Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
І. Қазақстанның рекреациялық ресурстары

Рекреация — адамдардың демалысы мен емделуін қамтамасыз ету арқылы
олардың рухани және дене күшін қалпына келтіріп, дамыту, денсаулығын
нығайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар.
Дем алу - адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай.
Ол -адамдардың өздерінің кызметі (туризм, саяхаттар, санаториялык-курорттық
ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру,
тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке
- рекреацияга бірігеді.
Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзқарасын кеңейтеді.
Рекреация үшін 3 негізгі жағдай кажет: 1) өркениетті демалыс қымбатқа
түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2) рекреациялық
қор және; 3) рекреациялық шаруашылық, болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі
есіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңін тудырады.
Рекреациялыц қорлардың екі түрі бар: табиги-рекреациялык; және мәдени-
тпарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем
жерлер: сарқьірамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар
(яғни, табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас белігі қолайлы
климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға
түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар
адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен
ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа
кашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар - бұлардың бәрі
Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды.

Рекреациялық шаруашылық кұрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен
базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т.б. кіреді.
Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді. Алматы облысымен шекарада
Алакөл созылып жатыр. Бұл жерде шомылу - жағажайлық демалыс пен емделу
рекреациялық зонасы қалыптасып келеді. Теңіздік типтегі суы мен балшығының
емдік касиеті өте зор. 1990 жылдардың басында иесіз калған демалыс
базаларынын көбі қалпына қелтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен
тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер (Бурабай, Шарын
каньоны, Қатонқарағай) ұйымдастырылды.
Рекреациялық қорлардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі.
Минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Сарыағаш, Алма-Арасан,
Щучье және т.б.). Су тоғандары (Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш,
Алакөл, Бурабай) шомылу-жағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы
аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Солтүстік және Батыс Тянь-Шань,
Жоңғар Алатауы, Алтай). Қалалар танымдық туризм орталықтарына айналуда.
Өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар – рекреациялы
аудандар осылай қалыптасады. Қазақстан ғалымдары.
Қазақстан бойынша ондаған рекреациялық аудандарға бөледі. Олардың
ішіндегі ең ірілері -Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай.
Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен
бірге калыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, әлі толық зерттеліп біткен
жоқ.
Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ, оның әр түкпірінен рекреация
үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.
Шығыста бұл - Мұзтау, Көккөл (Қазақстандағы ең биік 50 метрлік
сарқырама) және Маркакөл (Алтайдың көл жанары). Шыңғыстау етегі, Еуразия
жүрегінде орналасқан Абайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтің елі. Өлкенің
мәдени астанасы - Семей қаласы. Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің
жөні бөлек, олар - Невзоровтар мұражайы (Қазақстан Эрмитажы) және ТМД-
дағы алғашқы, ол әлемдегі 17-нің бірі - аспалы көпір
Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері - елдің Оңтүстігі. Оның
туристік рәміздері - атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны,
Әнші шағылдар. Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар
басқан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда Медеу мұз айдыны (Әлемдік
рекордтар ұстаханасы) мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы
курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі Алтын адам мен ЮНЕСКО
тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас суреттері бар. Іле Алатауының
етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық - Алматы созылып жатыр.
Көптеген туристер Көне Тараз ескерткіштері мен Отырар мұражай-
қорықтарына, кіші түрік Меккесі - Түркістанға келеді. Оның нысандарының
бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі.
Қазақстанның Орталығындағы ертегідегідей әсем өлке - Қарқаралы таулы-
орман сілемдері ұлттык парк болып жарияланған. Оның солтүстігінде емдік
балшықтың еліміздегі ең үлкен қоры бар Қарасор көлі орналасқан. Ал, Алматы
облысымен шекаралас оңтүстігінде балық аулауды, суға шомылуды сүйетіндерге
етене таныс Балқаш көлі орналаскан (Балқаш регатасы).
Еліміздің солтүстігі - түңғыш ұлттық парк пен түңғыш курорттың отаны.
Ол қазір емдік туризмнің негізгі аудандарының бірі. Тек Щучье-Бурабай
курорттық зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16-ы балаларға арналған. Мұнда
сумен (минерал-
дық, және көл суы), балшықпен және қарағайлы орманның таза ауасымен
емдейді.
Ал, Мойылды курорты (Павлодардың жанында) балшықпен емдеуге маманданған.
Астана қаласы да маңызды туризм орталығына айналып келеді. Жастығына
карамастан онда өзіндік ерекшелігі бар туристік рәміздер пайда болды -
Бәйтерек , Қазақстанның Атамекен картасы (Кішірейтілген Қазақстан) және
әлемдегі ең алыс құрлық океанариумы.
Батыста да қызықты табиғи нысандар аз емес (Актөбе облысындағы метеорит
кратері, Қарақия ойысы, Үстірт ескерткіштері) және жақсы демалыс орындары -
Орал, Шалқар тұзды көлі, Каспий теңізі бар. Әзірге Каспий туризмге
лайықталмаған. Бірақ, болашақта көршілес Ресей мен Әзірбайжандағыдай көпке
танымал орын болады. Қазақ шығанағында қазірдің өзінде демалыс зонасы бар.
Оның қасындағы 320 әулие жерінде (кейде Маңғыстау түбегін солай атайды)
жер асты мешіттері (Бекет ата және т.б.) мен өлкенің орта ғасырдағы
астанасының қалдықтары сақталған.
Бұл - біздің еліміздегі рекреациялық байльқтың тек бір кішкене бөлігі
ғана. Олар - қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге саны 2004 ж. 4,3 млн
асқан туристердің де тамашалайтьн ғажайып жерлері.

1.1 Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы

Туристік ресурстар дегеніміз белгілі-бір территориядағы (аумақтағы)
туризмді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік беретін табиғи, тарихи-мәдени
және әлеуметтік-экономикалық нысандардың жиынтығы. Туристік ресурстарды
табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық деп екі топқа бөліп
қарайды. Бұл топтарды туристік ресурстар жағдайын анықтайтын (табиғи және
әлеуметтік-экономикалық) факторлар ретіңде де қарастыруға болады. Бірінші
топқа көрікгі табиғи орындар (ландшафтар), рекреациялық орындар, тарихи-
мәдени және табиғи (табиғат ескерткіштері) экскурсиялық нысаналар,
климаттық көрсеткіштер (температура, радиация), теңіз, көл және мұхит
жағаларының болуы мен олардың адамдардың демалысы үшін жарамдылығы жатады.
Бұл жерде рекреация деген ұғымның мағынасын айта кету керек.
Рекреациялық ресурстарға табиғат компоненттері: климат жағдайы, жер бедері,
минералды және термальды бұлақтар және өсімдік жамылғысы жатады.
Туристік ресурстардың екінші, әлеуметтік-экономикалық тобына белгілі-бір
аумақтардағы туризмді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге
бағытталған курорттар, туристік базалар, пансионаттар, демалыс үйлері,
санаторийлер, көлік, қонақ үйлер, тамақтану орыңдары, қосымша туристік
инфрақұрылым — арнайы дүкендер, байланыс бөлімшелері, емдеу мекемелері,
ойын-сауық және сауықтыру (стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер т.б.)
спорт орыңдары тиісті. Бұл топқа соңдай-ақ қаражаттың және еңбек ресурстары
да қатысты. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері (тұрғын үй жағдайы, ұлттық
тағамдары мен киімі, кәсібі, қолөнері, музыка мен фольклор, ұлттық ойындар)
мен салт-сана, әдет-ғұрыптары мен халықтың, ұлттық мейрамдарын осы екінші
топқа енгізуге болады.
Жалпы туристік ресурстарға баға берген кезде территориялардың (аумақтың)
табиғи-эстетикалық жағына, олардың тартымдылығы мен қайталанбастығына көңіл
бөлу керек, өйткені олар аумақтың туризм бойынша функционалдық сапасын
анықтайды. Бұл жерде қолайлы климаттық жағдайлардың рөлі жоғары және аумақ
табиғатының аз өзгеру жағдайы ерекше орын алады.
Туристік ресустарға қатысты келесі ұғым — туристік мүмкіндіктер.
Туристік мүмкіндіктер дегеніміз белгілі-бір территориялардағы туризмді
қалыптастырып дамытуға мүмкіндік беретін, бірақ әр түрлі себептермен
қазіргі жағдайда пайдаланылмай жатқан орындар мен факторлардың жиынтығы.
Туристік ресурстардың таралуына байланысты оларды аудандастыру
жүргізіледі. Туристік аудандастыру — аумақтағы туризмге байланысты
географиялық ақпараттарды жүйелендіруге және ол аумақгағы туризмнің даму
заңдылықтарын анықтауға байланысты жеке аудаңдарды анықтап, бөлу. Туристік
аудаңдастыру аумақтың барлық бөліктеріндегі туризмнің жағдайы, факторлары
және болашағы жайлы толық түсінік алуға, оларға байланысты жеке аумақгық
ерекшеліктерді бір-бірімен салыстыруға және бұл мәліметтерді туризмді
жоспарлау мен басқаруда пайдалануға мүмкіңдік береді.
Туристік ресурстардың, туристік нысандардың таралуы дегеніміз олардың
басқа объектілермен және бір-бірімен салыстырғандағы белгілі-бір
аумақтардағы орналасу реті мен жиілігі болу жағдайы. Туристік аудаңдастыру
кезінде әр түрлі таксономикалық рангадағы аумақтың бірліктер бөлініп
шығарылады. Олар маңыздылығы жағынан жалпы мемлекетгік (республикалық),
дүние жүзілік және жергілікті болуы мүмкін.
Ондай аумақтық бірліктерге — туристік-рекреациялық зоналар, туристік
аудандар немесе орталықтар жатады.
Туристік рекреациялық зона — көбіне ұзына бойы орналасқан, көрікті,
көгалды жерлердегі, тау іші жөне тау етегі аумақтардағы, көл, бөгендер,
теңіз және мұхит жағалауларындағы, темір жөне автомобиль жолдарының
бойыңдағы, рекреациялық мүмкіндіктерге ие (жағажай, емделу және демалыс
орындары т.б.) қосымша туристік қызмет орыңдары және экскурсиялық орындар
бар адамдардың танымдық, демалыстың емделу-сауықтыру қажеттіліктерін
қамтамасыз ететін аумақгар. Туристік-рекреациялық зоналарға мысал ретінде
Іле Алатауы бойын, Шортанды-Бурабай аумағын, Ресейдің (Анападан Адлерге
дейін) және Грузиялық (Леселидзеден Батумиге дейін) Қара теңіз жағалауы,
Қырым жағалауларын т.б. айтуға болады.
Туристік аудан немесе туристік орталық — өзінде және төңірегіндегі
орналасқан туристік ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет кешені
қалыптасқан аумақ, табиғи нысан, қала. Туристік ресурстар мен нысандар
туристік аудандардың немесе орталықтардың төңірегіне шоғырланып орналасады.
Олар: туристік базалар, қонақ үйлер, пансионаттар, туристік және
экскурсиялық нысандар тамақтану және сауда, спорт орындары т.б.
Туристік орталықтарға Мәскеу, Санкт-Перербург, Сочи, Ялта, Бұхара, Сергиев
Посад, Алматы, Псков, Самарқанд, Суздаль, Бакуриани, Юрмала қалалары,
Эльбурс маңы жатады. Туристік аудандар туристік-рекреациялық зоналар
бойында да орналасады. Оған мысал Ресейдің Қара теңіз бойындағы (Краснодар
өлкесі) Сочи ауданы және Қырым туристік-рекреациялық зонасындағы Ялта
туристік ауданы.
Туристік ресурстар бойынша ерекше орынды туристік нысандар алады.
Туристік нысан — аумақтық кеңістікте өзіндік орны бар, тарихи-мемориаддық,
мәдени-эстетикалық және танымдық мәнге, қасиетке ие, осыған байланысты
туристердің көңілін аудартып, олардың өзіңде болуына жағдай жасайтын
жерлер. Туристік нысандарды 3 топқа бөліп қарастыруға болады.
1) Табиғи туристік нысандар. Олар: табиғаттың көрікті жерлері, рекреациялық
орындар, физикалық-географиялық объектілер; шағын көлдер — (Көлсай көлдері,
Қайынды, Үлкен Алматы көлі т.б.); өзендер — (Ертіс, Бзыбь, Кивач, Чусовая,
Белая, Чулышман, Катунь т.б.); табиғат ескерткіштері. Табиғат
ескерткіштеріне сирек кездесетін өсімдіктер өскен жерлер (Шетен орманы,
Таутүрген шыршалары т.б.), әр түрлі бейнелерді елестететін табиғи тасты
мүсіндер (Оқжетпес, Шайтан тас т.б.), өзен каньоңдары (Шарын, Калорадо
каньондары т.б.), сарқырамалар (суқұламалар), үңгірлер, вулкан кратерлері.
2) Тарихи туристік объектілер. Олар: қалалардың көне кварталдары,
археологиялық орындар, көне мешіттер, мазарлар, шіркеулер, монастырлар,
үңгір монастырлері (Киево-Печерска лаврасы), храмдар, синогогтар,
пагодалар, мемориалдық-тарихи ескерткіштер, костелдер, тастағы таңбалар мен
жазулар, қалашықтар, қамалдар, сарайлар т.б.
3) Әлеуметтік-экономикалық туристік нысандар. Оларға адам қолымен жасалған
көрікті орындардың барлығы, олардың ішінде қазіргі заманғы сәулетті үйлер,
ірі-ірі комплекстер (кешендер), ботаникалық бақтар, дендрарийлер,
мұражайлар, делфинарийлер, океанарийлер, диснейлеңдтер т.б. жатады.
Бұлардың құрамына сондай-ақ шаруашылықтың негізгі салаларына жататын кейбір
кәсіпорындарды жатқызуға болады.
Қазақстанның мысалында туристер мен экскурсанттар үшін тамақ
өнеркәсібі жөне түсті металургия салаларына қатысты кәсіпорындарды
пайдалануға болады. Алайда нарықтық экономика жағдайында бұл іске аса
бермейді. өйткені кәсіпорындар сұраныс пен оның рыноктағы өзгерісіне
байланысты жұмыс істейді.
Туристік аудандастырудың таксаномикалық рангасының бірі — туристік-
рекреациялық зонаға мысал ретіңде Ресейдің Краснодар өлкесінің және
Грузияның Қара теңіз жағалауының туристік-рекреациялық зонасы, Ыстықкөл
курортты, аймағы, Алакөл-Балқаш, Көкшетау туристік рекреациялық аймақтарын
айтуға болады.
Табиғи-мәдени туристік ресурстарға жататын рекреациялық ресурстарды
төмендегідей жағдайда бөлуге болады:
Емдік ресурстар: минералды сулар, емдік батпақгар, климаттық жағдайлар мен
көрсеткіштер.
Демалыс-сауықтыру ресурстары: қолайлы ландшафтьгқ-климаттық жағдайлар, өзен-
көл торы, теңіз жағалаулары, су қоймалары.
3) Спорттық туризм ресурстары: категориялық маршруттар.
Рекреациялық ресурстар бірнеше қасиеттер бойъшша ерекшеленеді.
Комфорттылық — ресурстың туризм мен демалыстың нақты түріне деген
сұранысқа сәйкес келу деңгейін анықтайтын қасиет.
Сыйымдылық — ресурстардың ұзақ уақыт ішінде адамдардың көптеген
топтарының демалысқа деген қажеттіліктерін қанағаттаңдыру үшін жарамдылық
жағдайы және түрлі туристік ағындарды өткізу кабілеті. Сыйымдылықты сондай-
ақ табиғи-рекреациялық ресурстарға түсірілетін күш көлемі де анықтайды.
Сондықтан ресурстарды пайдалануды ұтымды түрде реттеп отыру туристік қызмет
үшін қажетті операция болып табылады. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға
мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге, табиғи ортаның экологиялық тепе-
теңдігін сақтайды.
Аттрактивтілік - ресурстардың кайталанбастығы, пейзаждық көп түрлілігі
(көп келбеттілік), олардағы маусымға және т.б. байланысты ерекше табиғи
қасиеттердің болуы, жер бедерінің тарамдалу сипаты, көркемдігі (орман-
тоғайлардың, сулы жерлердің көп болуы т.б.).
Тиімділік — ресурстарды туризм сферасы (саласы) бойынша игеріп,
пайдаланудың мүмкін болатын нақты әлеуметтік-экономикалық ұғым.
Комплекстілік (кешендік) — ресурстардың туризм мен демалыстың әр түрлері
үшін пайдалануға жарамдылығы.
Әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық туристік ресурстар ірі
капиталдарды, инвестицияларды, еңбек, каражат, өндіріс көздерін қажет
етеді. Оларсыз туризм индустриясының негізгі элементтерінің; тасымалдың,
орналастырудың (жататын орын), тамақтандыру мен сауықтырудың қалыпты жұмыс
істеуі және сондай-ақ туристік инфрақұрылымның дамуы мүмкін емес. Тиісті
туристік инфрақұрылымды қалыптастыруда көлік пен байланысты қатынас
құралдарын жетілдіріп дамыту маңызды нәрсе. Ол үшін жолаушылар тасымалып,
сауда байланыстарын қамтамасыз ететін темір жолдардың негізгі бағыттарын
қазіргі заманғы талаптарға келтіру және халықаралық тасымалдарды қамтамасыз
ететін бағыттардағы автомобилъ жолдарын оларды қазіргі заманғы халықаралық
талаптар деңгейіндегі сервистік қызмет керсетумен қамтамасыз ете және тез
жылдамдықта жүру бөліктерін жасай отырып дамыту керек. Сонымен қатар
аэропорттарды күрделі жөндеуден өткізу, оларда халықаралық стандарт-тарға
сай сервис пен қызмет көрсетуді қалыптастыру, порттарды реконструкциядан
өткізу, өзен кемелерінің (жүк және жолаушылар таситын) жұмысын жолға қою,
информацияльгқ технологияны дамыту, олардың сапалық жүйелерін жасау
туристік инфракұрьшымды жасап, дамытуда маңызды нәрселер.
Туристік пакет (туристік өнімнің) өндірісінің тұйық айналымын
қамтамасыз ету үшін негізгі, қосымша жөне қосалқы туристік қызмет түрлерін
қалыптастырудың технологиялық процесіне ресурстар қажет. Бұл қызметтерді
атқаратын ресурстарға финанстық, экономикалық, еңбек және қызмет етудің
әлеуметтік ресурстары — тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру және
сауықтыру орындары жатады. Бұлар туризм иңдустриясы құрылымының негізгі
элементтері болып табылады.
Әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық туристік ресурстарды
класификациялау күрделі, бірақ қажетті нәрсе. Ол бұл қызмет құралдарын
белгілі-бір тәртіпке келтіру үшін ғана емес, сонымен бірге туристік
қызметтер өндірісі процестерін ұйымдастыру — құқықтық жағынан қамтамасыз
ету және оларды стандарттау мен сертификациялау үшін қажет. Әлеуметтік-
мәдени-экономикалық туристік ресурстардың жай ғана жасалған тізімі туристік
қызмет жүйесінің жалпы көрінісін береді, бірақ халықаралық стаңдарттар
талаптарына сай келмейді.
Туризм мақсаттарына қажетті әлеуметтік-экономикалық ресустарға, яғни адам
қолымен жасалынған объектілер — су қоймалары, саябақтар т.б. жатады.
Тасымал құралдары, яғни автотуристерге қызмет көрсететін нысаңдары бар
автомобиль жолдары, теміржолдар, транзитгік сапалы қызмет ету нысандары бар
жергілікті, республикалық және халықаралық маңыздағы әуе жолдары,
автовокзалдар, теміржол вокзалдары, өзен және теңіз порттары, туристерді
қабыддау және оларға қызмет ету пункттері бар аэропорттар, автобустар,
поездер, өзен және теңіз кемелері, ұшақтар, экзотикалық туризм үшін қажетті
қозғалыс құралдары — катамарңдар, дельтоплаңдар т.б.
Орналастыру немесе қонақжай орындары: қонақ үйлер, отелдер, мотелдер,
флотелдер, пансионаттар, хостелдер (жастар үйі), демалыс үйлері,
кемпингтер, орналастырудың экзотикалық орындары: таудағы альпілік жатын
жайлар, киіз үйлер т.б. түрлері.
Тамақтаңдыру орындары: мейрамханалар, кафе, бар, асханалар, буфеттер,
ұлттық тағамдар орындары т.б.
Қайтадан салынған және қайта жарақталынған тарихи объектілер және туристік-
этнографиялық орталықтар: діни, қажылық, рәсімдік орыңдар, тұрмыстық және
мейрамдық әдетн ғұрыптар, салт-саналар орталықтары, сувенирлік (әшекей)
заттар шеберханалары, танымдық және сауықтыру орындары, мұражайлар, мәдени-
қойылымдық орындар мен театрлар, сурет галереялары, филормониялары,
концерттік және көрмелік залдар, стадиондар, клубтар, казино, ұлттық мәдени
ортальгқтар. Түрлі форумдарды, ойындарды, қауымдық мейрамдар мен шерулерді,
конкурстарды, халықаралық фестивалдарды т.б. сауықтыру қызметтерін
ұйымдастыратын орындар.
Жарнамалық-ақпараттық, қосалқы және қосымша қызмет түрлерін көрсететін,
туристік көсіпорындарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін шағын және
орташа бизнес орындары.
Туристік индустрия мен инфрақұрылымды дамыту үшін туризм үшін қызмет
ететін банктер жұмысын қамтамасыз ететін финанстық ресурстар, шет ел
инвестицияларын тарту, халықаралық туризм бойынша қызмет ету сапасын
жақсартатын дисконттық карточкаларды, түрлі халықаралық чектерді енгізу
қажет.
Әлеуметтік-мәдени қызмет нысандарын салу және туристік индустрияны дамыту
мақсаттарында көгалдаңцыру, көркейту нысандарын, ірі құрылыстар мен
кешеңдерді, үйлерді салу, жобалау, қайта жөндеу және қайта жарықтау,
жаңалау, өндіріс күштерін, өндірістік, әлеуметтік, инженерлік, көліктік
инфрақұрылымдарды, адамның толық мәнді демалысы мен өмір сүруіне қажетті
басқа да архитектуралық-кұрылыс әрекеттері осы сала бойынша қабылданған
заңдар мен заң актілеріне т.б. мемлекеттік талаптарға, аумақтардың жобалану
және салыну жағдайларына қайшы келмеуі керек. Бұл жұмыстар архитектуралық-
құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді, қабылданған құжаттар
мәселелерін сақтаумен, архитектуралық-құрылыс саласы бойынша бақылау мен
басқару жүзеге асыратын мемлекеттік оргаңдардың ереже-талаптарын орындаумен
ұштасуы тиіс.
Туризмді дамытудың ұзақ мерзімдік жобаларын жүзеге асыру тарихи-мәдени
мұра және табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық,
мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік-
мәдени қызмет көрсету нысаңдарын салу мен туристік орталықтарды кеңістікті
түрде орналастыруды ұйымдастыру, туристік іс-әрекеттердің ұйымдастыру-
құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм
сферасында мемлекеттік және мемлекетгік емес субъектілердің горизонталды
және вертикалды өзара байланыстарының басқару кұрылымын құру бойынша
оңтайлы шешімдерді талап етеді.
Туристік-рекреациялық кеңістікті шаруашылық жағынан игерудің ұзақ
мерзімдік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін белгілі-бір аумақтық құрылым
жүйелері керек. Өзара бірлесе әрекет жасайтын және өзара байланысты, меншік
формасы, мамандану деңгейі, дәрежелері жағынан әр түрлі туристік-
рекреациялық шаруашылықтардьың түрлі моделдерін құру — оларды басқарып,
жұмыстарын ұйымдастырудың сапалығын көтеру үшін қажетті жұмыс болып
табылады.
Туризм сияқты әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ауқымды
бірыңғай тұтас жүйе құрайтын құбылыстың ішкі құрылымын талдау кезіңде оның
жеке бөліктерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттерін бөліп көрсету
керек. Қалыптасқан рекреациялық география дәстүрлері бойынша мемлекеттердің
туристік-рекреациялық шаруашылығын, ресурстарын тиімдірек пайдалануға
мүмкіндік беретін ірі туристік-рекреациялық аймақтар туристж-рекреациялық
жүйелер бөлініп көрсетілуі тиіс.
Бірыңғай басқару инфрақұрылымы бар туристік-рекреациялық жүйелер
көлеміндегі функционалдық белдеулердің, демалыс орындары мен туристік
маршруттар топтарының шоғырлануы және кеңістікте ұйымдастырылуы (жобалау,
салу, инженерлік-коммуникациялық кешендерді орналастыру) қолда бар
мүмкіңдіктерді тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Аумақтық-рекреациялық жүйелер рангалық дәрежелер жағынан әр түрлі,
олар: халықаралық, мемлекеттік, регионалдық, жергілікті және
микродеңгейдегі жүйелер.
Халықаралық дәрежедегі таксономикалық жүйеге Дүниежүзілік туристік ұйым
мен ЮНЕСКО-ның қатысуы мен шешімдері бойынша қабылданып, жобаланатын
(туризмді дамыту үшін) аумақтық кеңістіктер жатады. Мысалы, Ұлы Жібек жолы
бойында туристік инфрақұрылымды дамыту жобасы. Ұлы жібек жолы жоғарғы
тартымды табиғат кешеңдерімен, халықтардың тарихи-мәдени мұралары
нысандарының мәліметтілігімен және өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған шетел
инвестицияларын тарту және шетел туристерін қабылдау үшін қажетті
халықаралық талаптарға жауап беретін жоғарғы дамыған индустрия мен қызмет
көрсету керек.
Мемлекеттік аумақтық-рекреациялық жүйелер — аудандық, жергілікті және
локалдық (микроаудан) деңгейлердегі, мамандандырылуы әр түрлі және туристік-
рекреациялық шаруашылықтар инфрақүрылымдары дамуының әр түрлі деңгейіндегі
аумақтық-рекреациялық жүйелердің жиынтығы.
Қазақстан мысалында мемлекеттік аумақтық-рекреациялық жүйелерге Солтүстік
Қазақстан (Көкшетау және Ақмола туристік-рекреациялық кешеңдері), Шығыс
Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан аумақтық-рекреациялық жүйелері жатады.
Аймақтық аумақтық-рекреациялық жүйелер өзіне бірыңғай инфрақұрылымдарды
және жалпы аумақтық маңыздағы объектілерге бірыңғай қызмет жасайтын локалды
туристік-рекреациялық микроаудандарды біріктіреді. Бұл жүйелер туристерге
қызмет көрсететін кәсіпорындар мен туристік кешендерді қосып алғандағы бір
немесе бірнеше аудаңдарды біріктіреді. Әрбір жеке облыс туристік
шаруашылықты дамыту үшін жеткілікті жағдайлар бар болған жағдайда осы
дәрежелік деңгейге ие бола алады.
Жергілікті немесе аудандық аумақтық-рекреациялық жүйелерге жергілікті
халыққа туристік-рекреациялық қызмет көрсету үшін қажетті жергілікті
маңыздағы ескерткіштер мен табиғи лаңдшафтарды біріктіретін аумақтарды
жатқызуға болады. Олар шағындылығымен ерекшеленеді. Қазақстанның мысалыңда
бұндай аумақтық-рекреациялық жүйелерге Орал, Қостанай, Петропавл, Павлодар,
Семей, Қызылорда жатады.
Туристік-рекреациялық микроаудан туристік және рекреациялық арнайы
мекемелер топтарын, инфрақұрылым нысандарын, сондай-ақ қызмет етуші адамдар
үшін тұрғын үйлер белдеуі бар қызмет жасайтын және қосымша өндірістер
кешендерін және тағы басқаларды біріктіретін өндірістік бірлік.
Аймақтық және жергілікті деңгейлердегі аумақтық-рекреациялық жүйелердің
қалыптасу жағдайлары өздерінің мүмкіндіктері мен сипаты жағынан әрқалай.
Мысалы Алматыдағы, Тараздағы, Түркістандағы халықаралық және жалпы
республикалық маңыздағы тарихи қалыптасқан туристік-рекреациялық кешеңдер
бұған дейін қызмет еткен аумақтық-рекреациялық жүйелерді дамыту және қайта
жарақтау нәтижесіңде пайда болса кейбір туристік рекреациялық кешендер
бұрын туризм мен демалыс мақсаттарыңда пайдаланылмаған аумақтарда
қалыптасқан. Туристік-рекреациялық кешеңдердің игерілген аумақтарға
қарағаңда әлі игерілмеген аумақтарда қалыптасқаны қолайлырақ, өйткені, бұл
жағдайда қажетті қасиеттер мен сапалық деңгейдегі олардың түрлі моделдерін
экономикалық жағынан негіздеуге және жобалауға болады.
Аумақтық-рекреациялық жүйелердің қалыптасуы жүретін жағдайларды үш топқа
бөліп қарастыруға болады.
1) Базистік-ресурстық жағдайлар. Туристік-рекреациялық жүйелердің дамуына
ықпал жасайтын локалдық табиғи және тарихи-мәдени ресурстарды
қалыптастыратын жағдайлар (Сарыағаш, Түркістан).
2) Кеңістіктік-экономикалық жағдайлар. Аумақтық-рекреациялық жүйелер
кешендері жоғарғы экономикалық даму деңгейіңдегі ірі урбандалған
агломерациялар негізінде немесе белгілі-бір аумақтың географиялық
жағдайының ерекшеліктеріне байланысты дамитын жағдайлар.
3) Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Туристік-рекреациялық кешеңдердің
орналасуы мен деңгейі ұлттық, әлеуметтік, тарихи-архитектуралық,
археологиялық т.б. факторлармен анықталатын жағдайлар. Аумақтық-
рекреациялық жүйе туристік-рекреациялық қызметтерді тұтынушылар тобын,
табиғи және тарихи-мәдени шаруашылық кешендерін, туризм инфрақұрылымы
нысандарын және басқару органдарын біріктіретін өзара байланысты
ұйымдастыру-кеңістіктік, әлеуметтік-мәдени жүйе болып табылады. Аумақтық-
рекреациялық жүйелердің көп функционалдылығын көп жағдайда туристік-
рекреациялық қызметтердің тұтынушылары анықтайды. Ол туристік қызметтер
рыногының сыйымдылығын, туризм мен демалысқа деген қажеттілік құрылымы мен
көлемін белгілеп, туристік сұраныстың тандамалдығымен және таралуымен,
туристік ағындардың маусымдылығымен, көп түрлілігімен, рекреациялық іс-
әрекеттердің айналымдылығымен ерекшеленеді. Негізгі анықтаушы ретінде
ортада тұрып ол аумақтық-рекреациялық жүйелердің басқа элементтерінің
конкуренттілігін (бәсекелестігін) және өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Табиғи және тарихи-мәдени шаруашылықтың кешендер, жүйе элементтері
ретіңде, заң актілеріне негізделінген жеке дара субъектілер болып табылады.
Ресурстар, туристік-рекреациялық қажеттіліктер мен қызмет түрлерін
қанағаттаңдыру, өндіру үшін керекті жағдайлар аумақтық-рекреациялық жүйелер
нысаңдарының орналасуы мен ресурстарды пайдаланудың ұйымдастырушылық-
құқықтьіқ негізін анықтайды. Табиғи және тарихи-мәдени кешендер белгілі-бір
сыйымдылыққа, қолайлылыққа ие және олар қолдану қорлары көлемімен, таралу
аумағымен, маусымдық-климатгық кезеңдерімен және пайдаланудың құқықтық
режимімен сипатталады.
Жүйелер құрамына кіретін туризмнің инфрақұрылымдық нысандары туристік
сұраныстың негізгі, қосымша және қосалқы қызметтерін (тасымалдау,
орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру) және қызмет етушілер санын да,
арнайы бағыттағы қызмет түрлерін де (емдеу-сауықтыру, курорттық, спорттық)
қамтамасыз етеді. Территориялық-рекреациялық жүйе инфрақұрылымы туристік-
рекреациялық және шаруашылықтың нысандардың жиынтығы болып табылады және
сыйымдылық, көп түрлілік, қолайлылық, толымдылық, экологиялық және
технологиялық талапқа сайлылық көрсеткіштерімен сипатталады.
Басқару органдары жүйелердің қызмет сапасын және оның жеке элементтерінің
үйлесімділігін қамтамасыз етіп, жоспарлау, бағдарламалар жасау,
маркетингтік зерттеулер арқылы оның кешенді дамуын, мамаңдануын жүргізеді,
туристік ағынның біркелкі келуін бақылайды. Мемлекеттік басқару органдары
сондай-ақ жалпы жеке аумақтар бойынша туризмнің дамуын жоспарлайды. Ол
мынадай бағыттар бойынша жүзеге асуы тиіс:
1) Аймақтың табиғи мүмкіндіктеін анықтау;
2) Аймақтың материаддық-техникалық мүмкіндіктері (туристік кешендер саны,
инфрақұрылым жағдайы);
3) Жоспарланып отырған, қабыдданатын туристер саны;
4) Қосымша құрылыстар жене күрделі жөндеу үшін шығындар;
5) Қажетті қызметшілер саны;
6) Туристік қызмет ету нәтижесінде мемлекеттік және жергілікті бюджетке
түсетін акша көлемі.
Туристік ресурстар мен мүмкіндіктердің таралуына табиғи (теңіз
жағалауларының, көлдер мен су қоймаларының болуы, жер бедерінің сипаты,
радиация, температура, лаңдшафт жағдайы т.б.) және әлеуметтік-экономикалық
(демографиялық жағдайлар, халықтың материалдық, әлеуметтік, мәдени
деңгейлері, мемлекеттердің жалпы экономикалық даму деңгейі т.б.) факторлар
әсер етеді.

1.1.1 Туристік жорықтар, олардың түрлері

Туристік жорықтар — адамдар үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының
бірі. Олар халық арасында кең таралған және ұйымдастыру, өткізу жағынан,
материалдық шығындар жағынан тиімді. Туристік жорықтарды кез келген дерлік
уақытта (туризмнің жорықтарға байланысты жеке түрлері бойынша) және кез
келген жерлерде жүргізе беруге болады.
Туристік жорық дегеніміз алдын-ала дайындалған жаңа немесе белгілі
маршрут бойынша, әр түрлі танымдық, сауықтыру, спорттық, оқу жаттығу үшін
т.б. мақсатпен жүріп өтуге бағытталған жұмыстар. Туристік жорықтар
ұзақғығына қарай бір немесе екі күндік және көп күндік болып, туризмнің
түрлеріне және қозғалыс түрлері мен құралдарына байланысты жаяу, шаңғы,
тау, су, вело-, автомото- және спелео- (үңгір) жорықтары болып бөлінеді.
Көп күндік жорықтар категориялық спорттық және категориялық емес болып
ажыратылады. Категориялық жорықтардың туризмнің жеке түрлері бойынша
кестесі төмендегідей. Бұл кестеде жеке категорияларға қажетті ұзақтық
(күнмен есептелгендегі) жеке ұзындық (км-мен есептелгендегі) көрсетілген.
Жорықтар күрделілігінің 1 2 3 4 5 6
категориялары
Кез келген туризм түрі 6 8 10 13 18 20
бойынша күнмен есептегендігі
ұзақтығы (кемінде)
Жаяу туризм км-дегі ұзындығы
(кемінде) 130 160 190 200 250 300
Шаңғы туризмі
Тау туризмі 130 160 200 250 300 300
Су туризмі 100 120 140 150 160 160
Велосипед туризмі 150 160 170 180 190 190
Мототуризм 250 400 600 800 1100
Автотуризм 1000 1500 2000 2500 3000
Спелеотуризм (үңгірлердің 1500 2000 2500 2500 3000
саны) 5 4-5 1-2

Туристік жорықтардың ерекшеліктері — оларды кемінде 4-6 адамнан
тұратын туристік топтың қатысуы. Туристік топ құрамы, туристер саны жорық
түріне, өткізіліп отырған ауданға, маршруттың күрделілігіне байланысты.
Жорықтарға байланысты екінші ерекшелік түрлі табиғи кедергілерден өту
қажеттілігі. Кедергілер сипаты туризмнің жеке түрлерімен (жаяу, тау,
велосипед, су туризмі т.б.) анықталады. Жорықтарды өткізуге ауа-райы
жағдайлары әсер етеді. Туризмнің жеке түрлері бойынша жорық өткізу үшін
өткізілгелі отырган ауданның табиғи ерекшеліктері бойынша белгілі-бір
қолайлы мерзім таңдалып алынады. Бұл сол ауданның климаттық
ерекшеліктеріне, ерекше маусымдары бойынша ауа-райымен тығыз байланысты.
Жорықты өткізу мерзімін таңдап алу оған дайындық кезеңіңде
жүргізілетін көптеген жұмыстардың бірі. Жалпы жорықта ұйымдастырып,
өткізуді үш кезеңге бөліп карастырады. Олар — дайындық, өткізу және
қорытынды кезеңдер. Жорық мерзімін таңдаудағы неізгі мақсат адамдардың
денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жорықтың табысты өтуі
оған деген дайындықтың жан-жақты, жақсы болуына байланысты. Дайындық
кезеңіндегі жүргізілетін екінші жұмыс — жорық маршрутын кұру. Егер маршрут
бұрыннан белгілі болса ондағы болған өзгерістер жайлы соңғы әр түрлі
информациялық көздерден деректер жиналады, олар талданып, жорық жоспарына,
календарлық графикке түзетулер енгізіледі. Календарлық график — графиктік
не таблицалық (кестелік) түрде берілетін маршрут бойынша жүріп өтудің жеке
кезеңдерін уақытқа, жеке күндерге байланысты жалғаспалы түрде болу.
Календарлық график алдын-ала жасалынатын болса жеке үндер бойынша маршрут
бөліктерін жүріп өту жоспарланады, түнейтін орыңдар мен демалыс орындары
анықгалынады, отын және су мәселелері, табиғи апаттар мен қиындықтардан
сақтану жағдайлары қарастырылады. Яғни, календарлық график құру мен
маршрутты дайындау қатар жүргізілетін жұмыстар.
Календарлық график жорық кезінде немесе ол аяқталган соң да жасала
береді, жорық жайлы есепке енгізіледі. Календарлық график құру кезіндегі
маңызды мәселе контрольдық және калеңдарлық уақыттардың көрсетілуі.
Календарлық уақыт — алдын-ала жоспарланатын жеке күндер бойынша маршрутты
жүріп өту уақыты. Бақылаулық уақыт — маршрут жүріп өтуге қажетті уақыттан
басқа, адамдардың демалысын ұйымдастыруға, адам ауырған жағдай үшін, құрал-
жабдықтарды жөндеу және нашар ауа-райына байланысты, соңдай-ақ календарлық
уақыт өткен кезде туристік топты іздеуді ұйымдастырудың мерзімін белгілеу
үшін кажетті уақыт. Жорық маршрутын құру кезіңде маршрут сызығының қандай
жерлермен өтетіндігі анықталынып, ол жеке күндер бойынша бөліктерге
бөлінеді. Жорық мерзімімен маршрут анықталынып, құрылып болған соң дайындық
жұмыстарының келесі тобы — адамдарды жорыққа дайындауға және жорық
кұжаттарын жасауға, әзірлеуге бағытталады. Ең алдымен орындалатын жұмыс —
туристік топты жасақтау. Топ кұрамына жорық тәжірибеге жеке дайындығы бар,
жарамды, денсаулығы жорық жағдайына мүмкіндік беретін адамдар алынады. Топ
құрамы анықталынып болған соң топ мүшелерінің дене және техникалық
дайындығы басталады. Дене дайындығы кезінде топ мүшелері жорық маршруты
ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы және толық шыдамдылықты
қалыптастыратын дайындықтан өтеді. Ол үшін әр түрлі дене жаттығулары бар.
Техникалық дайындық маршрутта кездесетін кедергілерден өту үшін арнайы
жаттығулар және бір күндік, бір-екі күндік жаттығу жорықтары түрінде,
арнайы құрал-жабдықтары қолдана отырып жүзеге асады.
Қорытнды кезінде жоспарлы туризм бойынша туристік топ жетекшісі жұмыс
және қаражат жайлы есеп береді. Мектеп туризімінде жорықтар өлкетануға
байланысты, көбірек өткізілетіндіктен жорық қорытындысы бойынша іс-шаралар
(диспуттар, конференциялар, кездесулер, көрмелер және мұражайлар т.б.)
ұйымдастыралады. Спорттық туризм бойынша топ жетекшісі МКК-ға (маршруттық
квалификациялық комиссия) жорық туралы есеп тапрырады. Ол есеп бойынша
спорттық дәрежелер (III, II, І-разрядтар, спорт шеберіне кандидат, спорт
шебері) жеке туризм түрлері бойынша туристік топ мүшелеріне тапсырылады.

1.1.2 Туризм және табиғатты қорғау.

Туризм халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи ортаға күш
түсіреді, әсер етеді. Табиғи ортаға тигізілетін бұл әсер түсірілетін күштің
әр түрлі деңгейлілігіне байланысты. Егер түсірілетін күш деңгейі төменгі
немесе орташа деңгейде болса табиғи ортада болатын өзгерістер шамалы
болады. Ал егер түсірілетін күш дәрежесі жоғары деңгейде болса, өзгерістер
ауқымы кеңейеді. Бұл жерде табиғи ортада туризм әсерінен болатын өзгерістер
көп жағдайда теріс бағытта болатынын айту керек. Мұндай теріс өзгерістер
табиғи ландшафтардың механикалық ластануы және олардың толық және белгілі
бір мөлшерде табиғи кейпін жоғалтуы тұрғысынан көрінеді.

Туризм сферасы бойынша табиғатты қорғауға байланысты жүргізі-луге
тиісті жұмыстарды шартты түрде екі топқа бөліп қарауға болады:
1) Үйірме жұмыстарында, туристік базаларда т.б. жерлердегі
экологиялық бағыттағы тәрбие жұмыстары.
2) Туристік база туристік кешендер аумақтарында, маршруттарда
жүргізілетін нақты жұмыстар.
Бірінші топқа төмендегідей жұмыстар жатады: туристік топ мүшелерімен
әңгіме өткізу, әңгімелесу, жорық алдыңдағы инструктаж, маршрут
ерекшеліктерімен таныстыру т.б. Аталған әдістердің соңғы екеуі, әсіресе,
маңызды. Жорық немесе экскурсия алдында туристік топ мүшелері табиғатты
қорғау бойынша қандай әрекеттерге тиым салынатыны жайлы арнайы
инструкциямен таныстырылуы керек. Мұндай инструкциялар әр туристік фирманың
немесе туристік базаның жұмыс ерекшеліктері бойынша жеке жасалынады.
Әрбір туристік топ мүшесі инструктажбен танысқан соң, оның орындалуы
үшін арнайы құжатқа қол қоюы керек. Егер инструктаж бұзылған жағдайда, оны
бұзған адам айып төлейді, маршруттан алынады және онымен жасалынған шарт
бұзылады. Маршрут ерекшеліктерімен таныстыру ондағы қорғауға алынған
орындар мен жерлерді туристер әсерінен сақтауға бағытталған.
Табиғатта қорғауға байланысты туризм сферасында жүргізілуге тиіс
жұмыстардың екінші тобына мыналар жатады: турбазалардағы санитарлық
жағдайдың талапқа сай болуы, көгалдандыру жұмыстары, маршруттарда
экологиялық соқпақтар құру және арнайы демалыс орындарын (бивуактар)
дайындау, маршруттарды маркировкалау, мемелекеттік және қоғамдық табиғат
қорғау орындарымен жұмыс жоспарларын келістіру т.б. Табиғатты қорғау
орындарымен келісіп жұмыс жасау бойынша, мысалы, балық аулауға бақылау
орындарынан арнайы рұқсат кағаздарын алуды айтуға болады, өйткені туристік
жорықтар кезіңде туристердің мақсатына, талап-тілектеріне байланысты балық
аулануы мүмкін. Ауланатын балық мөлшері арнайы балықшылар қоғамына мүше,
яғни рұқсат қағазға немесе туристер үшін 5 кг дейін (ұсақ балық), ал қалған
туристер үшін 3 кг-нан аспауы керек. Бұдан басқа балықты тормен емес, тек
қармақпенен ғана аулауға рұқсат етіледі.
Табиғат қорғау орындарымен бірігіп істелінетін жұмыстардың тағы бір
түрі қорықтар әкімшілігінен экскурсиялар және туристік жорықтар үшін
(туристік жорық маршруттары қорықтар аумағы үстімен сирек жағдайда өтеді)
арнайы рұксат алу, экскурсия немесе жорық уақытын (балықтар уылдырық
шашатын және құстар жұмыртқалайтын мезгілдерге сәйкес келмеу керек)
белгілеу.
Турбазалар мен маршруттарда табиғатты қорғауға байланысты жүргізілуі
тиіс нақты жұмыстардың ішіндегі қазіргі заманға байланысты маңыздысы — ол
маршруттар бойында (көбіне қысқа және экскурсиялық маршруттар арнайы
демалыс орындарын: тамақтнатын, шылым шегетін, қалдық заттарды тастайтын
жерлерді алдын-ала дайындау болып табылады. Бұл жұмыстар ең алдымен
табиғатты механикалық ластанудан сақтауға бағытталса, екінші жағынан
туристерге, әсіресе шет елдерден келетін туристерге, көрсетілетін қызмет
сапасын жақсартуға бағытталады.
Туризмнің табиғи ортаға, яғни белгілі бір аумаққа халық шару-ашылығының бір
саласы ретіндегі түсіретін күш-салмағы шектен шықпау керек. Егер
түсірілетін күш-салмақ аумақтың қабатын тұрақтығынан артып кетсе, онда ол
аумақта болатын теріс өзгерістер ауқымы кеңейеді. Бір сөзбен айтқанда,
табиғи ортада болатын теріс өзгерістер сипаты оған тигізілетін сыртқы орта
әсеріне байланысты, дәлірек айтқанда, сол сыртқы ортаның шамасына
байланысты болады. Табиғи ортаға әсер ететін сыртқы орта күштері табиғаты
жағынан екіге бөлінеді.
1) Табиғи сыртқы орта күштері.
2) Адам қоғамы күштері немесе антропогендік фактор. Табиғи сыртқы орта
күштеріне немесе жер сілкіністері, қар көшкіңдері, селдер, борандар т.б.
табиғи апаттар жатады, ал екінші күшке, яғни адам қоғамы әсерінен болатын
күштерге адам қоғамының шаруашылық әрекеті есебінен болатын әсерлер жатады.
Туризм халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи ортаға әсер ететін
осы күштер қатарына жатады.
Туризмде табиғи ортаға әсер етуге байланысты қалыптасқан белгілі-бір
шама бар. Ол шама мына түрде көрінеді. әрбір 1 га жерге түсірілетін күш,
шамамен алғанда 2 — 3 сағат ішіңде 50 — 60 адамнан аспау керек. Егер осы
уақыт ішінде түсірілетін күш 1 га жер бойынша 100 адамға жетсе, осы аумақта
жоғарғы деңгейде теріс өзгерістер жүреді.
Табиғи ортада, яғни белгілі бір аумақтарда болатын өзгерістер сипаты
жоғарыда айтылғандай екі нәрсеге байланысты.
1) Табиғи ортаға түсірілетін күш салмағына (деңгейіне)
2) Табиғи орталардың сыртқы орта күштеріне деген табиғи тұрақтылығына
байланысты.
Табиғи орталардың, яғни белгілі бір аумақтың сыртқы орта әсеріне деген
тұрақтылығы (табиғи тұрақтылығы), олардың реакцациялық бағалылығы сияқты
(ол жердің адамдардың демалысы мен емделуіне жарамдылығына байланысты) 5
немесе 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. 5 балдық жүйе бойынша аумақ 3
баяудан жоғары бағаланса, оның табиғи тұрақтылығы жоғары, ал табиғи
тұрақтылық 3 балға дейін мөлшерде бағаланса, онда керісінше, табиғи
тұрақтылық төмен, 10 балдық жүйе бойынша бұл көрсеткіш 5 балдан жоғары және
5 балға дейінгі шамалармен өлшенеді. Екінші сөзбен айтканда таумақты туризм
мақсатында түрақты түрде пайдалану үшін оларды табиғи тұрақтылығы бойынша
таңдап алу керек. Кез келген аумақты туризм сферасы бойынша тұрақты түрде
пайдалануға жарамайды. Аумақтарды туризм бойынша тұрақты түрде пайдалану
көбінесе, екі түрде болуы мумкін.
1) Аумақты экскурсия және туристік жорықтар мақсатында жиі
пайдалану;
2) Аймақтарды рекреациялық мақсатта, яғни адамдардың (туристердің)
демалысы мен емделуін (курорттық туризм) қамтамасыз ету мақсатында тұрақты
пайдалану; турбазалар, санаторйлер, демалыс үйлерін, пансионаттар салу және
олардың тұрақты жұмыс істеуі.
Бұл екі бағыт бойынша да туризм, халық шаруашылығының бір саласы
ретінде табиғи орталарға белгілі бір мөлшерде күш түсіреді, осыған
байланысты оларда әр түрлі деңгейде өзгерістер болуы мүмкін.
Аумақты туристік мақсат үшін таңдап алу екі түрлі бағытта жүргізіледі
1) Рекреациялық мақсатта.
2) Жалпы туризм бойынша тұрақты пайдалану үшін.
Бұл екі мақсатта да аумаққа табиғат компоненттері бойынша баға
беріледі. Екі бағыт бойынша компоненттер көбіне сәйкес келеді. Алайда
кейбір компоненттер сәйкес келмеуі мүмкін. Баға беру кезінде әр бағыт
бойынша қандай компонентерге таңдау берілетініне талдау жасап көрсек былай
болады.
1) Рекреация мақсатында аумақтық баға беру мына компоненттер мен
элементтер бойынша жүзеге асады: жер бедері, климат немесе ауа-райы, оның
ішінде жауын-шашын мөлшері, су ресурстары және өсімдік жамылғысы.
2) Туризм бойынша аумақты тұрақты мақсатта пайдалану үшін баға беру
төмендегідей компоненттер бойынша жүргізіледі: жер бедері, климат немесе
ауа-райы, оның ішінде жауын-шашынның түсу мөлшері, су ресурстары, топырақ
және өсімдік жамылғысы.
Баға беру кезінде екі бағытқа да тән компонентер мен ауа-райы
элементі: жер бедерінің жағдайы, жауын-шашынның тусу мөлшері, су ресурстары
және өсімдік жамылғысы. Айырмашылығы — реакциясы бойынша топырақ жамылғысы,
ал жалпы туристік мақсатта тұрақтылықты бағалау үшін ауа жағдайы,
температура, күн радиациясы мөлшері көп жағдайда ескерілмейді.
Жоғарыда аталған компоненттердің ішіндегі ең маңыздылары: жер бедері
жағдайы, су ресурстары және өсімдік жамылғысы. Жер бедерінің күрделілігі
және су ресурстарының (кішігірім көлдердің, өзендер мен бұлақтардың)
жиілігі ол аумақтың реакциялық маңыздылығын және сыртқы орта күштеріне
деген табиғи тұрақтылығын арта түседі. Рекрециялық маңыздылық пен табиғи
тұрақтылық үшін жоғарыда аталған компоненттер жеке-жеке факторлар түрінде
емес бір-бірімен байланысты факторлардың (табиғи факторлардың) жиынтығы
түрінде көрінеді. Оны қарапайым түрдегі мынадай схемамен көрсетуге болады.
Жер бедері жағдайы — ауа райы (жауын-шашын мөлшері т.б.) — су ресурстары
жиілігі және топырақ жамылғысының сипаты, өсімдік жамылғысы.
Рекрециялық маңыздылық пен табиғи тұрақтылық үшін ең маңызды компонент
— өсімдік жамылғысы. Аумақтарға өсімдік жамылғысы бойынша сипаттама немесе
баға беру кезінде мына жағдайлар, яғни, өсімдік түрлерінің әр түрлілігі,
өсімдік жамылғысының жиілігі және көп ярустылығы міндетті түрде ескерілуі
керек.

1.2 Туризм дамуның қазіргі жай – күйіне талдау

Туризм бос уақыттағы адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттану
және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен кұбылыстар жиынтығы.
Еліміздегі 90-жылдардың соңындағы республиканың КСРО тарапынан шығып,
Тәуелсіздікке кол жеткен тұста туризм саласының дамуы бұл терминді
қанағаттандыра алмады.
Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қиындықпен
өтті, бұл өз кезегінде туризм дамуына өзіндік із қалдырды. Еліміздегі
туризм индустриясының нашарлануынан көптеген қиындықтар туындады. Яғни:
туризм индустриясын жоспарлайтын жүйелік ғылым базалардың жетіспеушілігі;
, әлемдік туристік қызмет нарығына сәйкес келетін жоғарғы маманданған
кадрларды дайындау құрылымының төмен болуы; экологиялық туризм дамуына
республика ресурстарының жете зерттелмеуі және т.б. шешілмеген мәселелер
болуы;
Алайда, Қазакстандағы туризм дамуы бір орында тұрмады, ол ылғи да даму
үстінде болды. Қазақстан әлемдік туризм шаруашылығында өзіндік орын алу
үшін, ең бастысы, еліміздегі белсенді туризм түрлерін дамытуынан бастады.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және
жоспарлы туристік іс-әрекетті қадағалайтын Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 3 шілде 1992 жылғы "Туризм туралы" атты Заң
жобасы қабылданды. Бұл заң жобасында келесі аталмыш бағдарламалар
қарастырылған: Қазақстан Республикасының территориясына келген шетел
туристеріне еліміздің табиғи-географиялық, тарихи-мәдени байлығын, ерекше
көркем-өнер нысандарын көрсету;
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына еліміздің аудандары мен шет
мемлекеттердің табиғи және мәдени салт-дәстүрлерімен танысуға
бағытталған туристік жорықтар мен саяхаттар ұйымдастыру;
3. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің арасындағы гуманитарлық
байланыстарды ұлғайтып, нығайту;
2. Туристік индустрияны жоғары табысты экономика саласына
айналдыру.
Бұл Заң жоба еліміздегі туризм дамуына айтарлықтай ықпалын тигізді. Туризм
саласы 90 жылдардың ортасына таман даму сатысынан тұрақты қалыптасқан
салаға айналды. Осы кезеңде, 1995 жылға дейін, елімізде 2000 жуық туристік
фирма болса, 1995 жылғы 30 наурыздан кейінгі лицензияланған фирмалар саны
267 -ге жетті. Осылардың ішінде өзіндік беделді орын алғандары: "Яссауи"
атты Мемлекеттік акционерлік туризм компаниясы, "Спутник" акционерлік
қоғамы, "Тұран-Азия" туристік фирмасы және т.б. болды. Қазақстан
территориясында мемлекеттік лицензия алған 521 туристік фирма жұмыс
істейді.
Ғалымдардың болжамы бойынша Қазақстан рекреациялық әлеуеті жөнінен
"туристік Меккеге" айналу болжамы бар. Болашаққа көз салсақ, қазіргі
таңдағы Қазақстан туризм дамуындағы басты бағыт - экологиялық туризмге
назар аудару, оны экономикалық тұрғыдан жетілдіру.
Туризм шаруашылығының дамуындағы өзіндік рөлі жоғары, Үкімет қаулысымен
6 наурыз 2001 жылы №333 кұжат "Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының
Концепциясы" қабылданды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының туризм және
спорт Агенттігі "Туризмнің 2005 жылға дейінгі дамуының мемлекеттік
бағдарламасы" жобаланған болатын.
Тұрақты даму концепциясына сәйкес табиғи ортаға кері әсерді төмендету
салдары экологиялық туризмді дамытудың себепшісі болды. Жердегі экологиялық
нашарлау салдарынан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, экологиялық
орталықтар, туристік ұйымдар қоршаған табиғи ортаға қоғамның әсерін шектеу
жолдарын іздестіруде. Бұл мәселені шешу жолдарын экологиялық туризм өз
мойына алып отыр. Ол туризм салаларының ішіндегі динамикалық дамуындағы
жаңа саласы. Экологиялық туризм - табиғаты сақталған аудан ландшафтарын
тамашалау, оларды танып білу және сақтау үшін жасалатын сапар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2002 жылы Дүниежүзілік экотуризм жылы деп
жариялады. Осыған орай 2002 жылы Квебек (Канада) қаласында экотуризмге
арналған Дүниежүзілік саммит өтті. Бұған қоса, 2001 жылы қазан айында
Алматыда (Қазақстан) ''Экотуризм ХХІ ғасырдағы өтпелі экономикалық ТМД,
Қытай және Моңғолия мемлекеттер дамуының тұрақты құралы" атты семинар
өткізілді. Қазақстан үшін оның маңызы зор болды.
Қазақстанды экологиялық туризм дамуының алғы шарты болатын жаңа
қалыптасып келе жатқан нарық ретінде қарастыруға болады. Республикамыздың
экотуристік әлеуетіне: еліміздің биологиялық және геологиялық әртүрлілігі,
халық тығыздығының төмен болуы, халықаралық тарихи және мәдени бай мұрасы
кіреді. Айтарлықтай рөлді қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы да алып отыр.
Экологиялық туризм - бұл қазіргі таңдағы туризмнің жаңа бағыттарының
бірі, ол бүкіл дүниежүзінде кең даму үстінде.
Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) экотуризмді туризм дамуының тұрақты
элементі ретінде қарастырады. Эқологиялық туризмді дамытуға көптеген
ұйымдар атсалысуда, солардың ішінде жабайы табиғаттың Дүниежүзілік Фонды
(WWF), Халықаралық табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Туризмнің мәні әлеуметтік- экономикалық категория ретінде
Туризм саласындағы рекреациялық қызыметтер
Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Пәндер