Оқыту мен тәрбие байланыс


1. Педагогика пәні және оның категориялары. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі педагогикалық міндеттер. Педагогика деген сөз, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, “Педагогика” термині гректің екі сөзінен: “пайс” - балалар және “эгейн” - баланы басқыру, тәрбиелеу жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика -бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы білім. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау тәрбиесі кеңей түсуде. Сондықтан “педагогика -бала тәрбиесі жайындағы ғылым”, -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика -жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие.
Тәрбие ұғымы кең мағынада “Тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада “Өмір тәрбиелейді” деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауға зор мәні бар.
Тәрбие - педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын тұңғыш рет педагогикаға енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту -білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыға білім беріп, іскерлік дағдыға үйретеді. 2. оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Н. К. Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеалық - саяси тәрбие мәселелерін ғылыми теориялық негізде талдады. Н. К. Крупская айырықша көңіл бөлген мәселерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен қатар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарын қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.
Көрнекті кеңес педагогы А. С. Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу - тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері», «Педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар». Бұл еңбектерін Макаренко тәрбиенің мақсаттар мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады.
Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогиалық жүйесінде әрбір оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, т. б. қабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш орта мектебі», «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлы мақсат» т. б. құнды еңбектері арқылы В. А. Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
2. Мектепте білім беру мазмұны, құрылымның негіздері. Қазіргі білім беру концепциялары.
Дидактиканың жеке ғылым саласы ретінде қарастыратын мәселері - білім беру және оқыту. Білім беру - адамның жүйеленген білімді, білікті және дағдыларды меңгеру, ақыл-ой мен сезімдерін дамыту, дүниетаным мен таным үрдістерін қалыптастыру үрдісі мен нәтижесі.
Білім беру мазмұнына әсер ететін бірнеше факторлар бар:
- Қоғамның білімді адамға қоятын әлеуметтік, кәсіби, мәдени талаптары;
- Білім беру мазмұнының оқушылардың психологиялық мүмкіндіктері мен даму деңгейлеріне сәйкес келуі;
- Білім беру мазмұнының ғылыми принципті қанағаттандыруы;
- Тұлғаның өзінің білім алу қажеттілігі.
Бағыттары бойынша білім беру екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.
Жалпы білім беру деңгейлері: мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, негізгі жалпы білім беру, жалпы толық орта білім беру.
Бастауыш мектептегі білім беруде - оқу, жазу, есеп және оқи білуге үйрету, аяқталмаған орта білім беру мектебінде - ғылыми негіздері бойынша білімдер қалыптастыру, толық орта мектепте - білімдерді тереңдету, оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттіктеріне сәйкес білімдер қалыптастыру және кәсіби өзін өзі анықтауға дайындау міндеттері жүзеге асырылады.
Кәсіби білім беруде белгілі бір кәсіптік салаға сәйкес іс-әрекетке қатысты білім, біліктер меңгеріліп, белгілі кәсіби білікті маман дайындау басты міндет болып табылады. Бұл бағыттағы білім беру мазмұнына жалпы білім беретін пәндермен қоса арнайы кәсіптік білім беру пәндері де кіреді. Кәсіптік білім беру деңгейлері бойынша бастапқы, орта, жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім алу болып бөлінеді.
2003 жылы қабылданған ҚР-ның 2015 жылғы дейінгі білім берудегі конципциясы: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім беру, орта білім кейін кәсіби білім беру, жоғары білім беру, жоғары оқудан кейін білім беру деңгейлерін қамтып, үздіксіз білім беру идеасын іске асыруды қарастырады. Осы құжатқа сәйкес үш сатыдан тұратын: бастауыш білім беру (4 жылдық), негізгі білім беру (6 жыл), орта білім беру (2жылдық) 12-жылдық орта білім беруге көшу қарастырылған. Сонымен бірге соңғы сатының: бейімдеп оқыту, техникалық және кәсіби білім беру атты екі түрі болуы мүмкін.
Орта білімнен кейінгі кәсіби білім беру орта бөлікің мамандандырылған кадырларды дайындауға арналған. Жоғары білім беруге инновациялық технология, кіріктірілген интенсивті ғылыми - зерттеушілік әрекетін ендіруді қаастырған. Жоғары білім беруге бакалавриат, жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру - магитратура және доктараньура кіреді.
Концепцияда «білім берудің мақсаты - жай ғана білім, іскерлік және дағдының жиынтығы емес, негізгісі тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби құзырлық, бүгінгі тез өзгермелі дүниеде ақпаратты өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана білу, ұтымды және тиімді жұмыс істеп, өмір сүру» деп ерекше атап өтілген.
3. Нақтылық принципі және оны педагогикалық зертеулерде қолдану.
Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзара байланысты екі жағы; білім нақтылығы оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктілігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі нақты есте сақталады.
Нақты принципті іске асыру үшін мұғалім бірнеше ережелерді орындауы қажет.
- Оқушылар білімдерін сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемі ұйымдастыру;
- Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушылардың жадын зорламай, білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету;
- Жақсы түсінбегенді оқушының есінде сақтауына жол бермей, тек саналы білімді жадында сақтату;
- Оқуға, білімге ынта-ықлас, қызығушылық, мұғалімнің өзіне сенімі болса, оқушылардың оқу таным әрекеті ерікті, қуанышты болу білімдері нақты сақталады;
- Логикалық түрде берліген, алынған, қайталанған білімдер мен біліктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда нақты екенін ұмытпау;
- Оқушылардың алған білімдерін нақтылығын нығайтудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін (сезімге толы әңгіме, заманауи көрнекіліктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пікір таластар) іске асыру;
- Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен байланыстыру;
- Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруге бейімдеу.
Оқытуды аталмыш ережелеге бағындыру - оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануды қамтамасыз ету.
4. Педагогикалық үрдістің негізгі сипаттамаларының мәні, заңдылығы және болжамдығы.
Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үрдіс пішінін беру керек. Мұндай үрдісті оқу-тәрбие немесе педагогикалық үрдіс деп атайды. Бұл үрдіс алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық үрдіс - тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірбиесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық үрдіс мәні «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелеп ортырып оқыту» өрнегіне сәйкес анықталады. Яғни тәрбиеші оқыта отырып та, сыныптан тыс жұмыстар жасата отырып та білім беру мен тәрбиеу міндеттерін жүзеге асыру қажет.
Педагогикалық үрдістің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды білгілері бар. Педагогикалық үрдістің негізгі белгілері: 1) қос жақты іс-әрекет; 2) өзара байланыста жүреді; 3) мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді; 4) мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.
Педагогикалық үрдістің заңдылықтары - педагогикалық үрдіс құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін қайталанып тұратын, тұрақты, мәнді байланыстар.
Заңдылықтар: ішкі және сырқы болып бөлінеді.
Педагогикалық үрдістің жалпы заңдылықтары:
- Тәрбие мен әлеуметтік байланысы.
- Оқыту мен тәрбие байланыс.
- Тәрбие мен іс-әрекет байланысы.
- Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы.
- Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.
5. В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы гуменитарландыру мен гуменизм мәселері.
Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогиалық жүйесінде әрбір оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, т. б. қабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш орта мектебі», «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлы мақсат» т. б. құнды еңбектері арқылы В. А. Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
В. А. Сухомлинский «Жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің проблемаларын» зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу - барлық жастарға орта білім беруге раналған. Педагогиканың мұндай күрделіде маңызды міндеттері - компелекстік түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Бұл халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігін, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлинский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі - педагогтың мынадай екі мәселесін шешуге арналады. Біріншіден, оқушылрға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларға ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчествалық процесс - адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағымды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезек пен кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: «Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі - адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты» деп тұжырымдады.
6. Педагогикалық озық тәжірбиені енгізу, оны таратудың принциптері мен әдістері.
Жаңа енгізілімдер немесе инновациялар адамның кез келген кәсіби қызметіне тән, сондықтан оларды зерттеу, талдау және енгізу объектісіне айналуы заңды да. Инновациялар өздігінен тумайды, олар жекелеген мұғалімдердің және бүтін бір тұжырымдардың ғылыми ізденістерінің, өзат педагогикалық тәжірибесінің нәтижесі болып табылады.
Педагогикалық жүйелерді қайта құру методологиялық нұсқамалардың көп астарлы үйлесімдеріне бағынады. Бұл ретте барлық қайта құру әрекеттерінің методологиялық дерективалары оларды іске асыруға бағытталған. Педагогикалық жүйедегі бірде бір реформа, бірде-бір қайта құру, оларды методоголгиялық жағынан қамтамасыз етпейтінше, яғни педагогика методологиясының директиваларын бұлжытпай сақтамайынша, табысқа жете алмайды.
Методологиялық нұсқаманың, яғни жоғарыда айтылғандай, директиваның өз технологиясы бар, оны орнықтыру үшін біраз күш-жігер жұмсау қажет.
1. Өлшем аппаратын және реформалауға жататын педагогикалық жүйе жағдайының өлшеуіштерін әзірлеу.
2. Педагогикалық жүйені реформалаудың қажеттігін анықтау үшін оның сапасын жан-жақты тексеру және бағалау.
3. Озық сипатқа ие педагогикалық шешімдердің үлгілерін іздестіру ескіні, тиімсіз нәрсені ауыстыруға келген жаңа енгізілімдерді үлгілеу үшін де пайдалануы мүмкін.
4. Практиктердің емес, ғалымдардың шығармашылық шешімдері сақталған ғылыми бөлімді жан-жақты талдау.
5. Педагогикалық жүйенің жаңарған учаскесінің инновациялық үлгісін жобалау.
6. Реформаның атқарушылық интерпретациясы - педагогикалық құрылымды қайта құру методологиясын келесі нұсқамасы.
7. Еңбекті өзгертудің белгілі заңын іс жүзінде асыруды пысықтау.
8. Жаңаны өмірге енгізудің алгоритмін құру.
9. Кәсіби лекцияға жаңа ұғымдар енгізу немесе бұрынғы кәсіби сөздікті қайтадан ой елегінен өткізу.
10. Педагогикалық жүйені жалған жаңашылдықтан қорғау - педагогика методологиясының аса маңызды ережелерінің бірі.
Білім берудегі инновациялық процестердегі мәнін түснудің негізінде педагогиканың аса маңызды екі проблемасы - озат педагогикалық тәжірибені зерттеу - қорыту және тарату.
Педагогикалық ғылымның жетістіктерін өмірге енгізу оқу-тәрбие мекемелері мұғалімдерінің, тәрбиешілері мен басшыларының қалың бұқарасының жаңа педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін, солардың негізінде жасалған практикалық ұсынымдарды және оларды қолдану әдістерін меңгеруді көздейді.
Енгізу ғылыми ашылымдарды насихаттауға және ғылыми ұсынымдарға оң көзқарасты қалыптастыруға есептелген қарапайым таратудан осынысымен ерекшеленеді. Енгізілімге ғылыми педагогикалық ұсынымдардың және озат тәжірбие мазмұнының осы кезеңі үшін қоғамдық бар іріктеудің әлеуметтік бағыттылығы тән.
Педагогика ғылымының жетістіктерін өмірге енгізудің бастапқы кезеңі мынадай жағдайларды қамтитын оған алдын ала дайындық болып табылады: мектеп басшалары мен педагогикалық ұжымның жаңаны қабылдауға және меңгеруге деген моральдық - психолгиялық дайындығы, педагогикалық ұсынымдарды таңдау, олардың мәнін түсіндіру және мектептегі істің нақты жағдайына салыстырмалы талдау жасау, мұғалімдердің алда тұрған жұмыстың қажетті тәсілдерін меңгеруі және басқалар.
Озат педагогикалық тәжірибені насихаттау, тарату және пайдалану ұсынымдық сипатта болады, оның тәжірибе нәтижелерін міндетті түрде қодану жөніндегі шаралар жүйесін білдіретін енгізудегі айырмашылығы әркімнің өз бастамасының негізінде жүзеге асырылады.
Озат педагогикалық тәжірибенің пәрменділігінің негізі, мұғалімдерді мектептің алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге ықпал ететін оқу мен тәрбинің жаңа әдістерін іздестіруде кездесуі мүмкін кездейсоқтықтар мен қаталектерден сақтандыратын, педагогикалық ғылым мен мектеп практикасының органикалық өзара іс-әрекеті болып табылады.
7. Қазіргі қоғамдағы білім беру мен тәрбиелеудің әлеуметтік қызметтері.
Әлеуметтік қызмет оқу үрдісіне қатысушылар арасындағы қатынастарды қамтиды. Мұнда әлеуметтік өзара байланыстар - бағыттылық, оқытудың әлеуметтік мазыздылығы т. с. с. бейнеленеді.
Әлеуметтік заңдылықтар:
- Индивиттің дамуы ол тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын барлық басқа индивиттердің дамуымен байланысты;
- Дидактогения (мұғалімнің оқушыларға дөрекі қатынасы) тұтастай алғанда әрбір оқушының оқыту тиімділіген төмендетеді.
8. Оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыс.
Оқу-тәрбие - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескн іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Я. А. Коменский (1592-1670) . Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, процестері, сынып сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп саналады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үші жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлделдеді. Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып - сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады.
9. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдебиет көздеріне шолу.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ісденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты бсайланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдарымен тәсілдерінің өзі.
Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттелеіп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әртүрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспаналардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерлі зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпығы ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады.
10. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғамен, ұжымды дамытудың факторы ретінде.
Іс-әрекет - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас - адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
- Сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
- Балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушіліктің болмауы;
- Басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудың құралы.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәеуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуымен қалыптасуына әсер етеді.
11. Саралап оқыту мен тәрбиешінің ғылыми педагогикалық негіздері.
Саралап оқытуды қоладанған мұғалім, әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін ескереді. Саралап оқытудың мақсаты - оқушылардың білім балуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертілуі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.
Саралап оқыту үшін мұғалім оқушының оқу іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдауға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ла біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты қоғамның шығармашылық интелектуалдық, кәсіптік әлеуетін қалыптастыруға, қоғамның әрбіп мүшесінің мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға ұмтылуға мақсаткерлікпен әсер ету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz