Қиын жасөспірімдердің тәрбиелік деңгейіне қатысты эксперименттік және тәжірибелік жұмыстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Жеке қиын баланы жан-жақты тануда және алғашқы алған тәрбие нәтижесінің деңгейі.
  2. Қиын жасөспірімдердің тәрбиелік деңгейіне қатысты эксперименттік және тәжірибелік жұмыстар
  3. Қиын жасөспірімдердің басты ұжымдық бағыт-бағдары және қоғамдық белгілерінің мінез-құлқы.

Жеке қиын баланы жан-жақты тануда және алғашқы алған тәрбие нәтижесінің деңгейін анықтауда «тұлға тәрбиелілігі» деген атау-терминді қолданамыз. Бұл атау оқушы тұлғасының адамгершілік қасиеттері шоғырланған рухани сапасының сипатын бІлдіреді. Тәрбиелілік деген ұғым жеке тұлғаның қоғамдық маңызы бар қадір- қасиеттерінің қалыптасуын анықтап, жан-жақты даму деңгейін көрсетеді.

Жеке тұлғаның тәрбиелілігін қарастырғанымызда, оның адамгершілігі мен рухани дамуын, адамзатқа тән мәдениетті қандай дәрежеде меңгергендігін айқындап, қиын оқушының ғылым негіздерінен алған білімін, ұстанған қоғамдық бағытын және әлеуметтік адамгершілік қасиеттерін зерттейміз. Сонда ғана жасөспірімнің еңбекке, адамдармен қарым-қатынасын байқап, тануға болады. Сонымен бірге қиын баланың күнделікті : жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ақыл-ой қабілетінің даму жайларынан хабардар боламыз.

Қиын жасөспірімнің тәрбиеленген мінез-құлқын анықтайтын белгілерге-тоқталайық.

Ең бастапқы (бірінші) белгі- қиын бала болмысының (тұлғасының) ұжымдық бағыт-бағдарында өзгерістердің болуы. Бағыт-бардар ұғымына: ынта-ықыласы мен қызығушылығы, талап-тілегі мен мұң-мұқтажы, өмірлік мақсаты мен болашақ туралы толғануы және асқақ мұраты жатады. Бағыт-бағдар - жеке тұлғаның негізгі белгісі. Қиын баланың бағыт-бағдары өзінің ішкі дүниесіне бағытталып, сырттан жасалатын ықпалдардан «қорғану» бағытын ұстап, тәрбие ықпалдарына қарсылық көрсетеді. Себебі үнемі қарсылық жасауға үйреніп қалған бала алғашында тәрбие ықпалына да қарсылық жасап бағады.

Екінші белгіге қиын оқушынын, жалпы даму деңгейі яғни ғылым негіздерін игеруі, танып-білуге деген ынта-ықыласы, көзқарасы, жалпы мәдени өресі кіреді. Жалпы даму деңгейі қиын оқушының өзіндік мінез-құлқын белгілейді. Жалпы деңгейі төмен болса, қатар-құрбыларының теріс ықпалына тез түсіп, «көсемнің бұйрығын» тез қабылдайды. Ал дамуы жоғары деңгейдегі оқушының мінез-құлқы өзінің ішкі жан-дүниесімен қабысып, сырттан болатын теріс ықпалдарға қарсылық көрсете алады, сөйтіп, қиындықтарды да жеңетін болады.

Үшінші белгі - жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілігі немесе тәрбиесіздігі. Ол баланың мінез-құлқынан байқалады.

Төртінші белгіге қиын баланың оқу жүйесіндегі үлгерім деңгейінің (төмен, орташа, жоғары) шамасы алынып, танып-білу қызметінің дұрыс немесе жеткіліксіз даму дәрежесін көрсетеді.

Сонымен бірге қиын жасөстрімдердің жүйкесі шаршап-шалдығуына байланысты психопатиялық күйде болатындықтан, мінез-құлық ерекшеліктеріне талдау жасау, яғни тәрбие қорытындысын шығару тәлімгерлерге өте қиынға соғады.

Жүйке жүйесінің нашарлығынан патологиялық тұрғыдан құбылмалы болуына байланысты олардың ынта-ықыласы да, талап-тілегі де әп-сәтте өзгеріп тұрады. Мұндай қиын балалар сенгіш, басқаның ықпалына түсуге бейім болады. Сол себептен мұндай балалар уытты сұйық заттарды иіскеуге, наша, темекі тартуға, арақ-шарап ішуге, даңғыбастыққа бейім болып, ұрлыққа бір табан жақын тұрады.

Жыныетық жағынан бұзылған қиын оқушылардан жеке шағын топ құрау керек. Бұлардың барлық ой-тілегі жыныстық әуестенушілікке бейімделгендіктен, оларды қайта тәрбиелеу де аса күрделі болады.

Тәрбиеліліктің белгілері: Тәрбиеліліктің белгілері
Төменгі: Төменгі
Орта: Орта
Жоғары: Жоғары
Тәрбиеліліктің белгілері:

1. Дербес

икемділігі

Төменгі: Өзін-өзі тәрбиелеуге ынтасы төмен
Орта: Өзіне-өзі есеп беруге талаптану деңгейі, өзін-өзі тәрбиелеу ынтасы төмен
Жоғары: Өзін-өзі тәрбиелеуге үнемі талаптанады, оқуға, еңбекке, қоғамдық тапсырманы орындауға ынталы
Тәрбиеліліктің белгілері: 2. Топтың икемділігі
Төменгі: Өзіне, құр-бысына талап қоймау, оқшаулану, тәртібі төмен, жауапкершілігі жоқ
Орта: Өзіне, жолдасына дер-ліктей талап қоймау, оқуы мен еңбегі, тәртібі мен жауапкершілігі канағаттандырарлық деңгейде
Жоғары: Өзіне, қатар-құрбы ларына жоғары талап қояды, тәртібі үлгілі, оқуға, ұжым ісіне жауапкершілігі мол, басқаға қол ұшын береді
Тәрбиеліліктің белгілері:

3. Жалпы

икемділігі

Төменгі: Ынта-ықьілас танытпау
Орта: Ауық-ауық ынта-ықылас таныту .
Жоғары: Тұрақты ынта-ықылас таныту
Тәрбиеліліктің белгілері: 4. Қоғамдық белсенділігі
Төменгі: Қоғамдық істерге енжар. қатысады .
Орта: Қоғамдық істерге қа-тысады, оны орындайды
Жоғары: Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, ұйымдастырушылық қабілеті бар

Қиын оқушылардың икемділіктерін бағалауда олармен емін-еркін әңгімелесіп, қажетті мәселелер төңірегінде мағлұмат алынады. Анкеталық сұрақтарға жауап алу мен белгілі тақырыптарға шығарма жаздыру ісі де баланың өрісін байқауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге қиын жасөспірімдердің қалыптасқан адамгершілік қасиеттерін саралаймыз. Бұған негізінен мына белгілер тән:

1) педагогке сенім : арту, сыйлау және оған ден қою;

2) өшігу, сыр бермеу, сақсыну сияқты жағымсыз қылықтарының ашық-жарқындыққа ұласуы;

3) шыдамсыздық, сенімсіздік сияқты мінез тұрақсыздығының ұстамдылықпен ұласуы;

4) қоғамдық маңызы бар іске ынта-ықыласының байқалуы;

5) іс-әрекеттерінен жаңа нышандар мен жаңа мақсат-міндеттердің көрінуі;

6) тәртіпті жүру әдет-дағдыларының байқала бастауы;

7) сабаққа дайындалу, көркем-әдебиет оқу, өздігінен білімін жетілдіру дағдыларының қалыптаса бастауы;

8) қоғамдық тапсырмалар мен пайдалы еңбекке құштарлығы өсіп, еңбек дағдыларының қалыптаса бастауы; :

9) қиын бала педагогтармен, ұжым мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасап, айналасындағы адамдарға, еліміздегі өзгерістерге дұрыс баға беруі;

10) өз денсаулығын күту, жүйкесінің шаршап-шалдықпауын қадағалау, оған қолайлы жағдай туғызу мүмкіндігін байқау;

Қиын жасөспірімдердің басты ұжымдық бағыт-бағдарын көрсететін және қоғамдық белгілердің мінез-құлықтағы бірлігін, ұжымшылдық қасиеті мен ынта-ықыластарын, мұң-мұқтаждарын білу үшін жоғарғыдай кесте құрап, қорытындысын шығаруға болады. Қорытындының дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін оқушыларддың анкета, сұрақтарына берген жауаптарын бұрынғы нәтижелерімен салыстырамыз. Бұл тәсіл жинақталған мағлұматтардың кем-кетігін толықтыруға, дұрыс-бұрыстығын анықтауға көмектеседі. Анкета сұрақтары мынадай болады және оларға оқушылар жазбаша түрде жауап беруге тиіс:

1. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жылдары сен қандай қоғамдық тапсырмалар орындадың?

2. Мектепті бітіріп отырсың, енді сен не істемекшісің, алдыңда қандай жоспарларың бар?

3. Мектепте де үйрендің, қолыңнан қандай іс келеді? Бірінші сұраққа берген жауаптарына қарағанда қиын жасөспірімдердің 83, 2 % -і қоғамдық тапсырмаларды жүйелі түрде орындап отырған. Оқушылардың берген жауаптары да қисынды әрі дәлелді. «Өз мектебімнің, жаңарып, жайнай түскеніне қуанышты сезімдемін. Біздер, жөндеу бригадасының мүшелері, мектептің материалдық базасын жақсарту үшін көптеген жұмыстар істедік», - деп жазыпты 7 «б» сынып оқушысы Болат.

Берілген жауаптарында: қиын балалардың 81 %-і мектептегі алған білімдерін одан әрі жалғастыратынын айтқан. Ал қалғандары өндірісте жұмыс істеуге тілек білдіріпті.

Соңғы үшінші сұрақ бойынша берілген жауаптарында қиын оқушылар еңбек сабақтары мен қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу барысында алған еңбек дағдылары мен икемділіктері жайлы айтыпты: «Мен металл жону станогінде істей аламын, ағаш шебері мамандығынан хабардар болдым», -дейді Витя анкетаға-берген жауабының соңында.

Жалпы айтқанда, қиын оқушылардың анкетаға берген жауаптарына қарасақ, олар қоғамдық жұмыстарда өз белсенділіктерін арттырған.

Қиын жасөспірімдердің тәрбиелілік деңгейіне қатысты мәліметтер жинап, оны өңдеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың өте қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған орай жеке қайта тәрбиелеу жұмысы әрбір оқу жылының аяғында педагогикалық кеңестің отырысында қорытылады, Оның нәтижесін белгілі кезеңдерге қарай бөлу керектігін педагогикалық кеңес шешеді. Бұл жағдайда мектептің оку-тәрбие ісіндегі жеке қайта тәрбиелеу процесі педагогтердің талдау объектісі емес, мектеп бітіргендегі немесе оқу жылының аяғындағы, қорытындысы болып есептеледі.

Педагогикалық кеңес екі күрделі мәселеге назар аударады. Біріншісі - оқу жылының соңында іс жүзіне асырылған жеке қайта тәрбиелеу жұмысының алға қойған шараларын бағалап, қорытындысын шығарып, алдағы уақытта оған қандай түзетулер енгізу керектігін және оны орындаудың амал-тәсілдерін белгілеу. Екіншісі -бірнеше жылға жоспарланған жеке қайта тәрбиелеу ісін талқылап, нақты максат-міндеттерін, оны жетілдірудің жолдарын айқындап, жүзеге асырудың амал-тәсілдерін сұрыптау.

«Жеке қайта тәрбиелеудегі тәжірибелік жұмыстар әдістемесі» деп аталған кітаптың II тарауын қорыта келгенде, киын жасөспірімдердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай қайта тәрбиелеу жолдарын іздестіруде педагогикалық, тұрғыдан ықпал жасаудың мына төмендегідей жүйесі жинақталды:

1) Қиын баланың мінез-құлқы мен жұріс-тұрысында шамалы болса : да адамгершілікті қасиет байқалса, басқа жағымсыз қылықтарына назар аудармай, сол оңды қасиетін жетілдірудің болашақ жоспарын жасап, тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жағымсыз әдет-дағдыларын тежеу.

2) әрбір қиын баланың болашақ бағыт-бағдарын жоспарлағанда, оның ынта-ықыласын, ерік-жігерін алдына қойған мақсатына жетуге жігерлендіру, қиындықты жеңуге баулу, теріс қылықтарының қайталануының алдын алу, ұнамсыз әрекеттерін жаңа, қоғамдық мәні бар істермен алмастыру;

3) қиын оқушының жеке басын құрметтеу, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты педагогикалық ынтымақтастық күйге түсіру. Әрбір қиын оқушының бейім-қабілетіне қарай оны қоғамдық пайдалы еңбекке, іс-әрекеттерге қатыстыру, : сынып ұжымының өміріне араластыру, осындай жағдайлар негізінде баланың белсенділігін, қатар-құрбыларының арасындағы абыройын арттыру, ұнамды қасиеттерінің одан әрі дамуына мүмкіндік туғызу;

4) үлгермейтін қиын оқушылардың оқу ісін ұйымдастырғанда оқу материалын талдай білу, қажетті ұғым-түсініктерді еске сақтау сияқты танымын қалыптастыру;

5) қиын жасөспірімнің «көшемен» байланысын үзу үшін педагогтер мен ата-аналар бірте отырып педагогикалық тұрғыдан ықпал жасау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Қиын балалар ұғымының мәні
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
ГРЕК – РИМ СТИЛІНДЕ БАЛҒЫН БАЛУАНДАРДА КҮШ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерінің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz