Біріккен серіктестіктердің түрлілігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1 Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері
1.3 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
2 Кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі мен түрлері
2.1 Заңды тұлғалар туралы түсінік
2.2 Біріккен серіктестер, олардың түрлері мен қызметтері
2.3 Акционерлік қоғам түсінігі және оның түрлері
3 Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
3.1 Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері
3.2 Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу
3.3 Франчайзингтік қатынастар жүйесі
4 Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
4.1 Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
4.2 Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
4.3 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың
басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық
кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол
жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде
кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның
үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны
төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы
капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған
СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет
ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер
мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық
инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана
аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен
кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама
ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала
бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде
кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен
шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың
басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен
қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің
субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен
қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға
өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та
емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 –
наурыздағы №3398 Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік
қолдауды күшейту шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке
және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау
туралы жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа
орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган
ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың
басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы
кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
➢ Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен
құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау,
өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау,
өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына
жұмсау;
➢ Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге
деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де
болмағаны;
➢ Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге
бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен
байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы,
әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі
стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс
шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең
алдымен кәсіпорын.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы Кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі
мен түрлері. Курстық жұмыс 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім
Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, бұл бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны,
экономикалық негізі және кәсіпкерліктің түрлері, тәуекелділіктің мәні деген
тақырыптарға тоқталдым.
Екінші бөлім аты Кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі мен түрлері.
Бұл бөлімде Кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі түрлері, яғни заңды
тұлғалар, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар жайлы сөз болады. Олардың
түсінігі мен түрлері толығымен қарастырылады.
Үшінші бөлім аты Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг. Бұл бөлімде
бәсекелестік, оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу,
кәсіпкерлік құпия, франчайзинг қатынастар жүйесі туралы жазылған.
Төртінші бөлім Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу. Бұл бөлімде
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік
ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару туралы
баяндалған.
Дипломдық жұмысымның басты мақсаты Кәсіпкерлік субъектілерінің
түсінігі мен түрлері деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік субъектілері деп
аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп
ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері,
кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
да кәсіпкерлік ортаға кіреді.
1 Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу –
адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның
еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы
типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада
пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен
шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде
экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды
адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар
өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста
шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап
етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін
болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол
өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал
жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында
акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның
көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І
патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам
тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан
кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды
тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік
қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын
мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық
табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар:
фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар,
инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге
қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық
байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы
байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте
қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған мынандай ресурстар
кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен
байлықтары, су ресурстары т.б.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген өндіріс
құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар,
қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы.
Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну
тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін
тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді.
Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл
финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар
өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну
үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы
күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына
алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді,
жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге
аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын
білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін
тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің
серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары
жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл шығын-
өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім
бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық
ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол
үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық
қамтамасыз ету қажет. Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық
ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды
жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске
қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар
еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық
тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы
бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмір сүру негізін
материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші
фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне
еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік
пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде
жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік
пайдаға.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын
даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші,
білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы
қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз
елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер
азаматтар болуы керек.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай
бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды,
сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің
құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және
ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі,
онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады
және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз
жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер
шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген
жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді.
Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал
қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау
пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс
мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының
бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер
құрылуда.
1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері
өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға
керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру.
Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше
өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері
серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе
бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері
мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің
үлестерімен жауап береді.
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің
заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы
жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық
кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы
кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік
болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік іс туралы
заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның
ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне
негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар:
кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту;
жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге
сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі;
сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің
жалпы концептуалды моделін.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен
байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі
және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы.
Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей
ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта
өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның
төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы,
қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем
қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды
қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент
ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының
өзгеруімен байланысты.
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді
неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.
Тәуекелді талдаудың схемасы:
1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының
ықпалдарын айқындау.
2. Айқындалған факторларды талдау.
3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:
а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;
б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
4. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
5. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
6. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар,
немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді,
материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз
себептермен болған жағдайда.
3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты:
төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша
салықтар т.б.
4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін
қалатын болса пайда болады.
5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам
өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел
келтіретін жағдайлар.
6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің
бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі,
төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының
тұрақсыздығы т.б.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың
дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға
да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға
тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқаңдық бірлігі; 2)мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының
түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды барқару
құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы, дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы);
2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның
банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК –тің 44 бабының 3
тармағы), 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК –тің
94 бабының 2 –тармағының 2 –ші бөлігі), сондай –ақ негізгі шаруашылық
серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа
ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК –тің 94 бабының 2 –бөлігінің 3
–тармағы), 5)серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК –тің
77 –бабының 1 –тармағының 2 –бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы
жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық
–құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасасуға, біржақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъект ісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде
(теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды
тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды
білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның
орны қандай және заңды тұлғаның мән -мағынасы неде деген сауалдарға
байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек
еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы.
Ол былай деп айтқан: "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі
тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды".
Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет
өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген уәж айтады.
Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның
айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:
а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызмекерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда
ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К. Толстой "директор
ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар
ілімі", А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты
мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды
тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл
орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды
тұлға мүддесі үшін" әрекет етеді, екінші ісінде адамдардың әрекеті осы
институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды
тұлғаның әрекетімен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда,
мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық
көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін
қалады. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның
сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы
Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам
тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер
кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей
түседі.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық жөне коммерциялық емес.
Коммерциялық занды тұлғаны пайда табуды кездейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы
заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым — заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік
қауымдастық (одақ) нысанындағы занды тұлғалардың бірлестігі нысанында және
заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық
емес ұйымдар туралы заң бойынша 1)коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық
мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы комммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер
қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша
кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік
кызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері
(қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға
жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын
қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын; ә) құрылтайшыға
(қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды
тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге
заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында
немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан
мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз
қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік
кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы
болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық
капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға
болмайды, себебі "коммерциялық емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге
де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер
енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте занды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40-бабына Сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті
реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды. Азаматтық
кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай
шарты деп аталатын құрылтай кұжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң
құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін.
Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін — меншік
иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік
иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі,
коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де
ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін — құрылтайшылар
бекіткен жарғы және құрылтай шарты 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік
үшін — жарғы болып табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-
бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық
емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшін
міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына
қатысты болса, құрылтай шартының 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның
үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары
қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялык емес ұйым тек
жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-
тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің
құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттарын белгіленуге
тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда
Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге
онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында
қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар
қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т.б. енгізу қажеттігін
міндеттейді. Занды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы
шарты;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.
1. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы
ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне
(салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп
танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы
жалпы ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен
шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың қызметі 1998 жылы 10-шілдеде
қабылданған Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңымен
және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің
"Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығымен реттеледі.
Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген
түрлерінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен
қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс.
Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің, төмендегідей түрлерін құру
мүмкіндігі қарастырылған: 1) толық серіктестік; 2)жауапкершілігі шектеулі
серіктестік; 3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім
(коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестігінің құрылтатйшылары
тіркеуден өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық
серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке
тұлға да бола алады.
Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен
қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам
бір тұлғамен құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда ссріктестіктің
міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлык мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгіленгем мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік
жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын-ала белгіленген өзге
адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік
қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде
жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз
тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Жабық қоғам акционерлерінің саны 100-ден аспауы тиіс. Қоғамның
акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып
алуына басым құқығы бар.
Жабық акционерлік қоғамның жарғысында өзінің әрекетімен немесе
әрекетсіздігімен қоғамның мүдделерін едәуір бұзушы акционерді сот
тәртібімен акционер қатарынан шығару мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
Аластатылған акционердің акцияларын қоғамның таза активтері құнының ол
шығарған акционерлердің жалпы санына қатысты есебінен сот белгілеген баға
бойынша қоғам сатып алуға тиіс.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің
келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам ашық болып табылады. Ашық қоғам
шығарған акцияларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы.
Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан
нарығында акциялар бағаланатын активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті
көрсеткіштің 200 мың еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны
500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады
("Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 7-бабы).
Бір заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) басқа бір заңды
тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) болуы мүмкін. Осыған байланысты
біздің заңдарымызда еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам
тәртіптелген.
Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін
басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес
(не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай
алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АК-тің 94-бабы).
Айта кететін жәйт, еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары
бойынша жауап бермейді. Тек, еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не
өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымен
осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен
бірге субсидиарлық жауапты болады.
Ал, негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда
негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.
Егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары
негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді
талап етуге құқылы.
Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен
астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғаныкі болса, ол тәуелді қоғам
деп танылады.
Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам
акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында
көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-
бірінің шығарылған жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір шығарылған
(төленген) жарғылық капиталдың жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Бір-
бірінің шығарылған (төленген) жарғылық капиталына өзара қатысатын
акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма
бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.
2. Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі
үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік
кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне. негізделген ерікті
бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-тің 96-бабы).
Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның мүшелерінің құқықтары
мен міндеттері Азаматгық кодекспен және Қазақстан Республикасының 1996
жылғы 15-қазанда қабылданған "Өндірістік кооператив туралы" заңымен
айқындалады. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы тиіс.
Азаматтық кодекс оның мүшелерінің кооператив міндеттемелері бойынша
өндірістік кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша
қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Аталған заң өндірістік кооперативтің
құрылуы мен қызмет етуі үшін қажетті жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін
белгілемейді.
Кооперативтің меншік құқығына жататын мүлік, егер кооператив
жарғысында өзгеше қаралмаса, оның мүшелерінің жарналарының мөлшеріне сәйкес
бөлінеді.
Азаматтық кодекстің 99-бабының 4-тармағына сәйкес кооператив мүшесі
жалпы жиналыс шешім қабылдарда бір дауысқа ие болады. Мұндай норма
императивті (бұйрықты), сондықтан да құрылтай құжаттарында басқалай ереже
болуы мүмкін емес.
Азаматтық кодекстің 100-бабы кооперативтегі мүшеліктің негізі мен
тоқтатылу салдарын қарастырады. Кооператив мүшесі өзінің қалауы бойынша кез
келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бұл орайда оған төленетін
жарна мен басқа да төлемдер кооперативтің қаржы жылы аяқталып,
кооперативтің бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін беріледі.
Кооперативке мүшелік сондай-ақ кооперативтен шығаруға байланысты да
тоқталады, сонымен қатар, соған ұқсас, кооперативке мүше болу кооператив
мүшесінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Аталған баптың 4-тармағына
сәйкес өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер
кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлері кооператив
мүшелігіне қабылдануы мүмкін. Олар одан бас тартқан жағдайда кооператив
мұрагерлерге кооперативтің қайтыс болған мүшесінің мүліктегі үлесін
жарнасына қарай төлейді, сондай-ақ қайтыс болған адамның үлесіне тиесілі
кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив қызметіне қосқан
еңбек қатысы үшін сыйақы төлейді.
3. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер
Азаматтық кодекстің 102-104-баптарында, ал нақты нормалары "Мемлекеттік
кәсіпорын туралы" заңда қарастырылған. Азаматтық кодекстің 102-бабына
сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға:
1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;
2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттік меншік түрлеріне
байланысты:
1) республикалық меншіктегі кәсіпорын; 2) коммуналдық меншіктегі
кәсіпорын деп бөледі.
Бұл Заңның 1-бабының 3- тармағы еншілес мемлекеттік кәсіпорын деп те
бөліп қарайды.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өзінің міндеттемесі
бойынша оған жататын мүліктің бәріне жауап береді. Мемлекет мұндай
кәсіпорындардың міндеттемесіне жауап бермейді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізу
құқығындағы кәсіпорында мемлекеттің алған міндететтемесіне жауап бермейді.
Керісінше қазыналық республикалық кәсіпорынның міндеттемесі бойынша қосымша
жауапкершілікті Қазақстан Республикасы көтереді, ал коммуналдық міндеттеме
бойынша жауапкершілікті тиісті әкімшілік-аумақтық бірлестігі мойнына алады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды тарату мен қайта құру оның құрылтайшысымен
жүзеге асырылады (АК-тің 102-бабы). Бірақ, "Мемлекеттік кәсіпорын туралы"
Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынды тарату және қайта құру
жөніндегі шешімді республикалық кәсіпорындарға қатысты Үкімет, ал
коммуналдық кәсіпорынға қатысты — әкімдер шешім қабылдайды. Құрылтайшылар
шешім қабылдамайды, тек бұл жөніндегі қабылданған шешімге сәйкес қайта құру
мен таратуды жүзеге асырады. Заңның 45-бабы шаруашылық жүргізу құқығындағы
кәсіпорынды қазыналық кәсіпорынға айналдыру мүмкіндігін қарастырады.

Казіргі кезде дүниежүзілік өндіргіш күштердің даму кезеңі дамыған
материалдық-техникалық негізін, халықаралық еңбек бөлінісі жүйесін және
халықаралық кооперацияның әртүрлі формаларын қоса алғанда экономикнаың
интернационализациялану процесін күшейтудің объективті қажеттілігін
қамтамасыз етеді.
Батыс экономистері “экономиканың интернационализациялануы” түсінігін
бірқатар факторлардың көрінуімен байланыстырады, олар: өндірістің
жағрафиялық орналасуының рөлі, басқаруда халықаралық деңгейдің әсер етуі,
капиталға қатысу дәрежесі т.б. Экономиканы интернационализациялаудың
алғашқы көрінісі өндірістің жағрафиялық орналасу теориясы негізге ала
отырып, өндірістік күштер факторларының орналасуын, ұлттық нарықты
таңдауды, яғни тікелей инвестицияны таратудың қажеттілігін
интернационализацияның объективті негізінің халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуі екендігін көрсетеді, яғни тарихи және логикалық дамудың алғышарт
факторы болып мемлекеттер арасындағы табиғи-жағрафиялық ерекшеліктер,
климаттық жағдайлар, пайдалы қазба қорлары, құнарлық жерлер, территория
көлемі, тұрғындар саны және т.б. жатады.
Интернационализациялану феноменін, біріншіден, ТҰҚ сияқты ірі
шаруашылық бірлестіктердің қызмет ету қажеттіліктерімен байланыстырады.
Бірақ, экономиканың интернационализациялануы ТҰҚ қызметімен ғана емес,
сонымен қатар оның басқа да формалары бар.
Біріншіден, бұл мемлекеттер арасындағы өндірістік қатынастардың
дамуына жағдай жасайтын халықаралық экономикалық бірлестіктер мен одақтар;
Екіншіден, БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюцияларымен расталып, құрылуына
құқық берілген ТҰҚ қарама-қарсы мақсатта ұйымдасқан өндіруші-ел
ассоциациялары;
Үшіншіден, еркін экономикалық аймақтар;
Төртіншіден, мемлекетаралық немесе трансұлттық қаржылық өндірістік
топтар;
Бесіншіден, біріккен банктер түріндегі біріккен қаржылық институттар;
Алтыншыдан, бір уақытта капиталдар қозғалысының формасы болып
табылатын шетел инвестициялары;
Жетіншіден, қазіргі кезде экономика интернационализациялауының формасы
ретінде негізгі мәнге ие болатын біріккен кәсіпкерлік.
Тауарлармен, технологиямен, капиталмен халықаралық айырбастың жаңа
жолдардың бірі ретінде біріккен кәсіпкерліктің тез дамуы, әлемдік
экономикадағы болып жатқан өзгерістерді көрсетеді: мемлекет саясатындағы,
өндіріс технологиясы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты өндіріс
факторлары мен нарықтық сұранс сипатының өзгерісі. Қазіргі кезде көптүрлі
кооперациялық байланыстардың дамуын есепке ала отырып, біріккен кәсіпкерлік
феномен едәуір күрделі сипатқа ие болып жатыр: фирмааралық қарым-
қатынастардың әртүрлі формалары мен біріккен серіктестіктер құрудан бастап,
аймақтық және аймақаралық бірлестіктер шеңберінде ірі, ауқымды
интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға дейін.
Сөйтіп, біріккен кәсіпкерлікті зерттеу экономика
интернационализацияланудың басқа формалары алдында келесі көрсеткіштермен
сипатталатындай, бірқатар артықшылықтарды анықтайды: бірінші, шетел
нарығына төменгі шығындармен және тәуекелмен шығу үшін, біріккен
кәсіпкерлік жолымен кедергілерді жою;
Екінші, біріккен кәсіпкерлік негізінде мердігерлік және серіктестік
қарым-қатынастардың ірі трансұлттық корпорациялардың үстемдік етуі
алдындағы артықшылығы;
Үшінші, өндірістік қуаттардың, ұлттық компаниялардың керек-жарағының
өзгеруінсіз қосылу мүмкіндігі;
Төртінші, ынтымақтастықтың әрбір “таза” формаларына жататын
компоненттердің біртұтас құрамдас бөліктерінің болуы;
Бесінші, бірігуге жататын қаржылық міндеттемелерге байланысты әрбір
серіктестіктің қаржылық қатысуын толық бағалауға кететін шығындарды азайту;
Алтыншы, протекционистік тосқауылдарды жою және ірі халықаралық
инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды кеңейту мүмкіндігі, яғни
экспорттан бастап сыртқы нарыққа шығудың тікелей формаларына көшу;
Жетінші, шоғырланған елде үкіметтік жеңілдіктерді, субсидияларды,
тапсырыстарды пайдалану;
Сегізінші, біріккен кәсіпкерлік процесінде мақсаттарға тез жетуге
мүмкіндік беретін серіктестік қарым-қатынасты белсенді түрде дамыту.
Соңғы жылдары экономика ғылымында “біріккен кәсіпкерлік” ұғымы
“біріккен кәсіпорын” формасындағы біріккен кәсіпкерлік Батыс пен Шығыс
арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде, бұрынғы Кеңес Одағы
елдерімен экономикалық қарым-қатынасты жөндеуде маңызды орын алады.
Біріккен серіктестіктердің формасы мен құрылу мақсатына байланыссыз,
біріккен серіктестіктерді ұйымдастыру негізінде ортақ принциптер жатыр.
Біріншіден, әрбір серіктестіктің капитал салымы ретінде қарастыруға
болатын, активтерді бөлшектеп біріктіру жолымен құрылған біріккен кәсіпорын
(ақша қаражаттары, ғимараттар, құрыл-жабдықтар, “ноу-хау”, интелектуалды
меншік және т.б.).
Екіншіден, серіктестер арасындағы пайдамен тәуекелді болу әрбіреуінің
капитал алымын есепке ала отырып жүргізіледі.
Үшіншіден, біріккен серіктестіктердің қызметі қабылдауышы ел
заңдылығына сәйкес жүзеге асырылады.
Төртіншіден, серіктестер басқару жауапкершілігін әрбіреуінің капитал
салымына сәйкес бөліседі.
Бесіншіден, басқару қайта құрылған басқару органдарының көмегімен
жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибе біріккен серіктестіктердің акционерлік қоғам
формасында немесе серіктестік формасында немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz