Қазақ телеарналарының өсу - қалыптасу жолдары


Мазмұны:
- Кіріспе . . . 2
Теледидардың саяси- қоғамдық, мәдени- әлеуметтік өмірімізде алатын орны
- Негізгі бөлім . . . 5
Қазақ теледидарының өсу- қалыптасу жолдары
- Тәуелсіз телеарна «Рахат» . . . 11
3. 1. Сара жолға бастар ізденіс соқпақтары . . . 14
3. 2. Өмір ақиқаттарымен өрнектелген хабарлар . . . 16 4. Қорытынды . . . 43 5. Сілтемелер тізімі . . . 44
6. Қолданылған әдебиеттер . . . 45
Кіріспе
Көгілдір экран. Өмір атты ұлы көштің өн бойында елімен бірге есейіп, қалың орман көрерменімен күн сайын сырласып келе жатқан Қазақ теледидары, бүгінде ақылмандық, ағалық жасқа келді. Тоғызыншы музаның осы жылдар биігінде тындырғаны, атқарғаны сақ құлақ кәрі тарихтың қойнауына жол тартып, мұрағаттар меншігіне айналған сырлы да сыршыл көркем дүниелер мен сан бояулы теле- кинофотокадрлар. Бәрі де өткен күндердің сағынышпен әрі қимастықпен, сырласа отырып еске алатын «шаңқай түс» шақтары. Ел қамы деп ерлікке пара-пар істер атқарған атпал азаматттар, халық мұңы деп «жортуылмен» түн қатқан тілшілер қауымының үркердей тобы жылдар сілемінде қалың шоғырға айналды.
Қоғаммен байланыс саласында өткізіліп жатқан кампаниялар бүгінде еліміздің эканомикалық, саяси және әлеуметтік өмірінен кқрініс табуда. Теледидардың құдіретті күші халықтың ниетімен сабақтасып жатуында. Телеөнердің әлуметтік, қоғамдық парызы да өз халқының арман- мүддесін айқындауға, ой- сезімін тереңдетуге, мәдениетін көтеруге қызмет ету деп түсінемін. Телевизия озық идеялар тасқынын ұсынбаса, бұқара өрісінен жоғары көтеріле алмай, байырғы ойпаңда ошарылып қозғалыссыз қалады. Мұндай халде еліңе елеулі еңбек сіңіру қиын.
Мәселе, ендігі тұста өз ішімізде телеөнер бәсекелестігін бастауда болып отыр. Әрине, әр телеарнада корпоративтік ықпалдастықтың қалыптысатыны белгілі. Қазіргі заманғы телевизия- күнделікті тіршілігіміздің айнасы, нақтырақ түйіндесек, бүгінгі тұрмыста сананы билейтін ой өрісімізді, өмірге көзқарасымызды орнықтыратын ақырғы ақиқатаралын көзге елестетеді. Социологтардың зерттеулерінше телекөрермендердің 95 пайызы қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды тек телевизиялық көрсетілімдер арқылы ғана қабылдайды екен. Егерде теледидардан жер сілкінісі туралы хабар айтылмаса, онда телекөрермендердің басым көпшілігі жер сілкінісінің толқыны өзінің тұрғылықты елді мекенінде жүріп өткеніне сенбейді де. Бұл өз басымыздан да кездесетін жәйт.
Телевизия тілінде «Реалити - шоу» аталатын рейтингісі жоғары бағдарламалар «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » принципін қуаттайды. Бұл жолдан барлық дамыған елдер өтті, әлі де әлемнің барлық елдерінде мұндай хабарларды телекөрермендер үздігіп тамашалайды. Ол - нақты өмір деректі кино. Демек, деректі сериалдар қоғамның қалай өмір сүріп жатқанына жауап береді қандай бағытқа бет бұрғанынан хабардар етеді. Халықтың дәл бүгінгі қалауыда сол.
«Хабар» және «Қазақстан» телеарналары - еліміздегі телекөрермендердің басым көпшілігінің назарына ие. Көрермен аудиториясы көп телеарналардың ұтымды жақтары да мол болады деп түсінеді. «КТК», «Еларна», «Рахат», «НТК» телеарналары өз салмақ өлшемдеріне сай беделдері де өсіп жатады. Біздің телеарналар осындай, үйренер тәлім-тағлымы мол, көрермен талғамын қанағаттандыратын озық деректі сериалдарды көптеп көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, көрермен деректі фильмнен жұлдыздай жарқырайтын ізгі идеалар күтеді. Әңгіменің түйіні-теледидардың құдіретті күші халықтың ниетімен сабақтасып жатуында.
Телеөнердің әлеуметтік, қоғамдық парызыда өз халқының арман мүддесін айқындауға, ой-сезімін тереңдетуге, мәдениетін көрсетуге қызмет ету деп түсінемін. Телеэфирдің әрбір минуты, әрбір сағаты елдің есінде халықтың жадында жатталып қалған шыншыл да шынайы оқиғаларға толы болды. Студиядағы оймен сезімнің, ақылмен пайымның тоғысынан туындаған «ағынды ойлар сілеміндегі» айқасты сәттер сірә да ұмытылар ма? Балаңдықты-ағалыққа, жастықты-есейгендікке айырбастап «естиярлық ауылына » ат басын тіреген сол күндердің еншісінде қаншама мазасыз күндер мен ұйқысыз түндердің табы жатыр!? Телеэкрандағы хабарлардың өн бойындағы құрылым мен жанрлардың алуан түрлілігі телевизияға ең өткір, маңызды, өзекті әрі көкейтесті тақырыптарға фильм жасауға мүмкіндік беріп, оның барлық әсерлілік, бейнелеушілік құралдарын қатар қолданып, көрермендердің сезіміне әсер етіп, ақыл ойын қозғап естерінде ұмытылмас әсер қалдырды. Атап айтқанда, экранға шыққанда қиюу кететін формалар мен алуан жанрдың басын шалған жүйесіздік тоғысындағы өмір шындығын көркем шындыққа айналдыру өте қиын. Осыны есінде мықтап түйген ғалым «Бұл үшін тек хабардың тақырыбын ғана дәл таңдап қоймай, хабарға арналған аудиторияның ғана айқындап қоймай, сол тақырыпты көркем тұрғыда шешудің ең қолайлы әдістерін де таба білу қажет. Материал әзірлеуге бұлай қадам жасау әр бір циклдер мен айдарлар арқылы берілетін хабарлардың бір- бірін қайталамауын қамтамасыз етті. Оның өзгелігін едәуір арттырады, информацианы қабылдаудағы күрделілікті, ауырлықты да жояды, сөйтіп көрермендердің телевизия бағдарламасына деген ынта-ықыласын арттырады » .
Публицистика- бұл адамтану негізі тәріздес, өйткені қоғамдық өмірдегі адам мінезі мен замана рухын аша білетіндей кез келген журналистің қабілеті, қарымы болуы шарт. Публицистика міндеті - заманның шежіресін жазу, ол күнделікті өмірге белсене қатысатын, бүгінгі журналистиканың ақпаратты «ұйымдастырушысы». Сондықтан да, журналистика мен публицистика шығармашылық саладсғы мақсаты бір сала болып табылады. Публицистің сан алуан проблемаларды шешуде өзіндік публицистік қаблеті, айқын көрініс табады, демек, публицистік қаблеті - оның шығармашылық қаблеті. «публицистика - қаламгерлік қайратын үздіксіз жүзеге асыратын әрі нағыз талантты бір арнаға тоғыстыратын сала. Публицистика әлемі - күллі әлем» [ 1 ] Осы ретте, «Публицистика - қоғамдық - саяси, өзекті проблемалық мәселелерді баяндап, қорытатын әрі өзіндік логикалық көзқарасын ғылыми тұрғыда дәлелдеуге қаблетті журналистерден тұратын шығармашылық саланы қамтиды»[ 2 ] Демек, публицистика - бұқаралық ақпарат құралдарын тәрбиелейтін шеберлік мектебі. Пулицистиканың қазіргі уақыттың үні, көзі екені мәлім. Бүгін бар, ертең жоқ проблеманы нысан еткендей болғанмен, тарих беттерінің осы бүгінгі оқиғалардан, олардың нәтижелерінен құрала келіп, дәуір тарихын, шежіресн түзетінін де ұмытпай, мойындаған жөн. Публицистика шындық, адалдық, білімділікті қажет етеді. Сондықтан да, журналистика мен публицистика шығармашылық саладағы мақсаты бір сала болып табылады. Пулицистің сан - алуан проблемаларды шешуде өзіндік публицистік қаблеті, айқын көрініс табады, демек, публицистік қаблеті- оның шығармашылық қаблеті. Публицистика- қоғамдық сұрақтарды талқыға алып, ортақ көзқарасқа тікелей әсерін тигізеді. Публицистика ақпаратпен, оның ішінде очерктер, статьялар, фельеотондармен тығыз байланысты. Нақтылық - публицистің шеберлігін көрсетеді. Журналистің шынайы пікірі мен ой - тұжырымы кез келген уақытта белсенділік таныта алады. Өмір толқынында артында өрнекті із қалдырған тұлғалар да, «аузымен құс тістеген» шешендер де, оймақтай ойдан от тұтатқан «қара жорғалар» да, ағыл - тегіл сөздің тиегін ағытқан сұңғыла ұлағат иелері де экран төрінен елге салихалы телебағдарламаларын ұсынды.
Зәуірлік жағдайдан, көбінесе бағдарламаларды қайталаумен, шетелдік кино - телефильмдерді жарыса көрсету жалғасып жатыр. Көрермен болса ол туындылармен Мәскеулік телеарналары арқылы әлдеқашан хабардар. Кейде оларды қазақша аударып, тілдік норманың заңдылығын орындау үшін пайдалану да әдетке айналуда. Ал Қазақ қаны, егемен қазақстандықтар менталитеті алыстан арбаламай, жақыннан дорбалауды қажетсінеді.
«Қазақстан» телеарнасының «Бір бала» қысқаметражды фильміне деген көрермендердің тұрақты сүйіспеншілігі соған дәлел.
Міне, осылайша теледидардың біздің қоғамдық өмірімізде алатын орыны айырықша екенін ауыз толтыра айта аламыз.
2. Қазақ телеарналарының өсу-қалыптасу жолдары
Төл телевизиямыздың тарихында алғашқы «Бейнефильм» жасауды қолға алған С. Масғұтов болатын оның күрішші Ұлбала Алтайбаева тұралы Октябрьден нәр алған бейне фильмі . Қазақ телевизиясынан 70 жылдары жүрген «Қымызхана», «Алтыбақан», «Мың да бір рахмет», «Сұхбат» және «Тамаша» хабарларларын мысал етеміз. Осылардың әр бірінің бүге-шігесіне дейін анық, дәл көрсеткен айқын жазылған сценарийлері болды . соның негізінде оның музыкалық композициясы жасалып, болашақ сұлбасының партитурасы, авторлық түсініктемелері жасалды. Мұның аудиториға эммоционалдық әсері мен тиімділіг де аса жоғары. Хабар беру көлем жағынан Қазақ телевизиясы еліміз бойынша төртінші орын алды, қазір оның хабар беру мөлшері 12 сағат. Орталық телевизия үлкен одақтық екінші программаға хабар жасаудың көлемі де ұлғайды, ол қазір жылына отыз сағатта жетеді. Осыншалық қыруар жұмыс тарлан таланттар шоғырындағы кәсіби шеберліктері толысқан тұлғалардың ақыл-ойынан бастау алып, өмірге келеген, кезеңінің бірегей көркем әрі шыншыл ойлармен суарылған өшпес туындылары.
Қазақ телевизиясы өмірге келген алғашқы жылдары білікті кадр мәселесінен көп қиындыққа кезікті . Жоғары оқу орындары бұл салаға әлі де болса маман кадрлар даярлауға бет бұра қоймаған кез еді . Сондықтан да телерадиокомитет басшылығы радио және газет- журналда істеп жүрген, көзі қарақты, қаламы қарымды, материалы мазмұнды әрі ойлы жастарды телевизияға іріктеп шақыруды дәстүрге айналдырған болатын.
С. Тәжіғұлов телеэкранда өзі ұзақ жылдар бойына жүргізген «Теледидар және көрермен» циклында кинематографияның көкейтесті мәселелерін қозғай отырып, мамандар мен көпшіліктің сан алуан бағыттағы пікірлерін де назардан тыс қалдырмады .
Алғаш рет 1968 жылы Қазақ телевизиясы аса ірі көлемдегі тікелей көңіл көтерушілік - музыкалық бағыттағы «Таудағы көгілдір от» бағдарламасын эфирге шығарды бағдарламаға елге танымал актерлер мен әншілер, музыканттар, өнер адамдары қатысты . Қазақ телефизиясы шаңырақ көтерген он жылдыққа тұспа-тұс келді. Алпысыншы жылдардың бас кезінде (1962ж) алғашында Қазақ телевизиясында «Көгілдір от» хабары экранға жолдама алса, сол жылы осындай атпен орталық телевизия хабар дайындады . Бұл хабардың режиссер - қоюшысы Сапарғали Шәріпов болса, оның екінші режиссері Шолпан Баймолдина болды. Шын мәнінде С. Шәріповтың Қазақ телевизиясына сіңірген еңбнегі көп болды. Облыстық телевидениенің қалыптасуы да оңайлықпен жүзеге асқан жоқ.
Телеөнер, телеэкран жайлы айту қиынның қиыны. Сан өнердің басын тоғыстырған жаңа әрі «Синкретті» өнер жайлы зерделі әрі танымды түрде жазу үшін, әдебиет пен театрдың, радио мен киноның, баспа саласының да сан қырлы құпиясына қанықтық әрі телегей-теңіз білім қажет.
Сексенінші жылдар теледидар экранының кез келген өмірлік маңызы зор салардағы бағдарламалар легіне толы кезең болды . «Қоғамдық - саяси хабарлар түрі мен пішіні жағынан-әңгімелесу дөңгелек үстел, оқиға ортасына репортаж, фото, кино және телеочерк, тележурнал, сын хабарлар әрі телерейдтерден құрылды ». Телеэкранның барлық мүмкіндігі іске қосылып, телевизия жанрының аумағы кеңейе түсті. Теледидардың орасан зор мүмкіндігінің арқасында өзекті мәселелер төңірегіндегі пікірлер бір арнаға толықсып, топтамалы серия хабарлар легі өмірге келді, Дарынды тұлға құпия қақпаның кілтін тауып, өндірістік тақырыптардың ішіне бойлай еніп, оны сан қырынан жарқырата көрсетті.
Елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы жылдар Қазақ теледидарының қалыптасуы мен ұжым үшін өнердің жаңа бір түріне үйрену болды . Теледидардың алғашқы дикторы, ақылы мен сыр-сымбаты қатар тогғысқан Совет Масғұтов, экран періштесіне айналған Ләскер Сейітов, Мәриям Айымбетовалар, Коментаторлық топтағы Қадір Даутов, Ж. Нұсқабайұлы, т. б. тарландар еңбегінің ізденісі мен сұңғылалықтарының арқасында аз ғана жылдар ішінде жинаған тәжірибе келе-келе тәлімгерлікке айналды . Қазақ телеөнерінің жас буын өкілдеріне орталық теледидар мектебінің бергені де және берері де мол болды. Алпысыншы жылдары телевидение түгелдей студиялық хабарлар легіне толы болатын. «Хабар жазатын студиядағы жарықтың қуаттылығы соншалық, оған жұмыртқа пісіруге де болатындай еді . Дикторлар көзді қарықтыратын, шағылысқан жарықпен арпалыса отырып эфирге шығатын. Телевидение репертуары бірінші басшылардың студиядағы сөздері, студиядан берілетін концерттер және кинофильм көрсетулерден тұратын », -деп сол жылдарды еске алады бүгінде елге танымал қоғам қайраткері Ғ. Шалахметов . Алматы студиясында алғаш рет 1963 жылдан бастап хрониканы үлдірікке түсіру басталды. Ол кезеңде үлдірік дегеніңіз қасқалдақтың қанынан да тапшы еді. Орталық телевизияның «Көгілдір от» залында Р. Бағланова, Е. Серкебаев, С. Майқанова, Б. Төлегенова сияқты өнер жұлдыздарымыз бүкіл КСРО-ға насихатталып жатты.
Мәскеуде әр сапарда түрлі саладан 45-50 адам барады. Ондағы бағдарламаларды қазақ және орыс тілдерінде Ләзиза Аймашова жүргізіп жүрді. Талаппен ізденістің нәтижесі болар, Орта Азиядағы бес республиканың ішінде қазақстанның еңсесі әрқашанда биік болатын. Қазақ телевизиясы 1965 жылы бүкіл одаққа танымал бола бастады. 1979 жылы төраға К. Смайылов тәжірбиесі тәлімге айналған, ойы өскен, кинода істеп осы саланың қазанында қайнаған кинопуплицист Ғ. Шалахметовты телерадио комитетке орынбасарлыққа шақырды. «Ғ. Шалахметов телехабарлар жағын өзіне алды. Осы салады түсінбеушіліктер болып жатыр». Солай етіп, кино саласынан тәлімі бар журналистке аз ғана жылдар ішінде телевидениені аяғынан қаз тұрғызу аса қиынға соға қойған жоқ. Өткен кезеңдер мен теледидлардағы тұлғалар туралы ой толғаған кездерде Ғаділбек Шалахметов алдымен өз ісінің білгірі іздеңгіш, көп білетін, тамаша пуплицист К. Смайыловты ерекше тебіреніспен еске алады. « - Өмір жолымның бір баспалдағында ол кісімен қайта табыстым. Мен Камал Сейітжанұлына көп нәрсе қарыздармын, ол маған өмірде ұстаз болған тұлға» [ 3 ] десе, Мемлекеттік телерадио комитеттің орынбасары болған тумысынан философ, қай мәселені де ауқымды ойлайтын Әнуарбек Шманов жайлы «Ол кісінің кезінде қазақ телевидениесінде ешқандай да провинциализм болған емес. Керісінше, Қазақ телевидениесі Әнағаның басшылығымен одақ көлеміндегі ізденгіш және шығармашылық қуаты мықты ұжымға айналды», - деп сол шақты ыстық сезіммен еске алады. Сонымен қатар Жастар хабарларының бас редакторы ретінде эфир арқылы көрермендерге танымал, әрі іздемпаз Ғ. Мінәжұлы бірде төраға Камал Сейітжанұлы өзіне шақырып, « - Байқаймын, сен телевидениеде танымал секілдісің. Білімің қандай? - Политехникалық институт, металлургия факультеті. - Бұл жақсы, дегенмен сценарист мамандығы дегенде бар. Неге осы бағытта біліміңді толықтырмасқа? Мәскеуде екі жылдық Жоғары сценарлық курс бар. Астанаға барып қайт, өмір көресің, үйренесің». Одақтағы жоғары сценарлық курстың Ғаділбекке бергені көп болды. 80 - 90-шы жылдар теледидардың «алтын ғасырына» баланған шақ болатын. Себебі Ғ. Шалахметов бастаған журналистер Қазақ телевизиясына жаңа бір леп әкеліп, оның ауқымын кеңейтіп, деңгейін биіктетті. Осы шақта Одақтық және әлемдік деңгейдегі телекөпірлер мен телефестивальдар арқылы Қазақстан әлем деңгейіне көтеріле, таныла бастады. Көрермендерді таңдай қаққызып, бас шайқататын ұлттық нақыштағы телефильмдер мен халық дәстүрінің қайнарынан бастау алған кәусар бұлақтай тамаша консерттер түрлі тілдерге аударылып, әлем көгін шарлады. Десек те іскер басшының дарынның дәріптеліп, шеберлігінің шынайылыққа айналуы да оның телеөнер баспалдағындаағы «телекомментаторлық» қызметімен тығыз байланысты. Алғашқыда Маңғыстау мұнайшылары жайлы өндірістік бағыттағы хабарлар топтамсы Одақ назарын өзіне аудартса, ал сексенінші жылдардың басындағы «Ритм»операциясы телехабарлар топтамасы Ғ. Шалахметовтің одақ көлемінде «шашасына шаң жұқтырмас дарабоз» екенін көрермендерге шынайы танытты. Дегенмен, бір әттегенайы осыны қолға алған, оған өлшеусіз еңбек сіңірген телевизия тарландары еңбегінің елеусіздеу тарих қойнауына сіңіп кеткендігі. Кезінде Орталық теледидар ұжымы жасаған 50-сериялы «Летопись полувека» және 60-сериялы «Наша биография» фильмдерін жасаған мамандардың мемлекет тарапынан лайықты бағаларын алғандығы ойға оралғанда, осыншалық ешбір өлшемнің уысына сыймайтын, құнды дүниенің республиканың мемлекеттік сыйлығына ұсынылуы әбден- ақ жарасымды әрі жарастықты еді. Қазақ телевизиясы осыған дейін де, осыдан кейін де мұншалықты көлемдегі ауқымды іске бара алмады. Бұл тек қарымы мен қуаты қатар қойындасқан Камал Сейітжанұлының ғана қолынан келетін іс еді. Теледидармен өмірін етене байланыстырған режиссер мен редактор қауымы үнемі ой арпалысы мен сана сілкінісінен бір сәтке болса да ажырап көрген емес. Қайтсем, телехабарды көрікті әрі көркем етемін, әрі оған экранда бұрын- соңды болмаған түр тапсам даген ойдың пенде ойын сан- саққа бөлген кезеңдерін тек осы салада істеп, оның ыстығына күйіп, суығына тоңғандар ғана біледі. Қалай десек те, қазақ теледидарының жарты ғасырлық жүріп өткен жолында мың- мыңдаған тамаша жандардың жүректерінің жылуы, алақандарының іздерінің табы қалды. Олардың әрбірі аялауға да, аялануға да лайықты жандар. Ал, К. Сейітжанұлы осылардың ден ротасында әрбір іске дем беруші бола отырып, солармен теледидардың жетістігіне бірге қуанды, кемшілігіне қабырғасы бірге қайыса қайғырды. «Қазақ теледидарының қазір құлашы кең жазылып», «Жарық» жер серігінің арқасында республиканың алыс- аудан ауылдарына жеткен, ертең өзінің жеке - дербес жер серігі болайын днп тұрған кезеңде шабыттанып та, рахаттанып жұмыс істеуге болады ғой. Бұрын бірге істеген біздер тнледидарды көп айтамыз. Сол шабыт көінбей - сезілмей тұр - ау әзірге. [ 4 ]
Өткен жылы «Қазақстан» ұлттық теледидарының жарты ғасырлық тарихы қорытындалып, аталып өтті. 50 жылдық өзінің өсу, өркендеу жолында қол жеткен жетістіктер мен орын алған кемшіліктер сарапталды. Қазақтың ұлттық теледтдарына өзіндік ерекшеліктерін танытатын ізденіс соқпақтары, үлгі - өнеге болар мектептері бар ма, қалыптасты ма, егер қалыптасса бүгінгі уақыт талабына сай дамып отыр ма? - сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап ізделінді.
Жалпы соңғы мыңжылдықта адамзат қоғамдық санасына білім, ғылым, техника, техналогияның зор жетістіктерінің көріністері ретінде орасан дүмпу тудырып, ғажайып әсер еткен үш жетістікті даралар болсақ, олар: атом ядросын бөлшектеуге қол жеткізу, космосқа ұшу, теледидарды ойлап табу.
«50 жылда - ел жаңа» дейтін қазақтың телеэфирі тура жарты ғасырлық жолдан өтті. Ұлтпен бірге есейді. Отыз жылдан астам уақыт бұрынғы одақ құрамындағы республиканың гүлденуіне үлес қосса, жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығынан бастап, Қазақстанның тәуелсіздігіне қызмет етуге белсене кірісті. Телеарна тағдыры - алдымен онда қызмет атқарған азаматтардың тағдыры екені түсінікті. Өз өміріне телевидениені өзек еткендер біздің елімізде мың-мыңдап саналады. Олардың әрбірі көгілдір экранның көзге көркем, елге етене жақын болуына қолдан келгенше үлесін қосты. Жаңалықпен келді, жандарын исалып жұмыс істеді.
Елімізде соңғы жылдары - телевидение жылдам дамуда. Қазірде одақ көлемінде ондаған телевизиялық орталықтар жұмыс істейді, олардың саны келешекте үнемі тез қарқынмен арта бермек.
Қазақстанда бірінші болып теледидарды Оңтүстік Қазақстан обылысының бірқатар аудандары көрді. Өткен жылдан бастап Шымкент қаласы, тағы басқа аудандар Ташкент телевизиясының хабарын көріп келеді. Алматыда салынып жатқан қуатты телевизия орталығының бірінші кезеңі бітті.
Өткен жылдың өзінде ғана Қазақ телевизиясы облыстық басқармалар және қалалық телевизия студиялары еңбекшілерден 134. 201 хат пен корреспонденция алды.
Бұл күндер телевизияның экономикалық насихат саласында, саяси идеялық, мәдени және экономикалық білім беру мәселелерінде, озат тәжірибені тарауда социалистік жарысты ұйымдастыруда ізденіс-талпыныс жолында екенін айта кеткен жөн.
3. Тәуелсіз телеарна «Рахат»
Рахат тәуелсіз телеарнасы өмірге 1998 жылы келді. Оның алдында АТД болатын, негізін қалаушылар: белгілі журналистер Татенко Светлана Ивановна, Тоқпанов Жаңабек, Ишмұхаметова Айгүл, Шляхова Марина, Скороходова тағы басқа.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz