-қуат көзіне айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Отбасы тәрбиесінің құралдары
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Отбасылық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz