Бала тәрбиелеудегі мектеп пен отбасы сабақтастығы


«Бала тәрбиелеудегі мектеп пен отбасы сабақтастығы»
Міндеті: Мұғалім мен ата - ана арасында тығыз байланыс орнатып алғаннан кейін, отбасы тәрбиесін негізге ала отырып, халықтық педагогикамен ұштастыра, ұжымдық, топтық, жеке жұмыс түрлері арқылы әр баланың ерекшелігіне сай күнделікті тәрбие жұмысының мақсатын айқындап қай бағытта жұмыс жасайтынын анықтайды.
Мұғалім: XX ғасырдың халқымыз үшін ең елеулі, қуанышты оқиғаларының бірі - еліміздің тәуелсіздік алуы. Бірак осыны кезекті бір даурықпаға айналдырып алу қаупі аз емес. Ағылшындарда бір мақал бар: "Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңіне қарап білек сыбанамыз" деген. Сонау Абылай бабамыздан бастап, кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқандарға бас иіп, тәуелсіз ел, қабырғалы халық, жұрт санасар ұлт ретінде бел буып, тегеурінді қимыл жасар кез келді ; -
Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді. Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Әлемдік зандылық нормасы тұрғысынан келгенде кемел мемлекетке қажетті барлық құқық қолымызға тиді. Елтаңбамыз, Ән ұранымыз, Туымыз, Ата заңымыз - барлығы да бізлің басқалармен тең ел екенімізді айқындап тұр.
Біздің білім, тәлім-тәрбие беру жүйемізде бәрі бірдей төрт аяғынан тең басып тұрған жоқ. Сондықтан да бүгінгі танда мектептердің жаңа түрін құру, білім беру процесіне оқыту-мәдени қаруланған арнаулы әлеуметтік технологиясы бар неғұрлым жаңа, қазіргі заманға сай әдістемесін жасап ендіру - күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелердің бірі.
Тәрбие адам өміріндегі аса мәнді нәрсе. Шынында да, кез - келген іс бастапқыда дұрыс басталса, дұрыс аяқталады. «Жерге қандай дән ексең, сондай жеміс күткен жөн» - дейді даналық.
Жақсы істі бастайтын, тек қана жақсылыққа баулитын, балалардың көп уақытын өткізетін орны - мектеп, ал оны ұйымдастырып жүзеге асыратын - мұғалім.
Кез-келген мұғалім сыныпты ала отырып, мынадай сан сұраққа тап болады: неден бастау керек, ең негізгісі не, сыныппен қарым-қатынасты қалай қалыптастыру керек? Ең негізгісі - бір-бірімізді түсіну үшін не істеуіміз керек деген сұрақ үнемі қалып отырады. Әр оқушының жүрегіне жол табу біртіндеп өз ыңғайына үйлестіруде мен үшін ата-аналармен жүргізілген жүйелі жұмыс тірек болды.
Ата - аналар жиналысы - бұл бәріміздің ортақ балаларымыздың мерекесі. Кейбіреулеріне мен толығырақ тоқталғанды жөн көрдім. «Мектеп оқушысының өмірдегі қарым - қатынасыынң ролі» атты тақырыптағы жиналыс барысында ортада педагогикалық жағдайлар талқыланып, баланың отбасындағы қарым - қатынасының маңызы талданып, алдын ала оқушыларға сауалнама жүргізіледі.
- Ата - анаңа өзіңнің өткізген күнің туралы айтып бергенсің бе?
- Ата - анаң сенің әңгімеңді аяғына дейін тыңдай ала ма?
- Өз құпияңды кіммен бөлісесің: анаңмен, әкеңмен, досыңмен, т. с. с.
- Ата-анаң қандай жағдайда, қандай жылы сөздер айтады?
- Отбасың туған күнінді мереке деп есептей ме?
- Отбасында тойланатын кай мереке саған ұнайды?
- Егер сен сиқыршы болсаң, өз отбасында нені өзгертер едің?
Мектеп оқушысының қалыпты күн тәртібінің кестесі
Кестені құру үшін ата-анаға сұрақтар:
Балаңыздың
- ұйқыға
- мектепке
- достарына
- үй жұмысына
- отбасымен қарым-катынасына
- жалғыздыққа
- басқа жағдайға
қанша уақыты кетеді?
Осы кестенің қай тұсын өзгертуді қалайсыз? Ата-аналар оқып, талдап, ойланып отбасында бала тәрбиелеудің заңын қорытады.
Отбасы заңы =
1-заң. Әке мен ананың талапшылдық бірлігінің заңы.
2-заң. Баланы мадақтаудың маңыздылық заңы.
3-заң. Отбасындағы әрбір жанның өмірдегі еңбекке қатынас заңы.
Егер осы заңдар отбасында толық орындалса, ата-ана өз баласынын досына айналса, онда бала адам ретінде, жеке тұлға ретінде қиындықсыз қалыптасады.
Бала тәрбиелеуде сөзбен, көзбен, қимылмен, ыммеп түсіндірілетін мадақтаудың маңызы зор. Жазаның да адам өміріне ықпалы зор, егер ол балаға дұрыс түсіндіріліп, ісіндегі жіберілген кемшілікті бағалай отырып айтылса
Тест
1. Өзі өмір сүріп отырған отбасында балаңызды не күтіп тұр деп ойлайсыз?
а) тұрмыстың жақсы ұйымдастырылуы
ә) қарым-қатынас құралы
б) тыныштық пен қамқорлық
2. Отбасында бәрінен бұрын қандай қамқорлық жасайсыз?
а) бала денсаулығы
ә) жақсы оқу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz