Алдыңғы қола мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардың негізгі

кәсібі бақташылық, мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілік болды. Мал шаруашылығының дамуы қоғамның азық-түлікпен және түтыну заттары-мен көбірек қамташсыз етілуіне, артық азық-түліктердің пайда болуына, айырбастың одан әрі өсіп, ұлғаюына, түптеп келгенде, байлықтың қорлана бастауына жеткізді. . ,

Мал шаруашылығының жедел дамуы ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің, халықтың басқа бүқарасынан бақташы тайпалардың бөлініп шығуының негізі болды. Қола дәуірінде егіншіліктің дамуында да өзгеріс-тер болып өтті. Жер бүрыңғыша кетпенмен өнделсе де, өнделетін жердің аумағы едәуір үлғайдьі; Шаруашылықтың тұрпатындағы өзгерістер қоғамдық ұйымдағы өзгерістерге сөзсіз жеткізуге тиіс еді. Әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық бөлімшелер пайда болады.

Еркек-көсем, еркек-жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруде үстем дәреже алды; ол рулық қауымның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Бұл дәуірде патриархаттық қатынастардың бо-лғанын растайтын археологиялық дәлелдердің бірі - андроновтық ескерткі-штердегі қос табыттар; онда күйеуінің моласына кейін әйелін жерлейтін болған. Қола дәуіріндегі жерлеу ғүрпына тән нәрсе - өліктің сол жақ неме-се оң жақ бүйірімен бүктетіліп, басын батысқа қаратып жатқызылуы.

Патриархаттық әулеттік қауым өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Алғашқы түрінде ол өзінің алдындағы матриархаттық әулеттің көп белгілерін: өндіріс құрал-жабдықтары және тұрмыстық мәселелерді шешуде қоғамның барлықересек мүшелерінің теңдігін, қауым басшысынын беделіне өз еркімен бағынуды мұра етіп алған еді. Мұндай қауымның негізі, бұрынғы сияқты, жұп отбасы болды, мүның өзі ерлі-зайыптылар байланысының берік болмауымен және ортақ балаларды иемденуге еркектер мен әйелдер құқықтарының тендігімен сипатталады.

Ерте кездегі патриархаттық әулеттік қауымдар әке жағынан туыс адам-дардың төрт-бес ұрпағынан құралды және аумағы 200 шаршы метрдей немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге тұрды. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс осындай бірнеше үйлерден құралды.

Әлеуметгік қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек түсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс өнімдеріне ортақ меншік болған еді. Кейін келе, әсіресе соңғы кола дәуірінде, кейбір күшейген патриархаттық әулеттік қауымдар барған сайын оқшаулануға тырысты; мүның езі келе-келе алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің шығуына әкеліп соқты.

Солтүстік Қазақстандағы қоныстарды қоршай жасалған дуалдар мен орлар түріндегі қорғаныс бекіністері қола дәуірінің ортаңғы кезеңінде, тайпалар арасындағы қақтығыстар күшейген дәуірде пайда болған. Сондай-ақ қоныстар мен қорымдардан табылған жебелердің қола және сүйек ұштары да тайпалардың арасындағы қактығыстарды көрсетеді. Жебе ұшы бір жолы (Шығыс Қазақстан) тізенің үршығына, тағы бір жолы (Орталық Қазақстан) адам қаңқасының жамбас сүйегіне қадалып түрған жерінен табылды.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рудың ыдырауы және одан жеке от-басы шаруашылықтардың бөлініп шығуы нәтижесінде үйлер езгереді. Олар бітеу қабырғалармен дербес отбасыларына арналған бөлімдерге бөлінген. Мәселен, Батыс Қазақстандағы Алексеевка қонысында жертөлелердің бірі бір-біріне ұқсас екі бөлімге бөлінген; екеуінің де от жағатын, тамақ пісіретін бөлек жер ошақтары, жер ошақ жанында қойма-ұралары бар. Нақ сол жерден көсемнің белгісі жақсы тегістелген тас күрзі табылды.

Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлік теңсіздігінің пайда болғанын қорымдардың материалдары да көрсетеді. Қазақстанның қола дәуірін-дегі қорымдардың бәрінде қауымның қатардағы мүшелерінің жүпыны қабірлерімен қатар бай қабірлер де қездеседі. Кедейлердің қабірлері қабірдің қарапайым жасалынуымен және жерлеу заттарының жұпынылығымен ерекшеленеді. Байлардың қабірлерінен алтын және қола заттар, шебер өрнектелген қыш ыдыстар табылды. Мұндай молалардағы тас жәшіктердің тақталары шеберлікпен жасалған, бір-бірімен жақсы қиюластырылған, жәшіктердің көлемі де үлкен. Дәулет басшыларының, ру мен тайпа көсемдерінің қабірлері үстіне биік оба, топырақ оба үйілген немесе үлкен-үлкен гранит тақталардан қоршау жасалған.

Дуал санының өсуімен қатар азық-түлік өнімдері мен шикізат - сүт, ет, тері, жүн, ешкі түбіті көбейді. Бірсыпыра артық азық-түлік болды, олардан қор жасауға және айырбйстауға жағдай туды. Қола дәуірінің адцыңғы сатыларында заттай айырбас бір тайпаға жататын қауымдардың арасында жүргізілді және кездейсоқ сипатта болды.

Айырбас соңғы қола дәуірі кезеңінде кең өріс алды. Көптеген мыс,

қалайы қүймалары кен орындары бар жерлерден бүлар жоқ жерлерге апарылды. Трушниково селосы жанындағы қоньгста меруертті қабыршақтың

табылуы кершілерімен ғана емес, алыстағы тайпалармен де айырбас жасалғанын көрсетеді. Айырбастың, әсіресе жеке тайпалар арасындағы айырбастың дамып, ұлғаюына жылқыны мініске үйретудің, оны көлік ретінде

пайдаданудың едәуір маңызы болды.

Алдыңғы қола мәдениеті. Мәдениеттің алдыңғы, Нұра кезеңі әзірше толық зерттелмеген, бейіт құрылыстарының материалдары бойынша ғана мәлім.

Нұра кезеңінің тайпаларына өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Өлік қазылып қойған молаға жақын жерде өртеліп, одан соң күлі молаға қойылған, ал өртелген жерге тас тақталар үйілген.

Бұл замандағы тайпалардың өлікті жерлеуінде оны өртеу негізгі ғұрып болғанымен, бірден-бір ғұрып болған жоқ. Өлікті молаға салу ғұрпы да болды, ол әсіресе Қазақстан қоласының Атасу кезеңінде ерекше кеңінен тарады.

Нұра кезеңіндегі қорымдардың аумағы онша үлкен емес, әдетте ол аласа төмпешік болды, оны айнала тігінен орнатылған немесе жалпағынан салынған тақта тастардан дөңгелетіп немесе тік бұрышты етіп қоршайтын болды. Қабір қоршаудың ішінен қазылды. Өлік қабырғалары жалпағынан салынған тақта тастармен шегенделген лақытқа, тас жәшіктерге салынып, тік бұрышты етіп қазылған қабірлерге көмілді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін лақыттар тас тақталармен жабылды.

Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін қыш ыдыстар ерекше айқын сипаттайды. Ыдыстардың дені ернеуінің жиегі сыртқа қарай иіліп, мойны мен бүйірі иіліп барып жалғасатын қүмыралар болып келеді. Түбі жайпақ, кейде шығыңқы, сүйір болады. Бүл ыдыстар вазаға үқсас. Ыдыстардың көбінің көлемі мен сыйымдылығы бірдей. Олар үш бүрыштардың, меанд-рлардың, қатарлас каннелюрлердің қиюласуы түрінде ернеуінен орта белі-не дейін салынацы, кейде ыдыстың түп жағы да сәнделеді. Өрнек тарақ тәрізді және тегіс қалыппен түсірілген. Нұра заманындағы бейіттерде қола бұйымдар біршама аз табылған.

Қорымдардың дені Бұғылы-1, Ақсу-Аюлы-1 қорымдары секідді болып келеді. Оның бірнеше қоршаудан түратын біріншісі Шерубай-Нұра өзені алқабының батыс жағында, Бұғылы-1 ауының етегінде орналасқан. Бұғылы-1 қорымында қазылып ашылған дөңгелек және тік бүрышты қоршауларда тік бүрышты қабірлер болды; кейде олар жалпағынан салынған тақта тас-тармен шегенделген (цисталар) . Бейіттегілердің көпшілігі өлікті өртеу ғүрпы бойынша жерленген. Лақыттарда мол өрнектелген бір-екі қыш ыдыс табылды, олардың кейбіреуінің түбі вазаның түбіндей әсем, бұлармен бірге балшық ұршықбас, дөңгелек қола айна, қола моншақтар мен тізбектер шықты. Молалардан және олардың жанынан үй жануарларының (жылқының, қойдың) - батаға сойылған маддың сүйектері табылды.

Ақсу-Аюлы-1 қорымы өзі аттас өзеннің оң жақтағы биік жағалауына орналасқан. Қорымның орта шенінде жағаны бойлай қатарласқан сегіз оба тобы ерекше көзге түседі. Үйілген топырақ астынан жалпағынан салынған тақта тастардан дөңгелете қаланған қоршаулар шықты. Қоршаулардың ішіндегі шұңқырларға тік бұрышты цисталар қаланған, олардың бұрышында әдетте адамның қураған сүйектері мен екі-үш қыш ыдыс жатады.

Нұра кезеңінің соңына таман өлікті жерлеу ғұрпы оны өртеу ғұрпын бірте-бірте ығыстыра бастайды. Бұл бірсыпыра ескерткіштерден, мәсе-лен, Орталық Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы ескерткіштерден көрінеді; бұларда жерлеу ғүрпы аралас: өлік өртеу де, өлікті жерлеу де кездеседі, оның үстіне өлікті көміп жерлеу басымырақ.

Тік бұрышты шұңқырлардан нұралық тұрпатты қыш ыдыстар табылды. Бітімі жаңа ыдыстар - Солтүстік және Батыс Қазақстандағы көрші тайпалардың ыдыстарына ұқсас иіні ойық ыдыстар шығады. Кейін мұндай үлгідегі ыдыстар Орталық Қазақстанда да басым бола бастайды.

Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті - алыңғы қола мәдениетінің жалғасы мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл - қоғамның, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа, неғұрлым жоғары кезең; бұл кезең қола дәуірінің дамыған ортаңғы кезеңіне жатады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖЕТІСУ ТАЙПАЛАРЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәуірдің ерекшеліктері
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Атасу кезеңі
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қазақстан қола дәуірінде
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz