Қазақстанның сыртқы экономикалық дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ІІ тарау. Қазақстанның сыртқы экономикалық дамуы.
1.1. Қазақстанның өзге елдермен экономикалық байланыстары.
ҚАЗАҚСТАН мен Ресейдің өткен ғасырлардағы қарым-қатынастарын,
байланыстарын сөз етпегенде Казан төңкерісінен кейінгі 1917 жылдан 1991 жыл
аралығында саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани, ұлттық қарым-
қатынастары ұзақ мерзім бойы жан-жақты қалыптасқаны белгілі. КСРО ыдырап,
бұрынғы он бес одақтас республикалар жеке-жеке дербес, егемен, тәуелсіз
мемлекеттер болып шыға келгеңде, жетпіс төрт жыл бойы қалыптасып қалған бұл
қатынастардың быт-шыты шықты.
Көп уақыт өтпей-ақ, осы елдердің экономикасы күйзеліске, терең
дағдарысқа ұшырағаны да акиқат. Жетпіс жылдан астам уакытта кезге
көрінбейтін жіптермен, болат шынжырларрен шырмалып калыптасқан біртұтас
экономика дауыл ұшырып кеткен киіз ұйдің кейпін киді. Бұл дағдарыс өндірісі
де, ауыл шаруашылығы да шикізат өндіруге ғана маманданған Қазақстан үшін
ауыр соққы болып тиді. Өнім бөлшектерін шығаратын зауыттар Ресейден сұраныс
болмаған соң жұмысын тоқтатты. Басқа да өндіріс орындары Ресеймен, басқа да
елдермен байланысы үзілгендіктен қиындыққа ұшырады.
Мұндай қиындықтар бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі басқа елдердін де
басына түсті. Балтық жағалауындағы үш елден басқасы әуелі ТМД Тәуелсіз
Мемелекеттер Достығының елдері болып бірікті. Олардың Президенттері мен
Үкіметтері экономикалық қарым-қатынастарды қайта кұрып, оны дамытып, оның
өзара оңды нәтижесін пайдалану керектігін түсініп, мемлекетаралық ұйым да
құрды. Бірақ оған көбі кірмей, сырттай бақылаушы күйде қалды. Ұйымға
кіргендері жиі-жиі мәжіліс құрып, саналуан құжаттар кабылдады. Бірақ жүзеге
асырылған нақты шешімдер мен істер аз. Қабылданған шешімдер мен кұжаттардың
көбі кағаз бетінде қалып келді. Олардың жүзеге асуына кедергілер де,
бөгеттер де жетіп жатыр. Міне, осындай жағдайда өткен жылдың басында 2003
жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Ресейдің Қазақстандағы жылы деп
жариялануы екі елдің басшыларына да, үкіметтеріне де, халықтарына да үлкен
үміт тудырды. Барлығы да бұл шара екі елдің саяси және экономикалық,
әлеуметтік және рухани байланыстарына серпін беріп, өзара тиімді
ынтымақтастық, биік дәрежеге көтеріледі деген сенімде болды. Қазакстан
Президенті Н.Назарбаев біз және гуманитарлық ынтымақтастықты
• кеңейтудің, нақты стратегиялык әріптестікті дәйектілікпен дамытудың жаңа
көкжиектерін ашуға тиіспіз деді. Н.Ә.Назарбаев: екі ел арасындағы
• байланысты дамыту жөніндегі істер әртүрлі мәдени шаралардың шеңберінде
қалып коймай, олар, ең алдымен, экономикалық қарым-қатынасты мықтап
дамытуға бағытталуы керек деп атап көрсетті. Ресей президенті В.Путин екі
ел арасындағы экономикалық байланыстар өзара тиімді пайдаға жеткізіп қана
қоймайды, бұл байланыстар іс жүзінде Еуразияның экономикалық
инфрақұрылымының бар болмысын
өзгеріске келтіреді деп сенім білдірді.
Осы жағдайларды ескере отырып, екі, ел арасындағы экономикалық
байланыстардың кейбір көріністеріне, қалыптасқан жағдайларына, шешілуге,
шап шаңырақ дамуға тиіс проблемаларына тоқталмақпыз.
Екі ел арасындағы экономикалык байланыс, ең алдымен, мемлекетаралық
сыртқы сауда айналымының көлемінен, құрамынан, сонымен катар, бірлесіп өнім
өндіретін компаниялардың іс-әрекеттерінен, екі елдің бір-біріне жасаған
инвестицияларының көлемінен, тағы басқа өзара ынтымақтастықтар түрінен
көрініс табады. Қазіргі кезде ТМД елдері нарықтық, яғни ашық экономикаға
көшкендіктен олардың экономикалық байланысы негізінен тауарлар экспорты мен
импортынын келемі мен құрамынан айқынырақ және толығырақ көрінеді.
Міне, осы тұрғыдан қарасақ, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы
қалыптаса бастаған кезде Ресейдің үлес салмағы өте үлкен болды. Мәселен,
1994 жылы Қазақстанның Ресеймен жасаған сыртқы сауда айналымының сомасы
2731,1 млн. АҚШ долларын кұрады. Яғни Қазақстанның барлық елдермен жасаған
сыртқы сауда айналымының жалпы сомасындағы үлес салмағы 40,2 пайыз болды,
соның ішінде экспорт тиісінше — 1438,3 млн. доллар және 44,5 пайыз, импорт
— 1292,8 млн. доллар және 36,3 пайыз еді. Сол кезде Қазақстанның сыртқы
саудасы негізінен Ресеймен болғаны және Қазақстан әз тауарларының басты
бөлігін Ресейге шығаратыны осы деректерден көрініп тұр. Біріншіден, ол
кезде Қазақстанның экспортында мұнай көлемі аз еді. Мәселен, 1995 жылы
Қазақстан экспортқа 12,8 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын 818,9 млн.
долларға шығарды. Бұл сол жылғы экспорттың жалпы сомасының 15,6 пайызы ғана
болатын. Сол жылы Ресейге 6,3 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты 291,4
млн. долларға шығарылды жалпы сол жылы да, казірде де газ конденсаты
Ресейге экспортталады, немесе Ресейде жасалған мұнай мен газ конденсатының
экспортынын үлес салмағы заттай жоғалтты. 2003 жылғы тоғыз айда Казақстан
Ресейге 5,3 млрд. текшеметр табиғи газды барлық экспорттың 64,6 пайызы
текшеметрін 16,5 доллардан Молдоваға экспорт 31,8 доллардан, Словакияға
30,9 доллардан экспорт жасалды, ал Ресейден 25,3 доллардан 4,5 млрд.
текшеметр табиғи газ импорт жасалды. Бағаның айырмашылығы нәтижесінде 46,6
млн. доллар жоғалды. 2002 жылы Қазақстан Ресейге 105,4 мың тонна темір
қорытпасын әр тоннасын 354,2 доллардан экспорт жасап, Ресейден 7,2 мың
тонна темір қорытпасын 562,1 доллардан импорт жасады. Баға айырмашылығынан
1,5 миллион жоғалды. 2003 жылғы тоғыз айда осы тауар Ресейге 74,1 мың тонна
көлемінде әр тоннасы 425 доллардан экспорт жасалды, ал Ресейден 3,5 мың
тонна 657 доллардан импорт жасалды. Жоғалтқан ақша 812 мың доллар. 2002
жылы Ресейге 355,9 мың тапталған жалпақ темір тоннасы 295 доллардан экспорт
жасалды. Ресейден оның 64,1 мың тонна 334 доллардан импорт жасалды,
жоғалған ақша 2,5 млн. доллар.
Осы келтірілген деректерден сыртқы сауда кезінде бағаға байланысты
туындайтын екі мәселеге көз жеткен шығар. Оның біріншісінің шешімі
қандай тауарды болмасын қай ел жоғары баға берсе, соған көбірек экспорт
жасап сатуға тырысу керектігін, саудада достық жоқ дейтіндей, ал
импортты кімнің бағасы темен содан жасау керектігін басшылыққа алу арқылы
жүзеге асырылуға тиіс. Екіншісінің шешімі де көп ақыл сұрамайды, езімізде
оларды Ресейге де, басқаға да арзанға сатып, олардан қымбатқа сатып алып
шығынға ұшырау турасын айтса қылмысты іс. Бұған үкімет, мемлекет тарапынан
бақылау да, жауапкершілік сұрау да болуға тиіс.
Ресеймен өзара тиімді экономикалық қарым-қатынасты дамытуда Ресейдің
зауыттарымен, компанияларымен Қазақстанда бірлескен өндірістік
кәсіпорындар, зауыттар ашып, оларда астық жинайтын комбайндар, басқа да
ауыл шаруашылық машиналарын, біздегі метаддарды кеңірек пайдаланыл, әр-
түрлі жабдықтар, аспаптар, құралдар, басқа да дайын тауарлар өндіру қолға
алынып, жүзеге асса, бұл екі елге де тиімді болатыны анық. Екі ел арасында
ынтымақтастықты күшейтуге арналған екі жыл ішінде осы мәселе кеңірек,
тереңірек, тезірек шешілсе пайдалы болары даусыз. Екі ел арасында
экономикалық байланысты күшейтуде өзара инвестиция тарту ісі бастау алып,
әрі қарай дамыса жақсы нәтиже берер еді. Мүмкіндік баршылық.
Ресейдегі Қазақстан жылы тез өте шықты. Нәтижесі қандай? Әсіресе
экономика саласында. Атқарылған істерді, кол жеткен нәтижелерді Үкімет,
тиісті министрліктер жинақтап, қорытындылап, 2004 жылдың ақпан-наурыз
айларында халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы толығырақ хабардар
етсе жақсы болар еді. Егер 2003 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы
экономикалық қатынастарды дамытудың нақты жоспарлары жасалып, оларды жүзеге
асырудын шаралары белгіленген болса, солардың қайсысы іске асты, қайсысы
іске аспады, неліктен аспады, 2004 жылы бұл бағытта не істелмек, осы
мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілсе риза болар едік. мысалдар
келтірейік. 2002 жылы Қазақстан бидайды экспортқа шығарғандарының бір
тоннасын Ресейге 78,1 доллардан сатса, Өзбекстанға 103,4, Иранға104,7,
Ауғанстанға 88,8, Норвегияға 88,4доллардан сатты, күрішті — Ресейге115,6,
Түркіменстанға 266 доллардан, таскөмірді— Ресейге 6,6, Румынияға
25,3доллардан, шикі мұнайды — Ресейге79,3, Бермуд аралдарына 162,5,
Швейцарияға 149,7, Иранға 148,7, Германияға147,9 доллардан, газ конденсатын
—Ресейге — 66, Финляндияға — 106 доллардан, жүнді Ресейге — 365,7, Қытайға
777,5 доллардан, темір қорытпасын Ресейге 353,9, Нидерландыға 413,6
долларға сатты. 2003 жылдың қантар-қыркүйегінде де бұл жағдай өзгере қойған
жоқ. Бидайдың тоннасы Ресейге 96,4 доллардан сатылса, Украинаға 101,2,
Грузияға 119,1 доллардан сатылды, темір рудасы Ресейге 16,4, Қытайға — 23,9
доллардан, хром рудасы Ресейге 48,6, Қытайға 58,2 доллардан, тас көмір
Ресейге 8,5, Украинаға 29,6, Румынияға — 20,2 доллардан, шикімұнай Ресейге
— 90,2, Бермуд аралдарына 199,1, Қытайға — 163,5, Біріккен Араб
Эмираттарына — 161,9, Швейцарияға 157,6, Иранға — 148,4 доллардан, газ
конденсатын Ресейге — 83,8, Финляндияға 137,8 доллардан, табиғи газдың бір
текшеметрін Ресейге — 16,5, Әзірбайжанға — 27,6, Словакияға —30,9,
Молдоваға — 31,8 доллардан сатылды.
Әрине, бұл айтқандардан Қазақстан Ресейден барлық тауарларды басқа
елдермен салыстырғанда қымбатқа сатып алады да, баска елдерге карағанда
Ресейге арзанға сатады деген түсінік тумауы керек. Кептеген тауарларды
Қазақстан Ресейден басқа елдерге қарағанда арзанырақ сатып алады. Ондай
мысалдар аз емес.

1.2. Сыртқы саудадағы сілкініс.
Бүгінгі күнгі ғаламдану заманында қай ел болмасын өз тауарларын
әлемдік базарда басқа елдерге сатуға ұмтылады, сол базардан өз орнын
іздейді. Қазақстан да тәуелсіз ел болысымен өз тауарларын әлемдік базарда
пұлдауға талпынды. Біздің елдің алғашқы жылдардағы сыртқы саудасы негізінен
ұйымдаспаған сауда түрінде болды десек артық емес. Еті тірі, несиеге ақша
таба білген, бұрыннан жиган-тергені барлар жүздеп, мыңдап Түркияға, Қытайға
басқа да елдерге аттанды. Сол жақтардан киім-кешек, тұрмысқа керекті басқа
да көптеген заттар, әсіресе телевизор, телефон, кіржуғыш, желдеткіш, жиһаз,
шетелдік ескірген жеңіл автомобиль таси бастады. Алматы сияқты қалаларда
жаңадан ондаған базарлар мен жүздеген жекеменшік ірілі-усақты дүкендер мен
дүңгіршіктер ашылып, сауда қызып берді. Импорт дүрілдеді. Оның дәл есебі
де, олар үшін мемлекет алып жатқан баж салықтары да болмады. Ал экспортқа
келсек бізден сыртқа шығатын тауарлар негізінен шикізат түрінде болды, ол
кездегі басты экспорттық тауарлар қара және түсті металдар, мұнай болатын.
Оларды өндіретін ірі кәсіпорындарымыз әртүрлі себептермен реформаның
алғашқы жыл тұралап қалып банкрот болуға айналды. Содан олардың басты-
бастылары шетелдік инвесторлардың қолына көшті. Олардың нені қалай
өндіретіні, нені қалай сататыны, қай жерде, қандай бағамен сататыны
негізінен өздеріне ғана белгілі болды. Жай халық түгілі мемлекеттік
басқарушы органдар да толық мәліметке ие бола алған жоқ. Ол кездегі
жекешелендіру құпия, жасырын жүргізілді, шетелдік компаниялармен жасалған
шарттарда ел мұраты, мемлекет пайдасы жан-жақты толық ескерілді деп бүгінгі
күні де ешкім айта алмайды.
Біртіндеп өзімізде кеден жүйесі қалыптасты. Ол экспорт және импорт
жасаушылардың шекарадан алып өткен тауарларының есебін жүргізіп, баж
салығын жинай бастады. Кеден жүйесінде сыртқы сауда айналымының екі түрлі
есебі қалыптасты: біріншіден, ай сайын Статистика жөніндегі агентгік жария
етіп отыратын, ұйымдаспаған сауданы есепке алмағандағы, тауар айналымы;
екіншіден, жыл аяқталған соң жылына бір рет ұйымдаспаған сауданы есепке
алып, сыртқы тауар айналымының толық есебін беру.
Енді ұйымдаспаған сауданы қоса есептегендегі сыртқы сауданың толық
көлемінің 1994 жылдан бергі көрсеткіштеріне көз жіберейік. Ол 1994 жылы
8.827,2 миллион АҚШ доллары көлемінде болса, 1997 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
ҚР сыртқы сауда саясаты
Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуында 1936 жылы
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
Сыртқы экономикалық байланыстар
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері
Сыртқы экономика
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Пәндер