Отбасы - тәрбие ұжымы
Кіріспе
1. Тақырыбымыздың актуальдығы қазіргі замандағы отбасы тәрбиесіндегі
кейбір қиыншылықтар мен қателіктер негізінде туындайды.
2. Еңбегіміздің зерттеу объектісі отбасы, ал кеңінен айтқанда
отбасында бала тәрбиелеудің әдістері мен элементтерін пайдаланудың
жолдарын белгілейді.
3 Тақырыптың мақсаты:
- жас баланы отбасында тәрбиелеуде ата-анамен баланың арасындағы
қарым-қатынсты жақсарту жолдарын қарастырады;
- отбасылардың жауапкершілігін әрі қарай арттыра түсу;
- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін
ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
4. Тақырыптың міндеттері:
- отбасындағы баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,
тазалықты қалыптастыру;
- еңбек сүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке
құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету;
- отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға,
жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету;
- әдебиетке, өнерге, мәдениетке тәрбиелеу;
- ұқыптылыққа, адамгершілікке, ойшылдыққа тәрбиелеу.
5. Негізгі идея: (гипотеза). Отбасында бала тәрбиелеу процесін
жетілдірілсе, соғұрлым олардың тәрбиелік жағы тереңдей түседі.
6. Жұмысымызда қолданылатын әдістер: анализ, синтез.
7. Теориялық, практикалық құндылығы педагогтарға, әлеуметтік
педагогтарға, психологтарға қолданбалы материал бола алады.
Отбасы - қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы отбасында
тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық
педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір
қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік,
парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, және т.б жататыны, олардың өмірдегі
мән-маңызы сараланады. Отбасында жас баланы ерлікке, жігерлікке,
батылдықпен батырлыққа, сөзбен істің бірлігі сияқты қасиеттерге
тәрбиелеудің орны ерекше.
Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық
өмірде болып жатқан құбылыстар саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде
оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды
т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенің
біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Халық
отбасындағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны Таяқтау оңай, тәрбиелеу
қиын , Балақан өсіру-балапан ұшыру емес деген мақал – мәтелдерден көруге
болады. Ал, Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер, Ұлың өссе-ұлы
жақсымен ауылдас бол, қызың өссе -қызы жақсымен ауылдас бол, Әке көрген
оқ жонар, шеше көрген тон пішер -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның
қалай өсіп өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала
ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім
алады.
Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп
есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең
әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін,
ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп,
көкейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын
діңгегі -әке-шешесі.
Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір бірімен сабақтас болғаны сияқты,
баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттердің көздері
осыларда. Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында
ұстамдылық, ұқыптылык, нәзіктік, кішіпейілдік қасиеттер қалыптасса, әке
арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге
ие болады. Сондықтанда ата- анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін, жай
күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.
Қазіргі кездегі педагогика бойынша отбасылық тәрбие-ата-ана мен баланың
арасындағы қарым қатынастың жүйесі. Олай болса, әрбір ата-анаға осы жүйені
ғылым және өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні бар.
Атақты, белгілі педагогтардың ойларынша, отбасындағы ата-ананың тәрбиелік
жұмыстары өз-өздерін тәрбиелеу. Олай болса, әрбір ата-анаға, біріншіден,
баламен қарым -қатынаста жетекшілік ету керек. Ал, баламен қарым -қатынас
педагогикалық қарым-қатынасқа жатады. Тәрбиелік және педагогикалық
қарым-қатынас баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы
ауытқуларды ескертеді.
Отбасы тәрбиесінің қазіргі кездегі іс-тәжірибесінде педагогикалық қарым-
қатынастың бірнеше түрлері беріледі. Олар:
1. әмірлі (авторитарлық);
2. демократиялық (егемендік);
3. бетімен жіберушілік;
4. бәрін кешірушілік т.с.с.
Осы педагогикалық қарым-қатынастың ішінде тек демократиялық түрін
қолдану ата-ананың баласы алдындағы абыройын жоғарылатады. Өйткені, ол
балаға деген сенімділік, тең құқықтық, жоғары деңгейдегі іскерлік талаптары
негізінде құрылған.
Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата -ана өз еңбегімен,
өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп,
ұрпағына мирас ете білсе, өзінен күш қуат кетіп, бағу-қағу сияқты күтім
қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.
Ата-ананың балаға деген махаббаты- әрбір азаматтың Отанға, досқа,
туыстарға, сүйген жарға деген махаббатының жетекшісі, көш басы деп түсінуге
болады. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірім
махабатынан тараған. Сол ата-ананың өзі еккен махаббаты қартайғанша тозбай,
ондай ата-ана өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза болады.
Демек, алмақтың да салмағы бар дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзін
дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім
берген ұстаздарға, рухани азық, үлес қосқан адамдарға қарыздар. Оны өтеуі
-азаматтың жан жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл, мейірімді адам болып
қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы, Отан мен ананың игілігін
арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.
Ата-ана балаға өз басының жақсы қасиеттерімен, спорт жүлдегерлерінің,
жақсы көршілердің, тәрбиелі жандардың да жетістіктерін дер кезінде айтып
соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек
жақсылықты уағыздап, соған талпындырады. Отбасы тәрбиесі-қоғамдық
тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.
Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да
жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер
жатады.
1.Отбасының этникалық құрамы және құрылымы толық, толық емес отбасы,
бір балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің
білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-
ауқаты , ауылдық және қалалық отбасы.
3. Қоғамға көз қарасы: еңбек және қоғамдық тәрбие институттарына
қатысты.
4. Отбасының тәрбиелік жағдайы: отбасы тәрбиесінде қолданылған
әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі
Отбасы тәрбиесі -қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.
Бастауыш мектеп -№4 -2005, 44 –бет.
Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте
күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.
Бүгінгі күн жастарын жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың
жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде. Себебі, балаға саналылықтың сипаты
ол өмірге келген күннен бастап сол отбасында бойына сіңеді.
Кейіннен мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі
жағдайлардың әсерімен қалыптасады.
Біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасының, не
балабақшасының немесе мектептің жеке ісінен ол бүкіл зиялы қауымның, бүкіл
қоғам шұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр.
Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру үшін өзім жетекшілік
ететін сыныпта ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының ролін басты назарда ұстадым.
Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық
тәрбие орындарының бірден-бір парызы.
Өйткені Ес түзелмей, ел түзелмейді, олай болса, егеменді еліміздің
болашағы отбасында бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты
тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін,
психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты
тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді
шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты
қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке
құлшынысын арттыру, өзіне -өзі қызмет етуге үйрету.
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, жасы
үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
- Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, тәрбиелеу.
- Ұқыптылыққа, адамгершілікке,ойшылдыққа тәрбиелеу.
Бұл мақсаттардың барлығы жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен
бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім тәрбие беріледі.
Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұл болса, Баланың бас ұстазы-ата-
ана, Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі, Әкеден ақыл, анадан
мейір алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтанда баласының
әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу
үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-
ғұрыптарымызды, діңімізді, ата бабаларымыздан қалған насихат мұраларын
балалардың санасына сіңіре білу ата -ананың басты міндеті дегіміз келеді.
Сондықтанда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше. Тәрбиенің көзі
ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, ата-ана-сол насихаттарды
жүргізуші. Бұны ата- аналардың қоғам алдындағы үлкен міндеті десек те
болады.
І.І.Отбасы және балалар тәрбиесі.
Отбасы қоғамдық тарихи құбылыс екені белгілі. Ол жасөспірімдерді
тәрбиелеуде қызмет етіп келеді, қоғам өмірінде үлкен роль атқарады.
Сондықтан отбасының әлеуметтік мәнін және оның тарихи даму заңдылықтарын
жете түсіну ғылыми-зерттеулердің объектісі болады. Англия жұмысшыларының
тұрмыс халін мұқият зерттеудің негізінде жұмысшы отбасының көбісі
бұзылатындығы дәлелденді. Қазіргі заманда әйелдерде 12-13 сағат жұмыс істеп
балаларын үйлеріне тастап, тағдырдың тәлкегіне қалдырады. Ал, олардың
күйеулері мен ересек балалары ұзақ күн бойы әртүрлі қызмет орындарында
жұмыс істейді.
Осылай қазіргі отбасы мүшелерінің жұмыс аясында жүргенде,
бақылаусыздықтың нәтижесінде бақытсыздық, яғни жазатайым оқиғалардың саны
көбеюде.
Қазіргі мәліметтерге қарағанда бүгінгі қоғамда жұмысшы отбасында әйел-
ананың өз баласына қамқорлық жасауға ешқандай уақыты жоқ. Сондықтан ана
мейірімін, махаббатын көрмеген бала өз бетінше жеке өмір сүруге дағдыланды.
Ата-анаға деген мейірбандық, сүйіспеншілік сезім байқалмайды. Мұндай өмір
жағдайында әйел-ананың балаларды үлгілі етіп тәрбиелеуге тіптен
мүмкіншілігі болмайды. Сонымен қатар үнемі ұрыс-керіс, наразылық
материалдық қиыншылық негізінде және ауыр еңбек жағдайында болатын жұмысшы
отбасындағы алауыздық, отбасының негізін босаңсытып, көбінесе оның
бұзылуына әкеліп соқтырады. Сондықтанда отбасылық міндеттерді, әсіресе
балаларды елемеу -осы кездегі қоғамға тән ерекшелік -бұл жұмысшылар
арасында жиі кездесетін құбылыс. Қазіргі кезде көптеген елдерде таптармен
әлеуметтік топтар арасында өзгерістер болады. Мәселен, неке экономикалық
тәуелділіктен бірте-бірте өзара махаббатқа және отбасы алдында
жауапкершілікке негізделген моральдық -құқықтық одаққа айналды. Осыған
орай, отбасылық қатынастың материалдық және рухани жақтары болады.
Материалдық жағына шаруашылық-экономикалық қатынас, рухани жағына- заңды,
адамгершілік және психологиялық қатынастар жатады. Осы қатынастар негізінде
үй шаруашылығын жүргізу және балаларды тәрбиелеу ісінде еркек пен әйел
арасындағы міндеттер аясы анықталады, отбасы бірлігін қамтамасыз етуде
жұбайлар қатынасының ролі өседі. Мысалы, АҚШ-та ресми емес неке
бұзушылардың саны көбеюде. Осыған байланысты қазіргі қоғамда еркек пен
әйелдің уақытша бірге тұруын, уақытша некелесуін отбасының бұзылуын тоқтату
әрекеті деп қарастырады.
Неке бұзушылық уақытша бірге тұрушылық, уақытша некелесу -бұл әсіресе
жасы ұлғайғандар үшін тән нәрсе. Осындай азғын өмірдің салдарынан ажырасқан
ата-аналарымен бірге тұратын мектеп жасындағы балалардың саны 30 пайыздан
астам. Барлық балалардың алтыдан бір бөлімі заңсыз туылған. Олар не
анасымен немесе әкесімен бірге тұрады.
Бастауыш мектеп -№1 -2005, 57 –бет.
Ата- аналардың көпшілігі өзімен өзі жекеленіп өмір сүреді. Өйткені бұл
жағдай олардың үнемі жұмыс іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп отыруына
байланысты. Ал балалары қариялардың қарамағында қалады. Олар немерелерін
тәрбиелеу үшін жеткілікті жұмыс істемейді. Мұндай тұрмыс балалардың
жекеленіп кетушілігіне әсер етеді, кейде олар өте ауыр жағдайға түседі
(қайыршылық күйі, қылмыс,науқас).
Ірі мемлекеттерде отбасының бақылауынан шығып, өз бетінше өмір сүретін
15 жасқа дейігі панасыз балалардың саны жылдан жылға өсуде. Ал панасыз
балалар ересек наркомандардың, алкоголиктердің, гангстерлердің қарамағына
тез түсіп, олардың оңай олжасына айналуда. Сонымен қатар өмірден мүлдем
түңілу, жұмыссыздық, қайыршылық күй, үнемі асқа жарымағандық балаларды
қылмыстық іске итереді. Балалар арасында мұндай өте ауыр халдің болу
себептері неде? Бұл тек қана шаруалар мен жұмысшы тобының балаларына
қатысты мәселе. Балаларды тәрбиелеп өсіру, өмірге еңбекке дайындау
антогонистік қоғам жағдайында мүмкін емес.
Жұмысшы ата-аналардың жалақысы өте төмен, осыған орай әл-ауқаты да
нашар. Балаларын оқыту мен тәрбиелеуді олардың материалдық тұрмыс
жағдайында көтермейді.
Қазіргі кезде балаларды зорлау арқылы бизнес жасалады. Негізінен
қазіргі кездегі бірін-бірі қанау, пайдакүнемдік пен арамтамақтыққа
негізделген қоғамда тұрақты, берік отбасын құру, бала тәрбиелеу
мәселелерімен айналысуға мүмкіндік жетіспейді.
Қазіргі кезеңде отбасы әлеуметтік өмірдегі қатынастарды артқа салып, ең
әділетті, ең адамгершілік отбасылық қатынастарды нығайтты. Қоғамдық отбасы
мақсаты, тілегі, сенімі, талабы бір әлеуметтік қоғамның бөлігіне айналды.
Отбасының негізгі әлеуметтік функциясы ерлер мен әйелдердің қоғамда
отбасылық ортақ өмірде, балаларды тәрбиелеу ісінде саяси моральдық және
экономикалық бірлігі болып отыр. Отбасындағы тәрбие жүйесі балалардың ішкі
сезіміне мінез құлқына ықпал жасайды. Ал ықпал жасау бүкіл отбасы
тәрбиесінің жүйесіне, ата-ананың мінез құлқына, беделіне байланысты. Бұл
жөнінде А.С.Макаренко Ата-аналар үшін кітап атты еңбегінде отбасы
ұжымындағы ерік, тәртіп және беделге байланысты мәселелерді қалай болса
солай лажын тауып жасанды тәсілдермен немесе әдістермен шешуге
болмайтындығын ескертті. Егер сіздің жалпы мінезіңіз нашар болса, онда ең
жақсы дұрыс ойланған педагогикалық әдістердің тәрбиеге ешқандай әсері
болмайды. Керісінше, ең алдымен тәртіптің, еңбектің, еріктің, ойынның,
беделдің дұрыс формаларын пайдалануға тек қана ұнамды жалпы мінезі игі әсер
етеді-деп жазды А.С.Макаренко.
Отбасының бала тәрбиесіне ықпал жасау өрісі кең және өзгеше, яғни
тәрбиенің идеялық бағыты, жалпы жағдайы, сонымен қатар балаларға әсер
етудің әдістері мен тәсілдері әрбір отбасының өзіне тән. Отбасының
әлеуметтік идеялық бағытта қалыптасуының негізі жұбайлардың отбасына және
қоғам өміріне адамгершілік көзқарастары болады. Демек, отбасында бала
тәрбиелеу
А.С.Макаренко Ата-аналар үшін кітап Москва -1986, 104 –бет.
ата-аналардың адамгершілік позициясына байланысты, ал адамгершілік позиция
балалардың мұрат мақсаттарының қалыптасуына жағымды әсер етеді.
Адамгершілік мұратты мақсат әрекеттік күшке айналады, соның жәрдемімен бала
өзінің мүмкіншілігімен қабілетіне қарап, қоғамға пайда келтіру мақсатымен
өмір жолын таңдауға тырысады. Осыған орай А.С.Макаренко қоғамдық істеде
отбасылық істі айырып алып, қарауға болмайтынын, адамның жұмыстағы немесе
қоғамдағы белсенділігі отбасында да бейнеленуі тиістігін, тіпті отбасы
адамның саяси және азаматтық жүзін көруі тиіс екендігін жазған болатын. А.
С. Макаренконың бұл ойы бойынша отбасына жат ешқандай тәрбие мәселелері
болмайды. Ата-аналар балаларының алдында өздерінің көптеген функцияларын
жете түсінісуі қажет, олардың еңбек және қоғамдық саяси іс-әрекеті активтік
өмір позициясының мазмұны болады.
Зерттеу материалдары бойынша отбасылардың кейбір типтеріне қоғамдық
адамгершілік бағыттағы дәрежесі жоғары отбасы, қоғамдық адамгершілік
бағытағы дәрежесі төмен отбасы жатады.
Қоғамдық адамгершілік бағыттағы дәрежесі жоғары отбасы өзінің
тұрақтылығына байланысты моральдық және қоғамдық бастауларымен сипатталады.
Отбасы мүшелерінің өзара қатынастары моральдық принциптеріне сай құрылады.
Өмірде және еңбекте отбасының ересек мүшелері белсенді, балаларды оқыту
және тәрбиелеу ісіне ерекше ынталы, олардың отбасы мен қоғам арасындағы
байланысы берік. Отбасының бала тәрбиесіне мұндай әсер етуінің себебі
балалар ата-аналарының пікірін мақұлдап, олардың мінез құлық үлгісіне
еліктейді, отбасы мен Отан алдындағы борышын орындауда жауапкершілігін жете
түсінеді. Сенім атмосферасы әрқашанда отбасында үстем болады. Тұрмыс және
әлеуметтік өмір мәселелері жайлы балалардың пікірлерін ата-аналары да
зейінмен байыпты тыңдап ізгі кеңес береді. Отбасы типінің құрылысында
балаларды тәрбиелеудің негізгі шарттары отбасының микроклиматын сипаттайтын
ішкі отбасылық қатынастар, жұбайлар махаббатының беріктігі өмір саласына
да, әрекетінде отбасы мүшелерінің көзқарас жүйесінің, мүдделерінің және
сенімінің бірлігі, осы кездегі отбасының мәдени дәрежесі-мүшелерінің
жеткілікті тәжірибелі, білімді болуы, еңбек және демалыс режимі, әдеби,
ғылыми кітаптар және спортпен еліктеушілік, жанұялық дәстүрді дамыту,
отбасының тәрбиелік потенциалы -отбасы мүшелерінің педагогикалық мәдениет
дәрежесінің жоғары болуы, отбасы мүшелеріне және балаларға педагогикалық
ықпал жасау әдістерінің жүйесі, отбасы мүшелерінің өндіріс коллективі және
қоғам жөнінде позициясы, олардың еңбек қоғамдық іс-әрекетіне және
әлеуметтік ортаға қатынастары.
Қоғамдық бағыттағы дәрежесі жоғары отбасының адамгершілік негізін
құрушы басты факторы мораль арқылы үй ішіндегі барлық мәселелер реттеліп
отырады. Мұндай отбасы бақыттың, немесе халық керегін қанағаттандырудың,
балаларды тәрбиелеудің қайнар бұлағына айналады, ал бақыт творчестволық
еңбектен қоғамның жайдары өмірінен бөлінбейді. Әсіресе, отбасы мүшелерінің
рухани өзара ықпалы. Яғни өмір тәжірибесімен көмектесуі, көңілдерінің
көтеріңкі болуы, өз күштеріне сенуі өте қажет.
Сонымен, балалардың адамгершілік сезімін және танымын дағдыландыруда,
олардың белсенділігін, еңбеккерлігін, адалдығын, бір-бірімен түсінушілігін
тәрбиелеуде отбасындағы жоғары адамгершілік атмосфера қажетті азаматтық
күйде борышты туғызады. Мұндай отбасында әке мен ана және отбасының ересек
мүшелерінің бүкіл тәрбие процесі көрінетін айнаға айналады.
Біздің елімізде миллиондаған отбасылары бала тәрбиелеу ісінде халыққа
тамаша өнеге көрсетуде. Әрбір отбасы балалардың бейімділігін, қабілетін
еске алып, қоғам талаптарына сай оларды өмірге, еңбекке мамандықты шамалы
түрде таңдауға дайындайды. Сондыктан отбасының маңызы өте зор, өйткені, ол
әлеуметтік институттарының бірі, әлеуметтік қоғамның ажыратылмайтын бөлігі.
Негізінен еңбеккерлік, адамгершілік нормасы, оны орындау барлық отбасы
мүшелері үшін мызғымас заң, ішкі сенім. Ал ұжымдық, үлкендерді сыйлау
ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрге айналған. Еңбек отбасының ерекшеліктері
неде? Отбасы қоғаммен тығыз байланысты. Оның барлық мүшелері қоғамдық
еңбектің белсенді қатысушылары. Олардың ниеті сана сезімі өндірістік,
ұжымдық, оқу-тәрбие мекемелерінің және қоғамдық мүдделерімен ұштасып
жатады. Мұндай байланыс отбасында жаңа атмосфера тудырады, онда бүкіл өмір,
еңбек т. б .үшін күресу бейнеленеді. Еліміздегі ішкі мәселелер және
халықаралық жағдай отбасында зор байыптылықпен талқыланып баға беріліп
отырады. Осындай игілі істердің нәтижесінде отбасы тәрбиесі әлеуметтік
тәрбиенің ажыратылмайтын бөлігіне айналды.
Адамгершілік тәрбиесінің басты бір құралы- өнеге. Ата-ана өнегесі
баланы тәрбиелеудің, дамытудың, қалыптастырудың қажетті құралы. Тұрмыстағы
еңбектегі, және қоғамдық өмірдегі ата-ана өнегесі отбасы тәрбиесінде елеулі
роль атқаруда. Егер отбасында ат-ана беделі шүбәсіз болса, онда балалар
әкесінің анасының бойындағы жоғары моральдық қасиеттерін бағалайды,
мамандық таңдауда, еңбекте және халық үшін өмір сүруде отбасылық дәстүрді
жалғастырады. Сондықтан ата-аналар балаларының алдында өздерінің тіршілік
әркетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білуі қажет.
Баланың өмірлік белсенді позициясын қалыптастыруда ата-ана өнегесі өте зор
әсер етеді, оны ешкім өзгерте алмайды. Сонымен қоғамдық адамгершілік
бағыттағы отбасы жеке адамның болымды ерекшелік қасиеттерін тәрбиелейтін,
адам өмірін сүйкімділікпен жүзеге асыратын қоғамның табиғи құрамды бөлігі.
Қоғамдық адамгершілік бағыттағы дәрежесі төмен отбасы. Балалардың
рухани дүниесін қалыптастыруда отбасы үлкен роль атқарады, өйткені ол
қоғамның маңызды әлеуметтік буыны. Отбасы адамзат жинаған мол тәжірибені
жеткізетін, дербес және ұжымдық принципті ұштастыратын, жеке адам мен ұжым
байланысын қамтамасыз ететін буын. Атап айтқанда, отбасы болашақ жеке
адамның негізін қалайды, оның жоғары ар-ұждандық қасиетін қалыптастырады.
Алайда, отбасы мүшелерінің бәрі бірдей азаматтық белсенді өмірлік позиция
жағында бола бермейді, бала тәрбиелеу ісінде, олардың қоғамдық саналылығы
байқалмайды. Мұндай жағдайда отбасының қоғам алдында беделі оның
мүшелерінің адамгершілік бірлігімен дәрежесі төмендейді. Қоғамдық
адамгершілік дәрежесі төмен отбасында ескіліктің қалдықтары басым, отбасы
мүшелері ұжыммен қоғамның өндірістік және әлеуметтік өмірінде енжар келеді,
еркектер мен әйелдердің рухани және мәдени дамуы тең болмайды, еркектер
әйелдердің үй міндеттеріне шонжарлық әдетпен қарайды.
Міне осылардың барлығы кейбір адамдардың санасында ғасырлар бойы
сақталып келген ескі-құсқы әдеттер. Әрине олар әлеуметтік моральді оның
принциптерін жете біледі. Бірақ олар үшін адамгершілік нормасы жеке
сенімге, ішкі өмірге, мінез-құлық дағдысына айналмаған. Мұндай отбасы
мүшелері балалардың мәдениетіне, ақыл-ой және еңбек тәрбиесіне назар
аудармайды. Сондықтан мәдени дәрежесі немесе сана сезімі төмен
болғандықтан, олар отбасылық ескілікті сақтаушысы болды. Кейбір жұмысшылар
мемлекеттік мекемелер қызметкерлер отбасында қоғамдық еңбекті жеккөрушілік
фактіларының бар екендігі байқалады. Әрине олардың саны онша көп емес,
бірақ ересек отбасы мүшелері өздерінің қоғамға қарсы қылығымен еңбек
тәртібін бұзады, өндірістік ұжымдардың іс-әрекетіне зиян келтіреді,
балалардың және басқа да отбасы мүшелерінің мінез құлқының қоғамдық
нормадан ауытқуына әсерін тигізеді. Адамдардың осы сияқты қоғамға жат теріс
мінез-құлықтары ұжымның өндірістік тәртібін бұзып қана қоймайды, отбасы
өмірінде аздырады, әсіресе орта және жоғары мектеп жасындағы балалар
тәрбиесіне зиянды әсер етеді. Сондықтан балалар өздерінің ата-аналарының
және ересек отбасы мүшелерінің теріс қылықтарына еліктеп дене еңбегін жаны
сүймейді, оны ұлт көреді, халық шаруашылығы үшін құнды материалдарды
өндіретін адал азаматтардың және өздерінің құрдастары еңбектері есебінен
өмір сүруге тырысады. Мұндай балалар еңбек етуден қашып бос сандалушылыққа
биморальдық жат қылықтарға бейімді келеді. Себебі кейбір ата-аналардың
санасында әлі де ескіліктің қалдықтары басым, олар өз балаларына қамқорлық
жасамайды, демек, балаларын оқыту, тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке
дайындау мәселелеріне қалай болса солай қарайды. Мұндай ата-аналардың
санасында мешандық-идеология қалыптаса бастаған. Балалардың сана сезімін
улайтын биморальды қылықты адамдардың ақыл парасатын сүзгіден өткізу үшін
идеологиялық және саяси тәрбие жұмысының барлық құралдарын, формалары мен
әдістерін қоғамның психологиялық және моральдық мұрасымен қарсы күресте
тиімді етіп пайдаланғаны жөн. Қазіргі кезеңде идеологтар кейбір өз еркіне
өзі ие бола алмайтын адамдардың әсіресе жастарды, әр алуан психологиялық
құралдармен әдістерге сүйеніп, санасын улау үшін түрлі әрекеттер жасауда.
Сондықтан біздің елімізге әртүрлі каналдар арқылы жететін жат идеологияға
қырағылық көрсету және онымен күресу әрбір адамның азаматтық борышы.
1.2. Отбасы –тәрбие ұжымы.
Отбасы ұжымы мектептегі сияқты баланы тәрбиелеу, оның қабілетін,
еңбеккерлігін дамытуға, ұжымдық және дербес қасиеттерін қалыптастыруға
бағытталған. Сондықтан ата-аналардың күнделікті өмірде өз балаларының
Ж.Қоянбаев Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі Алматы -1990,
33 –бет.
мінез құлқын түзетуі, қажетті қасиеттерін дамытуы, оларды тәрбиелеуде
қиыншылықтарды жеңуі қажет. Олай болса баланы тәрбиелеу және қалыптастыруда
басқару процесінің жолын табу үшін, әрбір ата-ана оған жанасудың нәзік
құралын меңгеріп алуға ыждағатты болу тиіс. Бұл жағдайда отбасы тәрбиесін
шебер басқару балалардың адамгершілік мінезін қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады, ал жағымды және сол сияқты жағымсыз қылықтары да оларды өзін өзі
тексеруге талаптандырады.
Тәрбиені шебер басқару ата-аналардан мол тәжірибені, жоғарғы
адамгершілік сезімді, теориялық білімді және ұстамдылықты талап етеді.
Осының негізінде олар отбасында баланың өмірі мен қызметін ұйымдастыруы
қажет.
.А.С. Макаренко өзінің ата-аналарға жазған үндеуінде: Тәрбие жұмысының
дәл мәні... сіздің баламен тіпті көзбе көз әңгімелесуіңізде емес, сіздің
балаға тікелей әсер етуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды
ұйымдастыруыңыз, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін
ұйымдастыра білуіңізде-деп жазды.
Баланы отбасы ұжымы тәрбиелейді. Оған барлық отбасы мүшелері қолайлы
жағдай жасайды. Баланы білім алуға, өмірге еңбекте, қоғамдық іс-әрекетке
даярлауға отбасы жауапты.
Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру проблемасына арналып
ғылыми-педагогикалық еңбектер жазылған. Ол еңбектердің авторлары
Р.И.Черная, А.О.Пинт, В.Т.Воликова, Н.В.Таранникова, т.б. ата-аналардың
назарын мына мәселелерге аударды: режим, үй жағдайы, балалардың оқу
жұмысына ата-аналардың көмегі, оны бақылау, балалардан үй шаруалығына
қатысуы, олардың күнін дұрыс ұйымдастыру, әдеби және көпшілік -ғылыми
кітаптар оқу, еңбекке, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу т.б.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбие
мақсатына сай, оны ата-аналар түрлі еңбек-әрекеттеріне үйретуі қажет. Бала
отбасы ұжымының мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы отбасы үшін
зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей парасатты
ұйымдастырғаны жөн. Отбасында барлық тәрбие жүйесі баланың еңбекке
қатынасын қалыптастыруға әсер етуі тиіс. Адамның отбасы, өндіріс ұжымы,
қоғам алдында еңбекке қатынасы, оның істеген қызметіне, моральдық
қасиеттерімен материалдық тұрмыс халіне байланысты. Еңбек процесінде адам
дамиды, қалыптасады оның өмір тәжірибесі байиды.
Еңбекке қатынас-жеке адамды дамыту мен тәрбиелеудің мақсаты. Тек қана
адал еңбек адамды бақытты өмірге бөлейді еңбек қоғамның материалдық және
рухани байлығының негізгі қайнар көзі, адамның әлеуметтік абырой-атағының
басты өлшемі, оның қасиеті міндеті, жеке адамға тәрбие берудің ірге тасы
-деп программада жазылган.
Отбасы жағдайында өте маңызды құралдың бірі-еңбек тәрбиесі. Ол баланы
ұйымшылдыққа, ұдайы еңбек ету дағдысына, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.
Әртүрлі еңбек тапсырмалары -еңбек тәрбиесі балаларды өзімен отбасына
ғана емес, Отан игілігі үшін қызмет істеуге даярлайды. Отбасы балалардың
жас және дербес ерекшеліктерін еске ала отырып, олардың бірте -бірте еңбек
іс-әрекетіне тарту- еңбек етуге машықтандырады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек
тәрбиесінің процесінде баланың денесі шынығады, адамгершілік қасиеті
дамиды. Отбасы шаруашылығы келешек азаматтың мінезіндегі көптеген маңызды
ерекшеліктерді тәрбиелеу үшін аса қолайлы өріс болып саналады... Отбасылық
шаруашылық саласына дұрыс басшылық ету жәрдемі нәтижесінде ұжымдық,
адалдық, қамқорлық, ұқыптылық, жауапкершілік бейімделу қабілеті,
оперативтік қабілеті тәрбиеленеді-деп жазды А..С. Макаренко.
Еңбек тәрбиесін ұйымдастыру принциптері балалардың тілектері мен
мүддесіне сай келектің отбасылар елімізде аз емес. Кейбір отбасылар
тәжірибесіне қарағанда балалар еңбек іс-әркетін орындауға өте ықыласты және
жауапкершілігін сезеді, отбасы үшін еңбек етудің қажеттілігіне олар жете
түсінеді. Баланың отбасы еңбегінің маңызы өте зор. Отбасында дұрыс
ұйымдастырылған еңбек жүйесі білім алуға, іскерлікпен дағдыны
қалыптастыруға ықпал жасайды, балалардың жауапкершілігін еңбек
мәдениттілігін тәрбиелейді, үйге берілген оқу тапсырмасын жүйелілікпен
орындауға үйретеді. Отбасы баланың оқу еңбегі -бұл негізгі іс-әрекет үй
жағдайында мектепте алған білімді игеру. Үйге берілген оқу тапсырмасын
орындау бала зейінінің жинақтылығына, саналы күш салуына байланысты. Осыған
орай қатаң регламенттің, еңбекті демалыспен кезектестірудің және гигиеналық
талаптардың сақталғаны жөн.
Әлеуметтік зерттеу мәліметіне қарағанда бірсыпыра ата-аналардың әлі де
өз балаларының үйде орындауға берілген оқу тапсырмасын, яғни оқу іс-
әрекетін бақыламайтындығы байқалады. Әрбір отбасы баланың үйде сабаққа
дайындалуына толық жағдай жасауы қажет. Бұл баланы жинақтылыққа,
тәртіптілікке, ұқыптылыққа үйретіп, ол еңбекке құштарланады. Отбасы
жағдайында ата-ана, баланың үйде орындайтын оқу тапсырмасын шебер басқаруы
тиіс. Бақылау немесе балаға үйде жәрдем беру әңгіме түрінде өтеді. Онда
ұру, балағаттау, жекіру сияқты теріс қылықтарды қолдануға болмайды. Өйткені
бала абыржиды, оны үрей билейді, пайымдылығы нашарлайды. Сондықтан ата-ана
тарапынан ұстамдылық, баламен қарым-қатынас жасай білу, жауапкершілік
сияқты қасиеттердің басым болуы баланың іскерлігін дамытады, оның ынтасы
көтеріңкі және ширақ болады. Ең бастысы -баланың өз бетімен, жүйелі еңбек
етуге үйрету. Ата-анасы қоятын талаптар бала үшін әдетке айналу керек.
Сонымен бірге ата-ана алдында тұрған нақтылы педагогикалық міндеттерді жете
түсіне білсе, ол бірте бірте оқу, үй және қоғамдық еңбекті үйлесімді етіп
топтастыра біледі, балаларына басшылық етіп жол көрсетеді. Отбасы-бұл
негізінен ата-аналардан, олардың балаларынан тұратын кіші әлеуметтік топ,
бұл әлеуметтік топта балалардың саяси-идеялық сенушілігін қалыптастыруға
әсер етуші құралдың бірі-отбасылық дәстүрді жасау және оны нығайту, сонымен
қатар балаларды халықтың осы кездегі дәстүрлеріне сай тәрбиелеу. Әрбір
халықтың өзіне сай дәстүрі бар. Ол жас өспірімдерді тәрбиелеуде елеулі роль
атқарды, белгілі адамгершілік қасиеттерінің, іскерлік пен дағдының
қалыптасуына ықпал жасайды. Отбасы үшін ежелден тән қасиеті
Макаренко А.С. Ата –аналар үшін кітап москва -1986, 385 –бет.
балажандық, балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, денесін шынықтыру,
үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілерімен және ұлты басқа
халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі көшпелі қазақ халқының
тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ отбасында әрбір ана өз баласын
кірлі көйлек кигізбей, дәмсіз тамақ ішкізбей, ыстыққа күйгізбей, суыққа
тоңғызбай, қатты жерге жатқызбай өсіріп, баласын өнегелі жігіт, 10
саусағынан өнер таматын шебер етіп тәрбиелеуді арман етті. Бала туу ата-ана
үшін үлкен оқиға, отбасылық салтанат болып, жақсы ниет, шаттық мерекемен
аяқталады.
Кең қазақ даласында өсетін балалардың тәрбиесі олардың ата-аналарының
күнделікті еңбек іс-әрекеттері көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болады.
Балалар жастайынан тіл алуға тәртіптілікке, үлкендерді сыйлай білуге
үйренеді. Сондықтан олар үшін кеңес, өсиет және басқа да этикалық ұғымдар
мінез-құлықтың үлгісімен нормасына, отбасы өмірінде өзгеше талапқа айналды.
Отбасы жағдайында мұндай ізгі өмірлік мәні бар кез келген мәселені
шешуде отбасы мүшелерінің бірлігін, олардың өзара түсінушілігі мен көз
қарасын нығайтады. Қолайлы психологиялық климат нәтижесінде ата-аналар мен
балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас бір қалыпқа түседі, отбасылық
белгілі ереже жасалынады, ал олар барлық отбасы жазылмаған заң болып
қолданылады.
1.3. Отбасы тәрбиесіндегі кейбір қиыншылықтар мен қателіктердің
түрлері.
Бала отбасында және қоғамдық балалар мекемелерінде тәрбиеленеді.
Олардың алдындағы бірыңғай мақсат -денсаулығы мықты адамгершілік қасиеті
жоғары, Отанға шексіз берілген жастарды тәрбиелеу. Балалар уақытының
көпшілігі отбасында өтеді. Бұл жағдайда ата-аналар, ересек отбасы мүшелері
ескеруі керек, өйткені тәрбие күрделі, жан-жақты диалектикалық процесс.
Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді ,қалай өмір сүру керек, өзін қалай
ұстай білуі керек, яғни ол іс жүзінде жағымды және жағымсыз мінез құлқын
өнегелі формаларын, ата-аналардың және басқа мүшелерінің еңбекке, адамға
қатынасын, еліміздің ішкі және халық аралық жағдайларын білуге тырысады.
Міне сондықтан да ата-ана балаға үңіле қарап үнемі бақылау, зерттеу
жағдайында, оның мұқтажын, тілегін, талабын еске алуы қажет.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық,
қайырымдылық, еңбек сүйгіш т.б. адамгершілік қасиеттері дамиды және
қалыптасады. Отбасында әлеуметтік қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша
айтқанда, бала білімінен адамгершілік сенімге, сенімнен -әрекет етуге ұзақ,
өзгеше күрделі жолдан өтеді. Демек, отбасы жеке адамның адамгері яғни
негізін қалайтын микро ұжым.
Біздің елімізде тұтас, мызғымас, тату бақытты отбасы ұжымы көптеп
саналады. Осындай біріккен, берік микро ұжымда әрбір жас түлек өзінің
Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі Алматы
Рауан 1990 -53 –бет.
тамаша балалық шағын өткізеді, еңбектік және қоғамдық өмірге үйренеді,
өнегелі тәрбие алады.
Алайда, ата-аналар отбасындағы бірқалыпты өмірдің бұзылуына себепші
болады. Отбасына біріктіру және ұйымдастыру, балаларды тәрбиелеу, оқыту
мәселелері жөнінде ата-аналардың өз міндеттерін дұрыс орындамайтындығы
байқалады. Осының нәтижесінде қиыншылықтар, керек десе түзелмейтін
қателіктер туады. Ал, мұндай жағдайлар балалардың келешегі үшін қатерлі
зардапқа айналуы мүмкін.
Көп жылдық бақылау мен зерттеу деректерінің нәтижесі отбасы тәрбиесінде
талап етудегі алалық, бірыңғай көзқарастың болмауы, балаға, оның ішкі
дүниесіне жеткілікті назар аудармаудың тапшылығы, отбасында балалардың
бақылаусыздығы, ата-ананың ересек балалар мен ата-ананың арасындағы болатын
конфликт сияқты әртүрлі қиыншылықтар мен қателіктердің кездесетіндігін
көрсетеді. Осының бәрі балалардың психикасына және мінезіне әсер етіп,
оларда түршігу, үрейлену, шеттеу және ата-аналарына өшпенділік сезімі пайда
болады.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналар мен басқа отбасы мүшелері тарапынан
қойылатын бірыңғай талаптың, біріңғай көзқарастың маңызы өте зор. Бірақ,
кейбір отбасыларында, әсіресе әке мен ананың арасында бала тәрбиесі жөнінде
бірыңғай көзқарастың бір біріне қарсылық туғызады. Әрбір отбасы мүшесінде
балаға ықпал жасап, беделді болуда бақталастықта болады. Осындай өзара
күрес нәтижесінде тәрбиенің мақсаты анықталмайды. Кейбір ата-ана баласының
сүйсіну сезіміне бөленуде, көңіл көтеруді ойламай іске аспайтын оның
тілектерін орындауды өзінің азаматтық борышы деп есептейді. Егер ересек пен
жеткіншек арасындағы қарым қатынас ересектер қарым қатынасының белгілі бір
типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық, сенім
көмек нормаларына сәйкес құрылса онда ересек пен бала қарым қатынасында
оған тән қиыншылықтар болмауы мүмкін.
Сонымен отбасылық тәрбиесінің барысында бірыңғай талаптың жоқтығы
балалардың жағымды қасиетттерінің қалыптасуына зиянды әсер етеді, ал кейбір
жағдайда балаларды дұрыс жолдан тайғызып, оларды екіжүзділікке
итермелейді. Балалар әртүрлі айла іздеу арқылы кез келген бөгеттерден
жеңіл құтылу, ата-аналарының әлсіз жақтарын пайдалану, жағымпаздану, алдау
сияқты зиянды қылықтарға үйір бола бастайды. Мұндай фактілер отбасында
балаларға ықпал жасаудың сөзсіз тәрбиелік жүйесін бұзуға әкеп соқтырады,
тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолдануда үлгіден аумаушылық яғни шаблондық
байқалады. Сондықтан ата-аналар тәрбие ісінде бірыңғай көз қарасты болуы
тиіс. Еш уақытта педагогикалық талаптарды әкенің немесе ананың тарапынан
бәсеңдетуге болмайды, өйткені бала мұның бәрі кешіріледі, жазасыз қаламын
деген сенімге келуі мүмкін. Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата
-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді-деді А.С.
Макаренко. Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің бірі-бұл кейбір ата-аналар
балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы жүзбен қарап қамқорлық
жасамайды. Ал тату-тәтті өмір сүріп отырған отбасы әрдайым балалардың
тәрбиесіне зер салады, олардың күнделікті өмірі мен іс әрекеттеріне
басшылық жасайды. Балаларына өздерінің қуаныш қайғыларын, яғни ойларын,
уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа филімдерді мен
кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.
Мұндай отбасы тар шеңбер аумағында қалып қоймай, балаларын халықтың тамаша
рухани және еңбек өмірімен таныстырып тәрбиелейді.
Қазіргі кезде қақтығысып қалатын отбасылар әліде болса байқалады. Оның
басты себебі жеңіл мінезділік, маскүнемділік отбасынан ата-ананың біреуі
кетіп қалуы. Мұндай шалағайлықтың негізінде ата-аналар өзін өзі бақылауды
тоқтады, бір-біріне көптеген өкпе сөздер айтады, бірін бірі кемсітіп
абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Ақыр аяғында олардың мұндай
жанжалдасуы төбелеске әкеліп соқтырады. Бұл жағдай балалар үшін отбасында
ауыр жара туғызады, олардың жанын тебірентеді, бала өз үйінен өзі
жиіркенетін болады, ата-аналарының әділеттегі мен ізгілігіне тіпті сенімі
болмайды.
Отбасындағы жауапсыздық, бейқамдық, ұрыс-керіс, дөрекілік жанжал,
әсіресе, әкенің немесе ананың маскүнемділігі, төбелес қорлығы балаға жаман
үлгі көрсетеді. Ішкілікті жиі қолданатын отбасыларында ата-аналарының нашар
қылықтары өз балаларына әсерін тигізбей қоймайды. Сонымен бірге мұндай
отбасыларында балалардың мінезіне паталологиялық, яғни қалыптан тыс ауытқу,
олардың дамуында нақты өзгерістер байқалады: мінезі қалыпты ұстамсыз
болады, жалған сөздер айтады ата-аналарына және айналасындағы адамдарға
агрессивті болады. Сыртқы ортаның жаман ықпалына түсіп, балалар темекі
тартады, спирттік ішімдіктерді қолданады. Бірақ олар осындай теріс
қылықтарға байланысты кемтар болып, өзінің бақытсыздыққа ұшырауын жете
түсіне білмейді. Мұндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың
келешек бақытына нұқсан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып,
отбасы климатын жақсарту үшін олармен сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыруы
керек. Бірқатар отбасыларды зерттеу материалдары мынаны көрсетті. Әкенің
немесе ананың қамқорлығы болмаған, ата-аналардың қадағалауынан тыс қалған
отбасыларында балалар правоны бұзып, жауапты қылмыстар жасайды. Ата-аналар
тарапынан бақылаудың жоқтығын пайдаланған кейбір балалар түн кезіп,
моральға сай емес адамдардың ықпалына түседі. Мұндай толық емес отбасында
балаларды тәрбиелеу жөнінде ұлы педагог А.С.Макаренконың ата-аналарға арнап
айтқан сөздерін еске түсірмеске болмайды: Егер ата-аналар бірге тұрмаса,
егер олар ажырасып кетсе, бала тәрбиесіне зақымын тигізеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz