Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты анықтау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-6

1. Негізгі бөлім.

1. 1. Қоғамдық өмір және қарым -қатынас . . . 6-7

2. Ұстаз бен оқушы арасындағы қарым -қатынас педагогикасы және оның тәлім -тәрбиелік маңызы.

2. 1. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас . . . 7-12

2. 2. Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс . . . 12-14

2. 3. Өзара реніштің педагогикалық ерекшеліктері . . . 14-15

3. Қарым -қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістері.

3. 2. Оқушы мен мұғалімнің өзара қарым -қатынасын басқару . . . 15-18

3. 3. Қарым -қатынас мәдениетін дағдыларын қалыптастырудағы отбасылық рөлі . . . 19-23

4. Мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық сұхбат . . . 23-28

Қорытынды бөлім . . . 29-32

Пайдаланған әдебиеттер . . . 33

Кіріспе.

1. Тақырыбымыздың актуальдығы қазіргі замандағы мектеп оқушыларын қарым -қатынас мәдениетіне тәрбиелеуден туындайды.

2. Еңбегіміздің зерттеу объектісі мұғалім мен оқушы, кеңінен айтқанда мұғалім мен оқушы арасындағы қарым -қатынас түрлері белгіленеді.

3. Мақсаты:

Адамгершілік қасиеттер негізінде оқушылардың өзін қоршаған адамдармен үйде, мектепте, қоғамдық ортада қарым -қатынас жасауға үйрету.

Тұлғалық бағдар тұрғысынан оқушылардың қарым -қатынас мәдениетін тәрбиелеудің өзектілігін негіздеу.

Оқушылардың қарым -қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

Оқушыларға айналасындағы адамдармен ортамен, өзі -өзімен дұрыс қатынас қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін педагогикалық саласынан мағлұмат беру.

Дау -жанжалдың, кикілжіңнің туындау себептері, мінез -құлық сөйлеу мәдениетінің адам ағзасына әсер етуі.

Ата -аналар мен отбасы деген ұғымның мағынасын ашу. Отбасындағы кикілжіңнің денсаулыққа әсері, кикілжіңдерді шешу әдістері, дұрыс шешім қабылдауға үйрету, кикілжіңнің пайда болу себептерін анықтау.

Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты анықтау. Оқу пәндерін меңгерту сапасы туралы оқушылардың пікірін анықтау.

Мұғалімнің жеке қасиеттерінің алатын орны.

4. Міндеті.

- Оқушының жеке тұлға ретінде жетілу жолында өз мінездерінің күшті де әлсіз жақтарын тануға бағыт беру.

- Шығармашылық қабілетін дамытуға және өзара қарым -қатынастық пенсыйластық, достықтың, бірліктің жағдайын жасау.

- Кикілжіңге жол бермеу.

5. Негізгі идея. Гипотеза.

6. Жұмысымыздағы қолданылған әдістер: анализ, синтез.

7. Теориялық және практикалық құндылығы сынып жетекшілеріне және әлеуметтік -педагогқа психологқа да қолданбалы материал бола алдады.

Білім бастауы бастауыш мектептен басталады. Тәрбиелікке оқыту үшін осы мектепке арналған бағдарламаны басшылыққа алу керек.

Бағдарламаға сүйене отырып, балалардың психикалық дамуы, өмірге көзқарасы, оқушылардың бірімен -бірі қарым -қатынасы, оқуға ынтасы, өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру көзделеді. Әр пәннің мазмұнына білімділік, тәрбиелік және баланың ой -өрісін дамыту кіреді.

Оқытуда, тәрбиеде және бала тұлғасын қалыптастырудағы тұлғалық бағдардың өзектілігіне байланысты қарым-қатынас мәдениеті мәселесі қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымдардың кеңінен қарастырып отырған мәселелерінің бірі. Мектептің педагогикалық үрдісінде бұл көзқарасты іске асыру осы мәселенің теориялық негіздерін талдауды, кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін қайта қарастыруды, осы мәселені шешудегі мұғалім мен оқушының ролдерін анықтауды қажет етеді.

Педагогика ғылымында тұлғалық бағдар тәрбиесі баланың тұлғалық қалыптасуына педагогикалық көмек көрсетуді, әлеуметтендіруді, өмірдегі өз орнын анықтауды және балаға өктемдік көрсетпей, оны қамқорлықпен дамытуды қарастырады.

Қарым-қатынас мәселелерімен белгілі ойшылдар әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци және т. б. айналысқан.

Қазіргі таңда зерттеушілер қарым-қатынас процесінің әр түрлі аспектілерін қарастыруда. Бұл мәселенің философиялық негіздеріне В. С. Библердің, М. М. Бахтиннің, М. С. Коганның, Ж. М. Абдильдиннің, Ш. Қасабековтың еңбектері арналған.

Бірақ қазіргі кезде осы аталған түрлі зерттеулер бағыттары арасында қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді балалардың кіші жасынан бастау мәселесі көп қарастырылуда.

Бастауыш сынып оқушыларының жас кезеңдері балалар дамуындағы өте маңызды және ерекше кезең болып табылады. Осы уақытта адам тұлғасының негізі қаланады. Аталып отырған кезең танымдық белсенділікпен, білімге деген құштарлықпен, әсерлі қызығушылықпен, ата-аналар мен мұғалімдер абыройына деген үлкен сенімділікпен сипатталады.

Тағы бір көңіл аударатын жәйт - балалардың мектепке дейінгі кезден бастауыш сынып оқушылары қатарына өтудегі бірізділік, жүйелілік мәселелері. Педагогикалық тұрғыдан осы жас кезеңнің ерекшеліктері Ш. А. Амонашвилидің құнды еңбектерінде қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мәселесін қарастыруда қысқаша "мәдениет" және "қарым-қатынас" ұғымдарына тоқталған жөн.

Жалпы алғанда қарым-қатынас адамдар арасында байланыстарды жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттігінен туындаған және ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көпдеңгейлі үрдіс.

Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің өзегі және оқу үрдісіндегі ынтымақтастықтың негізгі формасы болып табылады.

Бірлескен іс-әрекет барысында қарым-қатынас оқушымен мұғалімдерге қандай ықпал жасауы мүмкін, бұл үрдіс нәтижесінде олар қандай әсер алады екен? Осы сұрақтың жауабын анықтау үшін қарым-қатынасқа қатысушылардың көзқарастарын ажыратып қарастырған жөн.

Бастауыш мектеп №1, 2006 ж. 21 -бет.

Педагогтардың оқушымен қарым-қатынастары балаларды дамыту құралы және өзіндік мақсатты іс-әрекет болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелілігі мұғалімнің қаншалықты тәрбиелік, білім беру міндеттеріне сай өз көзқарасын өзгерте алуына байланысты болады. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда мұғалім кеңесші де, хабарлаушы да, тәлімгер де, жетекші де, сыншы да, дос та бола алуы керек.

Мұғалімнің өзін оқушылар орнына қоя алу қабілеті оған балалар іс-әрекетінің мақсаттарын, ішкі күштерін түсініп, олардың алдағы іс-әрекеттерін болжап басқаруына мүмкіндік туғызады.

Осы жастағы балалармен қарым-қатынас жасау барысында әрбір педагогикалық жағдайларға сәйкес мұғалім өзінің іс-әрекетіне жүйелі рефлексивті талдау жасауы қажет.

Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың өз бойындағы жағымды жақтарын танытуға, ішкі қабілеттерін ашуға көмектесетінін есте сақтаған абзал. Мұғалімдердің бала жетістіктеріне деген ұмтылыстары, әр бала үшін қолайлы психологиялық жағдай жасау осы қарым-қатынас үрдісін жетілдіреді және балалардың дамуына септігін тигізеді.

Мұғалімнің балаларға сенім артуы, оларды оқу үрдісінде де қолдап отыруы, балалар жауабын құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, барлық вербальды және вербальсыз қатынас аппараттарын қарқынды қолдана алуы қарым-қатынас үрдісін әсерлі де тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Ал, бастауыш сынып оқушылары үшін мұғаліммен қарым-қатынас жасау маңызды қажеттілік. Осы жаста олар мұғалімді пір тұтып, оның абыройына деген асқан сенімділік танытатыны анық. Бұл сенім балалар бойында мұғалімнің балалар тұлғасына деген қызығушылығын көрсеткенде, өз жомарттығын, мейірімділігін, адалдығын, тағы басқа адамгершілік қасиеттерін байқатқанда ғана пайда болады. Балалар өз сырларын сенетін адамдарына ғана айтады, ал басқа сенімдік танытпайтын адамдарды интуитивті түрде сезіп тұрады да, оларға сырын аша бермейді.

Барлық адамдарда қауіпсіздік, қорғаныш сияқты жетекші қажеттіліктер болады. Осы қажеттіліктер бастауыш сынып жасындағы балаларда аса айқын байқалады, олар үнемі үлкендерден көмек күтіп, қамқорлықты қажет етеді. Балалардың сенімдерін ояту үшін мұғалім өз сырларын да оларға айтуына болады.

Қарым-қатынас баланың рухани дамуындағы ең маңызды құралы ретінде қарастырылады. Жеке тұлғаның рухани мәдениеті оның жалпы адамзаттық интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық құндылықтарға қатынасын көрсетеді. Қарым-қатынас барысында мұғалімдер бұл қарым-қатынас алдымен нені көздейтінін, қандай нәтиже беретінін, оны қалай ұйымдастырған дұрыс екенін ескеріп отыруы керек. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы оқушы тұлғасының рухани даму міндеттеріне бағынады.

Бастауыш мектеп №1, 2006 ж, 22 -бет.

Тәрбиенің гуманистік мақсаттарына бағытталған рухани бай қарым-қатынас қазіргі кездегі мектептердегі педагогтардың негізгі қызметі болып табылады.

Қарым-қатынастар мен іс-әрекеттерді рухани байыту оқушылардың басқаларға қуаныш сыйлауға ұмтылыстарын, басқаларға жағымды жағдайлар туғызуға талпыныстарын анықтайды. Осындай іс-әрекет нәтижесінде әрбір бала өз іс-әрекетіне өзінің жеке "Менінің" бір бөлігін қосып, сүйіспеншілік білдіріп, еңбекті бағалауға үйренеді. Ең бастысы балалар бойында кіші жастарынан бастап өз қарым-қатынастарын басқалармен ұйымдастыруда ар-ұят, намыс, адалдық, басқалардың тұлғалық қасиеттерін құрметтеу сияқты негізгі адамгершілік қасиеттер негіздерін қалыптастыру.

.

1. 1. Қоғамдық өмір және қарым-қатынас

Қоғам- бұл адамдардың бірігіп тіршілік етуі. Еңбек ету әрекетінде адамдар топтасып, бірлесіп атқаратын іс-әрекетте ұжымның әрбір мүшесіне белгілі бір тұрақты түрде атқарып отыруы жүктеледі. Сөйтіп әрбір ұжым. Мүшесінің әлеуметтік ролі, қоғамдық қызметі айқындала түседі. Ал сол қоғам мүшесінің әлеуметтік ролін көрсететін іс-әрекет түрлері мұғалім мен шәкірт арасындағы қатынаста бастық қызметкер мен бағынушылар арасында, отбасыңдағы ата -аналар мен балалар арасындағы, сатушы мен алушылар арасында, көршілер мен туған-туыстар қатынасында, үй иесі мен қонақтар арасында күнделікті сан қилы әлеуметтік қарым-қатынастар өрістеп әркімнің өзіндік ролі мен ісін, міндетті қызметі мен іс-әрекетін білдіреді. Міне, әлеуметтік өмір тіршілігінде осындай қарым-катынастарға әрбір қоғам мүшесінің азаматтық өзіндік-даралық бейнесі мен мінез-құлқының қасиеттері, сапалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Осындай шым-шытырақ қарым-қатынаста әрбір адам өзгелердің жағымсыз мінезі мен - құлаққа түрпідей естілетін дөрекі сөздерін көңілдегі тілегі мен мақсаты орындалмаған адамның өкініші мен-реніштері, тасы өрге домалап ісі оңалған адамнын шат-шадыман көңілді күйі мен ризашылық сезімін біздер күнделікті өмірімізде көріп біліп басымыздан кешіреміз. Жетекші болған азамат, адамдарды басқаратын әкім әлеуметтік өмірдегі осындай алуан түрлі адамдар мінезімен санасып, олармен игі істі жүзеге асыру жолында қиыннан жол табуды, қалың бұқараның көңілін табуды өздерінің басты мақсаты деп санайды.

Халық бұқарасымен қатынас орнату азаматтың әлеуметтік қызметі, қоғам алдындағы борышы.

Адамдар арасындағы қатынас, әсіресе басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас орнатудың бірнеше түрлері бар. Олар ресми қатынастар мен ресмисіз қатынастардың түрлері адамдар арасындағы достық, сүйіспеншілік сезімдерге негізделген қатынастарда, әріптестер арасындағы тілдесулер адамның шын пиғылымен сырын ашып көрсетеді. Жан дүниесінің қыры мен сырына толық қанығады. Мұндай шын пиғылды ресмисіз қатынас орнатудың өзіндік белгілері бар. Ондай белгілер:

І. Адамның жеке басы мен кісілік қасиетін көрсететін ашық жарқындығы, сенімділігі мен ақ пейілділігі.

ІІ. Әріптестерімен жалпы тіл тауып сөйлесіп, бірін-бірін жете түсінісе алуы сияқты ұнамды сапалар.

Бұлардан өзге адамдардың бірімен-бірінің өзара түсіністік қатынас орнатып, өзгелердің де көтерген мәселелерді шешуге қатыстыру. Мұндай ерекшелік адам мінезінің көпшіл екенін көрсетіп, оларды толғандырып жүрген мәселелер түйінің шешуге бағытталады. Әдетте әріптестер арасындағы мұндай адамның ұйымдастырушылық қабілетін өзгелерге де айқын көрсете алады. Сөйтіп адамдардың өзара қатынасында олардың әрқайсысының өзіндік ролін көрсетеді.

2. 1. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас.

Жас өспірімдер мен ұстаздар арасындары өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жас өспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі - мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиындылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.

Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер, төменгі класс оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу - тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.

Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылым педагогикалық бірен-саран әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті салаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жас өспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.

Шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап-тілектеріне лайықты ұнамды қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың бойындағы сапалар мен қасиеттердің оқушылар үшін қаншалықты ықпалды болатындығын белгілі жүйеге келтіріп іздестіру оларды күнделікті тәлім-тәрбие істерінің тәжірибесіне өндіріп отырудың маңызды екендігіне айрықша көңіл болу керек болады.

Елеусізова С. «Қарым -қатынас психологиясы», Алматы, 1995 ж. 49-бет.

Осындай сапалар қатарына ұстаздардың жас өспірімдермен қарым-қатынас жасауы үшін өзіндік сипат-ерекшеліктері болатындығын көрсетеді. Жас өспірімдік кезең балалық шақ пен ересек адамдар арасындағы өтпелі кезең екендігін ескеретін болсақ, бұл кезеңде жас өспірімдердің тек өз мұғалімдері мен тәрбиешілеріне ғана емес, өзге адамдарға, айналасындағы кісілерге деген өзіндік сын көзқарасы өрістеп, әрбір нәрсенің мән-жайына үңіле қарап, оларды танып білуге деген ықылас-ынтасы арта түсетін кезең. Олардың акыл-ойы өсіп, сана-сезімі оянып дүниетану шеңбері ұлғая бастаған кез. Адамның дамып жетілуіндегі мұндай сапалар жас өспірімдердің ұстаздарға деген талап-тілегін де күрделендіре түседі. Жас өспірімдер бұл кезеңде өздерін ересектер қатарына қосылдық деп санап, үлкен адамдардың өздеріне ілтипатпен көңіл аударып сеніммен қарауды талап етеді. Керісінше, үлкен адамдар мен ұстаздары оларға әлі де бала деп қарайтын болса, онда олар мұндай талаптарға қарсы шығып , өздерінің қарсылығы мен наразылығын сөйлеген сөздерімен істеген істері мен мінез-қылықтары арқылы білдіреді.

Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе-мұғалімдік мамандыққа қойылатын жас өспірімдердің талабын психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердін сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып талдау.

Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал ұстаздардың бұларға немқұрайды, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.

Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер. Мұғалімнін, өз пәнін жетік білетіндігі, балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.

Елеусізова С. «Қарым -қатынас психологиясы», Алматы, 1995 ж. 53-бет.

Үшінші топқа ұстаздық жас өспірімдердің бірімен-бірінің өзара қатынасына, олардың өмірдегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп мән беруі, ұстаздың класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.

Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік: 1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы; 2. Мұғалімнің өз пәнін меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі; 3. Мұғалімнің класс ұжымын басқарып, оған жетекшілік ете алуы; 4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.

Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, мұғалім жайындағы шәкірттердің пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда ұстазға тән 27 ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшелердің бар екендігін атап көрсетуге болады. Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез-құлқы жайындары ұнататын сапалары мен қарым-қатынас жасауда талап ететін жағымды сипаттар мынадай:

Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер: а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы; ә) жас өспірімдер мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу; б) оқушыларға сенім білдіру; в) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай, жеке өзіне оңаша айтуы;

г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайлық пен әдептілік үлгісін көрсету; ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету; д) шәкірттердің жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп, үнемі сезімталдық көрсетуі; е) әрбір істе үнемі әділетті болуы; ж) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы; з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.

Екінші топтағы сапаларға: а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы; ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б) сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі; в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы; г) өз пәніне деген оқушылардын, ықылас-ынтасын арттыра білуі; ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз ету.

Үшінші топтағы сапалар: а) қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі; ә) оқушылардың, белсенділігі мен дербестігін бағалап, балалардың бастамасын үнемі қолдауы; б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы; в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы; г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі; ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, камқорлық жасауы;

д) әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе үйрете алатындығы.

Төртінші топтағы сапалар: а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі; ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы; б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.

Осындай топтастырып көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздары жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас
Оқушылардың тәрбиесін анықтаудың педагогикалық аспектілері
Педагогикалық қарым - қатынас стилі
Қоғамымыздың бірден бір байлығы – болашақ жастар
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Педагогикалық қарым-қатынастар
Адамның бойындағы жақсылық пен жамандық
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz