Қазақтың қысқаша тарихы
Қазақ хандығы – шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық
қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан
– байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ
қазақ халқы негізінде бірігуі арқылы 15 ғасырдың орта шенінде құрылды.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға
болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып
шоғырландыруда, қазақтың байырғы заманнан басталған. Өз алдына жеке ел
болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші
роль атқарады.
1456 ж. Керей хан Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр ханның үстемдігіне
қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап, Шығыс Дешті – Қыпшақтан батыс
Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған
маңызды тарихы оқиға болған еді. 1428ж. Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі
феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап кетті. Сөйтіп
Әбілхайыр хандығымен Ноғай ордасы құрылды. Шайбани ұрпағынан шыққан
Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясына
үстемдік етті.
(1428 - 1468)
15 ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған
қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдеп,
феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді.
Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытырандылық салдарынан Дешті – Қыпшақ
даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп –
қону тәртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау –
қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр
зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді,
Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып өз алдына тіршілік етуді армандады.
Ақ Орданың ақырғы ханы Барақтың балалары Кереймен Әз Жәнібек бұл жағдайды
өз мақсаттары үшін шебер пайдаланды да, Әбілхайыр ханның үстемдігіне
қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналды. Қалың қазақ
тайпаларынан бастап батыс Жетісуға қоныс аударды. Ол билеген кезде
Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434 - 1462) бұл қазақтарды
Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Бұлар батыс
Жетісуды тіренті мекен ете отырып, қазақ хандығын құрды. Тарихшы Мұхамед
Хайдар Дулати Тарихи Рашиди атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті
– Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі.Ол нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей
Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алды.
Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Әбілхайыр
дүние салғаннан кейін өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі – ірі
шиеленістер болды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті.
Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбек –
қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465 – 1466) билей
бастады ...
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені
мен Талас өзенінің алабы еді. Міне нақ осы территорияға деректемелерде
тұңғыш рет Қазақстан деген атау қолданылды. Әбілхайыр хандығы аласапыран
соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып,
етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті – Қыпшақ
көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып
Қазақ хандығына келіп жатты. 15ғ. 50 жылдарының ортасына дейін 70 ж.
басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200мың адам
көшіп барады. 1462 ж. Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл
мемлекетке ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс
алуы. Амансажи Тайчин бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы
салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды
мекендеген қазақ тайпаларының Қазақ хандығына (үкімет билігін) келіп
қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет
билігін ыңғайтып оның беделі мен әскери – саяси күш қуатын арттыра түсті.
Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де
әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның,
Ноғай ордасының және Батыс Сібір хандығының өзіне қарсы шығып, Жетісуға
қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып, масайрап отырғандығына,
әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген тайпалардың оған ағылып барып
жатқанына аузын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа туылған Қазақ
хандығын тартпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Он шақты жыл
айналасында батыс Жетісу өңіріне 200 мың жан саны бар көшпелі
тайпалардың жиналуы кең өріс – қоныс керек етті.Сөйтіп, Қазақ хандығын
саяси -
экономикалық база негізінде нығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды
қарату төтенше маңызды еді. Сөйтіп жоғарыдағы жағдайлардың талабына
сай, Қазақ хандығының алдына үш үлкен тарихи міндет қойылды.
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында
бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру, көшпелі
шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орнаған
Сырдария жағасындағы Сығанақ, Сызақ, Отырар, Ясы т.б. қалаларды қазақ
хандығына қарату. Бұлар осы өңірдегі саяси – экономикалық және әскери –
стратегиялық берік база болатын
3. Қазақ тайпаларының басын қосып,қазақтың экономикалық
территориясын біріктіру, бұлардың ішіндегі маңдайалды маңызды міндет –
Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.
Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік
бірлестіктердің – Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси - әкімшілік және
сауда – экономикалық орталықтары еді. Бұдан бұрынғы тарихта осы Сырдария
бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру
Дешті – Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл
қалалардың саяси – экономикалық және соғыс стратегиялық маңызы зор еді.
Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері мекендеген қалалы аудандар
мен сауда саттық жасауға тек даланың әкімдері ғана емес, Дешті Қыпшақтың
шаруалары да ділгір болып отырды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті
Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата
жауы Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең
алдымен Моғолстан мемлекетімен тату ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz