Жастар саясатының бағыттары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрилігі
Әлеуметтік факультеті
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: “Қазақстан жастары - еліміздің бәсекелестігін көтерудің маңызды ресурсы”
Қарағанды-2007
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
I Тарау. Қазақстан жастарының қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызы және рөлі . . . 5
- Қазақстан жастарының жалпы халық құрамындағы рөлі . . . 7
- Жастардың әлеуметтік жағыдайы және білім беру жүйесі . . . 11
- Жастардың ел саясатына белсене араласу процесі . . . 13
II Тарау. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуындағы жастар рөлі . . . 18
2. 1. Жастардың жаңа технологияларда жеткен жетістіктері . . . 19
2. 2. Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты . . . 22
Қорытынды . . . 26
Қолданылған әдебиеттер . . . 28
Кіріспе
Әрбір қоғамнның, әрбір отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге мән беру тұрмыстық -әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндеттердің бірі деп атасақ, артық айтқан емес. Кеше де солай болған, келешекте де солай болмақ. Қазақ халқы да “ат тұяғын тай басар” деп жастардың жайына бей-жай қараған жоқ. Сондықтанда ата-баба мирас еткен намыстылық, имандылық, Отанды сүю, ынтымақ пен бірлікті берік сақтау үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырып, одан әрі жалғасын табуда. Ата - бабаның үмітін бала буын ақтайды. Қысқасы ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі. Бүгінгі таңдағы жайлар мұлдем жауапты. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақты, барша Қазақстандықтарды тынымсыз ойландыруы тиісті. Оның басты өлшемі мынау: жастарымыз қалай өсіп келеді екен деген сауал? Олардың жан дүниесінде қандай жаңғырулар бар? Не нәрсеге еліктейді ? Қандай нәрседен бой тасалайды? Міне, осы тектес сандаған сұрақтардың алдымызды кес-кестейтіні рас. Жастардың мүмкіндігінше, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені олар елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мәреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, пен кәсібилік өте керек. Және мұндай болу жастар табиғатына жарасатын мінез. “Егер біз лаулап жанбасақ . . . ” деген тіркес бар. Сол тіркестің мағынасы әлі де өз күшінде. Онда жастардың саяси өмірге қатысып, араласып тұруы міндетті емес пе?
Қолдағы зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, жастар Қазақстан Республикасының үштен бір бөлігін қамтиды. Осыған байланысты жастар мәселесінің өзектілігін Қарағанды облысының бұрынғы әкімі К. Мұхамеджанов Қарағанды экономикалық университетінде облыс жастарының өкілдерімен кездескенде атап өтті: “Мен қашанда батыл, дербес, ынталы, іскер жас адамдарды көргенде қуанамын. Олардың көпшілігініің өз фирмалары, шығым капиталы бар. Олар өз әрекетіне жауап бере алады. Ешкімнің мойнында жоқ.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2030 - стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде -еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын, яғни мемлеекетке қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды отаншылдық, елжандылық, потриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Қазақ халқының бір туар ұлдарының бірі, Б. Момышұлы: «Потриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке байланыстығын сезіну, әр адам өзінің мемлекетке тәуелді екендігін олай болса, мемлекетті нығайту жеке адамдарды күшейту екендігін мойындау», -деген болатын. Сондықтан да елімізді дамытып, көркейту үшін ең алдымен жастарымызға көңіл бөліп, солардың бойына потриотизм сезімін ұялатуымыз керек.
Нарықтық экономика әр адамнан дербес, белсенді іс қимылды талап етеді. Осыған байланысты жастар проблемасы сол жастардың тікелей араласуы арқылы ғана шешіледі. ”
Бұл диплом жұмыстың мақсаты- жастардың дүниежүзлік жастар мәселесіне көңіл бөлуі болып табылады. Соның ішінде Қазақстан жастары саясатына жете көңіл бөліп, олардың кемшіліктері мен жетістіктерін көрсете білу.
Бұл диплом жұмыстың міндеті- жастар саясатының мәнін түсіндіру, олардың принципімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында етек жайған жастар мәселесәмен таныстыру.
I -тарау. Жастар саясаты туралы негізгі түсініктер .
Кез келген тарихи кезеңде жастарға маргиналдық және қоғамдық орнының шектелуімен байланысты өте қиын болып келеді. 1985жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен Халықаралық жастар жылы болып жариялануы кездейсоқ емес.
ТМД елдері жастары, соның ішінде Қазақстан да, елдің дамуына байланысты қиын кезеңді бастан кешірді.
Мұндайда жастардың өмірлік стратегиясын жүзеге асыруға әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға, біріншіден, жекеше түрде және жастар ұйымдары арқылы белсенді іс-әрекет жасайтын жастардың өзі, екіншіден, жастарға өзін-өзі айқындауға қажетті алғышарттарды жасайтын мемлекет, үшіншіден, өз институттарының жұмысы арқылы (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық арнайы факторларжәне тағы басқа) азаматтық қоғам көмектесе алады.
Осы бір-бірімен байланысты үш ағым жастар саясатына келіп құяды. Тура осындай түрде жастар да тұрғындар тобы ретінде мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын сфецификалық ерекше бөлік ретінде қарастырылады .
Экономикалық, әлеуметтік және саяси қайта құрулар азаматтық қоғам, нарықты экономика демокреттық құқықтық мемлекетті дамытуға алғышарт жасады. Бірақ өтпелі кезеңдегі обьективті қиындықтар, үкіметтің мемлекеттік органдардың қызыметінің тұрақсыфздығы, реформаны жүзеге асырудағы қателіктер жастар арасында сенімсіздік пен көңіл қалуды туғызды.
Егер де мемлекет болашаққа бағыт ұстанған болса, ол жастардың санасындағы өзгерістерсіз жүзеге аспайды . Бүгінгі жастар қандай құндылықтармен тәрбиеленсе, болашақ та сондай болмақ. Адам төзгісіз жағыдайларда өмір сүріп жатқан және осыған лайықты мнеталитетке ие болған жастар болашақты да осындай сарамен құрайды. Сондықтан да мемлекет жастардың санасын қалыптастыруда, нақты бағыттағы саналы күш-жігер жұмсауы тиісті.
Жастар қоғамгның ең басты стратегиялық ресурсы . Тек қана құрылыс және өндірістік жобаларды қаржыландырып қана қоймай, адамның жан-жақты, соның ішінде мәдени -рухани, әлеуметтік дамуына басты назар аудару қажет.
- Қазіргі Қазақстандағы азаматтық жастар қоғамының саяси белсенділігі.
Кез келген елде кез келген қоғамда болмасын, жастардың жалынды тобы негізгі белсенді күш пен белді шаруаның нақ ортасынан орын алатыны анық. Ерте заманда, ел басқарып отырған патша көне көзді данагөй қариядан …Елімнің ертеңін, болашағын болжап берші, - деп сұрағанда, «Әуелі елім дейтін ер болатындай, болашақ жастарыңның бетін көрейін», - деген екен. Болашақ дегеніміз - үміт, демек, егемен еліміздің бар үміті, бар болашағы қазіргі жастарда деген сөз.
XXI ғасырда Қазақстан әлемнің күрделі талаптары мен сұраныстарына жауап беруі тиіс. Сонымен қатар Елбасымыздың ұсынысы бойынша Қазақстан жоғары қарқынмен даму жолдарында әлемде бәсекеге қабілетті, өркениетті 50 мемлекет қатарынан орын табуды, бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруді мақсат тұтып отырған жайы бар. Осы мақсатттарға жетуде, жалпы еліміздің бірқалыпты саяси жүйесінің қалыптасуыбарысында жастар саясаты ең маңызды орын алатыны сөзсіз.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастар саясатын қолдау мақсатынад бірқатар игі іс-шаралар атқарылып, олар өз нәтижесін берді. Атап айтсақ:
2004 жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасы жастар саясаты туралы» заң жарық көрді, 2005-2007 жылдарға арналған «Жастар саясаты бағдарламасы» қабылданып, сондай -ақ Елбасының жеке ұсынысымен елімізде азаматтық жастар қоғамының келесі институттары құрылды:
- Қазақстан жастар Конгресі;
- Қазақстан Халықтар Ассамблеясы;
- Қазақстан Студенттер Альянсы;
Сонымен қатар, «Жасыл Ел» елді көгалдандыру бастамасы мен Студенттік құрылыс отрядтарының қайта құрылуы, биліктің жастарға көңіл аударғанын білдіреді.
Аталған ұйымдармен, қозғалыстармен елімізде бірқатар іс-шаралар атқарылады, «Қазақстан Студенттер Альянсы» мен Республикалық деңгейде «Қалың қалай студент?», «Біз коррупцияға қарсымыз», т. с. с. акциялар ұйымдастырылды және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда көмек көрсете алатын ұйым «Қазақстан Жастар Конгресі» жекелеген облыс, қалалардың аудандардың жастарымен көшбасшыларымен жұмыс атқаруға мүмкіншілік тудырады. «Қазақстан Халықтар Ассамблеясы» да көп ұлты Қазақстан жастар саясатын жүзеге асыруда ел жастарын толеранттыққа, бірлікке жетелей алатын маңызды ұйым екендігін дәлелдеген сияқты. Сондай-ақ елімізде 2005 жылдан бастап өзіне артқан сенімді ақтап келе жатқан «Жасыл Ел» бастамасы мен студенттік құрылыс отрядтарының да маңызы орасан зор.
Әлеуметтік саясат арқылы қоғамға тікелей қатысы бар адамдардың жан-жақты қамтылуы, олардың материалдық және әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, адамның ар-намысын сыйлауға және қоғамдық әлеуметтік өміріндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету түсіндіріледі.
Әлеуметтік жұмыс өзінің құрылымында адамның дамуына бағытталған Осыдан оның пайымдау туралы маңызды ерекшелігі бар гумандық бағыты пайда болады. Келесі маңызды еорекшелігі, әлеуметтік саясат қоғам игілігін пайдалану және бөлу механизімімен теке тірес жұмыс істеуі болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде, оқулықтарда жастар саясаты туралы көптеген анықтамалар тауып алуға болады . Солардың бірнешеуін қарастырсақ; « Мемлекеттік жастар саясаты - қоғам пайдасы үшін жастардың шығармашылық потенциалының түгелдей орындалуына және жас азаматтардың әлеуметтік дамуы мен қалыптасуы үшін әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, ұйымдастырылған алғышарттар мен кепілдіктерді құруға мемлекеттің жасайтын іс-әрекеті» . (1. 29бет)
«Жастар саясаты - жастар қажеттілігін және қызығушылығын қоғауға бағытталған жастар өмірлін нормалауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қатысуы және олардың жеке белсенді өмірге аяқ басуына қолдау көрсететін әлеуметтік саясат сферасы».
Қазақстандық мамандар жастар саясатына өз анықтамасын береді ;
«Мемлекеттік жастар саясаты - бұл жас ұрпақтың әлеуметтік -құқықтық қорғалуы мақсатында жастар саясатының концептуальдық бағыттары және оны толық жүйеде әлеуметтік-экономикалық қорғау жүйесі доктаринасына өңдеу жасайтын мемлекеттік іс-әрекет. Жас ұрпақтың құқығының ерікті әлеуметтік дамуы, шығармашылық инициативасы оның қабілетіне, физикалық мүмкіндіктеріне, түпкілікті қызығушылығына және қалыптасушы қоғамның қызығушылығна сай дамитын прогресс». (2. 29бет)
Осы жастар саясаты туралы анықтамалар, негізінлде, жалпы контурлары және құрылымы жағынан дұрыс бағыт барді. Бұл анықтамаларда, біріншіден, мемлекет органдеры және методтары жағынан арқылы жүзеге асыратын жастар саясаты туралы айтылуда. Екіншіден, анықталған жастар саясатына қоғами жастар ұйымдары арқылы, басқа қоғамдық бірлестіктермен байланыста отырып немесе жастар саясатының қалыптасуы мен дамуына өзінің жеке инициативасына байланысты өте әлсіз қатысады, кей кездері қатыспайды. Үшіншіден, мұнда жастар ортасы үшін маңызды әлеуметтік саяси критерий - әлеуметтік қоғау қажеттілік дәрежесі диференциясы көрніс таппаған.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, жастар саясатына мынандай анықтама беруге болады.
«Жастар әлеуметтік саясаты - бұл мемлекет және қоғам арқылы жүзегше асатын, сонымен қатар қоғам және жеке қызығушылыққа байланысты жастардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған, жеке тұлғаның жауапкершілігіне жіне инициативасына негізделген адамдардың өз өмірі үшін және отбасыларының өмірі үшін жауапкершілікті адрестік, түгелдей әлеуметтік тұрақсыз жастар категориясына бағытталған әлеуметтік саясат».
Сонымен, қазіргі кезде жастар саясаты ғылымит тұрғыда әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде қабылданады. Соңғысы тек қана әр түрлі тұрғындар категориясын, соның ішінде жасарды ерекше әлеуметтік группа ретінде адекватты және адрестік сұраныстар болғанда ғана эфектілі болады.
Бұдан басқа жастар саясатының әлеуметтік қатынасы болғанына байланысты балалрға, зейнеткерлерге т. б. қамқорсыз тұрғындар категориясына деген айырмашылықтар мынада жатыр ;
Ол компенсаторлық механизммен ғана үйлеспейді, сонымен қатар жас ұрпақ шығармашылық және еңбек потнециясына сүйене отырып, белсенді инавационды аспект құрайды, ал бұл қоғамның стратегиялық ресурсы ретінде дамуы жастар саясатының маңызды екенін көрсетеді.
Барлық жастар саясаты туралы түсініктерді жүйелей отырып, жастар саясатына мынандай анықтама беруге болады :
«Мемлекеттік жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-эканомикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі».
Жастар саясатындағы үлкен, маңызды рөлдердің бірін - жастар ұйымы алады . Жастар тек жастар ұйымы арқылы ғана өз қызығушылықтар мен өз іс-әрекеттерін көрсете алады . Осыған байланысты жастар ұйымы жеке дара жатардың қызыметін танытатын ұйым болапды. «жастар ұйымы - негіңзгі мақсаты әлеуметтік- мәдени, білім беру міндеттерін және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өзге де міндеттерді шешу, рухани және де қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын заңды тұлғалар қаумдастығы, қор, сондай -ақ қоғамдық бірлетік нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым». (3. 29 бет)
Жастар өз мүдделерін жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымдар арқылы да білдіре алады.
Жастарға раналған әлеуметтік инфрақұрылым- жастар тіршілігін қаматамасыз ету үшін қажетті обьектілер( үйлер, құрылыстар, ғимыраттар) , сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу, дене тәрбиесі, рухани имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызыметті жүзеге асратын ұйымдар.
- Жастар саясатының бағыттары.
Жастар саясты өзінің құрылымы жағынан өте күрделі болып келеді де, өзінің даму әрекеті әр түрлі бағытта болады . Жастар қай заңда болимасын бірдей қоғалуы керек. Жастар біздің болашағымыз дей отырып, оларға көңіл бөлу барлық елдерде де түгелдей орын алған . Бұл, әрине, Қазақстанда да тараған .
Мемлекеттік жатар саясатының негізгі бағыттары :
- жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
- жастар еңбегі мен оларды жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
- жастардың кәсіпкерлік қызыметіне жәрдемдесу;
- жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;
- жастардың тегін орта білім алуына концтитутциялық құқығын іске асыру үшінжағыдай жасауды қамтамасыз ету;
- жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағыдай жасауды қамтамасыз ету;
- балалар үйлерінің мүгедек және тәрбиеленуші жастарының құқықтары мен әлеуметтік қоғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету;
- жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағыдай жасауды қамтамасыз ету;
- жастар бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағыдай жасауды қамтамсыз ету ;
- жатардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- әлеуметтік қолдауға мұқтаж жатарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
- жастардың мәдени бос уақыттары мен демалыстары үшін жағыдай жасауды қамтамасыз ету;
- талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
- жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтатығы;
- жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады.
Жатар саясаты негізінде осы жастар саясатының бағыттары арқылы жүзеге асады. Осыған сәйкес қазіргі кезде Қазақстанда көптеген шаралар қолдануда.
1. 3. Жастар саясатының негізгі мақсаты мен принципі мынандай:
- Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және физиалогиялық дамуына ықпал ету.
- Жастарды қоғамның әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени өміріне толықтай араласуына алғышарттар жасау, яғни жас адамның
өмірлік жолын таңдауын және жеке жетістіктерге жетуге жол ашу. Қо-
ғам дамуына және жастардың өздерінің дамуына да, жастар инавациялық потенциясын жүзеге асыру.
-Өз мәселелерін өз күшімен шеше алмайтын жастар категориясын толыктай әлеуметтік қорғау жасау.
Өз мәселелерін өз күшімен шеше алмайтындарға қараусыз қалған адамдарды, жас наркамандарды, сондай-ақ қаңғыбастарды, мүгедектерді, дауындарды жатқызамыз.
Осы жастар саясатының мақсаттары, міндеттері және принциптері ҚР-ның мемлекеттік жастар саясаты туралы заңның 3-ші бабында көрсетілген . Осы заңға сәйкес жастар саясатының міндеттері, мақсат-тары, принциптері былай анықталады:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік -экономикалық, құқықтық, ұйым-
дастырушылық жағдайлармен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін ашу мақсатында жүзеге асырылады,
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының мін-деттері :
1) Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) Жастарға көмек беру және әлеуметтік қызмет көрсету;
- Жастардың әлеуметті маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:
1) ерекше әлеуметтік -демографиялық топ ретнде жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін тану ;
2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылық-тарының басым болуы ;
3) Тән саулығын сақтау және нығайту;
4) Адамгершілік және рухани даму;
5) Қазақстандық патриотизімді қалыптастыру;
6) Адамзаттықты қалыптастыру;
7) Жастардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру ;
8) Жастардың проблемаларын шешудегі жүйелік пен кешенді- лік;
9) Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырумен мен іске асыруға жастардың тікелей қатысуы принциптріне негізделеді.
Мемлекеттік жастар саясаты дегеніміз, сонымен, - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік -экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.
Кез келген қоғам және мемлекет өзінің мүмкіндіктері мен қызығушылығына байланысты әлеуметтік саясатты белгілі бір прин-цип арқылы басқарады.
Кеңес өкіметі кезінде қоғамның тұтыну фонды тұрғын үйді, білім және денсаулық сақтау жүйесін тегін қылды . Бұл кезде адамдардың әлеуметтік құқығын қорғау капитализмге қарағанда эфектілі форма ретнде қарастырылды . Мемлекет бақылауына бүкіл білім беру жүйесі мен жасөспірімдер тәрбиесі кірді. Мемлекет балаға қамқор бола отырып, отбасын балаға қарау немесе баланың жұмыс істеуге кедер-гі болуы мәселесінен босатып берді . Алайда, барлығын тең дәрежеде қорғау трансформацияға әкеліп соқтырды. Осының салдарынан тұлға, отпасы және әлеуметтік иниституттар арқылы көрінетін екі жақты қоғам мен тұлға арасындағы, субъект пен субъект байланысының бұзылуына әкелді. Бұдан әлеуметтік «бойкүйездік» пайда болды. Әлеуметтік бойкүйездік туалы айтқан кезде, біз адамның саналы түрдегі орентациясы туралы айтамыз, біз өмірдің объктісі қалыптас-қаналғышарттарын айтамыз. Осы бойынша адам өзіне сенбей мемлекет көмегіне барынша бой ұсынады, сөйтіп өз пассипті объектіге айналады (4. 29 бет) . Алайда мемлекеттің өзі де жарияланған құқықтарды сапалы түрде орындай алмайтын болып шықты . Бұған Кеңес өкіметі және дамыған капиталистік мемлекеттер ішінде әр түрлі өмір сүру деңгейінің болуымен, төменгі дәрежеде өмір сүретін тап өкілдері дә-лел бола алады.
1. 4. Жастар саясатының модельі
Жастар саясатының бөлінуі қоғам және мемлекет іс-әрекетіндегі өз бетімен бағытталуы, адам цивилизациясының дамуының қазіргі кездегі кезеңіндегі белгілі бір заңдылығын көрсетеді. Бұл процесс қоғамды еңбек және интелектуалдық ресурстардың әлемдік қайта құру экономикалық шарттарына байланысты қиындықтар, жас өспірімді әлеуметтендіру ұлттық институттың кризистерімен көптеген жастардың өз бетімен қалыптасушы тәртібінің көбінесе бас кезінде және нашақорлықтарда көрінетін қиындықтармен байланысты.
Әлемдік бірілестік БҰҰ, және МОТ және басқада халықаралық ұйымдар алдында жас ұрпақтың әлеуметтенуіші сапасынан және әлеуметтік дамуына адамзат болашағы байланысты екен анық сезінгендігін жеткізеді. БҰҰ әлемдік бірлестік назарын әлеуметтік институттар, әлеуметтік қабат және группаларын іздеу барысында прогресс және қоғам дамуының темпінің өсуіне әсер етеді.
Жастардың экономикалық саяси әлеуметтік дамуының субъектісі екеніне бірлестіктің назарын аудартқызды. Халықаралық қоғам мен сондай-ақ мыналарда мойындалған: жастарды әлеуметтендіру және интерграциялау кезеңінде қоғамның ұшырасатын қиындықтары құбылмалы өмірдегі жас адамдар қажеттіліктері мен тырысуы арасындағы қайшылықтардан шығады. Қоғам оларға бір нәрсені ұсынады және олардан басқа нәрсені талап етеді. Бұл процесске әсерін тигізеді. Қарама- қайшылықты шешу үшін жастарға өзін-өзі қалыптастыру шарттарын құрып, қоғам даму процесіне өз үлесін қосуға мүмкіндік алу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz