Кәсіпорындағы кызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛГІ

Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика факультеті

Экономика және менеджмент кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорындағы кызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау

Тексерген: Шакеева Д. Т. Орындаған: Бекпенбетов Н

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 3

І тарау Әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау түсінігі мен оларды ұйымдастыру.

1. 1. Әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау түсінігі . . . 4

1. 2. Кәсіпорындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және оларды ұйымдастыру қағидалары . . . 11

1. 3. Еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі . . . 16

ІІ тарау Кәсіпорындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау шаралары («Қазақмыс корпорациясы ЖШС» мысалында) .

2. 1. «Қазақмыс ЖШС» кәсіпорынның жалпы сипаты . . . 21

2. 2. «Қазақмыс ЖШС» кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдау . . . 23

2. 3. Кәсіпорынның әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау шаралары . . . 29

ІІІ тарау Кәсіпорындағы қызметкердерді әлеуметтік қорғау мәселелері және оларды шешу жолдары . . . 34

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38

Қосымшалар . . . 39

К і р і с п е

Еңбекті қорғау дегеніміз - тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу алдын-алу шаралары.

Ал әлеуметтік қорғау дегеніміз - қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқада институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесі.

Сондықтан берілген жұмысты жазудағы берілген мақсат - әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау түсінігін жаза отырып, кәсіпорындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғау қағидаларын ұйымастыра отырып, еңбекті қорғау жұмыстарын шетелдік тәжірибесін ұйымдастыра отырып, « » кәсіпорының жалпы сипатын, кәсіпорынның әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау шараларын, әлеуметтік қорғау мәселелері және оларды шешу жолдарына қол жеткізу.

Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:

  • әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау түсінігі;
  • кәсіпорындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғау қағидаларын ұйымастыру;
  • еңбекті қорғау жұмыстарын шетелдік тәжірибесін ұйымдастыру;
  • «Қазақмыс ЖШС» кәсіпорының жалпы сипаты;
  • «Қазақмыс ЖШС» кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдау;
  • «Қазақмыс ЖШС» кәсіпорынның әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау шаралары;
  • Кәсіпорынның әлеуметтік қорғау мәселелері және оларды шешу жолдары.

Курстық жұмыс кіріспеден, қорытындыдан, 3 тараудан тұрады.

І тарауда, Әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау түсінігі мен оларды ұйымдастыруы.

ІІ тарауда, Кәсіпорындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау шаралары («Қазақмыс корпорациясы ЖШС» мысалында) .

ІІІ тарауда, Кәсіпорындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері және оларды шешу жолдары.

Осы курстық жұмысты жазу барысында: С. Р. Рзагулова, Н. Дузбаева, Ж. Т. Алпысбаева, Ж. С. Дүйсембаева, М. Тайсариева, Н. Ә. Назарбаев, Б. Сапарбаев, Н. С. Жұлдызбаева, Н. К. Оразғалиева секілді экономист ғылымдардың еңбектері пайдаланылды.

Ал сандық берілгендер келесігідей мерзімді басылымдар алынылды: «Мирас» журналы, «Аль Пари» журналы, «Хабаршы» журналы, «Егемен Қазақстан» газеті, ҚР-ның Еңбек кодексі, www. stat. kz сайты және т. б.

І тарау Әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау түсінігі мен оларды ұйымдастыру.

1. 1. Әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау түсінігі.

Еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңында еңбекті қорғау - еңбек процесіндегі адамдардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлеуметтік экономиканың, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралармен құралдардың тиісті заңнамалармен және басқа да нормативтік актілері негізінде әрекет ететін жүйені білдіреді деп көрсетілген.

Еңбекті қорғау дегеніміз - тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу алдын-алу шаралары. Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі - қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауын талап етеді.

Хамзин А. Ш: «Еңбекті қорғау - 3 аспектіден қарастырылып ашалады:

  • еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қаіпсіздігіне бағытталған нормаларды біріктіретін еңбек құқығының ерекше бөлімінің институты ретінде;
  • еңбек қорғау бойынша нормаларды сақтаусыз еңбек функцияларын жүзеге асыру мүмкін еместігі мен құқыққа қайшылығын білдіретін еңбек шартының міндетті талабы ретінде;
  • еңбек жағдайының қауіпсіздігімен денсаулық үшін бағытталған жұмыс беруші мен қызметтердің міндеттерімен құқықтарының өзара негізделген жүйесі ретінде»-дейді.

Ал Уваров В. И: «Еңбекті қорғау еңбектің қауіпсіз және саулық жағдай сұрақтарын реттейтін, еңбек жағдайларын жұмыс берушімен арасындағы бөлу» - дейді.

Кәсіпорындармен, мекемелермен, коореративтерімен фермерлік шаруашылықтарымен және меншігі мен шаруашылық жүргізуі әртүрлі тұрпаттағы ұйымдармен, онының ішінде жекелеген жолдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер, коорператив мүшелері, өндірістік практикадан және өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу органдарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызмет атқаруға қатысты жоқ жүмысқа тартылған әскери қызметшілер.

Y кімнің орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде сот үкімімен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындары мен азаматтары халықаралық шарттар немесе келісімдер негізінде жұмыс атқарғанда оларда еңбекті қорғау жөнінде белгіленген халықаралық нормалардан кем емес талаптар кездеседі.

Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында жұмыс істейтін шетел азаматтары мен шетелде жұмыс істейтін республика азаматтарының еңбекті қорғау саласындағы қатынастарын реттеудің ерекшеліктері мүдделі талптардың келісімімен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.

Гриженко Е. М: «Еңбекті қорғау құқықтық институты қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қаіпсіздік пен еңбек гигиенасы сұрақтары бойынша құқықтармен міндеттерді анықтайтын нормалардан тұрады және еңбек қорғау бойынша ережелер мен инструкцияларды; ауыр, зиянды немесе қауіпті жағдайларды жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін өтеулер және жеңілдіктердің арнайы нормаларын; еңбекке қабілеттілігі төмен, кәмелетке толмағандардың, әйелдердің еңбек қорғау нормалары; еңбек қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды реттейтін нормаларды; өндірістегі бақытсыз жағдайларды тергеу және оның есебі ережелерін нақтылайды» -дейді.

Нұрбаев Д. А: «Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикадағы ұлттық саясат қағидаларын қамтамасыз етуге арналған» -дейді.

Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынады еңбекті қорғау дегеніміз - қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеріп бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. олаода жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөссіз немесе егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлімдер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса немесе бөлмелер ластанған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұхсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас бөлігінің бұзылғаның білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.

Дәл осындай жағдай еңбекті қорғау экономикалық аспектісі бұзылған кезде де орын алады, яғни, еңбекті қорғау қаржыландырылмаса және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанасындағы ұйымдардағы, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің, тәжірибеден өтеп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп азаматтардың еңбегіне таралады.

Тар мағынады еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.

Шайбеков К. А: «Еңбекті қорғау мемлекетпен, кәсіби одақпен, кәсіпорынмен, кооперативпен және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылады» - дейді.

Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көрсетілген:

  • еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;
  • ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;
  • өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінде;
  • қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерінде.

Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты станттарға, ережелерге және нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді. Жұмыс орны өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе еңбекке қабілетінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін қауіпті зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғалуы тиіс. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жағдайына бақылауы ұйымдастыру және еңбек ұжымын осы бақылаудың нәтижелері туралы уақытылы хабарландырып отыру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.

Еңбекті қорғаудың талаптарын сақтаған жағдайда өндірістегі қайғылы оқиғалар, жарақат алу, кәсіптік аурумен ауыру төтенше жағдайлар болып табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын алса, қызметкерлер өздерінің тікелей басшыларын немесе басшылықты кез келген қайғылы оқиға, кәсіптік аурудың белгілері туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төңдіруі мүмкін кез келген жағдайлар туралы жедел түрде хабарландыруға міндетті. Жұмыс беруші мен басшылық қайғылы оқиғаны тергеу үшін, олардың алдын алу үшін және апат жағдайлары туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін барлық шараларды қолға алуға міндетті.

Хамзин А. Ш, Уваров В. И, Гирженко Е. М, Нурбаев Д. А, Шайбеков К. А, Пашков А. С: «Еңбекті қорғау еңбек жағдайларын үнемі жақсарту, еңбек процесіне жағдай жасауға бағытталған» - дейді.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін тікелей қауіп төнген жағдайда бұл қауіпті жойғанға дейін олар жұмысты орындаудан бас тартуға, сонымен қатар егер бұл жұмыстар еңбек шартында келмесе, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысты істеуден бас тартуға құқылы. Бұл әрекеттер тәртіптік жауапкршілікті туындатпайды.

Өкінішке орай, мойындайтын бір жайт, ғылым мен техниканың қазіргі кезгі даму деңгейінде өндірістің адамға қатысты зиянды әсері әлі де толығымен жойылмаған. Сондықтан, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары, ерекше температуралық жағдай, ластану және т. б. орын алған жұмыстарда қызметкерлерге нормаларға сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім және де маска қорғанышты көзілдіріктер, қорғау белбеулері, сабын және т. б. сияқты өзіндік қорғанудың өзге де құралдары берілуі тиіс. Басшылықтың міндетіне тек өзіндік қорғану құралдарын беру ғана емес, сонымен қатар, оларды сақтауды, жууды, кептіруді, тазалауды, жөндеуді және т. б қамтамасыз ету кіреді.

Зиянды еңбек жағдайлары орын алған жұмыста қызметкерлерге сүт және белгіленген нормаларға сәйкес оған теңестірілген азық-түлік өнімдері, ал аса зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге емдеу-сауықтырушылық сипаттағы тамақтану тегін берілуі тиіс.

Мемлекеттік стандарттарға, еңбекті қорғауға байланысты нормаларға, ережелерге жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қолданысқа беруге, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және өзге де өнімдерді, соның ішінде, шетелден әкелінген құралдарды шығаруға жол берілмейді.

Олардың адамның ағзасына және денсаулығына әсері туралы токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық, радиациялық, медицияналық-биологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады.

Еңбекті қорғауды қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар, кәсіпорындар қаржысы және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорындардың қызметкерлерге осы мақсаттарға қатысты шығындарды көтермейді.

Еңбекті қорғау заңдарда қызметкерлер мен жұмысберушілердің міндеттері де көзделген. Кызметкерлер өндірістік цехтардағы, құрылыс аландарындағы жүріс-тұрыс және жұмысты орындаудың белгілі бір ережелерін белгілейтін еңбекті қорғауға қатысты нормаларда, ережелерді және нұсқауларды сақтауға міндетті. Сонымен қатар, қызметкерлер ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарын дұрыс пайдалануға және қолдануға міндетті. Егер жұмысқа кірісудің міндетті шарты болып қауіпсіздік техникасына қатысты арнайы білім алу, нұсқама алу немесе емтихан тапсыру болса, онда қызметкер бұл талаптарды орындауға міндетті. Бұл талаптарды орындаудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылады.

Өз кезегінде, жұмыс беруші еңбекті қорғау талаптарын сақтауға қатысты жұмыстар жүргізуге міндетті, яни жұмыс беруші немесе басшылық зиянды және ұауіпті заттардың рұхсат етілген деңгейін бақылауға, олардың асып кетуін болдырмауға, қаіпсіздік техникасына қатысты нұсқама беруді, дәрістер жүргізуге және қауіпсіздік техникасына қатысты ережелердің, нормалардың және нұсқаулардың орындалуын талап етуге, қызметкерлерді жұмыс орнының қорғалуының дәрежесі және қауіпсіздік деңгейі туралы хабарландыруға, қызметкерлерді ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, жұмыс беруші өндірістік ғимараттар мен қызметкерлердің жұмыс орындарында өндіріс санитария мен гигиена талаптарын сақталуын бақылауға, еңбекті қорғау талаптарының орындалуына қадағалау және бақылау жасауға, еңбекті қорғау ережелерін бұзған үшін жауапкершілікпен байланысты шаралар қолдануға міндетті.

Ал әлеуметтік қорғау дегеніміз - қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқада институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесі.

Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.

Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғаулары арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әртүрлі әлеуметтік төлемақылар жасалынады.

Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығындар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығындар ретінде қамтып көрсетіледі.

Әлеуметтік қамсыздандандыру - таратушылық қарым-қатынас процесінде ұлттық табыстың бір бөлігі есебінен азаматтарды материалдық қамтамасыз ету және қызмет көрсету үшін ақшалай қаражаттардың қоғамдық қорларын құру және пайдалану жүйесі.

Кең мағынада әлеуметтік қамсыздандыру қордың құрылуы көздерінен және қамтамасыз етуді ұйымдастырудан тәуелсіз қоғамның барлық мүшелерін сәйкес қамсыздандыру.

Әлеуметтік қамтамасыз етуді қаржыландырудың негізгі қайнар көзі және жалпы реттеуші болып табылатын мемлекет. Заңдылықтарға сәйкес азаматтардың кейбір санаттарына мемлекет қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоспағандағы әлеуметтік жүйеге қатысу ынтасы минималды.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімді қызмет етуіне бөгет әрекет етіп отырған негізгі кемшіліктеріне жататын:

  • жетілмеген заңдылық - әлеуметтік саланы реттеуші заңдылық төлемінің әлеуметтік тәуекелдері мен негіздемелері бойынша емес, көбінесе төлемдердің түрлері бойынша қалыптастырылған;
  • жеткіліксіз әділеттілік пен төмен ынталандырулар - әлеуметтік жәрдемақыларды алуға құқықты жүзеге асыру кезінде салық аударымдарын жүзеге асырушы экономиканың формалды секторының қызметкерлерінің төлем жасамайтын тұлғалардың алдындағы артықшылықтарының жоқтығы;
  • жеткіліксіз анықтылық - әлеуметтік төлемдерді алу процесін байқап отыру үшін жеке дара идентификация жүйесі әлі құрылу кезеңінде болып отыр.

Әрекет етуші жүйенің ары қарай сақталуы орын алып отырған кемшіліктердің тереңдей түсуіне, төлем обьектісі мен жүйеге салым салушылар арасындағы байланыстардың келешектегі әлсіреуіне, оның салдарынан салықтардың түрлерін бюджетке төлейтін және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті жарналар аударатын азаматтардың өз міндеттерін орындаудан жалтара түсуіне әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Халақты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибеге және қазіргі өркениетті жағдайға негізделеді. Бұл жүйе әкімшіліктендіруге аздаған шығындар жұмсай отырып халықтың неғұрлым жоғары деңгейін қамтитын тұрақты ақы төленетін еңбек қызметіне ынталарды қалыптастыруға ықпал ететін және нарықтық жағдайларға сәйкес келетін жүйені құру ұсынылады.

Қорғаудың жаңа жүйесі аралас болып табылады және ынтымақтастық, сондай-ақ персонификацияланған, міндетті, сондай-ақ ерікті сақтандыру жүйелері элементтерінен тұрады және адамның бүкіл өмірі бойында кездесуі түскен негізгі тәуекелдерден тұрғылықты халықты әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету үшін арналған.

Жаңа әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері келесідей элементтерді қамтуы тиіс, экономикалық өсуді қолдайтын: барлық азаматтарға тәуекелді жағдайлар туындаған кезде қорғауды ұсынудағы әділеттілік, тиімді қызмет ету және халықты максималды толығымен қамту.

Әлеуметтік саланы реттейтін заңдылықтар әлеуметтік тәуекелдер негізінде құрылуы керек.

Жүзеге асыруға ұсынылатын әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай болуы қажет:

  • әділетті - әлеуметтік қорғау құқықтарын жүзеге асыру әлеуетті пайдаланушылар үшін жеңіл қол жеткізетіндей болуы керек. Мемлекетпен кепілдендірілетін әлеуметтік жәрдемақылардың минималды көлемі еңбек өтілімі мен еңбекақы көлемінен тәуелсіз бірдей әлеуметтік тәуекелдер барысында төлемдердің тең деңгейін ұсынуы керек. Сонымен бір уақытта әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі осы жүйедегі әрбір нақты адамның қатысу мөлшері мен ұзақтығына байланысты болуы керек;
  • әрбір азаматтың мемлекеттен тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыратын, жалпы алғанда барық жұмысқа қабілетті азаматтар өздерінің болашақтары мен өз отбасыларының қалыпты өмір сүрулеріне үлкен жауапкершілікпен қараулары керек;
  • әрекет етуші - әлеуметтік жәрдемақылар адрестілігімен, яғни оған толығымен құқығы бар және неғұрлым мұқтаждығы басым азаматтарға ұсынылуы керек;
  • тиімді, яғни айқын және жақсы басқарылатын, төмен шығынды және қарапайым. Жүйенің негізгі компоненттері еркін реттелуі керек;
  • дұрыс, яғни белгілі бір мерзімде тұрақтылықты халықтың максималды басым бөлігін қамтуы тиіс.

Жоғарыда аталған мәліметтерді ескере келе, әлеуметтік қорғау жүйесін қорғаудың келесідей элементтерінен тұратын әлеуметтік тәуекелдіктер негізінде ұйымдастыруды ұсынамын:

  • әлеуметтік тәуекелдерге байланысты бірдей деңгейде барлық азаматтарға бюджет есебінен төленетін мемлекеттік төлемдер;
  • бірінші кезеңде жұмыс берушілердің аударымдары есебінен және болашақта жұмысшы;
  • ұызметкерлердің өз есебінен жүзеге асырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру;
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
  • бюджет есебінен азаматтардың кейбір санаттарын қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік көмек.

Сонымен қатар, әлеуметтік тәуекелдердің туындауы жағдайында азаматтармен ерікті сақтандырудың жүзеге асырылуы марапатталады.

Қазақстанның ерекшеліктерін ескере келе, халақаралық тәжірибеде негізінде әлеуметтік қорғау жүйесінің институционалдық базасын қарастыру кезінде аралас жүйеге, яғни мемлекеттік және жеке меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді қолданылатын жүйеге баса назар аударуымыз керек.

1. 2. Кәсіпорындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және оларды ұйымдастыру қағидалары.

Кез-келген мемлекеттегі әлеуметтік қорғау - жұмысқа жарамсыз немесе шектелген еңбекке қабілетті тұлғаларға, сонымен қатар отбасының еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің табыстары қоғамдық қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз етпейтін отбасыларына сан-қырлы көмек көрсету үшін арналған әлеуметтік-экономикалық қатынастардың кешенді жүйесі.

Әлеуметтік қамтамасыз ету - бұл гуманизм тұтыну, қоғам мен мемлекеттің еңбек етуге деген қабілетін толығымен және ішінара жоғалтқан адамға қамқорлығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы персоналды басқаруды жүзеге асыру
Кәсіпорын кадрларын талдау және оның есебі.
Қызметшілер санын анықтау
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің ұйымдастырудың жіктемесі
Кәсіпорынды персоналды басқарудың теориялық негіздері
КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Кәсіпорындардағы Еңбекті қорғау
Жұмыстың қанағаттанушылығына әсер ететін факторлар
Кәсіпорындағы стандарттар және технохимиялық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz