Дәстүрлі оқыту әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ІІ. Информатиканы оқытудағы жаңа технологияларды пайдаланудың әдістері.
2.1. Информатиканы дербес оқытудың әдістемелері және дәстүрлі оқытудың
әдістері.

Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі
ретінде анықтауға болады.
Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың
бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны –
педагогтың іс-әрекеті; инструкциямен компьютердегі программамен жұмыс істеу
– оқушының іс-әрекеті; компьютерде орындалған оқушының жұмысының нәтижесін
қорғау (тапсыру) – олардың бірлескен іс-әрекеті.
Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің
көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі
орын алады. Курстың мақсаттарының бірі компьютермен жұмыс кезіндегі
оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз
бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ, компьютер мұғалім мен
оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттің көлемін едәуір кеңейтеді. Әрине, бұл
педагогты іс-әрекетінен толық босатады деген сөз емес. Педагогтың оқыту
алгоритміндегі жүзеге асырылатын білімі мен тәжірибелері оқушының өз
бетінділігінің жоғарылауына әкеледі.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару
функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз
бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу
іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару.
Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін
өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару әдісі ретінде
қарастырылады.
Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту
әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді (продуктивті) болып есептеледі:
1) әлем жайында білім;
2) іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;
3) шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;
4) эмоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі.
Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділігінің негізгі дидактикалық
функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі
репродуктивті іс-әрекетте оқушының белсенділігі төмен болатыны, ал
проблемалық іздеу тәсілінде, шығармашылық іс-әрекетте белсенділіктің жоғары
болатыны белгілі.
Ю.К.Бабанскийдің еңбектерінде әдістерді топтаудың толық тізімі
келтірілген. Информацияны қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге айналған:
сөздік әдіс, пәндік шолу және практикалық.
Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей негіздері бар: білім алу
тәсілі (теория мен практика), кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау
және өзіндік бақылау), оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).
Информатиканың мазмұнына қатысты оқытудың нақты әдісін аталған белгі
параметрлердің комбинациясы ретінде түсінуге болады.
Енді информатиканы оқытуға қатысты маңызды деп есептелетін нақты
әдістерді қарастырайық.
Әлем жайында білім. Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау,
түсіну, еске сақтау арқылы жүреді. Ал, әлемді, мысалы, адамды қоршаған
заттар әлемі, оның әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің
ішкі әлемі тәрізді ақиқаттылық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен
олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамның информациялық ресурсына
кіру арылы және компьютерде модельдеу арқылы таниды. Білім беру жүйесінің
алдындағы мүмкіндіктер енді ғана ашылуда. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен
кітапқа сүйенеді.
Компьютерлік желілер оқушылардың алдына нақты мәліметтерді сақтау
немесе меңгеру мәселесін қоймайды, информация әлемінен өзіне қажеттіні
алып, информациялық іздеу жүйелеріне сұранысты дұрыс қоя білу, өзінің
сұранысын әрі жылдам, әрі икемділікпен түзете білу іскерлігінің болуын
талап етеді.
Әлеуметтік орта компьютерлік әлемнің тәртіп ережесі арқылы,
компьютерлік желіде, ұжымдық жұмыста адамдардың бір-біріне өзара
әрекеттесуі арқылы ашылады. Компьютерлік әлемді үйрену оқушылардың
ізденушілік зерттеу іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады, мысалы,
компьютердегі ойын ережесі, логикасын меңгеру тәрізді.
Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін жеке іс-әрекетін ойлау
рефлекциясы арқылы жүзеге асырылады. Компьютер іс-әрекеттің нәтижесін
жылдам бере отырып, дәл осындай ойлау сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
І-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері. Іс-әрекеттің үлгісін
көрсету және инструктаж жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын
жаңалығы мен оқушылардың ізденушілік белсенділігі арқылы беріледі.
Компьютермен жұмыс істеуде әс-әрекеттің стандартты түріне бара бар оқыту
әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болып табылады. Дайын программа
мен диалогты меңгеруде және пернелік тақтамен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері. Шығармашылық іс-әрекет
тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс емес программалық құралдары
меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл – бәр
мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Программалау мен модельдеу
саласындағы шығармашылық тәжірибесі – ашық программалар әдісімен берілуі
мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі шағын, ол информатиканың жас
ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі. Эмоционалды құндылық
қарым-қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-
қатынасы процесінде пайда болып, таратылады. Мектеп практикасында
оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер жинақталады. Педагогтың
жеке басының үлгісін, оның іс-әрекетін, оқушылармен, әріптестерімен және
қоғаммен қарым-қатынасын компьютерлік желі арқылы бағалау мүмкін емес.
Информатикаға тән тәрбиелік бағытта жұмыс істейтін оқыту әдісін атау
қиын, бірақ, информатиканы оқыту барысында жүзеге асырылатын жағдайларды
көрсетуге болады. Ол оқушыларға өзінің жұмысын жазуды ұсыну, программада
қате жібермеуге қойылатын талап (жұмыс нәтижесіне оқушының жеке
жауапкершілігі), сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар мәселе – оқушының
жауабына кластың көңілін аудару болып табылады.
Дәстүрлі оқыту әдістері.
Оқытудың сөздік әдісі. Классикалық педагогика өз уақытында сөзбен білім
берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я. А.Коменский
информацияны кітаптан, лекциядан алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз
бетімен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін атап
көрсеткен.
Көрнекілік әдісі. Информатика курсындағы көрнекілік әдісі – оқушының
жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан кейін компьютерлік
ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін
қарастыратын болсақ:
Иллюстрация. Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын
толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік береді. Бәрінен бұрын, көзге көрінбейтін
нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік
мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету (компьютердің барлық зердесінің
үлгісін, зерденің ұяшықтарын көрсету). Компьютермен алғаш танысу ретінде
қағазға бейнеленген пернелік тақтаны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ
пернелердің қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен
жалғастырылады.
Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін
үндемей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез келген компилятор қателердің орны
мен мәнін демонстрациялай алады. Оқушылар өздерінің жұмыстарының нәтижесін
мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялып бере алады. Алгоритмнің
атқарылу процесі атқарылу кестесінің көмегімен демонстрацияланады. Есептеу-
практикум жүйесін кестенің атқарылу мысалы ретінде түсінуге болады. Сондай-
ақ оқу орындарындағы іс-әрекет процесін демонстрациялауға да болады.
Компьютерлік демонстарцияның маңызды ерекшелігі – көрнекі бейнелерді
қозғалмалы күйінде басқару. Оқушы демонстрациялауды өзінің дербес
қарқынымен орындайды және қайталауына мүмкіндігі бар.
Компьютердің көмегімен модельдеу мен көрнекі бейнелеу нәтижесінің
белгілі бір қаупі бар. Кез келген компьютерлік модель шынайы ақиқаттан
әлдеқайда жеңіл болады. Сонымен қатар, шынайы құбылыста көрінбейтін өзіндік
қасиеті болады. Кейбір жағдайда компьютерлік бейненің көрнекілігі
оқушыларды шатастыруы мүмкін. Сондықтан Я.Коменскийдің кітаптағы
(компьютердегі) модель арқылы емес, шынайы құбылыстан тікелей үйрету қажет
деген тұжырымын әрдайым есте ұстаған дұрыс.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер. Қарастырылып отырған жағдайда
практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теория емес, сөзбен және бақылаумен
салыстырылады. Информатика білімнің үш түрлі көзін үйлесімді түрде
біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып (сөз),
мұғалімнің әрекеті мен компьютердің жұмысын бақылай отырып (заттық әдіс),
оқушылар компьютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда
әдістер бірін-бірі толықтырады.
Информатикадағы теория мен практика ұғымы жалпы ғылыми категориямен
толық үндеседі. Информатика тілінде теория компьютерлік әлемнің жұмысын,
қасиеттерін түсіндіру немесе болжау құралы, ал практика – теория мен
теорияларға арналған гипотезалар көзін тексеру құралы. Мысалы, лекция
сабағында мәліметтер қорын басқару жүйесіне қатысты теория: іздеуге
сұранысты құру ережесі және т.б. Практикада оқушы машинамен меңгерген
командаларын тексереді. Семинар сабағында алгоритмнің нақты орындалуын
түсіндіру, лабораториялық сабақта алгоритмді тексереді. Компьютерсіз
алгоритмнің дұрыстығын дәлелдеу таза теориялық әдіспен жүргізіледі. Бірақ,
бұл тәсіл аса күрделі емес алгоритмдермен шектеледі.
Алгоритмді құру немесе түрлендіру – бұл оқушының жұмыс істеуіне,
нұсқауына негізделген теориялық іс-әрекет. Практиканың негізгі түрі
ешқандай ережесіз компьютерлік ортаны зерттеу болып табылады. Тіпті ағылшын
тіліндегі нұсқау қолда болғанмен, оның мазмұны барлық уақытта түсінікті
бола бермейді.
Жұмыстың комбинацияланған әдісі программаны жүргізу болып табылады. Бұл
жерде қатенің себептерін практикалық талдау мен оны практикалық тексеру
өзара үйлесім табады.
Бақылау.
Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп
бөлуге болады.
Информатика курсындағы бақылаудың ерекшелігін төмендегідей тұжырымдауға
болады: жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп
есептейді; компьютер оқушыныың өзінің іс-әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс
немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да
маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де,
өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлеуге дағдыланады.
Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді, бақылаудың
келесі кезеңі - өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың
күрделі де, ең жоғарғы түрі болып есептеледі. Әлбетте адам өзіне сенуге
және өзіне баға беруге бейім келеді.Өзін бақылай білу іскерлігі, мейлі
компьютердің көмегімен болсын, өзіндік ойлаудың ең жоғарғы дәрежесі.
Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді,
бірақ өте жоғары жылдам реакция – мұғалімнің бұл түсініктемесі – оқушының
ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды ұйымдастыруға
қатысты бақылауды ауызша және жазбаша бөлуге болады. Жазба тіл пайдалы,
үлкен еңбекті талап етеді. Компьютер экранындағы мәтін жазба тілдің бір
түрі болып есептеледі.
Компьютердегі жұмыс және ойлау әрекеттері
Оқушылардың ойлау процесін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін түсіну
үшін компьютерге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге
асырылатын қарастырайық. Педагог оқушыны түсініп, оларды өзімен салыстыруы
тиіс. Егер мұғалім алдын-ала оларды болжап, әрекеттерін ескеріп, үйлесімді
жоспарлай білсе, онда оқытуды ұйымдастыру әлде қайда жеңіл болары сөзсіз.
Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез
әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары:
есептің қойылысын талдау (анализ), қолдағы бар программалық немесе
синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде анализдің
мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін. Бұдан программаның орындалу
процесі қадамдарға бөлінеді, ал мәліметтердің орындалу процесі қадамдарға
бөлінеді, ал мәліметтердің өзгеру процесі қадамдардың тізбегін өзгертеді.
Егер қатені іздеу программаны тасымалдау (трассировка) жолымен
компьютердегі диалог түрінде орындалса, онда бұл талдаудың түрі – өрескел
талдау - жіктеу болады. Егер қате компьютерде орындалғанға дейін талданса,
онда оймен бөліктерге бөлу. Қатені іздеудің мәні алгоритмнің фактіден
алшақтаған мезетін іздеу болып табылады.
Күрделі синтезге мысал ретінде оқушылардың компьютерлік ортаның идеялық
моделін ойша құруы болып есептеледі.
Салыстыру мен топтау. Бір біріне жақын командаларды түсіндіруде
салыстырудың үлкен мәні бар: электрондық кестеде көшіру мен көбейту,
циклдық алгоритмдердегі үшін және әзір командалары. Бұл ұғымның
мағынасын меңгерудің індетті кезеңі. Мысалы, егер, оқушы цб үшін І бастап
1 дейін N командасынан кейін цс (цикл соңы) сөзінің алдына І:=І+1
командасын жазатын болса, онда мұғалімге оқушының бұл командалардың
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ашу кезеңінен өтпегендігін және талдап
түсінбегені туралы ақпарат береді. Тағы бір өрескел қате цб егер -
салыстыру амалының тармақталу мен қайталану командаларын ажыратудан бұрын
орындалмағанын көрсетеді.
Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа
ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін
айрымашылығын көрсету қажет. Мысалы, алдымен әртүрлі құрама командалар
туралы әңгіме етпей тұрып, алгоритмнің үш түрін салыстыруға болады:
сызықтық, тармақталған және қайталанатын алгоритмдер. Сызықтық алгоритм деп
әрбір команда тек бір рет орындалатын, қайталанатын алгоритм деп бір
команданың бірнеше рет орындалатынын, тармақталған алгоритм деп бірнеше
команданың тек біреуі ғана орындалатын алгоритмді айтамыз. Бұл жерде
алгоритмнің түрлері толық қамтылған. Тек қайталану шартының ұғымы мен
таңдау кейінге қалдырылған. Ол бір команда неше рет қайталанады немесе
бірнеше команданың қайсысы орындалады деген сұрақтарға жауап беру барысында
түсіндіріледі.
Топтау (классификация) ойлау әрекеті ретінде үлкен көлемді материалды
оқушының меңгеруі барысында білімді текітуге байланысты кездеседі. Мысалы,
электрондық кестенің барлық командаларын алфавиттік ретпен есте сақтау өте
қиын, ал оларды ұқсастық және айырмашылық қасиеттеріне қарай топтау
түсіндіруді едәуір жеңілдетеді. Дұрыс топтай білу іскерлігі дамыған ойлау
әрекетінің белгісі.
Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы – ұқсас
әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасына көшу бола
алады. Жалпылаудың айқынырақ ашылған мысалы дедукция болып табылады. Мұны
математикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық емес индукция. Бұл
практикалық информатиканың өн бойына және жиі кездесетін аса маңызды
әрекет. Енді мысалмен түсіндіретін болсақ, Инженер практикке 60 санының
бөлінгіштігін табу тапсырылады. Оның ойлау барысы төмендегідей болады: 60
саны 2-ге бөлінеді. 3-ке бөлінеді. 4-ке, 5-ке және 6-ға бөлінеді. Кездейсоқ
сан деп 30-ды алсақ оған да бөлінеді. Бұдан 60 саны барлық сандарға
бөлінеді деп қорытынды жасайды. Ал, 60 саны 7-ге бөлінбейді. Бұл
компьютердің ақауы дейді. Бұл әдеттегі толық емес индукция.
Енді компьютерге оралатын болсақ, оқушы алғаш рет компьютерге отырып,
мәтіндік редактормен жұмысты бастады. Оқушы оңға бағыттаушы пернесін басты.
Меңзер оңға бір орын ауыстырды. Ал, енді оқушылардан оңға бағыттаушы
пернені басқанда не болады деп сұрасақ, оқушылардың 99 пайызы ойланбастан
бір мәнді жауап береді. Меңзер оңға жылжиды. Оқушы меңзердің экрнанның оң
жақ шетінде болған жағдайын ескермей жауап береді.
Енді оқушының ойланбай берген жауабы бойынша ойлау барысын талдайық.
Оңға бағыттаушы пернесін басқанда меңзер сол мезетте оңға жылжиды. Олай
болса, қалған жағдайларда да оңға жылжиды. Бұл толық емес индукцияның
үлгісі.
Мұндай талқылау үлгілері практикада төмендегідей себептермен жиі
нақтыланады.
1) Шын мәнінде компьютердің құрылымы солай жасалған: зерде ұяшықтар,
схемалар, регистрлер алгоритмдер құрылымдары бір типті.
2) Программалық құралда да барлық уақытта белгілі бір стандарты
ұстанады. Оңға бағыттаушы пернесі меңзерді оңға жылжытпайтын редактор
табылмауы да мүмкін.
3) Стандарты ұстамаған программалар танымал емес және олар
таратылмайды.
Бұдан, дайын программаларды іріктеуде және программа құру барысында
белгілеулер мен әрекеттерде бірыңғайлылық барлық уақытта да сақталады,
индуктивтік жалпылаудың негіздемесіне барады.
Аналогия және тасымал. Аналогия дегеніміз бұл индукцияның абайланған
бір түрі. Талдау үлгісі төмендегідей. В жағдайында F фактісінің орны бар.
В1 жағдайының қандай да бір мағынада В жағдайына ұқсастығы бар. Олай болса,
олардың әрқайсысында F фактісіне орын бар деп күтуге болады.
Абстракция және нақтылау. Абстракция және нақтылау амалдары
компьютерлік модельдеумен тығыз байланысты. Алғашқы берілген есеп нақты
қойылады, оны информатика тіліне аудару өзіндік қиын мәселе болып табылады.
Істің мәні – нақты тілден абстрактілі тілге аударылуында. Одан кейін
алынған нәтиже пайдаланушыға есептің қойылған тілінде берілуі тиіс, яғни
кері аударма жасалынады.
2.2. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері.
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ сынып-сабақ жүйесінің
негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:
1) оқу топтарының құрамы;
2) әр сыныптағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;
5) мұғалімнің жетекші ролі;
6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған сынып-
сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі
болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік
тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ. ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі
дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде белл-
ланкастерлік түрі, мангейм жүйесі, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты
түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай
тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен
толықтырады.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері
пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал,
дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған
сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:
1) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);
2) оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы
(жаттығу сабағы);
3) оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.
Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың
біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе
басшылыққа барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас
сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді
және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану
жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және
педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық
ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән
ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ,
М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды компьютерді
қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды
лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан
тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша
топтауға мүмкіндік береді.
Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.

Оқу сабағының Сабаққа тән дидактикалық функциялары
түрі
Сабақ Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі
іскерліктерді қалыптастыру; оқулықпен, анықтамалық
әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу,
қорытынды жасау. Есептер шығару.
Лекция Қандай да бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе
(теориялық тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу, лекция жазу,
оқыту) жоғарғы оқу орнындағы оқу түріне дайындау іскерлігін
қалыптастыру.
Семинар Өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап, жүйелеу;
(теориялық қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру,
оқыту) әртүрлі әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған
материалдарды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу
және негіздей білу іскерлігі. Реферат, тезис, баяндамалар
жоспарын және хабарламалар жазу; оқылғанды конспектілеу,
көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін
пайдалану.
Конференция Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетіп кеңейту;
(теориялық қосымша информация көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін
оқыту) дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама
жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Әңгімелесу Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау;
(теориялық біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән
оқыту) бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.
Консультация Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген
(теориялық білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға
оқыту) жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек
көрсету.
Фронтальдық Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей
лабораторлық білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру,
жұмыс бекіту, меңгерген материалды тексеру), жеңіл есептерді
орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның
қорытындысын тұжырымдау.
Практикум Күрделі программалармен және ПҚ-дің қосымшаларымен жұмыс
істей білу іскерлігін қалыптастыру өз бетімен зерттеу
жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.

Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:
- оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқару;
- оқушының информациялық процестерді басқаруы;
- оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.
Аталған аспектілерге сәйкес:
- оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері: сынып-сабақ жүйесі
және т.б.
- оқытудың ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтік, топтық;
- тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, - болып бөлінеді.

Педагогикалық оқу іс-әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің
қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін
материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып
табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқытушының таңдаған әдісіне байланысты
өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады:
- түсіндірмелі-иллюстрациялы;
- программаланған;
- модельдік;
- эвристикалық;
- проблемалық.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын тақырып
белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы ретінде
жоспарлағанда пайдалануға болады. Графикалық операторлар тақырыбын
бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың алғашқы үштен
бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды қайталау, қалған уақытта
графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарапайым программа жазу.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту
әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен
таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет алынатынын біледі,
бірақ суретті салу - әр оқушыға жеке тапсырма.
Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса, ол
оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.
Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейін белгісіз болса, ол
дидактиканың проблемалық әдісі болып табылады.
Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары
белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен біріге отырып, шартты
таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады.
САРАЛАП, ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу
жолындағы қолданылатын барлық қисынды амалдары мен әдістемелік құралдардың
жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті – деп жазады М.В.Кларин.
- Басқа сөзбен айтқанда, білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен
тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін, бөлім болып табылады.
Жаңа технология - әр түрлі пәннен оқушылардың саралап деңгейлеп,
жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен
қарауына, жаңашыл тәжірибелерін, жеке әдістемелерін кеңінен пайдалануға
мүмкіндік береді. Олай болса мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда
оқушыларды жаңа технология үрдісінде оқыту мәселесі алға қойылған
міндеттердің бірі болуы керек. Сондықтан қазіргі білім технологиясында жеке
тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше болғандықтан, әрбір мұғалім жаңа
технологияны меңгеріп, оқу үрдісіне қолдануы қажет. Мектепте технология
пәні көбінесе шығармашылық деңгейде өтетіндіктен, оқыту модулінің
ерекшелігіне байланысты, жоғарғы сатысы диалектикалық жүйе болса, төменгі
сатысы әдіс-тәсіл педагогикалық жаңа техника болуы керек. Осы тұста
өзіміздің пәнімізге профессор Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту
технологиясын қолдану тәсілінің тиімділігін айтар едім.
Бүгінгі таңда профессор Ж.А.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту
технологиясы кеңінен танымал болып, соңғы кездері химия, алгебра, физика,
география, биология, астрономия, тарих т.б. пәндері үшін тиімді деп
саналып, әдістемелік жұмыс дәптерлері дайындалып шығарылып нәтижелері
көрініп жатыр. Осы игілікті істердің қатарында технология пәнінің мектеп
тәжірибесінде шығармашылық деңгейімен ерекше орын алатындығын ескерсек,
саралап деңгейлеп оқыту технологиясы осы пән үшін ең тиімді деп айтар едім.
Оған дәлел 2003-2004 оқу жылдарында 9-10-11 сыныптарында Информатика,
бойынша өтілетін сабақтарда осы технологияны қолданып, оқушылардың
интеллектуалды, шығармашылық деңгейлерінің қалыптасқандығына куә болдым.
Оқыту үрдісінде бұл технологияны қолдану арқылы мектептегі
технологияны қолдану арқылы мектептегі технология пәні ғылым негіздері
болып табылатын басқа пәндердің қатарында жүретіндігіне педагогикалық
тәжірибемнің нәтижесіменен айта аламын. Осыған орай профессор
Ж.А.Қараевтың технология негізін және Ж.У.Кобдикованың әдістемелік
нұсқауларын басшылыққа алып, әдістемелік кешенді құралдар жобасын
құрастырудамын, технологиядан негізге білім беру бағдарламасы негізінде
қолөнер сабағын СДОТ бойынша жүргізуі үшін, ғылыми-әдістемелік
жұмысты ұйымдастырудың кешенді мақсатты жобасы, оқу бағдарламасы, жұмыс
дәптері, қосымша оқу құралдарынан тұру керек деп есептеймін.
Жұмысымның басты мақсаты:
- оқушыларды ұлттық бағытқа бағдарлай отырып, қоғамның даму үрдісін,
ғылым мен білімнің технологияларын меңгерту;
- ақпараттандыру (қосымша оқулық, БАҚ хабарлары көздерінен);
- жоғары дәрежедегі білім деңгейіне жету;
- шығармашылық қабілетін тереңдету;
Әдістемелік кешенді жүйе: күнтізбе жоспары, жұмыс дәптері, әңгімелесуші
құрал, СДОТ құрылымынан тұрады.
Күнтізбелік жоспар ерекшелігі 9-10-11 сынып қыздарына арналған
Қолөнер бойынша жасалған бағдарламамның жылдық сағатын 10 модульге
бөлдім, әрбір модуль соңында, әрбір тоқсан және жыл аяғында бақылау
жұмыстары алдында екі сағат даярлыққа беріледі.
Әңгімелесуші оқу құралы оқу-әдістемелік кешеннің өзегі оқушының
танымдық әрекетін басқарудың әдістемелік жүйесі тұтастығын қамтамасыз
етеді. Оқушыны тиянақты біліммен қаруландырады. Қолөнер пәнінің белгілі бір
тереңіне үңіліп, сұлулық әлемінің бейнесін құруға көмектеседі. Бұл
оқулықтың мазмұны толығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі бекіткен мемлекеттік білім стандартының талабына сай
орындалды.
Сонымен қатар тағы бір ерекшелігі-қолөнер негіздері бойынша пәнді
саралап деңгейлеп оқыту технологиясында жасалған жұмыс дәптеріндегі
түсініктер мен маңызды теориялық сұрақтарға толыққанды жауап табуға
мүмкіндік береді.
Жұмыс дәптерінің мазмұны қазіргі қолөнердің шығармашылық деңгейдегі
жетістіктеріне негізделіп, саралап деңгейлеп оқыту технологиясын
басшылыққа алып жасалды.
Тиімділігі:
1. Жұмыс қорытындысы тез, уақытында шығады.
2. Уақытты тиімді пайдалану жинақылыққа үйретеді.
3. Баланың сенімге ие болуы оның жауапкершілігін арттырып, өзін-өзі
бағалауды үйренеді.
4. Оқушы мен оқытушы арасында өзара сыйластық, еңбек бірлестігі
қалыптасады.
5. Мұғалімнің еңбегі жеңілдейді.
Нәтижесі:
1. Сыныптың 92 пайызы сабақтың қорытындысын сол сабақта шығарып,
көрсеткіштерін анықтауға үлгереді.;
2. Әрбір қыз бала өзіне папка арнап, өз шығармашылық деңгейін анықтауға
оқу жылының соңына дейін міндеттеме алады;
3. Кезең тапсырмасын жүйелі түрде орындауға 6 оқушының қабілетті
анықталады;
4. Шығармашылық деңгейін анықтауда қыздардың әр түрлі қабілеттерінің
жиынтығы анықталып, осы нәтижелердің барысында Ғылыми қоғам құрылды.
Ғылыми қоғамның жылдық жоспарына қазақ қолөнерінің этномәдени тарихи даму
кезеңдеріндегі барлық қолөнер салаларының зерттеулік тақырыптары
енгізіліп, жеке өзін-өзі дамыту жұмыстары жүргізіліп отырды.
Нәтижесінде Жәнібекова Сымбат (ғылыми қоғам топ жетекшісі) аудандық
ғылыми жарысының І – кезеңінде І-жүлделі орынды, облыстық ғылыми жарыстың
ІІ-кезеңінде ІІ-жүлделі орынды алып, 26.04.2005 жылы өтетін Кіші академия
ғылымы атты конференциясына жолдама алды.
Бұл да осы тереңдетіп оқыту технологиясының үлкен бір жетістігі.
Ұсынысым:
Технология пәні шығармашылық деңгейде өтетін сабақ болғандықтан СДОТ
жаңа технологиясы бойынша оқыту аптасына 2 – 3 сағат жүктеме өте аз, бұл
технологияны толыққанды жүзеге асыруға кем дегенде аптасына 4-5 сағат
жүктеме болу керек, деген ұсыныстарды айта отырып профессор Ж.А. Қараевтың
саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – технология пәні үшін тиімді әрі
жемісті болады деген тәжірибелік пікірімді ұсына отырып, Әл-Фарабидің:
Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық
игіліктер мен өнерлерді дарыту - деген сөзді әр мұғалім өз сабағына
эпиграф етіп алса екен деймін.
Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуы білім беру жүйесінің
алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол міндет кез келген орында, бүкіл
техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына
бейімделе алатын орындаушы қалыптастыру. Ол орындаушы қалыптастыру. Ол
орындаушы бүгінгі алдымызда отырған оқушылар. Сол оқушыларды ертеңгі
уақытта талабына сай азамат етіп тәрбиелеуде бүгінгі беретін білім жоғары
деңгейде болу керек. Сапалы білім беру мұғалімнен тынбай ізденуді,
шығармашылық қабілетті, жан-жақты білімді талап етеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту (әдісі) технологиясы бірқатар
пәндерде қолданып жүр. Осы технологияны өз тәжірибемде технология пәнінде
қолдануды ұйғардым. Мұндағы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен
қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлік тапсырмаларды бір тарауды аяқтаған кезде нәтижесін
қорытындылау үшін қолдануға болады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының І деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс
орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Қандай оқушы болмасын жақсы
оқитынына қарамастан жұмысын оқушылық І деңгейді орындауға міндетті, ол
үшін жеңіл болса да, бастапқы тапсырмаларды орындаудан бастайды.
Барлық оқушы жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы білім игерудегі өз
қабілетіне қарай өз билігіне жетеді. Барлық оқушы І деңгей орындауға
міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Әдетте І деңгейді орындаған оқушы оны ары қарай орындауға ұмтылады, өз
білімін көрсетуге, толықтыруға талаптанады. Оқушылар білімін дүниежүзілік
білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай, балл жинау әдісімен бағаладым.
Мысалы,
І-деңгей 4 сұрақ х 2 ұпай = 8 ұпай
ІІ-деңгей 3 сұрақ х 3 ұпай = 9 ұпай
ІІІ-деңгей 2 сұрақ х 5 ұпай = 10 ұпай
ІҮ- деңгей 1 сұрақ х 10 ұпай = 10 ұпай
баға мониторингісін белгіледім.
І-деңгей 6-8 ұпай – 3 деген баға
І-ІІ деңгей 8-10 ұпай – 4 деген баға
І-ІІ-ІІІ деңгей 16-20 ұпай – 5 деген баға
ІҮ- деңгей шығармашылық жұмыс деңгейіне, жұмыстың орындалуына
байланысты 4 немесе 5.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде үлгере алмайтын, баяу
қимылдайтын оқушылар бар, оларға міндетті түрде орындайсың деп, талап
қойып, психикалық қысым жасамадым. Олар орындайтын деңгейлерді (әрине менің
көмегіммен немесе жақсы оқитын оқушының көмегімен).
Дегенмен, олар сол деңгейлерді өз бетінше орындауға талпынды. Деңгейлеп
оқыту кезінде мұғалім өзіне:
1) Теориялық даярлық;
2) Сапалы сабақ жоспары,
3) Пәнаралық байланыс;
4) Уақытты тиімді пайдалану;
5) Көрнекілік-құралдармен, ойындармен түрлендіру;
6) Тәрбиелік мәні;
7) Ұлттық элементтердің тиімді қолдану талаптарын қоя білуі керек.
Мысал ретінде, Ақпарат түсінігі бойынша (5 сынып) тапсырма
І – деңгей
1) Ақпарат дегеніміз не?
2) Ақпарат түрлері.
3) Ақпараттың сөзбен берілуі.
4) Ақпаратқа мысал келтіру.
ІІ-деңгей
1. а) Ақпараттың түрлеріне мысал келтір.
ә) Ақпараттың қасиеттерін ата.
2. а) Ақпараттың берілу тәсілдері.
ә) Берілу тәсілдеріне мысал келтір.
3. Ақпарат алмасу дегенді қалай түсінеміз?
ІІІ-деңгей
1. а) Көрсетілген ақпараттың түрлерін ата. (сөзбен, дыбыспен,
бейнефильм).
ә) Дыбыстық ақпараттарға мысал келтір.
2. Ақпаратты өңдеу, сақтау, түрлендіру жолдары:
а) Ақпаратты қалай сақтаймыз?
ә) Ақпаратты қалай түрлендіреміз.
ІV-деңгей
Шығармашылық жұмыс. Ақпарат түрлерінен практикалық жұмыс жасау.

2.3. Информатика сабағында жаңа технологияларды қолдануға арналған
ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының Президентінің халқына жолдауында ХХІ
ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз
болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымты өндірістері үшін
кадрларын қорын жасақтау қажет- деді.
Шынында, оқушылардың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып
отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі
ғылыми техникалық және әлеуметтік – мәдени жетістіктердің қарыштап дамуынан
туындауында. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге мамандарды жан-
жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы
сондықтан.
Он екі жылдық білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір
сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталады.
І саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар.
ІІ саты – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар
ІІІ саты – орта білім беру, 11-12 сыныптар
Осы саты іске асырылатын болса кәсіптік бағдар беру жүйесі де нақтылай
жолға қойылатын болады. Мұнда әрбір сатыға кәсіби бағдар беру жүйесі
тұрғысынан қарайтын болсақ:
І сатының өзінен бастап-ақ оқушыларды мамандық әлемінен таныстыра
бастаймыз, қазіргі уақыттағы мамандықтар туралы әңгімелер жүргізіліп, яғни
кәсіптік ағарту жұмыстары орындалуы тиіс.
ІІ сатыдағы сынып жетекшілері, мектеп оқытушылары, психолог мамандар
ата-атаналармен біріге отырып, әрбір оқушымен жекелей жұмыс атқарып, оларды
нақтылай мамандық таңдауға даярлайды. Біздің кәсіптік іріктеуміз осы жерде
жүзеге асырылуы керек. Ол үшін өзіміздің пайдаланып жүрген
психодиагностикалық тестілер, сауалнамалар, сұхбат және басқа да әдістерді
кеңінен пайдаланамыз.
ІІІ сатыдағы оқушыларға нақты таңдаған мамандығы бойынша білім беру
көзделеді. Осы жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын тоқтатпай, үздіксіз
мамандық әлемімен байланысты ақпараттармен, сол уақыттағы мамандыққа
қойылатын талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру. Қорытындысында
кәсіптік кеңес беру.
Қазіргі уақытта мемлекетке қажетті мамандықтар туралы кең ауқымды
мәселе көтерілуде. Сол істер қалай жүзеге асуда? Қаншалықты деңгейде? Бұл
мәселенің шешімін табу үшін біздер, мұғалімдер қауымы ат салысуымыз
керек. Яғни әрбір мұғалім үшін кәсіптік бағдар беру оның басты мақсатына
айналуы керек.
Мамандардың сапасыздығы дегенде біз, біріншіден, оларды дайындаған
білім ордаларына тоқталамыз. Көкейімізде мынадай сұрақтар туындайды: сол
білім орнына келген уақытта ол дұрыс жолын тауып келді ме? Осы мамандықты
ол бар ынтасымен беріліп атқара ма? Оның білімсіз маман болып шығуына
кімдер жауапты болмақ?
Міне осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін де әрбір оқушыға мамандық
таңдау жауапты міндет екені, оған немқұрайлы қарамау қажеттілігін
түсіндіру өте маңызды. Оның әрбір оқушыға жеткізу сіз бен біздің
міндетіміз. Кәсіптік бағдар жұмысының нәтижелі орындалуы қазіргі
экономикалық даму кезінде керек.
Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамыған кезі.
Сондықтан заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі туындайды.
Ал қазіргі кездегі мамандыққа сұраныстың өзіндік талаптарының құндылығы
артуы, яғни еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын жұмысшы болуы шарт.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда сұраныспен бірге ондағы талаптарға
толыққанды сай болуында. Ол өндіріске келгенде сол мамандықты өзі таңдап
келді ме, ол оқушымен кәсіптік бағдар жұмыстары өз деңгейінде атқарылды ма?
Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, мамандардың кәсіптік дайындығына
қойылатын талаптардың артуымен қатар, оқушыларға кәсіптік бағдар беру
көкейтесті мәселеге айналып отыр. Өйткені оқушылардың басым көпшілігінің
кәсіптік мүмкіндігі белгілі бір біліктілік деңгейімен және еңбек нарығының
сұранысымен сай келмейді.
Кәсіптік баңдар беру көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде:
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медицина-
физиологиялық сұрақтар көп ізденуді қажет етеді.
Білім беруде әрбір жаңалықты, әсіресе соның ішіндегі осы кәсіптік білім
берудегі жаңалықтарды өзіміздің тәжірибемізге енгізудің бізге қаншалықты оң
нәтижелер беріп жатқанын білеміз. Мұндай жаңалықтарды өз тәжірибемізге
енгізу кәсіптік бағдар жұмысының маңызын арттырады. Кейде мұғалімдеріміздің
жаңалыққа көңіл бөлмей немқұрайлы қарауы білім сапасына өз әсерін тигізіп
жатады.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бітіруші оқушылардың басым көпшілігі
мамандық әлемінде адасатынын білеміз. Олардың алдында кәсіпті мамандықты
кең ауқымды түрде таңдауы тұрады. Таңдау кезінде болашақта жай ғана іспен
шұғылданбай, ары қарай өзінің сүйікті ісімен айналысу үшін ол мамандықтың
кереметтігі немесе бастық болуы жолында емес, ол оның қажеттілігі мен
мүмкіндігіне, психологиялық ерекшеліктеріне сай келетіндей болуы керек.
Мамандық әлеміне қадам басу адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Оқушылардың
ең қиын сәттерінің бірі болып саналатын бұл уақыт, олар үшін тез ауытқитын
құбылмалы кезең. Бітірушілермен сұхбат жүргізген уақытта олар әлі нақты
мамандық таңдамағаны, не таңдауға қиналып жатқанын, оларға әр түрлі
ықпалдардың кездесіп жататыны белгілі. Мінекей осындау уақытта оқушы бізден
көмек сұраған жағдайда, біз оларға ешбір қиналмастан, қолдан келгенше
көмегімізді аямауымыз қажет.
Ол үшін оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының әдістерін
меңгеру қажеттігі туады. Кәсіптік бағдар беруде негізінен төмендегі әдістер
қамтылады: бақылау, зерттеу, болжау, айқындау.
Сонымен бірге мамандық таңдауда ата-аналардың алатын орны ерекше. Ал
енді оқушыға мұғалім көмегі көп қажет болып жатса, онда мұғалімдер
беделінің бір сатыға болса да жоғарылағаны.
Оқушылардың ата-аналарымен ақылдаса отырып, мамандық таңдаудағы шешуші
рөлді мұғалім атқаруы керек. Мамандық қажет ететін талаптарды оқушы
мұғалімнен біліп отырса, кәсіптік бағдарды мұғалімнен алып отырса, оның
болашақтағы жетістігі мұғалімнің жетістігі болып саналады.

ІІІ. Эксперименттік бөлім.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру
Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың
жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық,
тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын,
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Өз іс тәжірибемде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, белгілі бір
мамандыққа бейімдеу және өзіндік кәсіптік айқындалуы үшін Қазақстанға
белгілі педагог-ғалым Әл-Фараби атындағы университеттің психология
кафедрасының профессоры Түрікпенұлы Жолмұханның әдістемесі бойынша:
1. Оқушылардың Ынта-ықыласын анықтау картасы
2. Менің қалауым атты дифференциалды диагностикалық сауалнаманы
пайдаланып жүрмін.
Менің 5-9 сыныптарға информатика пәнінен сабақ бергендегі байқағаным,
кез келген 5 сынып оқушысы бастауышта алған білім негізінде бір салаға ынта-
ықыласы болады. Сол салаға оған ұнайды. Мұғалім оқушының сол қызығушылығын
анықтап, сол сала бойынша оқушыны бейімдеуі керек. Сондықтан 5 – сыныпта
оқу жылы басында Ынта-ықыласын анықтау картасын жүргіземін. Мұндай карта
зерттеудің көмекші әдісі ретінде ынта-ықыластың бағытын нақтылайды.
Картадағы 40 сұраққа оқушылар:
- ++ - өте ұнайды;
- + - ұнайды;
- - - ұнамайды - деген шартты белгілер арқылы жауап

береді. Оқушылар 8 сала бойынша сұраққа ұнайтын, ұнамайтындығын жөнінде
ынта-ықыласын білдіреді. Мысалы, математика, техника-физика, географияға,
әдебиет, шет ел тіліне, педагогикаға, тарихқа, биология және ауыл
шаруашылық еңбегіне қызмет көрсету саласына оқушының қаншалықты ынталы
екенін анықтаймыз.
Егер бір бағанада (+) белгісі бестен асып кетсе, оқушының сол пәнге
қызығушылығы мен бейімділігі басым деген қорытындыға келуге болады. Соны
анықтағаннан кейін пән мұғалімдеріне айтып, осы бейімділігіне жекелей көмек
көрсету арқылы ары қарай дамытуды мақсат етіп, жыл бойы сол сабақты
тереңірек меңгеруге жағдай жасалады. Келер жылы 6 – сыныпта оқу жылы
басында осы карта тағы жүргізіліп, пәнге бейімділігіне қарай дамытып,
жетілдіріп отырады. 7, 8, 9 сыныптарда да жүргізіледі. Әрине, мен өз пәніме
жақын техника-физикаға және биология, ауыл шаруашылығы еңбегіне қызығатын
оқушылармен жеке жұмыс жасап, бейімділіктерін дамытып, әр түрлі
ақпараттармен қаруландырып, бейіміне қарай кәсіби анықталуына мүмкіндік
жасап отырамын.
Өзімнің оқушыларға қалай ықпал еткенімді зерттеп, анализ жүргіземін.
Төменде 2004-2005 жылы 9 сыныпта оқып жүрген оқушыларға жүргізілген
зерттеу жұмысы берілген. 5-сыныпта техника жөнінде көп мәлімет
білмегендіктен болар оқушылардың онша ынта-ықыласы болмаса, сыныптары
жоғарылаған сайын қызығушылығы және бейімділігі артқанын көруге болады.
Биология, ауыл шаруашылығы еңбегі пәні де осындай. Кей пәнге бейімділіктің
тұрақтылығын көрсетеді.
Мұнда оқушылардың кәсіби айқындалуына мұғалімнің рөлі жоғары. Кәсіптік
мәнін ашып, өмірге, қоғамға қажеттілігін үнемі сабақта айтып, дәлелмен
нақтылап түсіндіре, әрине сол кәсіпке бейім оқушылардың бейімділігін
дамытуға болады. Бейімділігін дұрыс анықтай алмай жүрген оқушылар қосымша
қосылады.
Диаграмма көрсеткіші үнемі жүргізілген жұмыс нәтижелері. Себебі
5-сыныпта компьютерге 2 оқушы ғана бейім болса, 9-сыныпта 4 оқушының
бейімділігі танылды. 5-сыныпта ауыл шаруашылық еңбегіне ешқандай оқушы
қызығушылық танытпаса, 9-сыныпта 4 оқушыға жетті.
Ынта-ықыласы картасы 9-сыныпта соңғы рет жүргізіледі. Одан кейін
оқушылар қандай кәсіп түріне бейім екенін анықтау үшін Менің қалауым атты
дифференциалды диагностикалық сауалнама жүргіземін. Сауалнама 20 сұрақтан
тұрады. Әр сұрақтағы екі мүмкіндіктің біреуін таңдау керек. Әр оқушы жауап
парағын толтырады. Тік бағана бойынша ең көп + алынған мамандық тобы
қалауы болып табылады.
1. Адам-компьютер.
2. Компьютер-адам.
3. Адам-адам.
4. Адам-таңбалар жүйесі.
5. Адам-көркем бейне.
Бұл дифференциалды диагностикалық сауалнама оқушылардың кәсіптік
айқындалуының соңы болады.
2004-2005 оқу жылының бірінші жарты жылында 9-сыныптарда Ынта-ықыласы
картасы жүргізілгеннен кейін, Менің қалауым атты дифференциалды
диагностика сауалнама көрсеткіші әр сынып бойынша, одан кейін барлық 9
сыныптар бойынша айқындалады. Егер анализ жасап қарасақ биылғы 9 сыныпты
бітірушілер:
- Адам – компьютер - 19 оқушы;
- Адам таңбалар жүйесі - 18 оқушы;
- Адам - адам - 12 оқушы;
- Адам – көркем бейне - 7 оқушы болып айқындалды. Ары қарай қандай
кәсіпті таңдау оқушылардың өз еркінде.
Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыта отырып, кәсіби
айқындалуын жетілдіру болашақ кәсібін қателеспей табуына көмек болады.
Кәсіптік мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарында кәсіптік мамандық
алуына жол ашады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістері туралы ұғым, топтастыру
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
Оқыту технологиясын топтастыру
Коучинг бағдарламасын әзірлеу
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы
Жаңаша оқыту технологиялары
Оқушыларды оқыту процесінде
. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі
Пәндер