Жүйені тексеруге қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

ТІЛ КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

БЕКІТЕМІН
Тіл комитеті төрағасы
____________ Е.З.Қажыбек
_________________2007 г.

БЕКІТЕМІН
Абай атындағы ҚазҰПУ
ректоры т.ғ.д., профессор
_____________ Т.С. Садықов
_________________2007г.

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛДІК ЖАҒДАЙҒА МОНИТОРИНГ ПЕН САРАПТАМА
ЖҮРГІЗЕТІН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ ЖӘНЕ ЕНДІРУ
(ЖАРТЫЛАЙ ТАПСЫРМА)
бет
_____________2007ж қолданылады

Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ

1
ТІЛ КОМИТЕТІ 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ 1
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА 1
Алматы, 2007 1
2
1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР 5
Жүйенің толық аты және оның шартты белгіленуі 5
Құрастырылатын жүйені шартты түрде белгілеу: ҚР ТЖМСЖАЖЖЕ ; Жүйе.
5
Тақырып шифры немесе келісім-шарт шифры 5
Орындаушы мекеменің (ұйымның) және жүйеге тапсырыс берушінің аты және
олардың реквизиттері 5
Негізінде жүйе құрылатын құжаттар тізімі, бұл құжаттарды кім берді және
қашан берді: 5
Жүйені құру бойынша басталу және аяқталу жоспарлық мерзімдер: 5
Жұмыс мерзімі: 01.05.2007жылдан 31.12.2007 жылға дейін 5
Деректер көзі және қаржыландырылатын жұмыстар тізімі: 5
Республикалық, жергілікті бюджеттер 5
2. ЖҮЙЕНІ ҚҰРУДЫҢ (ДАМЫТУДЫҢ) МАҚСАТЫ МЕН ТАҒАЙЫНДАЛУЫ 6
2.1 Жүйені тағайындау 6
2.2 Жүйені құру мақсаты 6
3. АВТОМАТТАНДЫРЫЛАТЫН ОБЪЕКТІЛЕРГЕ СИПАТТАМА 12
3.1 Технологиялық үрдістің немесе өндірістің қысқаша сипатталуы 12
3.2 Технологиялық үрдіс немесе өндірістің сипаттамасы 13
3.3. Практика басқармасында шешілетін функциялар және есептер туралы
мәліметтер 14
3.4 Тексеру және басқару практикасы туралы мағлұматтар. 14
3.5 Ақпараттық және математикалық әдіс-тәсілдер туралық мағлұмат, олардың
практикада қолданылуы 15
3.6 Басқару практикасындағы артықшылықтар мен кемшіліктер 17
3.7 Нысананы автоматтандыруды пайдалану шарттары және қоршаған орта туралы
мағлұматтар 18
3.8 Ұсынылатын жүйенің техникалық, ақпараттық және математикалық
қамсыздануының құрылымы 18
4 ЖҮЙЕГЕ ҚОЙЫЛАЫН ТАЛАПТАР 19
4.1 Толық жүйеге қойылатын талаптар 19
4.1.1 Жүйенің құрылымына және қызметіне қойылатын талаптар 20
4.1.1.1 Ішкі жүйелердің тізімі, олардың негіз сипаттамалары 20
4.1.1.2 Иерархия санына қойылатын талаптар 21
4.1.1.3 Жүйенің компоненттері(модульдері) арасында ақпараттарды алмастыру
құрылғыларына және әдіс-тәсілдеріне қойылатын талаптар 21
4.1.1.4 Аралас жүйелер арқылы құрылатын өзара байланыс Жүйесіне қойылатын
талаптар 21
4.1.1.5 Жүйенің қызмет көрсету режимдеріне қойылатын талаптар 21
4.1.1.6 Жүйені тексеруге қойылатын талаптар 21
4.1.1.7 Жүйені модернизациялау, даму перспективалары 21
4.1.2 Жүйе персоналының квалификациясының санына және оның жұмыс режиміне
қойылатын талаптар 21
4.1.2.1 Персоналдардың санына қойылатын талаптар 21
4.1.2.2 Персонал квалификациясының дайындығы, оның білім деңгейіне және
машықтығына қойылатын талаптар. 21
4.1.2.3 Жүйеге қызмет көрсететін персоналға қойылатын талап 21
4.1.3 Жүйенің негізгі тағайындалған көрсеткіштеріне қойылатын талаптар 21
4.1.3.1 Жалпы қойылатын талаптар 21
4.1.3.2 Сараптама үрдісінің коммуникациялық қамсыздандыруына қойылатын
талаптар 21
4.1.3.3 Жүйенің үрдістердің және басқару әдістерінің өзгеруіне байланысты
икемділікке қойылатын талаптар 21
4.1.3.4 Жүйенің автоматтандыру нысандарының параметрлері ауытқу деңгейінің
төзімділігіне қойылатын талаптар. 21
4.1.3.5 Жүйені дамыту және модернизациялаудың мүмкіндігіне қойылатын
талаптар 21
4.1.3.6 Жүйенің мақсаттық тағайындалуы сақталатын уақытша-ықтималды
сипататмалар 21
4.1.4 Сенімділіккке қойылатын талаптар 21
4.1.4.1 Толық жүйе үшін немесе оның ішкі жүйелеріне сенімділік
көрсеткіштерінің сандық мәні және құрамы 21
4.1.4.2 Апат жағдайларының тізімі, апат жағдайында сенімділікке талаптардың
регламентациялануы 21
4.1.4.3 Нормативті-анықтамалық ақпаратпен(НАА) қамтамасыз етілуіне
қойылатын талаптар 21
4.1.4.4 Жүйені құруда әр түрлі деңгейлерде сенімділік көрсеткіштерін
бағалауға араналған талаптар 22
4.1.5 Қауіпсіздікке қойылатын талаптар 22
4.1.6 Эксплуатация және техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сақтауға
қойылатын талаптар 22
4.1.6.1 Техникалық құрылғыларды эксплуатация жасау регламенті және шарты.
22
4.1.6.2 Жіберілетін аудандаға алдын-ала қойылатын талаптар 22
4.1.6.3 Қордағы приборлар мен заттар құрамын, оларды қою және сақтауға
қойылатын талаптар 22
4.1.6.4 Қызмет көрсету регламентіне қойылатын талаптар 22
4.1.6.5 Жүйенің серверлік орындарында жұмыспен қамтамасыз етуге қойылатын
талаптар 22
4.1.7 Ээргономике және техникалық эстетикаға қойылатын талаптар. 22
Мәтіндік материалдарға қойылатын талаптар 22
4.1.8 Тасымалдауға қойылатын талаптар 22
4.1.9 Ақапататарды санкционерлік емес кіруден сақтацға қойылатын талаптар
22
4.1.10 Ақапаттардың сақталуына қойылатын талаптар 22
4.1.11 Апат және ауытқу болғанда ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар 22
4.1.11.1Қорғаудың техникалық(аппаратты-бағдарламалық) құралдарының кешені
22
4.1.12 Патентті тазалыққа қойылатын талаптар 22
4.1.13 Стандартизацияларға және унификацияларға қойылатын талаптар 22
4.2 Жүйе орындайтын қызметтерге қойылатын талаптар 22
4.2.1 Ішкі жүйе қызметтеріне қойылатын талаптар 22
4.2.2 Идентификация және қауіпсіздік ішкі жүйесінің қызметтеріне
қойылатын талаптар 23
4.2.3 Іздеу және навигация ішкі жүйесінің қызметтеріне қойылатын талаптар
23
4.2.4 Контентті басқару ішкі жүйесінің қызметтеріне қойылатын талаптар
23
4.3 Қамсыздандыру түрлеріне қойылатын талаптар 23
4.3.1 Математикалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 23
4.3.2 Лингвистикалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 23
4.3.2.1 Жоғарғы дәрежелі тілдерді қолдануға қойылатын талаптар 23
4.3.2.2 Мәліметерді шығару-енгізу тілдеріне қойылатын талаптар 23
4.3.2.3 Басқарылатын мәліметтер тіліне қойылатын талаптар 23
4.3.2.4 Мәліметтерді кодтау және декодтауға қойылатын талаптар 23
4.3.2.5 Пәндік аймақта(Автоматтандыру аймағында) сипаттау құралдарына
қойылатын талаптар 23
4.3.2.6 Қолданушымен сұхбаттасуды ұйымдастыруға арналған талаптар 23
4.3.3 Программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 23
4.3.3.1 Қолданбалы програмалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 23
4.3.3.2 Ұсталатын стандарттарға қойылатын талаптар 23
4.3.3.3 Қолданбалы программалық қамсызданыдыруға қойылатан техникалық
талаптар 23
4.3.3.4 Өңдеу ортасына қойылатын талаптар 23
4.3.3.5 Жүйелік прогрммалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 23
4.3.3.6 Мәліметтер қорын басқаруға Жүйесіне қойылатын талаптар 23
4.3.4 Техникалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 23
4.3.4.1 Жалпы талаптар 23
4.3.4.2 Серверлік құрылғыларға аппатарттық талаптар 23
4.3.4.3 Активті және пассивті тораптық құрылғыларға қойылатын талаптар 23
4.3.4.4 Үздіксіз қоректендіру құрылғыларына қойылатын талаптар 23
4.3.4.5 Серверлермен консольдік басқаруға техникалық сипаттама 23
4.3.4.6 rack-mount құрылғылары үшін аппатарттық шкаф сипаттамасы 23
4.3.4.7 Административтік персонал үшін жұмыс станцияларына қойылатын
талаптар 23
4.3.4.8 Қосымша компоненттер 24
4.3.5 Ұйымдастыруды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 24
4.3.6 Әдістемелік қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 24
4.3.7 Ақпараттық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 24
5 ЖҮЙЕНІ ҚҰРУДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ 24
5.1. Жүйені қабылдау-тапсыруды бақылау 24
5.2 Жүйедегі қателітерге байланысты программалық өнімдерге түзетулер енгізу
24
5.3 Тестілеу 24
6 ЖҮЙЕНІ ҚАБЫЛДАУДЫ БАҚЫЛАУ РЕТІ 24
6.1 Тестілеу процедуралары және сапаны бақылау 24
6.2 Жұмыстарлы қабылдаудағы жалпы қойылатын талаптар 24
6.3 Қабылдау комиссиясының статусы 24
7 РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ТАПСЫРЫС БЕРУШІГЕ ҰСЫНУ РЕТІ 25
8 ОБЪЕКТІНІ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ, ЖҮЙЕНІ ІСКЕ ҚОСУ 26
9 ҚҰЖАТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 26
9.1 Жобалық құжаттамаларға қойылатын талаптар 26
9.2 Ішкі жүйелерге қойылатын талаптар 26
9.3 Баспалық құжаттар 26
10 ӨҢДЕУ БАСТАМАЛАРЫ 27
ҚОСЫМШАЛАР 28
ҚОСЫМША А. ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМША Б. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМША В. КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР 30

1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

Жүйенің толық аты және оның шартты белгіленуі

Қазақстан Республикасында тілдік жағдайға мониторинг пен сараптама
жүргізетін автоматтандырылған жүйесін жасау және ендіру
Құрастырылатын жүйені шартты түрде белгілеу: ҚР ТЖМСЖАЖЖЕ ; Жүйе.

Тақырып шифры немесе келісім-шарт шифры

-

Орындаушы мекеменің (ұйымның) және жүйеге тапсырыс берушінің аты және
олардың реквизиттері

Тапсырыс беруші: Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті (ары
қарай МАМ ТК)
Орындаушы: ДГП Оқытуды ақпараттандыру институты РММ Абай атындағы
Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Негізінде жүйе құрылатын құжаттар тізімі, бұл құжаттарды кім берді және
қашан берді:

– Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасы, І бөлім,
Конститутциялық құрылым негіздері, 10бап,2007ж.
– Қазақстан Республикасының тіл саясатының негізгі нормативтік
құқықтық құжаттары – Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы Заңы және Қазақстан Республикасы
Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанда №550 Жарлығымен бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
– Тіл туралы Заңның баптарының арасынан бүгінгі таңда орындалуы кенже
қалып тұрған екі бапты таңдап алсақ – олар, 20-шы бап және 16-баптың
2-бөлігі.
– ҚР СТ 34.015-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған
жүйедегі стандарттарының кешені. Автоматтандырылған жүйені құруға
техникалық тапсырмалар стандарты.

Жүйені құру бойынша басталу және аяқталу жоспарлық мерзімдер:

Жұмыс мерзімі: 01.05.2007жылдан 31.12.2007 жылға дейін

Деректер көзі және қаржыландырылатын жұмыстар тізімі:

Республикалық, жергілікті бюджеттер

2. ЖҮЙЕНІ ҚҰРУДЫҢ (ДАМЫТУДЫҢ) МАҚСАТЫ МЕН ТАҒАЙЫНДАЛУЫ

2.1 Жүйені тағайындау

Халқымыздың барлық азаматтары үшін басты мәселе – ұлты, ұлтының тілі,
мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, бір сөзбен айтқанда, ұлттық
құндылықтары, бұл құндылықтардың дамуы мен өркендеуі келешекте мемлекеттік
біртұтастықты күшейтудің басты шарттарының бірі екені даусыз. Сондықтан
мемлекетіміз үшін мемлекеттік тіл – қазақ тілі ұлтымыздың мәдени, рухани
бірлігінің даму көрсеткіші болуға тиіс.
Тіл ахуалын жаңа заман талабына сай автоматтандырылған жүйемен
мониторинг жасау арқылы елдегі барлық сала бойынша тіл мәселесінің қандай
деңгейде екеніне талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасында тілдік
жағдайға мониториг пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйесін
жасау және ендіру жобасын қолға алдық. Өткен оқиғаларды сараптап,
болашаққа нық жоспар құруда шынайы мониторинг жасаудың маңызы зор. Бұл
жүйедегі сараптама гарвардтың стандарттық мониторинг негізінде жасалған.
Жасалып жатқан жүйе Қазақстан Республикасындағы тіл ахуалының жай-
күйін анықтау және баға беру болып табылады : (әр түрлі жұмыс салаларының
ұйымдарының аудандары масштабында, облыс, қала ) әр түрлі деңгейлерге
өткізілетін мониторинг зерттеулерінің нәтижелері бойынша игеру және
тілдердің қолданылуындағы күйді зерттеу және оның үрдісін анықтауды талап
етеді.
Жұмыста басты жасалатын нәрселер:
- Қазақстан Республикасында тілдік жағдайға мониторинг пен
сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйесін жасау;
- әр түрлі деңгейлерге өткізілетін мониторинг зерттеулерінің
нәтижелері бойынша игеру және тілдердің қолданылуындағы күйді
зерттеу және оның үрдісін анықтау;
- жаңа статистикалық көрсеткіштер және әр түрлі деңгейлерге
арналған индикаторларды өңдеу және енгізу;
Бұл есепте Қазақстан Республикасындағы тіл ахуалының жай-күйін анықтау
және баға беруге арналған автоматтандырылған жүйесі сипатталады. Есептің
негізгі бөлігі төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім СТ РК34.015-2002
стандартына сәйкес Жүйеге қатысты техникалық тапсырма жасау деп аталады.
Екінші бөлім Жүйенің орталық сервермен және клиент қосымшаларының
арасындағы өзара әрекеттесуінің интерфейстерін жасау деп аталады. Бұл
бөлімде жүйенің өзара әрекеттесуі баяндалады. Жүйенің сервистерін жасау
аталған үшінші бөлімде жүйеге қатысты сервистер сипатталады. Төртінші бөлім
Сынау стендтерін дайындау және демонстрациялар өткізу деп аталады.
Бұл құрылған жүйе Қазақстанның басты қалаларындағы тіл ахуалын
анализдеу үшін және жинақталған мәліметтер қорымен әр түрлі параметрлер
бойынша сүзу, іздеу, сұрыптау және т.б. операцияларды жасап, алынған сандық
нәтижеге математикалық, статистикалық талдау жасап, диаграммалар,
гистограммлар және т.б. түрінде бейнелеп, әр сала бойынша мемлекеттік тілді
оқыту стандартын өңдеуге ұсыныс жасалады.

2.2 Жүйені құру мақсаты

Қазақстан Республикасындағы тіл ахуалының жағдайын төмендегі
келтірілген жолдармен анықтау және бағалау Қазақстан Республикасы
территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының
автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі - жүйе) жасаудың және енгізудің
мақсаты болып табылады:

▪ Әр түрлі деңгейлерде (әр түрлі қызмет салаларының аудан, облыс,
қала көлеміндегі ұжымдар) өткізілетін мониторингілік зерттеулердің
нәтижелері бойынша тілдерді игерудегі және пайдаланудағы жағдайдың
және тенденцияның талдауы.
Әр түрлі деңгейлердегі (ұжым, аудан, қала) мониторингілер жүргізудің
әдіснамасы анықталады, тапсырыс берушімен бірге тілдерді игеру және
пайдалану критерийлері жасалады және келісіледі. Нәтижелері бойынша
тілдерді игерудегі және пайдаланудағы жағдайдың және тенденцияның талдауы
құрылатын on-line және off-line режимдеріндегі мониторингілік зерттеулер
жүргізіледі. Талдау жүргізген кезде статистикалық бағалар, SWOT талдау,
FMEA талдау, сараптамалық бағалар, сапа аспаптары, құжаттама және
мәліметтер талдауы пайдаланылады.

▪ Әр түрлі деңгейлер үшін жаңа статистикалық көрсеткіштерді және
индикаторларды жасау және енгізу жолдарымен тілдердің қызмет атқару
жағдайының бағасы бойынша жаңа аспаптар жинағын құру.
Әр түрлі деңгейлер (тіл хабардарлығының өсу динамикасы, үнемі жақсару
бағасы, біліктілікті арттыру, басқа елдердің азаматтарын – тіл тасушыларды
қатыстыру, іс шараларын үйрену бағасы, тіл хабардарлығын қалыптастыру
үрдісінің ұжымдарын қаржылау бағасы, базалық тіл хабардарлығының қалыптасу
деңгейін анықтау және т.т.) үшін жаңа статистикалық көрсеткіштерді және
индикаторларды жасау және енгізу жолдарымен тілдердің қызмет атқару
жағдайының бағасы бойынша жаңа аспаптар жинағы құрылады.

▪ Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілде
коммуникативті хабардарлығын қалыптастырудың жағдай және тенденция
талдауы.
Әр түрлі деңгейлер үшін жаңа статистикалық көрсеткіштерді және
индикаторларды өңдеу жолымен тілдердің қызмет атқару жағдайының бағасы
бойынша жаңа аспаптар жинағы негізінде және мемлекеттік тілдегі
коммуникативтілік хабардарлықтың моделін құру негізінде оның (Қазақстан
Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілдегі коммуникативтілік
хабардарлығы) қалыптасуының жағдай және тенденция талдауы жүргізіледі.

▪ Қазақстан Республикасында тіл ахуалын мониторингілеу бойынша
әдістемелік ұсыныстарды дайындау.
Қазақстан Республикасында тіл ахуалын мониторингілеу бойынша жалпы
беті 10 б.б. - кем болмайтындай әдістемелік ұсыныстар дайындалады.

▪ Қазақстан Республикасындағы тіл ахуалы мониторингісін қамту
мүмкіндігін жүзеге асыратын программалық жасақтауды жазу.
Қазақстан Республикасындағы тіл ахуалы мониторингісін қамту
мүмкіндігін жүзеге асыратын, тілдердің қызмет атқару жағдайының бағасы
бойынша жаңа аспаптар жинағы негізінде әр түрлі деңгейлерде (ұжым, аудан,
қала) мониторингілік зерттеу жүргізудің әдіснамасын жүзеге асыратын
программалық жасақтау жазылады,

▪ 2007 жыл бойынша Қазақстан Республикасының тіл ахуалы туралы
жасалатын баяндамаға статистикалық материалдардың дайындығы.
Тілдердің қызмет атқару жағдайының бағасы, Қазақстан Республикасы
азаматтарының мемлекеттік тілдегі коммуникативтілік хабардарлығы, Қазақстан
Республикасында тіл ахуалын дамыту тенденциясы бөлімдері бойынша 2007 жылға
Қазақстан Республикасының тіл ахуалы туралы жасалатын баяндамаға
статистикалық материалдар дайындалады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және
мазмұны тапсырыс берушімен келісіледі.

Негізгі функционалдық талаптар :
– Жабдықтаушы тапсырыс берушімен келісе отырып әр түрлі деңгейлер
бойынша Жүйе үшін статистикалық көрсеткіштердің және индикаторлардың
стандарттар жүйесін жасауға міндетті.
– Жабдықтаушы тапсырыс берушімен келісе отырып, жаңа статистикалық
көрсеткіштер және индикаторлар негізінде әр түрлі деңгейлер бойынша
статистикалық көрсеткіштердің және индикаторлардың стандарттар жүйесін
жасайды. Стандарттарды жасау бойынша мамандар қатыстырылады.

– Жабдықтаушы Жүйені көрнекті түрде көрсету мақсатында дайындықты
өзінің жеке құрал-сайманында қамтып, сынау қалқандарын (стендтерін)
орнатуға міндетті.
– Жүйенің жұмысын толығымен көрнекті түрде көрсететін, сондай-ақ,
тілдің қызмет атқару бағасының жаңа аспаптар жинағын көрнекті
көрсететін презентациялар дайындалады. Жабдықтаушы көрнекті түрде
көрсетуге қажетті құрал-сайманмен (проектор, экран, ноутбук және т.б.)
қамтамасыз етеді .

ҚР СТ 34.015-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйедегі
стандарттарының кешені. Автоматтандырылған жүйені құруға техникалық
тапсырмалар стандартына сәйкес дербес техникалық тапсырма шеңберінде
Жүйені (мемлекеттік тілде) құруға Тапсырыс берушімен толық техникалық
талаптарды жазу және келісу.
ҚР СТ 34.015-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйедегі
стандарттарының кешені. Автоматтандырылған жүйені құруға техникалық
тапсырмалар стандартына сәйкес Тапсырыс берушімен бірге Жүйенің
тағайындалуын, Жүйенің қызмет атқару мүмкіндіктерін, Жүйенің құрылымын,
Жүйені жазу үшін пайдаланылатын техникалық орталар сипатталатын дербес
техникалық тапсырмалар жазылады және келісіледі.

Жүйенің бағдарланған архитектуралы сервисі болуы керек :
– орталық сервер
– клиент қосымшалары
– орталық сервермен клиент қосымшаларының арасындағы өзара әрекеттесуі
сервистер арқылы іске асырылу керек.
Жүйе IBM ұйымы жазған сервис-бағдарланған архитектураға (SOA) сәйкес
жасалады. Ол:
– жазылған кодты (WEB-сервистері) қайта-қайта пайдалануға;
– Жүйені бар жүйелермен интегралдауға;
– әр түрлі компоненттердің кросс-платформалық өз ара әсерлесуін іске
асыруға;
– WSDL (Web Services Description Language) веб-сервисінің сипаттаудың
бірыңғайланған тілін, XML (Extensible Markup Language) белгісінің
кеңейтілетін тілін, жоғары деңгейлі Java2 Enterprise Edition
платформалық тәуелсіз тілді пайдалану
– мүмкіндіктерін береді.

Жобалау сатыларында клиенттік және серверлік бөліктердің өзара әрекеттесу
интерфейстерін әбден талқылау керек.
Жүзеге асырылмастан бұрын Жүйе UML (Unified Model Language) модельдеудің
бірыңғай тілін пайдаланып толық жобалау іске асырылады. Жүйе моделінде:
– Жүйенің негізгі компоненттерімен (сервистер, ПЖ және т.б.);
– Жүйенің негізгі компоненттерінің интерфейстерімен;
– Жүйенің компоненттерінің жиынтық ретінде де, бөлек компоненттер
ретінде де өз ара әрекеттесуімен;
– жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жобалау паттерндерімен;
– класстар иерархиясымен
– сипатталады.
– Жобалау сатыларында қазіргі технологиялық әдістер және Жүйені жүзеге
асыру шешімдері анықталады.
Арнайы программалық жасақтаудың пайдаланушы интерфейсі (бұдан әрі -
ПЖ) мемлекеттік тілде жасалуы керек.
Жүйенің пайдаланушы интерфейсі толығымен мемлекеттік тілде беріледі.
Пайдаланушы интерфейсті мемлекеттік тілде жасаған кезде техникалық
мәтіндерді, құжаттамаларды, программалық жасақтауды пайдаланушының өз ара
әрекеттесу интерфейстерін мемлекеттік тілде жазу тәжірибесі бар мамандар
қатыстырылады. Жүйенің пайдаланушы интерфейсі мемлекеттік тілдің стандартты
кодтамасын пайдаланып жазылады.

Орталық сервердің қосымшасы J2EE жәненемесе .NET технологиясына
негізделуі керек.
Жүйенің орталық серверінің қосымшалары, компоненттері, сервистері
платформалы тәуелсіз болатын, масштабталатын, вев-қосымшаларды жасағанда
алдыңғы қатарлы болатын, сондай-ақ, сервис-бағдарланған архитектураны
жүзеге асырғанда пайдаланатын Java2 Enterprise Edition технологиясы
пайдаланылып жасалынады. Сонымен қатар, қажет болған кезде жүйенің қандай
да бір компоненттерін жүзеге асыру үшін .NET технологиясы пайдаланылады.

Мәліметтер қорының басқару жүйесі (бұдан әрі - МҚБЖ) ретінде
пайдаланушы XML пішімінде мәліметтерді сақтау және олар бойынша индекстеу
мүмкіндігі бар өндірістік реляциялық МҚБЖ пайдалануы керек.
Мәліметтер қорының басқару жүйесі (МҚБЖ) ретінде қазіргі үлкен
интеграциялық жүйелердің барлық талаптарына жауап беретін IBM DB2 UDB МҚБЖ
пайдаланылатын болады. IBM DB2 UDB процедуралар, триггерлер, индекстер
сақталатын кесте құру, бинарлық үлкен объектті сақтау, мәліметтердің жаңа
типтерін құру және сақтау, XML (XML құжаттарын және XML сұлбаларын сақтау,
оқу, редакциялау) пішімін қолдау мүмкіндігі бар реляциялық МҚБЖ болып
табылады. Сонымен қатар, IBM DB2 UDB платформалы тәуелсіз, масштабталатын
мәліметтерді сақтаудың орнықты жүйесі болып табылады.

Жүйенің орталық сервері келесі сервистерді беру керек:
– Жүйеге авторластырылған қатынау (рұқсатсыз қатынаудан қорғау);
– Мәліметтердің қисындылығына пішімді-логикалық бақылау жүргізілген
ақпаратты қабылдау;
– Сұранатын ақпаратты дайындау және шығару (клиенттік қосымшалар, есеп
генераторы және т.б. үшін).
– Жүйенің орталық сервері келесі сервистерді береді:
– Жүйеге авторластырылған қатынау сервисі
– есеп жазбасын, парольді, мүмкін болатын қауіпсіздік шарасын тексере
отырып Жүйеге кіруге;
– Жүйеге көппайдаланушылық қашықтан қатынауды қамтамасыздандыруды;
– ақпаратқа қатынау құқығының қауіпсіздігін және шек қоюын
қамтамасыздандыруды
– қамтиды.

Мәліметтерді жинау сервисі
Жүйе Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының жағдайы
туралы алғашқы мәліметтерді орталықтандырылған жинақтауды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін технологиялық және программалық ортаның жиынын береді.

Территориялық үлестірілген объектілердің берілген сандары бойынша
алғашқы мәліметтерді жинау үрдісін автоматтандыру;
жинау сатысында енгізілетін мәліметтердің қисындылығын алдын ала бақылауды
қамтамасыз ету – Жүйенің негізгі функциялары болып табылады.

Мәліметтерді алғашқы өңдеу және сақтау сервисі
- Жүйе мәліметтерді алғашқы рет өңдеуді автоматтандыру және сақтау кезінде
мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етуге арналған.
әр түрлі уақытша аралықтарда үлкен көлемді мәліметтерді сақтауда тұтастығын
қамтамасыз ету - Жүйенің негізгі функциялары болып табылады.

Аналитикалық ақпаратты беру сервисі
Аналитикалық ақпаратты беру сервисі ұжым (мысалы, тіл бойынша аймақтық
комитет) шеңберінде басқаратын шешімді қабылдауды ақпараттық қолдауға
арналған, және келесі функционалды қамтиды:
статистикалық мәліметтерді оперативті түрде сараптауды жүргізу мүмкіндігі;
жинақталған мәліметтер негізінде әр түрлі көрсеткіштер бойынша аналитикалық
есептерді қалыптастыру;
территориялық үлестірілген объектілер бойынша көрсеткіштерді картографиялық
көрсетушілік.

Сервистерге қатынаушылық приоритет бойынша болу керек.
Жүйенің беріп отырған сервистері қатынау құқығы бойынша шектелген болады.

Клиент қосымшаларының пайдаланушы интерфейсі мемлекеттік тілде жасалуы
керек.
Клиент қосымшаларының пайдаланушы интерфейсі толығымен мемлекеттік тілде
беріледі. Пайдаланушы интерфейсті мемлекеттік тілде жасаған кезде
техникалық мәтіндерді, құжаттамаларды, программалық жасақтауды
пайдаланушының өз ара әрекеттесу интерфейстерін мемлекеттік тілде жазу
тәжірибесі бар мамандар қатыстырылады. Клиент қосымшаларының пайдаланушы
интерфейсі мемлекеттік тілдің стандартты кодтамасын пайдаланып жасалады.

Клиенттік қосымшалар J2EE жәненемесе .NET технологиясына негізделуі керек.
Клиенттік қосымшалар Java2 Enterprise Edition технологиясын, жәненемесе
қажет болғанда .NET технологиясын пайдаланып жасалынады.

Клиенттік қосымшалар:
Мәліметтерді Орталық серверге жіберуді;
Орталық серверден алынған мәліметтерді алу және шығаруды
қамтамасыз ету керек
Клиенттік қосымшалар Интернет желісі бойынша әр түрлі деңгейдегі (әр түрлі
қызмет салаларының аудан, облыс, қала көлеміндегі ұжымдар) тіл ахуалы
туралы статистикалық мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етеді. Клиенттік
қосымшалар статистикалық мәліметтерді, есептерді және т.т. приоритет
бойынша алуды, шығаруды қамтамасыз етеді.

Клиенттік қосымшалар ретінде
Интернет браузерді;
мәліметтерді сақтаудың бар жүйесінен Орталық серверге мәліметтерді жіберуді
ұйымдастыратын адаптерді
қарастыруға болады.
Клиенттік қосымшалар ретінде шебер клиент (Интернет браузер) немесе рич
клиент (ҚР тіл ахуалы туралы мәліметтерді жинау жүйесімен арнайы
біріктірілген программалық жасақтау. Әр түрлі деңгейдегі бар жүйелер
біріктірілу мүмкіндігін беру керек) болуы мүмкін.

Жабдықтаушы мәліметтерді қорғау және программалық жасақтау механизмдерін
жасау керек.
Мәліметтерді қорғаудың келесі механизмдері пайдаланылады:
пайдаланушыларды авторластыру;
мәліметтерге қатыныу құқығына шек қою;
қорғалған хаттама бойынша мәліметтерді қорғау.

Жабдықтаушы приоритет бойынша барлық пайдаланушылар үшін Жүйеге
қатынауды ұйымдастыру керек.
Жүйеде Тапсырыс берушінің келісімімен приоритет бойынша пайдаланушылардың
қатынау құқығы пайдаланылады. Бірдей приоритеттері бар пайдаланушылар тобы
құрылады.

Жабдықтаушы Жүйенің Орталық серверінің ПЖ (1 бірлік) және қлиенттер
қосымшасының ПЖ (16 бірлікке дейін) орнату керек.
Тапсырыс берушінің Орталық серверінде жасалынған Қазақстан Республикасы
территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының автоматтандырылған
жүйесі Жүйесі 1 дана мөлшерінде орнатылады ҚР тіл ахуалы туралы
мәліметтерді жинақтау жүйесі бар, және клиенттік қосымшалардың ПЖ (рич-
клиент) біріктіру мүмкіндігі бар аймақтық орталықтарда клиенттік
қосымшалардың ПЖ (16 данаға дейін) орнатылады.

Жабдықтаушы Орталық сервердің техникалық қызметкерін (1 адам) және
төменгі деңгейдегі клиенттер қосымшасының техникалық қызметкерлерін (16
адамға дейін) пайдаланушы деңгейіне оқыту керек.
Тапсырыс берушінің орталық ұжымдарында Қазақстан Республикасы
территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының автоматтандырылған
жүйесі жұмысы бойынша әр түрлі деңгейлерде тренингтер жүргізіледі.
Тренингтер техникалық бөлімі және пайдаланушылар бойынша жүргізіледі.
Орталық ұжымдағы оқытылатын қызметкерлер (соның ішіне техникалық
қызметкерлер де кіреді) саны 10 адамға дейін, аймақтық ұжымдардағы
қызметкерлер (соның ішіне техникалық қызметкерлер де бар) саны 32 адамға
дейін барады.

Жабдықтаушы Тапсырыс берушіге жоба бойынша техно-жұмыс құжаттамасына
мүлік құқығын беру керек.
Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының
мониторингі мен талдауының автоматтандырылған жүйесі Жүйесі бойынша техно-
жұмыс құжаттамасына барлық мүлік құқығы беріледі.

Жабдықтаушы Тапсырыс берушіге Жүйенің барлық бастапқы кодтарын және
олардың құқығын беру керек.
Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының
мониторингі мен талдауының автоматтандырылған жүйесі Жүйесінің барлық
бастапқы кодтары және олардың құқығы беріледі. Жүйенің барлық бастапқы
кодтары оптикалық тасушыларға (3 көшірме) жазылады және жұмысты қабылдап,
өткізу барысында Тапсырыс берушіге беріледі.

Жабдықтаушы Жүйені пайдалану үрдісінде анықталған программалық кодтың
қателерін жұмысты өткізу-қабылдау актісіне қол қойған мерзімнен бастап 1
жылдың ішінде түзету керек.
Жабдықтаушы өткізу-қабылдау актісіне қол қойған мерзімнен бастап 1 жылдың
ішінде Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының мониторингі
мен талдауының автоматтандырылған жүйесі Жүйесінде анықталған қатені
түзетеді. Жабдықтаушыда Жүйені әр түрлі деңгейлердегі пайдаланушылар
Жүйедегі анықталған қателерді тіркейтін Интернет ресурс құрылады.

Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша Жабдықтаушы жүйені дамыту бойынша
ұсыныстар дайындау қажет. Бұл ұсыныстарда келесі элементтер болуы керек:
сипаттамалары көрсетілген қажетті техникалық құралдардың тізімі;
қажетті лицензиялық программалық жасақтау тізімі;
Жүйенің одан әрі дамуы бойынша жұмыстың құны.
Жүйенің жұмысы бойынша қажетті техникалық құралдардың тізімі және қажетті
лицензиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру
Бағдарламалық құралдарды стандарттау мен сертификаттау
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Тестілеу білімді бақылау және бағалау құралы ретінде
Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Программалау технологиясы
Жұмыс іздеу сервисінің ақпараттық жүйелерінің ерекшеліктері
Компьютерлік жүйе ортасындағы аудит
Пәндер