Соғысқа дейінгі орыстың егіншісі қазақ, қырғыздың жерінен таңдап

Тарихымызды таразыласақ
1916 жыл жайында білетінімізден білмейтініміздің көп екендігіне енді-енді көзіміз жете бастады. Десек те бұл кезеңдегі ұлт-азаттық көтерілісінің көпе-көрнеу бұрмаланған, бүркемеленген деректері әлі толық ашылып көрсетілген жоқ. Орта Азия мен Қазақстанды түгелге жуық шарпыған аталмыш қозғалысқа 1953 жылы Фрунзеде, Ашхабадта болған ғылыми кеңестерден, келер жылы Москва, Ленинград, Әзірбайжан, Қазақстан және Орта Азия ғалымдарының қатысуымен Ташкентте өткізілген тарихшылардың біріккен мәжілісінен кейін ұлт-азаттық сипат бергені рас. Алайда достығымызға нұқсан келтірер деген желеумен құпияланған кейбір жәйттер сол кезде де, одан беріде жарыққа шығарылмады. Осы орайда тарихымыздың тағы бір қалтарыс-қатпарын ақтарып, құпия құжаттар мен деректі материалдарға үңіле қарап, 16-жыл оқиғасының шындығына жетуді мақсат етіп отырмыз. Әлихан Бөкейханов («Қыр баласы») пен тарихшы Шестаковтың көтерілістің 10 жылдығына арнап жазған кітапшасынан алынған төмендегі публицистикалық еңбек - бұл үлкен тақырыптың бастамасы іспетті. Алдағы уақытта М. Тынышбаевтың 16-жылға қатысты Орынбор генерал-губернаторының атына жазған хатын, т. б. тарихшыларымыздың арнаулы мақалалары мен орынсыз қысқартылып, өңделген көтеріліс шежірелерін, дастандарын назарларыңызға ұсынбақшымыз.
Қазақ, қырғыз баласын майданға ал деп жарлық шыққалы 25 июньде он жыл толады.
Басына Алтай, Алай бұлт шықты,
Баласы қазақ, қырғыз қойдай ықты.
Хан жауыз Сарыарқаға қардай жауып,
Жастарым жерге сыймай жаудай ықты.
Патша қол астындағы құлақ кесті, құл елді қысырақтай матап, мұрнынан тескен тайлақтай байлап, қойдай айдап, неміс пен түрікке қарсы соғысқа апарды. Патшаның жерігі түріктен жер тартып алып, неміске қымбатқа бидай сатып, орыстың ақсүйек төрелерінің пайдасын көздеген болды. Соғыс осымен шықты.
1916 жылы патша сансыз жігітті соғыста өлтірді, қол-аяғы жоқ, ақылдан адасқан мешел де мүгедек қылды. Елдің шаруасы ойрандалды, соғыста ерлер өліп, елде шаруа күйзелді, жетім бала, жесір қатын, шал-кемпір көзінің жасы көл болып, жұртта қалған ботадай боздады, етінен өзге тамақ марттағыдай тапшыланды, жұттағыдай жоғалды, базардан алатын пұл да азайып дөң асты. Сом да елу тиын болды. Темір жолмен соғысқа әскер тасып, ел жаяу да қалды. Майданда патша әскерлері жығылады да жатады, жау басынан күш алады да отырады. Патша әскері жаудың алдында борандаған қойдай ықты да бұрын алған Галисия жерінен Пермшіл, Ілбін қорғандарының ат-тонын ала қашты. Поляк жерін де тастап қашты. Майдандағы шексіз жерде шабылмаған ел, талқандалмаған қора-қоныс қалмады, елі жетім де, жесір де қайыршы да болды. Жүз мың босқын қорғалуға бұта да таппай, ішуге сусын, жеуге дәм таппай құтырған иттей сандалды. Патша соғысының қарғыс атқан күні туды.
Немістің қардай боран, желдей ескені, орысқа қасқырдай шауып, тулақтай сүйреп, қойдай айдап, жүндей сабағаны, түріктің дінім деп атқа мінгені алашқа да келіп жетеді. Ұзынқұлақ өтірікті шындықтай еседі. Патша соғысқа тағы да ат алады деп ұзынқұлақ Сарыарқаға жайылып кетеді. Атты арзанға сатып та, тартып та алады деседі. Қазақ, қырғыздың малын теміржолдың арбасына тиеп, судай ағызып тасида де кетеді. Немістің теңдей оқты зеңбірегі, әуедегі уы да алашқа келіп, жетті. Татар, башқұртты соғысқа айдаған патша- қазақ, қырғызды да соғысқа салды. Бөтен деп бізді алдына шеп қылып ұстайды деп ұзынқұлақ бақыр соғады. Қазақ, қырғыз майданда қырылып қалады, алаштың жайы да адыра қалды, қойға көзін сүзген қасқырдай қазақ жерін аңдыған егінші орыс бос қалған қазақ, қырғыздың жерін үлеске алады деп ұзынқұлақ бақыр соғады. Сонда Нарманбет ақын «Сарыарқаны» жырлайды:
Сарыарқа сарқыраған суың қайда!?
Күндіз мұнар, түнде шық буың қайды!?
Нажағай сарт -сұрт етіп нөсер құйған,
Көк жасыл кемпір қосақ туың қайда!?
Көк майса, көк орай шалғын шөбің қайда!?
Көк қасқа кетігі жоқ түбі майда,
Қызғалдақ, қызыл-жасыл көк балдырған,
Балауса бала тайған бар ма сайда!?
Толқыны толықсыған көлің қайда!?
Атта жал, түйеде қом, қойда шұрай.
Тұлыптай желі толған құлын қайда!?
Қалмады Сарыарқада енді қызық
Сандал тау, сары өлкені алды мұжық;
Қолыңнан келерде жоқ, өнер де жоқ,
Баласы байғұс, алаш, қалдың мыжып! . . .
Әлі де болмадың ба, халқым мыжып?
Жұлын сау омыртқаны қойды мүжіп! . . .
Жолым тар жолбарыстан, қаупым қатты,
Айтуға мүмкін емес бәрін теріп,
Таппадық Сарыарқаны неше жүз жыл,
Байы жоқ, баласы жоқ сонда да тұл,
Ерініп еңбек қылмай, егін салмай,
Қала салған халыққа боласың құл! . . .
Кең дала кеткенің бе кер бетеге!?
Суырдай іннен шыққан сүмірейіп,
Дариға-ай, мекенінен ел кете ме!?
Соғыстан қанша жыл бұрын -ақ патша үкіметінің қазақ, қырғыз әкесін өлтірген бе? Алаштың баласына қанқұйлы жау болған патшаның қызметшісі төрелер параны жатып та, тұрып та алған. Қазақ, қырғыз төрелердің сүндет аты байлаулы бұзауы, сауылатын сауыны болған Алаштың жайында қара топырақ қау жер болса, аққан өзен, шалқар көл, тұщы құдық, мөлдір бұлақ, жайлы, жарық тоғайлы орман болса, майлы ет біздің орыстың сыбағасы деп отаршыл орысқа тартып әперген. Кірін жуып, кіндік кескен жерінен неше жүз жыл ата бабасын қойған ұлтынан, Сарыарқаның тұщы су, кер бетеге қауынан құлан, киік жайлаған шөме, ащы су, сорға қазақ, қырғызды қуған; тоған қазып байлаған суды, алма баққан бақты, жоңышқа еккен жайды, салулы қораны, егісті ішкі Ресейден келген орысқа тартып алып берген. Ресейде жердің бәрі байлардың, алпауыттардың қолында болған. Жерсіз мұжық алпауыттың қолындағы жерді тартып алмақ болып, неше қабат бас көтерген. Алпауыттың өзін айдап, өлтіріп жерін тартып алып, отанын жағып жібере бастаған. Міне, осы қауіп-қатерден байларды, алпауыттарды сақтап алып қалмақшы болып патша үкіметі ішкі Ресейдегі мұжықты қазақ қырғыз жеріне қойдай айдаған.
Соғысқа дейінгі орыстың егіншісі қазақ, қырғыздың жерінен таңдап 25 миллион десе жер алған. 1913 жылы жалғыз Жетісудан егніші орыс 4 миллион десе жер алған. Бақ та, жоңышқа да, өзен де, тоған да, жайлау да осы алған жердің ішінде кеткен. Келімсек орысты қазақ, қырғыздың мойнына артып берген. Алаштың баласы иттей ұлып, шөлде қалған. Жерім кетті деп қазақ арыз қылса, дала уалаятының жанаралы Шмидт : «Қазақ, қырғыз Шыңғыс хан мен Ақсақ Темірдің елі, бұларға Америкаға қызыл теріге қылғанды қцылса обал жоқ» - деп соққан. Америкада қызыл тері - сондағы жер иесі ел. Америкалықтар олардың жерін, өздерін аңдай атып тастап жерін тартып алған. Марков - патшаның сүйген табының жігіті; қазақ, қырғызға осыны қылмақ болған. Өз жерінде төресіне құлақ кесті құл, егінші орыс біздің жерге келіп, жер сауырсынын иеленіп, орыстар төреге, өз үкіметіне сүйеніп, қазақ, қырғызға кешегі құл би болған. Қазақ, қырғыз атар таңнан шығар күннен күдер үзген. Келімсек орыс байып, өрге өрлеген. Жақсы жер де, бай тұрмыс та, қазақ, қырғыздың жерінде деп Ресейден қалған аш егіншілерді хабарландырып, олар шегірткедей, қазақ, қырғыздың жері қайсысың деп ағылған. Қазақ, қырғыздың болыстары, қулары пайда қыла қоям деп елдің жерін келімсек орысқа жалдаған. Келер жыл қазақ, қырғыздың осы жері артық деп жалдама жерді алдымен келімсекке алып берген. Елді сатқын, қарғыс атқан қулар патша үкіметімен, келімсек орыспен таяқты қазақ қырғыздың арқасында бірге соққан, елін, жерін сатып жүзі қараның тонын киген.
Кедейшілік күн санап өскен. Соғыс басталған кезде бүкіл қырғыздың екі бөлегі кедей еді. Орта шаруа күннен күнге кемиді. Шаруасы күшті әрбір бөлегі аяққа басып, өзіне жол салып, байларға қосылды. Қалғаны бөліп-жарып барлы-жоғынан айрылып, кедейдің санын көбейтті.
Патша үкіметі соғыста таяқ жеп, көп ит талаған көк ит қалпын түсіп, елден жірдем жиған. Қызыл крестке ақша керек екен. Жер сатып жүзі қап-қара болғандарды беліне түйген, қарғыс атқан қулар қазақ, қырғыздан қызыл крестке деп ақша жиған, өстіп қазақ, қырғыздан қулары көттақы болған. Елдің арқасын ершік, төсін айыл қиған. Орыс бар, қазақ, қырғыздың қарғыс атқаны бар елді осымен ығыр қылған.
Соңғы патшаның 25 июньде 1916 жылғы жарлығы шыққан. Түстігіне Хантеңгеріден, Арқада Тобылға дейін, Батыста Астраханнан, Шығыста Алтайға дейін үйінен өрт шыққандай алаштың ұлы қозғалады. Ерлері ұйқы да, дамыл да көрмей қала барып, дала барып, тоқым кеппей жортады. Кей ел Сарыарқаны тастап аумақ та болады. Қарқаралы уезінде Баканастан Қожакелді керей - Қытайдағы Абақ керей барам деп ауады. Текеде, Қостанайда, Атбасарда, Қарқаралыда ел болыстарын сабайды, жарады, өлтіреді. Патшаның жарлығын болыстардан көреді, елді орысқа жердей сатқан аендер дейді. Қазақ, қырғызбен бірге өзбек, түркпен, тәжіктер де бас көтереді. Астрахань губерниясындағы қалмақ пен Түстік Кавказдағы қайсыбір майда ұлттар да көтеріліске қосылады. Үкімет те қарап жатпайды. Қазақ патшаға қарсы атқа мінде деп әуез шығарып, әскер алып, елді басып алам деп, Сарыарқада, Ақмолада, Семейде, Текеде, Торғайда, Жетісуда жанаралдар, әскер басы төрелер шығады. Қарусыз елді қойдай айдап, жердей таптап, жаудай тонайды. Жарасына пышақ тиген қазақ, қырғыз атқа мінеді. Патшаның әскері немістен гөрі қарусыз қазақ, қырғызбен соғысқанды сүйеді. Жызақ деген өзбек қаласын жермен жексен етеді. Қырғыз ауып, Алай асып Күншығыс Түркстан өтеді. Келімсек орыс үкіметінің әскеріне қосылып, босқан қырғызды шабысады. Қырғыз да ұпайын жібермей орыстың қаласын өртеп, қызын, қатынын ат көтіне салады, ерлерін бауыздап, қаласын өртейді. Ақмолада елге жанарал көшірі - Масальский шығады, қазақ ауылын таптайды, талайды, атып өлтіреді, оған қарсы қазақ та атқа мінеді. Жанарал әскерімен Омбыға қайта қашады. Әскер жүзден шығып аралайды. Ақтөбеде төрелер автомобилін тастап қашады. Қысқа қарсы Торғай елі Әбдіғапарды хан сайлап, патшаға қарсы соғыс ашады. Батыстағы қан жаусыз соғыстан қашқан орыстың соққаны қазақпен соғысуға жерік болады. Қазақпен соғыспайды, қазақ жерінде соғыс бітіп қалса, өздерін сол күні неміске қарсы айдайтынын біледі де, қазақ елінде момын елді шауып соғысып жатырмыз деп жүре береді. Келімсектер патша әскеріне қосылады, қазақты бірге шабысады, қазақ та келімсекке өштеседі, малын қуып алады, өзін де бұта түбінде бауыздап кетеді, келімсектер пішеніне, егініне әскер ертіп баратын болады. Петроград жігіт алуды 15 сентябрьге қалдырады. Патшаның әскері Ақмолада 42, Баянауылда 20, Атбасарда 100 қазақты атып өлтіреді. Өзін өлтіріп, малын қазыфнаға алады. Тарбағатай, Алтай найманы көрші Қытайға ауады. Ауған елді бөгеуге әскер шығады. Ел мұнымен соғыса кетеді. Патшаның әскерімен әдейілеп соғысқан Түркістандағы қырғыз болады. Қырғыздар патшаның әскері қолданған жолды, көлді, телеграфты талқандайды. Аттанып келіп келімсектердің қаласын шабады. Ұсталар жиылып, қару-жарақ соғады. Қарақұлға баратын телеграмды тілсіз қылып, Белебұт қаласының орыстарын бауыздайды. Зағұрда приставты байлайды, ол ерткен бар әскерді жерлейді. Ағызда Жаркент уезіндегі Қарқара мен Ұқып арасындағы келімсектің бар қаласын шауып, өртеп, адамын қырып, әйелін ат көтіне салады. Қырғыз Қарақұлды қамайды, патшаның әскері әзер-әзер өлдім-иалдым деп күшін қорғап қалады. Келімсектердің Мари, Иван қалалары жермен жексен болады, қырғыз көлін шашады, адамын бауыздайды. Клюзевке қаласында 650 орыстан 35-ақ қалады. Қарақұлда қырғыз 24 казак-орысты бауыздайды. Әулиеата, Қазалы уезіндегі казак-орыстың төрелерін де бауыздайды. Әскерге де қасқырдай шабады, темір жолдың бекетіне де соқтығады. Кісі өқлтіріп, ұстап әкетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz