Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы

Тақырыбы:
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

Орындаған: И-11 тобының студенті
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық, 2010

Жоспар:

Кіріспе

І. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
1.1.Білім беру мазмұнына түсінік беру
1.2.Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері
1.3.Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2005-2010 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАҢА
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ.
2.1. Білім беру жүйесінің жай - күйін талдау
2.2. Білім беру мазмұнының мақсаттары мен міндеттері

ІІІ. Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізі теориялары XVIII ғасырдың
аяғы XIX ғасырдың басында қалыптасты. Олар материалдық және формалдық деген
атқа ие болды. Біріншісі - дидактикалық материализм немесе энциклопедизм
теориясы деп аталған. Ол бағыттағы ұстанымдарда білім берудің негізгі
мақсаты, оқушыларды ғылымның әртүрлі саласымен қайткенде де мол үлкен
көлемде білім беру. XVII ғасырдың чех педагогі Я.А. Коменский "Дидактика"
деген еңбегінде білім мазмұнын қарады.
XIX ғасырдың көптеген педагог ғалымдары білім берудің мазмұнын
қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырымдама бүгінде құнын
жоймай кейбір оқу жоспары мен оқулыққа талдау жасауда оқушылардың меңгеруі
қиын жағдайда да көп көмегін тигізіп отыр. Дидактикалық формализм немесе
білім мазмұнының формальдық теориясын қайта жасау оқушылардың танымдық
қызығушылығын және даму қабілеттілігін оқытуды қарастыруы оқыту пәндерін
таңдауда негізгі өлшем ретінде оқу пәнінің дамытушылық қызметі болып
табылады, әсіресе классикалық тілдерде, математикада.
Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір іс-әрекет аймағынан
келесіне алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені құрайды. Оны
жақтайтындар ерте кезден белгілі, оған Героклит оның айтуынша "Көп білім,
ақылды етпейді"- деген. Цицерон да оны жақтаған. Қазіргі кезде дидактикалық
немқұрайдылық теориясының қағидалар негізі - И.Кант, Песталоцци
философиясы. Оның айтуынша оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс
ойлауын жақсарту осы ойға жақын А.Дистервег өзінің 1850 жылғы "Неміс
оқытушыларына басшылық"-деген еңбегінде өз көзқарасын білдіреді. Білім беру
мазмұнын қарастырған кезде оқушылардың таным әрекетінің қызығушылығының
қабілетіне, көңіл қоюы, есі, ойлау қабілетін ескеру қажет. Бұл теорияның
кемшілігі оқу бағдарламасында пәннің тіліне көңіл бөлуі.
Пәнді игеруде оқушының ойлау қабілетін қалыптастыру. Бұл екі жақты
дидактикалық тәуелділікті білім беру мазмұнында энциклопедизм өкілдері
жеткілікті түсіндіре алмады. Бұл оқытуды жақтаушылар да оқытудың
субъективтік жағының мәнін асыра бағалады. Бұл екі теорияда К.Д.
Ушинскийдің сынына ұшырады. "Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім
бермейді"-деді. Оның ойынша мектеп адамды білім жағынан сусындататын және
де сол терең білімді игеруге үйретуі тиіс дейді. Білім беру мазмұнын
таңдағанда материалдық және формальдық әдістердің бірлігін қамтамасыз ету
идеясын К.Д. Ушинский үсынды.
"Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті
білдіреді. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізі. Жеке
тұлға дамуы оқытумен тығыз байланысты болғандықтан, білім беру мазмұнын
анықтау қажет.
Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адам
баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен
дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын
қалыптастастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-
тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны
айтамыз.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тума қасиеттерге байланысты жеке
тұлғаны қалыптастырады. Білімнің мазмұны мектетің негізгі мақсаты. Білім
беру мазмұнының мәні әр пәннен ғылыми білімді қамтамасыз ету.
Педагогика тарихында қалыптасқан рухани мұралар білімнің негізгі
мазмұны. Ғалымдардың пікірі бойынша білімділік сапа білім мазмұнының
құндылығы.
Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді
ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту бірінші
орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С.
Леднев, Б.М. Бим-Бада, А.В. Петровский т.б. еңбектерінде баяндалған.
Әртүрлі оқу пәндеріндегі материалдарды оқушылардың игеруі үшін оқу
бағдарламасының негізі етіп пәнаралық байланысты басшылыққа алуда.
Ғылым мен техниканың, мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім, мазмұнын
анықтауда жастарды жалпыға бірдей біліммен қамтамасыз етуде оқу
бағдарламасын жөне оқулықтарды жетілдіру міндетті.
Жаңа талаптарға сай мектептің міндетінің күрделенуіне байланысты білім
мазмұныда өзгеруде, бірақ білім мазмұнын өзгертудегі маңызды мәселе
теориялық негізі және стандартты басшылыққа алу. Қазіргі жалпыға бірдей
білім беруде теориялық түжырымдамаға сәйкес адамның қоғамдағы әлеуметтік
мәні іс-әрекет өмірге бейімделеді.; Азаматтың құндылықтары жоғары болуы
қазіргі білім мазмұны әлеуметтік сұраныс, нақты тарихи қоғамдық
экономикалық жағдайға байланысты анықталады. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы
білім мазмұнының жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру барысында терең
білімді, қолынан іс келетін саналы, денесі, ақыл-ойы жағынан да жетілген
азамат тәрбиелеу.
Білім беру мазмұнын жүзеге асыру үшін аға ұрпақтың мол тәжірибесі мен
кейінгі жастарға меңгерту, әлеуметтік мөдениетінің мазмұнын одан әрі
дамыту.
1)ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мамұнының негізгі
теориялары, заңдары, ұғымдары, тұтас түсіндіру;
2)білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігінің өлшемін
көрсету;
3)оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу мүмкіндігіне сай білім
мазмұнының күрделілік қарау;
4)әрбір пәнді оқытуға берілген мерзіміне қарай білім мазмұнының
көлеміне қайтадан қарау;
5)орта білім беру мазмұнында дүниежүзілік тәжірибені ескеру;
6)мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына қарай білім
мазмұнының сәйкестілік өлшемін ескеру;
Білім беру мазмұны жайында сөз айтсақ, оның мақсаты қоғамның
қажеттілігімен жеке тұлғаның қызығушылығымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі
кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті әлеуметтік
құндылықты іс-әрекет арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті.
Білім берудегі көрсетілген мақсат білімге, дағдыға, іскерлікке деген
қатынас жеке тұлғаның физикалық және ерікті-құндылық, ақылдылық жан-жақты
жетілген азамат қалыптастыруға негізгі құрал болып табылады. Өмірдегі
қажетті мәдениетті, өнерді, ғылымды игеру әркімнің өз мақсаты түрлі әдіс -
тәсілдердің көмегімен игерілуі тиіс.
Адам жеке тұлға болып қалыптасуда, қоршаған ортамен қарым-қатынас
барысында өзіне жақсы өнеге, адамгершіл тағлымға үйренеді.
Сонымен қатар білім беру мазмұнының толық бейнесі мына жағдайда ғана
көруге болады, егер жеке тұлға, саналы өзгеріс болатын болса. Жеке тұлғаның
динамикасы деп — субъектінің санасы мен қасиетіндегі өзгерісін атайдь ол
адамның онтогенетикалық дамуын құрайды. Ол іс әрекет нәтижесінде жүзеге
асады. Басқаша айтсақ, субъектінің дамуы оның іс-әрекетінің жемісі болып
табылады.
Іс-әрекеттің жетекші идеясы түрінде сөз болып отырған ілім жеке
тұлғаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін іс әрекеттің басқа да (ойын, еңбек,
қоғамдық) түрлерімен сабақтас келеді. Осыдан жеке тұлғаның іс-әрекеті білім
беру мазмұнының детерминанты (негізі) болып шығады. Сондай-ақ оны В.С.
Ледневтің теориясын негізге ала отырып, оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің
мазмұнына көңіл аудару. Педагогика теориясы жалпы білім беру мазмұнының
қалыптастыру ұстанымы ретінде В.В.Краевскийдің еңбегі зор. Алдымен, тұлғаны
мәдениетті, иннеллектуальды, қоғамды дамыту, білім беру мазмұнының
ұстанымдарының барлық элементтеріне барлық деңгейде талапқа сай
құрастырылуы тиіс.
Дәстүрлі білім, дағды, іскерлікті қалыптастырумен бірге білім беру
мазмұнына жеке тұлғаның өсуі, мәдени өмірі және көңіл аударуды талап етеді.
Жалпы білім беру мазмұнын қарастыруда оқытудың бірдей мазмұндық және
процессуалдық бағытын ұстанымы ғылыми-пәндік бағдары біржақты болмауы тиіс.
Білім беру мазмұны нақты оқу процесін игерумен байланысты, онсыз болу
мүмкін емес деп топшылайды, шынайы педагогикалық өлшем бойынша. Жалпы білім
беру мазмұнының жобасын жасағанда ұстанымдарын және технологиясын
меңгерудің соңғы деңгейі әсер етуін ескеру қажеттігін көрсетеді; Білім беру
мазмұнының негізі құрыльшдық ұстанымын әртүрлі деңгейде қалыптастыру
барысында теориялық мазмұнының негізін құраушы пән, оқу материалдары,
педагогикалық іс-әрекет оқушының тұлға болуымен сәйкестенуін қалайды. Жалпы
білім беру мазмұнының құрылымдық ұстанымдарын таңдағанда соңғы жылдары
білімдік бағдардан жеке тұлғаның бағдарлы білімге өтуге байланысты берік
гуманитарлық тенденция қалыптасты. Жалпы білім беру мазмұнының
гуманитарландыру ұстанымы ең алдымен оқушыларға жалпы адамзаттық мәдениетті
белсенді шығармашылық және практикалық жағынан игеруге жағдай жасауға
тікелей байланысты. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және қазіргі
қоғамдағы жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның гумандық мәдениетінің
негізгі компоненті: өмірде өзін-өзі анықтау мәдениеті; экономикалық және
еңбек мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық
адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, отбасы және қарым-
қатынас мәдениеті сияқты қалыптастыруға байланысты. Бұл ұстаным өте көп
қырлы. Жалпы білім беруде гумандыққа қарсы үрдісті жеңу оның мазмұнын
фундаментализациялау. Ол гумандық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді
ғылымаралық байланысты және сабақтастықты орнықтыруды талап етеді. Осылай
оқыту, білім алу дағдысымен іскерлікті қалыптастыру ғана емес, сонымен
бірге оқушылардың өздігінен іскерлік дағдыны меңгеруі жаңа білімді игеру
әдісі болып табылады.
Білім берудің мазмұнын орнықтыру оқыту процесін жаңартуды және сонымен
бірге гуманитарландыруға негіз болады, яғни оқушылар артық білімдік
ақпараттардан босатылып, жеке өзінің шығармашылығының дамуына мүмкіндік
алады. Жалпы білім беру мазмұнының барлық компоненттері және жеке тұлғаның
(базалық) негізгі мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты. Білімсіз дағды
мүмкін емес, шығармашылық іс-әрекет белгісі бір біліммен дағдының негізінде
қалыптасады, тәрбиелік осы іс-әрекеттегі білімге байланысты, яғни біреумен
қарым-қатынас жасағанда өзінің немесе басқаның білдіретін эмоциясына
тәртіптілік дағдысын іскерлігін қарастырады.
Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін
адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында
тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының
тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалык бейімделуіне,
мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі
еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты
жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен
толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен
араластыруға бағытталған. Бұл жерде адамға әсер ететін өндірістік фактор
ретінде қарастырылады.
Білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында оқушылар меңгеретін
білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастырылады.
Оқыту барысында оқушылар міндетті түрде білім мазмұнының астары ретінде
ғылыми білімдер жүйесін тәжірибелік іс-әрекет дағдыны, сонымен бірге
дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет (И.Ф.
Харламов). Бұл анықтама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын талдауға
негізделмеген және білім мен дағдының негізі сипатын аша алмайды. Негізгі
біліммен ғылымды меңгеру адамға қалыптасқан қоғам құрылысының ішкі
жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан білуді және не
істеу керек екенін талап ету жеткілікті. Бұл жағдайда білім беру мазмұнының
талаптарына сәйкес; жеткіншек ұрпақққа ана тілінде (математика, физика
т.б.) оқу пәндеріндегі білімді жөне дағдыны жеткілікті жеткізілуі қажет.
Қазіргі даму жағдайывда Қазақстандағы жалпы білім беру мектептеріндегі
жағдай айтарлықтай емес.
Қоғам өмірінің кейбір салаларына байланысты мәселелерін шешу,
оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері қаншалықты дамығандығын өз
ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған
ортаны қорғау, катыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық және қоғамдық
прогрестің дамуына дұрыс көзқарасты талап етеді. Тәрбиеленушілердің осы
қасиеттерін дамыту, құндылық мәні бар сүраныстарды қалыптастыру қоғамдық
өмірдегі маңызды фактордың бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұнын қалыптастыру теориялары
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Балбөбек бағдарламасы
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Дидактика. Дәріс курсы
Пәндер