Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі
Кіріспе
1. Тақырыбымыздың актуальдығы қазіргі замандағы бастауыш сыныптардағы
негізгі және қажетті сабақтарда түрлі еңбек элементтерін пайдаланудан
туындайды.
2. Еңбегіміздің зерттеу объектісі оқушы, ал кеңінен айтқанда оқушыға
сабақты меңгеруде еңбекке баулу элементтерін пайдаланудың әдістерімен
жолдарын белгіледі.
3. Мақсаты:
- Жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегіне деген қатынасын, өмірде еңбекті
қажетсінуін тәрбиелеу.
- Жас ұрпақтың бойында адалдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
- Еңбек әдістері арқылы баланы қызықтыра отырып, баланың денсаулығын
нығайтып, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін білу дағдыларын дамыта түсу.
- Оқушыларды пайдалы іске, мәдениетті сөйлеуге тапқырлыққа, ептілікпен
күштілікке, бірлесіп қызмет атқаруға, төзімділікке тәрбиелеу.
- Еңбектану кезінде оқушылардың жеке басының тазалығымен ұқыптылығына көңіл
аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
- Оқушыларды ізденімпаздыққа, зейінділікке, тапқырлыққа деген
қызығушылықтарын арттыру. Олардың рухани жетілуімен табиғи өсуін, және
халықтың салтын үйренуге, табиғат құбылысын тануға, бабаларымыздың мирас
болып қалған рухани асыл қазыналарын құрметтеуге үйрету, эстетикалық
мәдениетін қалыптастыру, ұлттық салт-сананы бойына сіңіру.
4. Міндеті:
- Жастардың организмін дамыта отырып, сан қилы дене еңбегінің
түрлерімен салыстыру;
- Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрену, оған дағдыландыру;
- Шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін таныту, оны
пайдалануды, бағалауды үйрету;
- Саналыда, сапалыда еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның
экономикалық байлығын арттырудың көзі;
- Еңбек ету іскерлігін дағдысын дамыту;
- Еңбегінің нәтижесіне, азда болса жеткен табысына қанағаттану, қуану
сезімін дамыту;
- Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге,
ұқыптылықпен жұмсауға үйрету;
- Қабілетіне қарай-мамандыққа ие болуына бағыт беру;
- Еңбек белсенділік, бастамашылдық, ұйымшылдық, оны жоспарлай білушілік
мүмкіндіктерін дамыту.
5. Жету жолдары:
а) Сабақта еңбектену арқылы еңбекке баулу әдістерін жеке-жеке
қарастыру.
б) Оқушылардың еңбек арқылы еңбекке бейімділігін зерттеу.
в) Теориялық материалдарды салыстырмалы ретке келтіру.
г) Сабақта еңбек элементтерін пайдалану нәтижесінде туындайтын
мәселелерді қорыта отырып, тұжырымдама жасау.
д) Оқу үрдісіндегі жұмыстардың нәтижесінде практикалық және теориялық
оқу-тәрбие жұмыстарындағы орындарын анықтау.
6. Негізгі идея: (гипотеза)
Еңбектану еңбек әдістерін сабақта неғұрлым зерттесе, соғұрлым олардың
мазмұндық жағы тереңдей түседі.
7. Жұмысымыздағы қолданылатын әдістер: анализ, синтез
8. Теориялық, практикалық құндылығы педагогтарға қолданбалы материал
бола алады.
Еңбектану, балалық кезеңінен басталады. Тәрбиелікке оқыту үшін мектепке
арналған бағдарламаны басшылыққа алу керек.
Бағдарламаға сүйене отырып, балалардың психикалық дамуы, өмірге
көзқарасы, оқушылардың бір-бірімен қарым қатынас еңбектенуге ынтасы, өзіне-
өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру көзделеді. Әр пәннің мазмұнына
білімділік, тәрбиелік және балалардың еңбектену әрекетін дамыту кіреді.
Еңбек – адам өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін
өзгертуге және оларды өз қажетіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай
істелетін қызметі, қоғам өмір сүруінің негізгі адамзат тіршілігінің
мәңгілік табиғи шарты.
Еңбек – адамның өзін де қалыптастырады.
Еңбек – адамдардың сыртқы ортаға бейімделуінің тарихи процесі.
Еңбек – барлық уақытта қоғамдық еңбек болып табылады, ол қоғам байлығын
жасайды. Нәтижесінде қоғам өркендейді, экономикасы нығаяды, халықтың тұрмыс
ахуалы жақсарады.
Еңбек – жеке адамның өркендеуіне, санасымен қайратының қалыптасуына
әсер етеді.
Еңбек - өмір сүруші адамның өркендеуіне, әр жақтылы әсер етеді. Адамның
адалдық бейнесінде, санасы мен қайраты да еңбек әдістерінің ықпалында
қалыптасып жетіледі. Еңбек адам баласын рухани байытып, оның мәдени
өмірінің мол қазынасын жасайды.
Еңбек үстінде оқушының іскерлік қабілеті, күш-қайраты, мінез-құлқы
қалыптасады. Еңбек арқылы баланың білімі артады, дүниеге көзқарасы тереңдей
түседі.
Адам үшін, адамның өмір сүруі үшін негізгі қажеттілік – еңбек.
Педагогика ғылымында еңбек тәрбиесінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге
адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Енді оқушылар еңбегінің түрлерін
мынадай кесте арқылы көрсетуге болады:
Еңбек ұғымына түсініктеме берсек бұл адамның өз қажеттерін
қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оларды өз
қажетіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі, қоғамның
өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік табиғи шарты.
Адамзат тәжірибесінде еңбек тәрбиесі мынадай қызметтерді атқарады.
- өнімділік
- коммуникативтік қарым-қатынас
- диагностикалық (еңбек барысында өзін-өзі тану)
- коррекциялық (өзін-өзі түзету)
- әлеуметтендіру
Әлі де болса еңбек тәрбиесінің адамдардың дамуына, қалыптасуына
тәрбиесіне байланысты функциялар анықталуда.
Еңбек арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін, күшін,
қайратын жетілдіреді.
Еңбек бір қарағанда қарапайымда, күрделі әрекет іспеттес. Ол міндетті
түрде жеке немесе ұжымдық әрекет.
Еңбектің, еңбек тәрбиесінің өзіне тән мотивтері болады. Мысалы:
мазмұндық, оқушының өмірге деген көзқарасын болашақ еңбек жолын дұрыс
таңдауға бағыт бағдар беруде зор маңыздылық атқарады.
Еңбектену еңбек тәрбиесі арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра
алатынын, неге, және қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.
Еңбек тәрбиесі баланың жеке басының ұқыпты болуына көңіл аудару,
дағдыландыру, және зейіндігін байқағыштығын арттырумен қатар, ерік сезімі
түрлерінде дамытады.
Еңбек тәрбиесі проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар
К.Д.Ушинский, Е.И.Тихеева, Е.А.Аркин, А.Л.Усова, А.С.Макаренколардың
айтуынша: баланы еңбекке, еңбек тәрбиесінің міндеттеріне үйрететін болсақ
олар: еңбек сүйгіштік еңбекті құрметтеу, еңбек ету дағдысымен шеберліктерін
қалыптастыру көзделген.
Бастауыш мектеп 2005ж №11 (16 бет)
І. Еңбек тәрбиесі туралы түсінік. Адамның адам болып қалыптсауының
құралы – еңбек. Еңбектің нәтижелі болуы әр адамның еңбекке саналы
қатынасына байланысты. Олай болса, бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас
ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек
жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Баланың жеке басының еңбекке бейім
болып өсуі, оны еңбекке дұрыс баулудың нәтижесі.
Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытатын белгілі бір мағлұматтар беріп қана
қоймайды, күнделікті өмірінде қимыл-әрекетін қамтамасыз етеді. Барлық
денесінің қозғалысқа түсіп, бұлшық еттерінің дамуына, сомдануына, ми
талшықтарының өсуіне мүмкіндік тудырады. Баланың жас шағында алған дене
тәрбиесінің әсерінен еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін.
Сондықтан баланы жас кезінен ұқыптылыққа баулып қарапайым еңбекке үйрету,
мінез-құлқының еңбекке бағытталуын қамтамасыз етіп тәрбиелеу жөн.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты – жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегіне
деген дұрыс қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:

түрлерімен таныстыру.
- Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрету; Оған дағдыландыру.

пайдалануды, бағалауды үйрету.
- Еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану
сезімін дамыту.
- Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның
экономикалық байлығын арттырудың көзі.
- Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.

ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
- Қабілетіне қарай мамандыққа ие болуына бағыт бері.
- Еңбекке белсенділік, бастамашылдық, ұйымдастырушылық, оны жоспарлай
білушілік мүмкіндіктерін дамыту.
- Жас ұрпақты еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі
Бастауыш мектеп 1999ж (57бет)
халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы,
қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап
еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген мақал рухында
тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 18 ғасырдың ағартушылары
(Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоций) оқыту мен Еңбек тәрбиесін ұштастыру
мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім
беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс
мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек
тапсырмаларын орындаауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек
тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу
еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы
қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі
қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау,
т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне,
қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Педагогика ғалымы еңбек тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте
тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды
еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда
барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бәр
тәсілі болып табылады.
Жас ұрпақтың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алуы мектептен көп бұрын
отбасында, өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық
еңбек, ойын баласы кезеңінен басталады да, мектепте білім негіздерін игеру
және сыныптан тыс тәрбие үрдістері кезінде жалғастырылады.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін отбасында іске
асырған. Тәрбиеге бүкіл ауыл адамдары қалыс қалмай қатысып, баланың теріс
жолға түспеуіне мүмкіндік жасаған. Ұлды төрт түлікті бағып баптауға, отын
шауып тамақ тасуға, құсбегілікке, аңшылыққа, ат құлағында ойнауға, қолөнер
шеберлігіне, аталары мен әкелері баулыса, қызды үй жұмысын, қолөнер
жұмыстарын (тігу, тоқу, ою-өрнек т.б.) атқаруға, яғни отбасының жұмыстарына
баулыған. Ата көрген – оқ жанар, ана көрген – тон пішер деген мәтелдің
мәні де осында жатыр. Қыз баланы болашақ ана, бала тәрбиешісі, отбасының
ұйтқысы, алтын діңгегі деп түсінген халқымыз оның өнегелі,
өнерлі, ақылды,
Бастауыш мектеп 1999ж (58 бет)
тапқыр, еңбексүйгіш болып өсуіне ерекше мән беріп, қыз баланы қатты
құрметтеген. Ұлың өссе – мұратың, қызың өссе - жұратың, Ұлың өссе –
ұрпақ, қызың өссе - ырыс, Ұлың өссе, күндей боласың, - деп тіле, қызың
өссе, күндей боласың, - деп тіле, Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден
тыю, Абыройыңның қадірін қызың өскенде білесің! - деп тәрбие нәтижесін
ұл-қызың өскенде байқайсың, еңбегіңнің жемісін ұлыңнан көресің деп Үйінде
ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар екенін танытқан. Сондай-ақ халық
жастарды кәсіпті игеруге тәрбиелеу, әсіресе төрттүлік мал бағуға үйрету,
аңшылыққа, саяткершілікке, мергендікке баулып, ептілікке, қырағылыққа,
шапшаңдыққа жаттықтырған. Өйткені жастардың жеңіл өмір сүруі, біреудің
еңбегінің арқасында өмір сүруі, күн көруі адамгершілік, имандылық
қағидаларымен сыйыспайды деп дәлелдеген. Жас ұрпақты ой еңбегі мен дене
еңбегіне шығармашылықпен кірісетіндей етіп тәрбиелеу, еңбекті дәріптеу,
еңбек адамын үлгі ету, күнделікті өмірдегі ата-ананың еңбекке деген
қатынасы, бірден-бір тәрбие әдісі болып табылады. Адам өміріндегі еңбектің
алатын орны туралы халық даналығында: Еңбегімен ер көгерер, Еңбек
мұратқа жеткізер, ерлік елдікке жеткізер, Еңбексіз өмір – сөнген көмір,
Ер дәулеті - еңбек, Еңбек – адамның екінші анасы, Еңбегі аздың, өнбегі
аз - деген тұжырымдар адам өміріндегі еңбектің рөлін дөп басып танытады.
Сондай-ақ Бақыт кілті - еңбекте - деп түсінген халқымыз. Еңбек пен
өнердің егіз екенін тәжірибеде дәлелдеген. Күнделікті өмір тіршілігінде
киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары мен әсемдік бұйымдарын, т.б.
қол өнер еңбегі арқылы жасап пайдаланған.
Сондықтан да халық Шебердің қолы ортақ, Ұсталы ел озар, Өнер –
таусылмас азық – жұтамас байлық, Ісмердің байлығы қолында, Өнерлінің
қолы алтын, - деп қолөнер еңбегін ел қажетіне жұмсау, сол арқылы мұратына
жету, өнер байлығының көзін ашу керек екенін, оның бәрі еңбек арқылы
орындалатынын жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен. Бүгінгі таңда орта білім
беретін мектептерде және арнаулы орта білім беретін мектептерде Еңбекке
оқыту дәрісінің бағдарламасы бойынша еңбек туралы, оның өнімі жайлы білім,
оның кәсіби маңызы туралы түсінік беріп, шығармашылық іс-әрекеттерге
үйретеді. Жастардың еңбекке ынтасы мен қалауын ескере отырып, ұл бала
тәрбиесі мен қыз бала тәрбиесін жекелей қарап, мектеп
шаруашылықтарында көкөніс,
Бастауыш мектеп 1999ж (59 бет)
жеміс, гүл өсіру сияқты еңбек түрлерін іске асыру ұйымдастырылуда. Техника
тілін, экономика мен өндірісті ұйымдастыру ісін, халықтық қолөнерді
(зергерлік, қосалқы қолданбалы бейнелеу) үйретуді меңзейді. Оқушылар өз
қалауынша ағаш, мата, т.б. өңдеу, аспазшылық, тоқымашылық, тұрмыс қажетіне
қажетті техниканы жөндеу, т.б. еңбек түрлері бойынша арнайы дайындықтан
өтеді.
Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білім мен білік,
дағды мен іскерлік жастардың өмірге, еңбекке құштарлығын арттырып,
мүмкіндігін дамытатын сенімді құралына айналдырады. Жастарды болашақ
мамандығына, икемділігіне сәйкес тәжірибелік еңбекке дайындау, оларға еңбек
етудің дағдыларын игерту, сынып жетекшісінің басты парызы.
Білім негіздерін үйренудің өзі – оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің
негізгі құралы. Оқу – үлкен ой еңбегі. Ол – оқушының қоғам, халық, ата-ана
алдындағы жауапты міндеті. Оқушыларды жүйелі оқу еңбегіне үйрету – кітаппен
жұмыс, зертханалық жұмыстарды орындау, бақылау, өздігінен жұмыс істей алу
қабілетін дамыту, дағдысын қалыптастыру, жұмыс орнын таза ұстау – еңбек
тәрбиесінің міндеттерінің бірі.
Көпшілікпен жүргізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында әр оқушыға
жеке тапсырма беру тәсілі маңызды орын алады. Еңбек озаттары туралы
баяндамалар, әңгімелер, диспуттар, кештер, кездесулер сияқты, т.б. тәрбие
түрлері, көркемөнерпаздар үйірмесінің сан салалы жұмыстарына оқушыларды
қатыстыру, оларды тиімді өткізудің мәні зор.
Бастауыш мектеп 1999ж (60 бет)
І.І. Адам тұлғасы дамуында еңбектің рөлі. Адамның жан-жақты және
үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында
еңбекті озық тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбекпен
дамымайды, кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой
деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл
халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өміріне жан және тән
сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да
баланы еңбекке тәрбиелей отырып үйелменің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың
еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырлайды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп отырып, он
саусағынан өнері тамған нақты кәсіпті көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын
меңгертуге жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы жоғары
көрсеткіш ретінде алынды.
Еңбек, адамның еңбекке қатынасы тақырыптары аңыз әңгімелер, ертегілер,
мақал-мәтелдер және ән-жырлардың нұсқауы болды.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу
көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін
қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін
анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе,
соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде не орнында
толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты жасай түсуге еңбек үлесін
қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасы қоғамның өмір салтының алғы шарты
болып табылады. Ол және адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы
еңбекпен біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әрекеттерге жан-
жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие
институттарының негізгісі – жалпы орта білім берудің политехникалық еңбек
мектебі. Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды
бөлігі.
Педагогика Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Алматы 2004ж
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқырмандарының
еңбекке пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысы оқуға деген саналы
көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсуін, жеке адамды адамгершілік және
зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар
адам еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері: біріншіден, еңбекке
сүйіспеншілік пен адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халық
шаруашылығының салаларында еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-
әрекетінің бастысы олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден,
мамандықты таңдауға дайындау.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен жеке
міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: еңбекке психологиялық және
практикалық тұрғыларынан; оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек
мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды еңбекке психологиялық тұрғыдан дайындау – бұл қоғам үшін
оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті
өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі процесс
мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады. Мысалы, балалар адамдардың
табысты еңбегіне масаттанады немесе адал еңбеккерлердің есебінен келген
адамдарды жаны сүймейді, жек көреді, керек десе олармен күресуге де даяр
тұрады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік
фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық
қатынастарды жасау. Осының негізінде әдет, моральдық нормаларын бекітеді.
Субъективтік фактор – адамның еңбектің маңызына терең түсінуі және ішкі
сезімнің әмірімен өзінің борышын орындауы.
Еңбек етуге әдеттену – бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл
адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық,
еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу, - деді Н.К.Крупская, - демек өз
күшіңді және басқалардың күшін және жұмыстың барлық жағдайын есептей білу.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, үйелменде балалық
шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің адамды
қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.

Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйе оқушыларды еңбекке
психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге
бағытталуы қажет.
Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор.
Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды,
ұжымдық өмірде терең және мінез-құлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасады.
Еңбекпен достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығайту. Әркімнің
қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады.
Осылардың барлығы ұжымдық сынып өмірінде, оқушылардың өндірістік
бригадаларында байқалады. Егер ұжымдық еңбектің дағдылары оқушының бойында
қалыптасса, ол мектепті бітіргеннен кейін қандай да бір жағдайда болмасын
ұжымдық қатынаста нормаларын және жолдастық өзара көмекті әр уақытта
қолдайды.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек
мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды
пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Еңбек
мәдениетіне өзін көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы,
алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау
және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке
міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында азаматтарды, роботтарды,
компьютерлерді, электрониканы, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары
техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жұмысының
барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді жүзеге дамыту және
тәрбиелеу қажет.
Міне, осылай мақсатқа бағытталып жүргізілетін оқушылардың ынтасының,
қабілетінің, шығармашылық ой өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды, еңбектің
тәрбиелік құндылығы артады.
1.2. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі.
Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте кәсіптік-техникалық училищеде
өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді, олар:
оқу барысындағы еңбек; сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі
қызмет ету; қоғамдық және өнімді еңбек.
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, шыдамдылық,
төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.

Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушыны еңбек
дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында
оқушылар жадпы және техникалық жүйелерге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының
ғылыми негізі еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар тәжірибесіне
теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке және
шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада
базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған
еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған
білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды,
практикалық дағдылармен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін
меңгереді.
Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс
негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі байымды, тереңдейді, ғылыми-
зерттеу ісіне машықтанады, ауылшаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына
ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек
сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беруі
мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-
ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін К.Д.Ушинский ескерткен
болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында,
оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында
шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пласталиннен бейне
құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді
үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Ортаңғы сыныптарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер
бөлігіндегі, оқу шеберханасындағы еңбек, жоғары сыныптардағы өнеркәсіп және
ауыл шаруашылық практикумдағы оқушыларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен
қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір
жолын қалыптастыруға икемдейді.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруды
тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.

Жас натуралистер, Жас техниктер, Жас тәжірибешілер және пән
үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармышылық
ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында
еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру
тәсілдерін іздестіреді. Ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс
істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.
Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны
көбейіп келеді. Мысалы: село мектептерінде Жас механизаторлар, Жас
малшылар, Жас өсімдік өсірушілер, т.б. үйірмелер құрылған. Бұл үйірмелер
келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың
болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сүйтіп, өзінше тиісті
шешім қабылдайды. Осыған орай мұғалімдермен ата-аналар оқушылырға үнемі,
бірізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса, олардың мамандықты
таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.
Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты,
үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды
тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай жұмыстарға Құстар күні, Орман
күні, Бақ аптасы, Еңбек мерекесі, т.б. жатады.
Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі.
Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін
орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл
менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін
бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді,
мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, коридорларды,
шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б.
Үйелменде өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді
жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, үтіктеу,
киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады.
Мектеп және үйелмен алдыңдағы басты міндет – бұл өзіне-өзі қызмет
етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір
игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әртүрлі тұрмыстық еңбекті
орындаудың барысында оқушылар арасында

байқалатын ақ саусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді.
Оларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен
мүшесінің адамгершілік борышы.
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке
адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында
өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық
пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды.
Мамандықты тануда көзқарасы кеңейеді, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі
және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға
болады.
1. Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді,
алаңдарды көгалдандыру, жолды, тротуарларды жөндеуге қатысу,
экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту
және қорғау.
2. Мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, орындағыштыққа,
қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым-
қатынасын кеңейтеді. Әсіресе ауыл мектептерінің жоғары сынып
оқушылары жұртшылық арасында үкіметтің қаулы-қарарларын
насихаттайды, әр түрлі өткізіп, лекциялар оқиды, концерт береді.
3. Шефтік жұмыс – адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы.
Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Мектеп өмірінде пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және
еңбек мүгедектеріне, кәрі адамдарға, көп балалы аналарға, балалар
бақшасына қамқорлық, мәдени мұраларды (мирас) қорғауы жатады.
Осындай дәстүрге айналған шефтік жұмыстардың нәтижесін үнемі
қорытындылап, балалардың еңбегін бағалап отырудың үлкен тәрбиелік
мәні бар.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық
құндылықты жасайды.
Жалпы білім беретін орта мектеп оқу-өндірістік кооперативтері, жалға
алу, кіші кәсіпорны, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар, оқушылардың
өндірістік бригадалары, т.б. арқылы оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыруды
іске асырады. Бұлардың кейбіреулерінің іс-әрекеті 4-бөлімде баяндалған.

Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы
халықтық іске үлес қосады. Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың
бірнеше обьектілері аталды. Сол обьектілердің бірі – оқушылардың өндірістік
бригадасы. Бұл еңбек тәрбиесін, политехникалық білім беруді, өнімді еңбекті
ұйымдастырудың негізгі формасы.
Оқушылардың өндірістік бригадасы іс-әрекетінің байырғы мәселелері:
а) материалдық базасын жасау, оған өндірістік және тәжірибелік жер
учаскелері, техника және ауылшаруашылық құралдары, мал шаруашылық фермасы,
далалық қос т.б. жатады;
ә) оқушылардың өндірістік бригадасы ҮІІ-Х сынып оқушыларымен
ұымдастырылады;
б) бір жылдық оқу-өндірістік жоспар жасалады. Жоспарға машиналарды,
агротехниканы, зоотехниканы оқып үйрену, тұқымды, топырақты жасау,
тәжірибені қою, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау, егінді ору және
жинау мәселелері кіреді.
Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі:
өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмысын
істеу.
Оқушылардың өндірістік бригадасы ауылшаруашылық дақылдарын өсіреді,
өнім алады, оны мемлекетке тапсырады. Өнімді еңбек процесінде оқушылар
мектептен алған теориялық білімдерін практикада қолданады.
Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың тиімді формасы ауылшаруашылық
тәжірибелік жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен
байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей
білуі. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда ауыл шаруашылық тәжірибесіне
қатысқан оқушылардың химия, биология т.б. пәндер бойынша үлгірімі, ауыл
шаруашылық тәжірибесіне қатыспаған оқушылардан анағұрлым жоғары болатындығы
байқалады.
Оқушылардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен
байланыстырудан басқа да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың
өндірістік экскурссияся, мектептердегі агрохимия үйірмелері, колхоздар мен
совхоздардағы агрохимия лабораториялары т.б.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын,
қызығушылығын, ауыл шаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік
тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының
ролі өте зор.

Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
- еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек
қатыстырылуына байланысты:
- балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық-өнегелік
негізі болуы керек:
- еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болымды нәтижесі баланың өз
күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек
нәтижелі болса, соғұрлым оның тәрбиелік ықпалы күшті болды.
- еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай
ұымдастыруы қажет. Еңбегінің негізгі түрі ойын болып табылатын кіші мектеп
жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты
ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар;
- еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз
еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.
Осы сияқты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану
мұғалімнен іскерлікті, педагогикалық шеберлікті талап етеді.
3. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Кәсіптік бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді
мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық,
педагогикалық, дәрігерлік – физиологиялық, ал әрекеттік аумағы жағынан
әлеуметтік сипаты болады. нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер
етеді. Осымен қатар кәсіптік бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта
өндірудің маңызды қүралы болып табылады.
Ғылымның түрлі салаларының өкілдері бұл ұғымды әр түрлі анықтайды.
Педагогика ғылымының өкілдері кәсіптік бағдар беруді қоғамның әлеуметтік-
экономикалық қажеттігіне, оқушының кәсіптік мұратына, бейімділігіне,
қабілеттеріне, психикалық және күш-қуатына сай мамандықты дұрыс таңдап
алудағы мектептің педагогикалық ұжымы, үйелмен, кәсіптік оқу орындары,
ұжымдары, өндірістік ұжымдар, жұртшылықтың іс-әрекеттері деп түсінеді.
Техникалық прогрестің жеделдігіне, білім берудің үздіксіздігіне,
ақпарат хабарларының дамуына, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға
байланысты кәсіптік бағдар беруді адам

тұлғасының өз ерекшеліктерін пайдалануға, өмір жағдайларының өзгеру
барысында өзі үшін оқу және еңбектің іс-әрекет ауқымын таңдап алуға
мүмкіндік жасауды түсіну керек. Қысқаша айтқанда, бір жағынан қоғамға
пайдалы болу, екіншіден, өзінің жеке ұмтылыстарына жету.
Педагогикалық әдебиеттерде осыларға ұқсас кәсіптік бағдар берудің басқа
да анықтамалары бар. олардың мәні жас ұрпаққа мамандық таңдап алуға көмек
берудегі мақсаты іс-әрекетке тіреледі.
Мектеп педагогикасы тұрғысынан қарағанда кәсіптік бағдар беру кең
өрісті жалпы, политехникалық және еңбекке дайындау негізінде оқушыларының
жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіктерді есепке ала
отырып, дер кезінде еңбектік іс-әрекеттің түрлерімен таныстыруға
бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі деуіміз керек.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының орталығы жалпы,
политехникалық білім беретін орта мектеп.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінде диагностика кәсіптік білім беру,
кәсіптік консультация, кәсіптік іріктеу, кәсіптік адаптация кіреді.
Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір
оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың
дайындығын, ынтасын және қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістерді
қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс,
сынып журналы, шығармашылық жазбалар, қолөнер бұйымдары т.б.) талдау;
практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда,
үйелменде, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу, әңгіме-сұхбат;
педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі.
Бұл әдістердің біразы педагогика, психология ғылымдарында да
қолданылады. Сондықтан біз бақылау және тәуелсіз мінездемені жинақтау
әдістерін қарастырамыз.
Бақылау әдісіне қысқа мерзімді, дискретті және монографиялық бақылау
әдістері жатады. Қысқа мерзімді бақылау әдісі сабақтардың барысында, үзіліс
кезінде, бүкіл жұмыс күні бойында жүргізіледі. Әдетте бақылау үздіксіз
жүргізілуі мүмкін. Ал кейде бақылау оқтын-оқтын жүргізіледі. Мұны дискретті
бақылау дейді. Монографиялық бақылау жан-жақты ұзақ мерзімде жүргізіледі.

Тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісін ұсынған профессор К.К.Платонов.
Бұл әдістің мәні: мұғалімдерден, ата-аналардан, оқу өндірістік практиканы
басқарған нұсқаушыдан және дәрігерден түскен мінездеме мәліметтеріне
сүйеніп, сынып жетекшісі оқушыға объективті мінездеме береді.
Кәсіптік білім беру – кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік
білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын
талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің
негізгі принципі оны өмірімен байланыстыру, басқаша айтқанда, халық
шаруашылығы, оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін еңбек
тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. Кәсіптік білім
беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін,
психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет.
Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек:
1) Оқушылардың білім деңгейі
2) Оқушылардың жеке қасиеттері
Орта мектеп бітірген жастардың кейбіреулері жұмысшы мамандығын таңдап
ала алмағандығының себебін мектептегі теориялық білім мен мамандықты талап
ететін практикалық білімнің алшақтығынан, яғни үйлесімсіздігінен деп
түсіндіреді. Шынында, қазіргі кездегі құю заводтары, байытатын фабрикалар,
технологиялық процестер, армияның қару-жарақтары (ракета, радиолокация,
станция, т.б.) жастарды техникалық, математикалық білімді талап етеді.
Міне, осы жағдайды еске алып, мектепте оқушыларға тұрақты және терең білім
беруді дұрыс ойластырған жөн.
Оқушылардың жеке қасиеттері мамандық талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сондықтан кәсіптік білім беру – бұл кәсіптік өз тағдырын шешуде оқушылардың
бойындағы жеке қасиеттерін, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту. Осы тұрғыдан
алғанда оқушылардың ынтасының, бейімділігінің, жалпы және арнайы
қабілеттерінің динамикасына көңіл аударылуы қажет.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесінің басты элементтерінің бірі –
кәсіптік консультация.
Қазіргі кезеңде ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің жаңа салалары және
мамандықтар пайда бола бастады. Осындай жағдайда өскелең мамандықтар пайда
бола бастады. Осындай жағдайда өскелең ұрпақты өмірге әртүрлі
еңбекке, мамандықты

саналылықпен таңдап алуға даярлау негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған
консультация беру арқылы тиісті көмек көрсетіледі. Оқушы мамандық
талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық
мүмкіншіліктерін анықтайды, сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім
қабылдайды. Жұмыстың мұндай түрін кәсіптік консультацияны үш кезеңге
бөледі: дайындық, аяқтау, анықтау. Кәсіптік дайындық консультациясы – бұл
бүкіл мектеп жылдары ішінде оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушыларға үнемі
дұрыс кәсіптік бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Кәсіптік аяқтау консультациясы бұл консультацияны ҮІІІ және Х (ХІ)
сынып оқушыларымен маман-консультант мұғалімдермен бірігіп өткізеді. Бұл
жерде оқушылардың мамандықты таңдауға бейімділігінің сәйкестігі еске
алынады.
Кәсіптік консультацияның екінші кезеңінде медициналық, психологиялық-
педагогикалық және анықтамалық консультациялар өткізіледі. Бұл
консультациялардың негізгі мақсаттары: біріншіден таңдаған мамандыққа жеке
адамның денсаулығының сәйкестігін анықтау; екіншіден, жеке адамның таңдаған
мамандықты игерудегі психофизиологиялық дайындығын білу; үшіншіден,
еңбектің мазмұны және жұмысқа орналастыру жөнінде анықтамалық ақпарат алу.
Мектепте кәсіптік консультация комиссиясы құрылады. Онда оқушылардың
жеке ісі, кәсіптік консультация карталары, мамандықты таңдау анкеталары,
медициналық, психофизиологиялық зерттеу материалдары, сынып жетекшілерінің
есептері қаралады.
Осы мәліметтердің негізінде келешек мамандықты таңдауда комиссия
оқушыға мінездеме-кепілдеме береді.
Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта және жоғары оқу орындары,
түрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін
жастарға нақты талаптар қояды. Кәсіпорындар жұмысқа қабылданатын жастарды
іріктеп алады. Өйткені олардың мамандықты ойдағыдай игеруін, оған
байланысты міндеттерді орындауын басты мәселе деп қарастырады.
Кәсіптік іріктеу мақсаты – жастарды белгілі бір мамандыққа жарамдылығын
немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның кейбір ерекшеліктерін,
жағымды, жағымсыз жақтарын біліп қана қоймай, оған мамандық қоятын
талаптарды да жете білген жөн. Осыған байланысты күні бұрын профессиограмма
жасалады.

Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті
бейнелеу (жазу).
Барлық мәліметтер профессиограммамен салыстырылып, жеке адамның белгілі
мамандыққа жарамдылығы психолог, физиолог және медиктердің көмегімен
анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау
үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу
қабілеттерін есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады.
Кәсіптік адаптация – бұл әр түрлі оқу орындарында оқитын және
кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына
бейімделу жүйесі.
Оқу және кәсіпорындар жастарға бірқалыпты жағдай туғызады. Егер еңбек
іс-әрекетінің барысында жастардың келешегіне жол ашылса, мысалы, олардың үй-
тұрмыс жағдайлары, көпшілік құрметіне бөленуі, еңбек ұжымының беделіт т.б.
кәсіптік бейімделудің тұрақты болуы мүмкін.
4. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы
Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді
(мектеп, үйелмен, жұртшылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелеріне
педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында үш күш одағы
- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады.
Мектеп-оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және
үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске
асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және
мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым.
Мұғалім оқушыларға терең білімді береді, оны кәсіптік бағдар беру
жұмысымен байланыстырады, мамандықты таңдауда оларға көмектеседі, әрбір
мектеп бітіруші оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата-
аналарға көмек көрсетеді. Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру
жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып
жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу-
тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік
ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік консультация беруге көмектесу, мектеп
бітірушілерді жұмысқа орналастыру т.б.

Еңбек пәнінің оқытушысы – еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар
беру жұмысының негізгі тұлғасы. Ол оқушыларды еңбектің әр түрімен
таныстырады. Еңбек сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана білуге
үйретеді, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі
қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық
консультация материалдарын жинау; екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік
бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме
дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін консультация
ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін
кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік
бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Мектеп директоры мектептің барлық жұмысына жауап береді. Ол кәсіптік
бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кәсіптік
бағдар беру және кітапхана жұмысына басшылық жасап, көмектеседі. Жұмысты
осылай ұйымдастыру жүйесі оқушылардың ынтасын көтереді, олардың әр түрлі іс-
әрекеттеріне қабілетін дамытады, мамандықты саналылықпен таңдауға
бағыттайды. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда әр түрлі ғылыми -
әйгілі библиографиялық әдебиеттер білімін байытады, ой-өрісін кеңейтеді.
Міне, осы бағытта мектеп кітапханасын түрлі әдебиеттері мен
анықтамалықтармен жабдықтаудың маңызы өте зор. Бұл еңбек тәрбиесі,
политехникалық білім беру мамандық таңдау мәселелерімен тікелей байланысты.
Кітапхананы жабдықтау үшін еңбек сабақтары, еңбек тәрбиесі
политехникалық білім, мамандықты таңдау проблемаларына арналған көрнекті
педагогтар мен психологтардың еңбектерін, еңбек жайындағы әдебиеттерді,
жұмысшы және басқа мамандықтар туралы анықтамалықтарды, жоғары және арнайы
орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелерге түсу туралы
анықтамалықтарды күні бұрын кітапхана меңгерушісі іріктеп алуға тиіс.
Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және
құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
1. Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін

кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын
жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу
жасау.
2. Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін
ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін жасап, ілу.
3. Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін
оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру
т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін
жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.
Балаларды еңбекке баулу, таным қабілетін дамыту және кәсіптік бағдар
беру жүйесінде ерекше орын алатын мектептің одақтасы – үйелмен.
Кәсіптік бағдар беру жұмысына әрбір ата-ана балаларына өздерінің
мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Мамандықты игеру үшін білімнің
қажеттігін балаларына айтуы тиіс. оларды өздері жұмыс істейтін
кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің
принципімен және технологиялық процестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының
мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекеттеріне балалардың ынтасын
көтереді. Әкесінің немесе анасының мамандығын таңдауға шешім қабылдайды, ал
бұл жағдай үйелменде еңбек дәстүрлерін байытуға игі әсер етеді. Бұған
көптеген еңбек озаттарының еңбек дәстүрлері толық дәлел бола алады.
Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар
жөнінде олармен әңгіме өткізеді. Әңгіме сенімді болу үшін ата-ана әрбір
мамандыққа байланысты өздері қажетті мәліметтерді жете білуі тиіс. Сонымен
бірге балалардың еңбектің әр түріне ынтасын, бейімділігін, қабілетін жан-
жақты зерттейді.
Үйелменде әр түрлі мамандыққа байланысты кинофильмдерді теледидарды
көру де балалардың кәсіби ынтасын дамытады, оларды ойландырады.
Үйелмен кәсіптік бағдар беру жұмысын жақсартуда, маңызды роль атқарады.
Алайда бұл жұмысты шүбәсіз ұйымдастыру үшін үйелменнің ең басты одақтасы –
мектеп. Ол үйелменге үнемі көмектесіп, басшылық жасап отырады. Сондықтан
кәсіптік бағдар беру тиімділігін арттыру үйелменнің, мектептің
бірауыздығына және олардың оқушыларға қоятын талаптарының бірыңғайлылығына
байланысты.

І.ІҮ. Ертегілер арқылы еңбекке тәрбиелеу.
Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі –
ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге
дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты. Халық арасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz