Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3
І-тарау. Қабылдау туралы ұғым
1.1. Қабылдау туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қабылдаудың негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .6
1.3.Бейнелеу объектісіне байланысты қабылдау
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ-тарау. Қабылдау мен байқаудағы айырмашылықтар, оларды қалыптастыру
жолдары

2.1. Байқау және
байқағыштық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Қабылдау айырмашылықтары, оларды қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..28

Кріспе
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста
түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірулердің
бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің звенолары болып саналады.
Олар өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгеше
ерекшеліктері бар. Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері,
сапалары туралы (маған суық нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдақ бір нәрсе
жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт етті) білім алатын болса, қабылдау
зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін (жарық, кең сынып, ойнап жүрген сәби)
береді.
Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және
бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде
бейнеленуі.
Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктермен жүзеге асады. Бірақ оны
солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасындағы белгілі
қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс
құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына
тәуелді.
Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамына
түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді.
Қабылданатын зат, мәселен электрондық есеп машинасының жаңа варианты,
түрлі, сондай бірақ бұрыннан таныс заттармен салыстырылады.
Қабылдау процесі жеке адамның басқа да психикалық процестері: ой (біз
алдымызда не тұрғанын аңғарамыз), сөз (қабылдайтын затты айтамыз), сезім (
қабылдайтын затпен белгілі қатыста боламыз), ерікпен (қабылдау процесін
белгілі дәрежеде ырықты ұйымдастырамыз) байланысты жүзеге асады. Бар
тәжірибе, білім негізінде адам қабылдау процесінде жеке элементтерді тұтас
бейне етіп біріктіреді, оларға белгілі бір құрылымдық береді.
Гештальтпсихологтар қабылдау тұтастығын заттар мен құбылыстардың
объективті тұтастық қасиеттерінен емес, рухтың ішкі қасиеттерінен, оның
ең бастапқы тұтастық құрылымынан деп түсіндіреді. Олар қабылдау актінде
өзіндік түр құрау атқарылады, бейнеленетін заттарға тұтастық және
құрылымдық сипат беріледі дейді. Олар тұтастықты бейнелеу әрекетінде пайда
болатын субективтісапа деп қана қарайды. Гештальтпсихологиялық көзқарас
бойынша қабылдау процесінде дүниедегі қым-қуат ретсіздік белгілі бір
құрылымға ауысып, белгілі түрге енеді, соның нәтижесінде заттар тұтастанып
көрінеді.
Қабылдау дегеніміз дүниені қайта құру дейді гештальтпсихологтар.
Бұл идеалистік теория қабылдауды спонтанды, яғни іштен пайда болатын процес
деп түсіндіреді де, бізді қоршаған объективтік дүние заттар және
құбылыстарының жеке сапалары мен қасиеттерінің тікелей бейнесіболып
саналатын түйсіктердің болуын іс жүзінде жоққа шығарады.

1.1.Қабылдау туралы жалпы ұғым
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері
мен сапаларының миымызд бейнеленуі болса, қбылдау заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы
т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы алманы қабылдауды алайық.
Мұнда біздің анализаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б.
осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі
пайда болады.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады.
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін
бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы
поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.
Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің
жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке
байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен,
көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы ( яғни
тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне
қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес,
бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен,
киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен
болады.

1.2.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
А. Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке
бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат
формасында қабылдаймыз. Егер Дударай операсындағы Маиам әнінің басталуын
ғана құлағымыз шалса, осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам
алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың
тұтас бейнесі деп түсінеді. өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып
келіп, тұтас нәрсенің бейнесін құрайды.
Ә.Қабылдаудың мағыналылығы
Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы
көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі
тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал жүйесі) берілсе,
қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз
түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ азын-аулақ
хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге
жақсы, толық түсінгендіктен ғана оларды толық қабылдай алады.
Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі – тану.
Нәрсені танымаынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап
тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса,
солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле
бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық
қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден
тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.

Б. Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін,
сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы
бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта
университет деген сөз унверситет деп қате жазылса да біз оны
университете деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл
бөлінетіндіктен мұндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, жеке
әріптерге шұқшия көз салған жағдайда ( мәселен, корректорлар ) текстің
мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.
Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда
объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана
қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, қазірде
істеп жатқан әрекетімізге қажет қызықтыратын, қажетімізге жарайтын нәрселер
болып табылады.
Қабылдаудың таңдамалылығы әр түрлі объективтік (объектілердің
ерекшеліктеріне – күші, қозғалысы, қарым-қатынасы т.б.) және субективтік
(адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық
көңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.
Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір баланың
жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі
сол бала болады да қалғандарының жауабы жөнді еленбейді. Қабылдауда ерекше
айқын көрініп тұрған нәрсе ( жоғарыдағы мысалда баланың сабақты жақсы
айтуы( фигура делінеді де, қалғандары (осы сұраққа жөндеп жауап бере
алмаған оқушылар) соның фоны болады. Сөйтіп аса зейін қойған зат әр кезде
фигура болады да, оның айналасындағы қоршау фон болып есептелінеді.
Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның
мамандығына да байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі профильге назар
аударса, мұражай қызметкері бірден вазаны көреді.

В. Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы) деп сыртқы жағдайдың
өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып
қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-
бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз
олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы
қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен,
ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе
де бәрібір ақ болып қабылдана береді. Жарықтың түрлі әсерінен көмір: бірде
қара, бірде сұрғылт, болып қабылдана береді. Мұның бәрі кру анализаторында
түрліше бейнеленеді. Осы заңдылық тұрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды
тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2
мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы
адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге,
оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция
– сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты
түрге енгізеді.
Г. Қабылдаудағы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе
бсрмейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын
кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате
қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептергс байланысты
пайда болады. Мысалы, шай қүйылған стаканға салынған қасықтың сынған
құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі
жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.
Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген.
Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі
кездеседі. Бұл көбінесе заттардың кеңістікке орналасу жағдайын адамның
жөнді білмеуінен туады. Көру (оптика) иллюзияларына: контраст, перспектива,
қашықтық, затгың жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің ығысу
иллюзиясы т. б. жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш
бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп түрған кезінде олардың ең
әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мүның себебі – нәрсе
алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай
нәрсенің қасында тұрса -үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса - кішірейіп
көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер шынында, өзара тең, бірақ
көзге әр түрлі болып көрінеді, өйткені бірі үлкен дөңгелектердің, екіншісі
- кішкентай дөңгелектердің қоршауында тұр. Тәжірибе арқылы тексеріп көру —
қабылдаудың дұрыстығының бірден-бір өлшемі. Мәселен, стакандағы шайдан
қасықты алып, оның сынбағандығын байқау — осындай тәжірибенің қарапайым
түрі. Иллюзия заңдылықтарын дұрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор.
Белгілі ғұлама Ә. Бөкейханов шығармаларында иллюзия жөнінде қызықты
фактілер келтірген. Ол былай дейді; сұқ қолымен ортан қолды бір-бірінен
артылтып сальш, екеуі бірдей тиетін қылып, астына бытырадай домалақ қамырды
салып, екеуінің арасымен домалатып, көзіңді жұмшы. Жалғыз домалақ қамыр
екені көрінеді. Қол алданды, көз түзетті. Жақындап келіп, айнаға қарашы:
терезе не есік болып, аржағында бір нәрсе түрғандай көрінеді. Қолыңмен
сипасаң анықтала кетеді. Көз адасты, саусақ ссзімді түзетті (жетпіс жеті
мысал, жинақ, М.. 1925, 15 бет). Мәселен, иллюзиялар архитектура мен
бейнелеу өнсріндс. әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда,
сахнаны безендіруде жиі қолданылады. Иллиюзияның заңдылықтарын білу адам
ойлауындағы сыншылдықты дамыта түседі. Иллиюзияларды адамның жүйке
жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заггардың жалған, теріс
бейнелері — галлюцинациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған
адамның ұғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі- шығасылы болады. Мәселен,
оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір
жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бұл көбінесе шизофрения, инфекция
ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл аурулардан психиатр-
дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен
алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай (бүл Жүйкенің патологиясы)
галлюцинациялық бейнелер пайда болады.
Д. Апперцепция
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің
мазмұнына байланыстылығын апперцепция дсйді. Апперцепция тұрақты жәпе
уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен
мамандығы, білімі мсн дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен,
түбір деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді
ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса, шөптің
түбірін, математик санның түбірін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция
затгы түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше
көзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты.
Білім адамның ойын терендетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені
жан-жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның
білімі, тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қалыптасады. Бұл оның
апперцепциясының өзгеруіне әсер етеді. Балалардың оқу материалын жақсы
қабылдай алуы олардың апперцепциясына (яғни түсінік қорына) байланысты
болып отырады. Оқушыны жаңа сабаққа даярлау бұл, біржағынан, оның
апперцепциясын тудырып отыру деген сөз.
Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша
апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А. С. Пушкиннің Вурдалак
деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңінде Ваня деген қорқақ бала
түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорықканынан қара тергс түседі,
сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені оның һзі
осындай кереметтердің болатындығына сенетін.
М. Әуезов Қыр әңгімелерінде Жортар қарттың басынан кешкен бір оқиғаны
былайша суреттейді: Бейіттің іші әлгіден де жарық болып кетіп, артынаи
бәсеңдегендей болды... құдай көрсетпесін – көзіме өзінің бұрын түсін
көрмеген, атын естімеген бір пәле көрінді.
Алғашқы көргсн кездс жалмауыз дедім. Нобайы адамға ұқсамайды. Қап-қара,
тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі бойы — қол сұғымдай
шашы бұрқырап тұр. Көзіме түскен, әсіресе, қорқынышты жері — аузы. Ырсиып,
от болып, тістері ақсиып сойдиып тұр екен. Аузынан кәдімгідей от бүркіп
тұр... өзге еш жері көрінбейді. Қараңғы бұрышта қып-қызыл от болып жанып
түрған ырсиған ауыз, ақсиған тіс қана көрінгендей болды... тұрайын десем,
буынымды баса алатын емеспін... қозғаларға шамам жоқ... құр сүлдем отыр...
Бір мезгілде... ақырын келіп, иығымнан бас салды...
Жын-шайтан, пері, албасты дейтін ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт
ішінде осындай керемет көріністерді туғызған жауыннан паналап жүрген
екінші бір адамның әлсін-әлі жағып жүрген сіріңкесі екен. Қорыққанға қос
көрінеді деген мәтел осындай адамдардың психологиясын өте жақсы көрсетеді.
1.3.Бейнелеу объектісіне байланысты қабылдау түрлері
Қабылдау түрлерін жетекші талдағыштарға байланысты ғана емес, сонымен
бірге қабылдауда бейнеленетін объектіге қарай да бөлуге болады. Кеңістік
пен уақыт — материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Сондықтан, кеңістік
пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу
шындыққа сай келмейді. Бүкіл әлемдегі барлық заттар мен құбылыстар
кеңістікте белгілі тәртіппен орналасып қана қоймайды, сонымен қатар материя
қозғалысының нәтижесінде уақыт арқылы үздіксіз өзгеріске ұшырап, қайта
жаңғырып, дамып отырады. Материядан тәуелсіз, оның қозғалысынан тыс жеке-
дара ешбір кеңістік те, уақыт та жоқ.
Кеңістікті қабылдау — заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін,
аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, бағыт-бағдарын қабылдау деген
сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен
түрін қабылдау — көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі
үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.
Тек адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті
дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашықтықтығы, бет
алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылдау арқылы ғана
кеңістікті дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікке
орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз,
биік не аласа т. б.) болады. Сондай-ақ, олар бізден түрлі қашықтықта тұрады
Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің
(бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулиярлық көру)
тереңдік жөнінде дәл мағұлмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұмып, екі қолды
бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенін де байқауға болады.
Бинокулиярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де,
нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің
көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрінуі маңызды рөл
атқарады. Екі көзбен көруде түрлі заттардың тұтасып көрінуі, оның қашықтығы
мен қоршауын, шамасы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік
туғызады.
Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы яғни
екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл
құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым
жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді.
Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін
аккомодация деп атайды. Көздің аккомодациясы хрусталь дөңестігінің
өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы
заттарға қарағанда ашыла түседі.
Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторының мәні
ерекше. Бір эксперименттік зерттеуде көру қозғалыс қабылдауы қатыспайтын
бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материалдарын
тиянақты ұғынуы, жіберген қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің
(сызу, сурет, еңбек, т.б.) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жұмыс
істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалған.
Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып
туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды.
Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды.
Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығысып қалатындай көрінеді.
Адам қашықтықты айыруды да өмір тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен,
қашықтықтағы нәрсенің дәл шамасын білу үшін ала алғашқыда сол нәрсенің
көрінуіне лайықты тиісті қозғалыс жасауға әдеттенеді.
Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап тұрған бет алысы - көздің
торлы қабығында сәулеленумен бірге, дене қозғалысының жағдайына да
байланысты. Заттың бет алысын адам тік тұрып немесе отырып горизонталь
жағдайда ғана жақсы қабылдай алады. Мұндайда адам өзінің тұрған жерінен
алдындағы бір затты нысана етіп, қалған заттардың бет алысын соған
бағдарлайды. Мәселен, құла түзде тұрып бет алдымыздағы заттарды
көрсеткенде, назарымызды бір затқа ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың не
оң жағында, не сол жағында, не бер жағында не түбінде, не үстінде т. б.
деп айтамыз.
Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мушесі ғана қатыспайды,
мұнда қозғалыс, сипай сезу түйсікте де елеулі рөл атқарады. Мәселен, іштен
соқыр болып туған баланың операциядан кейін көзі көрсе де, шарды жай
дөңгелектен, төрт бұрышты затты үш бұрышты заттан айыра алмаған. Сондай-
ақ, жаңағы бала екі нәрсенің арасындағы қашықтықты да ажырата білмеген. Бір
нәрсені қашықтыққа қойып, оны енді ал дегенде ол қолын олай-бұлай созып,
дәл ұстай алмай, қармалап жүріп қолын нәрсеге әзер жеткізген. Бала нәрсені
қолына алып, сипап байқағаннан кейін ғана оның үлкендігін, формасын т. б.
айыра алған. Бұл айтылғандар кеңістікті қабылдауда кинестезиялық түйсіктер
де қатынасатындығын көрсетеді.
Кеңістікті дұрыс қабылдап үйрету кішкентай кезден басталады. Мәселен,
мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап, байқап, сипап
қарайды, олардың формасын үлкен-кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжірибесі
артып, ой-өрісі кеңейген кездс заттардың кеңістікке орналасуын жақсы аңғара
алатын болады. Заттардың кеңістікте орналасуын дұрыс біле алудың адамның іс-
әрекеті үшін (әсіресе, шоферлерге, ұшқыштарға, суретшілерге, әскери
қызметкерлерге, дәл ақпарат жасайтын мамандарға т. б.) қаншама маңызды
екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материянын өмір
сүруінін объективтік реалды формасы.
Уақытты қабылдау да сырткы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын
өзгерістердің санаға әсер етіп калдыраған бейнесі. Уақыт — дүниедегі
заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп, ескі заттардың
жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткшіі.
Шындық құбылыстардың тізбегі, бірізділігі, объективтік ұзақтылығы уақытты
қабыл дау арқылы белгілі болып отырады. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі
бір бағытта, яғни өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа қарай ағады.
Осылай бір бағытта ағу — сыртқы дүниедегі оқиғалардың объективтік белгісі.
Бұлар жеке адамның түйсігінен, қабылдауынан тыс болып отыратын реалды
құбылыстар. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады. Соның бірі —
уақыттың ритмі. Уақыттың ритмі — құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп
жататын бірізділігі. Уақыт темп арқылы өлшенеді. Темп - құбылыстардың
бірізділігінің, тездігінің не баяулығының керсеткіші.
Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер де орын алады.
Мәселен, өткен шақ адамға өте кысқа мерзімді болып көрінеді. Өткен шақты,
әсіресе, біздсн алыс дәуірді минуттап, сағаттап санап отырмай айлап,
жылдап, ғасырлап, дөуірлеп есептейміз. Халқымызда ежелден келе жатқан уақыт
өлшемдері, атаулары аз емес. Олар: азан, түс, намаздігер, бесін, сәске т.
б. Осы секілді атаулардың шәкірт танымына ұлттық бояу, реңк беретіні
белгілі. Өткен оқиғалар адамға көмескілеу болып та көрінеді. Уақыттың
өтуінің түрліше қабылдануы сол кезеңде өткен оқиғаларға байланысты.
Осы шақтың (үстіміздегі дәуір) бізден алысырақ мерзімдері ғасыр,
жыл, ай ұғымдарымен белгіленсе, оның бізге жақынырақ кезеңдері: күн, сағат,
минут, секундпен есептелінеді. Осы шак әркез объективтірек болып
қабылданады, өйткені бұл кезең нактылы ісімізбен, тікелей кабылдауымызбен
ұштасып жатады.
Өткен шақ ең тез өткеніндей, келер шақтың өте ұзақ тәрізденіп көрінуі
субъективтік жағдайлардың нәтижесі. Егер адамның уақыты мағыналы, қызықты
істермен толы болса, ол уақытгың қалай өткенін байқамай да қалады. Адамның
көңілі қаншалык шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болып
қабылданады. Мәселен, қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді. Ал, керісінше,
адамның уақыты мәнсіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей болып көрінеді. Сол
сияқты, поезды күтіп отырған адамға да уақыт өтпейтіндей болады.
Уақыттың кабылдануы оның қандай мазмұнда болуымен де шарттасып жатады.
Егер ұсақ-туйек әрекетпен өткен уакыт ұзақ болып көрінсе, пайдалы әрекетке
толы уақыт тез өтеді. Көбінесе, уақытты субъективтік болжау дұрыс болмай
шығатындықтан, оны объективтік өлшемдермен (минут, сағат тәулік, апта т,
б.) өлшеген дұрыс болады.
Адамды адамның қабылдауы. Қарым-қатынас процесінде әр адам өзара
әрекеттес адамдардың есінде және ұғымдарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабылдаудың формалары және жеке даралық ерекшеліктері
Қабылдау және әрекет
Көріп қабылдаудың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау түрлері мен қасиеттері
Қабылдау және бақылау
Қазіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу
Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды алғаш көрген кездегі эмоциялық әсері
Қабылдау туралы жалпы түсінік
Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері
Жеке тұлға психологиясы
Пәндер