Қазақ халқы математиканы бесіктен бастауы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазқстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогткалық институты .

Жаратылыстану және педагогика факультеті
Педагогика психология және бастауыш
оқыту әдістеме кафедрасы.

Тақырыбы: Қазақ халық есептерін қолданудың тиімді тәсілдері.

Орындаған: Хурман. М.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор: Қағазбаева Ә

Арқалық 2005 жыл
Жоспар

Кіріспе
1. Қазақ халық есептерін қолдану тәсілдерінің педагогикалық
психологиялық негіздері.

1.1 Қазақ халқы математиканы бесіктен бастауы.
1.2 Ұлттық маз мұнды есептің сырын ашу
2. Халық есептерінің түрлері және оларды қолдану тәсілдері.
2.1 Халық есептерінде ертегілердің тәрбиелік мәні.
2.2 Халық есептері сабақтарында шығарған әдістемесі бойынша
сабақ жоспары.
Қортынды.
Пайдаланған әдибеттер.

Кіріспе
Математика сабағын өтуде халық педагогикасының түрлерін пайдаланудың рөлі
зор. Оқушыларды қазақ халық педагогикасы негізінде ұлттық сана сезімі
оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары,
ар-ожданы мол, еңбекқор етіп тәрбиелеу. Заманға талқысынан өтіп, өңі
өзгерсе де сөлі қалған, көк шыбықтй майысқақ, атадан балаға мұраға қалған,
жүрек қылының пернесі-ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, өндеп
келешек ұрпаққа ұсыну оңай шаруа емес. Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу
үшін оның құрылымын да білу керек.
Халықтың математика- біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе
ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек не дұзақ шешу, мақалдап сөйлеу, ұсақ
заттармен өнер көрсету, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады. Бұл халық
аузындағы есептің сипаты. Әр ғасырда өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс-
тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жету ізін, филасофиялық
күрмеуін, қазақ халқының тәлімінің сыр-сипатын бейнелейді. Осыдан да оның
өз үні, өз лебі, өз көз-жасы, өз тілі бар.
Сондықтан да қазақ халық есептерін, соның ішінде матиматикалық ойлауға
баулитын есептпрді бастуыш мектептен бағытты қолдану арқылы
оқушылардың танымдық қаблетін белсенді ету жолдарын іздеу. Диплом
жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу проблемасы: Қазақ халық педагогикасында матиматикалық
танымдар қалыптастыру жолдарын қарастыру оны оқыту үрдісінде қолдану
мүмкіндігін ашу.
Зерттеу обектісі: Бастауыш мектепте матиматиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Халық есептерін оқыту үрдісінде қолданудың тиымды
жолдарын қарастыру.
Зерттеу мақсаты: Жас ұрпақтың матиматика пәніне қызығушылығын
артыру, дамуына білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеу.

Зерттеу мәселелері:
1. Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау.
2. Қазақ халық педагогикасында матиматикалық танымды қалыптастырудың
жолдарын айқындау.
3. Халық есептерінің тұрлерін және оны қолданудың тиымды
тәсілдерін нақтылау.
4. Халық есептерін сабақта қолдану әдістемесіне арналған сабақ
жоспарларын жасап практикада тексерістен өткізу.
Болжам: Қазақтың халық есептерін матиматика сабағында тиымды
қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және сабаққа
деген ынтасын артырады.

Қазақ халық есептерін қолдану тәсілдерінің педагогткалық,
психологиялық негіздері.

Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтың педагогиканы тәлім-
тәрбиенің тұр қазығына айналдыру ата-ананың да мектеп ұйымының да басты
борышы.Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы
ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми- педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру
проблемаларына көптеген ғылымдар педагогтар көңіл аударды. Құнды пікірлер
айтты, өнерлік мұра қалдырды. Әр халықтың өзінің жас ұрпағын қайырымды,
ауал үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ождан мол болып
өссін деп армандайды. Халық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп,
жаңарып, жаңғырып, шым болаттай тіршілік тынысын салт-дәстүрлері мен біте
қайнасып, бірге жасасып келе жатқан қазына. Қазақ халқының ұлы педагогы
этнографы, жазушысы Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық
еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген. Мәселен Өрмекші,
құмырсқа, қарлығаш атты әңгімеде әкесі он жасар баласымен далада жүріп
келе жатып бірнеше сұрақтар қояды.
- Балам, анау өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр?
- Көремін әке, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында тістеген бидайы бар.
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар. Сонда әкесі:

Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі саған ғибарат:
өрмекші, маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұсталғаннан кейін оны өзіне азық
етеді.
Құмырсқа бала-шағаларына тамақ тасып тапқанын өзі жемей, аузына тістеп
қуанғанынан ініне жүгіріп кетіп барады. Қарлығаш балаларына ұя салуға шөп
жинап жүр. Міне, көрдің бе, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де ертеден
кешке дейін уақытынды босқа жіберме, еңбек етуге әдеттен.
Ы. Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін
қалыптастыруда еңбек, адамгершілік, ой-өріс, ақыл-ой, тәрбиесінің ерекше
орын алатынын атап көрсетті. Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсариннің ұлағатты
сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады.
Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта
жаңарту кезінде кең мағынада насихаттау әрбір ғылымның, мұғалімнің борышы
болуы қажет.
Математика пәнін оқытуда және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде
шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрін,
әдет-ғұрптарын туралы түсінік беруге әбден болады. Математика сабағын халық
педагогикасымен байланыстырудың өзіндік қиын жақтары көп. Оның басты себебі
мектептегі математика оқулықтарының басқа тілден аударылуы, оның ішіндегі
мысалдар мен есептердің біздің халыққа тән еместігі. Дегенмен, халқымыздың
ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-
дәстүрінде математикамен байланысқан тұстарын көптеп байқауға болады.
Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың кейбір тұстарында тиімді пайдалану,
оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт-дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен
қарауға үйретері сөзсіз. Мына өлең жолдары математика тарихынан хабардар
етеді:
Геометрия ғылым болып,
Греция қаланған.
Сонан кейін Азия мен Еуропаға тараған,-дей отырып,
ғылымның қай елдерде бұрын, қай елдерде кейін дамығанын оқушылар санасына
көркем сөзбен жеткізсе, ол санада жақсы сақталған. Математика сабағында
халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында
қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел
қатыстыру мақсатын көздейді.
Егер ойын сабақтың ортасында қолданса, онда мұғалімнің мақсаты
оқушылардың көңіл күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып ерік-жігерін
дамыту. Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту не сал сабақтан алған
білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-
тәрбие процесін жетілдіру мақсатында қолданылып келеді.
Халық педагогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру,
ойнату әдісі болып табылады,олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары
мен мінез-құлқының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасуы құралы деп те
ерекше бағалаған. Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану
оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз
халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата-мұрасын кейінгі ұрпақиарға
жеткізу құралы болып табылады. Ғалым әрі ұстаз С. Елубаев өзінің Қазақ
халқының қара есептері (Қазақстан баспасы, 1996) деген монографиялық
еңбегінде мынандай тұжырым жасайды. Әр иүрлі есептерді пайдалану
оқушылардың жас шамасына шақталып оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін,
математикалық ықыласын, инициативасын арттыратындай болған жөн. Қызықты
есептер, математикалық өлең, әзіл, ертегі, тақпақ, жаңылтпаштар тапқырлығы
талап етіледі. Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді. Оны шешу
қатаң дәлелге сүйенеді. Тақпақ есеп арқылы математиканың өмірден алатын,
қоғамды дамытуға рөлін сипаттаймыз. Мұндай есеп оқушыларды ұйымшылыққа
ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, математиканы құрметтеуге, адал еңбекті
бағалауға, достыққа тәрбиелейді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір
саласы болып табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге
әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақ халқы
өмірге дені сау шыныққан, әділетті, өнерлі, елін, жерін, сүйетін азаматтар
тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарын таусылмас мұра қалдырған. Халқымыз
ойындарға тек балаларды алаңдату, ойнату әдісі деп қарамай жас
ерекшеліктеріне сай олардың көзқарстарының мінез-құлқының, қырағылығы мен
тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Бала
кішкентайынан ата-анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық
ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатқан.
Өкінішке орай, қазақтың көне ұлттың ойындарын бұл мақсатта пайдалануға
жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Ұлттық ойындарды сабақта
үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады. Математика
сабағында ұлттық салт-дәстүр мазмұнды есеп ойындарды пайдалану оқушылардың
тапқырлығын, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-
дәстүрін ата-мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып та табылады.
Еңбегімізде сондай есептердің сыныптан қосу мен азайту амалдарын өткеннен
кейін беру әдістемелік жағынан дұрыс болады. Ойынға сынып оқушыларға түгел
қатыстырылады. Ойынның мазмұны мынадай болады.
- Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатады.
- Үшеумізде он оннан асық бар еді. Енді кімде қанша асық қалды? –деп
сұрайды бірінші бала.
- Он қалыпты, - дейді екіншісі.
- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,- дейді
асықтарын түгелдеп қалтасынан алған үшінші бала.
- Ең көп ұтылған мен ғой, - дейді бірінші бала. Ойын соңында бірінші және
екінші балада қанша асық қалды.
Тоғыз тарау иірімдерінің біре-шігесін меңгеріп, зерде тезіне
салып,керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін
табесепті шешудің алтын балдағы. Алтын балдақ-қарашық біреу емес. Ол
көп. Із кезең табасың. Есеп освдан да сан қилы жауап табады. Ол қазақ
халқының ауызекі тарған есебінің кемшілігі емес-артықшылығы. Оқушыларды
қазақ халық педагогикасы кезінде ұлттық сана сезімі оянған, рухани,
ойлау дәрежесі биік, талғасы жоғары, ар-ожданы мол еңбекқор етіп
тәрбиелеу.
Қазіргі оқу құралдарының бір олқылығы-баланыңі ойлау жүйесін мектеп,
бірегей жолмен жүруді үйретеді. Осыдан да ол еркіндік алып, ырғақсыз
жолмен жүре алмайды. Кедергіге кездессе, қайрат күші тасыр, қайткенде
женіске женіске жетем деген ой мазаламайды. Қайта салы суға кетіп,
жасып, пышақтай дүзі қайрылып қалады. Саурылып, болаттай шындалмаған.
Халық педагогикасының негізінде тәрбиеленбеген баланың мәңгүрт, дімкес
болуының басты себебінің бірі-осы.
Қазақ халқы біздер сияқты, тәрбиені-саяси тәрбие, атанстік тәрбие деп
бөлмей, оны ене тәрбиесі деп тәрбиенің сан саласын бір кісінің қолына
беріп, бір көзқарастан-халықтың көзқарастан, тұтастық көзқарастан
қараған. Осыдан да халық тұжырымдарының философиясы-педагогикасынан,
ілімі-тәлімінен табылады.
Қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағы босымдау. Ол
осынысымен құнды. Осылай десен те қазақтың білімінің тоамыры терең. Олар
қазіргі тілмен алғанда санаудың әр түрлі жұйесін, мәселен үштік, оңдық,
тоғыздық, пайдаланған. Тоғыздық жүйесі ешбір халықта кездеспейді.
Есептері бір, екі, үш, көп белгісізді теңдеулер мен олардың жүйелеріне,
арифметакалық және геометриялық професияларға, Бернулли санына, диофант
теңдеуіне, графтар әдісіне, теңсіздіктер шешуге, жабулар теориясына,
орналастыруға т.т келтіреді. Және де бұл есептерді қазіргі есептеу
құралдарымен де шешуне болады. Қазақтың мұра болу иебі Симплекс әдісіне
келсе, абжад есебі тек шығыс халқына тән ерекшелік. Мүшел есебі зекет
есебі, бітір есебі, тоғыз құмалақ есебі өз алдына әңгіме.
Қазақ педагогикасының математикалық астарлады да түрліше. Олар біресе
жұмбақ, біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертек,
біресе жұмбақ, біресе дұзақ, біресе ұйқас табу, біресе мақалдап сойлеу,
біресе ұзақ заттармен өнер көрсету, біресе сиқырлы ой айту, біресе
тұрмысзаттарын жасау түрінде кезделеді. Осыдан да қазақ халқының
математикалық білім бастауы жасаған ер-тұрман әбзелдерінде, құралыс
сәулеттерінде, тартқан домбрасында, жан дәуірінде, асыраған малында,
еккен егінінде, зергерлік бұйымдарындарында, тоқыған алашасы мен
келемінде, қызқартып айтқанда күн көрісінде.
Қазақтың өзі бірде елгезек, ақ көніл, ойындағысын айтыпқолтын, ауызында
сөз тұрмайтын, сөзін қысқа, ойын нұсқа айтатын халық. Кең даласын шашау
шығармай қорғау білген жауынгер, көлденең көк аттыны күтіп алатын дархан
болғанмен, оның тұрмыс-тіршілігін, салты мен дінін, тәрбие-тәлімін
білмейтіндерге, есептерінің бәрі бірдей құшағын айқара ашып, қарсы ала
бермейді. Халық есебінің бір ерекшелігі осы.
Екінші жағынан, халық есептерінің өзімен туыстас, жалғас, көршілес
елдердің салт-санасымен астарласып, үндесіп, қабысып жататындығы тағы
бар.
Қазақтын мұра болу есебі Симплекс әдісіне келсе, абжад есебі тек шығыс
халқына тән ерекшілік.
Барған жерін Балқан тау,
Ода біздің көрген тау,-
Демекші, қытайдың буы, орыстың ну-фуы, қазақтың тууі түп тамырлас.
Мәселен Бір тоғыз, Жә, тай қайда кетер дейсің, Той тарқаған соң,
Зекет жинау-сияқты есептер-тонның ішкі астары болса, Тиімді сауда,
Шеппен киген
Қара мен Қарқалы хан есептері ұлттық иден өтіп, халық құлағына жағымды
естілген, даналықты бағалаудан туған есептер.
Кейде мынадай да жағдай болып жатады. Алыстағы екі ел бірін-бірі
белмесе де, алыс-берісі болмаса да ой толдқыны бірдей өрнекіліп, ауыздан
шығып жатады. Біреудің ала жібін аттама мәтелі ежелге қазақтар мен грек
халқында да кездеседі. Ойламаса ми сасиды, қозғалмаса су сасиды дегенді
қазақ менікі десе, неміс халқы біздікі дер еді.
Кітапқа негізінен ауызша шешілетін есептер ғана егіледі. Десек те, ата-
бабамыздың ойлау жүйесін көрсету үшін, бірлі-жарым басқа әдістермен де
шешіп көрсеттік. Мәселен, Табақ тарту, Есің кетсе, ешкі жи,
Жұбанияз ұстаның шілтері, Қара кемпір есебі, Әуелеген бозторғай
осындай есептер.
Адамгершілік тәлімі тәлкекке түсіп, көмескіленіп, тәрбие мәселесі енді-
енді ғана қоға алына бастағанына көп уақыт болған жоқ. Ата-бабамыздың
ғасырлық тәжирибесін еске түсіру, оны басшылыққа алу, ретін келтіріп,
орайына қарай пайдалану бізге мәртебе.
Тәрбие –сан қырлы. Ата-тегіңнің табысын айту, халқының дәстүрін
сақтау, оны өз заманынның қағидаларымен шендестіру тәрбиесінің бір көзі
деп білеміз. Есеп аттары мен түйіндеулеріне зер салсақ, мұны айқын
байқауға болады. Ескісіз жаңа болмайды есебінде есепсіз дана
болмайды түйіндеу айтылса, Үнді мейінде
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі,-
Деп есепті шешуге болатындығына, әрі ол өзіне таныс нәрседен басталады
дегнге тірледі.
Бозда боз ат мінген атам,
Бозда боздан жүрген атам,-
Жаңылтпашы арқылы аспаннан түскен қара тасты ой жүйесіне салып табушы
Жаман атты қойшы екеніне көңіл аударылып, еңді Тас түскен жерінде ауыр
есебін шығарып, жастардың үлкен ісін жалғастыру керектігіне мегзейді.
Бәрін бірге ойлап қой есебі.
Қырық бір түйір қамалақ,
Өтірік айтпай, шынын айт,-
Түйіндеуімен бітеді де қазақ даласында да құмалақшының да өз есебі бар
екендігі, оның құрмет пен сенімге ие болғанына құмалақшы да бірлікке
шақырғанына күмәндәнбейміз.
Сандар теориясының заңына бағытынан қырық бір құмалақты белгілі жүйеді
орналастырып, сөйлете білу-қазыргі жоғары білімді кейбір математикагорге
де оңай шаруа емес. Ал оны адамның көңіл күйімен байланыстырып, құмалақ
салдырушының информациясын өндеп, болжам айту қазіргі аса білімді
дәрігерлерге де қиынның-қиыны.
Есеп түйіндеуі болжам мен ақиқаттың арасында алмақтық барлығына нұсқай
отырып, шындықты айқындайтын өзің екедігіне бас ұрғызады.
Сөйтіпғ құмалақ тілімен сөйлегенімізбен шешуші басты тұлға, өмірді
зерттеуші- кісі екендігіне тәнті болып, есепті шешуге жан-жүйемізді
босатып, бағдарлаймыз.
Есепті шешуге құлшындыратын құдірет те осы жердегі –мәтел,
қазіргіше айтқанда ынталандырушы буын. Қазақтың баяғыда жеткен табысына
психология ғылыми енді ғана бет бұра бастады.
Кішкентай ғана мінтас,
Алып ұрсам сынбас,-
Жұмбағы сырмақшы сыритын құрал ине екендігіне, ине өткен жерден жіп
өтетіндігіне, сабақты ине-құралы берілсе есеп шешілетіндігіне сендіреді.
Сабақты ине-сәтімен демекші, өмірдің, түйіршігі, асылы өзің екендігіне
қайрап, үстемдікке-сынбауға шақырады. Үшкілден құрақ құрастыру-тәркі
дүниеден жастарды аулақтап, қиындықтарды іске асырудың жолын іздестіреді.
Із кесу арқылы үлкен ауыл-математиканың бір жаңа саласы, жабулар теориясына
бастайды. Үш шаршы арқылы үшкілдеп қалғанда, алты қиық щыққанымен, үш сыруы
оларды біріктіреді. Бұл таным әдісі-анализден синтезге өтуі. Бірлік иүбі-
тірлік екенддігіне, сөйтіп бөлу мен біріктіру бірлікте өмір сүретіндігіне
сенім тудырады. Енді сәл ғана қиялдау қалды. Есептің оңайлығы баланы ауыр
жеңілден басталатындығына көзін жеткізеді. Сөйтіп, баланы, жасытпай,
қақпайлап, проблемалық ахуал тудыра отырып тәрбиелеу-қазақ педагогикасының
бір қағидасы. Есептердің біразы ертегі ретінде кездеседі. Халық
ертегілерінің жамандықтардан жирендеп, жақсылықтың кісіні рухтандырудағы
сиққырлы күшін, тайға таңба басұандай сусыз ен даладағы қалы бірақ ирелең
жол екендігіне бала шағынан біледі.
Осыдан да болар қазақ тәрбиені бесігінен бастайды. Бесігі түзелмей,
есігі түзелмейтіні білген халық Баланы жастан, қатынды бастан -деп
мәтелдейді. Баланы қалы-қайшылықты философияға толы ортада күнбе-күн
тәрбиелейді. Бала ешбір адамның ауылдың назарынан тыс қалмайды. Баланың
ибалығы мен ізеттілігі осыдан тындайды. Сырт қырығынды қазақ баласы ұяң,
сылбыр, жасық көрнуі мүмкін. Шынында да ол олай емес. Ол жан-жағымен
санасудан туған ішкі мәдениет, яғни сезім мәдениеті. Осындай табиғи тәрбие
беру-біздің басты міндетіміз. Ертегі есептердің халық арасында кең тарауы,
атадан балаға мирасталуының бір себебі осында жатыр.
Кітапта Ұлу есебі, Жұлдыз маржаны, Қыз Жібек, Жалқау мен шайтан,
Есек пен қашыр, Жүз қаз, Мысық түсі Сияқты ертегі есептер көлемді
баяндалады. Ертегі есептер десек те олардың ой орамы, түйіні-шындыққа
жүгінеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегенді ескерсек, ертегі
есептердің көбінің бір-ақ жауабы бар. Есеп шығарғанда бірден осыған көңіл
аударып, басты мәселені ажыратып алған жөн. Мәйекті мәселені ұстау-
жыраулардың да билердің де, батырлардың да басты қағидасы. Сонымен, қазақ
педагогикасының басты қағидаларының бірі алтын балдақты ұстау. Мұны қазіргі
тілде-негізгі материал дейді.
Ауыздан-ауызға тараған есептердің енді бір бөлігі-құлықтар. Бүк пе ішік
пе?, Тазша дұзағы, Секірмелі сақина, тәрізді құлық әрекеттері қолма-
қол табылатын заттармен орвндауға болады. Алғашқыда Найранбаз сырын ашу
қиын болғанымен, жиынға дәм беріп, доданы қыздыра түсу үшін бұл да қажет-
ақ. Ата-бабамыз мұны да ұмытпаған. Жан-жүйені басқарып, көпті аузына
қаратуды ойластырған. Жан-жүйені басқарып.көпті аузына қаратуды
ойластырған. Құлық сыры, біз ойлағандай, аса күрделі емес. Ол ойда3
қалдыруға оңай. Оның жауабын естігенде немесе көргенде әттеген-ай деп
қаласың. Құлық сөзі-қарапайымдылық пен ілім. Ілімін білсең-ін қазасың.
Бауырына тартып, баурап алатын сыр мінез Найранбазсыз халық мұрасы сыңар-
жақтылыққа келетіндіктен, әрі олар математикалық заңдылыққа
бағынатындықтан, аз да болса орын бердік.
Сан сұрақ сырына үнілсек, күнбе-күн көзбен көріп, құлақ шалып жүрген
көптеген ақиқаттың қыр-сыры ашылады. Сұрау оңай, жауабы қиын. Өйткені ол
ілім тіліне сүйенеді. Қожанасар қыршаңқы емес, білімпаз, дара дарын яғни
халық өкілі. Қар неге ақ?, Мысық жоғарыдан құлағанда неге төрттағандап
түседі?, Құмырсқа биіктен құлағанда неге өлмейді деген сұрақтар
жауаптарын
ойланып көрдіңіздер ме? Бұлар қожанасыр сұрақтары. Қожанасыр айтқандай –
ақ білімгердің білетіндерінен сұрап алдық. Қажанасыр демекші, оқиғалар
созуар Суайттықтың миғұла мәнгіліктің тозуына кейқуатының сұлу Ақсұйектің
бай Ерназардың, батыр Алпамыстың әнші Сараның жырау Тұсырманың, күйші
Құрманғазының биші Құлсейтовтың құлақ өнерпаз Найранбайдың ағартушы
Ыбырайдың және басқалардың аттарына баяндалды. Бұлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Бесік тәрбиесінің бала тәрбиесіне тигізер әсері
Отбасы және тәрбие
Математикалық логиканың пайда болуы
Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
2- сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін қолдану
Әжелер өнегесі
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Пәндер