Суда жүзуді үйрету сабақтарының түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетика ең маңызды құралдардың бірі болып
табылады. Жеңіл атлетиканың элементтері енбейтін спорт түрлері десе де
болады.
Жүрудің, жүгірудің алуан түрін, секірулер мен лақтыруларды қамтитын
жеңіл атлетика көп құрал-жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан онымен
айналысуға мүмкіндіктер мол.
Жүгіру. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың ішінде жүгірулер үлкен маңызға
ие. Жеңіл атлетикасыз, оның ішінде жүгірусіз мектептегі дене тәрбиесінің
бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады. Жүгіру мен жүру – күнделікті
өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі. Осы екеуімен күнделікті
жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен жүйелерінің функцияларына
тиесілі әсерін тигізеді, жүрек тамыр жүйесін нығайтады, тыныс алу
мүшелерінің қызметін жақсартады, бүкіл организмнің төзімділігін арттырады.
Жүгірудегі спорттық түрлі қимылдар жеделдікті, күштілікті, икемділікті,
шыдамдылықты шыңдайды. Жүгіру стадиондағы, спорт алаңдарындағы жүгіру
жолдарында шеңбер бойымен әртүрлі қашықтықта өткізіледі.
Суда жүзу дене шынықтырудың негізгі құралы және спорттың кең тараған
түрі болып табылады. Әрбір адам суда жүзуді білуі қажет. Ежелгі гректер
суда жүзуді сауат ашумен бірдей санаған. Олар сауатсыз адам туралы Ол не
оқуды, не суға түсуді білмейді деп айтқан. Қазіргі кезде болып жатқан
судағы апаттар мен адамдардың суға кетуілері де осы адамдардың суда жүзе
білмегендіктерінен. Соның ішінде мектеп оқушылары да судың құрбаны болып
жатады.
Сондықтан да әрбір оқушыны мектеп қабырғасында жүргенде судан
қорықпауға, судың бетінде қалқып тұруға және біршама аралықта суда жүзуге
үйрету керек. Суда жақсы жүзетін адам тереңдіктен қорықпай өзен, көл,
теңіз болса да жүзе береді, сонымен қатар адамдар суға ктекен жағдайда
оларды құтқара алады.
Суда жүзуді үйрену үшін көп затты білу қажет емес. Суда жүзуге 5-7
жастағы балаларды да үйретуге болады. Балалар суда жүзуді тез үйренеді.
Спорттың ішінде суда жүзуге балалар өте тез үйренеді. Балалар суда жүзіп
жүріп өз денесін шынықтырады. Сонымен қатар балалар тазалыққа үйренеді.
Себебі балалар бассейнге түсер алдында душта жуынады, ал бұл өз кезегінде
балаларды гигиенаға, тазалыққа тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушылары өте сезімтал, тез қимылдағыш келеді. Олардың
нерв жүйесі әлі де болса қатаймаған. Сондықтан да бастауыш сынып
оқушыларының шамадан тыс шаршауы немесе бір нәрсеге қатты ренжуі нерв
жүйесіне зақым келтіреді. Ал осы кезде баланы суда жүздірсе, ол шаршағанын
ұмытады, оған судың біркелкі температурасы мен суда жүзген кездегі біртекті
қимылдар жақсы әсер етеді. Сонымен қатар суда жүзу баланың тыныс алу
органдарын қалыпқа келтіреді.
Бастауыш сынып оқушыларының тыгыс алу жүйесі қалыпты дамып, одан әрі
нығая түсу үшін оларды суда көп жүздіру керек. Себебі олар ересектерге
қарағанда жиі демалады.
Суда жүзу балалардың жүрек – қан тамырлар жүйесіне де жақсы әсер
етеді. Сонымен қатар балаларды болатын омыртқаның қисаюы, қисық жүру т.б.
с.с. жүре пайда болатын ауруларға қарсы шара – суда жүзу болып табылады.
Сабақ үстінде балалар көбінесе жатып алып жазады немесе партада қисық
отырады. Бұл әдет ақыр соңында омыртқаның қисаюына және адам денесінің
сұрақ белгісі сияқты болып қалуына әкеледі. Бастауыш сынып мұғалімі өз
оқушыларының партада дұрыс отыруын өте мұқият қадағалап отыруы керек. Суда
жүзіп жүрген кезде балалардың денесі қатаяды. Яғни спортпен айналысқан
баланың денесі өте сымбатты болып келеді.
Суда жүзу балалар ме жасөспірімдер арасында кең тараған спорт түрі
болып табылады. Суда жүзу спортымен тек қана сабақ уақытында емес, үнемі
айналысуға да болады. Суда жүзу спорты адамнан үлкен күшті қажет етеді.
Суда жүзу кезінде бала денесінің жүзу мүмкіндігінің бар болуы үлкен роль
атқарады.
2.1 Суда жүзуге үйретуді ұйымдастыру.
Оқушыларды суда жүзуге үйрету өз мақсат-мүмкіндігіне орай жасанды су
қоймаларында, су станцияларында және табиғи су қоймаларында өткізіледі.
Негіінен бағдарлама бойынша суда жүзуді үйрету 4-сыныптан басталады. Әр
сабақтың ұзақтығы 45 минут, соның ішінде 15 минутында оқушылар демалып, 30
минут суда жүзулері керек. Бассейнде өткізілген сабаққа қосымша душ
қабылдау үшін уақыт қосылады.
Мұғалім сабақта жаттықтырушымен бірге өткізеді. Сонымен қатар дене
шынықтыру мұғалімі балалардың сабақ кезіндегі тәртібін қатты қадағалайды.
Ал кіші мектеп оқушыларымен сабақ өткізген кезде ата-аналармен тығыз
байланыста болу керек. Сол сияқты мұғалімге жақсы жүзе алатын жоғары сынып
оқушылары да көмекші бола алады.
Мұғалім алғашқы сабағында жасанды су қоймасында суға жүзу және үйрену
ережелерімен таныстырады. Бірінші сабақта сынып тек дайындық жасайды. Бұл
кезде мұғалім қай оқушының суда жүзуді білетінін және қайсының білмейтінін
анықтауы керек. Тексеріс кезінде суда екі адамнан артық болмауы керек.
Сондай-ақ оқушы судан қатты қорықса оны міндетті түрде суда жүзуге
үйретудің қажеті жоқ. Суға түсу және судан шығу міндетті түрде мұғалімнің
бұйрығымен орындалады. Әдетте мұғалім балаларды тәртіпке шақырған кезде
ысқырықты пайдаланады. Мысалы, мұғалім екі рет ысқырса-ол Назар
аударыңдар!,ал үздіксіз ысқырса-Тоқтатыңдар! деген мағынаны білдіреді.
Сабақ кезінде балалар суда ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан дене шынықтыру
мұғалімі Құтқарыңдар,суға батып барамын! деген жалған дабыл қағатын
оқушыларды алғашқы сабақтан бастап жазалауы тиіс.
Әдетте суда жүзу сабағы топтық түрде өтеді. Мұғалім суда жүзу
қабілеттеріне қарай сыныпты бірнеше топқа бөледі. Мұғалімнің міндетті түрде
көмекшілері болуы керек. Сынып үш топқа бөлінеді:
1. суда нашар жүзетін балалар тобы-бұл топпен мұғалімнің
көмекшісі жұмыс істейді;
2. негізгі топ-бұл топпен мұғалім өзі жұмыс істейді;
3. суда жақсы жүзетін балалар тобы-бұл топпен мұғалімнің екінші
көмекшісі жұмыс істейді.
Әр топтағы балалар саны 10-12-ден аспау керек. Қыз балалар мен ер
балалар суға жүзуді бірге үйрене береді. Қорыта айтқанда суда жүзуді
үйрету сабағына дене шынықтыру мұғалімі өте үлкен жауапкершілікпен
дайындалуы керек.
Дене шынықтыру сабақтарын бастамас бұрын 1-1,5 ай бойы оқушыларды
дайындау жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар міндетті түрде үйде жаттығуларды
жалғастырып, таңертеңгі жаттығуды үзбеулері керек.

2.2 Суда жүзуді үйрету сабақтарының түрлері.
Сабақ негізінен үш бөлікке бөлінеді:
1. Дайындық бөлімі
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды.
Сабақтың бірінші және үшінші бөлімдері құрғақ жерде, ал негізгі бөлімі
суда өткізіледі. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі 10-15 минутқа созылады. Бұл
кезде мұғалімге рапорт беріліп, суда жасалынатын жаттығулар ауада
көрсетіледі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар сабақтың мақсатымен толық
танысады. Егер сабақ табиғи су қоймасында өткізілетін болса, оның түрі ауа-
райына байланысты өзгеріп тұрады.
Сабақтың негізгі бөлімінің мақсаты-суда жүзу техникасын үйрену. Негізгі
бөлімнің ұзақтығы оқушылардың дайындығы мен судың температурасына
байланысты болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушыларға берілетін тапсырманың көлемі
біртіндеп азайтыла береді. Бұл бөлімде әр түрлі ойындар жүргізіледі.
Қорытынды бөлімнің ұзақтығы 5-10 минут болады. Сабақ аяқталғаннан кейні
оқушылар киінбес бұрын міндетті түрде құрғатылып сүртілуі керек.
Мүмкіндігі бар мектептерде дене шынықтыру сабағын суда өткізудің басқа да
формалары болады. Олардың бірі-суда жақсы жүзетін оқушылардан құралған
топ-секция. Секция құрамынан арнайы мектеп белсенділері құрылады. Суда жүзу
секциясында теориялық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Практикалық
сабақтарда оқушылар суда жүзу техникасын жетілдіріп, суда жүзуге
дайындықтарын жақсартады.
Арнайы топтың жұмысы оқушыларды үнемі сабаққа қатыстырып, суда жүзу
спорты түріне оқушылардың қызығушылығын оятып, суда жүзудың қосымша
түрлеріне үйрету болып табылады.
Суда жүзу кезіне әртүрлі жарыстар ұйымдастыруға болады. Мысалы:
1. тек қана аяқпен 25 м жүзу;
2. тек қана аяқпен шалқая жатыр 25 м жүзу;
3. 50 немесе 100 м қашықтықта әр түрлі тәсілдермен жүзу;
4. осындай тәсілмен 400 м-ге жүзу.
Жарыстар кезінде әділқазылар алқасы мына құрамда болады:
1. бас төреші;
2. бас төрешінің хатшысы;
3. жарысты басқарушы;
4. арақашықтық төрешілері;
5. бұрылыстағы төрешілер;
6. ең соңғы төреші;
7. секундамер.
Барлық төрешілер жарыс ережесінің толық орындалуын қатты қадағалайды.
Назар аударыңдар! бұйрығы берілген кезде суға жүзетіндер қимылдамай
тұрады және суға секіруге дайындалады. Суға секіре алмайтындар дайындықты
су ішінде бастайды. Баста! бұйрығы берілген кезде жарысатын оқушылар суға
секіреді. Сондай-ақ қыз балалар мен ер балалар әр түрлі арақашықтықтарда
бөлек жарысады.
Сабақ өткізілетін жердегі судың тереңдігі 110 см-ден аспауы керек.
Сабақ егер табиғи қоймада өткізілетін болса, судың ағысы 1кмсағ аспау
керек. Бассейн суы мөлдір болуы қажет. Себебі оқушылардың қимылып мұғалім
бақылап тұрады. Сабақ табиғи су қоймасында өткізілетін болса, оқушылардың
суға түсетін аймағы белгілер қою арқылы қоршалады.
Сондай-ақ судың жағасындағы оқушылардың жаттығу жасайтын жерлері де
қоршалады.
2.3 Судағы қауіпті жағдайлар мен зақымданудан қорғану жолдары
Судағы қауіпті жағдайлар мен зақымданудан қорғану жолдары:
1. Суға түсу тек қана рұқсат етілген жерлерде ғана жүргізіледі. Суға
түсетін аумақ қоршалады.
2. Қоршалған жерлер қызыл немесе ашық түсті белгілермен белгіленеді.
3. Суға түсуге рұқсат етілмейтін жерлерде арнайы Бұл жерде суға түсуге
болмайды! деген жазу тұрады.
4. Суға түсетін жерлерде санитарлы-гигиеналық нормалар сақталады.
5. Суға түсетін жерде байланыс құралдары болу керек.
6. Табиғи және жасанды су қоймаларында құтқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суда жүзуге үйретуді ұйымдастыру
Жүзу кезіндегі аяқ қимылдары
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Еркін күресте болатын жарақаттар
Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру
Дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетиканың ролі
Спорт түрі- жүзу
Дене мәдениетін қалыптастыру
Оқушыларының дене тәрбиесі
Пәндер