Зерттеудің өзектілігі
Қазақ пен моңғол мифтерінің типологиясы
(Этиологиялық, космогониялық мифтер бойынша )
10.01.09 – Фольклортану
Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклортану
бөлімінде орындалды.
Ғылыми жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі,
филология
ғылымдарының докторы,
профессор С.А.Қасқабасов
Ресми оппоненттері: филология ғылымдарының
докторы,
профессор Т.Ә.Қоңыратбай
филология
ғылымдарының кандидаты
С.Б.Сәкенов
Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық
университеті
Диссертация 2008 жылғы 31 қазан сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының докторы дәрежесін беру
жөніндегі Д 53.34.01 Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады
(050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық
ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко
көшесі, 28).
Автореферат 2008 жылғы ____ ___________таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы
Б.У.Әзібаева
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ пен моңғол фольклорында миф жанры басқа
жанрлармен салыстырғанда сәл кештеу анықталды және оны зерттеу ісі де баяу
жүрді. Мәселенің бұлай болуы – осы жанрдың есте жоқ ескі заманнан бүгінгі
күнге ыдыраңқы-шашыраңқы күйде там-тұмдап жетуі, әлемдік діндердің әсеріне
орасан түсуі, сан қилы қоғамдар мен дәуірлердің бұралаң тезінен өтуі,
тіпті, басқа жанрларға сіңісіп кетуі, қысқасы, тарихи-стадиялық тұрғыдан
ең көне жанр болуы әрі рух-иелік қалыптағы архаикалық мифологияны
зерттеудің теориялық-методологиялық әдістерінің ғылымда кенже қалыптасуында
еді.
Осы тұрғыдан келгенде түрік-моңғол мифология материалдарын түгендеп, басын
қосып, жинақтау да, оны жіктеу, топтау, саралау да күн тәртібінде тұр. Біз
зерттеуімізге лайықтап сұрыптап алған қазақ-моңғол мифологиялық мәтіндерін
этиологиялық және космогониялық деп екі үлкен топқа бөлдік. Этиологиялық
мифтердің стадиясы әжептәуір көне, оның кейбір сюжеттері этиологиялық
ертегіге де жатқызылып жүр, сол себептен олардың ара-жігін анықтай түсуге
де ден қойдық. Алдымен хайуанаттар мен өсімдіктердің және жергілікті
жағырапиялық нысандардың пайда болуын арқау ететін үлгілерді талдадық.
Мәдениеттің пайда болуын баяндайтын мәтіндер де осы түрге енеді де рухани
сабақтастық, тығыз бірлік құрайды. Өйткені, осы тақырыпта баяндалатын
сюжеттер (мәдени дақыл, музыкалық аспап, өнердің пайда болуы, т.б.), түптеп
келгенде адам мен табиғаттың арасы енді алшақтай бастаған байырғы мезгілді
меңзейді де этиологиялық түрге жатады. Ал, космогониялық мифтердің өзегінде
де көне сюжеттер бар, әйткенмен мифтің бұл түрі байырғы тайпаларда сирек
кездеседі, себебі аспан денелерінің сыр-сипатын тану – дамыған сананың
көрінісі. Сондықтан бұл мифтерде халық астрономиясының жетістіктері, яғни
белгілі дәрежеде ғылыми ойлау бой көрсетеді, сол себептен олар бірізге
түскені, циклденгені байқалады. Алайда осы үлгілер бертінгі дәуірлердің
тумасы болғанымен өзінен көне қабатта тұрған этиологиялық мифтермен
салыстырғанда әжептәуір қасиетті сипатта. Олай болатыны халық аспан
денелері мен табиғат құбылыстарын ұдайы тылсым күшпен байланыста
түсінетіндігінде.
Қазақ пен моңғолдың мифологиялық материалы фольклордың басқа жанрларының
табиғатын дұрыс тануға да баспалдақ болатыны анық. Мәселен, миф пен қарғыс
жанрының қарым-қатынасы берік. Сонымен бірге Еуразия даласында ежелден
еншісі бөлінбеген, киіз туырлықты, ағаш уықты түрік-моңғол халықтарының
фольклордағы сабақтастығын миф жанрының аясында кешенді зерттеудің ғылыми-
теориялық мәні зор.
Зерттеудің өзектілігі. Осы уақытқа дейін қазақ пен моңғолды былай қойғанда,
түрік-моңғол халықтарының мифологиясы салыстырмалы тұрғыдан арнайы
зерттелген жоқ. Тіпті, ұлттық фольклортану ғылымында қазақ мифологиясының
өзі жеке дара зерттелмей келгені белгілі. Мифологиялық материалды жүйелі
жинақтау, оны саралау ісі де жеткілікті дәрежеде қолға алына қойған жоқ.
Оның бір себебі, мифология халықтың ескі наным-сеніміне тікелей қатысты
болғандықтан да Советтік империя дәуірінің идеологиясына бір жағынан қайшы
болды. Түрік тектес халықтар тәуелсіздік алғаннан кейін осы салаға деген
ынтаға серпін туды. Қазақ-моңғол мифологиясын салыстырып зерттеу ісі түрік-
моңғол халықтарының көне мәдениетінің төркінін барлауға, байырғы
дүниетанымын жаңғыртуға, бүгінгі кейбір рәміздердің сырын айқындауға, осы
жанрдың табиғатын танып, көркемдік болмысын анықтап, үлгілерін саралап,
рухани қазынаға қайта қосылуына септігін тигізеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл салаға алғаш рет 1862-1863 жылдары
Ш.Уәлиханов сәтті түрен салғанымен, одан кейінгі кезеңдерде қазақ пен
моңғол мифологиясы арнайы салыстырылып, ешқашан зерттелген емес. Моңғолдың
әйгілі ғалымы Д.Банзаровтың Қара дін немесе моңғолдағы шамандық [1] деген
еңбегін оқығаннан кейін Ш.Уәлихановтың жазған Қазақтағы шамандықтың
қалдығы [2, 469-б.] деген зерттеуі, шын мәнінде, қазақ пен моңғол
мифологиясын салыстырудың игі бастамасы болатын. Одан кейін Г.Н.Потанин
еңбектерінде жалпы түрік-моңғол фольклорлық материалы, соның ішінде
мифологиялық мәтіндері жинақталып, миграционизм теориясы бойынша
салыстырылған. Төңкерістен бұрынғы дәуірде жарық көрген Дала уалаятының
газеті, Этнографическое обозрение, Живая старина, т.с.с. баспасөз
беттерінде, кейбір жинақтарда мәтіндер жарияланған.
Кеңестік дәуірде М.Әуезов еңбектерінде түрік-моңғол фольклорының бірлігі
мәселесінің кейбір қырлары сөз болады. Мәселен, Гэсэр, Жәңгір [3]
эпостарына баға беріледі, қазақ пен моңғол ертектерінде жақындықтың бар
екендігі айтылады. Содан кейінгі кезеңдерде Р.Бердібаев [4, Б.63-64] пен
Ш.Елеукенов [5] еңбектерінде мифке назар аударылады. Мифті отандық
ғылымда фольклорлық жанр ретінде 1980 жылы С.Қасқабасов алғаш рет анықтады
[6, 27-б.], оның бұл пікірі 1984 жылы жарық көрген Қазақтың халық
прозасы [7, 64-б.] деген еңбегінде түйінделді. Осы автордың басқадай
зерттеулерінде мифологияның кейбір қырлары талданды, қазақ мифологиясының
тарихи-стадиялық ерекшелігі егжей-тегжейлі анықталды. Фольклортанушы
Ш.Керім кейбір мәтіндерді жариялады [8]. Қытайдағы қазақ ғалымы Н.
Мыңжанұлының Қазақтың мифтік аңыздары [9] деген еңбегінде тың пікірлер
бар, сирек кездесетін мәтіндер де жарияланған. Түркиялық доктор М.Ергунның
Түрік дүниесі мифологиясындағы құбылу сарындары [10] деген еңбегіне
қазақтан 40 мәтін еніп, түрікше аудармасымен жарияланған. Алайда, бұл
кітапқа Дала уалаятының газетінде жарияланған Бұлбұл мен қызыл гүл
деген литва ертегісі қазаққа телініп, жаңылыс енген [10, 622-б.].
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан ғалым Ш.Ыбыраев,
П.Әуесбаевалар құрастырып шығарған Қазақтың мифтік әңгімелері [11] деген
еңбек мәтіндерді жинақтауға жасалған алғашқы қадам болды.
Түркиялық профессор Б.Өгелдің 1971, 1988 жылдары Анкарада жарық көрген
Turk mitolojisi деген екі том монографиясы бауырлас халықтардың
мифологиясын зерттеуге бағытталған ізашар еңбек болды [12;13]. Б.Өгел әр
түрлі себептерге байланысты қазақ мифологиясы туралы бірен-саран жанама
деректер қолданумен шектеледі.
Моңғолдарда бурят ғалымы Н.О.Шаракшинованың 1980 жылы жарияланған Мифы
бурят [14] деген еңбегі моңғол мифологиясын зерттеуге өнегелі жол ашты.
Содан кейін Моңғолиялық әйгілі ғалым Ш.Гаадамба миф жанрының белгілерін
саралап, 1984 жылы алғаш рет мақала жазды [15], ал, доктор Д.Цэрэнсодном
құрастырып, алғы сөзін жазған Моңғол мифологиясы деген еңбекте 240
мәтіннің нұсқасы сараланып, жарияланды [16]. Профессор С.Дулам Моңғол
мифологиясының образы [17] деген монографиясында түрік-моңғол үлгілеріне
талдау жасады, бұл Моңғолияда осы жанр туралы арнайы қарастырған тырнақалды
еңбек еді. Аталған зерттеулерде қазақ материалы сарапталмайды.
Кеңес (Ресей) ғалымдары И.В.Стеблева, С.Ю.Неклюдов, Н.Л.Жуковская
еңбектерінде түрік-моңғол мифологиясының кейбір мәселелері қарастырылады,
біздің тақырыпқа қатысты жанама деректер беріледі. Түйіндеп айтқанда,
бүгінге дейін қазақ пен моңғол мифологиясы салыстырмалы бағытта арнайы
зерттелмеген, сондықтан осы жұмыс күн тәртібінде тұрған сол міндетті
атқарады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
– Қазақ пен моңғол мифологиясын жалпы түрік-моңғол
руханиятымен тығыз бірлікте қарастыра отырып, кешенді зерттеп,
этиологиялық, космогониялық мифтердің табиғатын тану, олардың ішкі түрлерін
саралау, типологиялық сарындардың түптөркінін барлау, ортақ белгілер мен
дара сипаттарды айқындау, олардың себеп-салдарын ғылымның бүгінгі жеткен
өресінен ашып көрсету.
– Мәселені жалпы фольклорлық үдеріс ауанында қарастырып,
қазақ пен моңғол мифологиясын көне дүниетаныммен, халықтың байырғы тұрмыс-
тіршілігімен, көркем қазынамен үндестікте зерделеп, әлемнің басқа
халықтарының материалдарымен қажетінше салыстырып, стадиялық белгілерін
айқындау.
– Қазақ пен моңғолдың біз зерттеп отырған тақырыптағы
мифологиялық материалдарын жүйелі жинақтау, түгендеу, бұрын-соңды ғылыми
айналымға түспеген мәтіндерді зерделеу, табылған үлгілерді жаңа
категориялар мен түрлерге жіктеу, саралау.
– Этиологиялық мифтердегі танымның даму сатыларын айқындау,
құбылу сарынының кезеңдерін сипаттау, оған әсер етуші қарғыс-жазаның
этикалық себебін парықтау, сол арқылы осы мәтіндердегі мифологиялық
уақыттың басталуы мен аяқталу мерзімдеріндегі айырмашылықтарды көрсету.
– Мәдениет туралы мифтердегі нысандар арғы әлем өкілдерімен
байланыста жаралған дейтін сарынның төркініне барлау жасау.
– Космогониялық мифтердегі циклдену үдерісі, аспан денелері
туралы үлгілер мен халық астрономиясының қарым-қатынасы, табиғат
құбылыстарының кейіптелуі, т.с.с мәселелерді талдау.
– Қазақ пен моңғол мифологиясындағы жасампаз қаһармандар мен
трикстердің стадиялық-функционалдық ерекшелігін байыптау, әлем халықтарының
классикалық көне және көркемделген мифологиясымен салыстыру арқылы осы
кейіпкерлердің тамырын тарқату.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Қазақ пен моңғол мифологиясының
тақырыбымызға қатысты материалдары жүйелі жинақталып, тұңғыш рет кешенді
салыстырылды, жіктеліп, сараланды. Екі халықтың мифологиялық материалдары
бірін-бірі толықтырып, кейбір көмескіленіп кеткен көне бейнелер мен байырғы
түсініктерді қайта жаңғыртуға көмектесетіні дәлелденді. Бұл мәселе түрік-
моңғол фольклортануында алғаш рет рухани тұтастықта, кең арнада, жүйелі
тексеріліп отырғандықтан, алтай, телеуіт, тува, хакас, саха, бурят, қырғыз,
татар, өзбек, түрікмен, түрік сияқты бауырлас халықтардың мұралары қосалқы
дереккөзі ретінде пайдаланылды. Қазақ пен моңғол мифологиясының рух-иелік
стадияда шашыраңқы-ыдыраңқы қалыпта, көне қабатта екендігі айқындала түсті,
халық қазынасындағы әлемдік діндерден келіп, бедерін салған кейбір бейнелер
мен сарындар сарапталды. Сонымен бірге түрік-моңғол мифологиясындағы
жасампаз қаһарман мен трикстер бейнесінің ерекшеліктері алғаш рет
анықталды.
Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері.
Диссертация жазу барысында фольклортану ғылымында маңызды зерттеулер
жүргізген қазақ пен моңғолдың жетекші ғалымдарының, сонымен бірге шетелдің
белгілі мамандарының теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Жұмысты орындағанда қажетіне қарай тарихи-
генетикалық, тарихи-типологиялық, тарихи-стадиялық, құрылымдық-
семиотикалық, сонымен бірге аналитикалық талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері. Диссертациялық жұмыстың
дереккөзіне Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасы мен
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Моңғолияның Ұлттық
Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтының қолжазба қорларындағы
мұралар, сонымен бірге аталған ұжымдар тарапынан жарық көрген көп томдық
жинақтар негіз болды. Автордың ел аузынан жинаған мәліметтері мен ғылыми
экспедициялық жұмыстарының материалдары кәдеге жарады. ҚХР Шыңжанда,
Түркияда жарияланған қазыналар да қамтылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Жұмыстың ғылыми-
практикалық мәні оның өзектілігімен, ғылыми жаңалығымен тікелей байланысты
болып табылады. Оның басты себебі бүгінгі күнге дейін Қазақ пен моңғол
мифтерінің типологиясы кешенді түрде арнайы зерттеу нысанына
айналмағандығында. Бұл диссертациялық жұмыс түрік-моңғол фольклорының
тарихын жазуда, мифологиясын зерттеуде, жалпы халық шығармасының
поэтикасымен шұғылдануда қажетке жарайды. Еңбектің жоғары және орта арнаулы
оқу орындары үшін оқу құралдарын жазуда септігі тиеді деп санаймыз. Жоғары
оқу орындарының филология факультеттерінде оқылатын дәрістерде, семинар
сабақтарында кеңінен қолдануға, сондай-ақ зерттеу тақырыбының ауқымында
арнайы дәрістер ұйымдастыруға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
– Қазақ пен моңғол мифологиясындағы ортақ белгілер екі халықтың
ежелгі руханияты әлемдік діндерге дейін тамырлас, төркіндес болған
заманында қалыптасқан. Оның басты себебі тарихи-генетикалық байланыста,
және екі елдің өмірі мен тіршілігінің, ұғым-түсінігінің ұқсастығында.
Әсіресе этиологиялық, космогониялық мифтерде ұқсас құбылыстар үстем. Бұлай
болуы заңды, өйткені, біріншіден бұл мифтер өте көне жанрлар, ежелгі
дәуірдің қазынасы, екіншіден қазақ пен моңғол халықтарының мәдени-
шаруашылық типі біртектес. Сонымен бірге Еуразия даласында ежелден қанаттас
өмір сүріп, көшпелі империялар кезеңдерінде әр ұлыс-тайпалар ықпалдасуы,
тоғысуы, бірегейленуі, осы халықтардың мифологиясының жүйесі мен тарихи
стадиясы, қабат-қыртысы бірдей қалыпта болуы әсер еткен.
– Этиологиялық мифтерде сананың даму сатысының екі деңгейде
қалыптасуы байқалады. Бірінші кезеңде табиғат пен адам теңдестігі
жағдайында пайда болған ұғымдар мен сарындар мифологиялық уақыттың басында
тұрғаны аңғарылады. Екінші кезеңде аң-құстардың қарғыс-жазадан пайда
болғаны көрсетіледі, бұл құбылу сарынына тірек болған және осы мотив
мифологиялық уақытқа әбден нүкте қойылғаннан кейінгі дәуірлерде этикалық
себепке иек артып пайда болады.
– Жергілікті жағырапиялық нысандардың пайда болуы алыптардың,
әулиелердің, батырлардың тау-тасқа айналуы деп түсіндіріледі. Осы сарындар
әлем халықтарының құлдық мемлекет тұсында қалыптасқан көркемделген
көпқұдайлы мифологиясымен салыстырылып, стадиялық белгілері көне екендігі
анықталады, ал, өзен-су, көл-бұлақтың жаратылуына көз жасынан су пайда
болу сарыны түрткі болғаны дәлелденеді.
– Біраз мифте музыкалық аспап пен өнердің арғы әлем өкілдерімен
байланысты пайда болғаны айтылып, оның сол себепті киелі екендігі сөз
болады. Ал, енді бір топ мифте дәнді дақылдардың қасиетті жандардың дене
бөлшегінен пайда болғаны баяндалады. Оның төркіні байырғы құрбандық
салтымен ұштасып жатыр. Сонымен бірге құрал-саймандардың пішініне
архаикалық мифологиядағы жасампаз қаһарманға үндес хайуанаттар оңтайлы
өзгеріс әкеледі.
– Түрік-моңғолдың антропогониялық мифтерінде алғашқы адамды
Тәңір жасағанда итке күзеттіреді. Бірақ адамның мүсінін жауыз рух былғап
кетеді. Сол себептен ит жылы тонға ие боп, адам жалаңаш қалады. Осы миф
ит жейде салтының пайда болуына негіз болған.
– Әлемнің жаратылуы туралы сюжеттерде ұқсастықтан гөрі
айырмашылықтар көп. Бұлай болуы мұнда бірқұдайлық және көпқұдайлық
діндердің күшті ықпалы бар.
– Космогониялық мифтер басқа үлгілерге қарағанда циклдене түскен, оған
халық астрономиясы ықпал еткен.
Зерттеу жұмысының сарапталуы мен сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың
қолжазбасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклортану
бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған
мақалалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитеті белгілеген 12 ғылыми басылымда, халықаралық, республикалық
конференциялардың 10 жинағында жарияланды. Шетелде екі мақала жарық көрді:
А.Тойшанулы. Уул хадны гарвалийн тухай домгийн уг үндэс (Гурван хүүхэн
уулын жишээгээр) Nomadic studies. – Ulaanbaatar. – 2003. – № 7. – Б.61-
64; А.Тойшанулы. Турэг-монгол домогзүйн соелжуулагч баатарын онцлог шинж
чанарын тухай Summer school of young mongolists – 2007. The
international Scientific Conference. – Ulaanbaatar, 2007. –Х.166-170.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Сонымен қатар осы диссертация жұмысына қатысты жарық көрген мақалалардың
тізімі берілді.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде тақырыптың зәрулігі, зерттелу жай-күйі, зерттеудің деректемелік
және методологиялық негіздері, теориялық және практикалық құндылығы,
мақсаты мен міндеттері, жаңалығы, қолданылу аясы, мақұлдануы сияқты
мәселелер баяндалған.
Бірінші бөлім Этиологиялық мифтердің типологиясы деп аталады, екі
тараудан тұрады.
1.1 Хайуанаттар мен өсімдіктердің жаратылуы жайында деген тарауда
сарапталған мәтіндер мазмұны мен стадиялық даму ерекшелігіне сай екіге
жіктелді: 1) Қандай бір хайуанат пен өсімдіктің алғаш пайда болуы мен оның
дене-мүшесінің, өмір-тіршілігінің ерекшелігін түсіндіретін мифтер
(жасампаздық сарыны бар). 2) Адамдардың қарғыс-жаза мен басқадай жайттарға
байланысты аң-құсқа айналуы (Құбылу сарыны бойынша).
Бірінші топта қазақ-моңғолда ортақ кездесетін Түйе неге жылдан құр
қалған?, Бөдененің құйрығы неге келте?, Сиырдың бүйрегі неге бұдыр-
бұдыр? т.с.с. сұрақтарға жауап беретін этиологиялық мифтер талданды. Бұл
сюжеттерде мифтік уақыттың әу бастағы ілкі кезеңіндегі оқиғалар суреттеледі
де, адам (хайуанат) мен табиғаттың немесе хайуанат пен хайуанаттың
аралығында айырмашылық жоқ, олар өзара теңдес, аралас-құралас жүрген дейтін
шақтағы ілкі оқиға, бірінші себеп-салдар, алғашқы жаратылыс суреттеледі,
мұнда тұңғыштық сипат айрықша мәнге ие. Танымның осы байырғы сатысынан
мағлұмат беретін қазақ пен моңғолдағы көптеген сюжеттер ортақ. Мысалы,
түйенің мүйізін бұғы, құйыршығын жылқы, әтештің қанат-қауырсынын тотықұс
сұрап (алдап) әкетуі, жайбасар сиырдың Жаратушы бүйрек үлестіргенде кеш
қалып, басқа хайуандардан сол ағзаны қарыздауы, т.с.с. жайттар жан-
жануардың, түптеп келгенде бүкіл әлемнің енді реттеліп жатқан кезеңін
тұспалдайды да, кейіпкерлердің ебедейсіз әрекеттері ерсі емес, заңды,
табиғи секілді сезіледі. Бұл сюжеттер неге солай? деген сұраққа әсіре
түсіндірмелі жауап қатқанымен, негізінде, баланың балаң сұрағына арналған
жауап емес, керісінше кез-келген заттың шығу тегін қасиетті ілкі-ата,
құдайлармен байланыстырып, адамдардың рухани сұранысын белгілі дәрежеде
өтеуге бағытталатыны ғылымда анықталған [18, 173-б.]. Мәселен, Түйе неге
жылдан құр қалған? деген түрік-моңғол халықтарында ортақ кездесетін
дағдылы үлгіні талдау арқылы көшпелілердің 12 жылдық күнтізбесінің
семантикасы айқындалды. Құстардың өмір-тіршілігі туралы мифтер қазақ-
моңғолда ортақ күйде кездескенімен кейбір жекелеген ерекшеліктер де
анықталды. Қазақта Сүлеймен патшаның зайыбы құстардың мұрнын тестірсе,
ондай әрекетті моңғолда құс патшасы Самұрықтың әйелі Үкі атқарады. Құстарды
апаттан моңғолда жапалақ, қазақта байғыз құтқарып қалады. Қазақтағы
Сүлеймен патшаның бейнесі ислам руханиятының ықпалы екендігі айқын. Қазақ
пен моңғолда ортақ кездесетін осындай сюжеттерде байғыз, жарқанат, жапалақ,
үкі секілді құстардың басқаға ұқсамайтын дене-мүшесі, мінез-құлқы, тұратын
орны, өмір сүру ерекшелігіне түсінік беріліп, оларды ақылды санап, белгілі
мөлшерде ғаламды үйлестіруші қызмет атқартады. Бұлардың бойында жартылай
құс, жартылай адам қасиеттері бар. Міне, осы факт бұл сюжеттердің
архаикалық мифологиямен төркіндес, замандас екендігін көрсетеді. Бір
ескертетін жайт, Бөдененің құйрығы неге қысқа? немесе Бөдене Һәм түлкі
деген мәтіндер екі халықта да ортақ кездескенімен, бұлар әлдеқашан мифтік
тамырдан алшақтап, хайуанаттар туралы ертегіге айналған сюжет деуге болады.
Бірақ қазақта кездесетін бір сюжетте бөдене құстардың жолына кедергі болған
тауды тесіп, олар еркін ұшатын соқпақ салып, жасампаз қаһарманға үндес
қызмет атқарады. Осы сюжет моңғолда кездеспейді. Қазақ-моңғолға ортақ
таралған түлкіні алдап, оның аузынан құтылғанымен, артынан тістетіп,
құйрығы келте болатын бөдене хайуанаттар туралы ертегінің кейіпкері болса,
бұндағы бөдене қанаттылар үшін жол салып, тауды тескен, бір сөзбен
айтқанда, табиғатты реттеуші жасампаз қаһарманға үндес. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz