Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары

Кіріспе

І -тарау

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары

І. 1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)

І. 2. «Қазақстан Республикасы 2030 даму стратегиясының»

ІІ-тарау

Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасы.

2. 1. Ресей Федерациясы.

2. 2. Өзбекстан Республикасы.

2. 3. Қырғызстан Республикасы.

ІІІ-тарау

Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен қарым-қатынасы.

3. 1. Германия.

3. 2. Ұлыбритания.

3. 3. Франция.

3. 4. Нидерланды.

3. 5. Польша.

3. 6. Туркия.

ІV-тарау

Қазақстан Республикасының Азия елдері мен және АҚШ пен қарым-қатынасы.

4. 1. Онтүстік Корея Республикасы.

4. 2. Қытай Халық Республикасы.

4. 3. Жапония.

4. 4. Сингапур, Филиппины.

5. 4. АҚШ.

ҚОРЫТЫНДЫ.

1. 1. ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Тоқсаныншы жылдар - қазақ халқының халықаралық істердегі бұрынғы қатынастардың түп - тамырымен қопарыла құлау кезеңі деп айтуға болатындай еді. Жалпы территорияның ішіндегі соғыс, кең ауқымды терроризмнің етек алуына, жаңа «сепаратистік» тажалдардың шектеп шығуындағы асқынған тұсы еді. Кеңес Одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болуда.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары - ақ өзінің сыртқы саясатын тездетіп қалыптастыру қажет болды, әйтпесе, орасан нұқсан келуі мүмкін еді.

Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында шыққан «Қазақстаннның егемендік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. [1. 28 б. ] Біздің еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды ескере отырып, өзінің көп бағытты демографиясын одан әрі жүзеге асыруда. Мұның негізгі мәні - әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері торайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипатындағы қарым - қатынасын дамытуда.

Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өзекті міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Біздің мемлекетіміздің тың сипатын танытуымыз және Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуі қажет болды. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі аса зор бағалануда.

1988 жылдан бастап жалпы мемлекеттік көзқарас түбірімен өзгеріп кетті. Ең алдымен Одақтас республикалардың ролі мен құқығын көтеру, оларға орталық өкілдіктерінің біраз бөлігін беру жөнінде мәселе көтерілді. Республика сыртқы істер министрлігі нығайтылып, Қазақстан сыртқы экономиканың қызметке белсендірек қатыстырылды. [2. 4 б. ]

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жариялағаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз халықаралық қатынастардың дербес тұлғасы ретінде саяси - дипломатиялық тұрғыдан танылуына тікелей көмек көрсетуде. Қазақстан сыртқы саясатының доктриналық негіздері әзірленіп, ұлттық мемлекеттік мүдделерді сыртқы саяси ведомство икемділікпен мақсатты түрде жүзеге асырылуда. Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қарекет қимылы жедел ұлғаю үстінде. Қазіргі таңда Елбасымыздың таңдап, тауып тағайындалған адамдары ойдағыдай басқару үстінде.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым - қатынасының шарттық - құқықтық базасы жасалып және даму үстінде. Ядролық державалар - АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілуде.

Біздің дәуірімізде бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар күш жігерін жұмсау үстінде болды. Осыған орай сыртқы саяси қызметке басымдық берілуде. Сол кездегі әлеуметтік - саяси жағдайға байланысты, сыртқы саяси қызметке болымдық беріліп, дамыту үстінде болды. Егемендік алған жылдары сыртқы істеу министрлігі құру оңай іс болмағаны бәрімізге белгілі. Біздің сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз жұтаң еді, өйткені, ол Кеңес Одағы кезінде дипломатиядан алыс қызметпен шұғылдану да төменгі деңгейде болды. Еліміздегі сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешілуде. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында және шетелдерде жұмыс істеп жүрген Қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси ведомствасына қызметке шақырылғанын айтуымызға болады.

Республикаға он екі жоғары маманданған демократтар келген, солардың бірі - Қасымжомарт Тоқаев - 1994 жылы қазан айынан бастап еліміздің Сыртқы Істер министрі болды.

1992 жылы 2 шілдеде Республикамыздың Президенті жарлығымен «Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі туралы» Ереже қабылданды.

1997 жылы қарашаның 12 - сінде «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктелді:

- Қазақстан Республикасының сыртық саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар жасау;

-дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қозғауды;

-басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси сауда, экономикалық және өзге де мүдделерін қамтамасыз ету, тағы басқалар айтылды.

Қазақстанның стратегиялық шабуыл қару - жарағын шектеу мен қысқарту туралы шартқа, орта және таяу қашықтағы ракеталарды жою туралы шартқа қатысуы, сондай - ақ 1993 жылы желтоқсанда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы - еліміздің әлемдік қауымдастыққа тұтасуының жаңа мүмкіндіктерін ашуда.

Қазақстан өзінің сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы өзара қарым - қатынасына айқын басымдылық берілуде.

Ресей Федерациясымен 25 мамыр 1992 жылы «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» шартқа, 28 наурыз 1994 жылы «Интеграция және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы» шартқа, 20 қазан 1995 жылы «Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы» бірлескен декларацияға қол қойылып, оларда мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт түрде шешу, теңдік және бір - бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, адам құқын жүзеге асыру принциптерін басшылыққа алатындықтарын жариялады.

1994 жылдың қыркүйек айында Алматыда «Евразия кеңістігі: органдастық мүмкіндіктері және олардың жүзеге асуы» деген тақырыпта ғылыми - практикалық конференция өтті. Оған Достастық елдерінің барлығынан мемлекет, қоғам саяси қайраткерлер, ғалымдар, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар өздері қабылдаған қорытынды құжатта: «Мемлекеттердің Еуразия Одағы идеясын және басқа органдастық жобаларын пайдалана отырып, ТМД органдастық мүмкіндіктерін бекіте түсу жолында қадамдар жасауды» ұсынды. Онда тәуелсіз мемлекеттердегі алпыстан астам ұжымдық қатысушылар атынан Қазақ басшысы Н. Назарбаевтың бастамасын қолдау қажеттілігі айтылды: «Бүкіл ТМД бұл қалпында өмір сүре алмайтыны анықталып отыр. Ынтымақтастықтардың жаңа түрлері, экономикалық, қорғаныстық, дипломатиялық, экологиялық жаза шарттар жасауы қажет. » [3. 99 б. ]

Қазақстан Республикасы мен Ресей ұлттық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жеке бастың құқығы мен бостандығын қатаң түрде сақтау, екі ел арасындағы ғылыми, мәдени байланыстарды дамыту атап көрсетілуде. Алдағы уақытта да ұлттық экстремизмнің, сепаратизмнің кез - келген көріністеріне табанды түрде қарсы шығу қажеттілігі аталынуда.

Еліміздің сырттық саяси ведомствасы алдындағы басты міндеттің бірі - Каспий теңізінің құрлықтық мәртебесі (статусы) туралы конвенцияны жасау болып табылады. Мұны Каспий жағалауына қатысты мемлекеттер, яғни Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Иран белгілеуге тиісті болды. Құқықтық мәртебеге: кеме қатынасы, биологиялық және минералдық ресурстарды пайдалану, экология, теңіз деңгейінің көтерілуін қоса алғанда, жағалау бойындағы мемлекеттер юристикциясының шектеуін де белгілеу мәселелерін зерттеу кірді. Каспийді тек бейбіт мақсаттарда ғана пайдалану: осы теңізді бейбітшілік, тату көршілік, достық пеен ынтымақтастық аймағы ретінде сақтау; Каспийге байланысты мәселелердің барлығын бейбіт құралдармен шешу; қоршаған ортаны қорғау және Каспий теңізінің ластануын болдырмау, ресурстарын сақтау, ұдайы өндіріп және оларды тиімді пайдалану; Каспий жағалауы мемлекеттерінің қоршаған ортаға және бір - біріне теңізді пайдалану және оның ресурстарын игеру жөніндегі қызметтінің нәтижесінде келтірген зияны үшін жауапкершілігі; Каспий жағалауы мемлекеттерінің сауда кеме қатынастарының еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету енеді.

Бағдарлама бойынша геофизикалық және геологиялық барлық жұмыстарын, көмірсутегі шикізатының кен орнын игеруді қоса алғанда, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы нақты ұсыныстарымен алмасуда.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасымен қарым - қатынасқа ерекше маңыз берілуде. Екі ел арасында 1992 жылы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндамаға, 1992 жылы 26 ақпанда бірлескен мазмұндамаға, 1993 жылы 18 қазанда бірлескен декларацияға, 1995 жылы 11 қыркүйекте бірлескен декларацияға қол қойылды. Соңғы екеуіне Елбасы Назарбаев пен Қытай Халық Республикасы төрағасы Ц. Цзамин қол қойды. [4. 30 б. ]

Екі жақ өздерінің арасындағы тату көршіліктің ұзақ мерзімді және тұрақты қатынастарын, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту екі елдің және халықтардың түпкілікті мүдделеріне жауап беруде, Азиядағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікті тұрақтылық пен дамуды сақтау мен нығайтуға қолайлы жағдай жасайды; екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық ізгілік және басқа салаларда одан әрі дамуы үшін кең болашақтың мәні зор әлеумет бар деп саналуда.

Екі ел өзара түсіністік пен сенімді нығайтуды, әр түрлі деңгейлерде жан - жақты диалогты қолдауды одан әрі жалғастыратын, жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларының негізінде зиясыздық, тілектестік, өзара мүдделерді ескеру рухында туындаған проблемаларды шешуді одан әрі жалғастыратынын атап көрсетуде.

Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылы 26 сәуірде қол қойылған келісім қатал аталып көрсетілуде. Екі ел консультациялар жолымен өзара төзімділік пен өзара түсіністік рухында, екі жақ үшін қолайлы болатын әділетті де ұстамды шешімді табу үшін тез арада шекараны белгілеу аталынды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай үкіметтер арасында Қытайдың Ляньюьган теңіз портын Оңтүстік - Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта жөнелтілетін Қазақстан жүктерін өңдеу және тасымалдауға пайдалану туралы келісімге қол қойылды.

1995 жылы 15 ақпандағы сыртқы саясаты мәселелеріне арналған алғашқы мәжілісте еліміздің сыртқы саясатының тактикалық және стратегиялық міндеттері белгіленуде. Өткен он алты жылда сыртқы саяси қызметте едәуір алға жылжу болды: инфрақұрылым және шарттық - құқықтық база жасалынуда. Дипломатияны экономикаландыру яғни шетелдік инвестицияны еліміздің экономикасына тарту міндеті бірінші қатарға қойылуда.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарын атады, олар - Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту, дамуымыздың бірден - бір кепілі болып табылатын қоғамдық - саяси тұрақтылықты, азаматтық келісім мен ұлтаралық қауымдастық пен ықпалдастықты күшейтуде.

1996 жылы 11 қыркүйектегі екінші рет өткен Сыртқы істер Министрлігі кеңейтіген мәжілісінде Елбасы Назарбаев дипломатиялық қызмет алдындағы міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, сыртық саясат ведомствасы тек қана сыртық саясаттың елімізге тиімді жүргізілуіне ғана жауап беріп қоймайды, сонымен қатар, ол - барлық халықаралық акциялардың үйлестіруші ролін атқаруға тиіс, дүние жүзіндегі саяси және экономикалық жағдайларды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметі зерттелуінде.

1999 жылы қаңтардың 21 күні Елбасы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының бесінші сессиясында жасаған баяндамасында былай деді: «Өткен сайлаудың екі бірдей ұлттық қатері болды. Біріншісі - ұлттар арасында жік жүруі, екіншісі - ұлттың өз ішінен бөлшектенуі. ХХ ғасыр көптеген жас тәуелсіз мемлекеттер егемендік алғаннан кейін кенет өзара соғыс басталғанын . . . біз тарихтан жақсы білеміз. Тарихтан тағылым алмаған жұрт мұның өтемін өз қолымен төлейді. Біз тәуелсіз де қуатты мемлекетті сақтап қалу тек ұлттық тыныштықты сақтау арқылы ғана мүмкін екенін мойындауға тиіспіз . . . Егер Қазақстанда ұлтаралық қақтығыс шығып, қан төгілетін болса, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы да, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым да, басқалар да ұзақ уақытқа дейін тоқтата алмайды. » [5. 31 б. ]

1998 жылы қыркүйектің 14 - і күні Сыртқы істер министрілігі алқасының үшінші рет өткен кеңейтілген мәжілісіне Елбасы Назарбаев қатысты. Осы аталған мәжілісте Сыртқы Саясат ведомствосының басшысы Қасымжомарт Тоқаев баяндама жасады. Өткен жылдарда Қазақстан мен әлемнің бір - бір елінің арасында қарсыласу болмағандығы аталып көрсетілуде. Елбасы Қазақстан Республикасының Дипломатиясының бұдан былайғы міндеті - экономиканың ойысуына, еліміздің шетел инвестицияларына кең өріс алуға қарай бағдарлауға тиіс екендігі, бұл ретте біздің экономикалық жоспарларды әлемге танытып, көрсете білудің маңызы зор екендігіне көңіл бөлуде.

Елбасы Қазақстаннның сыртқы саясатты қалыптасу кезеңінен ойдағыдай өтіп, жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі ретінде бекіп, кемеліне келіп отырғанын атап өтті.

Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен, ең алдымен Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Одақтастық қарым - қатынастың бекем іргетасы қалануда.

Сонымен бірге, Украинамен, Белоруспен, Кавказ мемлекеттерімен арадағы өзара қарым - қатынастар ерекше қарқын үстінде.

Еуропадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы да Қазақстанды жақсы тани бастауда. Алматыда осы ұйымның аймақтық кеңесін ашу жөнінде шешім қабылдануда. НАТО мен Қазақстан қатынастарында да дұрыс шешім табылуда.

Тоқсан ауыздық тобықтай түйініне келер болсақ, сыртқы саясатты жүргізудің Қазақстан мен оның азаматтары үшін пайдасы ұшан - теңіз екенін тағы да атап өтуге тура келеді. Шындығына келгенде, мұның өзі мемлекеттің тәуелсіздігін мәмлегерлік құралдармен қозғап, нығайтуда. Ал бұл халықаралық қатынастың саласындағы отандық мамандардың кәсіби жасағына сеніп тапсырылуда. Сайып келгенде, бұл ашық аспан, халықтар мен үкіметтердің бір - бірін терең түсінуі, түсініспеуі, мемлекет пен Қазақстан бизнесінің экономикалық мүдделерін сақтап қалуы.

Сонымен, Қазақстан дипломатиясы қалыптасу кезеңін ойдағыдай аяқтап, қазіргі кезде кемеліне келуіне байланысты еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен ролін айқындауына қызмет етуде.

1. 2. «ҚАЗАҚСТАН 2030» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тәуелсіз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының жария етілгеніне биыл 11 жыл толуда.

Адамзат тарихына шаққанда қас - қағым сәт болып есептелінетін осы мерзім ішінде еліміз маңыздылығы жағынан ғасырларға тез келетіндей кезеңдерді басынан өткеріп үлгеруде. Стратегиялық даму бағдарламасы қабылданған сан жылдар көпшілігіміздің есімізде саралануда. Нарықтық экономикаға бет бұрған сәтте ұлттық өндірісіміз дағдарысқа ұшырап, сөйтіп мыңдаған адамдар жұмыстан шеттетіліп, олар шарасыздықтың күйін кешуге мәжбүр болды.

«Халқыңыз молшылықта болса - Сіз неден таршылық көресіз?» деп Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций айтқандай, неғұрлым кең мағынасында алғанда, үкіметтің кез келген әрекетінің әлеуметтік, яғни қоғамдық маңызы бар екендігінде.

Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген деректерінде Қазақстан халқының 40 % жуығы кедейшілік шегінде өмір сүруде. Оның ішінде, ауыл халқының 70-80 пайызы кедей. [6. 22 б. ]

Бүгінгі күні Қазақстанның стратегиялық дамуын айқындап берген басты құжаттың негізгі негізгі бағыттары біртіндеп және өз ретімен жүзеге асырылуда. Осы аталған «Қазақстан 2030» стратегиясы «Қазақстанның миссиясы» ашылып көрсетілуде. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі, жоғарғы деңгейдегі шет елдік инвестициялары бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және игілігі, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, транспорт және байланыс; негізгі қызметтеріне дейін шектелген кәсіптік мемлекет құру шарты «ұзақ мерзімді басым шарттары айтылуда. Олар елдің толық көлемді, кешенді және жүйелі дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Олардың ерекшелігі сонда, яғни әрбір басымдылық нақты және ерекше міндеттерді шеше отырып басқару, іске асыруды қамтамасыз етуде негізге алынған көзқарастардың кемелдігі мен жүйелілігі осында болып табылуда».

«Стратегия 2030» - бұл күрделі және көп деңгейлі жұмыстың, дүниежүзілік экономиканың теориясы мен іс - тәжірибесіне терең талдау жасаудың, тақырыптық, салалық және индикативтік жоспарлардың, математикалық және экономикалық себептердің, көптеген елдер бойынша қаншама сапарлардың және танымал зерттеулер мен пікірталастардың нәтижесі деп бағалануда. Стратегияны жасауға халықаралық ұйымдар, бәрінен бұрын БҰҰ үлкен көмек көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің әрекеттері бағдарламасында алға қойылған мақсаттар мен басты міндеттерді сараптауға бағытталған негізгі шаралардың кешені көрсетілген.

  1. Ұлттық қауіпсіздік. Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері мемлекеттің егемендік пен территориялық тұтастығын нығайту. Орта Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтау және алмасымда, көп тармақты сыртқы саяси курсты жүргізу арқылы Қазақстанның айналасындағы бейбітшілік белдеуін кеңейте түсу болып табылады. [7. 153 б. ]

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталып тұрғанына куә болудамыз. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыруда.

Қазіргі таңда қауіпсіздіктің болымдығы анық: Егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз болар еді.

Қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету үшін күшті мемлекет болуға және көрші мемлекеттермен берік және достық қарым - қатынаста болуда. Сондықтан да ең жақын және тарихи достас көрші Ресеймен арадағы қатынас дамуда. ҚХР - мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастар жалғасуда.

Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстары мен интеграциялық процесстерді күшейте түсуде.

Үкіметтің саясаты ұлттық мүдделерді сақтауға және қорғауға бағытталуда. Ұлттық қауіпсіздіктің геосаяси, экономикалық, әскери және ақпараттық аспектілерін нығайту жөніндегі шараны қазіргі әлемнің өмір шындығына аса жақын болуда.

  1. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру. Ішкі саяси тұрақтылықты ұстап тұру кез - келген мемлекеттің стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылуда, бұл біздің елімізде де ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараның кешенін жасап, жүзеге асырудың қажеттілігін талап етуде.

Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы стратегияның мынадай құрамдас бөліктері бар:

-Еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің тездігіне негізделген бірыңғай азаматтығымызды дамытатынымызға кепілдік беру;

-Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының тез болуын қамтамасыз ету;

-Қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айрмашылықты азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;

-Өтпелі және кейінгі кезеңдердегі пайда болатын әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;

-Ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да, қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;

-Адамдар арасындағы қарым - қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;

-Әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым - қатынастарды нығайту;

  1. Экономикалық өрлеу. Экономикалық өрлеу стратегиясы нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді роліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделуде. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежеулі мемлекеттің ролін қай құрастыруды талап етуде.

Қазіргі әлемде реттелмейтін, еркін рыногы бар ел аз. 1993 жылдың соңында Москвада басылып шыққан кітабында Қазақстан көсемі Н. Назарбаев - «Кейбір экономистер реттелмелі рыноктан нарықтық қатынастар принципінен ауытқушылықты көреді», - деген еді. [8. 283 б. ] . Әйтсе де, «еркін рынок» және «стихиялық рынок» категорияларының арасында лан айырма бар «Стихиялық пен юолжамсыздық тән рынок - дамыған капиталистік елдердің баяғыда өтіп кеткен сатысы» - деп жазды Н. Назарбаев [9. 283 б. ]

Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі:

- Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға;

-Жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорныдар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;

-Орталық Үкіметті және түпкілікті өкімет органдарын парасатты ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың ролін, өкілеттігі мен жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізуге;

-Заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше, билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек. -Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы тұрақтандыру болуды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Қоғаммен байланыс бөлімінің маңызы
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта ден қоятын басымдылықтары
Әлеуметтік функция
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz