Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы


Жоспар.
І. Кіріспе . . . 1. 3
ІІ. Негізгі бөлім . . .
І. Тарау. Қазақстан Ресей империясының құрамында . . .
1. 1 XVIII - XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша тарихнама және деректемелер . . . 4. 11
1. 2. Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы . . . 12. 19
ІІ-тарау, 1824 жылғы Орынбор қазақтары жөніндегі Ереженің шығу.
2. 1. 1822-24 ж. ж. Орынбор қырғыздары туралы Ереженің мақсаты мен орындалуы . . . 20. 28
2. 2. 1222-24 ж. ж. Орынбор қырғыздары туралы Ереженің орындалуы мен қорытынды нәтижесі . . . 29. 32
ІІІ. Қорытынды . . . 33. 34
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35
1. 1. XVIIІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан тарихы бойынша
тарихнама және деректемелер.
XVIIІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақтан тарихы алуан тағдырлы сипаттағы оқиғалар толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық назарлығының тұтануына елінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.
Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халықтары аталатындай жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы, тоталитарризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIIІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей дінінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы тарихының ең көкейкесті қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының бұл мәселеге Қазақстанның Ресейге қосылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. Әрине, тәуелсіздік жағдайында деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар басына күн туған зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған қазақ жерлеріне бекіністер салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспарларын дипломатиялық әрекеттермен, әскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді.
Қазақстан тарихы жөніндегі қорытушы еңбектерде империяның шығыстағы саясатының әскери-стратегиялық мәні қазақ хандықтарының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға бағытталған әрекет деп түсіндірілді.
Империяның отаршылдық саясатына, И. Д. Бухгальцтің, И. М. Лихаревтің, П. Ступиннің және басқаларының әскери -барлау экспедицияларына «бейбіт» сипат беру үшін ұзақ уақыт басы олар «ғылыми, танымдық мақсаттарда ғана жүргізілген деп пайымдалып келді. И. Д. Бухгальцтің және басқа да экспедиция басшыларының бекіністер салуы жөнінде басымдарда оны орыстар иесіз жатқан жерлерде жүргізді деген аңыз таратылған.
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге қослыуы тұрғысынан пайымдалды.
Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағынан да, саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек ғана сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтан болды деп санады. Басқа біреулері отаршылдардың мүдделерін жақтап, патша өкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақ халқына қатысты құқықтары мен міндеттерін іздеп жабуға тырысты. Олар империялық идеяларды ашықтан-ашық уағыздап, байырғы халықты тек ғана жабайылар деп білді, сөйтіп олардың сан ғасырлар созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді. Біздің Орта Азия жерлерін алуымыз есте де оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген бірғана қарбалас құлшыныспен жасалған жоқ деп баяндалады ресми құжаттарда. Біз Шығысқа өркениеттің болмай қоймайтын табиғи заңымен беттеп барамыз: білімді халық жабайлармен ешқашанда қатар өмір сүре алмаған және алғашқылары қосында күш-қуаты барын сезінсе, соңғыларына олардың арасында мемлекет пен қоғам туралы жалпы азаматтық ұғымдарды сіңіру үшін жол салушылар деп санау керек екені даусыз.
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық ойлауды және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келді. Ресей сол кезде де, кейін де сөздің толық мағынасында қандай отарлар алып, иеленді деген ең қарапайым сұраққа жауап қайтарып көрңізідерші деп сұрайды тарихшы В. Виноградов пен Ресей сыртқы істер министрлігі тарихи дипломатиялық басқармасы бастығының орынбасары И. Р. Филатов.
Қазақстанның Ресейге қосылуының жекелеген мәселелері жөнінде қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және олардың пікірлестері өз ойларын айтқан. Ш. Уәлиханов кейбір ресейліктердің қазақ көшпелері туралы «мал сияқты тұрпайы варварлар» деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске шығарды. Біздің әдеттен тыс жобайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір, деп жазды ол, қырғыз қайсақ деген сөздің ауыз екі варваризіміне ғана негізделген.
ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы қарулы күрес сәтсіздікке ұшырап, Қазақстан империяның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бір бөлігіне айналған, империя ауқымды шабуылға шығып, шет аймақ халықтарын орыстандыру жүріп жатқан кезде ұлттық прогресшіл көреген қайраткерлері тауқыметтің ең ауыры туған халқының ағарту ісін өз мойындарына алуға мәжбүр болды.
Ә. Бөкейханов еңбектерінің XVIIІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихын бағалау үшін де маңызы баға жеткісіз. Ол былай деп жазды: «XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап солтүтіктен жаңа халық - славяндар келе бастады; олардың мәдениеті сол кездегі Қырғыз өлкесі билеушілерінің мәдениетінен жоғары болатын, сондықтан жергілікті халық өз өлкесіндегі үстемдікті келімсектерге беруге тиіс болды. Орыстардың өлкені отарлауын Ә. Бөкейханов екі кезеңге: мұнда ерікті отарлаушылардың пайда болуына және олардың ізімен үкімет жасақтарының келе бастауына бөледі.
Қайшылыққа толы әрі қазақ халқына өте ауыр тиген Қазақстанды отарлау болған үрдісі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Казак отаршылдығын зерттеуге алғаш назар аударғандардың бірі П. Г. Галузо болды. Оның еңбектеріндегі негізгі мәселелер мыналар: Жетісу Казактарының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері «Казактардың жер игеруінің дамуы, Казактардың жең игеру және егістік алқабының көлемі бойынша жіктелуі, статисиялардағы қанау нысандары жатады. Бұл мәселелерді зерттеу едәуір көп статистикалық және мұрағаттық материалдарға ғана емес, сонымен қатар Н. З. Леденов, М. Хорошкин, Ф. М. Стариков, А. Кауфман т. б. еңбектері негізделген. П. Т. Галузадан кейін, 35 жылға шекті казактар мәселесі ғалымдар назарын аудармай келді, тек соңғы жылдарда, қазіргі демографиялық мәселелерге және қайтадан көкейкестілік сипат алды. Көптеген жарияланымдар арасынан біз екі еңбекке: М. Әбдіровтің «Қазақстан казактарының тарихы», және Г. Б. Митропольскаяның «Жетісу казактары тарихынан» деген еңбектерңне тоқтап өтуге болады. М. Әбдіров өзінің алдына: қазақ даласына алғашқы орыс қазақтарының келу уақытын, өлкедегі отаршылдық үстемдік жүйесінде казактардың алатын орнын, казактардың Қазақстанды жаулап алуға және қазақ халқының XVIIІ-ХІХ ғасырлардағы ұлтазаттық көтерілістерімен қозғалыстарын қазақтарының басып жаныштауда атқарған рөлін анықтауды міндет етіп қойған. Мәселесінің бұлайша қойылуы патшалық Ресейдің он бір казак әскери жасағының төртеуі, Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу казак әскери жасақтарының тікелей Қазақстанда орналасуына байланысты.
ХІХ ғасырлардағы Қазақ қоғамының әлеуметтік - экономикалық және демографиялық тарихы проблемаларын зерттеу.
Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық, саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты. Аудандардың экономикалық тұрғыдан әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға анық оның міндеттер қойылып, И. К. Кириллов бастаған алғашқы мекемелердің бірі 1974 жылы құрылды. Ол Орынбор экспедициясы деп аталды. Оған қатысушылардың есептері XVIIІ ғасыр тарихы бойынша аса құнды деректер сөзі боп табылады.
ХІХ -ғасырдың бойындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәлеметтер А. И. Левшинде бар, ол 2, 5 миллион үш млн-ға дейінгі цифрды келтіреді. ХІХ ғасырда бұл мәселелермен статистикалық комиттердің қатысушылары Сібір ведомствасы бойынша М. Красовский, Орта жүз бойынша М. Кузмензкий, Бөкей ордасы бойынша Я. Каныков, Кіші жүз бойынша - И. Бларамберг, Сібір ведомосы мен Орта жүз ведомоствасы мен Орта жүз бойынша, сондай-ақ Томск және Тобыл губерниялары мен басқа жерлерде көшіп жүретін қазақтар бойынша Ю. А. Гагемейстер арнайы айналысты.
Жаңадан иеленген аумақты мекендейтін халықтың тарихы мен сол кездегі жай-күйіне деген ынта-ықылас қазақтар туралы жалпы еңбектердің пайда болғанын көрсетеді. С. Броневский, В. Вельяминов Зернов, А. Гейнс, В. Григорьев, Л. Меиер, Н. Зеланд, П. Румянцев және тағы басқалардың еңбектері солардың қатарына жатады.
Қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құлымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет- кұрпынан бастап алуыан түрлі мәліметтер бар жалпы еңбектермен қатар қазақ қоғамының саяси, экономикалық, құқықтық жақтары мен мәдениетінің түрлі тақырыптарының жекелеген мәселелерін арнайы және тереңдетіп көрсететін еңбектер де аз емес. Олардың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар ауқымы қазақ халқына деген ынта-ықыласты және ол жөнінде көбірек те кеңірек білуге құштарлықты көрсетеді. ХІХ-ғасырдағы тарихнаманың тағы бір айтулы ерекшелігі Қазақстан туралы басылымдарға қазақ қоғамы өмірінің әртүрлі жақтары туралы назар аударарлық материал жариялаған қазақ зиялылары өкілдерінің тартылуы болды.
XVIIІ- ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша үкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822-24 жылдары «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, Ал Кіші жүзде дицтансиялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 1867-1868 жылдардағы Уақытша Ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді.
XVIIІ-ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы жөнінде тарихи деректемелердің ауқымы кең, оларда Қазақстанның және онымен көрші мемлекеттердің аумағында болған тарихи оқиғалар мен фактілерді көрсететін ақпарат бар. Бұл деректемелер өзінің түрі мен мазмұны жағынан алуан сипатта. Олар жазбаша, ауызша және заттай тарих деректемелерітүрінде болып келеді. Жазбаша және заттай деректемелердің көпшілік бөлігі зерттеушілердің назарын аударып, ғылыми айналымға еңгізілді. Мысал келтірсек 1731 жылдан бастап Қазақстанның Ресейге қосылуы үрдісімен тікелей байланысты материалдар, негізінен алғанда патша Үкіметінің заң актілері, Қазақ даласында болып кеткен ресми адамдардың хабарламалары және лауазымды адамдар, ақсақалдар, билер жазған құжаттар. Бұл жинақтың материалдары мынадай бөлімдер бойынша жүйеленген: Қазақстан Ресейге қосылған кезден бастап қазақ хандары мен патша үкіметінің өзара қатынастары: шекаралық соттар мен жазалаудың ұйымдастырылуы; ХІХ - ғасырдың 60-шы жылдарындағы реформаларға дейін Сібір ведомствасының қазақтарын басқару: 1867 жылдан бастап Жетісу және Сырдария облыстарын басқару: 1868 жылдан бастап Жетісу және Сырдария облыстарын басқару; 1868 жылдан бастап Түркістан өлкесін басқару; 1891 жылдан бастап Дала генерал-губернаторлығын басқару. Сонымен бұл жинақтарда 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы, 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже, 1867-68 жылдардағы Уақытша ережелер, 1886 және 1891 жылдарындағы ережелер бар.
Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру үрдісінің тарихнамасы өзінің өрістеу барысында ұзақ және мейнінше күрделі жолдардан өтті. Соған қарамастан, осы күрделі мәселеге қызығушылық пен ықылас білдіру мүлдем азайған жоқ, керісінше Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері кең етек ала түсті.
Орыс тарихнамасында кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодан болуының үш негізгі себептері ерекшеленеді: сыртқы саяси себеп, ішкі саясаттағы келіспеушілік, Әбілхайыр ханның жеке мүддесі Қазақтардың бодандыққа өтілуінің алғашқы он жылының нақтылы сипаттамасы барлық еңбектерде тізбеленіп, әсіресе Әбілхайыр хан Абылай хандардың тарихи рольдері баса көрсетіледі.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектерінде отарлау саясатына баға беруде сын көзбен қарау орын алып, көбінесе қазақтардың Ресейге бас ұруының мәжбүрліктен туындағаны аталып өтіледі. 30 жылдардағы қосылу туралы зерттеулерде шексіз жауыздық тұжырамдамасы жарыққа шықты. Зерттеушілер патша үкіметінің Қазақстанды жаулап алғанын, мерейімсіз отарлау саясатын және оның кері зардаптарын атап көрсетеді. Алайда бұл мәселелер жеткілікті деңгейде терең зерттелмеген. Бұл тұжырымдаманы қалыптастыруға, негізінен сол жылдардағы орын алған таптық көзқарас әсер еткен.
1990 жылдардың басында Қазақстанның Ресей құрамына кіру мәселесінің тарихнамасында екі түрлі көзқарас қалыптасады: тек қана жаулап алу және бастапқы кезде бодамдықты ерікті түрде қабылдау, одан соң әскери күштің көмегімен қосып алу.
Сонымен, Қазастанның Ресейге қосылуы әрқашан тарих ғылымының басты назарында тұрды. Әр кезең тарихшыларының осы үдеріске орай өзіне тән көзқарасы мен бағасы болды. Тұжырымдалық көзқарасқа идеологиялық факторлар да ықпал жасады. Әрине бұл мәселенің тарихнамасына шынайы талдау жасау үшін оны да ескеру керек. Қосылу туралы тұжырымдаманы білу оның зертелуі қазақ қоғамының тарихын нақты қалпына келтіру үшін қажет. Бұл мәселеге байланысты жасалған тарихнамалық шолу алты негізгі тұжырымдамалық көзқарасты атап көрсетуге мүмкіндік берді.
XVIIІ-ХІХ ғасырдың басындағы орыс зерттеушілерінің қосылу тұжырымдамасы, шексіз жауыздық, яғни формуласы пайдаланылған тұжырымдама, ең аз жауыздық теориясы, қосылудың тарихи себептерден туындауы, өз еркімен қосылу және оның прогрессивтік маңызы, бастапқы кезде бодандықты ерікті түрде қабылдау, одан соң әскери күтің яғни әскери бекіністердің, күштердің көмегімен қосып алу еді. Сонымен Ресейге бас ұрудың себептері бодандықты қабылдаудың барысы және сипаты, отарлық саясат, хандардың рөліне қатысты, қосылудың зардаптры болып табылады.
1. 2 Ресейдің империясының Қазақстан жерлерін отарлауы.
ХVІІІ- ХІХ ғасырларда Ресей І-ші Петр жүргізген реформалар мен өзгерістердің жемісін тата бастады. Соңғы жылдарда І Петр реформаларының орны мен маңыздылығыны туралы пікір сайысы өріс алды. Бірақ Ресейдің ішкі өміріндегі бір нәрсе мемлекеттілік пен оның идеяларының жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі айқындала түсті. Өз кезегінде, Ресей мемлекеттігі идеяларының орыс қоғамының барлық топтарына кеңінен енуі бұл идеяларды Ресей мемлекеттік кеңейту тұжырымдамасы етіп кең көлемде жаңғыртуға және оның идеологиясының жақын жатқан Қазақстан аймақтарына енуіне әкеп соқтырды. тарихшылар Ресейдің орталығындағы ірі экономикалық немесе саяси сілкіністің жағдайы болсын қоныстандырудың жаңа толқынына әкеп соққанын атап өтті. Ал, халықтың қалың бұқарасын қоныс аудару үшін жаңа үлкен аумақтар, керек болды. Алайда ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарының орта шенінен бастап Ресей мемлекеті қазақтардың жеріне де, империясының бодандары ретінде қазақтардың өздеріне де орыс мемлекеттілігі идеологиясы тұрғысында көз тіге бастады. Өлкенің әрбір әкімшісі Ресей империясының толық және шексіз билігіне көшкен жерді ұлғайта түсуге өз үлесін қосуға ұмтылады.
ХVІІІ ғасырдың ІІ ширегі мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегінлде қазақ қауымының құрылымдарының ең көп бөлігі аймақтың оңтүстік және солтүстік- шығыс жақтарында шоғырланған. Ұлы жүз қазақтарының қысқы жайылымдары Оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарында, Мойынқұмда, Іле, Шу және Талас өзендерінің аңғарларында, ол жазғы жайлауы ТЯнь-Шань мен Қаратау жотасының солтүстік жерлеріне орналасты. Аймақтың оңтүстігінде Ұлы жүздің көшіп-қонатын өңірі Ташкент қаласы мен оған қапсарлас жатқан қалаларды және отырықшылық-егіншілік қыстақтарды қоса алғанда, Ферғана алқабының солтүстік-батыс бөлігіне дейін жетіп, Шыршық және Арыс өзендерінің аңғарларына дейін созылып жатты және Сырдария маңында Бұқара хандығымен шектері Орта жүз қазақтары қоныстанған аудандармен тікелей ұласты. Орта жүз қазақтары ол кезеңде Солтүстік-шығыс, орталық, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның кең байтақ кеңістігін алып жатты, олардың шекаралары оңтүстігінде Сарысу өзенін және Шу өзенінің төменгі ағысын бойлай Сырдарияның төменгі ағысына қарай өтті, Жоңғар хандығымен солтүстікке қарай созылып, сол учаскеде Кіі жүздің шығыс қоныстарына ұштасты; одан әрі Тобыл салаларын Үлкен Торғай өзенін және Торғайдың жоғарғы ағясындағы қоныстармен шектесті. Солтүстігінде олар Нұра мен Есілдің жоғарғы ағысына қарай, Есіл бойы даласымен Ертіс бағытында, ал шығысында Ертісті бойлай Ямышев көліне дейін жалғасып, Тобыл-Ертіс өзендерінің аралығында орыс қоныс аударушыларының поселкелерімен, сібір қазақтарының станцияларымен және бараба татарларының қоныстарымен тоғысты.
Кіші жүздің жері қазіргі Батыс Қазақстан аумағында орналасып, шығысында орта жүздің қоныстарына, ал оңтүстігінде Қарақұм құмдарына қарай және Сырдарияның төменгі ағыстарына дейін қарақалпақтардың қоныстарына сондай-ақ Түркістан қаласы аймағына қарай созылып барып, онда Ұлы жүз бен Орта жүз тайпаларымен шектесті. Оның жазғы дайлаулар Үстүрт жазығында, сондай-ақ Ор, Жайық, Елек, Желе, Темір өзендерінің салалары бойында мұлғалжар тауы аймағында, ал қысқы қыстаулары - Ырғыз өзені, оның салалары ауқымында, Сырдарияның төменгі ағысын бойлай, Ырғыз бассейінінің оңтүстік жағындаАрал теңізінен батысқа қарай Маңғыстау түбегінде, Атырау алқабында, Нарын құмдарында орналасты. Орта жүз Орталық Қазақстанды алып жатты. Оның жазғы жайлаулары мен қысқы қыстаулары Сарысу өзенінің бойында, Ұлытау мен оғанжапсарлас жатқан көлдер аумағында болатын. Батысында олар Еділ қалмақтары қоныстанған өңірмен шектесті, ол солтүстігінде - Ырғыз, Ор және Елек өзендерінің орта ағысы алқаптарында - олардың Ноғай жолының башқұрттарымен шекарасы өтті.
Осындай ірі әрі үлкен маңызды Қазақ жерлеріне көрші орыстардың да қызығушылығын туғызып отырды. Көрші мемлекеттердің бір-біріне көздерінің сұғын сұғып, жеріне, байлығына қызығатын, әсіресе жұртын бағынышщты, тәуелді етіп, оның еңбегін қанап-соруды ойлаған арам пиғыл-ниеті қай заманда да болғанын тарихтан білеміз. Әсіресе, дамып жатқан ұлан-ғайыр сахарасы, сұлу да байлығы тұнып тұрған қазақ өлкесіне әмісе көз тастап, қалай соны иеленудің жол-жөнін ойлаған мемлекет аз болған жоқ. Кішігірім - өз алдына, ал екі үлкен мемлекеттің Ресей мен Қытайдың үкіметтері әмісе мазалануда болды. Қазақ халқының басшыларын осы екі жақтан болған қыспақ әрі сескендірді, әрі олармен қарым-қатынасты қалай жасау керектігі қатты ойландырды. Алайда, құтыла алмады. Құрған торға түсіп, қалай шырмалды, міне осыны білу, ескеру тәуелсіздік алған қазақ халқына бүгінде, келешекте де сабақ алу үшін, қорытынды шығару үшін аса қажет-ақ.
Ресей патшалығы 1556 жылы Астрахань қаласын жаулап алып, Еділ өзенінің бойын иемденіп, бекіністер салып, қазақ әскерлерін қаптатып, 1711 жылы Ертіс жағалауында Ишимская линия деп аталатын шеп жасап, басқа да әрекеттерді іске асырған соң оның араны бұрын ғыдан әрмен ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz