Бейнелеу шығармашылығын қалыптастырудағы сезімталдық категориясы


Бейнелеу шығармашылығын қалыптастырудағы «сезімталдық» категориясы
Баланың көркемдік-бейнелеу өнеріне ұмтылысын қалыптастырудың бір бөлігі балалардағы еркіндік рухын сезінуге бағытталған дұрыс тәрбие беруге байланысты. Ол тәрбие шығармашылық тұрғыдан алғанда неміс философы Теодор Липпстің «Тұлғаның сезімталдығы туралы» іліміне сәйкес фигураларды, сызықтарды сезіну арқылы күшейе береді. Соның негізінде балада сұлулықты түсіну қалыптаса бастайды. Тағы бір неміс философы А. Баумгартен өзінің «Сезімдік қабылдау»теориясында эстетикалық категорияның негізі болып сезімдік қабылдаудың жетілгендігімен анықталатын сұлулықтың сипаттамасын көрсетеді. Бала өз суреттерінде форманы, фигураны, сызықты сезіну арқылы қоршаған ортаны көрсете білуді үйренуі қажет. Бірақ та ең алдымен, ол түсті сезінуді үйренгені жөн. Түс өзіндік бір лакмустық қағаз іспеттес, егер бала әлемді көңілсіз күйлерде қабылдаса, онда оның суреттерінде қара, сұр, қараңғы түстер үстем болады.
Сезімдік қабылдау арқылы түс, фигура, форма сызық және композиция бала көңілінің жұмыс құралдарына айналады да, соның нәтижесінде бейнеге белсенді «ену» үрдісі өтіп, баланың көз алдында сызықтар, формалар мен сүрлемдер жанданады. Мектепке дейінгі дамудың әрбір кезеңінде бала өзінің эстетикалық-интеллектуалдық дамуына сәйкес қоршаған ортаны әр түрлі сезінуі мүмкін. Берілген мәселе контекстінде ата-аналардың назарына баланың дамуы негізінде жасақталған және оның шығармашылық қабілеттеріне, жақсының мүмкіндіктеріне сәйкес деңгейге дейін қалыптастыратын жаңа типтегі «Истоки» аты психологтер мен педагогтер тарапынан құрастырылған базистік бағдарлама ұсынылуға өте лайықты. Өйткені бұл бағдарламада мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың мүмкіндіктері сипаттала келіп, балалардың қоршаған орта туралы сезімдеріне үндесетін бейнелердің декоративтік жарқындығы, иланушылығы атап көрсетіледі.
Төрт жастық кезеңдегі балалар бейнені жарату кезіндесуретті безендіру үшін түсті қолданады да, бүкіл қағаз бойлап, белгілі бір ырғақта дақтар мен сүрлемде қайталана береді, бірақ уақыт өте келе бала жеке бі р түстерді таңдай бастайды. Осыған сәйкес суреттің композициясы да өзгереді. Бұл жастағы балаларда күрделі емес сюжеттерді және сызықтарды, формаларды, түстік дақтарды сезіну арқылы әр түрлі бейнелерді арнайы жасау қабілеті қалыптасады. Әрі қарай бес жастық кезеңде бала өсімдік және жануарлар әлемін, адамдарды бейнелеуге қызығу таныта бастайды, яғни, саналық сезіну пайда болып, сюжетті және декоративтік бейнелеудің тәсілдерін сезіне түседі. Осылайша сурет салғанда графикалық және жанды бояу мәнерлерін пайдаланып, түстік гамма кеңірек сезініледі, декоративтік өрнектер, аппликациялар қалыптасады, түрлі формаларды, заттарды өздігінше қиып алу, сюжеттерді құрастыру қабілеттері пайда бола бастайды.
Мектепке дейінгі үлкенірек кезеңде балаларда тұрмыстық заттар мен құбылыстарды суреттерде толықтау кеңірек көрсету қабілеті байқалады, оларға деген эмоциялық қатынасты білдірудің шығармашылық ұмтылысы және белсенділігі арта түседі, бұл кезеңдегі балалар өздерін «суретші, шебер» ретінде сезіне түседі, материалды, суреттің тәсілдерін таңдаудағы өзгеше жаңа сезімдер қалыптасады. Бааларда композицияны сезіну(сурет жақынырақ немесе алыстау болады), түстік гаманны таңдау қалыптаса бастайды, бала өзінің бастамашылығын танытады, яғни, онда шығармашылық бейнелеу қызметіне деген түрткі пайда болады.
Әрі қарай жеті жастағы балалар суреттерде түрлердің, жанрлардың мәнерлеу құралдары мен көркемдік бейнелерге эмоциялық көзқарас білдіре бастайды, жеке және өзгеше көркемдік бейнелерді өздігінше жаратады, силуэттердің орналасуы мен көркемдік перспектива элементтері бар сюжеттік композицияларды өздігінше сезіне алады. Балалардың эстетикалық дамуындағы бірінші қадамын іске асыру барысында балалардың табиғатқа, әдемі заттар мен материалдарға деген эмоциялық, сезімдік мейірімділіктерін тәрбиелеуге мүмкіндік туады.
Балалар кітап графикасын, халықтық және декоративтік-қолданбалы өнер туындыларын ынтамен қабылдайды. Балалардың көркемдік эстетикалық дамуындағы жетістікке баламен жұмыс істеу кезінде, ал баланың табиғатқа, әдемі заттарға, туындыларға деген сезімдік қатынасын қалыптастыруға мақсатты бағытталған іс-шара арқылы жетуге болады.
Қабылдаудан алынған түсініктер тұрақты болып қалмайды, сезімдер жиі өзгеріп тұрады, бала суретте көргенін емес, өзінің сезгенін, қиялдан шығарғанын, елестеткенін бейнелейді. Қазақстан Республикасында қабылданған кадрларды даярлау жөніндегі бағдарлама білім берудің әрбір басқышында тұлғаның қабілеттерін ашуды қамтамасыз етуді қарастырады, соның ішінде эстетикалық-көркемдік қабілеттері, баланың өз шығармашылығында қоршаған әлемді сезіну қабілеттері де қамтылған. Қазақстанда бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Балабақшаларындағы тәрбие және білім беру » бағдарламасы балаларда біліктілік пен білімді алатын тәрбиені, сезімдік қызығуды қамтамасыз етуге бағытталған, яғни, бала эстетикалық өсу барысында мектепке дейінгі жастың өзінде-ақ шығармашылық жеке факторларға дағдылана бастайды.
Педагогикалық зерттеулерде (ғылымдарда ) көптеген ғалымдар ересек адамның сұлулыққа, өнерге қатынасы балаға әсер етіп, үлгі болатынын атап көрсетеді, себебі, бала ересек адамды толғандыратын нәрселерді көре және сезе біледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz