Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізігі бөлім
1. Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетіне зор үлес қосушы тұлға.
1.1. Ыбырай Алтынсарин өз заманының кемеңгері.
1.2. Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы.
2. Қазақ хрестоматиясы әдебиет пен педагогиканың өшпес асыл мұрасы.
2.1. Өлеңдері - өмірдің өзектері
2.2.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
2.3. Ыбырай шығармалары – орыс тілді аудиторияда
III. Қорытынды

КІРІСПЕ

Білім беру саласындағы өзгерістер,жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін
ізгілендіру,демократияландыру, ұлттық ерекшелікті ескеру, даралап,саралап
оқыту бүгінгі буынның басты мәселесіне айналуда.Қазақ қоғамының ерте
кездегі мәдени мешеулігіне байланысты тамаша ағартушының қолымен жасалған
асыл мұра біраз уақыт көзден таса да болып жүрді.Сол аса бағалы мәдени
мұраның бізге жетуі жолын шолудың тарихи-мәдени маңызы бар. XIX ғасырдың
екінші жартысында қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ
зиялыларының көшасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, қазақ тарихында қоғамдық
ой-пікірлердің қалыптасуына үлес қосқан көрнекті қайраткер – Ыбырай
Алтынсарин. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ
даласындағы аумалы-төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен
жасөспірімдердің тағдырына терең үңілген ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
ел ішінде орын алған сауатсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреске
шықты.Қазақ даласында жаппай сауаттылық пен білім беру ошағын орнатқан
Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман-тілегін орындау мақсатында көпшілік
арасында қыруар жұмыстар атқарды.Сол еңбектерінің ішінде аса бір ерекше
орын алатыны әңгімелер жинағы мен оның поэзиясы.Шығармаларының бойында
тұнып тұрған адамгершілікке тәрбиелеу идеясы мен ғылыми-білім үйрету. Бұл
аса бағалы да, құнды еңбектері бүгінгі таңға дейін өз құдіретін жойған жоқ,
жоймайды да.
Осыған байланысты курстық жұмыстың тақырыбын Оқыту процесінде Ыбырай
Алтынсариннің әдеби мұраларын қолдану деп таңдап алдық.
Аталған тақырыптың, курстық жұмыстың мақсаты:қазақ зиялыларының
көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның әдеби және
педагогикалық мұраларын заман талабына сай, оқу-тәрбие процесінде қалай
тиімді қолдануға болатынын жан-жақты қарастыру, талдау. Бұл мақсатты
анықтауда мынадай басты міндеттер жүзеге асырылады:
- Ыбырай Алтынсарин шығармашылығымен таныстыру.
- Қазақ хррестоматиясындағы шығармаларға анықтама беріп талдау.
- Ыбырай Алтынсарин мұраларының мектеп оқушыларын тәрбиелеуде маңызы
зор екенін дәлелдеу.
- Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін, әңгімелерін тиімді оқытудағы
әдістерге ...
Болжамдар:
1.Ыбырай Алтынсарин шығармаларын мектеп оқушылары қызыға оқиды.
2. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсаринның мұраларының маңызы зор.
3. Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің сюжеті бастауыш мектеп оқушыларының
қабылдауына күрделі болуы мүмкін.

Зерттеу обьектісі: Ыбырай Алтынсариннің мұралары - өлеңдері мен әңгімелері.

Негізгі бөлім
1. Ыбырай Алтынсарин өз заманының кемеңгері.
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында бүкіл қоғамдық – рухани өмірінде
әлеуметтік мәні бар ерекше орын алатын кесек тұлғалы, өрелі азаматтар аз
болмағанын ойға алсақ, солардың бел ортасында көзге түсетіні – Ыбырай
Алтынсарин дер едік. Ол – шын мәніндегі тұңғыш ағартушы ұстаз, тамаша
тарихшы, фольклоршы – этнограф ғалым, тіл білімпазы, осы күнгі әліпбиімізде
жазылған ең алғашқы оқулықтың туындыгері, халық ағарту ісінің шебер
ұйымдастырушысы. Демек, сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі. Егер мұның
бәрін жинақтап айтар болсақ, Ыбырай - өз халқының жарқын болашағы мен кемел
келешегі жолында ақтық демі таусылғанша қалтқысыз қызмет еткен үлкен ақыл-
ойдың, биік саналы сезімнің адамы.Сонымен қатар, қазақ елін қараңғылық
бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық
қамқоршысы.Жастарға өмірлік оқудың есігін айқара ашып, болашағын меңзеген
өнер білімнің жалынды жаршысы. Озық ойлы, ұшқыр қиялды, шешен тілді
өнерпаз. Жаңалық пен жақсылыққа бастаған ізгі ниетті азамат. Тереңнен
толғап, жүрек тебіренте жыр шерткен кемеңгер ақын. Қазақтың реалистік жаңа
әдебиетін негіздеушінің бірі. Жан-жақты білімі бар талантты зерттеуші -
ғалым. Педагог-жазушының ізденіске, күреске толы өмірінің баршамызға,
әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың
өшпес өнегесіндей танылуы, солай қабылдануы заңды. Өйткені ол өзіне дейін
толғағы жеткен, бірақ шешімін таппаған бірсыпыра әлеуметтік мәселелерді
бірінші болып қолға алып,алғаш іске асырды.
Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана
тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік
мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге , әрине ол кезде оңайға түскен жоқ.
Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы
ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де,
халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот,
жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин Ал енді құдай басыма не салса да, мен
күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан,
талабымнан еш уақытта да қайтпаймын, - деп сеніммен жазғанындай, сан-сала
қиындықтармен табанды күресе жүріп әрі орыс, әріптестерінің көмегімен ақыл-
кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады.1864
жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен –
балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл
ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ол
қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын.Сондықтан
да болар, Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы жеңісін) Н.И.Ильминскиийге
жазған хатында: Осы жылы қаңтардың сегізі күні менің көптен күткен ісім
орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы,
есті балалар.Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу
кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бәрі үш айдың ішінде
оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды... , - деп айрықша
мақтаныш сезіммен жазды.
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың есімдері
бізге беймәлім болса да, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері
соншалықты таныс, ыстық қой.
Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың
халқым оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын (бұл жалпы халықтың да
арман -тілегі емес пе?) іске асырушы болды.
Ірі ағартушы, озық саналы әлеумет қайраткері, өнерлі ақынның артында
қалдырған ізіне, қадірлі жолына қарап отырсақ, заманына бақсақ,- дейді
М.О.Әуезов – көңілге үлкен-үлкен алғысқа толы ойлар келеді. Сонда, өз
өмірінің, еңбегінің барлық қисынсыз қиын шалғайлықтарының бәрін елеместен,
жасымастан батыл басып, ұдайы ұзап бара жатқан шын зор қайратты
танисың.Мұндай іс пен тұрақты айнымас мінез тек қана халықшыл, азаматтық
санасы айқын жаннан шығады.Ыбырайда сол күш терең еді, мол еді. Ол сананың
үлкен оты мұның ізгі жүрегінде мол уақыт берік орнаған. (1)
Төңкеріске дейін-ақ белгілі ғалымдар Ыбырайға назар аударып, оның
ағартушылық қызметіне тілектестік білдірді.Әсіресе, Қазан университетінің
профессорлары мен Орынбор оқымыстылары, қала интелегенциясының көрнекті
өкілдері оған ақылшы болып, сарқылмас таланты мен қажырлы жігеріне назар
салды.
Ыбырай тұстастарының бірі Ф.Д.Соколов 1889 жылы ақын өліміне қайғырып
жазған хатында былай деген болатын: Қазақ халқы оны өте құрметтейтін.Орыс
поселендері де оны қайырымды және әділ адам деп танитын.Қостанай
интелегенциясын ол жоқ жерде көңілсіздік басатын, сол қоғамға жан беретін
адамдай және көңілді, сүйкімді кеңесші ретінде барлық жерде де оны өзгеше
бір қуанышпен қарсы алатын.(2)
Ыбырайдың қоғамдық рөлін сол кездің баспасөзі де жоғары бағалады.
Оренбургский листок газетінде жарияланған қаралы хабарда: ...Алтынсарин
қазақ арасына әуелі Европаның білім-ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан
болды. - деген-ді. (3)
Қазан университетінің профессоры Н.Ильминский – Ыбырай туралы тұңғыш
естелік еңбек жазып қалдырған адам.Ол Ыбырай Алтынсаринді еске алу деген
көлемді кітабын 1891 жылы Қазан қаласында бастырған.Бұл кітап – Ыбырай
шығармашылығын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ
жазушысы туралы жарияланған тұңғыш еңбектердің бірі ретінде құнды.Нақ осы
сияқты револцияға дейін Ыбырай туралы жазылған басқа еңбектер де тек
әркімнің естеліктері, хаттары не мақалалары дәрежесіндегі туындылар.Олар
ақын туралы кейбір деректер ғана бере алады.Қазақ ғалымдары ғана Ыбырай
творчествосын жан-жақты терең зерттеуді қолға алды.
Ыбырай еңбектері өз алдына жеке жинақ болып он шақты рет басылды.Оның
академиялық жинағы шықты. Дүниеге көзқарасы, педагогтық, қоғамдық қызметі
өз алдына бөлек зерттелді.Оның педагогтық қызметі мен ағартушылық идеялары
туралы Қ.Бисембиев пен Б.Сүлейменов, М.Ақынжанов зерттеулер жүргізді. Ал
шығармалары туралы М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Дербісәлиндер
еңбектер жазды.Бұларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың
бәрі де Ыбырай творчествосына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті
бағаларын беріп келеді.Қазіргі белгілі әдебиетшілеріміздің ішінде Ыбырай
туралы мақала жазып, пікір айтпағандары кемде-кем. Сөйтсе де, Ыбырай
шығармашылығы түгел зерттеліп болды деп тоқмейілсуге болмайды.Жазушы
шығармашылығын жан-жақта аша түсу қашанда алда тұра бермек.

2. Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы.
Осыдан біржарым ғасыр бұрын қазақ сахарасында мәдениет пен оқу-
ағартудың туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та
біліммен келетінін насихаттаған, ғылыми еңбегімен де, мектеп ашу, оқулық
жазу, мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі-өнеге көрсеткен
Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұраларының маңызы ерекше.Ә.Сыдықов
Ыбырай Алтынсариннің педагогокалық идеялары және ағартушылық қызметі
атты еңбегінде Ыбырай ашқан мектептердің жүйесін, оқу-тәрбие ісінің
мазмұнын саралай келе, оқытудың ағартушы ұстаз ұсынған дидактикалық
принциптерін: Алтынсаринның педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында,
пайдалы рөл атқарады, оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өз мәнін
жойған жоқ.Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық жүйе болып
табылады.Онда көңілден шыққан сын да, жаңашыл бастаманы қолдай да, өзіндік
ой-пікірді де орынды айта білу де бар деп түйіндейді. Сол заманның өзінде
дәл бүгінгідей қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп таныған Ыбырай
өз ойын іске асыруда көптеген кедергілерге кездесе отырып, табандылықпен
жеңе білген, өмірінің соңғы сәтіне дейін өз мақсатын берік ұстанған.
Қазақ халқы деген – оқу-білімге сусап отырған халық, әттең бұл іске
оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің.Бұл жағынан алып
қарағанда, кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз. Қандай
қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір өз ойымызды орындап келеміз,-
дейді.Н.И.Ильминскийге жазған хатында.Оның халықтан қаражат жинап, мектеп
ашуы, инспекторлық қызмет атқара жүріп, мектептер санын көбейтуді, оқулық,
әдістемелер жазып таратуы – Қазақтарға, осы дарынды ақылы мол халыққа
қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт
беру – қалай дегенмен аса қажет болып отыр дегені пікірінің іс жүзіндегі
көрінісі. Сол кездегі мектептердің басты мақсаты етіп Баланың жеке басының
ақыл-ойын өсіру үшін, мінез-құлқын жетілдіру үшін нақтылы білім беру
керек.,- дегенді алға қояды. Бұл ойы қазіргі оқу мен тәрбиенің бірлігі,
жан-жақты білім беру мәселесі жөнінде бүгінгі күнмен де сабақтасып
жатқандай.Ол оқу процесін ұйымдастыруда:
1.Мұғалімнің рөлі
2.Оқу материалдық базаның шешуші маңызы
3.Оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдылығы жағынан
ұқыпты тексеріп отырудың қажеттілігі мәселесіне ерекше ден
қояды.Мұғалімдердің білім көтеруі үшін мектеп кітапханасына педагогикалық-
әдістемелік кітаптарды алу үшін қаражат бөлген. Жақсы білім беру керек,
қалай болса солай оқытуға болмайды.Оқытатын кітаптар ғылымға негізделуі
тиіс,-деп, қалай оқыту, не үшін оқыту керектігі жөнінде педагогикалық
талдаулар жасаған.
Өз іс-тәжірибесінде дүние жүзі педагогикасының классиктері
Я,А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,К.Д.Ушинский т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа
алып,өзінше қолданып байытып отырған.Ыбырай халықтық педагогиканы да ең
басты орынға қояды.Оқу–ағарту саласындағы еңбектерінде, өзінің төл
шығармаларында да халықтық негізді, дүниетанымды, салт-дәстүр, әдет-
ғұрыпты, ізгілік қасиеттерді арқау етеді.
Ыбырай мектептегі оқытуды, негізінен, ана тілінде жүргізді.Сол кездегі
белең алған жаттамалы оқуға қарсы шығып, олардың оқыту әдіс-тәсілдерін
сынға алады. Зерттеу еңбектерінде, бірінші сатыда – тіл дамыту, екінші
сатыда - әліппе бойынша оқыту, жазу, үшінші сатыда – оқу кітабы бойынша
оқу, жазу, салыстыра оқыту, сыныптан тыс оқыту сияқты жүйе бойынша оқыған
шәкірттері қысқа мерзімде сауаттанып, тез меңгергендігі айтылады.Орыс тілін
меңгертуде аударма әдісін пайдаланып, екі тілде де еркін сөйлеу, ойлау,
жазуын қалыптастырған. Оның негізгі себебі – тілді үйренуді ережеден емес,
сөзді үйретуден бастауында екен. Қазіргі жаңа буын оқулығын өмірге енгізуде
Қазақстан Республикасы Білім мазмұны тұжырымдамасы бойынша базалық оқу
жоспарындағы пәндердің рөлі қандай болмақ дегенде, Қазақ тілі бүкіл
пәндерді игерудің негізі болуы керек, қазақ тілін оқытуда, ең алдымен тілді
өзінің табиғатына қарай, қарым-қатынас құралы ретінде таныту керек. -деген
тұжырымдар жоғарыдағы ой-пікірлермен үндеседі.Білім беру жүйесіндегі
бүгінгі жаңаша бетбұрыс кезеңінде Алтынсаринның педагогикалық идеялары,
әдістемесіндегі көтерілген мәселелер өзінің өміршеңдігін танытып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білімнің
дамытушылық сипаты, білімнің, ғылымның, өндірістің интеграциялануы,
оқушыларды кәсіптік бағдарлау т.б. ұстанымдар осыдан біржарым ғасыр бұрын
халыққа қызмет еткен Ыбырай шығармашылығында көрініс тапқан, педагогикалық
көзқарасындағы ұсынған балаға еркіндік беру, жүрек жылуын беру, мұғалім мен
оқушы арасындағы ынтымақтастық, оқушы бойынан жақсы қасиеттерді табу
тәрізді ұстанымдар білім беруді дамытудың өзекті мәселесіне айналуда. Егер
балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кіналауға тиісті
емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс.Ол балалармен
сөйлескенде, ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық көрсетуі керек. деген
ой-пікір бүгінде ұстаздардың ең басты мәселесі.Ыбырай дәстүрі осылайша
білім мазмұныны, оқыту әдістерін жетілдіруде кең қанат жайып, молыға
түсуде. Асыл қазынаға айналған мұралары бүгінгі таңда оқу бағдарламалары
мен оқулықтарға еніп, ана тілі, тарих, 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі
әдебиет сабақтарында, сыныптан тыс жұмыстарда таныстырылып келеді. Бүгінгі
күні маңызды мәселеге айналып отырған отансүйгіштікке, халық дәстүрін
қастерлеуге, еңбекке, адамгершілік пен салауатты өмір сүруге тәрбиелеуге
қызмет етіп келеді.Халық педагогикасы саласындағы оның тәлімгерлік ой-
маржандарын оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда, үлгі-өнеге ретінде пайдалануда
берері көп.

1. Қазақ хрестоматиясы педагогика мен қазақ әдебиетінің өшпес ұлы
мұрасы.
Ыбырай Алтынсарин – Қазақ хрестоматиясы деп аталатын ана тіліміздегі
тұңғыш оқулықтың авторы.Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның
алғысөзінде: Бұл кітапты құрастырғанда мен , біріншіден, осы біздің ана
тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ
мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын
көздедім,-деп тұжырымдаған.Хрестоматия бұл екі міндетті де толығымен
атқарды.Оқулықтың революцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте қайталап жарық
көруі, оның өз кезегінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да,
бүгінге дейін де талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына
бастауы болып келгендігін көрсетеді. Бұл Қазақ хрестоматиясының қазақ
мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны мен маңызын айқындайтын
факт.Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай
жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз
әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ орыс педагогтары мен айтулы орыс
қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын.Бұл шығармалардың
тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз – тәрбиеші ретінде
алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Олар:жас
жеткіншектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу,
адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді
ардақтау, үлкенді, ата-ананы сыйлау, қадірлеу, өнер-білімді байлық-
дәулеттен жоғары қою, тағы басқалар.
Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық Кел, балалар,
оқылық! -Қазақ хрестоматиясының беташар өлеңі.Жазылғанына бір ғасырдан
астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл
өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған өнер-білімі бар жұртқа -
терезесі тең, шаңырағы, мәдениеті озық елге айналып от ырған бүгінгі
заманда да еш төмендемек емес.Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы
ағартушының арман – сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының
өз дәуірінде жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! – деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық халықтық
идеясымен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек.
Ыбырай ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға
түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы
болғанын айта кету маңызды. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған
қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар
ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса-тартыса жүріп
дәлелдеуі біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің,
гуманизмінің үлгісі емес пе?
Ыбырайдың айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар
әдебиетінің негізін қалауы. Қазақ хрестоматиясына енген алуан жанрдағы
шығармалар мұның айқын дәлелі.
Ол төл туындыларын жазғанда да, орыс және Европа халықтары әдебиетінен
аудармалар жасағанда да бір мақсатты қатты ұстанды, ең алдымен ол
туындылардың балалар ұғымына сай, олардың қиял ойын шарықтататындай
тағылымды да, қызықты болуына баса назар аударады. Сондықтан оның
әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізіг талаптардың барлығы да,
атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылымының
қарапайымдылығы, тілінің таза, түсінікті әрі шырайлылығы, тәрбиелік-
танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай ,
көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой-қиялдың
табиғи, шынайы ашылуы толық көрінеді.
Міне мұның бәрі, жинақтай келгенде, Ыбырайдың қазақ мәдениеті мен
әдебиетінің, педагогикасының қадірлі орнынкөрсетеді.
Қазақ хрестоматиясы төмендегідей алты бөлімнен тұрады:
1. Өлеңдері . Бұған Оның көпшілікке танымал өлеңдері мен
И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді.
2. Төл әңгімелері деп аталады да, бұған жазушының хрестоматия
оқулыққа жазған төлтуындылары жинақталады.
3. Аударма сипатты әңгімелері бұл бөлімде ағартушының орыс
педагогтарының оқулықтарынан , орыс жазушыларының балаларға
арналған туындыларынан, сондай-ақ орыс және Европа халықтары
әдебиеті мен фольклорынан өзінше әңгімелеген шағын әңгіме
мысалдары жинақталып берілді.
4. Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары Оның ел аузынан жинап,
сұрыптап, алғаш рет Қазақ хрестоматиясында жарияланған мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер орын алды.
5. Оқу-ағарту мәселелері жайында жазбалар деп аталынып, бұған
Ыбырайдың қазақ даласындағы оқу-ағарту жайы мен оны
өркендетуге қатысты жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып,
енгізіліп отыр.
6. Хаттар.Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және тағы басқа
жағдайларға байланысты жазған хаттары іріктеліп, берілді.
Кітап соңында Алтынсарин туралы естеліктер берілді.Бұл материалдар жас
жеткіншектерүшін де, жалпы оқырман қауым үшін де ағартушы, педагог-жазушы
Ыбырайдың өмірі мен әлеуметтік қызметінің тарихи маңызын, оның адамдық
болмысын тереңірек түсініп, бағалауда айтарлықтай тағылымда деп санаймыз.
Кітап соңында жинаққа енген шығармаларға түсінік берілді. Қазақ
хрестоматиясы бүгінгі күнге дейін өз құнын жойған емес, жоймайды да.
2.1. Өлеңдері - өмірдің өзектері
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма.Тақырыбы жағынан саяси, көңіл-
күй, табиғат және философия лирикаларына жіктеледі.
Ыбырай - көрнекті ақын. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын
танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын
халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады.Ыбырайдың жазушылық
қызметінің түпкі қызығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасау
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Ыбырай ата
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Пәндер