Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі.
1. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
1. 2 Кәмелетке толмағандарға тағылатын жаза түрлері
1. 3 Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау
2 Қылмыс және жауапкершілік
2. 1 Кәмелетке толмағандарды жауаптылықтан, жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
2. 2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бүрын босату. Соттылық және оның жойылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кезінде нарық заманының нар белін қайыстырған қиыншылықтарына кезіктік, уақыт өзгеріп, ұрпақ ауысты дедік, әйтеуірміздің ертеңгі болашағынан саналынатын жастар тәрбиесін уыстан шығарып алғанымызды күні бүгіндері кеш аңғарып отырмыз. Қазір сол одақ тұсындағы қуатты жастар қозғаласын қанша жерден қалпына келтіреміз деп талпынғанмызбен ісіміз ілгерілемей шатқаяқтап келеді. Жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да тетіктері толық іске қосылмай, бір кездері өзара сабақтасып жатқан мектеп пен отбасы және қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстың әлсіреп, аққудың көкке шортанның көлге тартқанындай берекесіздіктің үстемдік құрып тұрған жағдайы бар. Сонымен соңғы жылдары патриотизм мен отан сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине, оның түпкі себебін бір ауыз сөзбенен түсіндіріп беру қиын мәселе.
Қалың жұртқа белгілісі еліміздегі әлеуметтік жағдайлардың төмендігі, тұрмыстық ахуал мен күнкөрістің жүдеулігі, ертеңгі күнге деген сенімнің жоқтығы секілді тағы да басқа толып жатқан объективті, субъективті себептердің қамқорлық пен тәлім тәрбиеден тыс қалған жастар қауымын түзу жолдан тайдырып, теріс әрекеттерге баруына тікелей әсерін тигізіп жатқандығы ғана. Соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық отбасы, ошақ қасындағы тентектіктен асып түсіп, кісі өлтіру, әйел зорлау, денеге ауыр жарақат салу, ашықтан ашық адам тонау, есірткі заттарын сақтау тәрізді кәнігі қылмыскерлермен жасалынатын ауыр қылмыстарға ұласып отыр.
Бүгінгі жастар мәселесі тәртіп бұзып, шалыс басқан жас ұрпақтың бүгінгі қиын тағдырымен тек қүқық қорғау органдары ғана бетпе бет қалып отыр.
Қалай десеңізде білім ошақтары тәртібі " қиын " деп шетке шығарып тастаған мінез құлқы әртүрлі кәмелетке жасы толмағандармен қоян-қолтық жұмыс жүргізу оңай емес. Миллионннан аса тұрғыны бар қаладағы балаларға қатысты қыруар іспен бар болғаны 66 инспектор айналысады дегенге сенесіз бе ? Алайда ақиқат шындық осындай. Заң бойынша бір инспектор өз аймағындағы 4000 баламен жұмыс жүргізуі тиіс болса, бұл көрсеткіш көп жағдайда негізгі мүмкіндіктен асып түсіп, 5000-6000 мыңнан айналып кетеді екен.
"Бала болашағымыз" деп жиі айтамыз, ал сол кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс жасаушылық бүгінгі күнде аз кездеспейді. Балалар бұзақылық жолға қалай түседі, оның себептері қылмыстары түрлері қандай деген сан-сауал көлденең дейді.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу кешенді қимылдауы талап етеді.
Мәселен, қалалық ішкі істер бөлімінің жанындағы жасы кәмелетке толмағандар іс жөніндегі полицияның басты міндеті, біріншіден, тұрмыс тіршілігінде қолайсыз жағдайлар қалыптасып, бала тәрбиесі бетімен жіберілген отбасын анықтап, олармен мақсатты жұмыс жүргізу екіншіден, қиын балаларға қылмыс жасатпауға күш салып, алдын-алып, ата-аналарымен бірге қимылдау болып табылады.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауына әр-түрлі жағдайлар себеп болады. Айталық, отбасының тұрмыс тіршілігі, яғни күнкөріс қамымен базарда жүріп, баласына, күнделікті немен шүғылданып жүргеніне мән бере қоймайды. Оның үстіне кәмелетке толмаған баланы қадағалауға міндеті мектептің де, мұ-ғалімдердің де тарапынан бақылау төмен. Рас, тәрбие жұмыстары соңғы кездері қолға алына бастады. Бірақ кезінде арқауы босап кеткен нәрсені бірден қалыпына келтіре қою оңай шаруа емес. Бүгінде жастар тәрбиесінде тағы бір үлкен проблема туындап отыр, ол есірткімен күрес екендігі белгілі. Өкінішке орай бұл кесел кейінгі кезде күрт өсуде.
Жасөспірімдердің кез-келген уақытта жүріп тұруы ата-аналардың қараусыз қалдыруы, түнде тоналып немесе соққыға жығылуға әкеп соқтыруы әбден мүмкін.
Бұрын жастар жөніндегі комитет үлкен қызмет жасайтын, қазір олай деп айта алмаймыз. Оның басты себебі қаржыландыру мәселесінің дүрыс шешілмеуінен деп ойлаймын. Бұрын жасөспірімдер тәрбиесімен октябрят, пионер, комсомол сияқты қоғамдық ұйымдар айналысса, қазір соның орны үңірейіп бос тұр. Өйткені, ондай қүрылымдарды басқа нысанда алмастыратын ұйымдар әзірге жоқ. Жасөспірімдердің мүдделерін қорғайтын мұндай ұйым міндетті түрде болуы керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27- бабына сәйкес елімізде " Неке және отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы, әрі парызы ".
Бұл-басты қағида. Алайда жеке адамның өмірі, кейде тек сол негізгі заңда жазылған қағидаларға сәйкес келе бермейді. Ұрпақты өмірге келтіргенмен, оны өсіріп тәрбиелемек түгілі, өзінің қара басын алып жүре алмайтын ата-аналардың бары ащы шындық. Мүндайда мемлекет конституциялық міндеттемесін атқаруға кіріседі.
Азғындық жолға түсіп, балаларды тағдыр тәлкегіне салған ересектерді ата-ана құқығынан сот арқылы айырып, баланы заңды түрде туысқандарының тәрбиесіне көшіруге, немесе мемлекеттік қамқоршылық органдарының қарамағына алуға тура келеді. Прокуратураның жұмыс ауқымы ұлғая түсуде. Мұны өмірдің өзі солай талап етіп отыр. Өйткені, қызметтің қай саласы болсын күнделікті қалыппен тыныс-тіршілігін жалғастырумен қатар заңның бұзылуына, алға қойған нақты талаптардың орындалмауына жол беріп отыр. Прокуратура органдары осындай осал тұстардың тамырын басып, кем-кетігін айқара ашып, заңдылықты бұзудың жолын кесуге бағытталған игі шараларды тиянақты жүзеге асырып келеді.
1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі.
1. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
Бұл күнде кәмелеттік жасқа толмағандар да көптеген қылмыстар жасайды. Кісі өлтіру, әйел зорлау, ұрлық, бұзақылық және басқа қылмыстар да осылардың қолымен жасалынып жатады. Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысты жекелей де, топ болып ұйымдасып та жасайды. Мұның өзі-қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер, жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі- барып түрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған-туысқандарына үлкен зиян жасайды, жапа шектіреді. Жасөспірім қылмыскерлер бірінші кезекте өзінің отбасына қасырет болып жабысады. Мысалы, Қазақстанда жыл сайын он мыңға жуық от басы жойылады. Көптеген отбасында бірден, екіден, кейбіреулерінде одан да көп бала бар. Негізінде балалар үйде анасымен қалады. Ал кейбір аналардың бала тәрбиелеуге тәулігіне жарты сағат қана уақыты арналады. Мұндай отбасында баланы тәрбиелеу жұмысы ойдағыдай болмайтыны түсінікті. Міне, жоғарыдағыдай жұмыссыз жағдайлар осындай отбасынан шығып жатыр. Тіпті, тәрбиесі дұрыс деген отбасынан да жағымсыз қылықты балалар шығатыны бар. Жалпы алғанда жасы толмағандардың арасынан шығатын қылмыскерлер-қоғамның адамгершілік дәрежесінің қандай екенін көрсететін көрсеткіш. Жасөспірімдердің ішінде қылмыскерлер көп қоғам адамгершілік дәрежесі төмен қоғам болып саналмақ. Сондықтан жас буынға қамқорлық жасау тек қана мемлекеттік емес, әр отбасының, әр мектептің, баласы бар адамдардың - барлығының бірден-бір міндеті болып табылады.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, қылмыс жасаған кезде жасы 16-ға толған адам жауапқа тартылады, 14- жастан бастап та жауапқа тартылуы мүмкін.
Қылмыс түрлерінің барлығы да адамдардың жеке басы мен денсаулығы үшін де, мемлекет үшін де аса қауіпті, олардың мүддесіне үлкен зиян келтіретін қылмыстар.
14 жасқа қарай жасөспірімдер мүндай қылықтардың қылмыс болып саналатынын толық түсінеді. Сондықтан мұндай жастар кісі өлтіру, аса ауыр бұзақылық жасау, ұрлау, әйел зорлау, тонау қылмыстарын саналы түрде жасау арқылы өзге адамдарға, мемлекетке қасақана қарсы шығады. Мемлекет мұндай жастардың қылмысты істеріне жайбарақат қарамайтыны өзінен-өзі түсінікті. Жас адамның өмірі қаншалықты аянышты болғанымен, мемлекет жазықсыз адамдардың, өз азаматының өмірін, денсаулығын сақтау, қылмыскерлердің қол сұғу зұлымдығынан сақтап қалу мақсатында қатаң шаралармен жазалар қолдануға мәжбүр болады.
Сот 18 жасқа толмаған қылмыскердің ісіне неғұрлым парасатты байыппен, сабырлықпен қарауға тиіс. Егер сот қылмыскерге тәрбиелік шараның өзі де жеткілікті деп тапса, оны құқық бұзушылық жазалаудан босатуы да мүмкін. Ондай жағдайда оған мәжбүр ету түріндегі тәрбиелік шара қолданылуы мүмкін. Мұндай шара, егер қылмысты шын мәнінде әлі жасы толмаған бала жасаса, екіншіден, жасалған қылмыс үлкен көлемде емес және орташа ауырлықта болса, әрі ол бірінші рет жасалса ғана қолданылады.
Сот қолданылатын тәрбиелік мәні бар мәжбүрлеу шаралар төмендегідей түрде болады: а) ескерту; ә) ата-ананың не оның орнындағы асырап алған адамның немесе мемлекетік органның бақылауына беру; б) келтірілген зиянды өтеуге міндеттеу; в) бос уақытына шек қою, тәртібіне, мінез-құлқына ерекше талап қою; г) арнайы тәрбиелеу үйіне немесе емдеу тәрбиелеу мекемесіне жіберу. Мұнымен бірге сот- мәжбүр ететін басқа да шаралар қолдануы мүмкін. Заң бұл шаралардың мазмұны қандай екенін жасөспірімге түсіндіріп айтады. Сот, егер жасөспірім мұндай қылмыстық істі қайталайтын болса бұдан да ауыр жаза қолданатынын қатты ескертеді.
Ал уақытын шектеуге келетін болсақ, мұндай шаралар рұқсат етілмейтін кейбір орындарға бармау, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден шығуды шектеу, мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз басқа жаққа кетіп қалмау сияқтылар жатады. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен мектепке қайта баруды талап ету, түскен оқу орнын бітіріп шығу, мемлекеттік органдардың көмегімен жүмысқа орналасу тағы сол сияқты жұмыстар жүргізілуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстың жауаптылығы мен жазасы туралы мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тарауларының бірінде орын алған, яғни ол әділеттілік қағидаттарына сәйкес 1990 жылғы 15 қазанда Біріккен Ұлтар Ұйымының бас асамблеясының келісімімен мақұлданған және күшіне енген «Балалардың құқықтары туралы» Конвенциясымен сәйкестендірілген. Заң шығарушы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы олардың психологиялық өсуі ерекшеліктерінен, қоршаған ортаның қылмыстекті жағдайының әсерінен, қамқорлыққа алынбауының салдарынан және тағы басқа факторлардың әсерінен пайда болады деген тұжырымнан шығады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда мемлекет, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың мәселелері өзіне тән тарихи даму сатыларының ерекшеліктеріне ие, мысалы, қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша 15 жаста жауаптылыққа тартылмаған. Профессор С. Л. Фукс осы жәйттерге байланысты былай деген: 15 жасқа толмаған адамдардың қылмыстық жауаптылықтан босату ұрлық пен кісі өлтіруден басқа, олардың өздері істеген іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындығына емес керісінше олардың жасаған қылмысы үшін айып төлеуге шамасы келмейтіндігіне келіп тірелген, яғни көп жағдайларда жазаның мұндай түрлері сөгіске әкеп соқтырады. " Адамның жасы 15-ке толған сәттен қазақтың жас боз баласы, әке болуға жараған ( қазақта " он бесте отау иесі "-деген мақал бар) .
Меншік иесі ретінде соттың алдында өзінің іс-әрекетіне жауап беріп, қылмыстық жауаптылықты өтеуге қабылетті деген көзқарас болды.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйелерін РСФСР-дің Қылмыстық кодексіндегі толықтырулар мен өзгертулерден табуға болады, олар қазақтың жерінде іске асырылды. Ауылдың құқықтық сана сезім дәрежесін және қарапайым көшпенді халықтың жағдайларын, олардың өмір сүру шарттарын ескере кәмелетке толмаған қазақтарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ерекше шарттарын бекітті. Қылмыстық жаза көбінесе 14 жасқа толмағандарға, сонымен қатар 14 жастан 18 жасақа дейін кәмелетке толмағандарға қолданылмады. Кәмелетке толмағандарға басқа ұлттарға қатысты 14 жастан 16 жасқа дейін жауаптылық белгіленді.
Қазақстан аумағында 35 жыл бойы күшін жоймай қолданылған Ресейдің 1926 жылғы Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас шамасын былайша анықтады: "дәрігерлік-педагогтік сипаттағы әлеуметтік қорғау шараларын қолдануға болатын 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, соттық-түзету сипатындағы әлеуметтік қорғау шараларын колдануға болмайды".
Он төрт жастан, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамдарға кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия егер дәрігерлік педагогтік сипаттағы әлеуметтік қорғау шараларын қолдану мүмкін емес деп тапса ғана соттық-түзету сипатындағы әлеуметтік қорғау шараларын қолданады.
Алайда КСРО-ның Орталық Атқару Комитетінің 1935 жылғы 7 сәуірдегі қаулысында «кәмелетке толмаған арасындағы қылмыспен күресу шаралары» туралы, яғни Кеңестік Республикасының қылмыстық заңының 8-бабы алып тасталынды да, былайша: «жасы толмағандар, 12 жастан бастап, көше ұрлықтары, күш көрсету, дене жарақатын салу, озбырлау, кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу үшін қылмыстық жауаптылыққа және сотқа тартылады және оларға қылмыстық жазалаудың барлық шаралары қолданылады» деп қайта белгіленді.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылыққа, қоғамға қауыпты іс-әрекет жасаған он алты жасқа толған адам тартылады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға қауіптіліктің деңгейіне қарай, заңда көзделген қылмыстарды жасағандығы үшін кәмелетке толмағандар 14 жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл қылмыстарға: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулық қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері, адам ұрлау, ұрлық жасау, кісі тонау, ұрып-соғып, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену, ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу, террорлық акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлау, қару жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету қылмыстары жатады.
1981-1995 жылдардағы Республика көлеміндегі статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуін былайша көрсетті: 1991 ж. -7, 5 №, 1992 ж. -14, 1 №, 1993 ж. -11, 5 №, 1994 ж. -9, 6 №, 1995 ж. -5, 4 №, 1996ж. -7, 0№.
Көріп отырғанымыздай кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық деңгейінің сот-құқықтық реформа бойынша бірқатар латенттілігі бар екенін түсінеміз және оның едәуір төмендегінін байқаймыз. Тәжірибе көрсеткендей кәмелетке толмағандар арасында Республикамызда қылмыстың басым көпшілігі мүліктік қылмыстармен, зорлаумен байланысты, аса қатыгездікпен жасалған; спирттік ішімдіктерге, есірткі заттарға әуес болуымен байланысты қылмыс түрлері де көп кездеседі. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар көбінесе топтасқан түрде, ал олардың 20 %-ы ересек адамдармен бірге жасалады.
ҚК-тің 78-бабына сәйкес Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14-ке толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады. Заң шығарушы қылмыстық жауаптылық туындайтын ең төменгі жасты белгілей отырып, кәмелетке толмағанды сол жаста өзінің іс-әрекетіне жауап бере алады деп және қылмыстық жазаны сезіне алады деп анықтаған.
Осыған байланысты заң шығарушы «кәмелетке толмаған» деген терминге анықтама беріп отыр. Ал бұл қылмыстық жауаптылықтың нормасын дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. КСРО Жоғарғы Сотының 1976 жылғы 3 желтоқсандағы №16 қаулысының 6-тармағында, соттардың, кәмелетке толмағандардың қылмысы және кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы, туралы мәселелерді тәжірибеде дүрыс қолдануы туралы былайша түсініктеме берген, «сот кәмелетке толмағандардың жасын дәл анықтауда шаралар жасауға міндетті ( күні, айы, туған жылы) . Жасөспірім туған күні емес келесі, ертеңіндегі күннен бастап белгілі бір жасқа толды деп саналады. Сот-медициналық сараптама жасты анықтау кезінде, сотталушының туылған күнін сол жылдың соңғы күнімен белгілейді; жастың ең төменгі немесе ең жоғарғы шегін, жылды анықтауда, сот сараптаманың қорытындысымен анықталған төменгі жас мөлшерін белгілейді».
Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы нормаларын жеке тарауға бөліп қарастыру, қылмыстық іс жүргізу нормаларымен тығыз байланыстылықты көрсетеді.
Қылмыстық кодекстің VI бөлімнен « кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының» жалпы негіздері: кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ерекшіліктерін Қылмыстық кодекстің 78-бабында көрсетілген.
78бап:
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы
14 толған, бірақ 18 толмаған адамдар танылады.
2. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
1. Қылмыстық кодекске кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы өз алдына арнаулы бөлімде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде көрсетілген.
2. Қылмыстық кодекстің 78- бабымен, қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп анықталады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстың ісін қарау барысынада сот олардың жасын (күні, айы, туған жылы) нақты анықтауы қажет.
3. Қылмыстық құқық бойынша жауаптылық 16 жастан басталады.
4. Кейбір жағдайларда бір қатар қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан белгіленген. Аталған қылмыстардың тізімі Қылмыстық кодекстің 15- бабында көзделген.
5. 14 жасқа дейінгі балаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол бермейді.
6. Заңмен анықталғандай 14 жасқа толған адам, өзінің жасаған әрекетінің қоғамға қауыпты екендігін ұғынады. Бірақ, егер адам психикасын бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауыптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған не бола алмаса қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес, бүл туралы Қылмыстық кодекстің 15-бабы 3 бөлігінде көрсетілген.
7. Қылмыстық кодекстің 78-бабы 2 бөлігі, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолдануы мүмкін екендігі туралы белгілеген.
8. Соттық тәжірбиеден тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданудың 3 шарты қолданудың негіздері белгіленген:
а) қоғамға қауыпты әрекет жасаған адамның кәмелетке толмауы;
б) қылмыстық әрекетінде кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстардың қамтылуы;
в) адамның қылмыстық жазаны өтеусіз- ақ түзелуіне мүмкіндіктерінің болуы;
9. Кәмелетке толмаған адамдарға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
а) ескерту;
б) ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органың қадағалауына беру;
в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-түрысына ерекше талаптар белгілі;
д) кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.
10. Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін (ҚК 82- бабы 2 бөлігі) .
11. Өмір бойы бас бостандығын айыру 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға тағайындалмайды (ҚК 48-бабы), өлім жазасы сондай-ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға тағайындалмайды.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері Қылмыстық
кодекстің 79-бабында.
79-бап:
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері::
1. айыппұл;
2. белгілі бір қызметпен айналысу қүқығына айыру;
3. қоғамдық жұмыстарға тарту;
4. түзеу жүмыстары;
5. қамау;
6. бас бостандығынан айыру болып табылады.
1. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе
өндіріп алуға жарайтын мүлкін болған жағдайда ғана тағайындалады.
Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған аламның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезендегі мөлшерінде тағайндалады.
2. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу қүқығының айыру бір жылдан екі жылдан дейінгі мерзімге тағайындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz