Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
ӘОҚ 378.016:811.512.122 Қолжазба құқығында
КЕРІМБЕКОВА АҚБӨПЕ АЙТҚҰЛҚЫЗЫ
Қазақ тілін жоғары оқу орны студенттеріне фразеологиялық сөздік арқылы
оқыту әдістемесі
(гуманитарлық факультеттің орыс бөліміне арналған)
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (Бастауыш, орта
және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)
Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі
қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекшісі: Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Еркебаева Г.Ғ.
Ресми оппоненттері: Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Жақсылықова К.Б.
Педагогика
ғылымдарының кандидаты,
доцент Уайсова
Г.И.
Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік Қыздар
педагогикалық
университеті
Диссертация 2010 жылы 21 қазанда сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінде (50010, Алматы қаласы, Достық даңғылы
13; кіші конференцзал) филология, педагогика ғылымдарының докторы
(кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық
кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 20 қыркүйекте таратылды.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
Қосымова Г.С.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының міндеті болумен қатар олардың мәдени
деңгейінің де көрсеткіші болып табылады. Өйткені тілді білу тек қарым-
қатынас құралын меңгеру ғана емес, ең алдымен, өзі өмір сүріп отырған
мемлекетке деген, оның өзіндік заңнамалары мен талаптарына деген құрмет
болып та саналады. Олай болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болашақ
мамандардың да мүдделілігінің арта түсуі заңды. Ал мұндай мәселенің
туындауы жоғары білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқытудың сапасын
арттырудың жолдарын жан-жақты қарастыруды қажет етуде. Сондықтан да соңғы
жылдары бұл бағыттағы ізденістер ауқымы да кеңейе түсуде. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті
жағдайлар жасау керек, ( деген сөзіне орай мемлекеттік тілді оқыту
үдерісінде де студент тұлғасын дамытуға мүмкіндік беретін жолдарды саралау
күн тәртібіне өткір қойылып отыр [1, 7 б.].
Мемлекеттік тіл ( қоғамның барлық саласында қолданылатын қатынас тілі,
мемлекетті басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу
тілі. Тілдің өз дәрежесінде қолданылуы үшін пәнді оқытуда қазақ тілінің
қатысымдық, танымдық, тағылымдық қырларын өзара бірлікте меңгертуге, оның
көркемдік-эстетикалық сипатына мән беруге, болашақ мамандардың әлеуметтік
ортаның ерекшелігіне сай тілдесім мәдениетін қалыптастыруға басымдылық беру
керек. Бұл орайда студенттердің сөздік қорын толықтыруда, сөйлесім әрекетін
дамытуда маңызды рөл атқаратын, қазақ тілінің байлығы мен оралымдылығын
танытатын тілдік бірліктерді теориялық және практикалық тұрғыдан
меңгертудің мәні зор. Сондай тілдік бірліктердің қатарында фразеологизм де
бар.
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының, дүниетанымының айнасы
болып табылатын фразеологизмдер ( тақырыптық және семантикалық тұрғыдан көп
аспектілі, ойлау мен танымның ерекше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік
реңкке ие және тіл қабаттарының ішіндегі құрылымдық типтері мен
синтаксистік модельдері қалыптасқан тілдік бірліктер. Тілде сақталған әдет-
ғұрыптар мен салт-саналардың іздері де фразеологизмдерде айрықша байқалады.
Халықтың бүгінгі күнге дейін жеткен, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келген әдет-
ғұрыптары да фразеологизм уәждерінде айқын көрінеді.
Студентті тілдік қатынасқа төселдіруде де тұрақты тіркестердің рөлі
ерекше. Тілдік қатынастың теориясы мен әдістемесін ғылыми негіздеген ғалым
Ф.Оразбаева сөз, сөйлем, мәтіндермен бірге фразеологизмді де қатысымдық
тұлға ретінде атап көрсетті. Ол: Тұрақты тіркестердің біртұтас лексикалық
тұлға түрінде тілдік қарым-қатынаста қолданылуы маңызды орын алады.
Сондықтан қатысымдық тұлға ретінде алынатын тұрақты тіркестер адамның ойын
жеткізуде белгілі бір ұғымды көрсетуімен қымбат, ( десе [2, 60 б.],
фразеологизмдердің сөйлесім әркетіндегі маңызы жайында Г.Смағұлова бұл
пікірді одан әрі тереңдете түседі. Ғалым былай дейді: Әдетте, мәтін,
сөйлем ішіндегі түрлі тұрақты сөз тіркестерімен безендірілген көрікті ой
салмағының оқушы, тыңдаушы үшін әсері ерекше. Фразеологизмдер өз
табиғатында лексикалық қорды байытатын суретті сөз тіркестері екенін
ескерсек, олар ( мәнерлі сөйлеу, ойды әсерлі жеткізу амалдарын жүзеге
асыруда таптырмайтын тілдік әрі көркемдік құралдар болып саналады [3, 27
б.]. Олай болса, фразеологизмдерді меңгертуді тіл үйренушіні бейнелі
ойлауға, көркем сөйлеуге үйретудің құралы, тілді орынды жұмсауға
төселдірудің жолы деп санауға болады. Тұрақты тіркестер студенттің сөздік
қорын байытып, оның сөйлесім әрекетін жетілдіруге де оң ықпал ететіні
сөзсіз. Сондықтан арнайы фразеологизмдер сөздігін дайындаудың, оны оқу
үдерісінде жүйелі пайдаланудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерделеудің
өзектілігі дау тудырмайды. Оған қоса бұл мәселенің мемлекеттік тілді
оқытуға қатысты еңбектерінде ішінара айтылғанымен, арнайы зерттеу
нысанасына алынбауы да жұмыстың көкейкестілігін көрсетеді.
XX ғасырдың 40 жылдарынан бастап фразеологизмдер құрылымдық-
типологиялық, семантика-морфологиялық, тақырыптық, этнолингвистикалық,
лингвомәденитанымдық және т.б. тұрғыдан зерттеле бастады. Академик
І.Кеңесбаев алғаш рет жалпы түркі фразеологизмінің теориялық негізін салды
[4]. Қазіргі уақытта қазақ лингвистикасында фразеологизмдердің теориялық
және практикалық мәселелері (Ә.Қайдар, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, С.Исабеков,
А.Алдашева, Г.Смағұлова, С.Сәтенова т.б.), фраземалардың стильдік қызметі
(М.Серғалиев, Г.Құсимова, Г.Боранбаева), фразеологизмдердің көркем
шығармаларда қолданылуы (Ө.Айтбайұлы, Б.Шалабай, Х.Қожахметова,
М.Жәнібеков), фразеологизмдердің мағыналық, тақырыптық тұрғыдан
топтастырылуы (А.Елешова, Р.Жайсақова), фразеологиялық категориялардың
жіктелімі (Ф.Оразбаева, А.Байталиев, Р.Таева), фразеологизмдердегі
диалектілік ерекшеліктер (Ш.Сарыбаев, Қ.Қалыбаева, С.Мұстафаұлы)
қарастырылған. Фразеологияның теориялық мәселелелері тіл білімінің түрлі
аспектілерінде жан-жақты зерделенуі тіл білімінің жаңа бағытта дамуына
негіз болған антропоцентристік парадигманың өрістеуімен толық ұштасып
жатыр. Диссертацияда адам ( тіл ( мәдениет үштағанына құрылған осы
тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, фразеологизмдердің маңызды қатысымдық
тұлға ретіндегі мәнін негіздеу, орыс бөлімі студенттерінің сөздік қорын
байыту, сөйлесім әрекетін жетілдіру, қатысымдық мәдениетін қалыптастыру
мақсатында фразеологиялық сөздіктерді қолданудың әдістемесін жасау міндеті
қойылды. Бұл да зерттеу жұмысының уақыт сұранымынан туындаған көкейкесті
мәселеге арналғанына дәлел болады.
Зерттеу нысаны ( гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне
қазақ тілі сабақтарында фразеологизмдерді меңгерту үдерісі.
Зерттеу пәні: Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне
қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты. Жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық факультеттердің
орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы сөздік
қорды байыту үшін тиімді әдістемесін ұсыну.
Осы мақсатты орындау үшін мынадай зерттеу міндеттері қойылды:
( гуманитарлық факультеттің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін
фразеологиялық сөздіктерді қолдану арқылы үйретудің ғылыми-әдістемелік
негіздерін анықтау;
( гуманитарлық факультеттің орыс бөлімі студенттерінің сөздік қорын
фразеологизмдермен толықтыру арқылы олардың сөйлесім әрекетін жетілдірудің
тиімді әдіс-тәсілдерін белгілеу;

менгертуде фразеологиялық сөздіктермен жүргізілетін кешенді жұмыстар
жүйесін ұсыну;
( ұсынған әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперимент нәтижелеріне
сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеу болжамы: Егер жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық
факультеттің орыс бөлімі студенттерінің сөздік қорын дамытуда
фразеологиялық сөздіктер жүйелі қолданылса, онда олардың сөйлесім әрекетін
жетілдіру, қатысымдық дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі арта түседі.
Өйткені фразеологизмдерді меңгеру студенттің қарым-қатынас жасау
мәдениетіне оң ықпал етіп, олардың білімді сапалы меңгеруіне жол ашады.
Фразеологиялық сөздіктерді ұтымды пайдалану нәтижесінде студенттердің тіл
мәдениеті, сөйлеу қабілеті дамиды.
Жетекші идея. Қазақ тілін гуманитарлық факультеттің орыс бөлімі
студенттеріне фразеологиялық сөздік арқылы оқыту олардың сөйлесім
әрекеттерін дамытуға, қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық,
грамматикалық заңдылықтарын саналы меңгертуге ықпал жасайды. Арнайы
дайындалған тапсырмалар жүйесі мен жаттығулар студенттердің қазақ тіліндегі
сөздік қорын фразеологизмдермен байытып, танымын кеңейтеді, қазақ халқының
асыл қазынасы – фразеологизмдерді дұрыс қолдануға төселдіреді.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми еңбектердегі фразеологизмдерге,
сөздік қорға және сөйлесім әрекетін дамытуға қатысты тұжырымдарды
талдаудан, таным теориясы, ойлау мен сөйлеудің байланысы туралы қағидаларды
саралаудан, сөйлесім әрекеті теориясын, жеке тұлғаның тілдік дағдыларының
қалыптасуы мен даму заңдылықтарын жүйелеуден тұрады. Мемлекеттік тілді
меңгертуде студенттердің сөздік қоры мен сөйлесім әрекетін дамытуға
байланысты лингвистика, педагогика, психология, дидактика, әдістеме
ғылымдарындағы қалыптасқан қағидалар мен тұжырымдамалар да зерттеу
жұмысының әдіснамалық негіздерін құрады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында баяндау, салыстыру, сипаттау,
жүйелеу, жинақтау, талдау, қорыту, эксперимент, бақылау әдістері
қолданылды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2000-2003) зерттеу тақырыбына байланысты лингвистика,
психология, педагогика, әдістеме салаларындағы ғылыми еңбектерге шолу
жасалды, студенттердің сөздік қорындағы фразеологизмдерді анықтауға, тілді
меңгертудегі тұрақты тіркестердің мәнін айқындауға қатысты бақылау
жұмыстары ұйымдастырылды, оқытушылар мен студенттер арасында сауалнамалар
жүргізіліп, алынған нәтижелер бойынша зерттеудің бағыттары айқындалды.
Екінші кезеңде (2004-2006) орыс бөлімінің гуманитарлық факултеттерінде
оқитын студенттердің фразеологиялық сөздік арқылы сөздік қорын молайтуға,
сөйлесім әрекетін дамытуға байланысты жаттығулар мен тапсырмалардың
түрлері, олардың жүргізілу тәртібі айқындалды; фразеологиялық сөздіктерді
СОӨБЖ-де қолданудың бағдарламасы жасалды, фразеологиялық сөздікті қолдануға
байланысты әдістемелік құрал дайындалды; кешенді жұмыс жүйесі ұсынылды.
Үшінші кезеңде (2007-2009) гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі
студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқытуға байланысты
эксперимент материалдары негізінде ұйымдастырылған жұмыстардың
қорытындылары жинақталып, зерттеуде ұсынылған әдістемелік жұмыс түрлері мен
тапсырмалардың, жаттығулар жүйесінің тиімділігі дәлелденді. Студенттер
арасында өткізілген тәжірибе нәтижелері түйінделіп, тұжырымдалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
( фразеологиялық сөздіктер арқылы гуманитарлық факультеттің орыс бөлімі
студенттерінің сөздік қорын жетілдіре отырып, олардың сөйлесім әрекетін
дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды;
( фразеологиялық сөздіктерді қолдану арқылы орыс бөлімі студенттерінің
қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда басшылыққа алынатын ұстанымдар
белгіленді;

дамытуға бағытталған фразеологиялық-тақырыптық сөздік жасалып, оны
қолданудың әдістемесі ұсынылды;
( қазақ тілін гуманитарлық факультеттің орыс бөлімі студенттеріне
үйретуде фразеологиялық сөздікпен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар
анықталды;
( орыс бөлімінде оқитын студенттердің сөздік қоры мен сөйлесім әрекетін
дамыту барысында фразеологиялық сөздіктерді қолданудың тиімді әдіс-
тәсілдері анықталды.
( қазақ тілін оқыту үдерісінде фразеологиялық сөздіктерді қолданудағы
ізденімдік, зерделілік, қатысымдық тапсырмалардың түрлері анықталып,
олардың тиімділігі эксперимент арқылы дәлелденді.
Зерттеудің теориялық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижелері
фразеологиялық сөздік арқылы гуманитарлық факультетінің орыс бөлімі
студенттерінің сөздік қорын молайтып, сөйлесім әрекеттерін жетілдіру ісін
одан әрі кеңейте зерттеуге мүмкіндік жасайды. Мемлекеттік тілді оқыту
әдістемесінің теориялық негіздерін жаңа уақыт талабына сай жетілдіруге
ықпал етеді. Зерттеу барысында көрсетілген әдіс-тәсілдер орыс бөлімінде
оқитын студенттердің сөздік қорын дамыту мақсатында фразеологиялық сөздікті
қолдану жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Фразеологиялық сөздіктерді
қолдануға арналған кешенді жұмыстар қазақ тілін оқыту әдістемесінің
толықтырылуына, жетілуіне септігін тигізеді.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы кешенді жұмыстар
жүйесі ЖОО гуманитарлық мамандықтарындағы орыс бөлімінде қазақ тілі
сабақтарын оқытудың сапасын арттырып, тілді үйрету ісін жетілдіреді.
Ұсынылып отырған тапсырмалар мен кешенді жұмыстар студенттердің тілге деген
қызығушылығын, оқу белсенділігін арттыруға көмектеседі, сабақ үдерісінде
алған білімдерін күнделікті қарым-қатынаста ұтымды, орынды қолдана
білулеріне мүмкіндік туғызады. Зерттеу тұжырымдарын оқу құралдарын, оқу-
әдістемелік кешендерді даярлауда қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
( гуманитарлық факультеттің орыс бөлімінде оқитын студенттерге
мемлекеттік тілді меңгерту сапасын арттырудың бір жолы ( олардың сөздік
қорын фразеологизмдер арқылы жетілдіріп, сөйлесім әрекетінде орынды
қолдануға төселдіру. Өйткені фразеологизмдер ( тілдік қатынастағы аса
маңызды қатысымдық тұлға болып саналады;
( студенттердің сөздік қорының фразеологизмдермен толығуы олардың
ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдірудің тетігі болып саналады.
Фразеологиялық сөздіктерді жүйелі пайдалану студенттерді бейнелі ойлауға,
тілдік талғамын қалыптастыруға ықпал ете отырып, олардың көркем тілмен
сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді;
( фразеологиялық сөздіктермен жүргізілетін кешенді жұмыстарды
ұйымдастыру оқытудың дәстүрлі ұстанымдарымен қатар мынадай арнайы
ұстанымдар негізінде жүзеге асуы тиіс: интуициялық ұстаным, статистикалық
ұстаным, лингвистикалық ұстаным, тақырыптық ұстаным, студенттің
өміртанымдық ерекшелігін ескеру ұстанымы.

студенттің сөздік қорын дамытудың бір арнасы ретінде белгілеу үшін оның
түрлері мен құрамын айқындау, лексикалық минимумын анықтау, сөйлесім
әрекетін жетілдіруге алғышарт жасау мүмкіндіктерін тиянақтау қажет. Бұл
мәселе қою, болжамдарды ұсынып, мәселені шешу жолдарын қарастыру,
қабылданған болжамдарды дәлелдеу үшін деректерді іздеу, нәтижелерді қорыту,
жаңа материалды студенттердің алған біліміне қосу және оларды бекіту, тіл
дамыту секілді құрамдас бөліктерден тұратын оқыту моделін басшылыққа алу
арқылы шешімін табады;
( студенттің фразеолгизмдерді сөйлесім әрекетінде орынды жұмсауына
арнайы дайындық пен саналы жаттығудың нәтижесінде қол жеткізіледі. Бұл
орайда фразеологиялық сөздіктерді қолдану арқылы ұйымдастырылатын
ізденімдік, зерделілік, қатысымдық тапсырмалар жүйесі кешенді жүргізілуі
шарт.
Зерттеу жұмысының жариялануы. Зерттеудің негізгі бағыттары бойынша
барлығы 10 жұмыс жарияланды. Оның ішінде Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларда 6 баяндама жасалды. Ғылыми-әдістемелік журналдар мен
жинақтарда 4 мақала жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы. Диссертацияның жалпы мазмұны кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан
тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертацияның 1-тарауы Фразеологиялық сөздіктерді қолдану арқылы
студенттердің сөздік қоры мен сөйлесім әрекетін дамытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері деп аталады. Оның Фразеологиялық сөздіктер арқылы
орыс бөлімі студенттерінің сөздік қоры мен сөйлесім әрекетін дамытудың
мәні деп аталатын 1.1 тармағында зерттеудің өзегіне алынып отырған
мәселенің студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеуінде атқаратын рөлі, орны
мен маңызы ашылды. Тіл үйренушінің сөздік қорының фразеологизмдермен
байытылуы мен сөйлесім әрекетінің арасындағы сабақтастықтың жайы талданады.
Мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселесі жайлы Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, Ғ.Бегалиев, Ә.Садуақасовтар өз пікірлерін
білдіріп, оның бірқатар қырларын ашып көрсеткен болатын.
Екінші тілді оқытуда тіл үйренушінің сөздік қорын дамыту ісін алғаш рет
қозғаған – Ы.Алтынсарин. Ол оқушылардың сөз байлығын жетілдіру үшін 1300-ге
жуық сөзді қамтыған лексикалық минимумды анықтаған [5].
А.Байтұрсынов еңбектерінде сөздік қорды дамыту мәселесі арнайы сөз
болмаса да, оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлерін
негіздеп берген [6].
Сөздік қорды дамыту мәселесін арнайы қарастырған ғалымдардың бірі –
Т.Шонанов [7]. Оның ғылыми тұжырымдары мен тәжірибесі гуманитарлық
факультеттің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін оқыту барысында
фразеологизмдердің тақырыптық минимумын белгілеуде және фразеологизмдер
сөздігін құрастыруда басшылыққа алынды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында cөздік қорды дамыту мәселесімен белгілі
ғалымдар Ғ.Бегалиев, Ә.Садуақасовтар айналысты. Орыс бөлімдеріне қазақ
тілін үйретудің мәселелерін алғаш рет ғылыми негіздеген, оқытудың тәсілдері
мен әдістерін, ұстанымдары мен сабақтардың құрылымын айқындаған ғалым –
Ш.Х.Сарыбаев [8]. Ғалым өз жұмысында оқушылардың сөз мағыналарын түсіну,
сөз мағыналарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, қазақша сөздік қорын
дамыту мәселелеріне көңіл аударған.
Соңғы жылдары студенттердің сөздік қорын дамыту мәселесі Қ.Қадашеваның,
М.Мұқамбетқалиеваның, Г.К.Камиева, Ш.Әбдиеваның, Г.Бейсенбекованың және
т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстарында әр түрлі қырынан қарастырылды. Ал соңғы
жылдары жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді үйретуге байланысты жарық
көріп жатқан оқулықтар мен оқуәдістемелік кешендерде де бұл мәселе орынды
қамтыла бастады. Мысалы, "Қазақ тілін үйренеміз" (Н.Оралбаева, К.Есенов,
С.Хайруллина), Казахский язык. Страноведение через фразеологизмы
(Р.Д.Қарымсақова мен Г.Н.Смағұлова), Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының
тарих факультетінің студенттеріне арналған (Б.Қасым, Е.Молдасанов);
Казахский язык для всех (А.Ш.Бектұрова, Ш.К.Бектұров), Қазақ тілі
(Жапбаров А., Тайменова Д., т.б.) оқулықтары мен оқу құралдарында орыс
тілді дәрісханаларда студенттердің сөздік орын дамытуға қатысты жұмыстар
едәуір берілген.
Қазақстан білім жүйесінің әлемдік кеңістікке өтуіне орай жоғары оқу
оындарының өзгетілді аудиторияларындағы мемлекеттік тілді оқыту Қазақстан
Республикасы білім беру саласында қабылданған Стандарттар мен Шет тілдерін
меңгерудің жалпы еуропалық құзіреттері: оқу, оқыту, бағалау (Страсбург-
2001) атты халықаралық стандарттарға сай жүреді. Онда еліміздің белгілі
ғалымдары дайындаған 6 кредиттік Қазақ тілінің практикалық курсы типтік
бағдарламасы, оның негізінде жасалған силлабус үлгілері және кредиттік оқу
жүйесіне қатысты әзірленген оқу-әдістемелік кешендер қолданылуда.
Құжаттарда көрсетілгендей, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде
оқытудағы басты мақсат – студенттің тілді қарым-қатынас құралы ретінде
дұрыс қолдана білуін қамтамасыз ету. Мұндай мақсатқа жету үшін
студенттердің сөйлеу дағдысы болу шарт. Олардың сөйлесім әрекетінің дамуы
сөздік қордың мол болуына, грамматикалық бірліктерді бір-бірімен
байланыстыра алуына және оны өз сөздерінде дұрыс қолдана білу дағдыларына
байланысты. Сондықтан орыс бөлімінде оқитын студенттердің сөздік қорын
молайту жұмыстарында сөзді лексикалық-грамматикалық көрсеткіштерімен
байланыста беру тиімді.
Орта мектептен 1500 сөз біліп келген студенттердің белсенді сөздік
қорын фразеологизмдермен байытып, одан әрі дамытып, оны сөйлесім әрекетін
жетілдірудің қатысымдық құралы ретінде меңгерту – пәнді оқытудың басты
талабы. Сол себептен қазақ тілін оқытуда оқытушының алдына екі түрлі міндет
қойылады: біріншісі – фразеологиялық сөздіктермен жұмыс арқылы студенттерге
орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды меңгерту, екіншісі – олардың
сөздік қорын байытып, фразеологизмдерді дұрыс қолдана білуге үйрету.
Орыс бөлімінде дәріс беретін оқытушы сөздік жұмысын дұрыс, жоспарлы,
жүйелі жүргізу үшін, алдымен, көркем әдебиеттен, шығармалардан, жаттығулар
жинағынан, оқулықтан мағынасы түсініксіз фразеологизмдерді теріп алып,
оларды түсіндірудің әдісін алдын-ала жоспарлап, ойластырғаны жөн. Оқытушы
сөздік жұмысын ұйымдастыруда студенттерді өз бетімен фразеологизмнің
мағынасын талдай білуге, оларды қолдануға жаттықтырып отыруы қажет.
Студент үйренген фразеологизмін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе,
оның ақыл-ойын дамытуға әсер етеді. Демек, фразеологизмді орынды қолданып,
оның мағынасын жетік білетін студент өз бетімен сөйлем құрап, оны ауызша
сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз.
Зерттеуде фразеологиялық сөздіктерді практикалық сабақтарда қолданудың
тәжірибелерін сараптай келе мынадай тұжырымдар жасалды:
( студенттердің сөздік қорын фразеологиялық сөздік арқылы молайту
жұмыстары қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілмейді;
( студенттердің сөз байлығын жетілдіру жұмыстарында фразеологиялық
сөздіктерді пайдалануға аса мән берілмейді;
( мәтіндерде кездесетін фразеологизмдерді студенттерге фразеологиялық
сөздік арқылы түсіндіруге назар аударылмайды.
Мұның барлығы студенттердің сөздік қорын фразеологизмдермен байытуға
және оларды белсенді қолдануға кері әсерін тигізуде. Жоғарыда айтылған
жайттарды ескере отырып, гуманитарлық мамандықтағы орыс бөлімі пайдаланатын
оқулықтардан фразеологизмдердің минимумын белгілеу мен оны сөздік қорға
ендіру үшін студенттерге арналған Тақырыптық фразеологиялық сөздік
құрастырудың қажеттігі негізделді. Ол үшін фразеологизмдердің жалпы
табиғаты мен сипатын анықтау міндеті қойылды. Оның ғылыми-теориялық
негіздері Қазақ фразеологизмдерінің ерекшеліктері мен оларды меңгертудің
басты бағыттары деп аталатын 1.1.1 тармақшада ашып көрсетілді.
Фразеологиялық бірліктер ( ұлттық ерекшелікті бойына сіңірген басты
рухани байлық. Фразеологизмдер өз табиғатында лексикалық қорды байытатын
суретті сөз тіркестері болғандықтан, ойды көркем әрі әсерлі жеткізу
амалдарын жүзеге асыруда ең маңызды құрал болып саналады. Фразеологиялық
бірліктер студенттердің сөздік қорын молайтады. Фразеологизмдердің бір
ұғымның орнына жүреді, құрамында қанша сөз болса да, мағынасы тұтас, құрамы
тұрақты, сөйлеуде дайын қалпында жұмсалады. Оның осындай ерекшеліктері
халықтың танымымен, оның образды ойлау жүйесімен тығыз бірлікте екенін
танытады. Сондықтан оны студенттер саналы түсінуі нәтижесінде ғана дұрыс
қолдана алатыны мәлім.
Фразеологияның нысаны ретінде тілдің барлық деңгейлеріндегі тілдік
бірліктер емес, ешкімнің еркіне көнбейтін, өзінен-өзі тіркесіп қойған,
дайын құрылыс материалы болып табылатын, құрамы жағынан тұрақты тіркестер
танылады. Фразеологизмдер тілдік жүйенің қай қабатына жатады, оның орны
қандай, басқа тілдік қабаттармен онтологиялық және генетикалық қатынастарды
қалай құрайды деген мәселелер тілдің фразеологиялық құрамын зерттеудің
мақсатында айқындалды. Тіл бірліктері бір-бірімен тығыз иерархиялық
байланыста болады. Фразеологизмдер аз сөзбен көп мағынаны жеткізеді. Көркем
образ жасауда тұрақты сөз тіркестерінің алатын орны ерекше.
Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40 жылдардан кейін
жарық көрді. Қазақ фразеологиясын зерттеушілердің көш басшысы ( I.Кеңесбаев
алғаш рет жалпы түркі фразеология ғылымының теориялық негізін салды. Ол
фразеологизмдерді танып білудің үш белгісін: қолдану тиянақтылығын, мағына
тұтастығын, тіркес тиянақтылығын нақтылап, осы үш критерийді бір-бірінен
жырып алмай, тұтасымен басты арқау еткенде ғана ФЕ-нің ерекше белгілерін
тани аламыз, - дейді (3, 52 б.(.
Зерттеуде қазіргі қазақ лингвистикасындағы фразеологизмдердің
теориялық және практикалық мәселелері (Ә.Болғанбаев және Ғ.Қалиев,
Г.Смағұлова, т.б.); фраземалардың стильдік қызметі (М.Серғалиев); олардың
көркем шығармаларда қолданылуы және фразеологизмдерді орыс тілінен қазақ
тіліне аудару мәселелері (Ө.Айтбайұлы, К.И.Дүйсетаева, Б.Шалабай);
фразеологизмдердің мағыналық, тақырыптық тұрғыдан топтастырылуы
(Р.Жайсақова); фразеологиялық бірліктердің категориялары (А.Байталиев,
Р.Таева); фразеологизмдердің жеке тілдер деректерімен салыстыра зерттелуі
(М.М.Копыленко және З.Д.Попова, З.Ахметжанова және т.б.) бойынша жасалған
тұжырымдар басшылыққа алынды.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде қамтылған тұрақты тіркестерді
гуманитарлық факультеттің орыс бөлімінде оқитын студенттерді қатысым
әрекетінде пайдалануға дағдыландыру үшін осы сөздіктерді қолдану жолдарын
қарастыру қажет, себебі фразеологизмдерде ұлттың тіл байлығы, мәдениеті
жинақталған. Қазақ тілін үйренушілердің қазақ тілінің тұрақты тіркестерін
білуі олардың сөйлеу тілін дамытып, қатысымдық құзіреттілігін арттырып, тіл
мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Зерттеуде фразеологизмдердің басқа тілден қазақ тіліне, керісінше,
қазақ тілінен басқа тілге аудару және сөздіктер жасау мәселесіне де көңіл
бөлінді. Сонымен бірге идиома, фразалардың, фразеологиялық орамдардың
мақал, мәтел, термин, нақыл сөздермен байланысы қарастырылды.
1-тараудың 1.2 тармағы Фразеологиялық сөздіктер арқылы студенттердің
сөздік қоры мен сөйлесім әрекетін дамытудың лингвистикалық негіздері деп
аталды. Онда фразеологизмдердің тілдің қатысымдық қызметімен бірлігі
сараланды. Себебі студент меңгеретін қандай да сөйлесім әрекеті тілдік
қатынассыз іске аспайды. Студенттер фразеологизмдердің лексикалық
заңдылықтарын білу нәтижесінде ғана оны тілдік қатысым әрекетінде еркін,
орынды пайдалана алмақ. Тілдің қызметі ( ойды білдіру мен пікір алысуды
қамтамасыз ету. Тілдік қатынаста фразеологизмдерді мағыналық реңкіне қарай
талғап қолдану студенттің тілдік сезімі мен тілдік талғамын қалыптастыруды
қажет етеді. Онда қарапайым тілдік қатынастан гөрі күрделі тілдесімдерге
жету көзделетіндіктен, іскерлік әңгімелер мен келіссөздерді жүргізе білуде,
әріптестермен тиімді қарым-қатынас орнатуда, басқаруда, тіл табысуда
фразеологизмдерді қолданудың жолдары меңгертіледі. Студентке тілдік
қатынас құралдарын дұрыс пайдалана білу өзгелермен тіл табысуда маңызды
екенін ұғындыру қажет. Ол үшін сөйлесу кезінде пікір алысу, түсінісу сөз
арқылы ғана емес, сонымен қатар тілдік емес құралдар арқылы да
игертілетіні, онда фразеологизмдердің де өзіндік рөлі бар екені
түсіндіріледі.
Ойды бейнелі де әсерлі жеткізудін бір жолы ( эпитет пен теңеуді
пайдалану, сөйлеу тілінің стиліне мән беру болса, оның да
фразеологизмдермен сабақтастығының ашып көрсетілуі студенттердің осы
қатысымдық бірлікті сауатты әрі орында қолдануында маңызды рөл атқарады
Сол себепті фразеологизмдердің айтылуы, мағынасы және әрекеттік сипаты
бірлікте қаралды.
Фразеологизмдерді меңгертуде оның лексикалық және грамматикалық
мағыналары өзара сабақтастықта зерделенді. Бұл мәтіндерді лексикалық және
грамматикалық талдау кезінде, жаттығу жұмыстарында фразеологизмдердің
мағынасын сөздік арқылы түсіндіру нәтижесінде жүзеге асты. Мысалы, Ат
құйрығын кесіп кету; Айна қатесі жоқ; Айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу
деген фразеологизмдердің мағыналарын түсіндіру үшін олардың біртұтас
лексикалық мағынаға ие екендігі, олардың бір ғана сұраққа жауап беріп, бір
сөйлем мүшесі болатыны меңгертілді. Сөздік қордағы әрбір фразеологизмдерді
қатысым әрекетінде қолдану үшін студенттердің сөйлеу қабілетін дамыту
студенттердің сөздік қорындағы фразеологизмдерді мағыналарына қарай
іріктеп, оларды басқа сөздермен орынды байланыстырып, өз ойын дұрыс, толық
жеткізе алуына көмектеседі. Сөйлеу қабілетінің жетілуіне студенттердің
сөздік қорының мол болуы әсер етеді, сондықтан сөйлеу қабілеттерін
жетілдіру үшін олардың фразеологиялық сөздікпен жұмыс дағдылары дамытылды.
Зерттеу барысында фразеологизмдердің қатысымдық тұлға ретінде екі жақты
ерекшелігіне назар аударылды:
1. Сөздік қордағы фразеологизмдердің ақпараттық жағы ( қатысым
әрекетінде фразеологизмдердің белгілі бір ақпараттарды білдіруі.
2. Сөздік қордағы фразеологизмнің эмоционалды жағы қатысым әрекеті
кезінде баяншының қабылдаушыға әсер етуінен көрінеді. Ол үшін
фразеологизмдер студенттің танымы мен талғамына, тілді үйрену
қабілеттеріне, сезімдері мен қабылдауларына сай келуі ( басты талаптың
бірі. Сондықтан зерттеудің келесі 1.3 тармағы Фразеологиялық сөздіктерді
пайдалану арқылы студенттердің сөздік қорын молайтудың психологиялық
негіздері деп аталып, онда тұрақты тіркесті студенттердің танымдық және
психологиялық мүмкіндіктеріне сай меңгертудің жолдары айқындалды. Жоғары
білім беру жүйесіне енген оқытудың кредиттік технологиялары бойынша әр
студент жеке тұлға болып саналады. Оқу-тәрбие үдерісінде ол тек білім алып
қана қоймайды, сана-сезімі, рухани дүниесі жетіледі, өзгереді, қалыптасады.
Студенттің жеке әлеуметтік тәжірибесіне байланысты оның кұндылық
бағдарларын, дүниетанымын, көзқарасын үйреніп отырған тілдің өзіндік
ерекшеліктерімен сабақтастықта қалыптастыру қажет. Мұнда оның
фразеологизмдер туралы түсінігі мен оны қолдану дағдыларының болуы шарт.
Кез-келген өзара әрекеттестіктің маңызды тетігі ( қарым-қатынастың
эмоционалды-эмпатиялық жағы. Оқу үдерісі барысында студенттің танымдық
әрекетін белсендіру, жағымды эмоцияларын жетілдіруге айрықша ықпал ететін
тілдік құрал ( фразеологизм.
Студенттің белсенділігі студенттердің алған білімдерін өмірде,
тәжірибеде пайдалана білуінен көрінеді. Сондықтан олардың танымдық
белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің
негізгі шарты ретінде қарастырылды. Соған байланысты фразеологимздердің
ішінен өмірде, сөйлесу әрекеттеріне қажеттілері іріктеп алынды. Бұл талап
тақырыптық фразеологиялық сөздікті құрастыру кезінде ескерілді.
Фразеологизмнің мағынасын фразеологиялық сөздіктен өздігінен іздеуге
ұмтылыс студенттердің сабаққа қызығушылығын ғана тудырып қоймай, оның өз
білімін өмірде қолдана алу дағдыларын да жетілдірді, студенттердің
сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабілетін дамытты.
Студенттің таным үдерістері ұлғайған сайын оның сөздік қоры да өсіп
отырады. Сондықтан жоғары оқу орнында оқитын студенттердің қатысымдық
құзыреттілігін қалыптастыруда, танымдық қабілеттерін жетілдіруде
фразеологизмдерге ерекше назар аударылды. Өйткені орыс бөлімінде оқитын
студенттердің сөздік қорын фразеологизмдер сөздігі арқылы молайту жұмыстары
олардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатымен толық сәйкес келеді.
Фразеологизмдер студенттің әр ортадағы сөйлеу мақсатымен, сөз саптау
ерекшелігімен үйлесімде берілді.
Фразеологиялық сөздіктер арқылы студенттердің сөздік қорын байытудың
педагогикалық негіздері деп аталатын 1.4-тармақта студенттердің танымдық-
шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық аспектілері талданды.
Студенттердің сөздік қорын фразеологиялық сөздік арқылы молайту үдерісін
ұйымдастыру дәстүрлі ұстанымдармен бірге арнайы ұстанымдарға да
негізделді. Зерттеуде сөздіктерді оқу үдерісінде пайдалану әдістемесін
қарастырған Г.Ғ.Еркебаеваның қағидалары басшылыққа алынды [9].
Дамыта оқыту ұстанымы негізінде орыс бөлімінде қазақ тілін оқыту
үдерісінде студенттердің фразеологизмдерге қатысты білім, біліктерінің
біртіндеп дамытылуы көзделді. Ғылымилық ұстаным бойынша фразеологизмдерге
қатысты тұжырымдар мен теориялар сөздік құрауда негізге алынды. Студент
белсенділігін арттыру ұстанымы арқылы өтілген материалды сапалы түрде
меңгертудің, оқу белсенділігін арттырудың жолдары анықталды.
Фразеологизмдердің мағынасын толық білген студенттердің сөздік қоры мол
болатыны, ал сөздік қоры мол студент өзінің ойын еркін айтып, оның сабақта
белсенділігі артатынын тәжірибе дәлелдеді. Жүйелілік және бірізділік
ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында фразеологиялық сөздікпен жұмысты
жүйелі жүргізуде басшылыққа алынғандықтан, ол студенттердің сөз байлығын
молайтуға, сөйлесім әрекетін жетілдіруге оң ықпал етті. Фразеологизмдердің
мағыналарын көрнекілік ұстанымына сәйкес меңгерту студенттердің сабаққа
деген қызығушылығын арттырды. Сондай-ақ, зерттеу нысанына алынып
отырған фразеологиялық сөздік арқылы қазақ тілін меңгертудің өзіндік арнайы
ұстанымдары да сараланды. Мысалы, фразеологизмдердің мағынасын түсіну
ұстанымы студенттерге фразеологиялық сөздікті қолдану мүмкіндіктерін
кеңейтуге негіз болды. Қазақ тілін оқыту барысында студенттерге
фразеологизмдердің мағынасын түсіндіріп, ол сөздерді актив сөздік қорына
кіргізу жолдары анықталды. Студенттерге әрбір фразеологизмдердің мағынасын
ұғындыру тек мәтінді дұрыс қабылдау үшін ғана қажет емес, сондай-ақ
олардың өз ойларын толық жеткізуіне де, мемлекеттік тілде қарым-қатынас
жасауына да оң ықпал етті.
Қазақ тілін гуманитарлық мамандықтардағы орыс бөлімінде оқытудың
әдістемесі үшін лексиканы таңдап алу кезіндегі жиілік сөздің сөз жасау
құндылығы және тақырыптық ұстанымдар да маңызды болып табылады. Ғалымдар
сөздік қорды байытудағы лексикалық минимумды анықтаудың маңыздылығына
басымдылық береді. Әдістемелік әдебиеттерде айқындалған лексикалық
минимумды топтастырудың өзіндік қағидалары бойынша мынадай ұстанымдар
бойынша белгіленді:
1. Интуициялық ұстаным;
2. Статистикалық ұстаным;
3. Лингвистикалық ұстаным.
Интуициялық ұстаным бойынша тіл үйренушінің өз тәжірибесі арқылы
меңгерілген сөздері ғана оның сөздік құрамына қосылады. Сондықтан қазақ
тілін оқытуда әр тақырыпқа қатысты фразеологизмдер іріктеліп, сабақ
үдерісінде тапсырмалар, жаттығулар барысында олардың мағынасын
фразеологиялық сөздік арқылы анықтау жүзеге асты. Мысалы, студенттерге
мынадай тапсырмалар берілді:
1-ші тапсырма. Қолқа салды етті, қылды деген фразеологизмнің
мағынасын фразеологиялық сөздік арқылы анықтаңыз.
2-ші тапсырма. Төмендегі ақ тілек, кең сарай, көзі ұйқыға барды деген
фразеологизмдерге мағынасы қарама-қарсы фразеологизмдерді сөздіктен тауып
жазыңыздар.
Статистикалық ұстаным негізінде фразеологизмдер қолданылу жиілігіне
байланысты іріктелді. Лингвистикалық ұстаным бойынша сөздердің сөздік
құрамындағы орны мен өзара тіркесу мүмкіндігіне қарай лексикалық минимумды
сұрыпталып, топтастырылды. Сөздікке енетін сөздерді іріктеуде мына
критерийлер басшылыққа алынды:
1) сөздің мағыналық жағы;
2) тіркесу ерекшелігі;
3) стильдік қолданысы;
4) сөзжасамдық қасиеті;
5) көпмағыналылығы;
6) көмекші сөз ретінде жұмсалуы;
7) ұғымға қатысы.
Қазақ тілін оқытуда лексиканы таңдау кезіндегі жиілік сөздің сөз жасау
құндылығы мынадай ұстанымдар арқылы айқындалды: тақырыптық ұстаным:
фразеологизмдердің тақырып қажетіне сәйкестігі және фразеологизмдерді
оқытылатын тақырыптармен байланыстыру; түсініктілік ұстаным: оқытылатын
фразеологизмдердің дыбыстық құрамын және мағыналық ерекшеліктерін
бірлікте ескеру; студенттің танымы, өмірі мен тұрмысының ерекшеліктерін
ескеру ұстанымы: фразеологизмдердің студенттің психологиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкестігі және күнделікті өміріне байланыстылығы;
тәрбиелік ұстаным: фразеологизмдердің тәрбие түрлеріне қатысын ескеру.
Фразеологизмдердің стилистикалық бейтараптығы ұстанымына сай
фразеологиялық минимумды белгілеуде стилистикалық жағынан шектелмеген
жазбаша да, ауызша да бірдей қолданылатын тұрақты тіркестер ғана таңдалынды
.
Фразеологизмдер сөздігі арқылы студенттердің сөздік қорын дамытудың
тәрбиелік мәні атты 1.4.1 тармақшада халықтың ғасырлар бойы жинақтап,
іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған
сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы ретінде фразеологизмдердің атқаратын
қызметі мен рөлі сараланды.
Зерттеу нәтижесінде жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге
фразеологиялық сөздік арқылы оқыту үдерісінде тәрбие мен білімді ұштастыра
беру бес бағытта жүргізілгені дұрыс деп тұжырымдалды: 1) фразеологиялық
тіркестің мәнін түсіндіре отырып, студенттің мінез-құлқын тәрбиелеуде оған
қоршаған ортасымен қалай қарым-қатынас жасау қажеттілігі, құрбыластарды
танудың негіздері үйретілуі керек; 2) ақыл-ой тәрбиесін беру үшін
фразеологиялық сөздікпен жүргізілетін түрлі оқу тапсырмалары арқылы
студенттерді терең ойлауға, өзіндік шешім қабылдауға, өзінің ісін болжай
алуға үйрету қажет; 3) студентке ұлттық тәрбие беру үшін халықтың ғасырлар
бойы жинаған асыл мұраларының, салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарының
озық үлгілерін қамтыған фразеологизмдерді іріктеу студенттің бойына
адамгершілікті сіңіру үшін ұтымды құрал болуы қажет; 4) тәрбие беру
үдерісінде фразеологизмдердің мағынасын түсіндіру түрлі іс-әрекеттердің
адамзатқа жат жақтарынан жиренуге, адами іс-әрекеттерге үйретуге
бағытталуы тиіс; 5) тіл арқылы эстетикалық талғам тәрбиелеу үшін
студентттерге түрлі шығармаларды оқыту барысында сөздік қорын байыту
арқылы дұрыс сөйлеу, сөйлеу нақыштарын сақтауда, ойын анық жеткізуде
фразеологизмдерді меңгертуге басымдылық беру керек. Сонда ғана
фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасау өз нәтижесін беретін болады.
2-тарау Жоғары оқу орнының орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін
фразеологиялық сөздік арқылы оқытудың тиімді әдістемесі деп аталып, онда
зерттеудің барысында ұйымдастырылған практикалық жұмыстар ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан дәйектелді. Қазақ тілі сабағында фразеологизмдер
минимумын пайдалану арқылы студенттердің сөздік қорын молайту әдістемесі
атты 2.1-тармақта тірек сөздер арқылы мәтінді студенттерге игерту,
мәтіннің құрамындағы фразеологизмдердің мағынасын түсіндіру, оны қарым-
қатынас әрекетін қалыптастыру мақсатында дұрыс қолдануға төселдіру үшін
фразеологизмдердің лексикалық минимумы анықталды.
Қазақ тілін үйретуге арналған материалдарды таңдау, оның ішінде
лексикалық минимумды анықтау маңызды. Студенттердің сөздік қорын молайтуға
арналған жұмыстарды кешенді түрде жүйелі әрі жоспарлы жүргізу үшін, ең
алдымен, студенттердің қаншалықты сөздік қоры бар екені анықтау мақсат
етілді. Ол үшін гуманитарлық мамандықтардың орыс бөлімінде оқитын
студенттердің ауызша, жазбаша сөйлеу әрекеттері мен қазақ тілі оқулығының
сөз мөлшерінің сандық және сапалық жағынан игерілуінің ерекшеліктеріне
статистикалық зерттеу жүргізілді.
Сөздік қордағы фразеологизмдер санын анықталды: Бұл мәселе үш
бағытта ұйымдастырылды: 1) жиі қолданылатын фразеологизмдер сұрыпталды; 2)
студенттің танымдық ерекшеліктеріне байланысты фразеологизмдер таңдалды.
Мәселен, студенттің сөйлеу әрекетіне қатысты фразеологизмдер стиль
түрлеріне қарай ұсынылды; 3) Практикалық қазақ тілі оқулықтарында,
сабақта қолданылатын мәтін ішіндегі фразеологизмдер сұрыпталып,
фразеологизмдер минимумы белгіленді (Қосымша Ә).
Студенттердің лексикалық қорының молайту актив сөздік қоры мен пассив
сөздік қорын қатар қалыптастыру бағыттарында жүргізілді. Студенттерге
фразеологизмдерді үйретудің мақсаты - олардың сөздік қорын ұлғайтатын
лингводидактикалық базаны дайындау. Ол үшін жаңа фразеологизмдерді меңгерту
тәсілдері белгіленді.
Фразеологизмдерді меңгерту жұмыстарында лексикалық аспектімен қатар,
фонетикалық (фразеологизмдерді дұрыс айтуды қамтамасыз ету), грамматикалық
(фразеологизмдерді басқа сөздермен ауыстыру), стилистистикалық
(фразеологизмдерді орынды қолдану) аспектілер де қамтылды, ол өз кезегінде
тұрақты тіркестердің қолданылу аясын анық білуге көмектесті. Қазақ тілі
пәнін 6 кредит бойынша оқыту барысында фразеологизмдермен жұмыс жасауға
берілген тапсырмалар саны фразеологизмдерді меңгеру үшін аздық етеді. Онда
фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасауға арналған тапсырма берілмеген.
Оқулықтарда ұшырасқан фразеологизмдер үш топқа бөлінді: мәтіндегі
фразеологизмдер – 69; сөздіктегі фразеологизмдер – 14; жаттығулардағы
фразеологизмдер – 181. Фразеологизмдерді студенттің қатынас тіліне енгізу
үшін арнайы таңдалып алынған тапсырмалар студенттердің тілін дамытуда,
фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруда, қазақ
тілінің мәдениетін ұғуға көмегін тигізді.
2.2-тармақ Қазақ тілі сабағында фразеологизмдерді меңгертуге арналған
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі деп аталды. Тіл үйрету әдістемесінің
басқа ғылымдардан ең басты айырмашылығы ( оның қатысымдық қағиданы негізгі
тірек етіп алатындығы. Сол себепті қазақ тілін оқытуда қатысымдық мәні бар
фразеологизмдер мен сөйлемдерді үйретуге мән берілді.
Кез келген іс-әрекет оған тұрақты машықтану арқылы ғана жүзеге асады.
Студенттердің қазақ фразеологизмдерімен таныс болуы қазақ халқының құқық
тарихын дұрыс түсінуге көмектеседі. Фразеологизмдердің ішінде халықтың
әділдікке, шыншылдыққа, өтірікке қатысты ой өрнектері бейнеленген.
Фразеологизмдерге образдылық, астарлылық тән. Сондықтан да эксперимент
барысында студенттердің көпшілік бөлігінің тұрақты сөз тіркестерін
білмейтіндігі анықталды.
Оқу үдерісінде фразеологиялық сөздікті орыс тілді дәрісханада қолдану
мәселесі лексиканы оқыту проблемаларымен сабақтастықта қарастырылды.
Мәтіндегі фразеологизмдерді түсіндіру оқылым әрекетінен кейін іске
асырылды. Бұл мәтіннің мазмұнын игеруге сай жүргізілетін жұмыстар негізінде
және мәтінмен қайта жұмыс істеу барысында орындалды.
Мәтінді оқу үстінде фразеологизмдер белгіленіп, сөздік дәптерлеріне
жаздырылды. Мәтінді толық оқып болғаннан кейін, дәптердегі жазылған немесе
оқылым кезінде белгіленген фразеологизмдерге түсініктеме берілді. Мәтіндегі
фразеологизмнің мағынасы синоним немесе антонимдер арқылы түсіндірілді.
Мысалы, қазақ – қонақжай халық деген концептіге қатысты студенттер топтық
жұмыс орындауда мынадай фразеологизмдердің мәнін анықтады: ішкен асын
жерге қоятын, құдайы қонақ, алты аласы, бес бересі жоқ, жарғақ құлағы
жастыққа тимеу, жөн сұрасу, әңгіме ( дүкен құру, аяғынан тік тұру.
Келесі кезекте фразеологизмдердің мағынасын фразеологиялық сөздіктен тауып,
анықтады.
Студенттер мәтіндегі фразеологизмдерді түсініп меңгерумен қатар оларды
ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарында да еркін қолдана біліп, бір-
бірімен сөйлескенде, белгілі бір материалдарға жоспар жасағанда,
мазмұндама, шығарма және жаттығу жұмыстарын орындау үстінде пайдалануға
үйретілді.
Шығарманың ішіндегі фразеологизмдерді студенттер әлі де терең ұғыну
үшін немесе олардың сөздік қорын молайту мақсатында нақты мағынасы
түсіндірілді.
Оқытуды ұйымдастыру әрекеттері оқу материалының құрылу ерекшелігіне,
қолданылатын жетекші әдістеріне және оқыту құралдарына байланысты қаралды.
Бұл оқытушы мен студенттердің арасындағы өзара әрекеттерге, студенттердің
ойлау әрекетіне, оқу материалын түсіндіру тәсіліне, оны ұғу жолын
тексеруге оң әсерін тигізді. Осыған байланысты дидактикадағы оқыту
модельдері негізге алынды. "Оқыту моделі" түсінігі, бір жағынан, оқушылар
меңгеруге тиіс мазмұнды модельдеу, ал екінші жағынан ( толыққанды оқытуды
камтамасыз ету мақсатындағы педагогикалық және оқу-танымдық әрекетті
модельдеу. Оқыту модельдері оқыту және оқу әрекеттерімен, оқытудың
дидактикалық өңделуімен, оқыту үрдісіндегі оқытушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz