Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы . . . 5
  2. Компанияның айналым капиталының және қорларының пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері . . . 10

ІІ. КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

2. 1 Айналым капиталын басқару және бағалау «Машсвар» ЖШС-нің айналым капиталын бағалау . . . 14

2. 2 Айналым капиталын қалыптастыру саясаты . . . 20

2. 3 «Машсвар» ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 22

III. КОМПАНИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін арттыру . . . 29

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық - инновациялық стратегияның негізгі мақсаты шикізаттық бағыттан бас тарта отырып, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және экономиканы әртараптандыру болып табылады. Осыған байланысты осы мақсатқа жетуде өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуде оның негізгі және айналым капиталын пайдалану тиімділігін арттырудың маңыздылығы жоғары. Қандай да бір бизнестің нәтижесі, кәсіпорынның қалыпты қызмет ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі, ең қажетті жүйемен тең болатын қаржылық ресурстардың тиімді қолдануынан тәуелді. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында шаруашылықтың әрбір субъектісінің қызмет нәтижесі және негізгі мәселесі қаржы туралы қамқорлық, бұл сұрақтар ең алғашқы міндет болып табылады; шаруашылық субъектілер қызметінің қаржылық аспектісін бірінші жоспарға көтеріп, қаржылық рөлдің артуы бүкіл әлемдік сипат және тенденция болып отыр.

Нарық жағдайында кәсіпорынның дамып, оның кездейсоқ құлдырауына жол бермес үшін, қаржылық талдау арқылы, қаржылық қызметтің кемшілігін жою және болдырмау, кәсіпорынның төлемқабылетін және жағдайын жақсарту үшін резервтерді іздеу қажет.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көбінесе оның өкімінде қандай құралдар бар және олар қай жерлерге салынғанынан тәуелді. Айналым және айналымнан тыс активтер қажеттілігі кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру талаптарымен шартталған. Олар кәсіпорынның өз ерікті және тәуелсіз қызмет атқару негізі. Алайда тек өз қаражаты арқылы, әсіресе кәсіпорын өніміне сұранысы мерзімдік сипатта болса, кәсіпорын қызметтерін қаржыландыру үнемі табысты емес. Ондайда жеке кезеңде банк шотында үлкен қаражат жинақталса, басқа кезеңде олар жетіспейтін болады.

Айналым активтерін талдау шеңберінде, баланс активі кәсіпорын қажеттілігіндегі капитал ораналасуы туралы мәліметтерден тұрады, яғни оны нақты мүлікке және материалдық құндылықтарға, өнім сатылымына және кәсіпорын өндірісінің шығынына салу, еркін ақша қаражаттарының қалдықтары туралы кіреді. Айналым капиталы ақшалай және материалды нысанда қызмет ете алады. Инфляция жағдайында ақша қаражаттарына салым салу мүмкіндіктердің қысқаруына әкеледі. Және де, егер кәсіпорын өз қызметін кеңейтсе, сатып алушылар саны да және сәйкесінше дебиторлық қарыз да артады. Ақырғы көрсеткіштің болуы қаржылық қиындықтар туғызады, себебі кәсіпорын өндірістік қорларды, қайта сату, жалақыны төлеу үшін тауарларды сатып алу мақсатындағы қажетті қаржы ресурстар жетіспеушілігін сезінеді. Сонымен бірге, қаражаттың тұрып қалуы капиталдың айналымын тоқтады.

Айналым қаражаттың құрамындағы дебиторлық қарыздың жоғарлауы айналым құралының айналуын бағалауда ерекше орынды анықтайды. Кәсіпорын қорларын шектен көп жиналуы да қаржылық жағдайға қолайсыз. Жоғарыда айтылған шеңберде, экономика өсуінің кезеңінде, Қазақстан кәсіпорындары үшін аталған мәселелердің көкейтестілігі өте жоғары тұрғанын ескерген қажет. Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсарту тақырыбы өзекті деп айтуға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорында айналым капиталын пайдалану тиімділігін жақсартудың теориялық мәселелерін зерттеу, тәжірибелік тұрғыда талдау және нақты ұсыныстар жасау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

  • айналым капиталының экономикалық мәні мен маңызын ашу;
  • кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
  • кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін бағалау;
  • кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсарту жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - «Машсвар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.

Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорында айналым капиталын қалыптастыру, тиімді пайдалану және оны жақсарту мәселелері бойынша отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы Статистика агенттігінің мәліметтері, «Машсвар» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.

i КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы

Компанияның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы- бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым капиталы - бұл компаниядардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Компаниядардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы компания қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.

Компанияда айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты компанияда айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.

Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:

  • өндірістік айналым қорлары;
  • айналыс қорлары;

Айналым капиталы

Кесте-1

Айналым қорлары
Айналыс қорлары
Айналым қорлары: өндірістік запастар
Айналыс қорлары: Аяқталмаған өнадіріс
Болашақ кезең шығындары
Қоймадағы дайын өнімдер
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар
Есептеулердегі ақша құралдары
Ақша және т. б. қаражат айналымы
Айналым қорлары: Нормаланған
Айналыс қорлары: Нормаланбаған

Өндірістік айналым қорлары- өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.

Айналым қорлары-бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, компанияның ақша қорлары.

Компанияның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы компания жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі компанияның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.

Компанияның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.

Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.

Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:

  1. Айналым сферасы;
  2. Элементтері;
  3. Норма ауытқуы;
  4. Қаржыландыру көздері;

Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.

Компания жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:

  1. Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, компания өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
  2. Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
  3. Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

Айналым қорларының бір айалымын мынадан көруге болады:

А-ӨЗ . . . Ө . . . ДӨ-А*

Ақша құралдарына (А) компания өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, компанияға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.

Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:

  1. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар) .
  2. Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.
  3. Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары (п. 1+п. 2+п. 3) .

  1. Қоймадағы дайын өнімдер.
  2. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
  3. Есептеулердегі ақша құралдары.
  4. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары (п. 4+п. 5+п. 6+п. 7) .

Айналым капиталы (п. 1+п. 2+п. 3+ п. 4+п. 5+п. 6+п. 7) .

Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.

Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған қоса өзіндік өндірістегі қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын келеді.

Компанияның айналым капиталының негізгі бөлігін- тауарлы- материалды қор құрайды:

  1. шикі зат
  2. материалдар
  3. аяқталмаған өндіріс
  4. дайын өнім
  5. тауарлар;

Тауарлы- материалды қор компанияның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу компанияның қаржы- шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:

1. Тауарлы- материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы- материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады. Себептері:

  1. Тауарлы- материалды қор берілгендері жоғалған кезде;
  2. Олар ескірген кезде;
  3. Тауарлы- материалды қордың бағасы төмендеген кезде.

Бұл әдіс өте аз айдаланылады.

Т. м. қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен

құрылған сатубағасы;

2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы- материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.

3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.

4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.

Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы- материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым капиталы (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.

Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.

Айналым капиталының мөлшері, әрқашан компанияның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т. б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы- бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.

Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды- техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.

Қаржыландыру көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.

Компания айналымында жеке және заемды айналым капиталының болуы ұйымның өндірістік процесінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. Әрқашанда өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудың минимальді сомасы жеке айналым қорларымен қамтамасыз етіледі. Компанияның ішкі және сырқы факторладың әсерінен болатын қажеттіліктер кредиттермен жабылады.

Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері компанияның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері компанияның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Компанияда айналым қаражатының қажеттілігін анықтау компанияның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.

Әуелі компания құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да компания айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды- орнықты орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаржыларына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі компанияның таза пайдасы болып саналады. Айналым қаражаты ретінде компания орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі компанияның айналымында түпкілікті болып, оның іс- әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады.

Орнықты пассивтер:

  • Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
  • Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
  • Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
  • Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.

Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Компанияның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

  • Өндірістің маусымдылығы;
  • Тауар- материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі;
  • Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы

1. 2. Компанияның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері

Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:

Н= Р*Д

Р- материалдардың ортакүндік шығыны;

Д- айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.

Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П) :

Д= Т+С+М+Ф+П.

Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.

Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.

Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:

Н= (В/Д) *Т*К,

В - IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі, руб;

Д - кезеңдегі күндер саны (90) ;

Т - өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;

К - өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;

Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:

K=C/П

Мұндағы, С- аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;

П- бұйымның өндірістік құны.

Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.

Н=П+Р-С,

П- болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы;

Р- келесі жылдың болашақ кезең шығыны;

С- келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны.

Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі:

Н=(B/Д) *Т

В- өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі;

Д- кезеңдегі күн саны (90) ;

Т- дайын өнімге айналым құралының мөлшері.

Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті және бір айналым ұзақтығы - компанияның айналым капиталдарын қолдануының маңызды көрсеткіштері болып саналады.

Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті (Кайн) зерттеліп жатқан кезеңде (квартал, жартыжылдық, жыл) айналым құралдары қанша рет айналыс жасағанын көрсетеді. Ол мына формуламен есептеледі

Кайн = Vc/ Qоқ,

Vc- есептеу кезеңіндегі сатылған өнім көлемі;

Qоқ- есептеу кезеңіндегі айналым капиталының орташа құны.

Бір айналымның ұзақтығы (К) компанияға оның айналым капиталы сатылған өнімнен түскен түсім болып қайтарылу мезгілін көрсетеді. Оның формуласы

К= Т/ Кайн, немесе К= Т*Qоқ/ Vс,

V- есептеу кезеңіндегі мерзім саны;

Т- мерзім уақыты.

Айналым капиталын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші айналымға құралдар енгізу коэффициенті. Ол сатылған өнімнің 1 теңгеге шаққандағы табысын аванстайтын, айналым құралдарының сомасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, ол айналымдылық қор сиымдылығын, с. с. айналым капиталының өнімнің 1теңгесіне шаққандағы шығынын көрсетеді. Оны мына формуладан көруге болады

Kе= ( Qоқ / Vс ) * 100,

Kе- енгізу коэффициенті, тиын.

100- теңгені тиынға уыстыру.

Айналымға құралдар енгізу коэффициенті (Kе) - айналым капиталының айналыс коэффициентіне (Кайн) қарсы бірлік. Енгізу коэффициенті азайған сайын, компанияның айналым капиталы тиімді қолданылады және оның қаржылық жағдайы жақсарады.

Компанияның айналым қорларын пайдалану көрсеткіштері

Материалды ресурстардың шығынын зерттеу және болжау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады: пайдалану коэффициенті, өнім шығару (жартылайфабрикат), шикізаттан шығарылған өнім коэффициенті.

Пайдалану коэффициенті пайдаланылған шикізат пен материал көлемін көрсетеді. Ол тиімді шығынның (масса, теориялық шығын) материалдың шығын нормасына қатынасына тең:

ПК= тиімді шығын/материалдың шығын нормасы.

Өнім шығару коэффициенті пайдалану коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол материалды ресурстардың шығын нормасының тиімді шығындарға қатынасымен өрнектеледі.

ӨШК= материалдың шығын нормасы/тиімді шығын.

Шикізаттан шығарылған өнім коэффициенті жұмсалған шикізаттың құрамындағы қолданылған тиімді заттар көлемін көрсетеді. Ол шикізат құрамындағы тиімді заттар көлемін шикізаттың толық көлеміне қатынасымен көрсетіледі.

ШШӨК= тиімді заттар көлемі/шикізат көлемі.

Компанияда барлық материалдық ресурстарды пайдалануын көрсететін маңызды көрсеткіштері- өнімнің материал сиымдылығы (Мс) және, бұған кері, материал қайтарымдылығы (Мқ) болып табылады.

Мс= МЗ/ТӨ; Мо=ТӨ/МЗ;

Мс= МЗ/Vc; Мо= Vc /МЗ;

МЗ- компаниядағы жұмсалған материалдар көлемі,

ТӨ- компаниядағы тауарлы өнім шығарылымы,

Vс- сатылған өнім көлемі.

Өнімің материал сиымдылығының жеке көрсеткіштері:

Электросиымдылық

Мэл= жұмсалған электроэнергия көлемі/өнім көлемі;

Энергосиымдылық

Мэв= тұтынылған энергия көлемі/ өнім көлемі;

Компанияның техникалық- экономикалық көрсеткіштері

Жалпы табыс= өткізілген өнімнен түскен түсім- өткізілген өнімнің өзіндік құны;

Негізгі қызметтен түскен түсім= жалпы табыс- кезең шығындары;

Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс= негізгі қызметтен түскен түсім- негізгі емес қызметтен түскен түсім;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Қазіргі нарықтық экономикадағы кәсіпорынның қаржы менеджментін қолдану механизмі
Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері. Қазақстан - Каспийшельф ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау
Қаржылық есеп беру және оның талдауы
Өндірістік жабдық құны
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері
Кәсіпорын экономикасы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz