Қазақ хандарының шежіресі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
1. Тоқсан екі баулы Өзбек-Қазақтың (Дешті-Қыпшақтың) тізімі туралыИә, alpawit, жазбалар көбейіп, бәрі де араласып кеткен, ішінен керекті табу қиын болып барады. "92 баулы Дешті-Қыпшақтың (Өзбектің) " тізімі бұл жерде бар:Немесе өте маңызды дерек болғандықтан, алда да Дешті Қыпшақ және Жошы Ұлысы, Алтын Орда туралы әңгіме қайта-қайта қозғала беретін болғасын қайтадан көшіріп қойдым, оның ішінде қазақтың қазіргі барлық ру-тайпалары толығымен негізінен бар. Нағыз Қыпшақтық ру-тайпаларды (қазіргі қазақ пен Өзбекке және Ноғайға бөлініп түскен) оқырман өзі табатын шығар. Сонымен бірге Оғыз тайпалары, Монғол тайпалары, Угор тайпалары, ішінара Бұлғар тайпалары және шағын халықтар атаулары кездеседі:. . . Дешті-Қыпшақты мекендеген рулардың тізімін берер алдында сәл ескеретін жайды айтқым келеді: мен олардың саны дәл 92 болуына күш салған жоқпын. Және ол рулар дәл осы күйінде "92 баулы қыпшақ" аталды деп айта алмаймын, алайда сол кезеңде, яғни 11-14 ғасырларда осы далада осындай ру-тайпалар болғаны жазба деректер бойынша ақиқат. Мен тек сол кездегі ру-тайпалар мен ұлыстардың барынша толық қамтылуына, ешкімнің де қалып қоймауына, сөйтіп толық қамтылуына күш салдым. Бұл аталған руларды оқырмандар көбін білетін немесе шырамытатын шығар. Біреулер белгілі бір руды таппаса, оның ішіндегі бөлімін табатын шығар, кейбір рулардың, бөлімдердің атаулары қазіргі тұрғыдан қате жазылған шығар, мен олардың жазбалардағы сол кездегі аталуын өзгертпеуге тырыстым:абар, ағар, азак, алшын, араб, арғын, арлат, ауған, ашар, баған, бағлан, байауыт, балташ, барлас, болатшы, будай, бұйазут, бойат, бұланшы, булат, булақ, бурия, бүркіт, бурят, гирей, ғыйрат, жалайыр, дүрмен, жабу, жорға, жөйт, щұбұрған, журат, жүз, жыйыт, илашы, кары, қатаган, келеші, кенегес, керейіт, кердері, кият, кожалық, көшші, кулекеш, күрлеуіт, қабаша, қалмақ, қангелді, қаңлы, қарақалпақ, қарлұқ, қонақаш, қоңырат, құралас, құтшы, қыпшақ, қырғыз, қытай, қыштық, мажар, мамасейіт, манғыт, мең, меркіт, митан, мұндұз, найман, никуз, оғлан, оймауыт, ойрот, ойшы, оң, оңғұт, отаршы, рамадан, сарай, сахтиян, сулдуз, сұран, табын, тама, таңғұт, тарғыл, татар, тейіт, тойшы, тубай, тувадак, тұрғақ, тұрмауыт, түрікмен, тілеу, уыз, ұйғұр, үйсін, хафиз, чилкас, чоплачи, чувут, шыкыр, шынабай, шақпақ, шеркеш, ширин, шит, шүрен, шүршіт, шымбай, шымыршық, ылашы.* бұл ру-тайпа және халық атаулары "Мажму ат-Тауарих" және "Тухфат ат-тауарих-и хани" еңбектерінен теріп алынды.Бұл 92 баулы Өзбек-Қазақ туралы басқа да тізімдерді мына жерден табуға болады. Онда Өзбектердің Ғылым Академиясының және Қырғыз ғалымының құрастырған тізімі бар бар екен. Бәрін де қатар қойып салыстырып көруге болады. Мен де өзімдегі тізіммен салыстырып, онша көп айырма тапқан жоқпын:Қазақтың 50 пайызын құрайтын Орта жүз толығымен көрінеді: Гирей (қазіргі Керей мен Уақ), Найман, Арғын, Қыпшақ, Қоңырат. Ұлы жүз мына төрт тайпа арқылы толық көрінеді: Үйсін (сегіз ата Үйсін), Қаңлы, Қатаған, Жалайыр. Қазір де қазақта Үйсінге қосылмайтын, Ұлы жүздің "Үйсін емес" рулары - Қаңлы (Шанышқылымен бірге), Қатаған және Жалайырдың да сол кездің өзінде бөлек алынғаны да таңданарлық.Кіші жүз тағы да Алшын (бұл деген негізі 12 ата Байұлы мен 6 ата Әлім), сосын Жетіру және басқа рулар көрінеді: Тама, Табын, Керейіт, Шүрен (Назар-Шүрен), Рамадан, Кердері, Шеркеш, Тілеу, Күлекеш (Беріштің тармағы), Жөйт (Дөйіт) т. б. Бұлардан басқа қазір қазақ руларының әрқайсысының ішінен ажыратылатын аталарының атауларынан және тайпалық құрамынан табылатын бұлақ, болат, болатшы, барлас, балташ, бүркіт, хангелді, құралас, меркіт, митан, отаршы, ойшы, шақпақ (шақшақ), қонақаш (Қонақай), шұбырған (шұбыртпалы), мамасейіт, сұран (сұраншы) . шымыршық (шымыр) т. б. рулар бар.Ал Мең (мың, минг), Азақ (ас), Сулдуз, Қият сияқты тайпалар қыпшақтардың белгілі рулары бола тұрса да, толғымен Шайбаниді жақтаған сыңайлы, себебі түгелдей Өзбектердің (Өзбек қыпшақтарының) құрамынан табылады да, қазіргі қазақта көп жоқ. Қалғандары ежелгі Оғыз тайпалары және Монғол тайпалары, сосын халықтар да (қарақалпақ, түрікмен, қалмақ, ойрат, араб, бурят, дүрмен, ашар (авшар) т. б. ) бар. Тізімді қарағанда тек руларды қалдырып, бұл аталған халықтарды шығарып тастасақ, 92-ге шамалап қалатын тәрізді. Сосын, "қазақта қазір бұл 92-нің қайсылары бар" деп қайта санғанда, тарихи деректердегі айтылатын: "Көшпелі өзбектердің 92 тайпасының 71-і Керей мен Жәнібекті (Қазақ Ордасын) жақтады" деген мәліметтің шыныда да шындыққа тым жақын екенін көреміз."Абар" деген тайпа бар. Оның тарихына арнайы тоқталатын боламыз. Бұл негізі ОА-дағы эфталлиттердің (ақ ғұндардың) ұрпағы. Еуропада Еділ патшаның Гундер империясынан кейін, көшпенді Уарғун (Варгун) қағандығы орнаған, одан кейін Абар қағандығы орнайды. Егер кейбір тарихшылар айтатындай Еуропада орнаған "Уарғун қағандығы" (5-6 ғ. ) қазіргі қазақтағы Арғынға қандай да бір қатысы болатын болса, одан соң Еуропадағы көшпелі мемлекеттердің әулетін - Ақ ғұндардың ұрпақтары Абарлар жалғастырған болса, әрине "Арғын" сөзінің - Абар және Гун сөздерінің тіркесінен шығаруға да болады. Абар+Гун=Арғын.Былай қарағанда сенімсіз түркес болғанымен, алдымен ол империя "Гун" деп аталады, кейін "Варгун" деп екі халықтың атымен аталады. Одан соң "Гун" атауы қалып тек бір халықтың атауымен "Абар" деп аталады. Бұл, мысалы, біздің далада Қимақтарды Қыпшақтардың атауы ығыстырғаны сиқты. Бір кездегі "Қимақ даласы" (Қимақия) үш жүз жыл өткен соң енді "Қыпшақ даласы" деп аталған. Қимақтардың құрамында қыпшақтар да болған, кейін үстемдік алған. Яғни Гундердің басында басым болғанын, сосын екеуі теңескенін, ақыры Гундерді Абарлардың ығыстырып шығарғанын көрсетеді. Еуропада одан кейінгі көшпенділер мемлекеттерін жалғастырған Бұлғарлар және Мажарлар, Гагауздар. Сөйтіп, Еуропа жерінде көшпенділер әулеттерінің мемлекеттері Еділ қағаннан бастап, 16 ғасырға дейін үзілмей келген.Әйтсе де, жоғарыда көрсеткендей ежелгі Саха халқы (Якуттар) өздерінің аталары деп Арғынды және Сопыларды (Мейрамсопы) көрсететін болса, онда ертедегі Қимақ хандығының негізгі халқы да Арғын болғаны көрінеді. Ондай болған жағдайда да, "Арғын" деген Бұлғар (Кіші Ғұндар) және Қыпшақ тайпаларының тоғысуынан пайда болған ұлыс болып шығады. Онда бұл - ерекше құрылым.Себебі жоғарыдан көргеніміздей кез келген Түркі халқының құрылымы бірінің үстіне бірі келіп жамалған үш қабаттан тұрады. 1. Бұлғарлар (Ғұндар қабаты - төменгі, ежелгі қабат - б. з. б. 2 ғасыр) 2. Оғыздар (Көне Түркі қабаты - ортаңғы қабат - 7 ғ) 3. Қыпшақтар (Көк Түркі қабаты - кейінгі жаңа қабат - 11 ғ. ) . Бұл қабаттың қайсысы басым, сол Түркі халқының тілдік және туыстық ерекшелігін анықтайды. Мысалы, Чуваш, Татар халқында Бұлғар қабаты басым, Түрікмен, Түрік халқында Оғыз қабаты басым, ал Қазақ, Қырғыз халқында Қыпщақ қабаты басым т. с. с. кете береді . . .2. Қазақ хандарының шежіресі туралыҚазақ хандарының барлығының Ұлы Атасы - Орыс хан. Бұл жерде барлық жазбалар мен шежірелердің арасында бірізділік бар. Сондықтан осы кісіден бері қарай таратып көрейік. Орыс хан - Ақ Орданың ханы. Көптеген зерттеушілер Орыс ханның екінші аты Ақнияз хан (Алаша хан) болған деген пікірді қолдайды. Және ол Қазақ мемлекетінің негізін салушылардың бірі деп есептейді. Себебі аңыздағы Алаша ханның өмірі Орыс ханның өміріне тым ұқсас. Егер олай болатын болса, бұған таң қалатын ештеңе жоқ.Себебі, Бату хан, мысалы, біздің халықтың есінде Сайын хан (Ер Сайын) деген атпен қалды, біздің халықтың аңызында, Асанқайғы, Жиренше шешендердің заманында "Әз-Жәнібек" болып жүретін ол - Алтын Орданың ханы Жәнібек. Немесе Үлкен Жәнібек. Ал қазақ Ордасының негізін салған Жәнібек (Керей мен Жәнібектегі) халық аңыздарында негізі Абу Саид (Әбусағит) деп аталады. Ал Әбілмансұр деген атау қазақтың тарихи жырлары мен әңгімелерінде мүлде кездеспейді. Ол хан Абылай деп аталады. Осылайша бір тарихи тұлғаның бірнеше атауы болуы заңдылық болып көрінеді. Егер тарихтағы Орыс ханды қазақтар "Ақнияз" немесе "Алаша хан" деп атаған болса, ол әбден заңды болып көрінеді. Ал сол кездегі тарихи жазба деректерде "Қазақ Ордасының" атауы "Орыс ханның балаларының елі" немесе "Ақ Орда" деп аталады . . .Орыс хан (Ақнияз) 1398 жылы таққа келген. Ақ Орданың тағына одан кейін Орыс ханның сегізінші ұлы Құйыршық хан, одан кейін Құйыршықтың тұңғыш баласы Барақ хан отырады. Жәнібек хан (Әбусағит) осы Барақ ханның үлкен ұлы. Ал оның аталасы Керей хан - Болат сұлтанның баласы. Болат сұлтан - Тоқтақия сұлтанның баласы. Тоқтақияның өзі - тағы да сол Орыс ханның тоғыз баласының бірі. Сөйтіп Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей шөбере ағайындар болады: екеуі Орыс ханның екі баласынан тараған.Жәнібек пен Керейден соң, Қазақ Ордасының тағына Бұрындық хан отырды. Бұрындық - Керей ханның баласы. Бұрындықтан кейін Керей ханның ұрпақтары Қазақ хандығының тағына келген жоқ. Одан кейін 250 жыл бойы Қазақ хандығын Жәнібек ханның ұрпақтары биледі. Бұрындықтан соң, Жәнібек ханның үлкен баласы Қасым хан таққа отырды. Қасымнан кейін таққа келген оның үлкен баласы Мамаш. Мамаштан кейін таққа отырғандар - Таһир, Бұйдаш, Қожахмет, Тоғым хандар - бәрі де Жәнібек ханның балалары, яғни Қасым ханның інілері, Жәдік, Өсеке сұлтандардың ағалары. Осы кезде қазақ хандарының (Таһир ханмен бірге) ішінде аталатын Ахмет ханның қай атадан тарайтыны туралы дерек жоқ. Тарихи деректерде "Қазақтың ханы" деп аталғасын бұл кісінің де есімін де қалдырып кетуге болмайды . . .Одан соң таққа келген Ақназар (Хақназар) хан - ол да Қасым ханның баласы. Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы - тарихта белгілі Жәдік сұлтан болатын. Осы Жәдік сұлтанның баласы Шығай хан Хақназардан кейін хан тағына сайланады. Қазіргі қазақ халқындағы Төре руының тең жартысы Жәнібек ханның кіші балалары Жәдік және Өсеке сұлтандардан тарайды. Жәдік әулеті Қазақтың Ұлы ханы және Орта жүз бен Ұлы жұз тағына отырды да, Өсеке әулеті, Әбілқайырдан бастап, Кіші жүзді биледі.Шығай ханның үлкен ұлы - Тәуекел хан. Одан кейін Есім хан - Тәуекелдің інісі. Салқам Жәңгір - Есім ханның баласы. Одан соңғы Әз-Тәуке - Салқам Жәңгірдің үлкен баласы. Қайып хан - Тәукенің інісі. Болат хан - Тәукенің баласы. Әбілмәмбет хан - Болат ханның баласы . . . Салқам Жәңгірдің тағы бір баласы Бақы (Уәлибақы) болатын. Одан Қанышер Абылай, одан - Көркем Уәли. Әбілмәмбет ханнан кейін хан тағына отырған Абылай хан - осы Көркем Уәлидің баласы. Одан кейінгі қазақ хандары Уәли - Абылайдың баласы, Ғұбайдолла - Абылайдың одан тараған немересі. Кенесары хан - осы Ғұбайдолла ханның інісі. Осымен Қазақ хандары аяқталады . . .Ұлы жүзде - Жолбарыс сұлтан билеген. Жолбарыс сұлтан - Тұрсын ханның баласы еді. Ұлы Жүздің тағына Болат хан (Әбілмәмбеттің баласы) келеді. Есім хан (Сәмеке ханның баласы) отырады. Одан кейін Әбілпейіз, Тәке және Қанқожа (Әбілмәмбеттің балалары) келген. Қанқожаны Ұлы жүздің соңғы ханы деп есептейді. Себебі оның Астанасы Түркістанды Ташкенттіктер басып алды. Одан Қоқандықтар басып алды.Орта жүзде. Сәмеке ханның өзі Әз-Тәукенің баласы. Орта жүздің Сәмекеден кейінгі хандары - Күшік және Барақ хандар - Тұрсын ханның балалары. Дайыр, Жантөре хандар Барақтың баласы. Жәнібек және Жәңгір хандар - Есімханның балалары. Бұлардың (Сәмеке мен Барақтан кейін) аттары көп естілмейтін себебі, Есім хан мен Әз-Тәукеден бастап, Абылайға дейін (негізі бәрі де Орта жүздің хандары) Орта Жүздің хандары Қазақтың ханы болып есептелетін.Кіші жүзде. Әбілқайыр (1693-1748) . Өсеке сұлтаннан (Абусағит-Жәнібеханның баласы) тарайды. Өсеке - Бөлекей - Айшуақ - Ырыс - Қажы-сұлтан. Әбілқайыр Қажысұлтанның баласы. Әбілқайырдан соң Кіші жүздің ханы Батыр хан (1748-1771) болады. Батыр - Қайып ханның баласы. Одан кейін Нұралы хан (1770-1786) - Әбілқайырдың баласы. Қайып хан (1786-1791) - Батыр ханның баласы. Ерәлі (Әбілқайырдың баласы) - 1791-1794. Одан кейін Есім, Айшуақ, Жантөре Серғазы және Қаратай, Бүлекей, Темір, Қасым, Қайыпқали хандар отырған. Бәрі де Әбілқайырдың (одан Нұралы мен Ерәлінің) ұрпақтары. Сонымен қатар Батыр ханның ұрпақтары Әбілғазы, Арғынғазы, Шерғазы, Жанғазылар Кіші жүзде да әр аймақта хан болған.Бөкей ордасында Бөкей хан (1812-1815) - Нұралының баласы. Шығай хан - (1815-1824) Нұралының баласы. Жәңгір хан (1824-1845) - Бөкей ханның баласы. Кіші жүзде одан кейін Ермұхамбет (1845-1852) хан болады. Оның шежіресі, аталары Әбілқайыр - Ералы - Бөлекей - Қасым - одан Ермұхамбет. Кіші жүз билеушілері осылай аяқталады.Бұл жерде де Төрелердің тарихы мен шежіресі туралы жақсы форум бар екен:. . . Енді Орыс ханнан әріге қарай жүрсек, Сол кездегі Парсы тарихшылары жазған "Мунтахаб ат-таварих-и Муһини" ("Муһинның қысқаша жазылған тарихтары") және Моғнолдардың өздері жазып қалдарыған "Чингис хааны язгуур төрлиин-цадигууд" ("Шыңғыс ханның үлкен шежіресі", оның "Қыпшақ хандары" деген тарауы) шежірелеріне қарасақ, Орысханның әкесі Шымтай хан екенін көреміз. Шымтай хан - Ақ Орданың ханы. Шымтайдың өзі - Ақ Орданың Ерзен (бірде Абисан деп аталады ол кісі) ханының баласы. Ерзеннің әкесі Сасыбұқа, оның әкесі Баян (Буян) хан. Баян хан Ақ Орданың ханы тағына 1301 жылы отырған. Баян Ханның әкесі - Қали (Кули) . Қали (Кули) Орда Еженнің баласы. Орда Ежен - Жошыханның баласы. Енді осы шежірелік тізімді жоғарыдағы тарихи деректер бойынша құрастырылған "Ақ Орданың хандары" тізімімен салыстырсақ, бәрі де ап-анық бола кетеді . . .Мынау байтақ дүние, маған да бір қарашы,Танимысың сен мені, мен - қазақтың баласы!:
:
:
1. Тоқсан екі баулы Өзбек-Қазақтың (Дешті-Қыпшақтың) тізімі туралыИә, alpawit, жазбалар көбейіп, бәрі де араласып кеткен, ішінен керекті табу қиын болып барады. "92 баулы Дешті-Қыпшақтың (Өзбектің) " тізімі бұл жерде бар:Немесе өте маңызды дерек болғандықтан, алда да Дешті Қыпшақ және Жошы Ұлысы, Алтын Орда туралы әңгіме қайта-қайта қозғала беретін болғасын қайтадан көшіріп қойдым, оның ішінде қазақтың қазіргі барлық ру-тайпалары толығымен негізінен бар. Нағыз Қыпшақтық ру-тайпаларды (қазіргі қазақ пен Өзбекке және Ноғайға бөлініп түскен) оқырман өзі табатын шығар. Сонымен бірге Оғыз тайпалары, Монғол тайпалары, Угор тайпалары, ішінара Бұлғар тайпалары және шағын халықтар атаулары кездеседі:. . . Дешті-Қыпшақты мекендеген рулардың тізімін берер алдында сәл ескеретін жайды айтқым келеді: мен олардың саны дәл 92 болуына күш салған жоқпын. Және ол рулар дәл осы күйінде "92 баулы қыпшақ" аталды деп айта алмаймын, алайда сол кезеңде, яғни 11-14 ғасырларда осы далада осындай ру-тайпалар болғаны жазба деректер бойынша ақиқат. Мен тек сол кездегі ру-тайпалар мен ұлыстардың барынша толық қамтылуына, ешкімнің де қалып қоймауына, сөйтіп толық қамтылуына күш салдым. Бұл аталған руларды оқырмандар көбін білетін немесе шырамытатын шығар. Біреулер белгілі бір руды таппаса, оның ішіндегі бөлімін табатын шығар, кейбір рулардың, бөлімдердің атаулары қазіргі тұрғыдан қате жазылған шығар, мен олардың жазбалардағы сол кездегі аталуын өзгертпеуге тырыстым:абар, ағар, азак, алшын, араб, арғын, арлат, ауған, ашар, баған, бағлан, байауыт, балташ, барлас, болатшы, будай, бұйазут, бойат, бұланшы, булат, булақ, бурия, бүркіт, бурят, гирей, ғыйрат, жалайыр, дүрмен, жабу, жорға, жөйт, щұбұрған, журат, жүз, жыйыт, илашы, кары, қатаган, келеші, кенегес, керейіт, кердері, кият, кожалық, көшші, кулекеш, күрлеуіт, қабаша, қалмақ, қангелді, қаңлы, қарақалпақ, қарлұқ, қонақаш, қоңырат, құралас, құтшы, қыпшақ, қырғыз, қытай, қыштық, мажар, мамасейіт, манғыт, мең, меркіт, митан, мұндұз, найман, никуз, оғлан, оймауыт, ойрот, ойшы, оң, оңғұт, отаршы, рамадан, сарай, сахтиян, сулдуз, сұран, табын, тама, таңғұт, тарғыл, татар, тейіт, тойшы, тубай, тувадак, тұрғақ, тұрмауыт, түрікмен, тілеу, уыз, ұйғұр, үйсін, хафиз, чилкас, чоплачи, чувут, шыкыр, шынабай, шақпақ, шеркеш, ширин, шит, шүрен, шүршіт, шымбай, шымыршық, ылашы.* бұл ру-тайпа және халық атаулары "Мажму ат-Тауарих" және "Тухфат ат-тауарих-и хани" еңбектерінен теріп алынды.Бұл 92 баулы Өзбек-Қазақ туралы басқа да тізімдерді мына жерден табуға болады. Онда Өзбектердің Ғылым Академиясының және Қырғыз ғалымының құрастырған тізімі бар бар екен. Бәрін де қатар қойып салыстырып көруге болады. Мен де өзімдегі тізіммен салыстырып, онша көп айырма тапқан жоқпын:Қазақтың 50 пайызын құрайтын Орта жүз толығымен көрінеді: Гирей (қазіргі Керей мен Уақ), Найман, Арғын, Қыпшақ, Қоңырат. Ұлы жүз мына төрт тайпа арқылы толық көрінеді: Үйсін (сегіз ата Үйсін), Қаңлы, Қатаған, Жалайыр. Қазір де қазақта Үйсінге қосылмайтын, Ұлы жүздің "Үйсін емес" рулары - Қаңлы (Шанышқылымен бірге), Қатаған және Жалайырдың да сол кездің өзінде бөлек алынғаны да таңданарлық.Кіші жүз тағы да Алшын (бұл деген негізі 12 ата Байұлы мен 6 ата Әлім), сосын Жетіру және басқа рулар көрінеді: Тама, Табын, Керейіт, Шүрен (Назар-Шүрен), Рамадан, Кердері, Шеркеш, Тілеу, Күлекеш (Беріштің тармағы), Жөйт (Дөйіт) т. б. Бұлардан басқа қазір қазақ руларының әрқайсысының ішінен ажыратылатын аталарының атауларынан және тайпалық құрамынан табылатын бұлақ, болат, болатшы, барлас, балташ, бүркіт, хангелді, құралас, меркіт, митан, отаршы, ойшы, шақпақ (шақшақ), қонақаш (Қонақай), шұбырған (шұбыртпалы), мамасейіт, сұран (сұраншы) . шымыршық (шымыр) т. б. рулар бар.Ал Мең (мың, минг), Азақ (ас), Сулдуз, Қият сияқты тайпалар қыпшақтардың белгілі рулары бола тұрса да, толғымен Шайбаниді жақтаған сыңайлы, себебі түгелдей Өзбектердің (Өзбек қыпшақтарының) құрамынан табылады да, қазіргі қазақта көп жоқ. Қалғандары ежелгі Оғыз тайпалары және Монғол тайпалары, сосын халықтар да (қарақалпақ, түрікмен, қалмақ, ойрат, араб, бурят, дүрмен, ашар (авшар) т. б. ) бар. Тізімді қарағанда тек руларды қалдырып, бұл аталған халықтарды шығарып тастасақ, 92-ге шамалап қалатын тәрізді. Сосын, "қазақта қазір бұл 92-нің қайсылары бар" деп қайта санғанда, тарихи деректердегі айтылатын: "Көшпелі өзбектердің 92 тайпасының 71-і Керей мен Жәнібекті (Қазақ Ордасын) жақтады" деген мәліметтің шыныда да шындыққа тым жақын екенін көреміз."Абар" деген тайпа бар. Оның тарихына арнайы тоқталатын боламыз. Бұл негізі ОА-дағы эфталлиттердің (ақ ғұндардың) ұрпағы. Еуропада Еділ патшаның Гундер империясынан кейін, көшпенді Уарғун (Варгун) қағандығы орнаған, одан кейін Абар қағандығы орнайды. Егер кейбір тарихшылар айтатындай Еуропада орнаған "Уарғун қағандығы" (5-6 ғ. ) қазіргі қазақтағы Арғынға қандай да бір қатысы болатын болса, одан соң Еуропадағы көшпелі мемлекеттердің әулетін - Ақ ғұндардың ұрпақтары Абарлар жалғастырған болса, әрине "Арғын" сөзінің - Абар және Гун сөздерінің тіркесінен шығаруға да болады. Абар+Гун=Арғын.Былай қарағанда сенімсіз түркес болғанымен, алдымен ол империя "Гун" деп аталады, кейін "Варгун" деп екі халықтың атымен аталады. Одан соң "Гун" атауы қалып тек бір халықтың атауымен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары еңбектері
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Бату, Батый, Сайын хан
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Қазақ хандарының шығу тегі
Мәдени даму мен теориялар
Керей және Жәнібек хандардың хандықты құруы
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz