Мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын зерттеу
Кәсіптік бағдардың әлеуметтік – педагогикалық проблемасы.
Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде кәсіптік бағдарды
әлеуметтік процестерді ғылыми басқару, өскелең ұрпаққа коммунистік тәрбие
беру, еңбек ресурстарын тиімді бөлу, өмір жолын таңдау, адамның кәсіби
бейімделуі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыру секілді мәселелерді қамтитын
көп аспектілі комплексті проблема ретінде сипаттайды. Жасөспірімдердің
мамандық таңдау үстіндегі ойлары деп аталатын тақырыптағы өзінің
гимназиялық шығармасында К.Маркс былай деп жазды :
Мамандық таңдауды өте мұқият қарау керек, бұл - өмір жолын жаңа
бастаған әрі өзінің манызды істерін тағдыр тәлкегіне салғысы келмейтін
жастардың бірінші міндеті.
Экономистер мен социологтардың тұжырымдаулары кәсіптік бағдарға
байланысты жұмысты дұрыс ұйымдастыру мол экономикалық тиімділікке
жеткізетінін көрсетеді.
Кәсіптік бағдар экономикалық процесс ретінде жас адамның қабілетін
және қоғам қажетін ескере отырып кәсіп таңдау мен жұмыс орнын басқару болып
саналады.
Демек, кәсіптік бағдардың халық шаруашылығындағы мәні әлеуметтік –
педагогикалық проблемаларды шешумен тығыз байланысты.
Оқушылардың кәсіп таңдауға даярлығын қалыптастырғанда ғылыми
–техникалық прогресстің күрт қарқынды дамуы, ғылыми білімнің өндіріске
жаппай енгізілуі, ал мүның өзі еңбек сипатын өзгертіп, Адам қызметіне
жаңаша талап қойыпотырғандығы туралы еңбек кадрларында бағыт- бағдар беріп
отыру қажет. Сондықтан да еңбекке баулу барысында оқушылардың дербес
мақсаты, әрі табанды әрекет ету, инициативашыл, тиянақты және өз ісіне
жауапкершілікпен қарау, бірлескен еңбек қызметіне ұдайы қатысу секілді
іскерлігін қалыптастырудың айрықша маңызы бар.
Оқушылардың техникалық модельдері бірлесіп жасауын мысалға ала
отырып, оларға нақты өндірісте ондаған, тіпті жүздеген мамандық өкілдерінің
қатысқандығын көрсетуге болады. Мұндай нақты мысалдар оқушылардың кәсіп
әлемі, қандай жұмыстың болса да қажетті екендігі туралы түсінігін
қалыптастыруға жәрдемдеседі. Мектеп оқушылардың кәсіби қабілетін зерттеу
үшін, олардың накты мамандыққа қажет дербес ерекшеліктерін білу керек.
Мәселен, транспорт құралдарын жүргізушілер үшін тиісті түсті ажырата
білудің, ал биіктікте істейтін дәнекерлеушілердің сезім қозғалыс
тұрақтылығының айрықша маңызы бар. Алайда мұндай қабілеттіліктің басқа
кәсіпте елеулі ықпалы болмауы мүмкін. Мектеп оқушысы әр алуан кәсіпті
таңдауға кірісе бастаған кеде, олардың нақты затты, құбылысты тез, әрі
дәлме- дәл тани білуінің ерекше мәні бар.
Кәсіптік бағдардың принциптері.
Ғылыми таным саласы ретінде кәсіптік бағдар мазмұны, ұйымдастырылуы
және әдісі бойынша жалпы дидактикалық принципке және тәрбие принципіне
бағынады.
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты. Жеке адамның таңдаған мамандығы
бойынша ойдағыдай жұмыс істеуге қажетті сапаларын қалыптастыруға
бағытталған. Кәсіп таңдау көбіне еңбекке баулу арқылы жүргізілетін
ұйымдасқан тәрбиелік процесіне байланысты. Мұның өзі оқушыны өндіріспен
кеңінен таныстырып қана қоймай, оларды өнімді еңбек етуге атсалысуға
жұмылдырады.
Оқушылардың кәсіптік бағдары оқу, кластан тыс және мектептен тыс
жұмыстардың мазмұнына жатады. Мұның өзі оқушының жеке басын, оның дербес
ерекшелігін біліп тану негізінде жүргізіледі. Кәсіптік бағдардың тәрбиелеу
принципі адамның кәбілетіне деген нық сенімінен, жеке адамның дамуының
диалектикалық түсінігінен туындайды.
Техниканың қауырт дамуы қызмет орнын ауыстырмай-ақ еңбек түрін жиі
ауыстыруға мәжбүр етті, мұның өзі кәсіптік даярлықтың политехникалық бағыты
жағдайында жүзеге асырылып, мұнда болашақ жұмысшының қазіргі заманғы
өндірістің аса маңызды ғылыми принциптері жөнінде түсінігі
қалыптастырылады.
Политехникалық бідімі бар адам қай жұмысқа болса да ынғайлы, икемді
келеді, мамандығын ауыстыруға да, басқа мамандықты алуға да әзір тұрады.
Кемелденген қоғам жағдайында өндіргіш күштердің прогресіне орай тәрбиелік,
қоғамдық- саяси, сондай- ақ жаңашылдық тағы басқа іс- әрекет түрлері арнайы
білімді қажет ете тұрса да кез- келген адамның кәсібі мен мамандығына
қарамастан, тіршілік әрекетіне бойлап еніп, соның нәтижесінде
универсалдандыру процесіне мүмкіндік берді.
Ғылыми- техникалық жағдайында мектептің аса манызды әлеуметтік
функциясы- оқушыларды материалдық өндіріс саласындағы жұмыстарға бағдарлау.
Ғылыми- техникалық деңгейі мен мазмұны жағынан мүлде жаңа жұмысшы кәсібін
игеру үшін ең әуелі оқушыларды мектептің еңбекке баулу сабағында өндіріс
негізінің теориясымен және практикасымен таныстыру, олардың қарапайым
құралдарды пайдалана алуына және онымен өнімді еңбек жолындағы мамандығын
өзі тандауына психологиялық әзірлік жасау талап етіледі.
Кәсіптік бағдардың политехникалық сипаты жеке басты дамытудың негізгі
шарттардың біріне айналып, оқушының қалаған кәсібіне ықыласын арттыра
түседі.
Мұны жүзеге асыру үшін мектепте оқушыларды политехникалық оқыту іске
асырылып, онда олардың сан алуан политехникалық қызметі жетілдірілуі және
бес: механикалық- техникалық, электротехникалық, автоматикалық- техникалық,
ұйымдық және экономикалық типтерді атқара білуі тиіс. Политехникалық білім
берудің мазмұны қалалар мен селолардағы барлық мектептерге, ондағы ұлдар
мен қыздарға бірыңғай болуы тиіс, өйткені мұның өзі еңбек объектісін және
өнімді еңбектің нақты бір түріне қатысты арнайы білім мен дағдының мазмұнын
қалауынша айыра бідуіне ықпал етуі мүмкін. Оқытумен ұштастырылған өнімді
еңбек дидактикалық тұрғыда өңделуі, сөйтіп ондағы политехникалық іскерлік
кәсіптік іскерлігінен басым болуы тиіс. Мұндай жағдай жасалмайынша еңбек
пәнінің сабағында кәсіптік бағдардың политехникалық принципін қолдану
мүмкін емес. Еңбекке баулу сабағы мектеп оқушыларын белгілі- бір объектінің
құрылысын және конструкциясын оқып үйретеді, сондықтан да еңбек процесінде
мұғалім оқушының конструкторлық қабілетін, техникалық ойлауын, яғни сан-
салалы кәсіптегі адамдар үшін аса маңызды болып саналатын сапаны дамытуға
айрықша көңіл бөледі.
Конструкциялық- техникалық міндеттерді шешуге байланысты тапсырмаларды
орындау оқушылардың маңызды құрылымдық элементтерді ұғынуын, талдай білуін,
алдына мақсат қоюын, еңбек процесін ұйымдастыруын, жұмысты жоспарлауын,
күрделі қызметті аралық кезеңдерге бөлуін, өз еңбегінің объективті
бағалауын жетілдіруге көмектеседі.
Осындай танымдық әрекеттер процесінде мектеп оқушыларында табандылық,
дербестілік, белсенділік, тапсырманы орындаудың қолайлы жолын таба
білушілік қасиеттері қалыптасады. Ал, мұндай қасиет кез- келген
мамандықтағы жұмыскерлерге қажет.
Еңбекке баулу процесінде оқушылардың танымдық дербестілігі мен
творчествалық белсенділігін арттырудың маңызды құралы техникалық құралдар
мен технологиялық процестерді конструкциялау болып саналады.
Жетілдірілген мектеп программасында білім жүйесін қамтамасыз етуде
ғылымның негізге алатын идеясы мен түсінігінің жетекшілік рөлі туралы ой
дамытылады. Негізге алынатын идеяның мектеп оқушыларының тұтастай ғылыми
көзқарасын қалыптастыруда зор маңызы бар. Көзқарас идеясы, әдетте жалпы
пәндік болып саналады, сондықтан да ол пән аралық байланыс негізінде дамуы
мүмкін.
Мәселен, І – ІІІ класс оқушылары еңбек сабағына қоғамдық парыз ретінде
ерекше жауапкершілікпен қарайтындығы байқалады.
Еңбекке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz