Шарқ баспасынан Оян, қазақ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Міржақып Дулатұлы Ақын, драматург, Алаш қайраткері

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай
уезіне қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай
облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі
Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам.
Ол жасаған ат әбзелдері, саптама етіктер, әйелдердің жұмсақ мәсілері
кезінде бүкіл Сарыарқаға белгілі болған-ды. Ал Міржақыптың анасы Дәмеш
қарапайым да мейірімді жан еді. Тек ауылдағы тойларда оның салған әні адам
жанын қатты тебірентіп, әйгілі әншілердің өздерін таң-тамаша қалдыратын.
Бұл – көнекөз қариялардың айтып кеткен естеліктері.
Болашақ Алаш қайрат-керінің балалық шағының өткен жері – Қызбел өзенінің
бойы. Ел аузындағы аңыз- ға арқа сүйесек, қыратты жер алыстан қарағанда жат-
қан қыздың бейнесін елестетіп, орта шенінде жота жіңішкере келіп, қыз
беліне ұқсағандықтан, бұл жер Қызбел деп аталған. Кері- сінше, Әбілбек
Нұрмағам-бетұлының айтуынша, Ерте- дегі түркі жазба ескерткіштерінде қыз
сөзінің бірнеше мағынасы бар. Соның бірі – сараң, сығырдаң. Бізше,
Қызбел біріккен сөздің біріншісіне, осы мағына сәй-кес көрінеді. Өйткені
мұнда бұлақ көзі тапшы. Ал, бел сөзіне келсек, ол қырат, төбе
мағынасында тек бізде ғана емес, сағай, қойбол сияқты түркі тілдерінде де
пел қалпында айтылып, төбе, төмпешік ұғымын ие- ленеді. Осыларға сүйене
отырып, Қызбел - ді қазіргі түсінігімізге сәйкестесек, Са- раң төбе
болмақ. Жорама- лымыз аталған жер таби- ғатына жуықтай түсер де- ген
ойдамыз (Ә.Нұрмағам-бетұлы, Жер-судың аты – тарихтың хаты, Алматы,
Балауса, 1994 ж.). Қызбел өзені Ұлытау жерінен ағатын Дәмді, Мойын- ды,
Сары өзендерінен бастау алады. Сарықопа – іргелес отырған Мадияр, Өтей,
Шымболаттардың мекендеген құтты қонысы. Мадияр – арғын тайпасының руы.

Ақынның тағдыры өте күр-делі болды. Ол екі жасында шешесінен, он екі
жасында әкесінен айрылды. Алайда әкесі көзі тірісінде баласын оқытып
үлгірген еді. Сегіз жасында Міржақыпты ауыл молдасына оқуға беріп, ол он
жасқа толғанында орыс тілі мен қазақ тілі, әдебиеті-нен дәріс беретін
мұғалім Мұқан Тоқтабайұлына оқы- тады. Міржақыптың Абай, Шоқан, Ыбырай
шығарма-ларымен танысқаны, Пушкин, Лермонтов, Тургенев, Толстойдың
прозасымен су- сындағаны осы кез. Сол себепті де Міржақып Мұқан Тоқтабайұлы
туралы Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді, - деп жазады.
Мұнан кейін оның білімін жетілдірген оқу орны – 1880 жылдары Торғай
дуанында бой көтерген Ыбырай Алтынсариннің уездік орыс-қазақ мектебі. Онда
Міржақыппен бірге Ахмет Байтұрсынов, Асқар Дула- товтар да білім алған
болатын. Міржақып осы орыс-қазақ мектебіне 1897 жылы оқуға түсіп, оны 1902
жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Он екі жасында тұл жетім қалған Міржақыпты бауы- рына алып, бағып-қаққан кі-
сі оның үлкен ағасы Асқар Дулатұлы. Сауатын ауыл мек- тебінде ашып, одан
әрі қа- зақша, орысша оқып, білімін өз күшімен толықтырған Асқар-би, Алаш
қозғалысы- ның белсенді қайраткері болған қазақ зиялысы. Ке- зінде патша
үкіметі М.Ду-латұлының Оян, қазақ атты өлеңдер жинағын тәр-кілегенінде,
ол осы кітапты жасырын түрде ел арасы- на таратады, Қазақстанда кеңестік
билік орнағанында ауылшаруашылығында жұмыс істейді, ал күштеп ұжым-дастыру
тұсында, яғни, 1928 жылы оның мал-мүлкі тәр-кіленіп, өзін 1929-1932 жылдары
Мәскеудің Бутырка түр- месіне қамайды. Ол 1930 жыл-ғы 4 сәуірде ату
жазасына кесілгенімен, 1931 жылғы 30 сәуірде бұл жаза 10 жылға бас
бостандығынан айырумен алмастырылып, Карелиядағы Майгуба лагеріне айдалады.
Асқар Дулатұлы бұл лагерде М.Жұмабаев, Е.Омаровтармен бірге болады. Содан
ол 1991 жылы ғана ақталды.

Жазушы Марат Әбсемет Міржақыптың үлкен ағасы Ас- қардың қамқорлығында бол-
ған кезінде рухани жан-дүние-сіне қандай нәр алғандығы туралы былайша ой
толғайды: Міржақып он екі жасында тұл жетім қалады. Ендігі жер- де ол
үлкен ағасы Асқар-дың қолына біржола көше-ді. Асқар Дулатұлы жаңа
қалыптасып келе жатқан қа- зақ буржуазиясының жар-қын өкілдерінің бірі
болды. Ол Торғайда танымал сот және қазақ даласынан кен өндіруге келген
француз, ағыл- шын капиталистерімен тығыз байланыста болды. Бұрынғы
Францияның президенті Са- ди Корноның ұлы Эрнест Жан Корно жергілікті
тұрғындар-дың назарын аудару мақса- тымен ауруханалар, дүкен-дер, француз-
қазақ мектептерін ашты. Асқар қоғамдық жағдайлармен айналыса жү- ріп, қазақ
халқының көңіл кү-йін толығымен отаршылдық-қа қарсы аударды. Жас ақын
ағасының жеке кітапханасында ұзақ отырып, ХІХ ғасырда-ғы Түркістан
уалаятының га- зеті және Дала уалаяты- ның газеті секілді баспасөз
тігінділерін, қиындыларын қа-рап танысты. Бұл басылым- дар оның назарын
қатты ау- дарды. Әсіресе, испан, ағыл- шын, француз, неміс, жапон, грузин,
орыс, фин, литва, армиян және көптеген жа-зушылардың шығармалары-ның қазақ
тіліне аударылуы ерекше әсер етті. Міржа- қып Асқар ағасына келген
француздың кен өндіруші дос-тарының шай үстіндегі көп уақыттарға созылған
әсерлі әңгімелерінен алыстағы Батыс Европа өмірінен көпте-ген жайттарды
естіп біледі (М.Әбсемет, Міржақып, Алматы: КЕНЖЕ-Пресс, 1995 ж.). Ыбырай
мектебін оқып-бітіргеннен кейін Міржақып өзінің ұстаздық қызметін
Торғайдағы Терісбұтақ деген жерде ауыл балаларын оқытудан бастайды. Алты –
жеті жыл ел ішінде-ақ ол Торғай дуанына танымал мұғалім болып шыға келеді.
Ауыл балаларының білім алу-ға, халықтың ауыз әдебиеті-не қатты құмарлығын
көрген ұстаз қазақша хрестоматиялық оқу кітабын құрастыруды қол-ға алады.
Қазақтың дүмпіл- дек, марламқаш, айқұлақ тә- різді ұлттық ойындарын, ма-қал-
мәтелдері мен шешендік сөздерін жинап, сабақ беру барысында кеңінен
пайдаланады.

Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып мектептен алған білімін, өзінің
дүниетанымын одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап, соған сәйкес іс-
қимыл жасау үшін қазақ зиялылары шоғырланған Ом-бы қаласына қоныс аударады.
Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен
таныса- ды. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап,
көрнекті қоғам қай-раткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға
қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік
көзқарасы-ның қалыптасуына үлкен ық- пал етеді. Бұл – Ресейдегі
буржуазиялық – демократия-лық бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп,
қо- ғамдық қозғалыстардың өз қазанында қайнап, тасып жатқан тұсы болатын.
Және де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ даласына әлеуметтік қозғалыстың
беделді басшысы ретінде танылып қалған-ды. Ахаң мен Жақаң бірін-бірі іштей
тез ұғысып, бұдан былай-ғы өмірлерін бір мақсаттың жолына арнайды, ақтық
демдері біткенше, жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан
Қарқаралыға келеді. Осында астыртын жұ- мыстарға қатысады. Алаш қай-
раткерлерінің осы астыртын жұмыстары жөнінде М.Әуезов өзінің 1922 жылғы
мақала- сында былай деп жазады:

1905 жылы Қарқаралыға Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік
үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол
петициядағы аталған үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Дулатовтың өмірі
Міржақып Дулатов өмірбаяны
Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері
Міржақыптың балалық шағы
М.Дулатұлы Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы ақын
Алғашқы топқа - Қазақ халқының өткен тарихынан елестер
Міржақып Дулатұлы
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Қазақ зиялыларының қалыптасуы, әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Міржақып Дулатов
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Пәндер