Тың эпопеясы
ҚАЗАҚСТАН КОМПАРТИЯСЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Ұлы Отан соғысынан кейінгі қоғамдық-саяси жағдай. Республиканың партия
ұйымын Ж.Шаяхметов басқарды. Ол Қазақстан К(б)П ОК 1946 жылғы 20—22
маусымдағы Пленумында сайланды.
Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты
күшейтуге кірісті. Партия ОК-нің идеологиялық жұмыстарының негізгі
бағыттарын бірқатар қаулылар атап көрсетті. Мысалы, 1946 ж. БК(б)П ОК-нің
“Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы”, “Драмалық театрлардың
репертуары және оны жақсарту шаралары туралы”, “Большая жизнь” кинофильмі
туралы” қаулылары жарық көрді. Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған
саяси науқан 1946 ж. 26 қыркүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер
қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы
саясаттан тыс, социалистік реализм принциптерінен ауытқығандығы үшін
сыналды. Мысалы, Ә.Тәжібаевты “Біз де қазақпыз” кітабында патшалар мен
хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Ұзамай мұндай жиналыстар
республиканың барлық облыстарында өте бастады. Журналдар идеологиялық
зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды. Театрлар буржуазиялық
драматургтер пьесаларын, мысалы, Лопе де Вега, Шеридан, Бомарше, т.б.
сахналағаны үшін жазғырылды. ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы)
белсенді жүргізілген саяси науқан нәтижесінде 1947 ж. қазіргі заман
тақырыбына лайық шығарма тудыру жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды.
1947 ж. 21 қаңтарында Қазақстан К(б)П ОК-нің “ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет
институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулысы шықты.
Ұзамай ҒА-да партия жиналысы өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми
зерттеулер жоспары қайта қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне
байланысты тақырып алынып тасталды. М.О.Әуезовтің шығармашылық және ғылыми
қызметі сынға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты
насихаттаушы ретінде айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда
ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысы шақырылды. Онда Қазақстан
К(б)П бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов баяндама жасады.
1948 ж. қыркүйекте Қазақстан К(б)П ОК-нің “Қазақ кеңес әдебиетінің
жағдайы және одан әрі дамыту туралы” қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес
Қазақстан К(б)П ОК Жазушылар одағын нақты тақырыбы, жанры және орындалу
мерзімі көрсетілген шығармалар жоспарын бекіту үшін ұсынуға міндеттеді.
Жоспар әдебиеттің әуелгі 2 жылда, содан кейін 5 жылда даму барысын
анықтауға тиіс болды. Пьеса, опера, балет және бейнелеу өнері бойынша
осындай тақырыптық жоспар беру өнер басқармасынан да талап етілді.
1948 ж. 23 ақпанда Қазақстан композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті.
Е.Брусиловский, В.Великанов сияқты сазгерлер “Орыс музыкасы классиктерінің
тәжірибесін мансұқ еткені үшін” деп сынға алынды.
1949 ж. Қазақстан К(б)П ОК-і Қазақстан кеңестік Суретшілер одағының
қызметін тексеру үшін комиссия құрды. Комиссия ұсынысымен ҚКСО басқармасы
қайта сайланды. Қоғамдық ғылымдарды бірегейлендіру жөніндегі мұндай үрдіс
жаратылыстану ғылымдарына да қолданылды. 1948 ж. 27 тамызда “Правда”
газетінде В.И.Ленин атындағы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының Бүкілодақтық
академиясының (ВАСХНИЛ) тамыз сессиясы қорытындыларына арналған мақала
жарық көрді. Сессия қаулысында: “Биология ғылымында екі қарама-қарсы бағыт
бары анықталды: бірінші бағыт — прогрессивті, материалдық, мичуриндік...,
екіншісі — реакциялық идеалистік, вейсмандық, менделеевтік, моргановтық...”
деп атап көрсетілді. Биология ғылымында осы екі бағыттың текетіресі “таптық
идеологиялық күрес түрі” болып анықталды.
1948 ж. тамызда Қазақстанда ҚазКСР ғылым академиясы Қазақстан К(б)П ОК
келісімімен барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттары мен
секторларының ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді.
1948 ж. 21 қыркүйекте Қазақстан К(б)П ОК Бюросы республикадағы агробиология
ғылымының жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады. 1948 ж. 22 желтоқсанда
республикалық агрономдар жиналысы өтіп, онда республиканың бірінші басшысы
Ж.Шаяхметов баяндама жасады.
Қазақстан К(б)П-ның кезекті ІV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз
аралығында Алматыда өтті. Съезде КСРО құрамындағы республиканың экономикасы
мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары анықталды, партиялық-
ұйымдастырушылық және көпшілік-саяси жұмыстарды жандандыра түсу
қарастырылды. 1951 ж. 10 сәуірде Қазақстан К(б)П ОК “Правда” газетінде
жарияланған “Қазақстан тарихын маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету
мәселелері” атты мақала туралы” қаулысы шықты. Бұл қаулы республикадағы
тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті. Тарихшы Е.Бекмаханов
қуғындауға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, “кеңеске қарсы әрекеті
үшін” қызметінен босатылды, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сталиннің
жеке басына табыну әшкереленген соң ғана ақталды. Республиканың Қ.Сәтбаев,
А.Жұбанов, А.Н. Самойлович, Е. Исмаилов, Б. Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, тағы
басқа көптеген көрнекті ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады.
40-жылдардың 2-ші жартысы — 50-жылдардың басындағы идеологиялық шабуыл
қатаң идеологиялық стандартқа салу, халықтардың ұлттық сана-сезімін аяққа
басу жүйесінің көрінісі еді. Жалпыадамдық құндылықтар ғылыми және көркем
шығар-машылықта партиялық көзқарастармен алмастырылды.
1951 жылдың 15—18 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік партиясының
кезектегі V съезі болып өтті. Съезде шаруашылық және мәдени құрылыстар
саласында бірқатар кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Ж.Шаяхметов КП(б)
ОК-ің Бірінші хатшысы болып қайта сайланды.
1952 жылдың тамыз айында партияның Орталық Комитеті БК(б)П-ның ХІХ
съезін шақыру туралы қаулы қабылдады. Бұдан бұрынғы съезд 1939 жылдың
наурызында өткен болатын. Ал 1952 жылдың 20—24 қыркүйегінде Алматыда өткен
Қазақстан К(б)П-ның VІ съезінде бесінші бесжылдық жоспар директивасының
жобасы мен партия жарғысының өзгеріс енгізілген мәтіні мақұлданды. Сондай-
ақ партияның ХІХ съезінде Коммунистік (большевиктер) партиясы КОКП — Кеңес
Одағының Коммунистік партиясы болып өзгертілді.
Тың эпопеясы. Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 жыл 1 наурыз) жеке
басқа табынуға қарсы науқан басталды. 1954 жылдың 5—6 ақпанында өткен
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумында Ж.Шаяхметов
хатшылық қызметтен босатылды. 1954 жылдың 16—18 ақпанында ҚКП-ның VІІ съезі
өтті. КОКП ОК-нің нұсқауы негізінде съезде экономика мен мәдениетті дамыту
жөніндегі бағдарлама қолға алынды. КОКП ОК-нің ұсынысы бойынша бірінші
хатшы болып П.К.Пономаренко сайланып, 1955 жылдың тамызында оны Л.И.Брежнев
алмастырды. 1954 ж. 23 ақпанда КОКП ОК Пленумы болып, “Елде астық өндіруді
одан әрі арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” мәселе
қаралды. Қазақстанның далалық өңірін игерудің орасан зор бағдарламасы
белгіленді. Құрал-жабдық пен техниканы, адам және ресурсты аямай
пайдаланудың арқасында жер жырту қарқыны адам нанғысыз жағдайда өтті. Тың
жоспарлы экономиканы жүзеге асырудың көрнекті мысалына айналып, оның
жағымды жағымен қатар, қолайсыз жақтарын да ашып көрсетті. 1954 ж.
республикада 8,5 млн га, келесі жылы жоспарланған 7,5 орнына 9,4 млн га жер
жыртылды. Кеңес адамдарының ынта-жігері мен керемет ерлік жасауға
ұмтылысында шек болмады. А.Ысқақов, М.Довжик, Ж.Демеев, В.Хими,
Л.Картаузов, И.Иванов, В.Дитюк, К.Дауылбаев, Н.Малгаждаров, т.б. тың
ерлерінің есімдері бүкіл елге әйгіленді. Бұл шараға қатысу үшін Қазақстанға
600 мыңнан астам инженер-техниктер, ауыл шаруашылығы мамандары,
механизаторлар мен құрылысшылар келді. Комсомолдық жолдамамен 350 мың
қыздар мен жігіттер келді. Нәтижесінде жыртылған жер көлемі елдегі астық
проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Тың көтерілгенге дейін Қазақстан
мемлекетке 1,3—1,5 млн т, жақсы шыққан жылдары 2 млн т астық берсе, 1970
жылдары орташа жылдық норма 14 млн т болды, оның 6—7 т ғана республика өз
қажетіне жұмсай алды. Бүгінде Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз
етеді, әрі қатты және бағалы астық сортын шетке шығарушы болып отыр. Тың
игергеннен бері республика күріш те өсіре бастады. Астық сапасы біртіндеп
жақсарды. 1950 жж. қатты және күшті сортты бидайдың үлес салмағы жалпы
бидай көлемінің 20%-ы болса, 1960 жж. 40%-ға көтеріліп, 1970 жж. 65%, ал
1980 жж. — 85%-ға өсті. Бұған Қазақстандағы ауыл шаруашылығы ғылымының
дамуы өз әсерін тигізді. Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының қызметі жемісті нәтиже бергені белгілі. Бұл институтты көп
жылдар бойы академик А.И.Бараев басқарды. Қазақстанның селекционерлері
астық дақылдарының құрғақшылыққа төзімді және аязға төзімді сорттарын
көптеп шығарды.
Қазақстанға келген мамандар жерді пайдаланудың өздеріне белгілі
әдістерін қолданғысы келді. Алайда Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайы
олар келген аймақтан мүлде өзгеше еді. Нәтижесінде жағымсыз көріністер
байқала бастады. Бұрын жайылым ретінде ғана пайдаланылып келген Ақмола,
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы шөл және шөлейт жерлер ешқандай
ғылыми негізсіз жыртылып тасталды. Павлодар облысындағы жеңіл топырақты
жерді жырту шаңды дауылға соқтырды. 1960 ж. басында топырақты жел ұшырып
әкету үрдісі бүкіл тың игерілген аймақты қамтыды. Бұл мәселемен енді ғылым
айналыса бастады. Қазақстан ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін
ойлап шығарды. Алайда бұл шаралар жыртылған жердің құнарлы топырағын тек
жарым-жартылай ғана сақтап қалды. Бұл жағдай ақырында тыңдағы астық
дақылының өнімділігіне кері әсерін тигізді. 1954—1958 жж. республикада
орташа өнімділік — 7,3 цга, ал 1962—1965 жж. — 6,1 цга ғана болды.
Тың игеру Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту мәселесіндегі қарама-
қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Тың игеруге өте көп мөлшерде материалдық
және қаржы қоры жұмсалды. Республика 1954—1956 жж. 172 мың трактор, 61
мыңнан астам астық комбайндарын, 30 мыңнан астам жүк таситын және арнаулы
машиналар, 1665 электр станцияларын, 32 мың трактор соқаларын, 62 мың
дәнсепкіш сатып алды. 1954—1958 жж. мемлекет ауыл шаруашылығын
механикаландыру, өндірістік құрылыс мекемелерін салу үшін 9,7 млрд сомнан
астам қаржы жұмсады. Соның арқасында тың жердің өндірістік инфрақұрылымы
республиканың өзге аймағына қарағанда қарқынды дамыды. Қазақстанның
оңтүстік және батыс облыстары бұл салада қысым көрді. Бұл жақта өндіргіш
күштер тапшылығы өсті, әлеуметтік-экономикалық жағынан да тың игерілген
аудандардан артта қалушылық байқалды.
Аяқтап келгенде, тың игеру мемлекеттік меншік формасын нығайтты. Тың
игерілген аймақта совхоз шаруашылықтары құрылды. 1960 ж. соңына қарай
Қазақстанда 126 астық совхозы ұйымдастырылды. Оның әрқайсысында орта
есеппен 50 мың га жайылым, 40 мың га жыртылған жер болды. Осыған лайық
техника көлемі, жанар-жағармайлар, қосалқы бөлшек қажет еді. Егін жинауға
өзге аймақтардан техника күші, механизаторлар мен жүргізушілер тартылды.
Студенттік жастар бригадаларын құру кеңінен қолданылды. 1970 жылдары егін
жинау науқанына әскерилерді, қала тұрғындарын тарту тәжірибеге ене бастады.
Әрине, мұның бәрі өнімнің өзіндік құнына әсер етіп, “экономиканың шығынды
сипатын” қалыптастырды. Шаруашылықты экстенсивті жүргізу жер ауданын
арттырып, шаруашылықтың өзіне қызмет көрсету шығынын ұлғайтты.
1956 жылдың 24—27 қаңтарында ҚКП-ның VІІ съезі өтті. Есепті баяндаманы
ҚКП ОК бірінші хатшысы Л.И.Брежнев жасады. 1956 ж. наурызда оны бұл орында
И.Д.Яковлев ауыстырды. 1956 жылдың 14—25 ақпаны аралығында өткен КОКП ХХ
съезінде партия қатарын топтастыру мен біріктіруді нығайта түсу, партия
өміріндегі лениндік нормаларды қалпына келтіру мәселелері басты бағытқа
айналды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрғыдан даму реформасы
жоғары жақтан басталып, қалыптасқан әкімшілік жүйе бойынша жүргізілді.
Мұның өзі іс жүзінде керісінше көрініс берді. Жеке адамға табынушылық
жөніндегі сын ол қалдырған мемлекет басқарудың қатал тәртібіне емес,
көсемнің тікелей өзіне бағытталды. Ең бірінші кезекте адам игілігіне қызмет
ететін халық шаруашылығы құрылымын қайта құруды қолға алудың орнына,
бұрынғысынша әскери-өндірістік кешенді өркендету өз жалғасын тапты.
Өндірісті басқарудың тетіктерін жақсарту мақсатында Коммунистік партия
1957 жылдың ақпанында басқарудың салалық емес, аумақтық принципіне көшті.
Қазақстанда төмендегідей халықшаруашылық кеңестері құрылды: Алматы, Шығыс
Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан,
Ақтөбе, Гурьев. ХШК бұрынғы әдіспен жұмыс істеуді жалғастырды. Мекеме
басшылары мен еңбекшілер орталықтан басқару әдісіне бой үйретіп үлгерген
еді. Ауыл шаруашылығын көтеру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту
мәселесін партия өз басшылығына алды. Бұл үшін КОКП үлкен-үлкен үш ауқымды
бағдарламаны алға ұсынды:
— тың игеруді одан әрі жалғастыру;
— жүгері мен басқа да мәдени егіс түрлерін кеңінен өсіру;
— ет пен сүт өнімдерін молайту мақсатында мал шаруашылығын өркендетудің
аса ауқымды бағдарламасын қолға алу.
Аталған бағдарламаны шешу үшін партия өзінің байырғы әкімшілік әдісін
пайдаланды. Ал Қазақстан Коммунистік партиясы өз кезегінде КОКП ОК-нің
шешімдерін жүзеге асырып жатты. 1955 ж. колхозды ірілендірудің жаңа кезеңі
басталды. Қазақстан да бұл науқаннан тыс қалған жоқ. КОКП ОК-і республика
колхоздары мен совхоздарының бастауыш партия ұйымдары үшін қосымша 600
қызмет орнын белгіледі. Бұл хатшылардың 475-і совхоздарға, қалған 125-і
колхоздарға бөлінді.
1957 ж. қыркүйектен — 1960 ж. қаңтарға дейін республика партия ұйымын
Н.И.Беляев басқарды. КОКП ОК Пленумы (1958 ж. ақпан) машина-трактор
станцияларын таратып, техникасын колхоздарға сатқан дұрыс деп тапты.
Қазақстан колхоздары мемлекеттен 33 мың трактор, 20 мың комбайн, т.б.
ауылшаруашылық техникаларын — барлығы 160 млн сомға сатып алуға мәжбүр
болды. Ал бұл техникалардың басым көпшілігі тозып біткен болатын. Беляевтің
тұсында тың өлкесін құру дайындығы аяқталды.
Мәскеуде Хрущев, Алматыда — Беляев тұрған кезде халықтың тұрмысы біршама
жақсарды. Баға төмендеп, айлық өсіп, салық төмендегені байқалды. Зейнетақы
көтерілді.
Қазақстан 1960—1980 жылдарда. 1959 жылдың 14—15 қаңтарында өткен ҚКП-ның
ІХ съезі КСРО-ның 1959—1965 жылдарға арналған халық шаруашылығын
өркендетудің жеті жылдық жоспарының жобасын талқылауға арналды. 1960 ж. 19
қаңтарда Қазақстан компартиясы ОК пленумы өтті. Д.А.Қонаев Қазақстан КП ОК
бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10—12 наурызында ҚКП-ның Х
съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындаудың іс-
шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы
да Д.А.Қонаев сайланды. КОКП-ның жаңа Бағдарламасы — коммунистік қоғам
орнату бағдарламасын қабылдауды міндетіне алған КОКП-ның 1961 жылдың 17—31
қазаны аралығында өткен ХХІІ съезі қарсаңында Қазақстанда партияның ХІ
съезі (27—29 қыркүйек) ашылды. Партия жарғысына сәйкес аталмыш съезден соң
әр бес жыл сайын съезд өтіп отырды.
КОКП ОК 1962 жылғы қараша пленумының шешімдеріне сәйкес Қазақстандағы
партия және кеңес органдары өндірістік белгілері бойынша қайта
ұйымдастырылды. Сөйтіп, Қазақстан КП Орталық Комитетінде өнеркәсіп пен
құрылысқа басшылық ету жөніндегі Бюро және ауыл шаруашылығына басшылық ету
жөніндегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz