Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Жоспар:
Кіріспе
І Тарау. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басқару есебін ұйымдастырудың негіздерінің даму тарихы
1.2 Басқару есебін ұйымдастырудың негіздері туралы түсінік
ІІ Тарау. Басқару есебі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементтері
2.1 Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принциптері
2.2 Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
2.3 Бухгалтерлік – талдаушының басқару есебінде атқаратын рөлі
мен іс – қызметі
2.4 Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама
міндеттерінің бірі – ішкі ақпараттың жүйе аралық кәсіпорындарды
басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен
есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде
Қазақстанда іс – әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым
алынады.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және
қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс –
әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз ету тиіс.
Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік
иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды
және олардың тиімділігін білу маңызды.
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда
болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді. Сыртқы
кәсіпорындар тарапынан кәсіпорынның қызметіне немесе оның қызметінің
нәтижесіне нақты қызығушылық туындайды.
Шығарылатын өнімге сұраныс, белгілі бір жағдайлар мен талаптарда
өнімді өткізу мүмкіншілігі, бұл өнімнің өндірісін материалдық – техникалық
қамтамасыз ету, негізгі өндіріс, өндірістің техникалық дайындығы, өндіріске
шығындар мен белгілі бір бұйымдарды шығарудың тиімділігі және т.с.с. жайлы
ақпарат көлемі ұлғайады.
Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті
дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен
байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері
қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік
есептің қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен
қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды
ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік
қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік–аналитикалық
ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық
бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық
есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, басқару персоналын қамтамасыз етуге арналған ақпараттар
жүйесі қазіргіге қарағанда көлемді түрде ұсынылуы керек. Өндірістік ұйымдар
ішінде ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған бухгалтерлік есепті
жетілдіру қажет. Қазіргі кездегі ақпарат кәсіпорындарда, соның ішінде, оның
құрылымдық бөлімдеріндегі процестердің ағымдағы жағдайы туралы есеп
мәліметтері бойынша дайындалуы қажет. Мұндай ақпарат өндірістік,
технологиялық операцияларды табысты орындау үшін, тек қана ішкі емес,
сонымен қатар сыртқы жағдайлардың қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі
өндірісіне болжам жүргізу үшін қажетті болып табылады.

Ресей ғалымдары А.Д.Шеремет пен Н.П.Кондраков осы мәселе жөнінде:
“Отандық тәжірибеде қазіргі басқарушы есеп ұғымы кеңінен қолданылмайды” деп
әділ атап көрсетеді. Оның көптеген элементтері бухгалтерлік есепке (өндіріс
шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау); жедел
есепке (жедел есеп беру); экономикалық талдауға (өнімнің өзіндік құнын
талдау, қабылданған шешімдердің негізделуі, жоспарлы тапсырмаларды
орындауды бағалау және т.б.) кіреді. Сонымен бірге, отандық тәжірибеде
басқарушы есеп маркетингпен әлі де үйлеспеген, нақты шығындардың болжамды
шығындардан ауытқуы анықталмайды 5,19 б., 55, 19 б..
Басқарушы есептің қалыптасуы, деп жазады Т.П.Карпова ол калькуляциялық
есептің базасында (негізінде) қалыптасқан, сондықтан оның негізгі мазмұны
болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі
классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде
пайда болған аудармалы және отандық экономикалық әдебиеттерде, сондай-ақ
басқару қызметінде қолданып жүрген ақпараттарда, және бухгалтерлік есеп
бойынша шыққан еңбектерде, “Басқарушы есеп” туралы берген ұйымының
анықтамасында кездеседі 9,28 б.
Кеңестік бухгалтерлік есептің кері әсері, бұл басқарау есебіне жетік
мән берілмеуінде болып отыр. Бұл ақпараттық қамтамасыз етудің жалпылай
кәсіпорын, министрлік бойынша жоспардың орындалуына бақылау жасаудың
орталықтандырылуына бағытталуымен түсіндіріледі. Жұмыс түрі бойынша
шығындар мен кірістерді басқару мақсаты қадағаланбады. Кәсіпкерлік
қызметтің тиімділігін жоғарлату, қатаң бәсекелестік жағдайында өмір сүру
жолдары, коммерциялық құпияны сақтау және т.б. ізденістер қолға алынбады.
“Шығындарды, жұмыс, қызметті есепке алу тиімділігі” ұғымы болмады. Есептің
басқару аспекті тоталитарлық сипатта болып, бухгалтер мемлекеттік бақылаушы
статусына ие болды.
Бұл тұрғыда Өзбекстандық ғалым О. Алдабергенованың осы мәселе жөнінде
көз қарасымен келіспеуге болмайды: “Бухгалтерлік есептің негізгі функциясы
кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беруден гөрі, жетістіктер жоспарына
баға беру үшін қажетті нақты мәліметтерді жазумен ғана шектелді” 3, 7 б..
Сонымен бірге, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселесі қаржылық
нәтижелерді емес, ал жоспардың орындалуын анықтауға арналған нақты
мәліметтерді көрсетуде болды. Бухгалтерлік есеп одақтық тұрғыдағы
жоспарлау талаптарын орындады.
Ресейлік ғалымдар, мәселен А.Д.Ларионов бұған кері дәлел айтады:
“Бухгалтерлік есеп өзінің мәні, табиғаты және логикасы тұрғысынан
бастапқыда негізіде басқарушы болып табылды 4, 77. б. А.Д. Ларионовтың
пікірімен келісуге болады, себебі кеңестік есеп жүргізуде басқару
аспектілері де орын алды. Бірақ біртіндеп кеңестік дәуірдегі есеп
орталықтандырылған басқару және мемлекеттік бақылау құралынан мемлекетті
басқару құралына айнала бастады.
Отандық экономикада басқару есебін жаңа құбылыс түрінде қарау қателік
болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет өкіметінің кейінгі
жылдарымен салыстырып қарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек
болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы –талдамалық
жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мен
орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму
деңгейлерінде біртіндеп бухгалтерлік қызметтен жоспарлы және қаржылық
бөлімдерінің бөлінуі, оларға бухгалтерлік өкілеттіктің бір бөлігін беру
орын алды. Осының нәтижесінде бухгалтердің бұл қызметі іс жүзінде
кәсіпорынның шаруашылық өмірінің фактілерін есептік тіркеумен ғана
шектелгені баршаға мәлім.
Қайта құру кезінде, нарықтық экономиканың пайдасына орталықтандырылған
басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың ролін дәлелсіз
төмендетудің салдарынан –кәсіпорынның техникалық -өнеркәсіптік –қаржылық
жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу,
көбінесе отандық тәжірибеде қолданылған техникалық –өнеркәсіптік –қаржылық
жоспарды жасаудың тәртібін еске салады.
Кеңестік экономикасының, тұсында басқарушы есептің бір тұжырымдамасы
(концепциясы) – жауапкершілік орталықтары бойынша басқару болып табылды,
яғни осының бір белесіндей көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды
енгізуге бірқатар табанды талпыныстар жүргізілді.
Бірақта, қазіргі кезде тек шығындарда ғана басқарып қоймай, жабдықтау
процесі, өндіру және өткізу немесе қызмет көрсетуді де басқаруға болады.
Сондай-ақ, әрбір процестің аумағында нақты жұмыстар жүргізіледі, сондықтан
ақпаратты дайындауды әр процестің ішіндегі жұмыс түрлері бойынша жүргізу
қажет. Осыған орай, біздің пікірімізше, бухгалтерлік ақпараттарды
пайдаланумен қатар, жоспарлауға, талдауға, бақылау мен болжауға
жатқызылатын жұмыс түрлеріне сәйкес аналитикалық есеп шоттары бойынша
аналитикалық ақпараттардың кең кәлемін дайындау қажеттігі туындайды. Мұндай
функцияларды басқару есебі орындайды.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін шешу үшін,
қаржылық бухгалтерия мен өндірістік бухгалтерияны болу, сонымен қатар
басқару есебін қалыптастыру қажет.
Басқару есебін қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып,
кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық)
бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және
калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың
өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ
оларда коммерциялық құпияларды сақтау кажеттілігімен байланысты болып
келеді.
Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер
етті.
“Батыс бухгалтерлерінің бағалауы бойынша, - деп жазады” А.М.
Карминский және т.б. – тек басқарушы есептің жолға қойылуы мен жүргізілуі
ресурстар мен уақыттың 90 пайызына жуығы кетеді, ал дәстүрлі қаржы есебіне
қалған уақыт бөлігі кетеді” 56, 90 б.. Осыған ұқсас пікірлерді проф.
П.С.Безруких пен Н.П. Кондраковта растайды, жалпы экономикалық
ақпараттардың жиынтығында, 23 жуығын бухгалтерлік есептің мәліметтерін
құрайды”, және олар басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет 55, 8 б..
Бірақта, есептің екі түрі де өз кезегінде мынадай жүйе элементтерінен
тұрады: алғашқы құжаттау мәліметтері бойынша ақпараттарды өңдеу; әр түрлі
өндіріс сипатын немесе оның жекелеген бөліктерін өлшеу; бақылау қызметтерін
орындау кезінде тура және кері байланысты көздейтін және тағы басқа
реттеуші ролін атқарады және ол оны атқарып та жүр. Жоғарыдағыны растау
үшін бухгалтерия мен кәсіпорын службаларының және бөлімшелерінің арасындағы
есеп беру құжаттамасының қарқыны қозғалысын айтсақ болғаны. Одан басқа,
соңғы жылдары ақпаратпен қаныққан басшылар шаруашылық субъектінің ішіндегі
есептік пен қаржылық қызметтердің интеграциялануына байланысты,
бухгалтерлік есептің дәстүрлі процедурасының тиімділігін арттыру
мәселелеріне басты назар аударып отыр.
Бүгінде зерттеушілердің басым көпшілігі басқарушы мен қаржы есебінің
өзара байланысты екендігін мойындағаны жөнінде айтуға болады, ал ол өз
кезегінде басқарушылық процестерді ынталандырады. Бұл есептің екі түрінің
өзара байланысты екеніне саяды, бірақ сонымен қатар есептің әр қайсысы
өздеріне тән қызметтерді атқаруға арналған.
Қазақстандық тәжірибе көрсеткендей, қаржы есебі сыртқа есеп берулерді
(негізінен салық салу мақсатында) жасауға арналған, ал басқарушы есеп болса
басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет. Қаржы есебінің мәліметтері
басқарушылық мәліметтерінен ерекшелігі бар, бірақ дәл қазір қазақстандық
есепте ол жоқ.
Қаржы мен басқарушы есептері бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және
өзара уәделескен біртұтас компоненттерін білдіреді. Есептік екі түрін
біріктіретін маңызды ерекшелігі болып, олардың ақпараттары негізінен шешім
қабылдау үшін пайдаланады.
Есеп түрінің әр қайсысында өзіндік ерекшеліктердің болуына қарамастан,
оның құру қағидаларында, қолданылатын әдістерінде ортақ сипаты болады,
еңбастысы басқарушы және қаржы есебінде ағымдағы өндірісті басқару
процесінде біртұтас объектілер ретінде еңбек құралы және еңбектің өзі, яғни
материалдық және еңбек ресурстары алға шығады.
Мәселен, қаржылық бухгалтерлік есептің мәліметтері инвесторларға
инвестициялаудың мақсаттылығын, потенциалын және перспективасын бағалауға
көмектессе, ал басқарушы есепте басқару мәселелерін (тауқыметтерін) кең
өрісте шешу үшін менеджерлер пайдаланды. Бірқатар авторлардың пайымдауынша,
оларды бір ұғымдық тұрғысынан түсіну немесе тек механикалық өзгешілігі
бойынша ажырату, біреуін жете бағаламау, екіншісін артық бағалауға әкеледі
деп ой толғайды. “Қаржы мен басқарушы есебінің арасындағы жалпы қабылданған
айырмашылықтары бизнесте айтарлықтай емес”, деп жазды басқарушы есеп
саласының ірі ғалымы проф. Райан Боб 12.11б.. Біздің пікірімізше, әрбір
есептің өзіне тән табанды айырмашылықтары да бар сияқты. Дегенмен де,
басқару есебі көп жағдайда, қаржы есебінің жалғасы болып танылады.
Басқару есебі қандайда бір ақпараттарға қатаң шектеу қоймайды. Біздің
көзқарасымыз, оны жетілдірумен бірге басқарма қажетін қанағаттандыратын,
мәні бар ақпараттармен қамтамасыз ететін есеп беру нысандарын енгізудің
толық мүмкіндігі туып отыр.
Сонымен, басқару есебі өндіріс қызметін басқарудың негізгі механизмі
болып отыр. Нарықтық экономиканың қалыптасуымен қатар, есеп жүйесін
жетілдіру қажеттілігі туындады. Осыған орай, басқару есебінің өзі әрдайым
басқарманың өскелең талаптарына жауап беруі қажет болды.

Қазақстан Республикасында 1997 жылдың қаңтарынан бастап қаржылық есеп
берудің халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қайта құру
бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың
талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкес ұлттық
бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады.
Бұл мақсатқа – кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар
жүйесін қалыптастыра алса ғана жетеді.
Есеп жүйесін жетілдіру процесінде, біздің пікіріміз, басқару есебінің
төмендегі міндеттерін бөліп көрсету керек:
Басқару есебінің мақсаты
Нарық жүйесінде басқару есебінің орны мен ролін анықтау
Басқару есебінің сұрақтарын ашу:
шетелдік тәжірибе;
теориялық мәселелер;
методологиялық мәселелер;
ұйымдастыру мәселелері.
Басқару есебінің мақсаты – ұйымдарда шаруашылық процестерді бақылау,
жоспарлау және басқару үшін пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету
мақсатында уақытылы жинау және өңдеу.
Егер қаржылық есеп шаруашылық субъектініѕ есеп саясатында және
қаржылық есеп берудің халықаралық стандартында белгіленгендерді қатаң
сақтаса, басқару есебі бойынша маман есеп және талдаудың тәсілдерін,
формалары мен әдістерін өз еркімен таңдайды.
Осыған орай, басқару есебі бір жағынан – бұл шаруашылық субъектінің
ақпараттық жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан – қызметтер немесе
жұмыстарды жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен
қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген
бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін
ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің,
бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс
әрекет.
Осыдан келіп, басқарушы есептің мақсаты болып, өткен құбылыстарды
талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан
басқарушы есепті кейде болашаққа талдау жасау деп те атайды. Осы
мақсаттарға қол жеткізу ұшін басшылар басқарушы есеп бойынша оларға
мамандар дайындап берген қажетті ақпараттармен істес болуы қажет. Есептің
бұл тұрі салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды, ол шаруашылық
субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан,
дәстүрлі қаржы есебінің жалпы ерекшеліктеріне ие, бірақта оның одан
айырмашылығы болуы да міндетті емес.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда басқару есебі қаржы есебімен тығыз
интегралданған, өйткені шоттардың стандартты жоспарында өндірістік шығындар
есебі мен қызметтерінің нәтижесі үшін арнайы шоттар қарастырылған.
Біздің елдегі нарықтық қатынастарға, барлық меншік нысандарын дамытуға
және шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін енгізуге бағытталып жасалып
жатқан шаруашылық механизм, сондай-ақ өндіріс аясында басқарушы есептің
барлық басты элементтерінің пайда болуы және басқарушылық пен қаржылық
немесе қаржылы-экономикалық талдаудың қалыптаса бастауы, жалпы бухгалтерлік
есептің бірнеше салаға бөлінуі, яғни бұларда және басқалары да, өндірісті
басқарудың экономикалық механизмін жасаудан тұратындықтан (немесе
туындайтындықтан), олар міндетті түрде аталған салаға күрделі өзгерістерді
әкеледі.
Нарықтық экономика жағдайында, яғни қатал бәсекелестік күресте, табыс
табу мен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, өнімнің өзіндік
құнын төмендету, ал ол үшін өндіріс шығындары мен өнім бірлігінің өзіндік
құны туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Осыдан келіп, өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын
ролі ең алдымен “басқарушылық шешімдерді жасау” мәселесін шешумен
анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы
жағдайы болу керек.
Басқарушы есептің ролі – бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті
басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге
бағышталған бір бүтінге айналдыру.
Яғни, болашақта кәсіпорынды тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық
жаңдайын талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін
біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Бұл:
Біріншіден, нарық жағдайында меншік құрылымының өзгерісін түсіндіреді
және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана түрі; шаруашылық
субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері
пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды;
Екіншіден, шаруашылық субъектісінде қажетті қаржылық және бәсекелестік
күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбїр болады.
Осы мақсатта нарықтық коньюнктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше
дербес жоспарлайды, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны
белгілейді және т.б.;
Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемлекеттік несиелендіру көп
жағдайда шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзі болып табыла бермейді.
Олар қаржыландырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық
субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін
ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелері үшін, басқа
да потенциалды инвесторлардың қаражаттарын тарату үшін де енеді.
Осының барлығының нәтижесінде шаруашылық субъектісіде, бір жағынан,
басқарушылық шешімдерді қабылдау және олардың нәтижелерін бағалау үшін,
толық және дер кезінде ақпараттардың болуына деген қажеттілік туындайды.
Басқа жағынан, шаруашылық субъект өзіне өз қаражаттарын салуға (немесе
салуға ниеттенуге) сәйкес ақпараттар беріп отыруы керек. Сонымен бірге,
нарық жағдайында салықтық аударылымдардың дұрыстығы туралы мемлекетке есеп
беру қажеттілігі сақталады.
Әкімшіліктің жаңа мүддесін қанағаттандыру мүмкіндігіне тек қана
менеджер ғана ие, себебі ол шаруашылық субъектінің экономикасын ұғынуға
қабілетті, қаржылы-есептік мәліметтер негізінде, оның олқы жерлерін анықтай
алады, және де ол салықтық жоспарлауды жасайды.
Менеджерлер әр заматта ақпараттар бойынша шешім қабылдайтын болса,
онда оның түпкі әсері де қарастырылуы керек. Басқарушы есепті дұрыс
ұғынудың қажетті жағдайы, шешім қабылдау процесін және түсіну болып
табылады. Дәлірек айтсақ, оптималды шешімдерді қабылдаумен басқарушы
есептің ролі тығыз байланысты, онда ол іс әрекеттің баламалы варианттарын
дайындау үшін қарапайым және қисынды негіз жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық ғалым Н.К.Мамыровтың пікірінше: “Ақпарат реттеу әдісі
ретінде екі жақты сипатқа ие болуы мүмкін: бір жағынан, ол реттеудің барлық
әдістерінің оларды тарату негізі және бақылау құралы ретінде қажетті
элемент болып табылады, басқа жағынан ақпарат өзіндік мәнге ие және
тұтынушының талабының өзгеру және онда жаңа бағыттардың пайда болу құралы
ретінде орын алады. 8, 150 б.. Осыған орай, ақпаратты пайдаланушыларды
ішкі және сыртқы деп бөлу қажет.

Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған
мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар
арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік құн есебі
ғана қолданылады. Меншіктің әр түрлі нысаны ұйымның жекелену,
мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға
белгілеу мен шығарылатын өнім ассортиментін өз бетінше жоспарлау
тетіктерін енгізу, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы
бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының
бірі - басқару есебіне деген қажеттілік бірте – бірте өсуде.
Қазір кәсіпорындарда өндірістік қызметте: өндірістік
бағдарламаларды, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарын әзірлеуде,
баға саясаты саласында стратегияны белгілеуде заңды және экономикалық
дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін
қабылдау үшін жауапкершілігі өскен.
Шаруашылық дербестік – кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет
түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу
және т.б.
Қаржылық дербестік – оның толық өзін – өзі қаржыландыруынан,
қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.
Осыған байланысты бухгалтерлік қызметтің жеке саласы ретінде
басқару есебін құру қажеттілігі пайда болған.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс – әрекетпен
шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты
бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен
басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және
кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге
қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға
беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және
басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Нарықты экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды
екі топқа бөлуге болады:
1. Ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын
құрамындағы пайдаланушылар;
2. Сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін
пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушылар – жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау
кезінде есептік ақпаратты барлық денгейде қолданатынректорлар кеңесі,
менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық
мүддесі бар басқа жақтағы сыртқоры пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару
қызметкерлері дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретін
ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.
Әкімшілік және нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік
ақпаратты пайдаланушылар
Экономика Пайдаланушылар
түрі
ішкі сыртқы
Әкімшілік Кәсіпорын Салықтық органдар, министірліктер,
әкімшілігі статистика органдары мен басқадай
мемлекеттік органдар
Нарықтық Кәсіпорынның Инвесторлар, қызметкерлер, қарыз
басқару берушілер, жабдықтаушылар, сатып
қызметкерлері алушылар, мемлекет, қоғамдастықтар.
Сонымен қатар, басқару есебі әдетті бухгалтерлік есептен
мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға арналмағандығымен, ішкі қолданыс
үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының
дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Басқару есебі – жоспарлау, бақылау,
шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу
мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау
жүйесінен басқа ештеңе емес.
Қаржылық есептің басым міндеті - алғашқы бірінші топтағы есептерді
жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.
Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті – екінші және үшінші топтағы
есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған,
тікелей өдіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы
тиіс.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс,
шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық
іс – әрекеттің қорытындыларын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру
мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін
көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - талдаудың және қаржылық
басқару есебінің объектілері. Өндіріс процесінде жұмыс істейтін
өндірістік ресурстардың құрамдас бөліктері статистикалық болып қалмайды,
олар айналым жасайды, түрі өзгереді, өнімге айналады, үнемі
қозғалыста болады, тозады және басқа өзгерістерге ұшырайды.
Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас
бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:
1. жабдықтау – дайындау қызметі;
2. өндірістік қызмет;
3. қаржылық – өткізу қызметінің есебі;
4. ұйымдастыру іс – әрекетінің басқару есебі.
Басқару жүйесіндегі жабдықтау – дайындау іс-әрекеті басым орын алуы
тиіс, өйткені ол алғашқы бөлу. Мұнда мынадай бағыттар көрініс табады:
көтерме сауданы ұлғайту, жекелеген бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайту,
сатып алу тәсілін таңдау (өзі өндіру немесе жабдықтаушыдан сатып алу),
кәсіпорынның айналым құралдарына және жабдықтау – дайындау бөлімшелеріне
күрделі қаржы инвестициялаудың тиімділігі.
Осы мақсатпен жұмыс түрлері мен қоймалар бойынша шығындар,
материалдар бағасы, жартылай өнімдерді дайындаудың өзіндік құны, өніріске
берілген материалдық ресурстарды бағалау туралы ақпарат жиналады және
жинақтап қорытылады.
Процестер бойынша – алу, тиеу мен тасу, іріктеу мен сапалы бағалау,
сақтау, жұмыс орындарын қамтамасыз ету мен олардың орындалуын бақылау
шығындарының сметасын жасауға ерекше рөл бөлінеді.
Жабдықтау – дайындау қызметі туралы қорытынды жиынтық ақпарат
жабдықтаудың ауыспалы көлемін есептеу үшін қолданылады.
Өндірістік қызметтің басқару есебі - басқару есебі жүйесінің
орталық буыны. Мұнда мақсат міндетті іс бойынша жұмсалатын
шығындары мен тәртіп туралы ақпарат топтастырылған. Өндірістік
есепте материалдық, еңбек және қосымша шығындарды мөлшерлеуге, сондай
– ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz