Қытай тілінің морфологиялық құрылысы изоляциялы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қытай мәдениеті
V-VI ғасырда Қытай мемлекетінде өнер әдебиет және ғылым
дами бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі танымы кеңейіп халық
елшілігі аспан әлемі туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды.
Жоғарыда айтқанымыздай ежелгі Қытайда қағаз жасау кітап шығару
шөптердің құрамын біліп дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Будда дінінің
таралуы жаңа дүниетаным тудырып идиалистік көзқарас қалыптасты
материалистік танымның негізін қалаған философ Фань Чжень еңбегінің
маңызы зор болды. Янь Цзань мен Янь Гуан император сарайында кітапхана
жинақтады . Қытайда калмеграфиялық жазудың негізі қаланды , Қытай
мәдениеті будда идиологиясының ықпалында дами бастады . Будда шіркеуінде
және оның маңында Будданың бейнесін салу қолға алынды
VIII – Х ғасырлар аралығында Қытайда білім беру оқу ісі дами бастады
. Көптеген мектептер ашылып, халықты жазу оқуға үйрету қолға алынды.
Қытайда ақындар мен жазушылар көбейді. Қытай жазушысы Хань Юй будда дінін
сынап еңбек жазған. Адам тағдыры әлеуметтік теңсіздік оның өлеңдері мен
рамандарының негізгі арқауы болды .
Бұл кезеңде Қытайда будда және дассизім білімдерін уағыздаушы
конфуцилік ағым кең етек алды .
Үнді-Будда мәдениеті .
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті діннің бірі –үнді мемлекетінде
қалыптасып өркендеген үнді будда діні. Үндістанның оның талантты халқының
діни сана –сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланыста болды. Үнді-
Будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста
болып, ұштаса білуінде Үнді-Будда мәдениетінің қалыптасып, одан әрі
дамуына кастолақ құрылыс үлкен ықпалын тигізді. Өйткені әрбір варна -
өзіне тән салт–дәстүрлермен дүниетанымы қалыптасқан жай ғана тұйық
әлеуметтік топ қана емес,олар белгілі бір мәдени құндылықтардың ортасы
болып саналады.
Үнді-Будда мәдениетінің қойнауында Үндістанда махатма Гандидің
реформалық қозғалысы туындады. Ол бұл қозғалыс барысында өзінің табиғатта
әрекет ететін махаббаттың өнегелік заңына сүйеніп отырды.
Христиан мәдениеті .
Ортағасырлық мәдениетінің басты ерекшелігі мәдениеттің діннің
ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда
ерекші түрі атқаруында. Рим империасы құлағаннан кейін мәдениеттің жаппай
құлдырау процессі етек алған жағдайда діни шіркеулер Европа елдері
үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалады. Христиан шіркеулері үстемдік
ету саяси институт болуымен қатар,адамдар санасында да мейлінше етек етті.
Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы,
тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні
халыққа дүние жөнінде онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында
біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу собарларында
христиандық діни уағыздардың басты құдайлары - сенім белгілері қабылдана
бастады. Христиандық ілімнің негізгі – Исус христианның тірлігіне, о
дүниеге адамдардың тірі екендігіне кәміл сену б.с. Христиан діні адам
өзінің табиғатынан – ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады.
Мәдениеті мен ғылымы.
Б.з.б. 6 — ІІІ ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің
қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы
жаратылыстану және тех. ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген
маңызды ғылыми – техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның
ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (комиас,
сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, т.б.).
Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар
каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғ-да Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы
туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 ж. жазылған. Б.з.б. 138 — 126
ж. Чжам Цянның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс
жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және "Ұлы Жібек жолы"
арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960 — 1279)
Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңт. аралдармен теңіз
арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз
қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады.
Медицинадағы ең көне кітап — "Нэйцзин" Қытай медицинасының дамуында үлкен
рөл атқарды. Тұңғыш "фармакология" кітабы Қытайда жазылды. Инемен емдеу
әдісі Қытай мед. әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние
жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғ-да Қытай
да оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 — 5 ғасырларда фарфор өндіру игереді. Б.з.б.
VI ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол ХІІІ
ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен
құрылыс — Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса
зор үлесі — қағаз жасау (2 г.). Кітап шығару тарихы Қытайда V-VI ғасырларға
саяды. Қытай да кітапты 2 түсті бояумен басу 1340 ж. жүзеге асырылды. ХХ
ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцишілдікдті
кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 — 03 ж. оқу жүйесінде тұңғыш
реформа жасалып, сурет үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан
негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы
зерттеулер болды. 1964 ж. қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы
сыналды (жер бетінде). Ал 1967 ж. маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы
сыналды. 1966 ж. кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета
қолданылып, ол бірнеше жүз км қашықтыққа ұшты. 1970ж. Қытай бірінші рет
Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 ж. 2-ЖЖС-н ұшырды.
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ — қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер
жүйесі, Қытай философияның пайда болу тарихы б.з.б. 1-мың жылдықтан
бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды.
Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып,
аспан-жер катынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел,
мемлекет мағанасын білдіретін Аспан асты ("Тянь ся") ұғымы қалыптасты.
Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао
цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу изя). Кейін басқа мектептер:
легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі
(иньян шя), т.б. қалыптасты. Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна
буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы
болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) кұрады. Елдің әлеуметтік –
мемлекеттік құрылымының түбірлі өзгеруі нәтижесінде мемлекет басқаруға
философтарды қатыстыру мен философия академия құрудың өзі ертедегі Қытайда
философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің философиялық
ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 — 5 ғ.) негізін
қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас
жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі
конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін
арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этика,
әлеуметтік, онтолгено сеол. түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама - қарсы
ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мән-шының пікірінде, адамның табиғаты о
бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық. әділеттілік адамға
дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша. адам табиғатынан —
зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады,
ал жақсы касиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-
цзы "адамгершілікпен басқару" ("жәнь чжэн") теориясын жасаса, Сюнь-цзы
басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз
халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций Ілімінің негіздерін,
әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға
алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниеден бақытсыздық пен
тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, "баршаның
мейірбандылығы" принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік
орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге
айналған "Тәңір құдіретіне" сенуді жоққа шығарды, мемлеткеттік басқару
орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына
байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты
ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ
мүддеге шақырды. Кытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты.
Бұл ілім Дао дэ цзин, "Чжуан-цзы" атты кітаптарда баяндалған. Дао-сизм
бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық "дао" ("жол") бар деп
дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-
әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық
ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшылдік
б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай
халкының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғ-да Қытайда
буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда
буддизм қытайлық филос. дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді
уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм
ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен
сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-
цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, Қытай философиясын буддизм
тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік.
барлық заттардың тендігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді.
Конфуцийшілдік пен дао-сизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір
элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнін салт-жоралары мен әдет-
ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір
түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (ІІІ ғ.).
Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын
бойына сініруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды (ХІІ ғ.).
Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун. Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер
болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді
қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумеролог.
методологияның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан
Чжоу Дуньндің идеялары жүз жылдан сон Чжу Си шығармаларында шешімін тапты.
Чжу Си ілімі ХХ ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің
негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуциншілдік ілімі жаңадан
пайда болған мемлекет басқарудың бюрократтық түрінің ерекше құқықтарына
теория негіз болып, мемлекеттік ресми идеологияға айналды. XVII-XVIII
ғасырлар философиясы Конфуций меи Мэн-изының "киелі кітаптарына"
түсіндірмелер жазумен шұғылданып. Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань
идеялары төңірегінде дамыды. XIX ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен
ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Қытай реформаторлары (Кан Ю-
вэй, Лян Ци-чао, Тань Си-тун) абс. монархияны конституциялық монархиямен
ауыстыруды талап етті. Олар мемлекет пен халық арасында жарасымды қатынасты
орнату тұжырымдамасын ұсынды. Қоғамдық кұрылысты революция жолмен өзгертуге
қарсы шығып. халықты конфуцийшілдік этика нормаларында тәрбиелеуді құптады.
ХХ ғасырда Қытайда саяси философия мен әлеуметтік теориялар (ағылшын
философы Г.Спенсердің позитивтік эволюционистік идеялары) кең өріс алды.
ҚХР-дың құрылуымен Қытай философиясында бірден бір теориялық негіз —
марксизм ілімі, диалектік және тарихи материализм тарала бастады.
ҚЫТАЙ ЖАЗУЫ — сөздер мен морфемаларды иероглифтер (қ. Иероглиф жазуы)
арқылы таңбалайтын жазу. Қытайдың ең көне иероглифы —пиктограммалар б. з.
б.— 2 мың жылдықтың орта шенінде жасалған. Иероглифтерді таңбалаудың —
үлгілі жазу (кайшу) делінетін қазіргі стилі б. з. 1 ғ-нда шыққан. Қазіргі
Қытай жылында 4—7 мыңдай иероглиф қолданылады. Олар 3 топқа бөлінеді: 1)
пиктограммалар мен идеограммалар (қ. Идео-графиялық жазу), бұған ежелгі
таңбалар мен содан жасалған күрделі таңбалар жатады; 2) фонограммалар —
кілттер мен фоистиктерден құралған иероглифтер. Кілт — сөздің мағынасын,
фонетик — сөздің дыбысталуын білдіретін тәңба. Қытай сөздіктерінде
иероглифтерді кілт бойынша орналастырады. Мұндай кілттерді саны— 214; 3)
кірме таңбалар. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы бір сөздер бір-ақ
иероглифпен жабылады. Үйренуге өте ауыр болғандықтан 17 ғ-дан бастап Қытай
жазуларын оңайлату көзделіп келеді. Диалектілер арасындағы айырмашылық және
өткендегі мәдени мұраны пайдалану мәселесі Кытайда жаңа алфавитке көшуге
қиындық келтіреді. 1956 жылдан бастап иероглифтер оңайлатылып келеді.
ҚЫТАЙ ТІЛІ — қытай-тибет тілдері семьясына жатады, ҚХР-дың ресми тілі.
Бұл тілде Қытайдағы (730 млн-нан астам, 1970) және өзге елдердегі
(Индонезия, Камбоджа, Лаос, Вьетнам, Бирма, Малайзия, Сингапур т. б.)
қытайларды қосқанда 750 млн-нан астам адам сөйлейді. Қытай т. солт., У,
Сян, Гань, Хакка, Юэ, Минь делінетін 7 диалектілік топқа бөлінеді.
Грамматикалық құрылысы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай тілінде бір буынды сөздер көп
Байланыстырушы муфта: түрлері, құрылысы, пайдаланылуы
Тұйықталған кабельдік муфта
Байланыстырушы кабельдік муфта
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Байланыс желісінің қондырғылары
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Пәндер