Колледждегі математика курсына қатысты аталмыш проблема
ӘОЖ 372.851.02.
Қолжазба құқығында
ӘБДІКӘРІМОВА ӘЙГЕРІМ БАХЫТХАНҚЫЗЫ
Көпсалалы колледждерде математиканы оқытудың кәсіби бағытын
жүзеге асыру әдістемесі
6N0109- Математика
Математика магистрі академиялық дәрежесін
ізденуге арналған диссертациялық жұмыстың
рефераты
Қызылорда, 2010
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Математика
және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты,
доцент Меңліқожаева С.Қ.
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
кандидаты,
доцент Биманова Г.Е.
Диссертацияны қорғау _______________20__ж. сағат____Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен жайы: 120014,
Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі 75, №6 оқу ғимараты, физика-математика
факультеті, №215 дәрісхана) өтеді.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Білім беру деңгейі экономикалық және
ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол –
мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта
қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын
тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – үлкен ұлттық мәні бар міндет.
Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын
жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі
жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы
алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының
алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру
үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі
заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу. Сондықтан
кәсіптік мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі оқушыны
болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін
дамыту,кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман
дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін
белсенділендіру,оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру
қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің
жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік
жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми
негізде ұйымдастыру және т.б.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті
әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін,
әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл үдеріс білімнің
жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде
меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып
отыр. Осыған орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру,
танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне
қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, оушының өзінің іс әрекетінің субъектісі
болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе болып табылады.
Педагогика саласы ғалымдары (Ю.К.Бабанский, Н.В.Кузьмина,
В.А.Сластенин, және т.б.), маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-
педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен
функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-
әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен
дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынады.
Математиканы оқытудағы қолданбалы және практикалық бағыттардың жалпы
принципттерін жасау, оны жүзеге асыру әдістеріне И.К.Андронов, Ф.Г.Атутов,
С.Я.Батышев, Г.Д.Глейзер, В.А.Гусев, Ю.Н.Колягин, Г.Д.Луканкин, В.В.Фирсов,
Г.Н. Яковлев және тағы басқалардың зерттеулері арналған.
Колледждегі математика курсына қатысты аталмыш проблема
П.И.Самойленко, Л.Ю.Сергиенко, И.А.Новик және тағы басқалардың
диссертациялық зерттеулерінде қарастырылған.
Осы жұмыстардың авторлары колледждегі математика курсының мазмұнын
іріктеуге негізделетін принциптерді анықтап, орта кәсіптік оқу
орындарындағы математика курсының қолданбалы бағытының маңызын ашып, оның
қажеттілігін көрсеткен.
Математиканы оқытудың қолданбалы бағытын жүзеге асыру бірінші кезекте
оқу орындарындағы математика курсының қолданбалы мазмұнына белгілі бір
талаптар қояды. Мазмұнды таңдау мәселесінің өткірлігі мен өзектілігі
И.Н.Антипов, Ю.К.Бабанский, Ф.Я.Гальперин, Г.Д.Глейзер, В.А.Гусев,
Ю.М.Колягин, В.В.Краевский, В.С.Леднев, А.Н.Леонтьев, И.Д.Лернер,
Г.Л.Луканкин, В.А.Оганясян, А.М.Пышкало, Н.Ф.Талызина, Н.А.Терещин және
т.б. танымал педагог-психологтар мен әдіскерлер және А.Д.Александров,
В.Г.Болтянский, А.Н.Колмогоров, А.Н.Тихонов, Г.Н.Яковлев сынды
математиктердің ғылыми жұмыстарында аталып көрсетілген.
Еліміздің ХХІ ғасыр баспалдағын жаңашылдықпен қарыштап басып, өркениетке
бағдар алуы әр адамның шығармашылық болмысының нәтижесі деп бағалауға
болады. Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық
деңгейімен анықталады. Өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен
ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан білімі мен біліктерін өмірдің
өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, танымдық дербестігі
жоғары деңгейдегі шығармашыл тұлға қазіргі білім беру стратегиясының мақсат-
мұраты.
Дегенмен, кәсіптік білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық
әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына
және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар
екендігі анық. Олар: қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер
мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп
отырғанымен, оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс
тұрғысынан шешудің ғылыми – теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде
оқушылардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы
дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің
мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің бұл мәселеде
біліктілігінің толымсыздығы, мектеп бітірушілердің төмен көрсеткіштері,
қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта-ықыластарының
азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы
т.б.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушылары қазіргі уақытқа сай
сапалы математикалық білім, білік дағдыларды қалыптастыру қажеттілік талабы
мен оны практика жүзінде іске асыру әдістемесінің дәстүрлі деңгейде қалуы
арасындағы қайшылықтан зерттеу мәселесі туындайды. Жоғарыда келтірілген ой-
пікірлер зерттеу тақырыбымыздың Көпсалалы колледждерде математиканы
оқытудың кәсіби бағытын жүзеге асыру әдістемесі деп аталуына себеп болды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты –көпсалалы колледж оқушыларына
математика курсын кәсіби бағыты тұрғыда теориялық негіздеу, оның
әдістемелік жүйесін даярлау.
Зерттеу пәні – көпсалалы колледждерде математиканы оқытудың кәсіби
бағытын жүзеге асыру.
Зерттеу обьектісі -көпсалалы колледждерде математика курсын оқыту
үрдісі.
Зерттеу әдістері - әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бұрын қорғалған
диссертациялар, авторефераттармен танысып, зерттеу мәселесі бағытында
істелген жұмыстарды саралау. Тест тапсырмаларына жауап алу, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу,
сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу, нәтижелерін қортындылап
өңдеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- көпсалалы колледждерде математика курсын оқытудың кәсіби бағыты
негізінде теориялық, психологиялық-педагогикалық негіздері
анықталды;
- математика курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері және оқыту
мазмұнын құрастыру тәсілдері анықталды;
- көпсалалы орта кәсіптік оқу орындарында оқылатын математика пәні
бойынша кәсіби бағыттағы тапсырмалар жүйесі құрастырылып, оларды
оқыту үрдісінде пайдалану әдістемесі жасалды.
Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдамалар:
- кәсіптік білім беретін оқу орындарында математика курсын оқытудың
арнайы құрылған технологиясы;
- кәсіби бағыттағы тапсырмалар жүйесі мен оларды оқу үрдісінде
пайдалану әдістемесі;
- ұсынылған технологияның тиімділігінің дәлелденуі.
Диссертациялық жұмыс нәтижелерінің сынамасы (апробациясы). Зерттеудің
негізгі мазмұны мен нәтижелері Шоқан тағылымы – 14 (Көкшетау,2009ж)
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында, Ғылым, білім және
инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. жас ғалымдардың еңбектерінің
жинағы (Қызылорда, 2009) және Математика және математиканы оқыту
әдістемесі кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында баяндалды.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы. Ұсынылған әдістеменің
модульдік бағдарламаның құрылымын, бағалау рейтингін, сабақтың ақпараттық
карталарын математиканы оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда пайдалануға
болады.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертация тақырыбы бойынша екі
ғылыми жұмыс жарияланған.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің
тізімі:
1. Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында математиканы оқыту
ерекшеліктері Шоқан тағылымы-14 халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары.- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті: Көкшетау,2009.Т9.- 160 – 162 бб.
(авторлар бірлестігі).
2. Экономистерге арналған математика курсы бойынша мазмұнды
есептердің түрлері және оларды оқыту үрдісінде қолдану Ғылым, білім және

жинағы - Қызылорда, Тұмар. 2009.134-138б.
(авторлар бірлестігі)
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс
кіріспе, негізгі мазмұндағы екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Жұмыстың бірінші тарауында кәсіптік білім беретін оқу
орындарында математика курсының қолданбалы бағыттарына басымдылық беру
мәселелері қаралған.
Бірінші тарау бойынша кәсіптік білім беретін оқу орындарында
математика курсын оқытудың психологиялық, педагогикалық аспектілері, орта
кәсіптік білім беретін оқу орындарында математиканы оқытуда оқушылардың
қызығушылығын қалыптастыру жағдайлары талданған.
Оқу үрдісі – оқытушы мен оқушының арасындағы білім алу үшін қойған
мақсатқа, талапқа бірлесіп жететін әрекет, яғни оқу үрдісі оқыту мен
үйренудің өзара байланысынан тұрып, олардың бірлігі алға қойған мақсаттың
орындалуымен анықталады. Негізгі іс-әрекет, қимыл ретінде дәстүрлі
әдістемелік тәжірибе мен оқу материалының біртінділігін, негізгі мәнін
сақтай, оны талдай және мазмұнын сараптай отыра оқу үрдісін жобалау негізгі
мақсат болып табылады.
Сапалы білім беру үшін пәнді оқытудың әдістемелік жүйесін жасап, оны
практика жүзінде іске асыру қажет. Оқу үрдісінің барысында, оқытудың
әдістемелік жүйесін құрайтын, өзара логикалық байланыста болатын төмендегі
бес компонентті көрсетуге болады:
1. Бастапқы жағдайды талдау және оқыту мақсатын анықтау;
2. Жұмысты жоспарлау, немесе мақсатқа жетудің құралы мен мазмұнын
талдау;
3. Оқытушы және оқу әрекеттерінің орындалуы, оқытушы мен оқушының оқу
жұмыстарын ұйымдастыру;
4. Жұмысты тексеру және түзету;
5. Оқытудың нәтижесінде талдау және бағалау.
Егер осы бес компоненттің әрқайсысы бір-бірімен ұштасып, өз орнында
болып, өзара диалектикалық байланыста болса, оқу жүйесінде сапалы білім
беруге болатыны практика жүзінде дәлелденді.
Дидактикалық көзқарастан алғанда, оқу үрдісі, жалпы алғанда,
оқушылардың білімді меңгеру міндетіне, ал жеке алып қарағанда психологиялық
дайындығына байланысты. Сондықтан дидактар мен психологтар білімді меңгеру
үрдісін: қабылдау, түсіну, ойлау, қорыту, бекіту, қолдану үрдістері деп
бөледі.Сабақ барысында психологиялық бұл әрекеттер бірге орындалады және
оларды бір-бірінен ажырату қиынға түседі, бірақ мұғалім бұл үрдістердің
жеңіл және тиімді өтуін сабақты жоспарлағанда әрқашан есте ұстауы керек.
Жоғарыда келтірілген оқу үрдісінің құрамдас бөліктеріне қарай әр пәннің
өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оладың мақсаты да, мазмұны да, жұмысты
ұйымдастыруы да, тексеруі де, түзетуі де, оқыту нәтижесін талдауы да,
бағалауы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан, ең кем дегенде сол
бөліктердің біреуінің өз дәрежесінде зерттелмеуі бүкіл жүйеге теріс әсерін
тигізеді де, практикалық тиімділігін жоққа шығарады. Осыған орай, соңғы
жылдары оқыту әдістері мен формасына көп көңіл бөлініп, орта және кәсіптік
мектептегі білім негізі ескерусіз қалды. Оқу үрдісін жандандырудың
педагогикалық жағына оқушылардың оқу материалын эмоционалды қабылдауына
мүмкіндік туғызатын, яғни оқушының ақыл-ойын, есін, санасын баурап алатын
белгілі бір тәсілдер, формалар мен әдіс тәсілдер жүйесі арқылы іс-жүзіне
асыратын үрдістер жатады. Тек соңғы жылдары ғана кәсіптік оқу орындарында
жалпыға ортақ базалық білім деңгейін анықтау мәселесі қолға алынып жатыр.
Кәсіптік оқу орындарындағы математика курсы оның ғылымилығына сәйкес
мынандай талаптарды қанағаттандыратындай етіп ұйымдастырылуы керек:
- теориялық материалдардың үнемі практикалық бағытталуын;
- жеке математикалық фактілерден олардың жалпылауына көшудің
біртінділігін;
- теориялық материалдың бүкіл курсқа бірыңғай таралуын;
- қарапайымнан күрделіге өтудің міндеттілігін;
- көмекші-индуктивті есептеуді ұтымды қолдануын;
- математикалық тілдің (термин мен символдардың) қабылдауға
жеңілділігін және мақсаттылығын.
Математикалық білімнің жүйелілігі мен жалпылығы жөнінде сөз болғанда
мыналарды бастапқы негіз ретінде аламыз:
- математика курсын оқушылардың тұтас түрде қабылдауы, яғни
математикалық жүйесі түрінде берілуі керек;
- математика курсы математикалық мазмұнды жалпылауда қалыптастыруға
бағытталуы керек;
Математика пәні жалпы орта мектепте 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін
оқылатын пән және оқушы үшін күрделі, қиын пәндердің бірі болып саналады.
Он бір жыл бойы оқып келе жатқан оқушыға математиканың қажеттігін дәлелдеп,
белгілі білім деңгейі қалыптастырылмай, оқу үрдісі дұрыс ұйымдастырылмаған
жағдайда оқушы психологиясына теріс әсер етіп, келесі кезеңде ол
немқұрайлыққа ауысып, пәнге деген қызығушылығы нашар болып қалыптасады.
Оқушының пәнге деген қызығушылығы – оны табысты да түбегейлі игерудің
негізгі шарты. Егер оқушы пәнге, оның көтерген мәселелеріне қызықса, онда
оны игеру барысындағы қиындықтарды жеңіп, рухани және эстетикалық әсер
алады, ғылымға құрмет сезімі қалыптасады, математиканы бар жан дүниесімен
түсініп, қол жеткен табысқа қанағаттанады.
Демек, оқушы материалды түсініп, қабылдаса болашағына оның қажеттілігін
айқын сезінсе, сонымен бірге оқытушы өз пәнінің артықшылығын айқын дәлелдей
білсе, оқу үрдісі табысты болатыны сөзсіз.
Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
1) мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша
сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру,
ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы
жаңалықтарын, жүйелі баяндау;
2) өз бетінше жұмыс әрқилы түрлерінің негізделген, оқытудың
проблемалық тұрғыдан қолға алған материалы зерттеу негіздеріне
және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған
оқыту тәсілдері;
3) оқушының қабілетін ұштау, оқушыға көмек беруге дайын тұруы,
олардың күш-мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап
қоюшылығы және адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ
оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиет.
Колледждерге келген негізгі мамандығы математика емес оқушылар енді
математикамен кездеспеймін-ау деп келсем - деген сөздерді жиі естейміз.
Демек, бастапқыда қалыптасқан психологиялық көзқарас енді кеш, әйтеуір
өтсем болды - деген мақсатқа ауысып, ол ой оқушыға математика пәніне ден
қойдыртпай, оқушыға сынақтан қалай өтудің түрлі жолдарын іздестіруге бейім
тұруына итермелейді.
Сондықтан, осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:
математиканы оқыту үрдісін әр оқушының жеке басы мүддесіне нұсқан
келтірмей, оның білімді қабылдау ерекшеліктері мен қалыптасқан білім
деңгейі ескерілетіндей, бойындағы бар білімін өз еркінше алатын білімімен
сабақтастыра алатындай етіп ұйымдастыру керек. Және де ең жоғары деңгей
емес, бәріне қажетті және міндетті төменгі деңгейді белгілеу қажет.
Оқытудың қажетті және міндетті төменгі деңгейі деп, оқу мазмұнының бір
бөлігінен келесі бөлігіне немесе сол білім сатысының келесі баспалдағына
көшуге мүмкіндік беретіндей білім, біліктілік және дағды жиынтығын түсіну
керек деп санаймыз.
Кәсіби оқу орындарындығы оқушылардың басым бөлігінің танымдық
қызығушылығы білімді практикада пайдалануға бағытталған, жалпы білім
пәндерін оқудың, олар үшін құндылығы алдарынан ашылатын прициптер мен
заңдармен емес, білімнің практикалық іс-әрекетті жоғары тиімділікпен
атқаруға көмектесіп, өздерінің мамандықтарының біліктілігін арттыруға жол
ашатындығын байқайды. Бұл оқушылардың таным деген қызығушылығына күш жұмсай
отырып еркін назар аударуды игеруіне, іс-әрекетке берілуіне ынталықтары
қалыптасып, қолға алынған іс-әрекеттерден айырылып қалмауға тырысады.
Кәсіптік оқу орындарындағы, оқушылардың барлық себептік қажеттілік
салаларының маңызы мен күші дәл осындай көрінісін табады. Құн танымдық
қызығушылық басым, әрі құрметті рөльде болуы мүмкін , бірақ, жеке тұлға
үшін бұл рөль барлық кезде маңызды емес.
Білім берудегі кәсіптік бағытқа төмендегі талаптар қойылады, атап
айтқанда:
1. Ғылымның негізгі жүйесі мен тәсілдер іс-әрекет танымдық арнайы пәндер
мен жеке немесе бірнеше кәсіптік өндірістік оқытуда болатын экономикалық
білім және іскерлік жүйесімен тығыз байланысты болуға тиісті.
2. Оқушылардың алатын мамандық және өндіріс жөніндегі ғылыммен
негізделген принциптер, заңдылықтар өндіріс саласындағы еңбек нәтижелері
мен құралдарды, пәндердің генетикалық өзара қарым-қатынасы мен шарттары
жөнінде ғылыми негізге сүйенген түсінік қалыптасуға тиісті.
3. Жалпы білім және кәсіби дайындық арасындағы өзара байланыс теория мен
практиканың байланысын оқытушылардың экономикалық ой-өрісінің дамуын, әрбір
жеке тұлғаның кәсіптік бағытын күшейтіп, аталмыш кәсіп мамандарының жақсы
дәстүрлерін көзқарастарына сәйкес бейімделуді қалыптастыруға тиісті.
Жұмыстың екінші тарауында көпсалалы колледждерде жаңа технология
негізінде математика курсын оқытудың кәсіби бағытын іске асыру жұмыстары
зерттелген. Математика курсын оқытуда модульдік – рейтингтік
технологияны, жаңа технология негізінде математика курсын оқытуды,
практикалық сабақтарды ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістемесі жасалған.
Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жаңа көзқарастар тұрғысынан
ерекшеленіп, талданып, басқа түрлері қабылдану үстінде. Ең бастысы оқушыға
деген қатынас объект ретінде емес, оның дамушы тұлға ретіндегі қоғамды
өзгертуші субъект екені мойындалып отыр. Технология бұл жерде оқушы мен
мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастың жүйелі алгоритмі ретінде
қарастырылғаны жөн. Технологияны жүйелі ойды алгоритмдеу құралы ретінде
қарастыру оқытудың жаңа үлгілерін әр мұғалім өзінің ойлау дәрежесі мен
алдындағы оқушысының даму деңгейіне қарай түрлендіруіне толық мүмкіндік
береді. Білім мазмұнын кеңейту мен оқытудың үлгілерімен айналысу
еңбектеріне талдау жасайтын болсақ, Қазақстан жеріндегі педагогикалық
технологиялардың бірнеше түрлерін жіктеуге болады: Ж.А. Қараевтың,
Ә.Жүнісбектің, М.М. Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Соның бірі модульдік технология.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік, ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Модульдік оқыту терминінің мағыналық мәні халықаралық
Модуль (латынша – modulus - өлшем, шама, мөлшер) сөзімен байланысқан,
оның мағыналарының біреуі – функционалдық түйін.
Модуль жүйесін оқу үрдісінде енгізудің негізгі мақсаты: оқытудың тиімді
жолдарын қарастыру, пән мазмұнын тереңірек меңгерту; оқушының белсенділігін
туғызу, пәнге қызықтыру; тұлғаның кәсіби біліктілігін көтеру; білім
алушылардың өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру; оқытудың
ұйымдастырылуы бойынша және де мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі
қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін және жаңа қажеттілікті
анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру; оқушылар үшін жекелей
қарқынды, материалды меңгеруде өзінің әдісін таңдау, өзіндік бақылауды
жүзеге асыру және тағы басқадай жұмыстарға жағдай жасау.
Көпсалалы колледждерде іргелі дайындық кезеңінде модульдік-рейтингтік
оқытуды таңдау және МТО (модульдік оқыту технологиясымен оқыту) жобалау
мүмкіндігі келесі шарттармен анықталды:
1) МТО жобалаудың шығар жері модульдік бағдарламаның және
модульдердің дидактикалық мақсаттарын жобалау болып табылады.
Қазіргі уақытта ондай жобалаудың негізіне бар пән бойынша типтік
оқу бағдарламары жатады. Олардың бар болуы педагогикалық
технологияларды жобалаудың негізгі шарты болып табылады.
2) Кәсіптік оқу орындарында оқушылар үшін бірқатарлы қиындықтармен
сипатталады: мамандықтың болашағы туралы үстіртін түсінік,
мамандықты таңдау дұрыстығына күдік. Сондықтан кәсіби-қолданбалы
сипатындағы модульдерді пайдалану болашақ кәсіби іс-әрекетке
бағыт беріп отыру қажет.
3) Модулдік-рейтингтік окытуды жүзеге асырудың басқадай маңызды
шарты оқу жоспарында оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге беріліп
тұратын оқу уақыты үлесінің артуы болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz