Спорттың жекелеген түрінен жарыс өткізу тәртібі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
І. Дене шынықтыру – денсаулық көзі
1.1. Ұйым жарыстарын өткізудің ерекшеліктері
1.2 Волейбол тарихына шолу
1.3 Қазақстандағы волейбол

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. Волейболдың техникалық қабылдау классификациясы
2.1 Шабуылдың тактикасы мен техникасы
а) Беру тактикасы
ә) Алу тактикасы
б) Алдау түрлері
2.2 Қорғаудың тактикасы мен техникасы
а)Тосқауыл қою (блок)
ә) Шабуылшылар соққысынан алатын
допты қабылдау
б) Сақтану
2.3 Мектептегі дене шынықтыру сабағындағы волейбол

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ.
Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың
тұрмысы мен санасына байланысты белгiлi бiр мақсатты шешуге бағытталды.
Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы
тіршіліктің бастамасы- таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың
қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы,
құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін
жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей
спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес
спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.
10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де
болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы
әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та
отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні
жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана
жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене
жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы
жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу
түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс.
Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір
түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ,
баскетбол, валейбол, футбол т.б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана
нәтиже береді. Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып
отырады.
Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты.
Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас
мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады
10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де
болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы
әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та
отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні
жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана
жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене
жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы
жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу
түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс. Әр оқушының әуелі спорттың
қай түріне бейім екендігін мектеп бағдарламасының талабын орындағанда ғана
байқалады.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын қанша уақыт аралығында орындауға
болатынын дәл кесіп айту қиын. Себебі, әркім уақытын өзінше пайдаланады.
Бір оқушы 20 минут кетірсе, екіншісі 30-40 минут жасайды. Сондықтан
таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын өткізу- әркімнің өз қалауы бойынша
жүргізіледі. Дегенмен де 15-20 минуттан кем болмағаны жөн.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын далада өткізген дұрыс. Бұл жылдың
жылы маусымында ғана емес, қыс мезгілінде де қатаң сақталуы тиіс. Жаттығу
керіп-созылудан басталуы тиіс, олардың түрлері үй жағдайында басқаша да,
далада бөлек болады. Ата-аналар өз балаларының таңертеңгілік бой жазу
жаттығуларын дұрыс орындауларын қадағалап бақылап отырулары керек.
Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын жерге жеткенше алғашқы
кезде тез жүріп, бара-бара жылдамдықты үдете түседі. 5-10 минут уақыт
жүгіріп, одан кейін тұрып қалмай керіліп созылу жаттығулары басталады.
Кеудені кере дем алып, иық, кеуде, белді қозғайтын жаттығулар орындайды да
содан ары қарай күрделендіре береді.
Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен
жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол,
валейбол, футбол т.б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді.
Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады. Ал керісінше
болса ол шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып бала спортты тастап
кетіге мәжбүр болады.
Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты.
Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас
мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады.

Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы
көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта да қажет. Оларға жататындар: өзімізге
жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі. Бұндай табиғи ортаны жүйелі
пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар.
Ең әуелі ауаның адам ағзасына тиетін әсерін алайық. Жүгірген,секірген
кезде т.б. адамның бұлшық еттері мен ішкі құрылыстарының жұмыс істеу
алғашқы қалыптан әлде қайда тездетіледі. Осы кезде дем алу процесі де
тездетіледі, ағза ауаны бастапқы тыныштықта тұрған қалыптан 15-20 есе артық
көлемде қажет етеді. Осылайша үнемі үзбей өткізілетін жаттығулардың
арқасында адамның демалу процесі толық қалпына келеді. Жақсы жаттыққан
спортшы алқынуды сезбестен ұзақ уақыт жүгіреді, жүзе де күресе де алады. Ал
жаттықпағандар алғашқы кезден-ақ алқынып, өзінің дегеніне жете алмай
қалады. Мұның аты- тез шаршау. Демалу жүйесінде қиындық болған адамның
ағзасы әлсірейді. Асылы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары немесе спорт
жаттығуларын мүмкіндік болғанша далада, таза ауада өткізген жөн. Бұдан
шығатын қорытынды- ағзаны жаттықтыру ең әуелі ауамен дем алудан басталады.
Ал суға шомылу денсаулық пен дене шынықтыру үшін маңызды. Көпшілкке
арналған су қоймаларында шомылуға болады. Суға түсетін жердің жағасын
құмайттау, жел соқпайтын, күн көзі жақсы түсетін жер болған дұрыс.
Күнге қыздырыну да адам ағзасы үшін баға жетпейтін өте қажетті табиғи
құрал. Күн ваннасын алудың жөні осы деп, шомылып шығып тырп етпей жағада
жатып алу да болмайды. Мұндай жағдайда оның пайдасынан зияны басым.
Тәуліктің күнге қыздырынып, суға түсетін уақыты таңертеңгі тоғыздар
шамасынан он екіге дейін болғаны жөн. Содан кейін түс ауа сағат төрттен
алтыға дейін және орайына қарай басқа да уақытты пайдалануға болады.
Күн сәулесі адам ағзасына бірден тез әсер ететін болған соң, күнге
күюді мүмкіншілік болғанша уақытпен мөлшерлеп біртіндеп бастаған жөн.
Егерде күніне екі реттеп күн сәулесін қабылдайтын жағдай болғанда, ең
алғашқы күні 15-20 немесе 30-40 минуттай қыздырынуға болады. Талтүстің
алғашқы күні 15-20 минут жеткілікті.
Күн сәулесін қабылдаған кезде суға түсудің қандай жүйесі болады
десек, онда суға түскеннің жөні осы екен деп қалай болса солай ұзақ уақытты
сарп етуге болмайды. 10-15 минуттан кейін судан шығып, дем алған жөн. Суға
түсіп, күнге қыздырынудың да өзіндік ғылыми негізде зерттеліп дәлелденген
жүйесі бар. Әсіресе, ең алғашқы күндері суға түскенде дене қызып, терлеп
тұрса, келген бетте суға түсуге болмайды. Себебі, ашық күн түсіп тұрған
жердің температурасы ең төмен дегенде 40-тан жоғары. Ал судікі болса одан
әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Сондықтан ауа мен судың арасындағы
температураның айырмашылығы өте жоғары болғандықтан, өзі қызып тұрған
ағзаға бірден әсер етеді. Сондықтан денені суытып, терді басып берып қана
суға түскен дұрыс.
Спортшылардың өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының гигиенасы маңызды
орын алады. Гигиена- денсаулықтың кепілі. Мектеп мұғалімдеріне балалар
денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ
өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына
назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда
дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың
ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір
ескертетін жайт- шұғылданушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн.
Спортпен шұғылдана бастаған бүлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары
дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап
орындайды.
Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта
қалыптасады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен,
волейболмен т.б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт
өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын
балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен
айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн
ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесiмен айналысатын оқушы жақсы оқып, бiлгендерiн iске
асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi, ұжымдық және
өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк көзқарасты
тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыратыны - өмiрде
белгiлi қағидалар.
Сондықтан да "Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi
және әл-ауқатының артуы туралы" Республика Президентiнiң халыққа жолдауы
(Қазақстан - 2030) осы мiндеттердi шешуге бағыттайды. Онда "...бүгiнгi
кезеңнiң мiндеттерiнен өзге бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан
зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтыны" сонымен бiрге жастар алдындағы
жауапкершiлiк туралы да айтылған.
Қазақстанның болашағы - қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына,
оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа
толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi
әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ
кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап,
сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер
спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс
кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы
машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп
қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi.
Күштiлiк, төзiмдiлiк, жылдамдық, икесдiлiк, сергектiк, өмiрге деген
құштарлық, мықты денсаулық тәрiздi сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен
спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Спортшы болу балалардың барлығына бiрдей
мақсат болмас, бiрақ денi сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу -
барлық жастардың мiндетi және парызы болып саналады.

1. Ұйым жарыстарын өткізудің ерекшеліктері

Дене шынықтыру ұйымында ұйымдастыру жұмыстарының негізгі салаларының
бірі - ұйым спартакиада мен жекеленген спорт түрінен өткізуді жыл сайын
әдетке айналдырса, шаруашылық аралық кездесулер т.б. жолдастық, атаулы
жарыстар өткізіліп тұрса, ауыл жастары көп болып спорт секцияларына
қатысқан спортшыларға жарыстағы көрсеткіштеріне байланысты разрядтар
беріледі.
Ауылдық жерлерде тек жыл сайын жоспарланған спартакиада ғана емес,
сондай-ақ спорттық түрінен өткізілетін жолдастық кездесулер, туристік
саяхаттар дене шынықтырудың үгіт насихат жұмысының негізгі ұйытқысы. Одан
қала берді, еңбегін елі бағалаған азаматқа арнап атаулы жарыстар өткізіп
тұруға болады. Сондықтан ауылда қандай да болмасын денешынықтыру мен спорт
жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру- көпшілік жағдайда шаруашылық басшыларына да
байланысты. Өйткені олардың жұмыс қарап қалды, сендер доп қуып кеттіңдер
дейтіндері де бар. Сондықтан қандай жарыстар болмасын, алдын-ала
басшыларымен келісіп, көпшілік болып қызықтайтындай демалыс уақыттары
пайдалынады.
Қандай да болмасын, спартакиаданы айтпағанның өзінде, тіпті жолдастық
кездесуге де арнайы жарыс ережесі жазылады. Содан кейін ғана клубтың
басқармасында бекітіледі. Олай болатыны себебі, бұл ережеде жарыстың
өтілетін уақыты, орны, кім қатынасатындығы, төрешілер, жарысты өткізуге
жауапты адамдар белгіленеді. Демек, жылдық шаралық жоспар бекітілгеннен
кейін әрбір спорт жарысының ережелері жазылады. Бұл ережелер жарыс
өтетіәннен кейін бір ай бұрын қабырға газетімен бірге хабарландыру
бұрышына ілінеді. Ережеде өтетін жарыстың барлық жағдайы, айталық, бірінші
кезекте жарысқа қатысқан командалардың және қатысушы спортшылардың саны
ескертіледі. Мысалы, жарысқа қатысушылардың саны әр бөлімше тұрғындарының
санына байланысты орта есеппен алынады. Себебі, бір бөлімше тұрғындары көп
болса, екінші бөлімше тұрғындары аз болады, үшінші бөлімшеде одан да аз
болуы мүмкін.
Жарыс қорытындысын әр ұжым өздерінше шешеді. Мысалы, жарыс барысында,
әр спортшының жарыста алған орындарының қосындысы арқылы шығаруға болады.
Сонда аз ұпай жинаған команда, болмаса, спортшы жеңіске жетеді.
Ұжымның спартакиада ережесінің үлгісі:
- жарыстың мақсаты;
- жарыс өтетін уақыты мен орны;
- жарысқа қатысушылар;
- жарыс өткізуге жауапты адамдар;
- жарыс бағдарламасы;
- жарыс қорытындысы;
- жеңімпаздарды марапаттау.
Спартакиаданың бағдарламасына ауыр атлетика, білектесу, гир көтеру,
валейбол, баскетбол, садақ ату, қазақша күрес, шахмат, тоғызқұмалақ т.б.
ойындары кіреді.
Спорттың жекелеген түрінен жарыс өткізу тәртібі.

Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетиканың жарыс бағдарламасы еркектер үшін – 100, 200, 400, 1500
метрге жүгіру, ұзындыққа секіру. Әйелдер үшін – 100, 200, 1500 метрге
жүгіру, ұзындыққа , биіктікке секіру. Әр спортшы осы бағдарламамен спорттың
үш түріне қатысуға ерікті.

Ауыр атлетика
Жарыс ережесі бойынша классикалық екі жаттығудың қосындысы есептеледі.
Жарыс классификациясында көрсетілген салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі.
Жарысқа қатысушылардың санына шек қойылмайды. Жарыс барысында командалық
есепке әркімнің жеңіп алған орындарының қосындысы алынады.

Валейбол
Әр бөлімше өз алдына жеке команда құрады. Жарыс ережесі бойынша бұл
командалар өзара бір айналым кездеседі де, қай көп ұпай жинаған команда
жеңімпаз атанады. Жарыс барысында бірден ұпай жинаған командалар партия
айырмашылығымен анықталады. Ал партия айырмашылығы бірдей болса, онда өзара
кездесулерінің нәтижесі есептеледі.

Батпан ( гир) көтеру
Жарыс 32 кг. батпаннан және 16 кг. Батпаннан жеке өткізіледі. Жарыс
ережесі бойынша классикалық екі жаттығудың қосындысы есептеледі. Жарыс
классификациясы көрсетілген салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Жарысқа
қатысушылардың санына шек қойылмайды

Футбол
Жарыс ережесі бойынша, командалар өзара бір айналым кездеседі де, көп
ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Жарыс барысында бірдей ұпай жинаған
командалар деп айырмашылығымен анықталады. Жарысқа волейболдағы сияқты
аралас команда, яғни әйелдер де қатыса алады.
Спартакиада бағдарламасына кіргізілетін ұлттық ойындар:
1. Аударыспақ. Ойын ережесі бойынша жарысқа қатысушыларға шек қойылмайды.
Аударыспақ – ат үстіндегі күрес. Ортаға шыққан екі ойыншының мақсаты
күресе жүріп, бірін-бірі аттан аударып түсіру. Жарыс ережесі бойынша
ұтылған ойыншылар ойыннан шығады.
2. Қазақша күрес. Жарыс белгіленген ереже бойынша өткізіледі. Командалар
бойынша өзара кездеседі де, ұтылған команда жарыстан шығады. Осылайша,
жарыс қорытындысы командалық есеп бойынша шығарылады.

Айрияц А.Г. Волейбол Москва 1976г. 37 бет
1.2 Волейбол тарихына шолу

Бүл ойынның пайда болганына да баскетбол тәрізді 100 жылдай уақыт өтті.
Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және
қолайлы түр-лерінің бірі болып есептеледі. Бүл ойынның кең таралуы-на
ережесінің қарапайымдыгы, орындалатын қимыл-қозгалыстардың күрделі
еместігі, сонымен бірге волейбол-ды кез келген жастағы адам ойнай
алатындыгы себеп бол-ды. Ойын бұлшық еттердің барлык топтарының, секіргіш-
тік, икемділік және қозгалыс реттілігінің үйлесімді дамуы-на көмектеседі.
1895 жылы Холиок (АҚШ, Массачусете), қаласындағы дене шынықтыру колледжінің
мұғалімі Вильям ДЖ. Морган орта және үлкен жастағы адамдарға ойынның жаңа
түрі - дене шынықтырумен айналысуды ұсынды. Теннистік тордан ауа
толтырылған баскетбол добын өткізу 197 см. биіктікте болу қажеттігін
айтты. 1896 жылы Спрингфил қаласында христиан жастарының конференциясында
профессор Альфренд Т. Хальстед волейбол деген ат берді, бұл ағылшынша
түсіндіргенде ұшу добы. Бұлай аталуы ойынның дәл сипаттамасымен сәйкес
келді, өйткені допты ауада көп ұстады.
1900 жылы бірінші ойын ережелері қабылданды, арнайы волейбол
доптарымен ойнау басталды. Осы кезден бастап волейбол әйгілі спорт түріне
айналды және көптеген елдерге Орталық және Батыс Америка, Канадада белгілі
болды. Ойынның жай құрылысы, үлкен сезімталдығы және ойынның қолайлы
жақтары Европа жеріне тез тарала бастады. 1947 жылы Парижде бірінші
ұйымдастыру конгресіне 14 елдің өкілдері қатысты, волейболдың халықаралық
федерациясы құрылды. Бұл федерацияның құрылуы волейбол ойынының халықаралық
деңгейде әйгілі болуының алғашқы қадамы еді.
1948 жылы Италияда ерлер командалары арасында Европа бірінші
чемпионаты өткізіліп, Чехословакия командалары жеңіске жетті.
1949 жылы әйелдер арасында Европа бірінші чемпинаты өтіп, бірінші орынды
Кеңес дәуірі иеленді. Осы жылы ерлер арасында бірінші әлем чемпионаты
өткізіліп, Кеңес дәуірінің құрама командасы жеңімпаз атанды. Қазіргі кезде
волейбол спорт түрінен ең көп тараған түріне жатады. Халықаралық волейбол
федерациясы 180-нен көп елді біріктіріп отырып, соның ішінде 150 мил-ға
жақын ел әлемде бірінші орынды алды.
Кеңестік заманда волейболдың туған күні арнайы түрде 1923 жылы 28
шілде болып есептеледі. Бұл күні Москвада Вхуптепса және мемлекеттік
киномотография техникумының ерлер командалары арасында, 1931 жылы 1941
жылдар арасында Кеңестік дәуірде волейбол ойынының ерекше әйгілі болған
кезі. Волейбол миллиондаған адамдардың жүрегін билеп алды.
Кеңес волейболшылары дүниежүзілік чемпионаттармен Олимпиадалық
ойындарда аз жеңіске жеткен жоқ.
1968 жылы Мексикада өткен 19 Олимпиада ойындары Кеңес заманындағы
волейболшылары үшін өте салтанатты болды. Ерлер жне әйелдер командалары
жоғары сыйлық иелері атанды. Сондай-ақ 1980 жылы Москвада өткен 22-ші
Олимпиада біздің командалар үшін өте сәтті өтті. Олар бірнеше мәрте
дүниежүзілік чемпионаттың алтын медальдарын жеңіп алды.

Железняк Ю.Д. Слупский Л.И. Волейбол в школе М. 1989г. 52 бет
2. Қазақстандағы волейбол

Дана халқымыз: Басты байлық- денсаулық, Тазалық- саулық негізі,
саулық- байлық негізі,- деп тегін айтпаса керек. Қазақстан-2030
мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: Салауатты өмір салтын
ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс
тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық
пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған. Жеткілікті құралдар
болмай тұрған жағдайда күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің
стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады.
Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария
ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет,-
деп атап көрсетілген. Расында дақоғамдық сана мен мораль, есірткіге,
ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс.Кешегі кеңес заманы жылдарында
ішімдікпен қаншама күрескенімен біздің тұрмысымызғңа, әдетімізге,
дәстүрімізге тереңдер еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік
нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішкілік
мәселесі тиылар емес.
Бұл турасында Президент жолдауында Көптеген елдер бұл кеселге тыйым
салғанымен, табысқа жете алмайды. Осыған қарамастаан кейбір елдер ұтымды
ақпараттық және түсіндіру саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы
едәуір табыстарға қол жеткізді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті
пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені
кәсіпкерлік- денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден
спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады,- деп атап айтылған.
Сонымен, адамды жастайынан спортқа бейімдеп, дене қуаты қасиетін
тәрбиелеу және қимыл-әрекеттерге үйретіп, дене тәрбиесі әдістерімен
принциптері туралы сөз қозғалғаны жөн.
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары
жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт, бұқаралық спорт
және жоғары көрсеткіштер спорты деп бөлінеді. Спорт осындай салаларға
бөліну арқылы, былайда саралауға болады: жүзу, өрнектеп коньки тебу, шаңғы
тебу, теннис ойнау, футбол, мылтық ату, гимнастика, хоккей, волейбол,
баскетбол т.б.
Осылардың ішінен волейболға тоқталатын болсақ, оны 9 х 18 м. өлшемді
алаңда ойнайды. Осы алаң тең дәрежелі екі бөлікке линия арқылы бөлінген.
Ортасына сетка ілінеді. Сетканың биіктігі ойыншылардың жынысымен жас
дәрежесіне байланысты болады.
Ойынға 12 ойыншы қатысады.(әр командаға алты адамнан келуі шарт). Бұл
ойын 250 г. салмағы бар доппен жүзеге асырылады.
Ойынның негізгі мақсаты әр команданың өзіне тиесілі жеріне допты
түсірмей, қолдарынан келгенше қарсыласының алаңына допта құлату болып
табылады. Ойыншылардың қозғалысы ойын тәртібі және ойынның тәсілдері арқылы
сараланып, белгіленеді.
1964 жылы волейболды олимпидалық ойындардың қатарына қосу арқылы
волейболшылардың ойынға деген сұранысы мен ынтасы артты. Осындай жайлар
арқылы олар өздерінің алдарына қойған мақсатты орындап, барынша жігерлене
түсуде. Сонымен қатар олар әрқашан жүлделі орындардың иегері атанып, әр
кезең өз командаларының туын жоғарылата бермек. Бұған төмендегі мәселелер
негіз бола алады.
Волейбол - командалық спорт ойыны. Волейбол тұңғыш рет Америкада
шыққан. Европада чехтар бірінші рет ойнаған. Ол 1907 жылы болған оқиға еді.
Ал 1928 жылы ол спартакиада бағдарламасына енді. Кеңес дәуірінде 1938
жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстанда 322 мығңнан астам волейболшы бар.
Қазақстанның ерлер (Буревестник, 1961ж.), қыздар ( Еңбек, 1964ж.)
командалары Алматы қаласында ойнады. Буревестник- Кеңес халықтары
спартакиадасының қола жүлдегері. Ол 1967 жылы өткен болатын. Сондай-ақ
еліміздің чемпионатында 1968 жылы күміс, 1969 жылы алтын медаль жеңіп алды.
1970 жылы Европа чемпиондары кубогы үшін жарыста үздік шықты. Осы
Буревестниктің Ж. Сауранбаев, В, Кравченко, О. Антропов, А. Портной, Н.
Рогозин сияқты ойыншылары СССР құрамы командасының қатарында болып, Европа
чемпионы атанды. Сауранбаев, Кравченко, Антроповтар - әлемдік жарыстардың
жүлдегерлері.
Кравченко мен Антропов – олимпиада чемпионы. Қыздар арасында Н.
Смолеева Европа мен олимпиаданың, Л. Берген – Европаның чемпионы.
Қазақстанның волейболшывлапры дүние жүзінің жиырмадан астам елінде болып,
халықтар кездесуін өткізген еді. Республикамызда 35 волейболшы спорт
шебері, волейболшы Ж.Сауранбаев пен Кравченко Ресейдің еңбек сіңірген спорт
шебері. Сондай-ақ олар халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып танылған
волейболшылар.

Айрияц А.Г. Волейбол Москва 1976г. 45 бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. Волейболдың техникалық қабылдау классификациясы

Волейбол ойнау техникасы - жүретін ойын көмегімен қабылдау тәсілін
толық орындау. Доп жерге енді-енді тиюге жақындағанда, бір ойынша ыңғайлана
көз ілеспес шапшаңдықпен жата қалып, оны жоғары көеріп үлгіреді. Екінші
ойыншы допты жоғарлатып, тор түбіндегі үшінші ойыншыға қарай бағыттайды, ол
қатты секіріп, тордың қарсы бетіне серпи соғады. Бір команда допты
қатарынан үштен артық ұра алмайды және бұл итере салу емес, нағыз соққы
болуы керек. Қарсылысының пиғылын байқап қалған ойыншы тордан жоғары секіре
отырып, алақанын жая, ұшып бара жатқагн жолына тосқауыл қояды. Бұл тәсілді
блок деп атайды. Ойын барысында екі және үш блок қойылады: екі немесе үш
ойыншы тор түбінде бір мезгілде жоғары секіреді, сөйтіп әуеде алақандардан
жасаған тосқауылдар пайда болады.
Алайда блокқа қарсы қолданылатын қару де бар. Шабуылшылар блок қоюшы
қарсыластарының ауада асылып тұра бермейтінін біледі, қас-қағым сәтте
жерге түсуі тиіс.
Осы кезде екінші соққыдағы ойыншы тордан жоғары шапшаң секіріп, допты
ұратындай ыңғайланады, бірақ екі-үш қарсылас ойыншы блок қою үшін секіреді.
Ал доптың алғашқы иесі осы сәтте допты үшінші серігіне бере қояды. Блок
қоюшы қарсылатар үлгіргенше доп та солардың алақанына келіп түседі.
Алаңның артқы сызығының сыртында тұрған ойыншы допты ойынға қосады. Тордың
үстімен төмендей қалықтап ұшқан доп қарсыластар жағындағы ешкім күтпеген
жерге түседі.
Мұндайда ойыншы қуып ұру тәсілін қолданып, допты шиырып жібереді.
Айналып ұшқан доптың солға немесе оң жаққа, алаңға жақын немесе алыс, тіпті
ешкім күтпеген жерге түсуі де мүмкін.
Әрбір ойын қабылдауының өзара тығыз байланысы бар. Бұл қабылдау үш
түрге бөлінеді: дайындық, негізгі және қорытынды.
Дайындық түрінде бастапқы жағдайлар, негізгі шешілетін шаралар,
дайындалу іс-қимылдары жатады. Бұл кезеңде іс-әрекеттің жасалу жолдары,
маңызды деген жақсы жақтары, қалай қалыптастыру негіздері, қандай бағытта
болатындығы қарастырылады.
Ал, негізгі кезеңде доппен ойнаумен тікелей байланыс, биомеханикалық
аппараттың қатаң түрде бөлінуі, бір жағынан- эффективность қаралады. Бұнда
қалайша тұрақтылық түрі жақсы болса, солайша қозғалыс тартымды өтеді.
Қорытынды кезеңде техникалық қабылдаудың қалай орындалатындығы
айтылады. Ол келесіқозғалыстың мүмкіндіктерін, алдағы өтетін тағы басқа да
шараларға жол ашады.
Волейбол – дүние жүзінде көп тараған, спорт ойындарының түрі.
Волейбол ойыны – жастардың қарым-қатынаста болып, олардың денсаулығын
нығайтып, демалуына жақсы әсер етеді. Волейбол ойыны жүрек қан тамырларының
дұрыс жұмыс істеуіне, тыныс жолдарының кеңейіп дұрыс тыныс алуына, тез
қимылдап шапшаңдыққа, реакция жылдамдығына күшті әсер етеді. Спорттық күрес
тек қана ойынға қатысушыларға ғана емес, көрермендерге де қызығушылық
танытады. Ол күшті болып шынығуға, батыл қимылдап, өз әрекеттерін
команданың әріптестеріне бағындыруға тәрбиелейді. Волейбол ойынына кәрі-жас
демей қызығушылық танытады. Адамның тұлғасының сұлуланып, дененің шынығуы,
организмдердің қалыпты өмір сүруіне үлкен үлес қосады.
Волейбол ойыны ойыншылардың команда арасындағы өз міндеттерін
атқарып, ойыншының ережелерін бұзбай, одан ары қарай дамуына үлкен
жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Ойын кейде 2-2,5 сағатқа созылады.
Осы кезде жүректің соғуы минутына 200 рет болады. Волейбол дененің сауығып
шынығуына, жұмысқа қалыптасуына, адамардың көңіліне жақсы әсерін тигізеді.
Ойынға мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындаорында миллиондаған
адамдар қатысып айналысады. Мысалы, мектептерде дене шынықтыру сабақтарында
т.б. сабақтарда қлданылады. Осыған дейін волейбол ойынының шығу тарихы,
ата тегі АҚШ болып келді. Бірақ Еуропа мен Азия елді мекендерінде де
кеңінен таралған.
1. 1900 жылы бірінші ойын ережелері қабылданды, арнайы волейбол
доптарымен ойнау басталды. Осы кезден бастап волейбол әйгілі спорт
түріне айналды және көптеген елдерге белгілі болды. 1947 жылы Парижде
бірінші ұйымдастыру конгресіне 14 елдің өкілдері қатысты, волейболдың
халықаралық федерациясы құрылды. Бұл федерация құрылуы волейбол
ойынының халықаралық деңгейде әйгілі болуының алғашық қадамы еді.
2. Волейбол ойыны негізгі екі тактикадан жүргізіледі: шабуыл жасау
тактикасы және қорғау тактикасы.

Неліктен волейболдың ғұмыр жасы 19 ғасырдан бастап есептелінеді? Бұл
жағдайды түсіндіру оңай: кез келген ойын спорттық болып таналады, егер оның
қатаң ережелері болса. Волейболдың алғашқы ережесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары
Ұйым жарыстарын өткізудің ерекшеліктері
МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс
Қазақ күресін үйрету және жетілдіру
Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары
Спорт жаттығуының топшалары
Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі
Аяқтың ұшымен тұру
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Пәндер