Қазақстанда социал - демократиялық топтардың құрылуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРТИЯ ЖӘНЕ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫ
РСДРП(б)-ның құрылуы. ХІХ ғ. соңында Ресейде социал-демократиялық
қозғалыс белең алды. Капитализм қарыштап өсіп, жұмысшы табы отрядтарының
қалыптасуы, оларды қанау күшейе түсті. Мұндай жағдайда марксизмнің
капитализмді социализммен ауыстыру туралы теориясымен қаруланған социал-
демократиялық қозғалыс елдің қоғамдық революциялық күштерінің алдына партия
құру міндетін қойды. Саяси ұйым құрудың негізгі теориялық негіздемелері
В.И.Лениннің “Не істеу керек?" (Біздің қозғалыстың толғағы жеткен
мәселелері), “Бір адым алға, екі адым кейін” (Біздің партиядағы дағдарыс),
т.б. еңбектерінде атап көрсетілді. 1898 ж. 1—3 наурыз күндері Минскіде
РСДРП-ның (Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы) І съезі өтіп, онда
партияның негізі құрылғаны жарияланды. Партия құру қажеттігі осы кезеңдегі
өзге қоғамдық қозғалыстардан (“халықшылдардан”, “экономистерден”) іргені
аулақ салумен байланысты болды. Саяси газет өз айналасына революция ісіне
шын берілген адамдарды топтастыра білді. Газет жұмысшы табының арасында
социал-демократиялық теорияны таратуға ықпал етуге міндетті болды. 1900 ж.
11 желтоқсанда шетелде “Искраның” бірінші нөмірі жарық көрді. Искраның 7
бөлімі болды: “Біздің қоғамдық өмірімізден”, “Жұмысшы қозғалысының
хроникасы және фабрикалар мен зауыттардан хат”, “Партиядан”, “Шетелдік
шолу”, “Революциялық күрес хроникасы”, “Ауылдан”, “Пошта жәшігінен”.
“Искра” газеті партия кадрларын біріктіру, оларды жалпыресейлік
орталықтанған пролетарлық партияға топтастыру орталығына айналды. ХХ
ғасырдың алғашқы жылдарында-ақ Ресейдің ірі қалаларындағы социал-
демократиялық топтар газет жұмысына қызу қатысып, оны жұмысшылар арасына
тарату ісіне белсене атсалысты. Саратов, Омбы, Орал, Қазан, Астрахань және
т.б. қалалардағы РСДРП саяси ұйымдары Қазақстанның жекелеген қалаларындағы
ұсақ бөлек-бөлек топтармен байланыс орнатты.
1902 ж. Қазақстан аумағы бойынша Орал қаласында алғашқы социал-
демократиялық үйірме дүниеге келді. 1905 жылдың басында Петропавловск темір
жол станциясында революционер-большевиктер Г.С.Нагорничевский және
И.С.Ружейниковтің ұйымдастыруымен Қазақстанда ең бірінші социал-
демократиялық ұйым құрылды.
РСДРП-ның ІІ съезінен кейін (1903 ж. 17 шілде — 10 тамыз, Брюссель)
партияны біріктіру жолындағы басты міндет үйірмешілдікті жеңу болды.
Ресейде бұл кезеңде партия қызметінің мәнін әрқилы түсінетін көптеген
үйірмелер жұмыс істеп жатқан-ды. Бұл әр үйірме мүшелерінің білім деңгейі
мен марксизм теорияларын түсіне білу қабілеттеріне байланысты еді. Съез тар
үйірмелік байланыстарды бірыңғай партия жүйесіне біріктіру міндетін қойды.
Бұл үшін партияның бағдарламасы мен Жарғысын жасау мәселесін қарау қажет
болды.
Қабылданған Бағдарлама екі негізгі мақсатты көздеді:
— социалистік революция жүзеге асқаннан кейін социалистік қоғам құру —
ұзақ мерзімдік бағдарлама;
— патшалықты құлатып, демократиялық республика құру — қысқа мерзімдік
бағдарлама.
Партия құрылымының ұйымдық принциптері мәселесі бойынша съезде В.И.Ленин
ұсынған Жарғы жобасы бекітілді. Партияның әрбір мүшесі міндетті түрде
партия ұйымдарының бірінде мүшелікке тіркеліп, жарна төлеу арқылы
материалдық жағынан қолдау көрсетуі тиіс. Осы арқылы партия мүшелерінің
жоғары тәртібі белгіленіп, әрбір мүшенің қызметіне нақты бақылау жасау
жолға қойылды. РСДРП мемлекеттік жүйеге қарсы әрекет жасауға қабілетті,
нақты ұйымдастырылған саяси құрылымды партияға айналды. ІІ съезде партияның
орталық органдарына сайлау жүргізіліп, орынның көбін В.И.Лениннің
жақтастары иеленді. Осыдан бастап оларды “большевиктер” деп атай бастады.
Кейін “большевик” сөзі “коммунист” сөзінің синониміне айналды. ІІ съездің
басты қорытындысы РСДРП(б) — Ресей социал-демократиялық жұмысшы
(большевиктер) партиясының ұйымдық жұмыстары біржолата аяқталды.
Қазақстанда социал-демократиялық топтардың құрылуы. Қазақстанда партия
құрылысы үрдісі бірінші ресейлік революция жылдарында (1905—1907) күшейе
түсті. Өлкеде социал-демократиялық ұйымдар құрумен Омбы, Самара, Саратов,
Ташкент, т.б. жақын жатқан қалалардағы РСДРП комитеттері айналысты.
Негізінен жаңа құрылған партия ұйымдары құрамы және мүшелерінің саны
жағынан әр текті болды. Кейбір уезд орталықтарында — топтар, жекелеген
жағдайларда — үйірмелер құрылды. Бұл өлкеде пролетариат санының аздығына
байланысты еді. Қазақстандағы социал-демократиялық топтар мен үйірмелер
марксизм идеяларын халық арасына таратумен ғана шұғылданды. Ол үшін жасырын
кітапханалар жасақталды. Революциялық насихаттағы әдебиеттер жақын жердегі
ірі қалалардан әкелінді. Мысалы, Перовск социал-демократиялық тобы
Ташкенттегі РСДРП ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болды, олардан
революциялық әдебиет, үндеухат (листовка) пен үгіт парақшалары
(прокламация) әкелініп, Перовскідегі темір жол желілері бойында таратылды,
жұмысшылар жиналыстары мен митингілерде оқылды.
Орал және Торғай облыстарында Самара, Астрахань, Саратов РСДРП
комитеттерінің басылымдары басым болды. Петропавловск РСДРП тобы Сібір
Одағы және партияның Омбы комитетінен әдебиет алып тұрды, одан әрі
Петропавловск тобы ол әдебиетті Сібір темір жолы арқылы Ақмола және Семей
облыстарына таратып отырды. Қазақстанның оңтүстігінде — Жетісу және
Сырдария облыстарында, Ташкентте РСДРП, Баку және Кавказ партия
комитеттерінің үндеу-хаттары таратылды. Орал РСДРП ұйымы Еділ бойы және
Орынбор большевиктерімен тығыз байланыста болды. 1906 ж. шілдеде оның
мүшесі 150 адамға жетті. Ұйымға 5 адамнан тұратын комитет басшылық етті, ол
әр үш ай сайын қайта сайланып тұрды.
Пролетариатты революциялық күреске араластыру үшін социал-демократиялық
үйірмелер жұмысшылар арасында кәсіподақтар құрды. Кәсіподақтар жекелеген
кәсіпорындардағы жұмысшылардың қожайындар әрекетіне қарсы өз мүдделерін
қорғайтын ұйымдары болды. Қазақстандағы алғашқы кәсіподақтардың бірі
Орынбор — Ташкент және Сібір темір жолы желілеріндегі теміржолшылар
арасында құрылды. Кәсіподақтар қызметі ұйым ісімен жол жүруге,
ереуілшілерге, саяси тұтқындарға жәрдемақы, жария және құпия әдебиеттер
алуға қаражат жинауға бағытталды. Өз қаражатының бір бөлігін кәсіподақтар
РСДРП-ның жоғары комитетіне жіберді. Мысалы, Орал теміржолшыларының
кәсіподағы қаражатының бір бөлігін Саратов аудандық комитетіне жіберіп
отырған. Негізінен кәсіподақтар Қазақстан қалаларында кеңінен таралды, олар
жеке қоғам ретінде қалыптасты. Мысалы, Оралда “Сауда-өнеркәсіптік еңбекпен
айналысатын адамдар қоғамы”, “Арбакештер қоғамы”, Семейде “Қолөнершілер мен
зауыт мекемелерінде жұмыс істейтіндердің өзара көмек қоғамы”, Ақмола
облысында “Сауда-өнеркәсіп мекемелерінің одағы”, тігіншілер мен бас киім
тігушілер одағы, ұсталар одағы, баспахана жұмысшыларының одағы жұмыс
істеді. Бұл кәсіби қоғамдардың көпшілігі 1906 ж. ұйымдастырылды. Саны
жағынан олар Қазақстандағы социал-демократиялық ұйымдардан басым болды,
дегенмен өлкенің барлық тұрғындарын қамти алмады.
Қазақстан халқы арасында жүргізген жұмыстары жайлы социал-демократтар
жергілікті конференцияларда есеп беріп отырды. Мысалы, 1906 ж. шілдеде
Саратовта Орал РСДРП ұйымының өкілі есеп берген. 1906 ж. қыркүйекте Омбыда
өткен РСДРП Батыс Сібір конференциясының мәжілісінде Петропавловскіден
келген делегаттар қатысты. Мұндай есеп беру жоғары тұрған партиялық
ұйымдардың төменгі бөлімшелер қызметіне бақылау жасау әрекетінен туындаған.
Бірінші ресейлік революция басып-жаншылған соң, реакция жылдарында
Қазақстандағы партия қызметінің бәсеңсігені байқалады. Мұндағы партия
ұйымдары мен топтары қызметінің біртіндеп күш алуына елдің орталығы
Оралдағы патшалыққа қарсы революциялық күреске қатысушылар әсер етті.
Полиция қудалауынан бой тасалай жүріп олар Қазақстанға өтті де, мұнда өз
жұмыстарын жалғастыруға тырысты. РСДРП топтарының қызметі заңсыз жағдайда,
өте құпия түрде жүргізілді.
1914 ж. жазда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс өлкенің әлеуметтік-
экономикалық жағдайын нашарлатты. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс және 1917
жылғы Ақпан революциясының оқиғалары Қазақстан бұқарасына дем беріп,
аймақта социал-демократиялық және ұлттық партиялар қалыптаса бастады.
РСДРП қалалық партия ұйымдарының қалыптасуы. 1917 жылға дейінгі
Қазақстанда большевиктік топтар мен ұйымдар бірінен соң бірі құрылып жатты.
Патша құлағаннан кейін, қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуі
жағдайында большевиктер мен ұлттық интеллигенция өкілдерінің халық бұқарасы
үшін күресі басталды. Құрылтай жиналысында сайлау науқаны жергілікті халық
арасында ұлттық партиялардың беделі күшті екендігін көрсетті. РСДРП ОК-і
елдің шығыс бетіндегі большевиктік топтар мен ұйымдардың қызметін қатаң
қадағалады. ОК Орал, Петропавловск, Семей, Өскемен, Черняев (Шымкент)
большевиктерімен хат жазысып тұрды. Қазақ большевиктердің жергілікті
халықпен жұмыс жүргізуіне баса көңіл бөлінді. Қазақ, татар тілдерінде үгіт-
насихаттық әдебиеттер басып шығарылды. Торғайда Ә.Жангелдин, Жетісуда
Т.Бокин, Т.Өтепов, Бөкей ордасында С.Меңдешев әрекет етті. Жастар
ұйымдарымен Ақмолада С. Сейфуллин, Әулиеата уезінде Т. Рысқұлов, Ордада
Алма Оразбаева большевиктік жұмыстар жүргізді. 1918 ж. жазында Ордада
Астрахань партия комитеті Бөкей даласына жауапты партия қызметіне жіберген
коммунистер көмегімен партия ұйымы құрылды.
Сөйтіп, өлкеде ұлттар арасында большевиктік идея таратылып жатты.
Большевиктер беделінің өсе түскендігіне қазақ және басқа мұсылман халықтары
еңбекшілерінің — “Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы”, “Қара жұмысшылар
одағы” ұйымдарының құрылуы дәлел. Негізінен бұл ұйымдардың нақты
бағдарламасы болған жоқ, олардың әлеуметтік және ұлттық құрамы да әр текті.
Бұл олардың тұрақты болмағандығын көрсетті. Большевиктер осы ұйымдар
белсенділерін өз жағына тартуға тырысты.
Большевиктер партиясының жариялылыққа шығуы оларға жергілікті жерлердегі
өз комитеттерін демократиялық централизм негізінде қайта құруға мүмкіндік
берді.
1917 ж. 4 наурыз күні ОК Бюросы жергілікті ұйымдармен байланыс орнатуға
шешім қабылдады.
Партия ұйымдарын нығайту жөніндегі шаралар ұзақ мерзімдік бағдарламаны
жүзеге асыруға көшумен байланысты еді. Бұл жағдайда большевиктер әр түрлі
бұқаралық органдарда — жұмысшылар мен солдаттар депутаттары Кеңестерінде,
солдат комитеттері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында — Қазақстанда
бұл азаматтық ұлттық комитеттер — жұмыс жүргізуге сүйенді. Жергілікті
партия ұйымдарына майданнан және тыл жұмыстарынан оралған большевик
солдаттар айтарлықтай көмектесті. РСДРП-ның ұлттық аймақтарда жүргізген бұл
тактикасы Қазақстан қалаларында партия ұйымдарын қалыптастыруға өз әсерін
тигізді.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Петроградта, 1918 жылдың жазында
Қазақстанда түрлі большевиктік топтардың қалалық партия ұйымдары қарамағына
бірігу үрдісі жүріп жатты. Мәселен, 1917 жылдың 16 қарашасында —
Петропавловск партия ұйымы, 1918 жылдың 18 ақпанында — Ақтөбе, сол жылдың
10 наурызында — Верный, 1918 жылдың наурызында — Көкшетау, 1918 жылдың
сәуірінде — Қостанай мен Түркістан, мамыр айында — Екібастұз, Шалқар,
Черняев (Шымкент), маусым айында — Гаврилов (Талдықорған) партия ұйымдары
құрылды. Қазақстандағы қалалық партия ұйымдарының көпшілігі Орталықпен
тікелей байланыста болды. Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск, Черняев,
Түркістан партия ұйымдарының бір ұйымға бірігуі олардың 1918 жылдың
маусымында Ташкентте өткен Түркістан коммунистік ұйымдарының І съезіне
қатысуына мүмкіндік берді. Съез нәтижесінде бірыңғай Түркістан коммунистік
партиясы дүниеге келіп, Қазақстан аумағында Кеңес өкіметін орнату барысында
большевиктер мұсылман халықтарының арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу
ісін жалғастырады. Өйткені мұнда ұлттық партиялардан кейін мұсылмандар
саяси ұйымдарының позициясы мықты болатын.
Көпшілік арасында большевиктер ықпалын күшейте түсу мақсатында 1918
жылдың жазынан бастап партия комитеттерінде, губерниялар мен уездерде
мұсылман, қырғыз (қазақ), татар секциялары құрылды. 1918 жылдың қараша
айында Мәскеу қаласында мұсылман коммунистердің бүкілресейлік І съезі болып
өтті.
Большевиктер билік басына келгеннен кейін елде азаматтық қарсы тұру өсе
түседі. Өз позициясын бекіте түсу үшін РСДРП ауызша үгіт пен насихат
жұмыстарына баса назар аударады. Партия комитеттерінің қасынан клубтар
ашылып, онда жаңа партия мүшелері үшін саяси сабақтар жүргізілді. Жаңа
кеңес органдарының құрылуына орай партия бұрыннан бар және жаңа
ұйымдастырылған құрылымдардың бәрін тұрақты түрде бақылап отыруға тырысты.
Тәжірибелі партияшылдардың жетіспеуі үлкен қиыншылық тудырды. Бір қызметкер
шын мәнінде бірнеше қызметтің құлағында отырды. Партия өз диктатурасын
орнатты.
Азамат соғысы жылдарындағы партия қызметі. 1918 ж. көктемде Азамат
соғысы және әскери интервенция басталды. Елді басқаруды одан әрі
орталықтандыру мақсатында 1918 ж. 30 қарашада В.И.Лениннің басшылығымен
жұмысшылар мен шаруалар Кеңесі құрылды. Аймақтарда Ресей коммунистік
(большевиктер) партиясы ОК Бюросы құрылды. Партия атауын өзгерту туралы
шешім партияның VІ съезінде (1918 ж. 6—8 наурызда, Петроград) қабылданды.
Қазақстан және елдің шығыс аудандарындағы астыртын ұйымдарға тікелей
жетекшілік ету мақсатында 1918 жылдың 17 желтоқсанында Уфа қаласында
Орталық Комитеттің Сібір бюросы құрылды.
1919 жылдың 1—23 наурызы аралығында Мәскеуде РК (б)П-ның VІІІ съезі
өтті. Мұнда партияның Екінші — социалистік қоғам орнату бағдарламасы
қабылданды. Съезде, сондай-ақ, елдің барлық бөліктеріндегі партия
ұйымдарының жұмысын бақылап отыруды жеңілдету мақсатында оларды тікелей
Орталық Комитеттің құзырына бағындыру мәселесі де қаралды.
1919 жылдың 2—6 желтоқсанында өткен Бүкілресейлік партия
конференциясында қабылданған РК (б)П-ның жаңа Жарғысына сәйкес РК(б)П ОК
Сібір бюросы, Түркістан саяси бөлімі, Шығыс аймағының Бесінші армиясы және
Әскери революциялық кеңес ақтардан құтқарылып, ел аумағына енген жерлердің
бәрінде коммунистік ұя құруды және қайта қалпына келтіруді қолға алды.
Сондай-ақ, 1919 жылдың 10 шілдесінде құрылған Қырревком (Қазревком) —
Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару комитеті де партия қатарын тығыз топтастыру
мен күшейте түсу бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.
Қырревком құрамына С.С.Пестковский (төраға), Ә.Әйтиев, Ә.Жангелдин,
С.Меңдешев, т.б. кірді. Жергілікті партия ұйымдары өздеріне жақын ірі-ірі
партия комитеттеріне бағынды. Мәселен, Ақтөбе, Торғай және Темір партия
ұйымдары Орынбор губерниялық партия комитетіне, Қостанай, Петропавловск,
Көкшетау, Ақмола және Атбасар — Омбы губерниялық комитетіне, ал Семей
губерниясы партия ұйымы РК(б)П ОК Сібір бюросына, Жетісу мен Сырдария
партия ұйымдары Түркістан компартиясының ОК-не бағынды.
Орталық органдар елдің шет аймақтарының жағдайын мұқият қадағалап
отырды. Партия шығыс аймақтағы жағдайға бақылау жүргізуден айырылғысы
келмеді. В.И.Лениннің ұсынысымен 1919 ж. қазанда ВЦИК-тің РСФСР ХКК
Түркістан ісі туралы (Турккомиссия) комиссия құрылды, оның төрағасы
Ш.З.Элиава, құрамында: М.В.Фрунзе, В.В.Куйбышев, Ф.И.Голощекин,
Я.Э.Рудзутак, Т.И.Бокин болды. Партия ОК-і оған жоғары партиялық бақылау
міндетін және РК(б)П ОК атынан Түркістанда билік жүргізу міндетін артты, ал
онда 1918 ж. маусымынан бері Түркістанның өз компартиясы әрекет етіп жатқан
болатын. Осылайша, Қазақстанның партиялық ұйымдары ұйымдық құрылымы жағынан
бұрынғыша әкімшілік принцип бойынша бөлінді. Батыс жақтағы партия ұйымдары
Орынбормен, солтүстік-шығыстағы — Омбымен, ал оңтүстіктегілер Ташкентпен
байланыста болды. Өлкелік революциялық комитет өз кезегінде бұл аумақтарды
өз қол астына біріктіруге ұмтылды, алайда оның билігі тек Қазақстанның
далалық аумақтарына ғана таралды.
§§ 41—42. ҚАЗАҚСТАН — КСРО-НЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Қазақстанның партия ұйымдарын орталықтандыру. Қазақ кеңес автономиялық
республикасын құру жөніндегі дайындық жұмыстарына байланысты Қазақстанның
партия ұйымдарын өлкелік партия ұйымына біріктіру міндеті тұрды.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы облыстар әкімшілік тұрғыдан
Қырревкомына, ал облыстық партия комитеттері Өлкелік және көрші облыс
партия ұйымдарына бағынатын болып шешілді. Қазақстандық партия
конференциясында (1920 ж. 8—11 қаңтар, Ақтөбе) коммунистік фракция
талқылаған міндеттердің бірі Қазақстанда РК(б)П бірыңғай орталығын
ұйымдастыруға арналды.
РК(б)П-ның ОК ұйымдастыру бюросының шешімімен 1920 жылдың 30 сәуірінде
РК(б)П-ның Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы (Қыроблбюро) құрылды. Оның
құрамына жеті адам — С.С.Пестковский, Ә.Әйтиев, А.Д.Авдеев, Ә.Жангелдин,
С.Д.Арганчеев, М.М.Мырзағалиев, А.М.Әлібеков сайланды.
Бұл кезде өлкедегі (оңтүстік облыстардан басқа) мыңнан астам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz