Тас көмір - тамаша отын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның қазба байлықтары
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай, Қазақстан дүние жүзінің 186
елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында,
хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші,
мыс — төртінші, уран - бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші.
қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай
бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен
марганецтің төрттен бір бөлігі. темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд.
тоннадан астам. Көмір басейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған,
Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, ІПу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш)
және Орал-Каспий (Жайық-Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі
елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-
орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында.
Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін (Каспий
шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен газ кен орындарының
өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны
құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд.
тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай.
Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің
жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна.
Бұл мұнай өндірісін жыл айын 50—100 млн.
тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи
газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала
жасалған есептеулер бойынша мұндай 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд.куб
метр газ бар. Мұнай мен газға қатысты Торғай, Шу – Сарысу. Зайсан – Алакөл
провинцияларының болашағы зор.
Көмір (тас көмір).
Бұдан сан миллион жылдар бұрын қазіргі қалалардың, далалардың және
өзімізге таныс ормандардың: қарағайлы ормандардың, қайыңды тоғайлардың,
шыршалы және еменді ормандардың орнында бүтіндей басқа тұқымды алып ағаштар
бой түзеді. Сол бір бағы замандарда жер шарындағы климат дымқыл да жылы
болды. Саздауыт топырақта қалың шөп, алып бөрік басы жайқалған зәулім
ағаштар өсті.
Уақыт өткен сайын ол ағаштар қурап, саздауыт топыраққа құлап жатты, ал
олардың орнына жаңа ағаштар өсіп, бұлар да қурауы жеткенде бұрынғы
ағаштардың үстін басты. Біртіндеп құлаған ағаштардың қалың қабаты пайда
болды. Ол өзен суы ойпаңға алып келген лай-тұнбалар астында қалды.
Миллиондаған жылдар бойы топырақ салмағы басып, жылылық жағдайында болған
және ауа бармаған ағаш қалдығы біртіндеп тас көмірге айналды.
Тас көмірді көбінше күн консервісі деп атайды. Күн байырғы
өсімдіктерге өз энергиясын берді. Өсімдіктер осы энергияның көмегімен
қарапайым заттардан: судан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы көмірдің жаңа әдістері мен қолдану бағыттары
Шайырды кокстау және жартылай кокстау және оларды қайта өңдеу
Қазба байлықтарының жіктелуі және оларға экономикалық баға беру
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Қабатты газ генераторлары
Әлем қалаларына саяхат
Құрылыс жұмыстарына арналған цемент
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Мұнай мен газды тасымалдау
Украина Мемлекеттік кұрылымы
Пәндер