Бейне басып алу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

І тарау . Компьтердің мультимедиялық мүмкіндіктер және мультимедиалық технологияларға сараптама

1. 1. Білім берудегі мультимедиа5

1. 3. Мультимедиялық технологияларға сараптама . . . 11

ІІ тарау. Pinicle Studio 9 видео редакторын оқытудың әдістемесі.

2. 1. Басып алу . . . 15

2. 2. Редакциялау . . . 29

2. 3. Фильмді шығару . . . 91

Қорытынды . . . 97

Қосымша. Оқытудың электрондық құралын жасау және пайдалану әдісі . . . 98

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 101

Кіріспе

Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам қызметінің көптеген салаларына төңкеріс әкелді. Мультимедиа технологиясын кең қолдану саласының бірі білім беру саласы, өйткені мультимедиаға негізделген электронды басылымдар мен қорлар, көптеген жағдайда білім берудің тиімділігін арттыруға қабілетті. Сынақ келесілерді анықтады: оқушы материалды ауызша айтқанда бір минут ішінде мың шартты бірліктегі ақпаратты қабылдау мен өңдеуге қабілетті келеді екен, ал көру мүшелерін іске қосқанда, бұл көрсеткіш 100 мың бірлікке дейін жетеді

Мультимедиадағы оқытудың электронды басылымдары мен қорларында жұмыс істей отырып, оқушылар өзінің оқыту процесіне тікелей әсер ете алады, өзінің жеке қабілеті мен артықшылықтарына орай біржүйеге келтіреді. Олар тек өздерін ғана қызықтырған материалды зерделейді, оқиды, алған мәліметтерді өзіне қанша рет керек болса, сонша рет қайталайды, ал бұл өз кезегінде дұрыс қабылдау шыңына апарады.

Сонымен, сапалы мультимедиа басылымдары мен қорларын қолдану, оқушылар арасындағы түрлі мәдени, әлеуметтік қатынас бойынша, олардың жеке стилі мен оқу қарқыны, олардың жеке мүдделері бойынша оқу барысын икемді қолдануға мүмкіндіктер туғызады.

Мультимедианы қолдану оқу процесінің бірнеше аспектілеріне бірден оң әсер береді. Мультимедиа әсер етеді:

  1. Ақпаратты ұсыну мен қабылдау сияқты оқу аспектлеріне ынталандырады;
  2. Оқушылардың уәждемесін көтереді;
  3. Өзара бірге жасайтын жұмыстардың дағдыларын дамытады және оқушылардың ұжымдық түсініктерін, сапасын жетілдіреді;
  4. Оқушылардың оқуға деген терең ынтасы өз кезегінде оқылатын материалды терең түсінуге қалыптастыруын тудырады.

Мультимедианы қолдану оқушыларға оқу материалдарын қалауынша пайдалануға мүмкіндік береді, яғни адам материалды қалай меңгеруді, ақпараттандыру құралдарының белсенді мүмкіндігін қалай қолдануды, өзінің жұмысын өз тобындағылармен бірге қалай жүзеге асыруды тек қана өзі шешеді. Осы себепті оқушылар оқу-ағарту барысының белсенді оқушысы болып шығады.

Сонымен қазіргі заманғы мультимедиа құралдарын дамыту білім беру технологиясын жаңы деңгейде іске асыруға мүмкіндік береді, осы мақсаттарға ең алдыңғы қатарлы техникалық жаңартпашылықтарды қолданады, ал ол сан түрлі ақпараттарды беру мен өңдеуге мүмкіндік туғызады. Білім беру саласына енген қазіргі заманғы мультимедиа құралдарының бірі үлгілеудің түрлі құралдар олардың іс-қимыл жасауы ауаны шындық деген атты алған технология негізінде жатыр.

Түлектік жұмыстың мақсаты:

  • Pinnacle Studio бағдарламасын оқытуға арналған әдістемелік құрал дайындау;
  • Pinnacle Studio бағдарламасын оқытудың мультимедиалық электрондық оқулығын дайындау.

1. 1. Білім берудегі мультимедиа

Әр жыл сайын эффективті және таралған білімдік электрондық баспалар мен ресурстарға негізделген ақпараттық технологиялардың аймағы айқындала түсуде. Ондай технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табылады. Осыған байланысты электрондық баспалар және ресурстарды оларды жасау және қолдану тәсілдерін бөлшектеп, қарастырудан бұрын ОЭБ - ны өңдеу және қолдану негізінде жататын ақпараттық технологиялармен танысқан ақылға сай келеді.

Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуде сипаттамалық ерекшелігі өңдеу мүмкіндігі және компьютерлік техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып есептелетін әртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар бөлінеді. Шыныменде соңғы жылдары осындай құралдар санына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін және дыбыс шығару, фото және видио бейнелер үшін құралдар кіргізілген. Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пайда болып, кең таралса, осы құрылымдарды мультимедиа құралдарына жатқызылады.

Мультимедиа құралдарының спецификациясын ақпараттық түрлерін және оны беру тәсілдерін білмей түсінуге болмайды. Оқытудағы электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты классификациялаудың тек негізгі аспектілеріне тоқталамыз. Ақпаратты классификациялауға болатын критерийлердің бірнешесі бар. Бірінші критерий түрінде көру, есту, сезу, дәмін тарту, сияқты адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін қолдануға болады. Оқыту электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйренудің көз қарасы бойынша компьютерлік және коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, адамға ақпараттық әсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс болады. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі үш группаға бөледі:

  1. Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік немесе визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа текст, графикалық бейнелер және суреттер, фотографиялар, мультифильмдер, видеофильмдер жатады.
  2. Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа у - шулар, әуендер, сөз жатады.
  3. Сенсорлық немесе тактильдың ақпарат деп аталатын, арнайы техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық жүйесімен қабылданатын ақпарат.

Ақпараттың аталған түрлерін басқа критерийлері бойынша да жіктеуге болады. Олардың бәрі адамның ақпаратты қабылдау тәсілі болып табылады. Осыған байланысты келіп түсетін оқытылатын ақпаратты ассоциативті және туралауға бөлуге болады. Оқушылар ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте текстік немесе сөздік суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда тесті оқу немесе педагогтың сөзін тыңдау, оқушыда бар өсімдіктер туралы түсініктер мен алынған ақпараттың ассоциациясына алып келеді. Текстті оқу немесе сөзді тыңдаудың барлық оқушылардың өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек. Әрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды.

Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту мақсаттарының назары бойынша объектілердің қасиеттерін береді. Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер, видеофильмдер, ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады. Мультимедиа құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі болып тура ақпаратты беру және өңдеу мүмкіндігі табылады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып - үйренгенде мультимедиа құралдарын пайдалану, оқушыларға өсімдікті және онда болатын процесстерді көруге, мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.

Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары түсінігі, бір жағынан компьютерлік өңдеу және ақпаратты әртүрлі типте көрсету мен тығыз байланыста болса, екінші жағынан, білім алу эффективтілігіне әсер ететін электрондық баспалар және ресурстарға байланысты. Мультимедиа құралдарын білім беру сферасына енгізілуі сәйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық құралдардың пайда болуына және олардың мазмұндық артуына, оқытудың жаңа әдістерін және педагогтардың кәсібі шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге ықпалын тигізеді.

Мысалы, видеофильмдерді сақтауға, өңдеуге және өндіруге мүмкіндік беретін мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне енгізу, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер мен жұмыс істей отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көз қарасы бойынша маңызды болған видеофрагменттерді көруге жұмсайды.

“Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты” “мультимедиа” сөзі бірден бірнеше әртүрлі мәнге ие болатындығын түсіну маңызды. Мультимедиа - бұл.

  • Әртүрлі типтегі аппараттық өңдеу құралдарын қолдану және функциялау, өңдеу ретін суреттеуші технология;
  • Әртүрлі типтегі ақпараттардың берілуі және өңдеу технологиясының негізінде жасалынған ақпараттық ресурс;
  • Әртүрлі типтегі ақпараттың берілуі және функциялануы өңдеумен байланысты компьютерлік программалық қамтамасыз ету;
  • Әртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік апппараттық қамтамасыз ету;
  • Әртүрлі типтегі (сөз, әуен, видео бейне, анимация және т. б) динамикалық және дәстүрлі статистикалық және визуалды (текс, графика) ақпаратты өзінде біріктіретін ақпараттың ерекше жалпылаушы түрі.

Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық технологиялардың спектрін білдіреді.

Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға байланысты, графикалық, дыбыстық, фото және видео әсерлерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық заряд бар және олар белсенді түрде көңіл көтеру индустрияны қосылады.

Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам шығармашылығының көптеген облыстарында революция жасады. Мультимедиа технологиясын қолданудың кең облыстарының бірі білім беру сферасы, себебі мультимедиаға негізделген электрондық баспалар және ресурстар оқытудың тиімділігін неғұрлым арттырады. Материалды ауызша баяндағанда оқушының бір минутта ақпараттың мың шартты белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда» 100 мыңға жуық осылай бірліктерді меңгеретіні тәжірибе арқылы тексерілген.

Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдарының саны мыңға жетеді. Мультимедиа - технологиялар және оған сәйкес білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер 1995 жылы басылымнан шыққан мультимедиа және СD - ROM анықтамасы бірінші басылымда барлығы 34 нұсқа шыққан болса, 1998 жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен болса, қазір бұл тізім бірнеше мыңдаған атауларды өз ішіне алады. Әрине, бұл көрсетулер мультимедиа құралдарымен қамтамасыз етілгендігін нақты суреттеп бере алмайды, бірақ жасалынған және пайдаланып жатқан мультимедиа құралдар санының өсуіне біржақты дәлелденді. Мультимедиа құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін және төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін көбейтуді қамтамасыз етеді.

  • Визуалды ақпаратты «басқару» (орналастыру, қою) ;
  • Әртүрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау (ығысу) ;
  • Анимациялық эффектердің жүзеге асуы;
  • Визуалдық ақпараттың деформациялануы (белгілі бір сызықтық параметрдің үлкеюі несесе кішіреюі, бейненің созылуы немесе жиналуы) ;
  • Аудиовизуальдық ақпараттың дискреттік берілуі;
  • Бейненің (қараңғылануы) көлеңкеленуі;
  • Визуальды ақпараттың талданған бөлігін оны келесі ығысуы немесе «лупамен» қарастырылуы үшін тіркеу;
  • Бір экрандағы кез келген бөлігін активтендіру мүмкіншілігі бар аудиовизуаль ақпараттың көп терезелі көрінісі.
  • Шынымен өтіп жатқан процесстердің шын уақыттағы оқиғалардың демонстрациясы.

Мультимедиа және білім берудегі ақпараттанудың сәйкес құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Мультимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның ролі өседі. Иллюстрация бұл:

  • Текстке түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа типін енгізу (бейне және дыбыс)
  • Көрнекті және көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады. )

Иллюстрация терминін талқылаудың екеуіде бірдей дәрежеде әдеттегі қағаз оқулықтар мен оқыту құралдарына, сондай - ақ заманға сай мультимедиа оқыту электрондық баспалар және ресурстарға қатысы бар екенін түсіну керек. Бұдан басқа иллюстрацияның маңыздылығы, оқытуды оқу материалының қиын маментерін ақпараттандырудың барлық құралдары көрнекті көзжеткізетіндей және жеңіл түсіндіруге мүмкіндік береді. Мультимедиа дәл осыған ықпалын тигізеді. Мультимедиа баспаларда және ресурстарда иллюстрациялар мысалдар (оның ішінде тексттерде ), екі өлшемді және үш өлшемді графикалық бейнелер (суреттер, фотосуреттер схемалар, графиктер, диограммалар) дауыстық фрагменттер, анимациялар, видеофрагменттер түрінде көрсетіледі. Білім беру мультимедиа құралдарында иллюстрацияның жаңа түрлерінің пайда болуы қазаз дәстүрлі оқулықтардан бас тарту деген сөз емес. Дәстүрлі оқулық кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безендіру обылысында баспа элементтерін кеңістіктік группаларға бөлу ерекшеліктері оның алатын мол тәжірибе жиналған. Осы бойынша кейбір элементтерге акцентпен қарайды, қабылдаудың физиологиялық жақтарын және басқа факторлар назарға алынады. Қазір көптеген оқу дисциплиналары және оқыту бағыттары бойынша мультимедиалық энциклопедиялар түзілген. Оқытудың жаңа әдістерін пайдаланып, оқу процессін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ойын ситуациялық тренажерлер мен мультимедиалық оқыту жүйелері өндірілді.

Оқыту электрондық баспалар мен ресурстардың интерактивтілігі дегеніміз, қолданушыларға, яғни үйренушілер және педагогтарға бұл құралдармен белсенді әсерлесуге тура келеді дегенді білдіреді. Интерактивтілік оқыту диологы үшін шарттардың болуын білдіреді, оның қатысушыларының бірі электрондық баспа немесе ресурс.

Интерактивтілікті беру мультимедиалық құралдарының ең мәнілі артықшылықтарының бірі. Интерактивтілік белгілі шектерде ақпаратты көрсетуді басқаруға жағдай жаратады: оқушылар жеке икемденуін өзгерте алады, нәтижелерді тексереді, сондай - ақ қолданушының нақты сұрақтарына жауар беретін программаны шақыруға мүмкіндік береді. Оқушылар жек академиялық талаптарын қанағаттандыратын материалдың берілу жылдамдығын, кайталаулардың санын және басқа параметрлерді кіргізе алады. Бұл мультимедиа технологияларының иілгіштігі жөнінді қорытынды шығаруға болады.

Мультимедиа технологиялар ақпараттың көп түрлерін ойша және гормониялық интегрлеуге мүмкіндік береді. Бұл компьютердің көмегімен ақпаратты әртүрлі формаларда беруге мүмкіндік береді, олар төмендегідей;

  • бейнелер, оған сканирленген фотосуреттер, чертеждар, карталар және слайдтар кіреді;
  • дауыстың дыбыстық жазылуы, дыбыстық эффекттер және музыка;
  • видео, күрделі видеоэффектілер.

Білім беруде мультимедианы қолданудың тиімділігін көптеген мысалдармен көрсетуге болады. Ереже бойынша, әдемі бейнелер немесе анимациялар мен өтетін презентациялар статикалық текстке қарағанда, визуал тартымды және олар қажет болған эмоционалдық деңгейді ұстайды, сонымен оқыту тиімділігін арттырады. Мультимедианы қолдану мектеп жағдайында физика немесе химия бойынша оқушыларға бір қатар тәжірибелерді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедианың көмегімен кеңістікте қозғалуға болады және оқушыларға сыныптан шықпай - ақ, тарих курсындағы муражай экспонаттарын немесе археологиялық ескерткіштерін көрсетуге болады. Заманға сай самолеттардың ұшқыштарын арнайы мультимедиалық тренажерларда сабақ өткізбей дайындау мүмкін емес, себебі бұл әдіс шынайы жағдайларды және келешек ұшқыштан талап етілетін интерактивті әсерлесуді моделдейді.

Мультимедианы пайдалану оқушыларға оқыту материалдары мен әр түрлі жұмыс істеуге мүмкіндік береді - адам матералды қалай оқып үйренетінін, ақпараттандыру құралдарының интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалануын және өзінің сыныптастарымен бірге қалай жұмыс істейтінін өзі шешеді. Осылайша, оқушылар білім беру процессінің белсенді қатысушыларына айналады. Мультимедиа оқыту электронды баспалар және ресурстар мен жұмыс істей отырып, оқушылар өздерінің қабілеті және талабына сай әсер ете алады. Олар өздеріне қызық материалды ғана оқиды, оқығанын қанша рет қажет болса, сонша рет қайталайды, ал бұл дұрыс қабылдауға жеткілікті ықпал етеді. Осылайша, сапалы мультимедиа баспаларын және ресурстарды қолдану оқыту процесін оқушылар арасындағы олардың білім алуының өздік стилдеріне және темптеріне қызығушылығына әлеуметтік және мәдени ерекшеліктеріне қатысты иілгіш болуын қамтамасыз етеді. Мультимедианы қолдану оқыту процесінің бірнеше аспектілеріне позитив әсер етеді. Мультимедиа ықпал етеді:

  1. Ақпаратты қабылдау және түсіну оқыту сияқты когнитивтік аспектілерін ынталандыруға;
  2. Оқушылардың мотивациясының артуына;
  3. Оқушыларда бірінің жұмыс істеу дағдыларын және ұжымдық танымдық дамуына;
  4. Оқушыларда оқуға терең жолмен келуді дамытуға және оқылатын материалдың терең түсінікті болуын қалыптастыруға;

Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың артықшылықтарын қатарына мыналарды кіргізуге болады:

  • Оқыту үдерісінде оқушы қабылдауының бірнеше каналын бірмезгілде қолдану, оның есебінен бірнеше әртүрлі сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға келтіріледі.
  • Күрделі, қымбат немесе қауіпті экспериментті моделдеу мүмкіндігі;
  • Процесстерді динамикалық көрсету есебінен абстракт ақпаратты визуалдау;
  • Микро және макро дүниелердегі үдерістерді және объектерді визуалдау.

Мультимедиа құралдарын нақты пәндер облысында да, бірнеше пәндер облысының топтарындағы орналасқан дисциплиналарда оқыту процессін жақсарту үшін қолдануға болады.

Білім беру жүйесінің эффектілерініне белгілі дәрежеде оқу процесі жүріп жатқан ортада әсер етеді. Бұл түсінікке оқыту үдерісінің құрылымы оның шоттары және оңайлығы кіреді (қоғам, кітапханалар, мультимедиалық ресурс орталықтары, компьютерлік зертханалар және т. с. с. )

Мұндай жағдайда мультимедиа баспалары және ресурстар көп санды мүмкін болған оқыту құралдарының бірі ретінде қолданылады. Демек, заманға сай мультимедиа құралдарының дамуы білім беру технологияларын жаңа деңгейде қолға келтіруге мүмкіндік береді., бұл мақсат үшін ең прогрессивті техникалық инновациялар қолданылады. Білім беру сферасына кіретін мультимедиалық құралдардың ең заманға сайы болып әртүрлі модельдеу құралдары және қызмет көрсетуі технологияларға негізделген, виртуал ақиқат деп аталатын құралдар табылады. Виртуал объектілер немесе үдерістерге нақты немесе елестетілетін объект немесе үдерістердің электрондық моделдері жатады. Виртуал сөзі қағаз және басқа материалдық тасушыларда көрсетілген білімдік және басқа объектілердің электрондық нұсқаларының сипатын айтып көрсету үшін қолданылады. Виртуал ақиқат - бұл дыбыстық, көру, тактильды тағы басқа ақпарат түрлерін беретін және қолданушыға виртуал кеңістікке кіру елесін тудыратын мультимедиа құралдары. «Виртуал ақиқат» жүйелері адам мен орта арасында тура «тікелей» контактті жүзеге асырады. Олардың ең жетілгендеріне қолданушы датчиктермен жасалған қолғапты киіп, тек компьютер жадысындағы объектке қолын тигізе алады. Басқа жағдайларда экранда бейнеленген нәрсені «айналдырып» және оны басқа жағынан көруге болады. Қолданушы «ақпараттық костюм» «ақпараттық қолғап» «ақпараттық және очки» басқа құралдар мен құралданып «виртуал кеңістікке» қадам басады.

Осындай мультимедиа құралдарын білім беру жүйесінде қолдану қолданушы қабылдайтын ақпараттың мағынасы және қабылдау мехонизмін өзгертеді. «Виртуальды ақиқат» жүйелерімен жұмыс жасау кезінде, білім беруде ақпаратты қабылдау кезінде сапалы өзгерістер болады. Бұл жағдайда қабылдау тек көру және есту арқылы ғана емес, сондай - ақ сезу және иіскеу арқылы да жүзеге асады. Принципиалды жаңа деңгейде білім берудегі көрнекіліктің дидактикалық принципиптерін жүзеге асыруда сілтеулер пайда болады. Білім беруде мультимедиа технологиясына пайдаланудың кеңістіктік ойлауын дамытуда, нақты шындыққа максимал жақындаған жағдайда мамандардың машықтануын ұйымдастыруда маңызы зор. «Виртуал ақиқат» жүйесін медицинада хирургтарды күрделі операцияларды жүргізуге, ауруларды реабелитациялау мәселелерін шешуге үйрету үшін қолдануы таң қаларлық жүйе. «Виртуал ақиқат» берген ақпаратты түсіну тек тоериялық емес, практикалық болуы да мүмкін, дәлірек айтқанда: көрнекті - бейнелі немесе көрнекті - әрекетті. Практикалық ойлау тоериялық ойлаумен салыстарғанда аз тырысуды да талап етеді, ереже бойынша, бейнелік ақпаратты түсіну символдық ақпаратты түсінуге қарағанда жеңіл. Виртуал ақпарат технологиясын пайдаланып құрылған электрондық баспалар және ресурстар оқыту процесінде оқу метериалын жақсы түсіну және меңгеруді қамтамасыз ете алады. Бірақта виртуал ақиқат жүйесінің деңгейі қанша жоғары болған сайын, олар жасауға сонша көп еңбектену керек, педагогтар мен оқушыларға берілетін ақпараттанудың техникалық құралдарының мінсіз болуы тиіс.

1. 2. Мультимедиялық технологияларға сараптама

Мультимедиалық технологияларға сараптама жасамас бұрын, олармен жұмыс істеу кезіндегі олардың функцияларына сәйкес және оларда жасалатын немесе құрылатын файлдардың түрлері қандай болуы керек, қандай компьютерлік мүмкіндік қажет екендігін білу пайдаланушының алдындағы көзге көрінбейтін қиыншылықтар. Сондықтан біз мультимедиалық технологиялар туралы айтқан кезде оған қатысы бар бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндігіне қарай жасалатын құралдарды ең төменгі мүмкіндікті қажет ететіндей етіп жасауымыз қажет. Мултимедиалық бағдарламаларға мәтін, графика, дыбыс, видео т. б. ақпарат орталары қатынасатын болғандықтан алдын ала оларды кодтау мәселесін білгеніміз жөн. Мәселен, барлық копьютерде кездесетін қазақша қаріптердің көріну мүмкіндігінің кемшілігін жою үшін мәтінді кодтаудың дұрыс стандарттын алдын ала хабарлау керек, міне сонда ғана қаріп қиыншылығынан шығамыз.

Графикалық мәліметтерді кодтау

Егер үлкейтілген әйнектің көмегімен газетте не кітапта басылған ақ-қара графикалық кескінді қараса, онда оның раастр деп аталатын, ерекше өрнек құрайтын өте ұсақ нүктелерден тұратынын көруге болады.

Сызықтық координаталар мен әрбір нүктенің (жарықтың) жеке қасиеттерін бүтін сандардың көмегімен өрнектеуге болатындықтан, онда раастрлық кодтау графикалық мәліметтерді беру үшін екілік кодты пайдалануға мүмкіндік беретінін айтуға болады. Бүгінгі таңда ақ-қара иллюстрацияларды сұр түстің 256 градация нүктелер тіркесі түрінде беру жаппай қабылданған болып есептеледі, осылайша кез келген нүктенің жарығын кодтау үшін әдетте сегіз разрядты екілік сан жеткілікті.

Түрлі-түсті графикалық кескінді кодтау үшін кез келген түсті негізгі құрауыштарға декомпозициялау принципі қолданылады. Мұндай құрауыштар ретінде үш негізгі түс пайдаланылады: қызыл (Red, R), жасыл (Green, G) және көк (Blue, B) . Іс жүзінде адам көзімен көрінетін, кез келген түсті осы негізгі үш түсті механикалық араластыру жолымен алуға болады деп есептейді. Мұндай кодтау жүйесі RGB жүйесі (негізгі түстердің атауларының бірінші әріптерінен алынған) деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Adobe photoshop редакторы туралы жалпы түсінік
Құрылғылар мен бағдарламалар
Paint графикалық редактор
Timeline терезесіне клиптарды тасымалдау
Компьютер құрылымдары
Файлдарды басқа форматта сақтау
Camtasia Studio бағдарламасында бейнесабақтар жасау
Windows терезесінің құрылымы
PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ
Бейне атрибуттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz