Мемлекет басшыларының Каспий жағалауы мемлекеттерінің ортақ келісімге келуі негізінен тез арада Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспе:
1 Тарау
1) Геосаясат консепциясы проблемалары.
- Каспий аймағының болашағы перспективалары.
- Қазақстан ғалымдарының геосаясатқа байланысты пайымдаулары.
2. Тарау
2. Каспий аймағындағы Қазақстанның геосаясат мәселелері.
2. 1 Диаломатиялық мемлекеттер арасындағы қарым - қатынас
2. 2 Экологиялық мәселесі.
2. 3 Экономикалық мәселелері.
Қорытынды.
Кіріспе:
Асау толқынды Каспийдің қашан пайда болғандығы жөніндегі аңыз желісі екі салада бағыт түзейді. Біріншісінде бұл теңіз жер бітіп, су аққан кезеңмен тұиас келеді. Екіншісіндегі аңыз желісі мұз басу дәуірін қамтиды. Жалпы ел аузында «Каспий теңізінің тарихы ең кемі үш миллион жыл » деген әңгімеде жоқ емес. Бірақ Каспийдің тарихы мұз басу джәуірінен кейінгі кезең дейтін әңгіме шындыққа сай келмейді. Себебі теңіз маңынан табылған археологиялық қазбалардың деректері одан арғы кезеңдерді көрсетіп отыр.
Екінші мәселе - теңіз қай кезде пайда болса да, оның жағасын адам мекендеген анық. Олай болса Каспий адамзат тіршілігінің басынан бері адамдары асырап келеді.
Тәуелсіз ел атанып өз алдына дербес мемлекет құрағанына 17 жыл толса да, Қазақстан саяси - экономикалық, ақпараттық - энергетикалық тұрғыдан әлі дербестікке қол жеткізе алмай отыр. Бұрынғы метроаполиы Ресейдің бүгінде ТМД аумағындағы ең сенімді серіктесі, серіктесі ғана емес, аузын ашса көмекейіне қойып беруіне дайын отырған қолбаласы Қазақстан Путин билігі кезінде бұрынғыдан да бетер бас білігін Ресейге ұстатып қойды. Ельциннің кезінде әжептуір босаған тізгін қайта қатайды.
Ең әуелі көп векторлы саясат ұстануға бет бұрған Қазақстанды қазір әлем елдері тұтастай қолдайды. Бұны 2009 жылы ЕҚЫҰ - ға төрағалық етуін әлемнің 156 мемлекетінің қолдағанынан аңғаруға болады. Қазіргі Таяу Шығыстағы дау - жанжалдың барлығы олардың күлшесі - мұнайына қатысты болып отырғанының бәрі біледі. Ирактың соры да, Иранға көз алартудың себебі де осында жатыр. Былтырғы жылдан шетелдік инвесторлар үшін қатаң тәртіп енгізе бастаған Қазақстанды әзірге ірі державалар нысанаға алмағанымен, Ресей ықпалынан шығару үшін барын жасауға бағуда, экономикасы тұралып тұрғанына қарамастан, америка ТМД мемлекеттерін Ресейдің бұғалығынан босатудың арнайы стратегиясын жасап, осы бағытқа биылғы жылғы бюджетінен 402 миллион доллар бөліп отыр. «КомерсантЪ» газетінің өткен жылдың 20 желтоқсанындағы санында Александр Габуевтің: «Сенат выделил 402 млн. На вредительство интересам России в СНГ » атты мақаласында, АҚШ сенатының 2008 жылға арналған бюджетінен Мәскеудің саяси курсын әлсірету мақсатында бөлінген бұл қаржының белгілі бөлігі «бұрынғы КСРО мемлекеттеріндегі Ресей ықпалын азайтуға, энерготасмалдауды Ресейдің айналып өтетін маршрутпен қайта жасақтауға, Ресей қоғамын демократияландыруға арналатындығы » айтылған.
Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі қырғиқабақ соғысына қарағанда, қазіргі қырғиқабақтың қауіпті болатын түрі бар. Өйткені, Ресей өз ықпалын жүзеге асыру мақсатында Қытайды жақын тарта басталы. Америка мен Батыс көз алартып отырған Иран тағы бар. Сондай - ақ, батыстық демократия үлгісіне мойынсұна қоймайтын ТМД мемлекеттерінің біразы да Аесейдің бұйдасын үзіп кете қояр емес. Бұның барлығы геосяси мұқтаждықтан да туындап отырған тәрізді. Мысалы, айталық, Қытай мен Ираннан басқа мемлекеттердің барлығы энергетмкалық тасымалдау жағынан Ресейге тәуелді. Соңғы 15 жыл ішінде жаңа стратегиялар өмірге келіп, газ және мұнай құбырларын салу ісі жоспарланғанмен, оның әзір жүзеге аса қоюы неғайбыл болып тұр. Баку - Тбилиси - Жейхан құбырына Қазақстанның қосылғаны Ресейдің әзірге ойлануға мумкіндік ала алмай отыр. Соған қарамастан, Қытай Түркиямен газын Шанхай қаласына дейін әкелетін құбыр салуға 2, 2 миллиард доллар бөлетіндігін мәлімдеді. Дегенмен шетелдік сарапшылар 20 желтоқсандағы келісім шарттың нәтижесі Ресейдің газ экспаротын өз қолына алуына толық мүмкіндік беретіндігін айтып бағуда.
Д. Медведев президент болған күннің өзінде Ресейдің геосаяси стратегиясы өзгере қояды деп айту қиын. Оның үстіне Ресей ТМД - ғы ықпалын әлсіретпудің амалын қалай да ойластырады: Ол үшін экономикалық, энергетикалық тәуелділікті күшейте түседі. Сондай - ақ Түркіместанды білмеймін, ал Қазақстан Ресейден бас бұйдасын үзіп кетуге ынталы емес. Керісінше Ресейдің мүддесі үшін қызмет етуге пейілділік танытып келеді. Ресей енді Қазақстанды Қытайға мұнай тасымалдайтын көпір ретінде пайдаланбақ. Бұған дейін Ресей мұнайы Қытайға Моңғолия арқылы темір жолмен тасымалданып келген. Бұл тасымалдың құны - барреліне 12, 3 долларды құрайды. Егер Қазақстан құбыры арқылы тасымалданатын болса, оның құны барреліне 1, 4 долларға тең болар еді.
Саяси география тұрғысынан алғанда, Каспий теңізі ірі теңіз жағалауы өңірлері жүйесінің шеткерірек өңірі - дәлірек айтқанда, Атлант мұхитында басталатын және Жерорта мен Қара теңіздер аоқлы қамтылатын бірнеше аймақтар кіретін жүйенің бірі болып табылады.
Каспий көл немесе ішкері теңіз дер те айқындайтындай қатып қалған заңдық өлшемдер жоқ. Құқықтық тұрғыдан бұл мәселедегі айқындықтың болмауы оның мәртебесін айқындауда қосымша қиындықтар туғызуда. Теңіздің ауданы 381 мың шаршы км, ұзындығы - 1200 км, орташа ені - 320 км, ең терең жері - 1025 км. Суының көлемі 77 мың текше км. Каспий теңізінен каналдар мен өзендер жүйесі арқылы Балтық теңізіне өту мүмкіндігі 1880 жылдан бері бар.
Бұл алып аймақ (макрорегион) өзінің алатын орнының мәніне қарай ерекше сабақтасқан бірнеше ірі - ірі теңіз байламдарын құрайды. Шын мәніне келгенде теңіздер батыста Солтүстік - Батыс Атлантикадан Қазақстанға дейін, Шығыста Ресей мен Кавказға дейін қамтылатын біртұтас геосаяси кеңістіктің жекелеген бөліктерін өзара көктеп, тұтастырып тұрған материалдар іспетитес. Осы тұрғыдан қарағанда, Каспий теңізін мұдай алып жүйеге кіретін жол немесе қақпа деуге болар еді. Алайда осы сатылы сабақтас байланыстар желісінде Каспий белгілі бір дәрежеде шеткері орынға ие. Сонымен бірге Каспий аймағы қазіргі кезде тұрақсыздыққа шырпы тастауға дайын тұрған алапқа айналғандықтан, кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, Каспий жағалауы - бұл нағыз Таяу Шығыс тақылеттес геосаясаттың «қара үңгірінің» нақ өзі.
- Тәуелсіз Қазақстан дамуының және аймақ бойынша жақын көршілерімен ғана емес, дүние жүзінің басқа мемлекеттерімен де ынтымақтастығының перспективаларына жасалатын кез - келген талдау Каспий теңізінің ресурстарын пайдаланудың әралуан қырларымен тығыз байланысты. Каспий теңізінің проблемасы сан қырлы. Ол кеме жүзу, балық аулау және басқа биоресурстарды тиімді пайдалану, Каспий экожүйесінің өміршеңдігі мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу, теңіз деңгейінің ауытқуына байланысты жағалауды қорғау шаралары, ақыр соңында, теңіз түбі қойнауын барлау мен пайдалану мәселелерін қамтиды.
Каспий қойнауындағы мұнай мен газдың қисапсыз қорлары бұл өңірге әлемдік қауымдастықтың назарын аударады. Аса ірі мұнай өндіркші компаниялардың зерттеу орталықтары Таяу Шығыс өңірінің тұрақсыздығын ескеріп, жақын болашақта Каспий кен орындары Парсы шығанағының кен орындарына балама бола қоймаса да, оларға елеулі бәсеке туғыза алады деп есептейді. Ал Каспий жағалауы мемлекеттерінің өздері осы табиғи байлықтарға бұдан да зор маңыз беретіні айдан анық. Орталық Азия аймағы мемлекеттері отын энергетика ресурстарының басымдық рөлі оларды өндіру, пайдалану және ұқсату осы мемлекеттердің экономикаларын құрылымдық жағынан қайта құрудың, тіршілігін қамтамсыз етудің өзегі, экспорт базасының негізі болуына байланысты.
Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Каспий теңізінің тәртіптемесі РКФСР мен Персия арасындағы 1921 жылғы 26 ақпандағы Шартпен және КСРО мен Иран арасындағы 1940 жылғы 25 наурыздағы Шарпен реттелді. Каспий жағалауы елдерінің су жолдарын пайдалануға, соның ішінде мұнай өндіруші тұғырнамаларға арналған ауыр жабдықтарды жеткізу үшін пайдалануға қатысты жүріп жатқан айтыс - тартыстар тұрғысынан алғанда 1940 жылғы Шарттағы КСРО - мен сауда келісіміндегі елдердің өнімдері үшін Иранға еркін транзит беру туралы өтініш айтса, оған неғұрлым ықыласты қарау жөніндегі КСРО - ң міндеттемелері туралы қағидасы әлі күнге маңызын жойған жоқ.
Бұл қағидалар теңізді айдаланудың азды - көпті толық тәртіптемесін қалыптастырушы ретінде түсіндірілмеуі неғайбыл, олар Каспийдің әлдебір теңдесі жоқ мәртебесі туралы қорытынды жасауға негіз бола алмайды.
1994 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвеция жобасын әзірлеп, ұсыну арқылы Қазақстан ғана Каспий жағалауындағы бес елдің байыпты келіссөз үдерісіне бастамашы болғанын мойындау керек. 1994 жылы және 1995 жылы жүргізілген көп жақты және екі жақты консультациялар Каспий жағалауы мемлекттерінің бәрі Каспийге байланысты проблемаларды жалма - жан қарау қажеттігін түсінетінін, ынтымақтастыққа және оларды бірлесіп шешуге аса мүдделі екндігін растады. Пікір алмасу проблемаларды да, оларды шешу жолдарын да тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстан жағының түсінігінде олар мынадай:
- Каспий жағалауы елдерінің бәрі де Каспийдің достық, тату көршілік және ынтымақтастық теңізі болуына, тек бейбіт мақсаттарға пайдалануына келіседі.
- Каспийге қатысты ықпалдастық мемлекеттердің егемендігін құрметтеу
- Каспийге қатысты ықпалдастық мемлекеттердің егемендігін құрметтеу, тең құқықтық және өзара тиімділік негізінде, бір мемлекеттердің ырқын өзгелеріне күштеп таңуға жол бермеу ырқылы құрылуы тиіс.
- Каспий жағалауындағы өзге мемлекеттерге залал келтірілуі мүмкін әрекеттерден тартыну қажет.
- Каспий теңізін қоршаған ортаны қорғау мүдделеріне, аның ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалаеуға қайшы келетін іс - әрекетке жол бермеу;
- Каспий теңізінің тәртіптемесі 1921 жылғы және 1940 жылғы шарттарда айқындалған күйінде қазіргі өзгерген саяси ахуалға, жаңа өмір шындығына сәйкеспейді, сондықтан Каспий жағалауындағы беа мемлекеттіцң бәрі бірлесіп Каспийдің мәртебесін жасаулары керек;
- Каспий жағалауы мемлекттері келіссөз үдерісінің ұдайы жұмыс істейтін тетігін жасау, аймақтық ынтымақтастық құрылымын қалыптастыруға кірісу қажеттігі пісіп жетілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz