Құқықтық ережелер


Тақырыбы: Құқықтық саналылық
Мақсаты:
Адам құқықтары мен бостандықтарын, Конституцияның баптарымен түсіндіру. Халықаралық аса маңызды құжаттармен таныстыру. Оларды мысалдармен, құқықтағы баптармен талдай отырып, білімдерін тереңдету. Әрбір жеке азаматтың өз құқығын білуге тәрбиелеу. Демократиялық көзқарас қалыптастыру.
Өткізу түрі: Семинар.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ел рәміздері. Плакатта Н. Назарбаевтың " Егер біздің құқық идеялары салтанат құратын өркениетті қоғам орнатқымыз келетіні рас болса, онда әрбір азамат мектеп қабырғасында жүргенде-ақ құқықтың қарапайым бастауларын біздің әрқайсымыз қарапайым есеп-қисапты білгеніміздей игеріп алуға тиісті ". Сызба "Адам құқықтары мен бостандықтары". Баспасөз материалдары.
Өткізу барысы
I. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлкен үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, т. б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Олар барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеугс тиіс дейді. Қазақ халықтарының ойшылдары да адам құқықтары мен бостандықтарын қорғады. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би бабаларымызбен бірге Абай атамыз да адам құқықтарын қорғаған. Ол 1885 жылы Шарда өткен билердің төтенше съезіне қатысып адам құқықтарын қорғаған. Шоқан Уәлиханов "Сот реформасы" еңбегінде адам бостандықтарын жазған. Қазіргі кезде адам құқықтары мен бостандықтарына арналған қағидалар мен ережелердің ерекше жүйесі - "Халықаралық құқықтық құжаттар" маңызды ерекше болып отыр.
II. Негізгі бөлім
Оқушылар Халықарлық құқықтық құжаттар және ҚР Конституциясының баптары бойынша сөйлейді.
1-оқушы: Азаматтардыц құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттар.
Адамның құқықтары мен бостандықтарына жататын құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарына арналған халықаралық құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына игі ықпалын тигізіп отырады. БҰҰ-ның Жарғысында "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің борышы мен міндеті болып табылады" деп жарияланған. Осы жарғыға сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ешқандай да кемсітушілікке жол бермеуге тиіс.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы "Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларацияның" ережелерін үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Бұл - өмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болуы, адамды азапқа салуға, қаталдық көрсетуге немесе намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғу әрекеттеріне тыйым салу, арына, жеке басының абыройына, мекен-жайына қол сұғылуына жол бермеу.
Екінші топқа азаматтықпен байланысты ережелер жатады. Бұлар - азаматтық алу, некеге отырып, отбасын құру, меншік иесі болу, баспана алу, ар-ұждан бостандығына ие болу, бейбіт жиналыстар, демонстрациялар өткізу, мемлекет істеріп басқаруға қатынасу құқықтары.
Үшінші топқа экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар - еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбекке сай ақы алу, адамға лайық өмір сүру құқықтары.
2-оқушы: 1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы өте маңызды екі құжат қабылдады. Олар - "Азаматтық және саяси құқықтар" туралы шарт пен "Экономикалық, саяси және мәдени құқықтар" туралы шарт. Азаматтық және саяси құқықтар туралы шартта қарастырылған адам құқықтарының сақталуын бақылау мақсатында арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің, өкілдері сайланады. Оған қатысушылар мемлекет ішінде адам құқықтарының сақталу дәрежесін:
а) Мемлекеттің баяндауы бойынша;
ә) Өз тексеруінің нәтижесі бойынша;
б) Адам құқықтарының бұзылуы жөнінде шағын білдірген жеке кісілердің мәлімдемесі бойынша бағалайды.
3-оқушы: Діни наным-сенімдер туралы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің ар-ождан, діни наным және діни көзқарастарын жариялау бостандығына кепілдік береді. Бірақ ол жалпы азаматтық және азаматтық құқықты, міндеттілікті шектемеуі керек.
Балалар белгілі діни мектептерге баруға күштелмейді. Ешкімнің де діни қызметке баруы, намаз оқуы, діни шараларға қатысуы, болмаса қарсы болуы талап етілмейді.
Құқық адамның жеке меншігі емес, оны қоғамның бас мүшелері мойындағанда ғана ол өмір сүреді.
4-оқушы: Қазақстан азаматтарының қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар құруы туралы.
"Демократиялық мемлекетте азаматтар өз таңдауымен мемлекеттен тыс бірлестіктерге кіреді, сол арқылы қоғамдық өмірге еркімен қатысады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі" деп 23-бапта көрсетілген.
Сонымен қатар, мұндай бірлестіктерге қатысудан туындайтын міндеттер қабылдайды: өздері қоятын проблемалар жайында хабарландырады, қажетті жағдайда келісімге келу үшін қарама-қайшы пікірлерге шыдамдылық білдіреді, келісімге барады.
5-оқушы: Адамның бұлжымас құқықтары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz