Мінез жөніндегі білімдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мінез жөнінде түсінік
Мінез жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында
тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мәнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды,
аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері.
Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын
күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге
болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінің жаңылмай дәл, айтуға
болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам
мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші – адамның барша жағдайлардағы
мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Егер адам қандайда
дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстампаздық
осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі
кей кезде мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып,
мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен
айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын
бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты қамтыған
қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен,мінездің
нақты қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған топтарда қалыптасады. Осы топтар
сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға тәуелді
мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге
тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына
байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары
деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістерінің
қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым өз
дәреже, деңгейін арттыра түседі.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның
өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне,
қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына т.б. негіз болады. Бағыт-
бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды
іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. Мінезге орай
адамның дүние талғамы, өмір мәні, белгіленген мақсат-мүдделерінің, әрекет
қылықтарының себептері ашылады.
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылытар
мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай
маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне, осы міндеттерді іске асыру
барысында мінез қалыптасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі,
бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің көрінісі ғана
болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке болған бағыт-бағдары
негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез қалыптасудағы басты шарт -
өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы
– босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Солайда болса, жеке адам мінезі мен
оның бағыт-бағдары екіталай нәрсе. Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген
адамның бірі – ізгі ниетті де, ал екіншісі – жауыз болуы мүмкін. Жеке
адам бағыт –бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық
Осынау болсын деген ниеттен емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне
негізделеді, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне
белгілі сипат ендіреді.
Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді.
Тиянақты көзқарас – наным адамның өз іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-
бағдарға сай белгілеп, мақсатқа жетуде жігерліліктің, орындап жатқан ісінің
дұрыс та маңызды екеніне сенімділік туғызады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның
бұл қызығулары мәнді де тұрақты болуы шарт. Ал, қызығулар үстірт, тұрақсы
болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанын жеке
адам еліктегіш келеді. Қызығулар ұқсастығы мінез теңдігін аңдатпайды.
мысалы, өнертапқыштар арасында көңілді не мұңды, кішіпейіл не өзімшіл
тұлғаларды айыруға болады.
Мінез адамның қолы бос уақытындағы өзі қалап шұғылданған істерінен де
танылуы мүмкін. Мұндай қызығулар тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан
хабардар етеді. мысалы, ұлы ғалым-химик Ебней Бөкетов қолы босаса,
аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерінің небір әйгілі көркем
шығармаларын қазақ оқырманына жеткізген; атақты тіл ғалымы Әбдуәли Хайдари
демалыс уақытында қазақы ер-тұрман, қамшы және т.б. заттарды оюлап,
жолдастарын таң қалдырған; ғұлама-түркітанушы академик Рахманкүл Бердібай
қолы босаса, күйшілік өнерімен айналысады. Адамның рухани немесе заттай
қажеттіліктерінің қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезімдерінің
ғана емес, сондай-ақ іс-әрекетінің де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада
аса маңызды нәрсе іс-әрекеттің алға қойылған мақсатқа тікелей сай болғаны,
себебі адам не істеп жатқаны немесе не істейтініне қарай бағаланбайды,
әңгімек сол істі қалай орындайтынында. Осыдан мінез қалпй адамның бағыт-
бағдары мен іс-әрекет кейіпінің бірлігіен келіп шығады.
Мақсатқа жетуде бағыт-бағдар бірдейлілігі болғанымен, әр адам өз жолын
таңдайды, өзіне қолай, қайталанбас әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы
дербестіктен адам мінезінің ерекшенлігі көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез
бітістері әрекет немесе қылық түрін таңдауда айқын жүз береді. Бұл тұрғыдан
тұлғаның табысқа жету қажеттігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінің
деңгейін мінез бітісі деп тануға болады. Осыған байланысты кей адамдар
күмәнсіз табыс қамтамасыз ететін әрекеттерді таңдап алады, ал екіншілері –
сәтсіздіктен қашуды көздейді.

Мінез жөніндегі білімдер
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым – характерология ұзақ даму тарихына
ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мінездер типін саралап, адамның
әртүрлі өмір жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай
мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмір
барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне
тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта
ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың
психологиялық жолдары бар. Солардың кейбіріне қысқаша түсінік:
Жұлдызнама – адам мінезін туған күні ме байланыстырып түсіндіреді.
Жалпы қабылданған уақыт өлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінед, олардың
әрқайсысына нақты белгі, символ береді. Осы символға тән әртүрлі
қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. мысалы, кельт жұлдызнамасын де 22
желтоқсан 1 қаңтар аралығында туыған алмаға тектес, осыдан мұндай адам
сүйкімді, ақ жарқын, күлкішең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған
күндері туылғандар – туатеке, яғни мұндайлар - өжет, тұрақты, төзімді,
тұйық, сыршыл келеді.
Физиогномика (phisis – табиғат, gnomon – білу) – адамның сыртқы
келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа
біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. адам дене
бітістеріне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мінез
ерекшелігі оған таңылады. мысалы, Аристотель пікірінше, адамның мұрын
танауы өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік белгісі;
шошқадай кең танау, жалпай мұрын – ақымақтық; қой, ешкі жүніне ұқсас шашты
адам – үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тіке шашты адам – ержүрек,
батыл, т.б.
Адамның басқа да келбет көріністері негізінде мінезді байқастыру осы
физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия (cheir – қол, mantia – бал ашу) – адам мінезін алақанның
тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика – бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер
арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графология – мәнерлі әрекет жазу таңбасына орай адам мінезін
анықтауға бағытталған ғылым.

Мінез түрлері мен типтері
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді
келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді.
Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның
тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра
түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік ітістердің алғашқы
екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге
жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген
ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі
жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді
қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге
қатынасына баланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа
келген өмірлік объектердің маңызымен анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл-өтірікші, әдепті-дөрекі.
т.б.)
2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер-еріншек, т.б.)
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл, т.б.)
4. Заттарға қатынасынан (сақи-ашкөз, ұқыпты-салақ, т.б.)
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен
маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуы ең
алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді.
Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін
ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа
келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар
әрекет-қылығында өзара ұқсатыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің
кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-
әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Ізгілікті бағыт
Құқықтық мінез - құлықтағы тәрбиенің алатын орны
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
Білім және қоғам
Ғылым социологиясының мәні мен рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz