Қоғамдық психологияның кейбір аспектілері

Қ.Жарықбаев,
Н.Иманғалиева
Х.Досмұхамедовтің аталмыш ғылым саласында ерекше көңіл аударғаны
қазіргі әлеуметтік,сондай-ақ этнопсихология ғылымдарына қатысты кейбір ой-
түйінділері 1925 жылы автор қаламынан туындаған Аламан атты еңбегінен
жақсы байқалады. Көптің пайдасын ойлап тұрса да,-деп жазды автор,-бүгін
жұрттың қамын жей тұрса да, өзінің менмендігін көп үшін құрбан қыла
алмайтын,өз дегенін күшпен орындайтын:өз басын артыққа санап,сөзін
сөйлеп,соңына ермегендерді,қарсы тұрғандарды
түсінбегендігімен,ақылсыздығынан қылды деп білетін,көңіліне жақпаса,өзі
қойған бастығының бұйрығына,өзі қалаған тәртіптің жолына бас ұрмайтын;Отан
сезімі,мемлекет сезімі кем,менмендік сезімі өте күшті құлықты аламандық
дейміз..Міне,бұл-Х.Досмұхамедовтың бұдан 80 жыл бұрынғы ойлары.Осы
аламандық қазақ халқының мінез-құлқында әлі де бар ма,бар болса оның
қазіргі көріністері қандай?Бұл сұраққа жауап бермес бұрын қазақ халқының
ұлттық психологиясының қалыптасу факторларының
(тарихи,шаруашылық,мәдени,тіл,салт- дәстүр,табиғи,идеологиялық және
діни,әлеуметтік,демографиялық-Н.И.) қазіргі заманғы өмір салтындағы ықпалын
қарастыра кетпесе болмайды.Қазақтың тарихи санасында сонау түркі тілдес ата-
бабаларымыздан мирас болған жауынгерлік пен намысқойлық сияқты қасиеттер
осыншама үлкен аумақты шет жұртқа таптаттпай,қырағылықпен қорғай білуге
мүмкіндіктер берді.Қазақ халқының ұлттық психологиясында елеулі із
қалдырған оқиғалар оның ұлт ретінде қалыптаса бастаған (қазақ хандықтары
құрылған уақыт,яғни XV ғасыр шамасы-Н.И.) кезеңдерден басталады.Жеке
хандықтар болғанымен,орталықтандырылған тұтас мемлекеттің құрылмауы,орталық
өкіметке бағындыру шараларының жүргізілмеуі,ірі діни және мәдени
орталықтардың қалалардың жетілмеуі (қазақ халқының дінге көзқарасы өз
алдына үлкен әңгіме арқауы -Н.И.),оның бергі жағында елімізде белгілі
себептермен капиталистік қатынастардың дамымай қалуы,соның салдарынан қазақ
тілінің экономикалық айналыс тіліне айнала алмауы,-міне мұның бәрі
жоғарыдағы айтылған ұлттық психологияның қалыптасуында із қалдырған тарихи
факторлар.Бұған қазақтардың ұлт ретінде қалыптасу процесі өте ауыр жағдайда-
патшалық самодержавиенің отарлау саясатының үстемдік жағдайында жургенін
тағы қосып қойыңыз.
Қазақ халқының қанына қорқақтық пен жалтақтық сияқты құлықтарды
сіңіруде 1929-1932 жылдар зобалаңы да, 1937-1938 жылдардағы қанды
репрессияны іске асыру жығылған үстіне жұдырық болды да шықты.
Х.Досмұхамедовтің түсінігінде қазақ елінде жиі кездесетін
аламандық ұғымы басқаға бағынбайтын бәсекешіл топтың психологиясын
білдіреді .Қазіргі әлеуметтік психологияның тілімен айтсақ,бұл-
бейресми,яғни бірімен-бірі үнемі бәсекеге түсіп тұратын,шекіспей
бекіспейтін ұйымдпсып қылмыс жасайтын топтар мен корпорациялар,мафиоздық
бірлестіктер.Автор аламандықты рушылдық психологиямен байланыстырады.Ол ру
менмендігінің бір сипаты аламандықта жатыр деп түсінеді.Ғалым аламандық
қазақ мінезінің бадырайып (психологияда мұны мінездің акцентуациясы
дейді -Н.И.) бесенеден белгілі болып,көрініп тұратын мінез бітісі,-
дейді.Мінез акцентуациясы-жеке адамға,сонымен қатар,әр түрлі әлеуметтік
топтарға да тән құбылыс.Аламандыққа байланысты автор түйіндерінде қазақ
халқында бұрынғы кезде атамекенді қорғау сезімдерінің кемдігі байқалады
деген пікір бар.Әрине,осы түйінмен келісе қою қиын.Өйткені,екі жүз елу
жылға созылған жоңғар шапқыншылығы кезінде кейде жойқын жеңілістерге
ұшырағанмен,қазақ халқы өз арсынан Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай,салқам
Жәнібек,т.б. Осы сияқты дарабоз батырларын тудырып,Отан қорғау сезімінің
небір асқаралы үлгілерін көрсетті.Отандық,жауынгерлік қасиеті төмен болған
жағдайда қазақ халқы осыншама ұлан-ғайыр аумақты ұзақ жылдар бойына ұстап
тұра да алмас еді.Ал,осынау тамаша ұлттық сезіміміз қазіргі кезде нашарлап
кетті десе,онымен келісуге болады.Мәселен,егемен,тәуелсіз мемлекет құрып
жатқан кезде кейбір қазақ жастарының әскерге бармай,Отан қорғау борышынан
қашқалақтап жүргені-жақсылық емес.Егер жастарымызға қазақта Отан қорғау
сезімі аздау деген ғалымның ашынғаннан айтып,халықты қайрамақ болған
пікірін тіпті емеурінімізбен байқатсақ-ғалымның ойын теріс түсінуге жол
беруіміз де,сөйтіп тәуелсіз мемлекетіміздің қорғаныс қабілетіне нұқсан
келтіруіміз де ғажап емес.Осы мәселеге байланысты тағы бір деректі
ұмытпайық.Ол-қазақтың отаншылдығы,ерекше намысқойлығы жайлы.
Қ.Тауасарұлының 1993 жылы Жалын баспасынан шыққан Түп-тұқияннан
өзіме шейін деген кітабында жеріне жеткізе айтқан пікірлері.
Қазақтың жауынгерлік мінезі туралы Қ.Жүкештің Ұлттық психологияның
сипаты (Алматы,1993) кітабында да жақсы айтылған.Оның келтірген деректері
де нанымды:Қазақтың осынау мінезі-оның ерте заманнан тіпті сонау түркілік
дәуірдегі ата-бабасынан мирас еткен қасиеті.Біздің арғы ата-бабаларымыз
қазақ жерін мекендеген сақ,үйсін,ғұн,қаңлы тайпаларының бәрінің де жаужүрек
жауынгер болып,жылқы малын ерекше баптағаны,сайланған бес қаруы болғаны
тарихтан белгілі.Х.Досмұхамедовтың аламандық туралы тағы бір түйініне
тоқтала кетейік:Өткен ғасырдағы қазақтың әлеумет қимылдарының көбінде-ақ
аламандық бар.Шетелмен жауласса да,ру ара таласса да,хандарына,билеріне
көбінесе де,қазақтың ісінің көбінен-ақ аламандық исі шығып тұр....
Бұл жолдарды щқи отырып екі ұдай ойға қаласыз. Автор әртүрлі
аламандықты айта отырып, кейбірінің көріну жағдайына байланысты оларды
әртүрлі атауға болатынын ажыратпаған сияқты. Мысалы, шет елмен жауласудағы
аламандық дегеніміз – жауынгерлік, Отан қорғаушылық, қала берді батырлық
десе жараспай ма? Өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz