Кәсіби психотерапия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
9-тарау. Психотерапия адамдар арасындағы
жақсы қарым - қатынас түрінде.
Таңғаларлығы: психолог-сарапшылар психотерапияны зерртеп білуге ешкім әлі
тимеген асыл деп қарамайды. Сәтті де нәтижелі психотерапияның нәтижесінде
адамдар шындықты басқаша қабылдап,басқаша ойлап,басқаша түсінеді.Олардың
мотивтері мен эмоциялары да өзгереді. Бұл адамның табиғи болмысының
тереңінің ешқандай боямасыз сыртқа көрінуімен салыстырудағы бұрын соңды
болмаған ең тамаша әдіс. Қоғамға деген көзқарасы мен жеке тұлғалар
арасындағы қатынастар да өзгереді. Адамның мінезі(тұлғасы) сырттай да, шын
мәнінде де өзгереді. Тіпті адамның сыртқы бейнесі өзгереді,оның психикалық
денсаулығы және т.б. жақсарады деген дәлелдер бар. Кейбір жағдайда
интеллектілік коэффициенті жоғарылайды. Сонда да психотерапия деген термин
үйрету, перцепция, мотивация, ойлау, әлеуметтік психология, физиологиялық
психология және т.б. арналған кітаптардың пәндік көрсетілімдерінде де
берілмеген.
Үйрету теориясы, әсірелеп айтпағанда, терапевтілік эффектісі бар
факторлардың әсерін зерттеуден пайдалы нәтиже алары сөзсіз.Ол факторлар:дау-
дамайлар,жарақат,қайғы-қасіреттерді қоспағанда, неке, достық, еркін
ассоциациялар, жұмыстағы табыс.
Әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастарды психотерапиялық қарым-
қатынастардың мысалы ретінде қарастырғанда, әлеуметтік психологияның бөлімі
сияқты шешілмеген проблемалар туындайды. Қазіргі уақытта пациент пен
психотерапевттің арасында ең аз дегенде үш типті қатынасты сипаттай аламыз:
өктемшілдік, демократиялық және кіріспеу принципі, бұлардың әрқайсысы
өзінше жақсы. Бірақ дәл осындай қарым қатынас типтерін балалар клубының
мүшелері арасындағы өзара қарым қатынас зерттеуден,көзбойаушылық
әдістерден, әр алуан саяси теориялардан,ананың балаға деген қатынасынан
және де адамтектес маймылдардың әлеуметтік құрылымынан байқауға болады.
Психотеропия психологияның маңызды саласы екенін көрсететін мысалдарды
келтіруге болады.
Біз психотерапия негізгі жеті жолмен:
1) Экспрессия(әрекет жасау, босану, катарсис); 2) базалық қажеттіліктерді
(қолдау,көрсету,мақұлдау,қорғау,мах аббат,сыйластық) қанағаттандыру;
3) қауіп-қатерді жою (қорғау,қолайлы әлеуметтік,саяси және экономикалық
жағдайлар); 4) инсайт,тереңірек білу мен түсіну; 5) сендіру немесе
беделділік; 6) бихевиоралды терапиядағыдай симптомдармен тікелей күрес; 7)
оң бағыттағы өзіндік кемелдену,даралану немесе даму арқылы іске асырылады
деп айта аламыз.
Біз әсіресе психотерапия мен осы кітапта берілген мотивация теориясы
тұрғысынан тұлғааралық қатынастардың кейбір түрлерін қарастыруға
мүдделіміз.Осы тұрғыдан қарастыру, базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру -
психотерапияның түпкілікті оң мақсатына, атап айтқанда, өзіндік кемелденуге
жетудегі маңызды (мүмкін,ең маңызды) қадамы екенін көрсетеді...
...Менің пікірімше, жан жақты жетілген адамның болуы мүмкін емес, ойлауға
да келмейді. Бірақ адамдар көпшіліктің ойындағыдан әлдеқайда жақсы болуы
мүмкін. Ал жан жақты жетілген қоғамға келсек,ол да жүзеге аспайтын арман
болып көрінеді. Мүлтіксіз некені,достықты немесе ата ана қатынасын іс
жүзінде көру мүмкін емес. Егер жұпта,отбасында,топта баянды махаббатқа жету
соншалықты қиын болса,онда 200 млн үшін қаншалықты? 3 млрд үшін ше? Топ,
қоғам , жұп жетілмеген болса да,жетілуге тырысуы мүмкін, өте жақсы
да,сонымен қатар жаман да бола алады.
Менің түсінігімше, жұп, қоғам, топты жетілдіру туралы жеткілікті
мәліметтер бар,ол бойынша жедел өзгерістердің өту ықтималдығы аз екенін
түсінуге мүмкіндік береді. Жалғыз ғана бір адамның жетілуі бір жылдық
психотерапевтік жұмыс. Бұдан кейінгі оның негізгі қортындысы,жетілуі, өзін-
өзі жетілдіру өмір бойы осы міндетті орындаумен жалғасуында. Бір мезеттегі
өзіндік кемелдену үлкен өзгеріс, инсайт немесе түсінуде шынымен
кездеседі,бірақ өте сирек,сондықтан да оған сене беруге болмайды.
Психоаналитиктер инсайтқа белгілі бір мөлшерде ғана қарап,бірақ негізгі
мәселе инсайтқа жету үшін ұзақ, жай қайта өңдейтін қиын жағдайларға көп мән
беру керектігін ұзақ уақыт үйренді. Шығыстағы рухани тәлімгерлер мен
мұғалімдер де өзін-өзі жетілдіру, кемелдену-өмірлік міндет екенін
көрсетеді. Бұл идея психотерапия топтарының, кездесу топтарының, тұлғалық
даму топтарының, эмоциялы даму топтарының ең парасатты ойшылдарына бірте
бірте жетіп келеді. Олар қазір өзіндік кемелденудегі үлкен жарылыс
теориясының бас тартудың қиын кезеңінде тұр.
Бұл аумақтағы барлық қорытындылар салыстыру негізінде мына мысалдарда
көрінеді.1.Неғұрлым қоғам толығымен сау болса,жеке психотерапия да аздау
қажет болады,өйткені ауру индивидтер соншама аз. 2.Неғұрлым қоғам толығымен
сау болса,онда ауру адам кәсіби психотерапияның көмегінсіз, яғни оң өмірлік
тәжірибе арқылы сауыға алуға мүмкін.3. Неғұрлым қоғам толығымен сау
болса,психотерапевтің емделушіні сауықтыруы да жеңіл болады. Өйткені оның
қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі жоғарылайды.4. Қоғамның толығымен
сау болуы инсайт-терапия көмегімен емдеуді жеңілдетеді,өйткені жеткілікті
позитивті өмірлік тәжірибе әсер етеді. Мейірімді қарым-қатынас және тағы
басқа әлеуметтік сипаттағы факторлар кедейшілік, жұмыссыздық, соғыстың
болмауына қарағанда жеткілікті. Әрине, дәлелдеуі күрделі болмайтын осындай
он шақты теореманы құруға болады.
Индивид сырқатының,жеке психотерпияның және қоғам табиғатының өзара
байланысына қатысты бірнеше осындай дәлелдемелер өте қажет. Олар
денсаулықтың төмендеуіне өзі себеп болып отырған ауру қоғамда денсаулықтың
болуы немесе жақсаруы мүмкін бе деген торығушылық парадоксты шешуі қажет.
Торығу жағдайындағы адамдар кемелденген адамдардың өмір сүру дерегін және
соны дәлелдейтін психотерапияны қарсы қойып,өмір сүруде өзіндік кемелденген
адамдардың бар екнін көрсетіп,дәлелдеп беруге болады. Мұндай жағдайда біз
эмпирикалық зерттеулер жүргізу үшін соның мүмкін екенін көрсететін
дәлелдеме құру пайдалы деп шешкен болар едік.
Кәсіби психотерапия.
Әдістері. Сырқат қатерлі болған сайын,оны ортаның қажеттіліктерді
қанағаттандыратын игілікті әсеріне тәуелділігі соншалықты аз болады.
Бұндайда төмендегідей жағдайлар туындайды: 1)базалық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға ұмтылысы да, ниеті де болмайды және олардан бас тартып,
адам неврозды сипаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға кіріседі және
2)қанағаттандыру туындағанның өзінде,адамның оны пайдалануға еш мүмкіндігі
болмайды. Оған жүрек жылуын ұсыну пайдасыз,ол одан қорқады, сенбейді,
басқаша түсінеді, оған түсіндіріп жатудың да қажеті шамалы - бәрібір ол
одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топтық психотерапияның қалыптасуы
Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Психологиялық қызмет көрсету
Психотерапевтік өызметтің мәні
Өткен ғасырдың ойшылдары
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Консультанттың клиентпен жұмыс істеуі және қолданылатын техникалары
Психологиялық консультация жайында
Пәндер