Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
2.2. Ою-өрнек – өрелі өнер
2.3. Ши тоқу өнері
2.4. Кілем тоқу өнері
2.5. Қазақстан аймақтары бойынша зергерлік өнердің өзіндік ерекшелігі
2.6. Ер қосу өнері
2.7. Сәндік қолданбалы өнер түрлерін жаңғыртып, жаңарту – біздің басты
міндетіміз
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға
ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты.
Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін
қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй
жиһазында үй интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды.
Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған
себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі
ұсынысы болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Ал дизайнер
қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден. Сондықтан айналып
келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл
қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет,
халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды
енгізу арқылы. Біз бұдан не ұтамыз, менің ойымша, біріншіден, жас ұрпақтың
ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте
ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген
көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы
танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың
қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, соларға жол
көрсететін, үйрететін білікті ұстаз аз.
Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, ағаш өңдеу, жүн,
қыл өңдеу. Бұл тек ұлттық өнерге қатысты саласы. Осылардың барлығына дерлік
ортақ ою-өрнек. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан
ерекшелейтін ою-өрнек.
Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми
түрде саралай бастағанына небәрі елу жылдың жүзі болыпты. Төл өнерімізді
зерттеуге Еуропа ғалымдары мен жиһангездері елеулі үлес қосты. Мысалға
айтсақ, В.Вопсалов, А.Хедона, саятшы Дженкинсон, Р.Карутц, С.Дудин,
В.Радлов, М.В.Рындин т.б. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан
талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен олардың жасаған
тұжырымының бәріде қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын
аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ
ғалымы Т.Бәсенов былай дейді: Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр
саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеулер халық ою-өрнегінің
жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын
халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, шетелдік жат тілде, өзге
халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған
халықтың тілімен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген
бұрмалаушылыққа, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды. Осыған қарағанда
осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар
екенін аңғартады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр
ғалымдары көп еңбектер жасай бастады.
Халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын осынау
құндылық бүгінде азаматтығымыздың нысаны – көк байрағымызды да
көріктендіріп тұр. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те
қолөнерімен бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып
білеміз. Өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің
көнеден келе жатқан мәдениеті. Ал осындай құндылықтың маңызын бірі білсе,
бірі білмейді.
Мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық
тәрбие береміз. Өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ баланың
әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды
мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады.

2.1. ҚАЗАҚТЫҢ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛ ӨНЕРІ

Өркениетті қоғам құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың
рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен
шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін қажет етеді.
Осыған орай бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап
зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибе негізінде
жасөспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырады. Сондай қажеттіліктердің бірі
ұлттық қолөнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде
тиімді пайдалана білу болып табылады.
Әр елдің өнерін білген кісі онымен бірдейлік пікірлесе алады, аса
арсыздана жалынбайды деген екен тіл мен өнерді жоғары бағалаған Абай
Құнанбаев өзінің 33-ші қара сөзінде. Егер де мал керек болса, қолөнер
үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды дей келе, сол жолда Алдау
қоспай, адал еңбекті сатқан өнерлі — қазақтың әулиесі сол деп таза өнер
адамына жат қасиеттерге әуестенбеуін, қазақтың кейбір өнерлерінің
талапсыздық, керенаулық, еріншектікке бой ұратынын қынжылу арқылы
түсіндіреді.
Еңбек — өнер өрісі, өнер — өмір жемісі деп еңбек пен өнерді егіз
деп қараған қазақ халқының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен,
тұтыну қажетімен тығыз ұштасып келген. Оның ішер асы да, киер киімі де,
баспанасы да малдың өнімін өндеуге, тұтынуға, ұқсатуға арналған болса, жүн
иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ сыру, түскиіз
өрнектеу, кесте тігу, тері илеу, киім тігу, кілем тоқу т.б. шаруалар
әйелдер мен қыздар үшін ерекше өнер болып табылған.
Сондықтан да халқымыз жас буынды еңбекке тәрбиелеуді отбасынан
бастаған. Қазақ халқы ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара екіге бөліп
қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, аңшылық
құруға, зергерлік ұста өнеріне әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға
үй ұстау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрнек тоқу, ою ойып,
сырмақ сыру, отбасының ішкі жұмыстарына үйретуді анасы мен әжесі өз
міндеттеріне қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасының
ұйытқысы деп түсінген халқымыз оның еңбек сүйгіш өнегелі-өнерлі болып
өсуіне ерекше мән берген.
Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон
пішер деп келеке етіп, тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзін үлкен сынға
алған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін Қыздың жиған жүгіндей деген
теңеулер текке айтылмаған. Сондықтан да апа-әжелеріміз қыз балаға қолөнер
түрлерін түгелдей үйретіп келген. Сол кездерде қыздар өз жасауларын жасап,
кілем тоқу, ши тоқу, терме теру, шашақ төгу, кесте түрлерін жетік білген.
Олар төзімділікке, шыдамдылыққа үйреніп қана қоймай, олардың бойында
имандылық, кішіпейілділік, ізеттілік қасиеттер толы болды. Еңбек оздырады,
жалқаулық тоздырады. Еңбек ширатады, өмір үйретеді. Еңбек түбі —
бірлік, бірлік түбі — тірлік т.б. мақал-мәтелдер арқылы қазақ халқы жас
буынды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік,
жалқаулық кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін еске салып отырған.
Бүгінгі таңда бұл тәрбиелік тағлымды қазақтың ұлттық қолөнерінің
түрлерін оқушыларға технология пәнінен тыс үйірме сабақтарында үйретудің
өзіндік ерекше мәні бар. Қазіргі балалардың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына
назар аударсақ, адамгершілік, мейірімділік, ізеттілік, қазақ қыздарына тән
жақсы қасиеттерді табу қиын. Бұл мәселелерді ескере отырып, технология пәні
және үйірме сабақтарында ертеден келе жатқан, тіпті кейбір ұмыт бола
бастаған қолөнер түрлерін оқушыларға үйрету барысында олардың бойындағы
адамгершілік, сыйластық, кішіпейілділік, жауапкершілік, өнерге деген құрмет
және эстетикалык талғамдарының дамуын біртіндеп байқауға болады. Технология
және үйірме сабақтарында жалпы кәсіби, соның ішінде киіз басу, ши тоқу
шеберлігін, кілем тоқу дәстүрлі мата бұйымдарын өңдеу өнері, кесте түрлерін
жалпылама айттық. Енді әрқайсысына жеке тоқталып Енді әрқайсысына жеке
тоқталып өтейік.

2.2. ОЮ-ӨРНЕК - ӨРЕЛІ ӨНЕР
Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген,
өнердің өте көне, әрі күрделі түрі — ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума
сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент
ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және
эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының
әрқайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек.
Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасқан, халқымыздың тарихымен,
өмірімен бірге ілгерілей дамып отырған. Қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілері
тарихта андронов мәдениеті деген, атпен белгілі дәуірден басталады. Бұл
дәуір біздің эрамызга дейінгі екі мыңыншы жылдарға тура келеді.
Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек өнері көне замандарда
қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы
сақталған ірі мәдениет үлгісі ретінде аталады.
Халық арасындағы шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимараттар мен киім-
кешектерді, қару-жарақты т.б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын, бұйымдарды
мәнерлеп, әшекейлеп отырған.
Ою-өрнек өнерінің даму барысында әрбір тарихи дәуірдің өз таңбасы бар.
Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтың келбеті айқын
танылады.
Халықтың географиялық ортасына, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты,
ою-өрнек үлгілері әртүрлі жағдайда дамып, түрленіп отырады.
Мәселен, ыстық аймақтарда тұратын халықтардың ою-өрнектерінде көбіне-
көп жемістер мен өсімдіктер жапырағы, хайуанаттар болса, жер шарының
солтүстік полюсіне жақындаган сайын ендіктерді мекендейтін халықтардың
өрнек үлгісі регионалдық өзгеріске ұшырайды.
Сонымен ою-өрнек дегеніміз — геометриялық және бейнелеу элементтерінің
жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. Ою сөзін латынның орнамент,
ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануга болады.
Ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін
ғалымдар үш топқа бөледі:
1. Өсімдік типтес ою-өрнек. Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі,
жапырағы, сабағы, дәні т.б. негізгі элементтері көрінеді.
2. Зооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни аң-құс, балық
т.б. түрлі жәндіктерді және олардың мүшелерін бейнелейді.
3. Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, шимай, торкөз т.б.
құралады.
Жоғарыда аталған негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп
қолданатын ою-өрнек элементтерінің мынандай атаулары бар:
а) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз,
айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпірқосақ, т.б.
ә) Заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, күмбез,
табақ, қармақ, т.б.
б) Эпиграфиялық өрнектер — яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір
заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.
в) Ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ентаңбаларға
байланысты ою-өрнек элементтері: тұмар, айтық, босаға, тарақ, көз, шөміш,
шылбыр, көсеу, ашамай, т.б.
Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері — бай мұра, сарқылмас
қазына.
Ою-өрнек — тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын
нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді
қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау тәрізді әрекеттер арқылы
жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен (элемент) құралады.
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін кезінде В.Куррер, Ф.Т.Куглер,
С.В.Иванов, В.В.Стасов, В.К.Волков, С.А.Давыдов, Н.В.Сумцов, А.Н.Берштам
жэне қазак, ғалымдары Ә.Марғұлан, Т.Бәсенов, Е.Масанов, М.Мұқанов,
С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, Б.Тұяқбаева, Б.Әлмұхамбетов, Б.Ибраев, К.Ибраева,
Т.Жанысбеков, Ж.ІПәйкенов, Ү.М.Әбжапбарова және т.б. ғалымдар зерттеген.
Дей тұрғанмен, қазақ қолөнерінің осы бір күрделі саласы ою-өрнек өнерін әлі
де ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттей түсу қажет. Өйткені ою-өрнек өнері осы
уақытқа шейін белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ. Өрнектің семантикасы,
даму тарихы, жасалу әдістері, қай өрнек қандай бұйымға қолданылады, т.б.
көптеген сұрақтар өз жауабын күтуде.
Қазақ қолөнерінде ою-өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің
қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі.
Ою-өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән-
мағынасын аша түседі. Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың
әрқайсысының қалай әшекейленіп, өрнектелгеніне жіті зер салған жөн. Ою-
өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы
әдет-ғұрып, салт-дәстүріне сай дамып, түрленіп жетілдіріліп отырған. Жер
жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек өнері көне замандарда
қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани
мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Халық шеберлері ою-өрнекпен,
сәулетті ғимараттарымен, киім-кешек, жиһаз, қару-жарақ, ат әбзелдерін,
зергерлік әшекей заттарын т.б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп
отырған.
Ою-өрнек өнерінің дамуы мен қалыптасуында әрбір тарихи дәуірдің салып
кеткен үлгі-таңбасы бар. Ою-өрнек үлгілерінде әр халықтың келбеті айқын
танылады.

2.3. ШИ ТОҚУ ӨНЕРІ
Ши тоқу өнері — бұрын көшпелі және отырықшылықта тіршілік еткен Орта
Азия халықтарына көне заманнан белгілі өнер. Бұрынғы кездерде қазақ халқы
шиді тоқып, оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға
киіз үйдің есігіне ұстауға, төсеніш ретінде, тіпті үлкен үйлердің ішін
бөлмелеуге пайдаланған. Ертеректе батырлардың оқ салатын қорамсақ қаптары
да шиден тоқылып жасалған. Әсіресе киіз үйдің ішін әсемдеуде шидің алатын
орны ерекше. Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөлуге болады.
Ақ ши, орама ши, шым ши. Халық арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-
орнымен қолданылып келген. Мәселен, ақ ши орамай құр өзі тоқылатын
болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, мал сойғанда еттің
астына қоюға қолданылған. Ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған
өрнекті шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептелген. Оны киіз
үйге ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау еткен. Кейде оны түскиіз орнына
да ұстаған. Шым ши тоқу — қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің
ерекше бір түрі. Оны тоқуда негізінен оюдың композициялық құрылысының
маңызы ерекше. Мұнда қолданылатан барлық ою түрлерін композициялық жағынан:
толық жекелеген және тұтас бір ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзындық
ою деп бөлген.
Өне бойы тұтас емес әр жерінен оралатын шиді орама ши деп атаған.
Орама шиді де шым ши сияқты кереге құруға, үйді сәндеу үшін қолданған.
Ши тарту, оны аршу, орау, түр салу, тізу, тоқу жұмыстары ауыл
адамдарының барлығына ортақ жұмыстар болып саналған. Ауылдың қыз-
келіншектері мен жігіттері жиналып, қой сойылып, қымыз дайындалып, домбыра-
қобыз алынып, ұйымдасқан түрде өтетін. Қазақтың Ши тарту биі, Ши
шымылдық дейтін ойындары содан қалғаны белгілі.
Тоқылатын ши мал тұяғы баспаған жерден жаздың орта шенінде әбден
бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі
шық кеппей тұрған кезде тартса, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің
қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де өрнектеп орайды.
Ши тоқу үшін суырылып алынған шидің қабығын аршып, тазалап, алдын ала
салынып әзірлеген эскизі бойынша ши сызу оған түр салу, өрнектеу, тізу
жұмыстары орындалып барып ши тоқылады.
Егер де 35x40 өлшемде шым ши тоқу керек болса бұған 90 аршылып
тазаланған ши, тоқу жібі, түрлі-түсті түтілген жүн, салмақты зат (тас),
көмкеруге мата және эскизі немесе тоқу суреті керек. Яғни бұл аталған құрал-
жабдықтарды дайындап алуымыз қажет.
Ши тоқу үшін екі ашаға көлденең ағаш қадап, арнайы жасалған қарапайым
қол станок пайдаланылады. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың
биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені салмақты зат
байланған және бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі
қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып
отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады. Сөйтіп көлденең сырықтың
үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң, екіншісі қойырлады.
Осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанылады. Алғаш тоқи бастағанда үш шиді
бірден алып қабаттап жіппен айқастыра орап, крест сияқты байластырады.
Мұны шыбын қанат немесе қарақұс деп атайды. Әдетте шыбын қанат
шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезінде болады. Бұл шидің 2 шеті
қалың болып, тез тозып қалмауы үшін жасалады.
Шиді тоқып болған соң екі шетін тегістеп қырқып, матамен көмкеріп,
шашақтап сәндейді.

2.4. КІЛЕМ ТОҚУ ӨНЕРІ
Қолөнері — кілемде, Сөз өнері — өлеңде демекші қазақ халқының қол-
өнерінің ішінде тоқу өнері кең орын алады. Тоқу өнері қазақтың көшпелі
тұрмысы мен мал шаруашылығына байланысты болғандықтан қой, түйе жүндерінен
кілем, алаша, бау, басқұр, қоржын, қол дорба, терме т.б. көптеген үй
мүліктері тоқылады.
Халық үй жасауы — кілем дейтіндей тұрмысы-мызда кілемнің әрі
төсеніштік, әрі сәндік маңызы зор. Кілем бұйымдарының тоқылуына байланысты
бірне-ше тоқу түрлері болған.
Кілем түрлері:
1. Кежім теру — Қазақстанның оңтүстік және ба-тыс өңірінде кең дамыған.
Мүндай кілемдердің оң жақ беті бір тегіс және тығыз, ал теріс жағында өрнек
жасауға қатыспаған бос жіптер қалады.
2. Араб кілем — бес кесте әдісімен жасалады. Мүнда өрнектер қосымша түсті
арқаулар арқылы то-қылады. Оң жақ беті дөңес кестелі ал теріс жағына кесте
өрнегі түспейді.
3. Терме — өзінің өте тығыздығымен, бедерлі бо-луымен көзге түседі. Бұл
түрлі жіптердің әртүрлі ай-қасуымен пайда болып, сурет тек оң жақ бетіне
түсіп, сол жақ бетіне тек арқау мен негіз жіптері көрінеді.
4. Ақ басқұр — түрі түксіз болып келеді.
5. Түкті кілем — негіз және арқау жіптермен қатар шалу жібі арқылы
тоқылады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекелеген жіптерден, шалу жібі
бірі-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады.
6. Түксіз кілем—тоқылуы негіз және арқау жібінің айқасуынан пайда болады.
Түр жасаушы түсті арқау жіптері негіз жібін тоқылу барысында көрсетпей жау-
ыптоқылады.
Кілем тоқылу үшін керегі жүн талшығы, арнайы жасалған қол станогі
мақта жіптерінен негізгі және арқау жіптері, нықтаушы тарақ, қайшы және
салына-тын өрнек эскизін пайдаланамыз. Кілем екі жіптің айқасуынан пайда
болатындықтан қол станогіне құрылған жібіміз негізі, ал айқасушы жіп арқау
жібі болып есептеледі. Кілем негізі мен арқау жіптері то-қылу барысында
перпендикуляр болып орналасып отырады. Қазақ кілемдері түркі тектес
халыктар кілем-дерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас. Қазақстанның оңт-
үстігінде түкті және түксіз кілемдерді қолдан тоқу да-мыған. Олардың
негізгі өрнектері күмбез, ал жиек-терінде текшелі өрнектері қорған деп
аталып, оны бойлай күлгін түсті су өрнегін жүргізеді. Бұл зәулім
күмбезді, тас қамалды, елестетеді.
Жалпы кілемді қолдан тоқу барысына тоқталсақ:
Түкті кілем:
1. Қол станогін дайындау (арнайы өлшемді рамканың жоғары және төменгі
жағына екі қатар ұсақ шеге (0,5 см аралығында) шегелеу).
2. Ұсақ шегенің көмегімен негізгі жібін тарту.
3. Эскизін түсіру (тор көзді ақ бетке айқас сызықпен тоқу өрнегін есептеп
салу).
4. 7-8 рет алма кезек арқау жібін өткізу.
5. Эскиз бойынша түкшалу.
6. Бір-біріне тығыз орналасқан шалу түйіндерін бастыра арқау жүргізу.
7. Шалу жіптерінің ұшын біркелкі қырку (қырқылғаннан кейін пайда болатын
қалың түк түйіндерді көрсетпей жауып тұрады).
8. Түкті тығыздау (арнайы тарақпен нығыздалады).
9. Бітер жақ тықыр шетін тоқу.
10. Біткен кілемді алу (станоктан негізгі жіптен қырқып алып, негізгі жіпті
түю).
11. Шет тігісімен тігу.
12. Шашақжасау.
Тықыр кілем тоқылуы түкті кілемнің тоқылуына ұқсас басталады. Бірақ
түк шалынбайды. Түктің орнына өрнек бойынша әр түрлі түсті жіптер арқау
жібінің орнына тоқылып отырады.
Ши тоқу өнерімен кілем тоқу өнерін жетік меңгерген оқушылар бұнымен
ғана шектелмей, қазақтың ұлттық ою-өрнегі, кесте тігу өнері, шашақ төгу
өнерін де үйренеді.
Қазақ халқының арнасы кең, қолөнерінің түрі сан алуан. Осы өнер
түрлерінің қай-қайсысында болмасын ою-өрнек өнері қатысып, оларды әсем,
сәнді, мазмұнды көрсетіп отырған. Қазақ халқы осы кәсіпшіліктің арқасында
өздерінің материалдық қажеттерін өтеп қана қоймай, дер кезінде балаларына
оның қыр-сырын түсіндіріп, жасалу жолдарын көрсетіп отырған. Оқушылар ою-
өрнек қолөнерінің атауларына кеңінен тоқтала келе, оның аталу
ерекшеліктерін үйренеді. Ою-өрнектерді қолдана отырып сырмақтан бастап қол
дорба, аяқ қап, тұскиіз, тұтқыш т.б. бұйымдарды әшекейлеп жасады. Ою-өрнек
өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктері қолөнер бұйымдарының жасалу процесінен
анықкөрінеді. Ою-өрнектерді үйрену негізіне балалардың ісмерлігі, шеберлігі
артып, эстетикалық талғамы ерекшеленеді. Өйткені бұйымға ою-өрнекті
түсіруден бұрын қай өрнекті бұйымның қай жеріне орналастыруды, қалай
сәндеуді, қай тұста қай өрнек әдемі көрінетінін алдын ала ойластыру керек.
Бұның өзі білімділікті қажет етеді.
Қазақ халқы балаларын жастайынан үнемділікке үйретіп, әсемдікке
баулыды; олардың бойына адамгершіліктің тұғырын қалау мен денесін
шынықтыруды; ақыл-ойын өсіруді, өз бетінше өмір сүру мен кәсібилікке
даярлауды мақсат етті. Осы ниетпен олар өз тәжірибелері негізінде ақыл-
кеңес беру, үлгі-өнеге көрсету, үйрету, көңілге тоқыту жаттықтыру,
салыстыру, иландыру, қолдау, мақтап-марапаттау, әңгімелеу т.б. әдістерін
пайдаланды. Бұл әдіс-тәсілдерді технология пәні, үйірме сабақтарында
қолдану барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескердік. Сабақта
оқушыларға тоқыма өнеріне жіп сабақтау, жүн түту, құрақ құрау, кесте тігу
сияқты жеңіл оңайлау жұмыстардан бастап кілем тоқу, терме теру, алаша, ши
тоқудың қиын қимылдарынан күрделі жолдарына қарай бірізділікпен
меңгертілді. Сондай-ақ ою-өрнек өнерін қыздарға үйрету жағдайында алғашында
ою-өрнек үлгілерінің жеңіл, жіп сандары аз, кішірек бұйымға салынатын
түрлерінің (тау, айшық, балдақ, күн, гүл, алты жіп) жасалу тәсілдері
бойынша үлгілер қию, құрау, тігу жұмыстары игерілсе, яғни ою-өрнектің оңай
түрлеріне, жеңіл жұмыстарына көздері қанығып, іштей танып, қолдары үйреніп,
өздері жасай алатын икемділікке жеткен шағында олар көп еңбек сіңіруді
қажет етті, топтасып жасайтын киіз, сырмақ сыру, текемет басу, кілем тоқу
өнерлеріне араласа бастайды. Одан әрі қолөнерінің жекеше атқарылатын
күрделі түрлеріне термелеп, сыңарлап, тендеп, жүзделеп, сан қилы ою-
өрнектерді түсіре алатын халге жетеді. Осылардың бәрін игерген соң оюшы,
ісмер, бармағынан бал тамған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Қазақ халқының киіз басу өнері
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Оқушыларды ұлттық мазмұнда қол өнеріне баулу негіздерін анықтау
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Батик өнерін үйрету әдістемесі
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Пәндер