Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Қазақ интеллигенциясы әлеуметтік - мәдени феномен ретінде (әлеуметтік
философиялық талдау)
КІРІСПЕ
Диссертациялық зерттеудің жалпы сипаттамасы. Адамзат мәдениетінің
дамуында халық игілігіне қызмет етуде, қазақ зиялыларының да ұрпақ
мүддесіне қосқан өз үлесі бар. Яғни зиялылық, адамгершілік,
қайырымдылық, даналық ұғымдары ұлт тұлғаларының ел тарихында қалған
рухани бейнесімен бірге, халық игілігіне негізделген мұраларының да негізі.
Әлеумет игілігіне бағытталған құндылықтар қоғам мен мәдениет дамуының
феномені. Диссертациялық жұмыста осы мәселе шеңберінде қазақ зиялыларының
қалыптасу ерекшеліктері, ұлт мәдениетіндегі рухани тұлғасы, әлеуметтік
философиялық көзқарастары қарастырылады.
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Өз ұлтының, халықтың тарихы
мен мәдениетін зерттеуге деген бетбұрыс қазақ топырағында әр уақытта да
орын алып отырған. Өткен ғасыр басында өмір сүрген алаш зиялыларын
айтпағанның өзінде, мәдениетіміздегі Шоқан, Ыбырай, Абай секілді ірі ғұлама
ғалымдар мен ойшылдарымыздың ұлттық мүдде тұрғысындағы ізденістері осы
пікірімізді дәлелдейді. Қазақ ұлтының шежірешілдігі де ұрпақтың өз тегіне,
өз жеріне, туған еліне деген тұлғалық түсінігін тереңдете түскен. Яғни, өз
ұлтының болмысын танып қана қоймай оның мәнін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп
кетуді мақсат еткен адамдар ел ішінде қай кезде де көп болған. Түптеп
келгенде бұл дәстүр тарихтағы еліміздің өзінің төл мұраларын игеру
жолындағы ізденістерінің жан - жақтылығын танытады.
Ұлттық философияны игеру мен иелене білудің екі жолы бар. Оларды қарапайым
байырғы жол және ұлттық философияны танудың дара жолы деп айтсақ артық
емес. Халықтың, өзінің ұлттық философиясын игеруінің қарапайым байырғы жолы
қазақ қоғамының рухани әлеуметтік кеңістігімен біте қайнасып, ұрпақтың
тұлғалық істері арқылы танылып келе жатқан дәстүр. Оның негізі өзін ұлт
өкілі санай білген әр адамның елдік түсінігі мен көзқарасында. Өкінішке
орай бұл дәстүр бүгінгі таңда ел өмірінен алшақтаған сияқты.
Ұлттық философияны игерудің дара жолы бұл қазақтану ғылымы. Шоқан
Уәлихановтан бастап, алаш интеллигенциясы өкілдерінің ізімен бүгінгі күні
де елімізде өз жалғасын тауып жатқан, ұлттық дүниетанымды зерттеудің ғылыми
көріністері осы ойымызды нақтылай түспек. Бұның міндеті жекелеген ғылым
иелеріне тән. Яғни, ұлт философиясын терең зерттеп, оның тұлғасын бағалай
білген, рухын әлеумет игілігіне жаратуды ойлаған адам осы жолдың өкілі.
Оның мәнін бүгінгі уақыт, ұлттық мүдденің талабы көрсетіп отыр.
Соңғы ғасырлар бойы, қазақ жерінде орын алған түрлі саяси оқиғалар
ұлттық дүниетаным өрісін тұмшалап, ұлт мүддесінің шын жанашыры зиялылар
қатарын сирете түскендігі тарихтан белгілі. Өзіне бүкіл әлемнің сыни
көзқарасын туғызған тоталитаризм, халық мәдениетінде ұлт игілігіне үнемі
ұйытқы болып отырған зиялылар ісін аяққа басып, тұлға ақиқатын терістеген
бейнесімен қалды. Мұндай қоғамда адам құндылығының жойылып, рухының жаси
бастайтынында бүгін уақыт дәлелдеп отыр. Г. Лебон жазып кеткен, қай уақытта
да қол астына түрлі-түрлі халықты ноқталап отырған үлкен империялардың
маңдайына ешқандай ұзақ өмір сүру жазылмаған [1, 19 б.]
Ұлт зиялыларының өздері болмаса да, олардың дербес рухани тұлғасы
кейінгі ұрпаққа, елге арнаған игі істері, мұралары арқылы жететіндігіне де
тарих куә. Олардың халық мүддесі үшін атқарған парызды қызметтерін ел үшін
игілік, ұрпақ үшін құндылық дейтін себебіміз сол. Сондықтан да біз, соңғы
кездері азғана уақыт ішінде елімізде қолға алынып отырған ұлт тарихы мен
мәдениетін зерттеу жолындағы мәселелерді халық игілігі үшін атқарылып
отырған іс деп есептейміз. Бірақ, бұл жолда жүрген адамның алдында ұлт
құндылықтарын игеріп жарыққа шығарумен қатар, оған жанашырлық пен қарау
міндетінің де тұрғандығын ескергеніміз абзал.
Ұлттық интеллигенция феноменін тарихи негізде, әлеуметтік философия
тұрғысында зерттеудің мәні халықтың рухани дүниесін, сол рухани дүние
өкілдері зиялылар тағдырының шындығын кейінгі ұрпақ буынға жеткізіп
отыруымен терең және өзекті. Отандық мәдениеттанушы ғалым, Т.Х. Ғабитов
жазғандай: Мәдениет адамзат тарихын адамдық ететін, оның жалғасы мен
мұрагерлік құпиясын ашатын күш болғандықтан, оның дамуына ұйытқы болып
отыратын да ұлттық интеллигенция өкілдерінің тұлғалық феномені [2, 3б.].
Сондықтан зиялылар тағдыры ел игілігімен сабақтас. Ұлт тұлғаларының рухани
болмысына тән кез келген мәдени құбылыс халықтың игілік мұратына тәуелді.
Философия қызметі осы тарихи шындықтың рухани мәнін жан-жақты зерделеп,
халыққа түсіндіріп отыруымен терең.
Зиялылықтың өзі, халық пен тұлғаның игі істерінің бойынан көрінетін
қасиет. Біз осы жұмысты жазу мақсатында алдымен Мұстафа Шоқайдың: Біз,
қаншама ірі тұлға болса да, үмітімізді жеке адамдардың атына тәуелді етіп
қоя алмаймыз. Біз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға
сүйенеміз, - деп айтқан сөздерін негізге ала отырып, біртуар дарын иелерін
ел алдына шығарған тарихтағы ұлтымыздың да рухын мүмкіндігіміз жеткенше
ақиқатты зерделеуге ұмтылдық. Ұлт ұғымының өзі рухты түсінік. Көп
жағыдайда бұл ескеріле бермейді. Елдің де, ердің де өмір сүру жолы бірдей.
Егер адам өз жұртының игілігін ойлап, оның мүддесіне қызмет етпесе тарихта
биік тұлға деңгейінде қалмас еді. Қай күнде де ұрпақты тұлғалыққа
жетелейтін ұлттық мұрат. Тұлғаның зиялы түсінігі, алдымен оның өз
мақсаттарынан, ұлт мұратын жоғары қойған әлеумет үмітінің рухын қастерлеп,
бағалай білген білігі. Зиялылар өмірінің мәні осы кісілік түсінікте. Жеке
басқа табынушылық орын алған қоғамда ұлттық интеллигенция түгіл, ұлт мұраты
да болмған емес. Ұлт мұраты өмір сүрмеген қоғамда жастардың саяси
әлеуметтенуіне ұйытқы елдікте болмаған. Елдік ұлт пен зиялылар рухының
өзегі. Кеңес саясаты ұлт тамырына балта шапты дейтін себебіміз сол.
Тоталитарлық тәртіп түптеп келгенде халықтың жекелеген зиялы тұлғаларын
құртумен қатар, ұрпақты да ұлттық рухынан айыруды көздеді. Ел мәдениетінен
белгілі қоғамда орын алған мұндай өтпелі құбылыстарға төтеп беретін феномен
ұлттық рух. Осы себептен ұлттық рухымыздың өзегін терең түсінудің басты
қадамы, алдымен зиялылар тұлғасын философия тұрғысында кеңінен зерттеуде
болып отыр.
Ұлт зиялыларының тұлғасына тән ерекше өз табиғаты бар. Ол заманның,
қоғамның, тарихтың үнемі осы құбылыстармен бірге жүретін адамның,
әлеуметтің тағдырына сын көзбен қарап оның келешегіне қатысты әділетті
бағасын беріп кетуі. Сол сияқты қазақ зиялыларының көзқарастары, тұлғалық
істері бізге дейін болып өткен халықтың тарихи өмірінің мол тәжірибесін
береді. Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі міндет және сол міндетпен
қатар тұрған мәселе - алаш зиялыларының тарихи тағдырының шындығымен қатар,
ұлттық табиғатын, қалыптасу ерекшеліктерін тану, тұлғалық келбетін сомдау.
Өткен ғасыр басында өмір сүрген қазақ зиялыларының тарихи тұлғасын
салмақтау, кейінгі ұрпақ игілігіне арнап жазып кеткен мұраларын философия
тұрғысында зерттеу, әлі де жалғаса беретін дәстүр. Себебі, ұлттық
интеллигенция мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық
мұратын ақиқатты бағалаудың өзі, әлеумет игілігіне жарайтын білімі мол
үрдіс. Әсіресе, елдің осындай өтпелі уақыт аясындағы қажеттіліктеріне
бағыт-бағдарын жеткізіп отыратын зиялылар ұлағаты. Сондықтан да аталмыш
тақырып өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ зиялыларының тұлғалық феномені толықтай
зерттеліп, ақиқатты бағаланды деп айту қиын. Соңғы уақыттарда олардың
философиялық көзқарастарының зерттеліп жүргендігі болмаса, тұлғалық рухы
мен ұлттық табиғаты, елдігі, даналығы мен түсінігі толықтай зерделеніп ел
мәресіне жетті деп айта алмаймыз. Бір сөзбен айтқанда отандық философия
ғылымы алдында тұрған өзекті мәселе қазақ зиялыларының тұлғалық феноменін,
ұлт мәдениетіне тән тұлғалық рухының табиғатын жан-жақты зерттеу.
Осы тұста алаш зиялыларының философиялық көзқарастарын зерттеуде
философия тарихы мен мәдениеттану ғылымы тұрғысында өз ойларын білдіріп
жүрген ғалымдардың есімдерін де атап өтуіміз қажет. Олардың қатарында
А.Т. Тайжановтың, Г.Ж. Нұрышеваның, Д.А. Құсайновтың, Г.З. Әбдірасылованың,
Т.К. Алимовтың, А. Айтбаеваның, Б.Қ. Бейсеновтың, Қ.Н. Ашекееваның, Г.Ж.
Айтымбетованың, Г.Б. Жұманованың, Б.Қ. Рақымжановтың, Ә.С. Сахатованың,
және т. б. ғалымдарымыздың осы мәселе төңірегінде жазылған ғылыми
еңбектерін айтуымызға болады. Аталған ғалымдарымыздың жұмыстарында қазақ
зиялыларының философиялық ойлары, қоғамдық-саяси көзқарастары, ағартушылық
идеялары мен қызметтері қарастырылады. Бұл ізденістің де алдымызда қазақ
философиясының дамуына, оның өкілдері алаш зиялыларының тұлғасын тануға
қосар өз үлесі бар.
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас. Көрнекті
ғалым А. Қасымжанов жазғандай: Асан қайғы, Шалкиіз, Үмбет би, Бұқар,
Доспанбет, Марғасқа сынды жыраулар, Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім сынды
ағартушы ғалымдар, Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ақын, есіл ер
азаматтар, қазақтың ғана емес барлық түркі тілдес халықтарға ортақ, олардың
сөз өнері шығармалары ежелгі түркілердің жалғасы рухани тамырларымыздың
көрінісі [3, 180 б.] Яғни, көне түркілік әлемнен бастау алатын ұлттық
дүниетанымымызсыз, әсіресе, оның өрісін кеңейтіп отырған қазақ ойшылдарының
даналығын ескермей, өткен ғасыр басында өмір сүрген зиялыларымыздың
қалыптасу ерекшеліктерін зерделей алмаймыз. Зерттеу тақырыбымыздың
методологиялық негізін құрайтын да осы көне түркі кемеңгерлерінің, қазақ
ойшылдарының даналығы мен даналыққа толы мұралары. Атап айтсақ, Қорқыт, әл-
Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. Иассауи, А. Иүгінеки секілді
кемеңгерлердің руханияты терең еңбектері осы алаш зиялыларының тұлғалық
ерекшеліктерін ұлттық болмыс тұрғысынан зерделеуге негіз болып отыр. Бұл
болашақта да ескерілетін нәрсе. Сонымен қатар, М. Дулати, Қ. Жалайыр, Төле,
Қазыбек, Әйтеке секілді кемеңгер ойшылдарымыздың, Бұқар жырау бастаған
даналарымыздың, Абылай мен Кенесары секілді хандарымыздың, Исатай мен
Махамбет секілді дана батырларымыздың, өзге де тарихымызда елдік істерімен
қалған ақын-жырауларымыздың тұлғалық рухы, тарихтағы ұлт зиялыларының
рухани бейнесін көрсетіп қана қоймай олардың дербес рухани жолын да сақтап
отырады. Зиялыларымыздың тұлғалық келбетін де сомдай түсетін осы
тарихымыздағы даналар тағылымы.
Диссертациялық зерттеудің нысаны. Қазақ зиялыларының ұлт мәдениетінде алар
орны және ұлт мүддесіне қосқан үлесі.
Зерттеу пәніне қазақ зиялыларының тұлғалық ерекшеліктері және оның қазақ
мәдениетіндегі дербес рухани көрінісі жатады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты - Алаш зиялыларының халық мүддесіне
қосқан үлестерін зерделеу және сол арқылы ұлттық мәдениет пен қоғам
дамуындағы дербес тұлғасын көрсету болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- Ұлттық интеллигенция феноменін тарихи-әлеуметтік тұрғыда зерттеу,
осыған сәйкес интеллигенция ұғымының нақты өлшемдерін, адам-әлем
мәселесінің рухани-әлеуметтік негіздерін айқындау.
- Қазақ зиялыларының қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу, рухани
тұлғасының дербестігін, тұлғалық феномені: тектілігі мен даналығын көрсету.
- Ұлттық мүдде тұрғысындағы қызметтерін, ұлттық идеяға қосқан
үлестерін айту.
- Ұлттық идеяның әлеуметтік мәні мен халықтық рухын көрсету.
- Ұлттық мәдениет түсінігін, рухын ұлттық интеллигенция өкілдерінің
тарихи тұлғасы негізінде зерттеу. Осыған сай ұлттық мәдениет пен ұлттық
интеллигенция қызметінің тұтастығын анықтау.
- Шетел ғалымдарының қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтеріне
қатысты айтқан ойларын саралау. Әлемдік өркениетке қосқан үлестерін айту,
әлем мәдениеті кеңістігіндегі қазақ зиялыларының тұлғасын көрсету.
- Осыған сәйкес өркениеттілік түсінігінің ұлттық мәдениет
кеңістігіне сай тарихи тұлғалық көріністерін жаңа уақыт талабына сай
зерттеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ зиялыларының тұлғалық феномені бұрын
соңды арнайы зерттелмеген тың тақырып, сондықтан олардың рухани тұлғасы,
тұлғалық көзқарастары әлеуметтік философия ғылымы шеңберінде, ғылыми
негізде алғаш жүйеленеді.
1.Ұлттық интеллигенция ұғымын тарихи тұрғыда, мәдени негізде адам -
әлем қатынасы өрісінде зерделеп зерттеуіміз әлеуметтік философия ғылымында
адамның тұлғалығы мен даралығына қатысты тың идеялардың қалыптасуына ұйытқы
болады.
2. Қазақ зиялыларының тұлғасына тән қасиет: тектілік қазақ
мәдениетіндегі тұтас әлеуметтік құбылыс ретінде философиялық тұрғыдан
зерделеніп, ғылыми айналымға түседі.
3. Қазақ зиялыларының даналық тағылымы ескеріліп, олардың тұлғалық
мінезіне тән елдік түсініктің, тұлғалық өсиет пен өнегенің және осы
қасиеттерді адам бойында біріктіретін жарастық ұғымының да әлеуметтік рухы
сарапталынды. Зиялыларымыздың тарихи тұлғасына тән бұл құндылықтардың,
философия тұрғысында ұлттық интеллигенция феноменін зерттеуге қосар үлесі,
жаңалығы дәлелденді.
4. Ұлттың тарихи өміріндегі қазақ тұлғаларының атқарып кеткен зиялы
істерінің, рухани дербестігі мен әлеуметтік жалғастығының қазақ
мәдениетінде ерекше құбылыс ретінде көрінетіндігін дәлелдеуіміз қазақ
философиясының зерттеу аймағына қосар зор үлес болып табылады.
5. Ұлттық мүдде тұрғысындағы алаш зиялыларының ұлттық идеялары,
экзистенциалдық ізденістері тұлғалықтың басты көрінісі ретінде зерделеніп
ғылыми айналымға түседі.
6. Бүгінгі күні елімізде орын алып отырған әлеуметтік мәселелерге,
ұлттық қажеттіліктерге қатысты қазақ зиялыларының шығыс және батыс
мәдениеті тұрғысындағы философиялық көзқарастарының құндылығы айқындалып,
тарихи шындығы көрсетіледі. Қазақ зиялыларының адамзат өркениетіне қосар
тұлғалық үлестері дәлелденеді.
7. Өркениеттілік түсінігін ел мәдениетінің тарихи кеңістігі
тұрғысынан зерттеу негізінде қазақ зиялыларының қалыптасу ерекшеліктерімен
қатар, үнемі қазақ қоғамының дамуына бағыт-бағдар беріп отырған ұлттық
руханиятымыздың феномендері де айқындалады.
Зерттеудің тәсілі мен әдістемелік негіздері. Диссертациялық жұмысты орындау
мақсатында, негізге алған идеялар мен ғылыми тұжырымдамалар әлеуметтік
философия ғылымында кеңінен қолданылып жүрген тарихилық ұстаным, жан-жақты
зерделеу және объективті негізде қарастыру, тарихи және әлеуметтік тұрғыда
талдау, логикалық сараптау, жүйелеу сынды әдістер шеңберінде зерттелді және
жүйеленді. Сонымен қатар, осы тақырып бағытында диссертациялық жұмысты
орындауда феноменологиялық, герменевтикалық, компаративистік әдістері
кеңінен қолданылды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәні. Диссертациялық жұмыстың
теориялық мәні осы тақырыптың әлеуметтік-философиялық шеңберде
қарастырылуымен айқын. Диссертациялық ізденістің ғылыми нәтижелері халық
мүддесіне қызмет етеді.
Диссертациялық зерттеудің практикалық мәні оның ғылыми нәтижелерінің
жоғары, орта оқу орындарының студенттері үшін оқу құралдарын құрастыру
ісінде пайдалануға, сонымен қатар, әлеуметтік-философия мен өзге де
қоғамдық пәндер айналымында дәріс сабақтарында қолдануға және ұлттық идея,
ұлттық мүдде, ұлттық мәдениет тақырыптары төңірегінде арнайы курс
дайындауға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
1. Ұлттық интеллигенция түсінігі, адам-әлем қатынасының түрлі қырларын
зерттеу қажеттілігін туғызып отырған, тарихи шындықпен бірге, мәдени
құндылықтар арқылы анықталатын әлеуметтік-философиялық ұғым. Адамның
тұлғалық болмысын, оның рухани дербестігін интеллигенция ұғымы негізінде
зерттеу, тұлға феноменіне қатысты философия тарихындағы көптеген ғылыми
зерттеулер негізінен туындаған идеялардың жүйеленуіне жол ашады.
Интеллигенция халық өкілдері, ұлттық мүдденің иелері.
2. Тектілік қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктеріне тән ұғым.
Елдің тарихы мен мәдениетіндегі ұрпақ қызметінің рухын айқындай түсетін
рухани қасиет үлгілері. Тектіліктің қазақ топырағындағы тұлғалық көрністері
зиялылық. Тектілік ұғымын тарихи тұрғыда зерттеу мақсатында ұлттық
интеллигенция ұғымына, зиялылықтың, тұлғалықтың негіздеріне қол жеткіземіз.
3. Даналық ұлттық интеллигенция іс-әрекетінің қоғам өмірінде қалған
тұлғалық бейнесі. Ұрпақ пен ұрпақтың, халық пен халық арасындағы руханият
жүйесіне айналған, кез келген адам болмысына, ел мүддесіне қажет
құндылықтардың болмысына тән мәдени феномен. Ұлттық интеллигенция
өкілдерінің рухани тұлғасын олардың зиялы істері мен идеялары негізінде
сомдау, ұлт тұлғаларының қалыптасу ерекшеліктерін айқындаумен бірге,
тұлғалық пен зиялылықтың адамзат мәдениетінің феноменіне айналған
негіздерін де дәлелдей түспек.
4. Ұлттық мүдде кез келген ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи
тұлғасына тән құндылық. Ұлттық мүдде феноменін зерттеу барысында, ел
мәдениетіндегі алаш зиялыларының экзистенциалдық ізденістері, сол ізденіс
негізінде кейінгі ұрпаққа қалдырған мұралары да анықталады. Ұлттық мүдде ең
алдымен халық мұрасы болып табылса, ал зиялылар үшін басты құндылық, ұрпақ
үшін ұлттық рухтың негізі.
5. Ұлттық идея сол ұлттың дербес болмысының сан ғасырлық өмір сүру
жолын айқындай түсетін феномен және зиялылар қызметінің жүйесі. Ұлттық идея
негізінде бір ұлт пен зиялылардың тарихи кеңістіктегі қызметін ғана емес,
бүкіл адамзаттық мәдениеттің, соның негізіндегі ұлттық мәдениет пен
зиялылар қызметінің әлеуметтік-мәдени негіздерін де айқындауға болады. Алаш
зиялыларының ұлттық мүддеге қосқан үлестерін ұлттық идея негізінде зерттеу,
қазақ мәдениетінде қалыптасқан Қазақ, Алаш идеяларының да мәнін
тереңдете түспек.
6. Ұлттық мәдениет ұлт пен зиялылар қызметінің сан ғасырлық өнімі.
Ұлттық интеллигенция өкілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін ұлттық мәдениет
негізінде зерттеу, адам болмысының тұлғалық дербестігіне тән қасиеттерінің
де мәнін тереңдете түспек. Алаш зиялыларының ұлттық мүдде тұрғысындағы
ізденістерін ұлттық мәдениет шеңберінде зерделудің негізінде, бірқатар
ұлттық құндылықтарды тану қажеттіліктері де тұр.
7. Өркениеттілік тарихи-әлеуметтік мағынаға ие ғылыми категория ғана
емес, зиялылар мен халықтың тарихтағы тұлғалық болмысын көрсететін, ұлттық
идеяның сан ғасырлық рухани негіздерін айқындап отыратын әлеуметтік
түсінік. Адам рухын, ұлт рухын сақтап, бағалап, жетілдіру мақсатынан
туындап отырған халықтық рухтағы идея, көзқарас.
Диссертациялық жұмыстың сыннан өт уі. Диссертацияның негізгі нәтижелері
мен тұжырымдары бойынша мерзімді басылымдарда 8 ғылыми мақала жарияланды.
Халықаралық және республикалық конференцияларда тақырып бойынша 5 баяндама
жасалды. Зерттеу жұмысы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университетінің философия кафедрасында, сонымен бірге, Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі философия және саясаттану
институтының этика және әлеуметтік философия бөлімінде талқыланып қорғауға
ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Диссертация көлемі 130 басылымдық мәтінді құрайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу
деңгейі, зерттеудің пәні мен нысаны, мақсаты мен міндеттері анықталды,
теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негізі, ғылыми жаңалық пен
қолданыстық маңызы сипатталады, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар
дәйектелген.
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері атты бірінші
бөлімде ұлттық интеллигенция түсінігіне, қазақ интеллигенциясының тұлғалық
феноменіне әлеуметтік-философиялық тұрғыда талдау жасалынады.
Ұлттық интеллигенция түсінігі: тарихи әлеуметтік негіздегі
философиялық талдау деп аталынатын бірінші бөлімшеде интеллигенция ұғымына
қатысты қалыптасқан көзқарастарға әлеуметтік-философиялық сараптама
жүргізілген. Әлем ойшылдарының қатарындағы Конфуцзыдың, әл-Фарабидың,
Гетенің, Абайдың, И. Канттың, Г.Ф. Гегельдің, К. Ясперстің, А. Камюдың,
Тейяр де Шарденің, О. Шпенглердің, Н.А. Бердяевтың А.Н. Уайтхеттің, А.
Грамшидің, сондай-ақ өткен ғасырда өмір сүрген орыс ғалымдары мен М. Шоқай
сынды қазақ ағартушыларының адамның тұлғалығы мен даралығына тән
интеллигенттікке қатысты айтқан ойлары негізге алынып, ұлттық интеллигенция
ұғымын тарихи тұрғыда зерттеу мәселесі ұсынылады.
Интеллигенция латын сөзі, қазақ тілінде маманданған, ой еңбегімен
шұғылданатын, әлеумет мүддесіне қызмет ететін, шығармашылыққа ие адамдар
тобы, яғни, зиялы қауым өкілдері деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар,
латынның intelligens сөзі қазақ тілінде: түсінетін, ойлай білетін,
парасатты деген түсінікке ие. Демек, интеллигенция ұғымының мәні тарихи
тұрғыда, рухани негізде халық даналығымен ұштастырылып кеңінен қарастырылуы
тиіс. Кешегі өткен кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам тұсында бұл
ерекшелік феноменіне көңіл бөліне бермеді.
Батыс философиясында интеллигенция ұғымын қоғамда интеллектуалдық қызмет
атқаратын адамдар тобы мен әлеуметтік жік ретінде зерделеу басым. Бірқатар
философиялық сөздіктерде интеллигенция ұғымына тек, белгілі бір уақыт
аясындағы қоғам өмірі тұрғысында ғана анықтама беріледі. Интеллигенция
қызметінің тарихи мәнін, адамның жеке мүддесін көздеген істерге қарап емес,
керісінше халық игілігіне, ұрпақ мүддесіне қатысты ұлы мақсаттарға бет
бұру, соған сай үйлесімді қызмет атқару деңгейімен зерделеу өзекті.
Мәселен, Әлихан, Ахмет, Мұстафа, Міржақып, Халел сынды тұлғаларымыз ұлт
алдында өздерінің алған мамандықтарымен шектелмей, алдымен ұлт мүддесіне
белсене қызмет еткен адамдар. Себебі, олар қоғамның түрлі салаларының даму
жолдарын жетік білгендіктен, ұлт ісіне еркін араласып, жан-жақтылық
танытқан. Кез келген ұлттық интеллигенция феноменінің тарихи бейнесін
айқындай түсетін осы ұстаным. Рухани дербестіктің қайдан шығатынын
ескерсек, алдымен зиялылар болмысына тән осы қасиеттерді кеңінен зерделеп
отыруымыз маңызды. Өйткені кез келген адамның негізгі мақсаты халық
игілігіне тиесілі істерге бей-жай қарап қалмауда.
Интеллигенция тарихи мағынаға, рухани мәнге, мәдени құбылысқа ие
әлеуметтік-философиялық ұғым. Интеллигенттіктің өзі даралықтың, тұлғалықтың
өлшемі, адамның руханилығынан туындайтын қасиет. Руханилық ғасырлар бойғы
адамзат тарихымен бірге келе жатқан халық мұрасы. Ұлттық интеллигенция
феноменін әлеуметтік философияда жан-жақты зерттеп, ақиқатты бағалаудың
басты қадамы, алдымен адам-дүние қатынасының рухани қырларын анықтау
мәселесімен де тығыз байланысты. Философия ғылымы тұрғысында адам-әлем
қатынасының рухани негіздерін зерделеудің өзі, ұлттық интеллигенция
өкілдерінің тарихи тұлғалық феноменін негіздей түспек. Бұл мәселеге қатысты
И. Кант, Тейяр де Шарден, А.Н. Уайтхет және т.б. философтар, өз идеяларын
жазып кеткен. Аталмыш ғұламалардың идеялары жұмыс барысында ұлттық
интеллигенция феноменін әлеуметтік философиялық тұрғыда талдаудың
методологиялық негізі ретінде алынды.
Адам өзінің руханилығымен дүниенің орталығы, руханилығына тән
тұлғалығымен, тұлғалығын паш ететін даралығымен тарих субьектісі. Тарихқа
адам-дүние болмысы тұрғысынан қарайтын болсақ, тарих адам рухының
өшпес өрісі.
Тарихи оқиғаны туғызатын ұлттық инт еллигенция болмаса да, сол
оқиға ішіндегі әлеуметтік құбылыстарға халық мүддесі үшін араласу ұлттық
интеллигенция міндетіне жүктелген. Осы себептен зиялылық пен тарихи
құбылыс қатар жүрмек. Тарихи оқиға мен тұлғалық іс-әрекет қатар жүрген
жерде ғана ұлттық интеллигенция шындығы бір. Яғни, жеке адам да, халық
та зиялылығымен тарих субьектісі.
Адамның тұлғалық болмысының феномендерін жан-жақты зерделеп, оның
рухани әлеміне бойлаған сайын интеллигенция ұғымының да философиялық мәні
тереңдей түспек. Осы мақсатта философия тарихында Аристотель, әл- Фараби,
И. Кант терең зерттеген интеллект ұғымының мәніне назар аударуымыз
маңызды. Интеллигенция мен интеллект ұғымының рухани негізі бір. Себебі,
адамның рухани қалыптасуының түп негізі интеллект қызметі. Бұл ұстаным
ұлттық интеллигенция өкілдерінің тұлғалық феномені мен ұлт мәдениетіндегі
зиялылар бейнесін тарихи-әлеуметтік тұрғыда кеңінен зерттеуге жол
ашады. Диссертациялық жұмыста интеллигенция ұғымы мен тұлғаның рухани
қызметі осы негізде қарастырылады.
Қазақ интеллигенциясының ұлттық мүдде тұрғысындағы қызметтерінің
әлеуметтік мәдени негіздері - деп аталатын екінші бөлімінде ұлттық
мәдениет кеңістігіндегі алаш зиялыларының алатын орны, ұлт мүддесіне қосқан
үлестері зерттелген.
Екінші бөлімнің Ұлттық идея және Алаш зиялылары - деп аталатын
бірінші бөлімшесінде, ұлттық идея мәселесі, оның тарихи қалыптасу
негіздері, ұлттық идеяға қосқан қазақ тұлғаларының үлестері, ұлттық мүдде
тұрғысындағы жер, білім, өнер, ғылым, шаруашылық мәселелеріне қатысты
айтылған философиялық ойлары негізге алынып, алаш зиялыларының ұлттық мүдде
тұрғысындағы мұраларының құндылығы көрсетіледі.
Идея, тұлғалық рух бейнесінің өзі адамзат мәдениетінде рухани бастауы терең
ой, түсінік, көзқарас, тарих тәжірибесінен өткен халық мұрасы: даналық пен
ғылымның әлеуметке берер мүмкіндігі. Адамның тұлғалық феноменін айқындаушы
субстанция оның руханилығы болса, ал идея интеллектуалдылықтың ішкі
мазмұны, зиялылықтың әлеуметтік бейнесі, тұлғалықтың тарихи көрінісі.
Мәдениет бойындағы әрбір рухани адам кейінгі ұрпаққа идеяны ұсынушы
бейнесінде емес, сол идея арқылы халықты игілікке жетелеуші де. И. Кант
арнайы зерттеген интеллектуалдық субстанцияның тұлға ұғымының негізіне
айналу себебі осында. Адамның ішкі рухани толғанысынан, түсінігі мен зиялы
ойлауынан туған идея ғана рухани мәнге ие. Қоғам болмысының өзі ұрпақ үшін
тарихи мәндер мен әлеуметтік құбылыстарды тану мен таңдаудың мүмкіндігі.
Идея сол мүмкіндіктен туатын шындық. Мүмкіндікті жүзеге асырудың тұлғалық
қадамы. Ұлттық қажеттіктер негізінде, халық философиясы деңгейінде
қалыптасқан елдің мұраты мен ақырғы мақсаты [7, 13 б.]. Әлеуметтік
философияның зерттеу аймағының жан-жақтылығы мен күрделілігі де осымен
айқындала түспек. Әрбір қоғамның алдында тұрған мәселелерге қатысты оңтайлы
шешім, ең алдымен сол елдің менталитетіне, дәстүрі мен мәдениетіне тәуелді.
Онсыз әлеуметтік философияның халық рухы мен игілігіне толықтай қызмет ете
алмасы анық.
Ұлттың өмірлік тәжірибесі арқылы жүйеленген зиялыларымыздың ұлттық
мүдде мен халықтық рух деңгейіндегі озық идеялары, қазақ қоғамының мәңгілік
даму жолын жоспарлап кеткен. Оның ішіндегі басты құндылық ұлт болмысын
сақтау, ұрпақ өмірін қадағалап отыру идеясы. Мәселен М. Дулатовтың 1918 -
жылы Абай журналында жарық көрген: Алашқа деген мақаласы толықтай халық
игілігіне арналған. Бұл мақаладағы қазақ зиялысының елге айтқан сөздері
бүгінгі күні де талапты, ерікті, саналы адам үшін өшпес рух, салмақты ой.
Тарих бойы бабаларымыз жеке өмірлерін сарп еткен қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz